Мемлекет және құқық теориясының пәні және оның ерекшеліктері


- Мемлекет және құқық теориясының пәні және оның ерекшеліктері
Мемлекет және құқық теориясының (МҚТ) пәні - бұл мемлекет пен құкықтьң пайда болуының, дамуының және қызмет атқаруының жалпы заңдылыктары, олардың мәні, кұрылымы, негізгі бөлшектері, принциптері, институттары. Сонымен катар МҚТ қазіргі мемлекеттік құқықтық болмыстарды да қарастырады және жалпы кұқықтық түсініктерді зерттейді.
Мемлекет пен құқықты басқа құрылымдардан бөліп қарауға, сондай-ақ әлеуметтік құбылыстар жүйесіндегі олардың орнын анықтауға, сөйтіп, мемлекет пен құқықтық мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Мемлекет пен құқық өте тығыз байланысты. Құқықсыз мемлекет өмір де сүре алмайды, қызмет те істей алмайды. Сондыктан мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықгары да ұқсас. Мемлекет пен құқық теориясының пәнін былай кестелеуге болады.
Мемлекет және құқық теориясының пәні - өте күрделі ұғым. Осы пәнді толық зерттеу үшін төмендегі сұрақтарға аса көңіл бөлу қажет:
Заң ғылымдары арасында мемлекет және құқық теориясы ерекше орын алады. Мемлекет және кұқык теориясының ерекшеліктері мыналардан тұрады:
- біріншіден, қоғамдық ғылым, өйткені оның пәні мемлекет және құқық, бұлар қоғамдық құбылыстар болып табылады.
- екіншіден, саясат пен заңдарды зерттейтін ғылым, мұндай зерттеулерде мемлекеттің саясат пен билікке жататын немесе ғылыммен тікелей байланысты қызметтік іс-әрекеттерін карастырады.
- үшіншіден, ғылым мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпылық заңдылыктарын, жалпыламалык сипаттарын зерттейтін жалпытеориялық ғылым болып табылады.
- төртіншіден, Мемлекеттік-кұқықтық қондырманың жалпы зандылықтарын баяндап түсіндіргенде мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеудің амал-тәсілдерін, жолдарын қарастырып, олардың әдістемелік мәселелерін де шешеді.
- бесіншіден, заң ғылымдарының бәріне тән тұғырнамалық сипаты бар ғылым.
2. Мемлекет және құқык теориясының әдістері. Мемлекет және құқык теориясының жалпы және жеке ғылымдық әдістері.
Ғылымның әдістері дегеніміз - пәнін танып аныктау үшін сол ғылымның зерттеу барысында қолданатын тәсілдері, жолдары мен амалдары.
Осы әдістер арқылы ғылым өз пәнін зерттейді. Мемлекет және құқық теориясының әдістері мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеуде ғылыми жолмен, қамтамасыз ететін теориялық принциптердің, логикалық әдістері мен арнайы тәсілдердің жиынтығы болып табылады.
Мемлекет және құқық теориясы шын қолданатын негізгі әдісіне диалектикалық әдіс жатады. Мемлекет және құқық теориясы диалектаканың үш заңына сүйеніп зерттеледі.
Олар: 1. Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысу заңы. .
2. Теріске шығаруды терістеу заңы. Бұл заң бойынша қазіргі күнде теріске шығарылып жатқан қайсы бір болсын құбылыс, ертең я болмаса оның арғы күні қабылдануы және болмыста іске асып жатуы ықтимал жәйт деп саналады.
3. Қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі заңы. Бұл заңның айқындауында белгілі бір орында және белгілі бір мерзімде бірін-бірі жокқа шығаратын құбылыстар болуы ықтимал екен.
Мемлекет және құқық теориясының өдістері бірнеше түрлерге жіктеледі.
Жалпығылымдык әдістер:
а) диалектикалық әдіс (диалектика-даму) ;
б) абстрактілік ойлаудан нақты (конкретті) ойлауға өрлеу әдісі.
в) тарихи әдіс. Бұл әдіс - мемлекет пен құқыкгың тарихилығына, оның өзгермелілігіне және әрқашан да дамуда болатын кұбылыс екендігіне негізделеді.
г) жүйелілік әдісі. Мемлекет және құқық - құрылымы күрделі болып келетін жүйелілікті білдіретін ұғым.
Мемлекет және құқық теориясын зерттеп барып пайымдаудың арнайы және ғылыми дербес әдістері де бар:
а) формальды - логикалық әдіс. Бұл әдісті қолдану арқылы құқтың ішкі құрылымы, қайнар кездері, оны жүйелеудің әдістері зерттелінеді, сөйтіп пайымдалады.
б) салыстырмалы мемлекеттану мен құықтану әдісі. Бұл әртүрлі еддердің мемлекеттік және құқықтық жүйелерін зерттеуде негізге алынатын әдіс;
в) нақты - әлеуметтік әдіс - нақты әлеуметтік зерттеулерге негізделген әдіс.
3. Мемлекет және құқық теориясының атқаратын қызметі .
Заң ғылымдарының қоғам өміріндегі мақсаты оның атқаратын қызметінен көрінеді.
Мемлекет және құқык теориясы барлық заң ғылымдарына негіз болады, зерттеу жолын көрсетеді.
МҚТ қызметтері әртүрлі.
1. Онтологиялық қызметі. Мемлекет және құқық теориясы бұл қызметін атқаруда осы ғылым пәнінің теориялық негіздерін зерттейді. Мемлекет және құқықтың не екендігін, оның қалай пайда болғанын түсіндіріп береді.
2. Гносеологиялық қызметі, басқаша айтқанда түп-түқияндық қызметі. Бұл қызметті жүзеге асыру барысында, мемлекет және құқық теориясы аталып отырған пәнді танып білу үшін зерттеп, байыптауды жүзеге асырудың теориялық тәсілдерін даярлайды, ал мұның өзі түбінде құқықтық танымның дамуына жол ашады.
3. Методологиялық қызметі. Мемлекет және құқық теориясы іргелі ғылым болғандықтан, оның зерттейтін заты, яғни пәні де бар.
4. Идеалогиялық қызметі. Идеология ұғымына халықтың, қоғамның, оның белгілі бір әлеуметтік топтарының көзқарастары мен ұстанатын принциптерінің жүйесі жатады.
5. Болжамдык, (прогностикалық) қызметі. Мемлекет пен құқық теориясының пәніне жататыңдардың заңдылықтарын зерделей отырып бұл теория өзінің үғым-түсініктерінің әрі қарайғы даму барысын, мемлекеттік-құқықтық аяның өзгерістерге ұшырауын болжамдайды.
6. Дағдылы ұйымдастырушылық қызметі. Қандай бір дамыған мемлекет болса да, ол ертелі-кеш шешімі қиын, әрі онысы тез арада табыла қоймайтын келелі мәселелерге тап болады. Міне осындай жағдайларда дағдылы істер мен төжірибелерге жене теориялық материалдарға сүйене отырып мемлекет және құқық теориясы ғылымы кездесіп отырған келелі мәселенің шешімін іздестіреді
7. МҚТ тәрбиелеу қызметі- өзіне тән әдістермен заңды құрмет тұтатын, заңға бағынатын азаматтарды қалыптастыру. Заң ғылымдары - құқықгың игілікті құбылыс екенін, әр азаматтың заңды мүддесін қорғайтын құрал екенін, оның өміріне қажетті жағдайлар жасайтын амал екенін дәлелдейді.
4. мемлекет пен құқықтың пайда болуын түсіндіретін келісім-шарт теориясы және оның осы заман тәжірибесіндегі маңызы
Мемлекет пен құкықтың шығуы туралы түрлі теориялар бар. Осы құбылыстардың пайда болуын олар түрліше түсіндіреді. Марксизм-ленинизм ілімі мемлекет пен құқықтың пайда болуын таптық теория тұрғысынан түсіндіреді. Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып, қоғам екі тапқа - қанаушы және қаналушы таптарға бөлінген соң, олардың арасында шешілмейтін қайшылықтар, ымырасыздық орын алады. Сол екі тап нәтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым - мемлекет пайда болады. Мемлекет аталған қайшылықтарды шешу үшін емес, кедей тапты байлардың еркіне көндіріп, оны қанауға, езуге жағдай туғызу үшін құрылған.
Келісім-шарттық теория (Л. Гумплович, К. Каутский, Е. Дюринг) мемлекет пен құқықтын шығуын, пайда болуын адамдар арасындағы келісім-шартпен байланыстырады. Тағылық дәуірде адамдар өмір сүру үшін бірімен-бірі жауласып, соғысып, әбден береке-касиеті кетеді. Сондай кауіпті, келіссіз өмірден құтылу үшін адамдар өзара ымыраға келісіп, шартқа отырады. Соның нәтижесінде мемлекет құрып, оған қоғам мүшелерінің барлығын қорғауды, лайықты өмір сүруге жағдай туғызуды міндеттейді. Қоғам мүшелері де заң талаптарына бағынатыны туралы міндеттеме алады, деп түсіндіреді бұл теорияны жақтайтындар.
Құқықтың пайда болуының негізгі теориялары:
1. Теологиялық теория. Бұл теорияны жақтаушылар құқықты құдайдың жаратқаны, құдайдың адамдарға берекелікке, әрі сонымен бірге жер бетінде төртіпті сақтау мақсатындағы берген құрылымы деп түсіндіреді.
2. Құқықтың табиғи жаратылыстық теориясы. Бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауы бойынша мемлекеттің белгілеуі арқылы анықталған құқықтармен қатар адамнын жаратылыстық табиғатынан туындайтын да құқықтардың бар екендігі алға тартылады.
3. Құқықтың тарихи теориясы. Бұл теория құқықты тарихи түрде туындайтын, сөйтіп әрі қарай дамитын кұбылыс деп таниды. Теорияның бір ерекшелігі мұнда құқықтың ұлттық өзгешеліктері болады да, олар мемлекетте құқық дамуы барысында ескеріліп отырады.
4. Құқықтың психологиялық теориясы. Бұл теория құқықтың түзілуін (пайда болуын) адамдардың психикасына (жүйке жүйесіне) байланыстыра қарастырады. Сонда, осы теорияның түсіндіруі бойынша - құқық деп адамдар қоғамда қабыл алынып мақұлдаған мінез-құлық ережелерін баянды ету мақсатын білдіретін психологиялық тілек-ықыласын бірінші орынға қояды.
5. Құқықтың маркстік теориясы. Осы теорияны жақтаушылар құқықтық терең тамыры экономикада деп бұлтартпайтын дәлелдер келтіріп, құқық экономикалық базиске тәуелді деп сендірген.
5. Мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін негізгі ілімдер (патриархалдық, психологиялых, таптқ, органиалық және т. б. )
Мемлекет пен құкықтың шығуы туралы түрлі теориялар бар. Осы құбылыстардың пайда болуын олар түрліше түсіндіреді.
- Патриархалдық теория мемлекет пен құқықтың шығуын отбасының дамуымен байланыстырады. Отбасының қожасы ер адам, ол отбасын өз еркімен билейді, отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастарды реттейді. Сөйтіп, отбасы мүшелерінің белгілі бір тәртіпке бағынып, қалыптасуының жөн-жобаларын аныктайды. Адамдар осындай қағидаларды басшылыққа алып, мемлекет құруда отбасын басқару үлгілерін қолданған деп түсіндіреді бұл теория.
- Психологиялық теория - бұл теорияны уағыздаған: Ч. Чард, Л. И. Петражицкий. Қоғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың біріккен көзқарасы, іс-әректі, мінезі, тәртібі-бәрі келісіп ұжымдық түрде басқаруы. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп тусіндіреді.
- таптық теория. Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып, қоғам екі тапқа - қанаушы және қаналушы таптарға бөлінген соң, олардың арасында шешілмейтін қайшылықтар, ымырасыздық орын алады. Сол екі тап нәтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым - мемлекет пайда болады.
- Органикалық теория - бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған. Кейінгі оның өкілдері Блюнчли, Г. Спенсер болған. Бұл теория - адам қоғамы да табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эвалюциалы жолмен мемлекетті құрды. Мемлемекттің үкіметі - адамның басы- миы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Олқоғамды қорғайды деп есептейді
- Теологиялық (діни) теория мемлекет пен құқықтың пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Әрбір ірі дінде кұдайдың әрекеті деген діни-құқықтық қағидалары бар. Қазіргі заманда да кейбір мемлекеттер осындай қағидааларға негізделіп құрылып, қызмет атқаруда. Бұл қағидаларға сүйене отырып дін теоретиктері мемлекет пен құқык құбылыстарын діни рәсімдерге байланыстыра түсіндіреді.
- Келісім-шарттық теория мемлекет пен құқықтын шығуын, пайда болуын адамдар арасындағы келісім-шартпен байланыстырады. Тағылық дәуірде адамдар өмір сүру үшін бірімен-бірі жауласып, соғысып, әбден береке-касиеті кетеді.
- Күштеу (зорлау) теориясы мемлекет пен құқықтың шығуын зорлық-зомбылықпен байланыстырады. Күшті тайпалар әлсіз тайпаларды жаулап алып бағындырып, олардың қарсылығын басып тұру үшін мемлекет және оған тән басқару, күш қолданатын органдарды құрады дейді.
6. Құқықтың пайда болуын түсіндіретін негізгі ілімдер
1. Теологиялық теория. Бұл теорияны жақтаушылар құқықты құдайдың жаратқаны, құдайдың адамдарға берекелікке, әрі сонымен бірге жер бетінде төртіпті сақтау мақсатындағы берген құрылымы деп түсіндіреді.
2. Құқықтың табиғи жаратылыстық теориясы. Бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауы бойынша мемлекеттің белгілеуі арқылы анықталған құқықтармен қатар адамнын жаратылыстық табиғатынан туындайтын да құқықтардың бар екендігі алға тартылады.
3. Құқықтың тарихи теориясы. Бұл теория құқықты тарихи түрде туындайтын, сөйтіп әрі қарай дамитын кұбылыс деп таниды. Теорияның бір ерекшелігі мұнда құқықтың ұлттық өзгешеліктері болады да, олар мемлекетте құқық дамуы барысында ескеріліп отырады. Бұл теория құқық дамуы барысындағы ұлттық ерекшеліктерді ескеріп отыратынын мойындағанымен заң шығарушылардың рөлін жеткілікті дәрежеде тани қоймайды, яғни мойындамайды.
4. Құқықтың психологиялық теориясы. Бұл теория құқықтың түзілуін (пайда болуын) адамдардың психикасына (жүйке жүйесіне) байланыстыра қарастырады. Сонда, осы теорияның түсіндіруі бойынша - құқық деп адамдар қоғамда қабыл алынып мақұлдаған мінез-құлық ережелерін баянды ету мақсатын білдіретін психологиялық тілек-ықыласын бірінші орынға қояды. Мұның өзі адамның жаратылыстық табиғатында (жүйкесінде) көрініс тапқан, өйткені белгісіздік пен екі ұштылыққа адам төзбеген ғой деп дәлелдейді.
5. Құқықтың маркстік теориясы. Осы теорияны жақтаушылар құқықтық терең тамыры экономикада деп бұлтартпайтын дәлелдер келтіріп, құқық экономикалық базиске тәуелді деп сендірген. Құқықтың экономикадан жоғары тұруы мүмкін емес, өйткені мемлекет экономикасының белгілі бір мерзіміне қандай құқықтық нормалардың қажет болатынын тек экономика ғана айта алады. Дегенмен құқықты таптар күресімен байланыстыра қарау, сөйтіп құқықтан тек үстем таптың көзкарастарын іздестіру артық кеткендік болады. Олай болатын себебі әлгілердің барлығы, дұрысын айтқанда қоғам мен мемлекеттің типіне (түріне) байланысты болып келеді. Өйткені, құқықтық қоғам, құқық қаналушы таптарды езіп-жаншуға бағытталмаған, қайта ол қоғамдағы қатынастарды дамытып, бәріне тең құқықтылық жағдай жасауға бағытталған болып келеді.
7. Мемлекет пен құқықтың пайда болуындағы жалпы заңдылықтар
Ру дәуірінде адамдар тек жаратылыстың даяр өнімдерін жинап қорек етіп, өмір сүрген. Келе-келе адамдар өндіріс кұралдарын жасап алып, өздері шаруашылыққа кіріседі. Сөйтіп, жинау-терімшілік шаруашылығынан өндіру шаруашылығына ауыса бастайды. Мал өнімдерімен күнелтуден диқаншылыққа ауысады.
Диқаншылықтың нәтижесінде отырықшылық қалыптасып, елді мекендер, қалалар салына бастайды. Қалаларда қол өнері пайда болып, ол мал шаруашылығы және диқаншылық сияқты табыс көзіне айналады. Экономиканың аталған салалары бірінен-бірі бөлініп шығып, дербес өмір сүре бастағаннан кейін, бірінің өндірген өніміне бірі мұқтаж екендігі байқалады. Диқандарға мал өнімі, малшыларға жер өнімі, қолөнершілерге тамақ қажет болады. Сөйтіп, соларға делдаддық жасайтын алыпсатарлар қалыптаса бастады.
Құрал-саймандардың жетілдірілуіне байланысты еңбек өнімділігі де өседі. Соның нәтижесінде артық өнім пайда болды. Рулық қауымда барлық жиналған, табылған өнім ру мүшелерінің жалпы меншігі болған еді. Енді еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты артық өнім жеке адамдардың, жеке отбасыларының меншігіне айнала бастады. Сөйтіп, малға, жерге, қолөнер бұйымдарына жекелеген иелер пайда болды. Ақырында ру қауымының жалпы меншігінің орнына жеке адамдардың меншігі пайда болып, меншіктің айрықша түрі - жеке меншік қалыптасты. Жеке меншіктің пайда болуына байланысты қоғам таптарға бөлінді. Бір жағынан, құрал-жабдықтар, өндірілген бұйымдар, мүлік-дәулет адамдардың бір тобының колында шоғырланады да, байлар пай-да болды. Екінші жағынан, кедейлер, жарлылар пайда болды. Сөйтіп, рулық қауым өзіне тән белгілерінен айрылып, құлдыра-ды. Оның орнына жеке меншікке негізделген, айрықша екі үлкен әлеуметтік топтан тұратын қоғам қалыптасты. Мұндай жағдайда рулық қоғамдағы барлық ру мүшелерінің игілігін көздеп, еркін білдіретін қауымдық билеу құрылымы өз міндетін, қызметін атқара алмады.
Меншік иелерінің - байлардың айрықша мүдделері болғандықтан, басқа ру мүшелерімен, кедей-жарлылармен қатар отырып, мәселелерді тең негізде шешуге бармайды. Содан байлар мен кедейлердің арасында кайшылықтар пайда бола бастады. Қоғамдағы осындай түбегейлі экономикалық-әлеуметтік өзгерістердің нәтижесінде коғамды билеу, басқару жүйесі де өзгерді. Рулық биліктің орнын саяси билік, саяси құрылым баса бастайды. Сөйтіп, қоғамның белгілі бір сатысында мемлекет жөне құқық пайда болды.
8. Мемлекет типтері: мемлекеттерді типтерге бөлудің түрлі жолдары
Мемлекет типологиясы дегеніміз мемлекеттерді өздеріне тән айырымдық белгілері негізінде біріктіріп топтастыруға мүмкіндік жасайтын, сөйтіп оның тарихи дамуындағы қисынын (логикасын) айқындайтын ғылыми жіктеу болып табылады.
Мемлекеттерді типке бөлудің екі тәсілі бар:
1. Формациялық тәсіл; 2. Өркениеттік тәсіл.
Мемлекеттерді формацияға бөлу қоғамның экономикалық және әлеуметтік құрылысының ерекшеліктеріне байланысты. Мұндай тәсілді қолдану нәтижесінде қоғам таптарға бөлінеді де, олардың әрқайсысының экономикалық жүйеде өзінің ерекше орны болады. Құлдық дәуір коғамында негізінен екі үлкен тап: құл иеленушілер мен құлдар болған. Ондай мемлекетті құл иеленушілік мемлекет дейді. Феодалдық қоғам феодалдар мен шаруаларға бөлініп, ол қоғамның экономикалық негізін феодалдар және шаруалардың жеке меншігі құраған. Бұл қауымды феодалдық қоғам деп атайды. Буржуазиялық қоғам да негізінен, екі таптан тұрады: буржуа жеке меншік иелері және өз еңбегінің күшімен ғана өмір сүретін жұмысшылар, шаруалар, ой еңбегі қызметкерлері. Мұндай қоғамда мемлекет, негізінен, жеке меншік иелерінің мүддесін қорғайды.
Марксизм-ленинизм ілімі негізінде XX ғасырдың басында социалистік мемлекет дүниеге келді. Оның басқа типті мемлекеттерден түбегейлі ерекшелігі - еңбекшілердің, жұмысшы табы мен шаруалардың еркін баянды етіп, солардың мүддесін қорғайтын мемлекет ретінде жариялануы болды.
Заң ғылымында "өркениет" ұғымына негізделген мемлекеттер типологиясына басқаша тәсіл колдану баршьшық. "Өркениет" ұғымы діни, ұлттық географиялык және басқалай да белгілерге байланысты болып келетін қоғамдық дамудың, материалдық және рухани мәдениеттің деңгейі ретінде түсініледі. Өркениет өзінің дамуында бірнеше кезеңнен өтеді.
1 - локальдық өркениет, бұлардың әркайсысының өзіндік өзара байланысқан әлеуметтік институттар жиынтығы болады, олардың ішінде мемлекетте бар (Ежелгі мысырлық шумерлік, үнділік, эгейлік) ;
2 - өздеріне тән мемлекет типтері сәйкес келетін ерекше өркениеттер (үнділік, қытайлық, батыс-европалық, шығыс-европалық, исламдық және т. б. ) ;
3 - осы заманғы өркениет; мұндай өркениеттің мемлекеттіліктері тек енді ғана қалыптасудың үстінде және оларға тән нәрсе әлеуметтік-саяси құрылымдардың дәстүрлері мен осы заманғыларының бірлесіп күнелтуі.
Мемлекетті өркениетті тәсілмен сипаттағанда оның қоғамды басқару жолдары қандай екені, экономиканы, мәдениетті дамытудағы атқаратын қызметі айқындалады. Осы тұрғыдан қарағанда мемлекеттер алғашқы өркениеттегі және кейінгі өркениеттегі мемлекеттер деп екі топқа бөлінеді. Алғашқы өркениеттегі мемлекет шексіз билікке негізделеді де, біріктіруші және ұйымдастырушы күш ретінде қоғамның әлеуметтік және экономикалық құрылымы анықталады. Кейінгі өркениеттегі мемлекеттік билік алғашқы өркениеттідей аса қуатты барлық қоғамды қамтып, басқарған күшті емес.
9. Мемлекет: түсінігі мен мәні. Мемлекет анықтамаларының алуан түрлілігі.
Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететі, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, коғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде үғынамыз.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес.
Мемлекет дегеніміз - адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда болған саяси ұйым.
Мемлекет - қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың, таптардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси ұйым.
Мемлекет - қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым.
Мемлекеттің мәні - мемлекеттің басты тағайыны, осы құбылыстың басты өзегі, яғни басты жемісі.
Мемлекеттің мәні оның мазмұнын, мақсатын, қызметінің бағыттарын анықтайды. Басқаша айтқанда мемлекеттегі билік пен оның құрамында болатындардың бәрі.
Кез келген мемлекетте қарама-қарсы қайшы болып келетін екі мән - таптық және жалпы әлеуметтік мән болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz