Анатомия пәні және оның міндеттері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Анатомия пәні және оның міндеттері.

Жоспар:

1. Анатомияның зерттеу әдістері.

2. Адамның табиғаттағы орны

3. Организм тұтастығы

4. Организм және орта

Қорытынды:

Тақырыбы: Анатомия пәні және оның міндеттері.

Органикалық дүниенің құрылысы мен түрлерін және олардың сыртқы ортамен байланыс тіршілігін биология (био-тіршілік, логус-ғылым) ғылымы зерттейді. Биология ғылымы үлкен екі салаға бөлінеді. Организм құрылысы мен пішіні - морфолгия, ал оның тіршілік әрекеті мен қызметін- физиология зерттейді.

Анатомия ғылымы организмді жан-жақты зерттеуіне байланысты бірнеше салаға бөлінеді. Оларға:

Сипаттамалы анатомия тек организмнің құрылысы мен пішінін сипаттауға бейімделсе, систиматикалық анатомия оның құрылысын атқаратын қарай зерттейді.

Топтграфиялық анатомия- адам денесіндегі органдардың орналасу тәртібінің өзара байланысын хирургиялық мақсатқа орай зерттеу. Мүсіндік (пластикаалық) анатомия -адам денесінің сырт пішінін, оның мүшелерінің пропорциясын зерттеп, суретшілік ілімінің негізін қалайды.

Организмдегі органдардың қалыптасуын, еңбекке, жұмыс әрекетіне ждәне сыртқы ортаға бейімделуін функционалды анатомия зерттейді.

Динамикалық анатомия адам денесіндегі тірек-қимыл аппараттарының құрылысын зерттеп, физкультура және спортқа қажетті материалдар береді.

Адам жасына қарай пайда болатын ерекшеліктерін, өзгерісін жас шамалық анатомия зерттейді.

Антропология- адам тегінің пайда болуы жолындағы өзгерістерін зерттесе, салыстырмалы анатомия- оған қосымша қазіргі кездегі адамдар мен жануарлар арасындағы ерекшеліктері мен ұқсастығын зерттейді.

Организмдегі органдардың тканьдық, клеткалық құрылысын препараттар арқылы тексеретін анатомия саласын микроскопиялық анатомия дейміз.

Анатомияның зерттеу әдістері. Адам анатомиясының зерттеу әдістері жалпы екі салаға бөлінеді. Оның бөлшектеу салаларын аналитикалық, ал адам мүшелерін тұтастай тексеретін саласын экспериментарлық әдістер деп атаймыз. Аналитикалық әдістерге мәйітті кескілеу, иньекциялық, коррозиялық фиксайиялау және микроскопиялық әдістер жатады. Ең негізгі және ежелден келе жатқан кескілеу әдісі қазіргі кезде де өз маңызын жойған жоқ. Ол макропрепараттар жасауға, адам денесінің барлық мүшелерімен танысуға жағдай жасайды.

Иньекциялық немесе құйып толтыру әдісі тез қатып қалатын бояулы заттарды пайдалану арқылы өтеді. Сол бояулы сұйықтықпен қуысты органдардың іші толтырылып, олардың пішіні, құрылысы тексеріледі.

Коррозиялық әдіс өте нәзік және күрделі құрылысты органдардың құрылысын зерттейді. Осы органдар ішіне тез қататынзаттар құйып, қатқан соң әр түтлі қышқыл ерітінділерімен сыртқы жұмсақ тканін ыдыратып, ішкі құрылысы мен пішіні анықталады.

Мацерациялық әдіс мәйітті шірітіп қайнаған сумен шаю арқылы және сүйектермен тұтас скелет жасауға мүмкіндік береді. Ол сүйектер жұмсақ ұлпалардан ажыратылып, кептіріліп, сабаққа оқу құралы ретінде беріледі.

Фиксациялау әдісі тұтас денені жеке органдарды бұзбай, ұзақ уақытқа сақтау үшін қолданылады.

Микроспопиялық әдіс- анатомиялық зерттеу кезінде органдардың нәзік құрылысын байқау үшін микропрепараттар арқылы микроскоп аспаптарын қолдауымен өтеді.

Адамның пайда болуы мен оның табиғаттағы орны материалистер мен идеалистердің ертеден келе жатқан күрес тақырыбы болып саналады. Идеалистер адам баласының пайда балуын құдайдың құдіреті немесе «ерекше күш» деп діни аңызбен түсіндірсе, ғылым оны тірі табиғаттың ұзақ эволюциясының нәтижесі деген нақты материалистік көзқарас туғызады.

Соңғы түсінік бойынша эволюия процесінде алдымен қарапайым бір клеткалы және көп клеткалылардан әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар, одан кейін адам пайда болған.

Адам омыртқалылардың ішіндегі тірі туатын және ана сүтімен қоректенетін жоғарғы -сүт қоректілер класына жатады. Тірі тууы, дағдылығы дене жылуы, екпінді зат алмасу, ең негізгі ми қыртысының дамуы өмірдің түрлі өзгермелі жағдайына бейімделуге мүмкіндік тудырып және эволюциялық дамуына мүмкіндік береді. Ал адам- сол биологиялық өмір сүру жағдайында, антропогенездің соңғы сатысында, әлеуметтік факторларының үстем болуы нәтижесінде қалыптасады.

Организмнің тұтастығы оның жеке бөліктерінің структуралық қосындысымен олардың байланысы арқылы жүзеге асады. Ал, байланыс оның түрлі тамырларында қуыстықтары мен кеңістіктерінде ағып жатқан сұйықтарымен организмдегі барлық процестерді реттеп отырған нерв системасына байланысты. Организм бөліктерінің сұйықтық арқылы байланысын гуморальды ( humer - сұйықтық) байланыс деп атаса, нерв системасы арқылы реттелуін нерв регуляциясы деп атайды.

Нерв системасы жетілмеген қарапайым бір клеткалы ортанизмдерде (мысалы, амебаларда) гуморальдық қана байланыс болады. Ал, нерв системасының дамуына байланысты гуморальдық байланыспен қатар нервтік байланыста пайда бола бастайды. Осы соңғы байланыс жануарлар құрылысы күрделенген сайын бүкіл денені тұтасымен қамтып, организмдегі бар процестерді, сонымен бірге, гуморальдық процесті де өзіне бағындырып, нерв системасының басқаруымен өтетіні біріккен біртұтас нейро-гуморальды реттелуді іске асырады.

Сонымен, организм біртұтастығы бірігудің анатомиядық субстраты болып табылатын және дененің барлық органдары мен тканьдерінде тарамдалып жататын нерв системасының қызметіне байланысты. Бұл совет медтцинасы мен биологиясына тән нервизм идеясының негізгі қағидасы болып саналады. Сонымен бірге организм тұтастығы вегатативтік және анимальдық, психикалық және соматикалық процестерінің бірлігіне де байланысты. Бұл түсініктер И. П. Павловтың еңбектерінен бұрын ымыраға келмеген.

Қазіргі көздегі организм біртұтастығы туралы түсінік И. П. Павловтың физиологиялық теориясының негізін құрайтын табиғаттану ғылымы мен диялектикалық материялизм принциптеріне сүйенген.

Организм белгілі бір ортада тіршілік етеді, ортасыз оның тіршілік етуі де мүмкін емес. Сол себептен организмнің ғылыми анықтамасында орта да кіреді.

Организм әр уақытта өзін қоршаған ортаның өзгермелі жағдайымен тығыз байланыста келеді.

Сол тіршілік ортасында байланысты организмде неше түрлі өзгерістер болып отырады. Организм мен оның тіршілік жағдайының біртұтастығы зат алмасу процесі арқылыіске асады. Жануарлар мен адамдарда зат алмасу процесі нерв системасының басқаруымен іске асатын нейро- гуморальдық реттелуі арқылы қамтамасыз етіледі. Оны организмнің «нәзік құралы» деп те атайды. (И. П. Павлов) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анатомия пәні мен міндеттері, аралас пәндермен байланысы
Анатомия ғылымының салалары
Адам анатомиясын оқыту әдістемесі
Адам анатомиясы пәні және оның міндеттері
Қазақстан биоресурстары: өсімдіктер әлемі жайлы
Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология
Анатомия пәнінің даму тарихы. Анатомияның түрлері мен зерттеу әдістері
Адам қаңқасының құрылысы
Физиологияның даму кезеңдері
Алғашқы ветеринарлық жәрдем өзге пәндермен тығыз байланыста
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz