Іш ағзаларының жарақатары


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСУЛЬЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

ЖАЛПЫ ХИРУРГИЯ ЖӘНЕ ОФТАЛЬМОЛОГИЯ КУРСЫ КАФЕДРАСЫ

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТӘЖІРІБИЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

ТАҚЫРЫП: ІШ АҒЗАЛАРЫНЫҢ АРАҚАТТАРЫ

ПӘН: ХИРУРГИЯ

МАМАНДЫҚ: АКУШЕР ІСІ

КУРС: IІІ

Құрастырған: кафедра оқытушысы

Айдинова Г. К.

Шымкент-2007ж

1. Тақырыбы: Іш ағзаларының жарақатары.

  1. Сабақ түрі:Аралас сабақ.
  2. Сабақтың өткізу уақыты:4 сағат.
  3. Сабақты өткізу орны:оқу бөлмесі, емханадағы хирургтің бөлмесі хирургия бөлімінің палатасы.
  4. Сабақты өткізу әдісі:активті, түсіндірмелі-көрнекті, репродуктивті.
  5. Сабақтың мақсаты:

Оқытушы : Іш ағзалары жарақаттарының клиникалық суретін, сипатын, диагностикасын анықтауы және іш ағзалары жарақаттарымен науқастарға алғашқы көмек көрсету.

Датытушы : Студентті жауапты талдауға, дәлелдеуге, іш ағзаларының зақымдалуының диагонозын жорамалдауға және науқас жағдайына байланысты көрсетілет ін көмек көлемін анықтауды үйрету.

Тәрбиелік: Диагностикалық тексеруде және медициналық къөмек көрсеткенде жауаптылықпен ұқыптылыққа тәрбиелеу, аурулармен қатынас дағдыларын және ауруларға сапалы көңіл бөлуді тәрбилеу еңбек мәдениетін және қауіпсіздік техника ережелерін сақтауды тәрбиелеу, кәсіптік сапаларды тәрбиелеу; жұмыста ұқыптылық шыдамдылық мейірімділік, маманына сай дағдылыққа тәбиелеу.

Студент істей алу керек .

1. Жарақат түрін және іш ағзаларының зақымдалу ерекшелігін анықтап ажыратуды.

2. Науқастың жаллпы жағдайын бағалауды.

3. Ақ, тамыр соғысын, тыныс алу жиілігін анықтауды.

4. Қансырауды тоқтату.

5. Жараны алғашқы хирургиялық өңдеуден өткізу.

6. Жараға асептикалық таңба орнатуды.

7. Жоғалтқан қан көлемін анықтауды.

8. Шоққа қарсы шараларды жүргізуді.

9. Науқасты тасымалдауды.

10. Сіреспенің алдын алуды.

11. Гагренаның алдын алуды.

12. Алдыңғы құрсақ қабырғасының гематомасында пункция жасауды.

Студент білуі тиіс .

  1. Іш жарақаттары. Жіктелуі.
  2. Іштің ашық жарқаттарының клиникалық суретін .
  3. Іштің жабық жарақатының клиникалық суретін.

а) Паренхиматозды ағзалардың зақымдануында.

б) Қуысты ағзалардың зақымдануы.

  1. Мезгілінде іш ағзаларының жарақаттарын анықтауды. .
  2. Іш ағзаларының зақымдануымен науқастарды тексеру ерешеліктерін

а) физикалық және лабороториялық зерттеу.

б) аспапты зерттеу әдістері.

  1. Алғашқы медициналық көмек көрстуді;
  2. Науқасты тасымалдау ережелерін:
  3. Сіреспе алдың алуы;
  4. Жаралар. Жараны алғашқы хрирургиялық өңдеу;
  5. Іш ағзаларының жарақатында көрсетілетін ем.
  6. Іш ағзалары жарақаттарымен науқасардың күтімі.
  7. Жарақаттардын алдын алуы.

Ерекше көңіл аударуы керек :

  1. Жарақаттанушының жалпы ауырлық жағдайы.
  2. Қансырауды тоқтату.
  3. Шоққа қарсы шаралар.
  4. Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу.
  5. Жараға асептикалық таңбаны қою.
  6. Науқасты тасымалдау.
  7. Сіреспе және газды гангренаның алдың -алу.
  8. Мезгілінде іштің жабық жарақтын анықтау;
  9. Іш ағзалары жарақаттары мен науқастардың емі және күтімі.

7. Пәнаралық байланыс .

1. Адам анатомиясы ; Іштің құрылысы. Қан мен қамтамасыз етілуі.

2. Физология патофизология: Ішкі ағзалардың физиологиясы.

Қабыну синдромы. Су-электролиттік зат алмасу бұзылыстары.

Пәнішілік байланыс; 1 Асептика. Антисептика.

  1. Жарақаттар.
  2. Гемостаз
  3. Қабыну синдромы.
  1. Сабақтың жабдықталуы; кестелер плакаттар:
  1. Іштің жабық жатақаттары.
  2. Іштің ашық жарақаттары, кеуде қуысына енетін және енбейтін.
  3. Жарақаттың жіктелуі.
  4. Науқасты тасымалдау ережелері.
  5. Тану материалдарының түрлері.
  6. Қансырауды тоқтату.
  7. Іш қуысын дренирлеу.

9. Ақпараттық - дидактикалық блок.

Іштің зақымдануын жабық (тері бүтіндігінің бұзылуынсыз) және ашық жаралар болып ажыратылады. Сонымен қатар алдыңғы құрсақ қабырғасының және құрсақ қуысы ағзаларының зақымдалуын ажыратады.

Құрсақ қуысы ағзаларының зақымдалу ерекшелігіне байланысты оқшауланған (бір ағзаның зақымдалуы) немесе көптеген зақымдануы (бірнеше ағзаның зақымдалуы) болып бөлінеді.

Іштің жарақаты кезінде жарақат механизмі жарақаттаушы агенттің күші және сол мезеттегі құрсақ қабырғасының жағдайы серпімділігі, шел қабаты, бұлшық еттер тонусы және де қуысты ағзалардың толуы үлкен рол атқарды.

Жарақат механизімін біле отырып тексеру кезіңде ішкі ағзалардың зақымдалу белгілері аз немесе жоқ болса да олардың зақымдалу сипатын болжауға болады. Бұл дәрігерге аз уақыт ішінде дұрыс диагноз қойып және соған сәйкес емдеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Алдыңғы құрсақ қабырғасының жабық жарақаты.

Жарақаттаушы күштің (тұйық затпен соққы алу, биіктіктен құлау, дененің қысылуы, жарылыста ауа толқынымен соққы алу) ерекшелігіне байланысты ауадағы құрсақ қабырғасының жабық жарақаты алдыңғы құрсақ қабырғасында гематоманың түзілуімен бұлшық еттердің және апоневроздың жыртылып жарықтың түзілуімен сонымен бірге іш астардың жыртылып ішкі ағзалардың тері астына шығумен - тері асты эвентрациясымен сипатталады. Инфекция қосылғанда абсцедирлену дамиды.

Симптоматикасы: Ауырсыну жөтелгенде қозғалғанда және құрсақ бұлшық еттері тырысқанда ісіну, ішпен тыныс алу қозғалыстарының шектелуі, алдыңғы құрсақ қабырғаларының бұлшық еттерінің босауын қамтамасыз ететін науқастың мәжбүрлі жағдай байқалады. Кейде үлке дәреттің және газдардың тұтылуы, іштің кебуі байқалады. Құрсақ қуысы ағзаларының зақымдануы мен ажыратпалы диагнозы қиынға соғады.

Емі: Тыныштық, гематоманы пункция жасау, іріңдегенде кесу. Физиотерапевтік процедуралар. Диагнозға күмән туғанда жедел ауруханаға жатқызу.

Алдыңдағы құрсақ қабырғасының жабық зақымдалуымен жиі ішкі ағзалардың зақымдануымен қосарланады және бұл кезде алдыңғы құрсақ қабырғасының соғылу белгілері құрсақтың қуысты және паренхиматозды ағзларының зақымдалу клиникалық суретімен басым түсіп, науқасты анықтау мен емдеу әдісін таңдауда негізгі болып табылады.

Құрсақ қуысы ағзаларының жабық жарақаттары.

Іштің жабық жарақаттарынан соң ерте кезеңдегі клиникалық көріністері ішкі ағзалардың (бауыр, көкбауыр) және шажырақай қан тамырларының зақымдалуымен, құрсақішілік қансыраумен, қуысты ағзалардың зақымдануымен сипатталатын ішастарының қабынуымен, паренхиматозды ағзалар зақымданғанда клиникалық белгілері құрсақішілік қансырау мен ішастардың тітіркенуімен және жарақаттық шокпен сипатталынады. Науқастар іштегі ауырсынуға, әлсіздікке, бас айналуға шағымданады. Пульс жиілейді, әлсіз толады, АҚ төмендейді. Іш аймағын тексергенде құрсақ қабырғасында тері жырықтары қан құю байқалады. Іш бұлшықеттері тамырынан кернеулі, пальнацияда ауырсынулы. Іш қуыс(тарында қан жиналу есебінен перкуторлы дыбыс қысқарған. Науқастың қалпы мәжбүрлі, жартылай отырған өйткені горизонтальді жағдайда диафрлгма астына қанның жиналуы ауырсынуды күшейте түседі. Сонымен қатар бауырдың және көк бауырдың капсула астыңда жарылуы мүмкін. Өйткені какмула астыңда гематома пайда болып ол өрши түскенде капсула жыртылып қан құрсақ қуысына жинала бастайды.

Науқастың жағдайы жарақат алған соң бастапқыда қанағатандырарлық бірақ бірнеше сағаттан немесе күннен соң күрт төмендейді. Іштің паренхиматозды ағзалардың жабық жарақатына күмәнданғанда диагнозды анықтау үшін іш қуысына пункция немесе лапароскопия «жылжытпалы» катетр қолданылады.

«Жылжытпалы» катетр көмегімен құрсақ қуысындағы сұйықтықты анықтау физинальді зерттеу әдістері ақпаратсыз болғанда көрсетіледі. Ол үшін алдың - ала қуықты катетрмен басатады.

Жылжымалы катетрді іштің ортаңғы сызығы бойынша кіңдіктен төмен жасалған кесінді арқылы еңгізіп құрсақ қуысының әр түрлі бөлімдеріне егізіп сұйықтың тартқыш түтік көмегімен қанды, ішек құрамын, нәжістік массаларды анықтауға болады. Дәл ақпаратты шұғыл лапароскопия әдісімен зақымдалу ошағын және сипатын анықтауға мүмкіндік береді.

Емі: Ауруханаға шұғыл, қозғалтпау - аяу әдіспен тасымалдау керек. Іштің жабық жарақатында шажырқайдың қан тамрлары үзілгенде анықталған қан тамырларының үзілуінде анықталған ішкі қансырау шұғыл операцияға - лапароскопияға, ал бауыр езілгенде-бауыр резекциясы, көк бауыр жарылғанда - спленэктомияға көрсеткіш боп табылады.

Перитонит. Қуысты ағзалардың - асқазан, ішектер өт қабы қуық жыртылғанда асқазан сөлі, өт, несеп, нәжісі инфицирленген ішек құрамының бос құрсақ қуысына шығуымен және ішастарға айқын тітіркендіруші әсерімен құрсақ қуысынаң қабынуын перитонит шақырып, жарақаттан соң іштегі ауырсынуды күшейте түседі. Науқас анамнезінде іштің тұйық жарақатын алғаны анықталады. Асуырсынудан басқа жүрек айну, құсу, тамыр соғысының жиіленуі, шок дамығанда- АҚ төмендеуі байқалады. Құрсақтың тітіркену белгілері - бұлшық еттердің кенеуі, Щеткин - Блюмбергер симптома оң, іш перкуссиясында ауырсынудың күшейюі, қуыстың ағзаның тесілуіне байланысты диафрагма асты кеңістігінде газдың шығып жиналуынан бауыр тұйықтығының жоғалуы анықталады.

Диагнозды нақтылау үшін ланароскопия әдісі қолданылады.

Емі: Шұғыл ауруханаға горизантальді жағдайда тасымалдап жатқызу.

Іштің қуыстын ағзаларының зақымдалуының емі тек хирургиялық отауды шұғыл тәртіппен орындайды. Іш ағзаларының көптік жарақатын жоққа шығару үшін құрсақ қуысы ағзаларының ревизиясы орындалады. Массивті езілуде және ішек шажырқайының жартылай ішек қабырғасында қан айналымының бұзылысында ағзаны алып тастау. Отауды құрсақ қуысын мұқият санациясымен, қуысқа шыққан құрамының аспирациясы, актисептикалық ерітіңділермен жуып шаю және қабыну белгілерінде - құрсақ қуысын дренирлеумен аяқтайды.

Іштің ашық жарақаттары.

Іштің енетін және енбейтін; жанамалы; тесіп өтуші және тұйық жарақатын ажыратады.

Зақымдалу сипатына байланысты бөлінеді:

  1. Ішке енбейтін жарақаттар.

а) Құрсақ қабырғасының тіндерінің зақымдануымен.

б) Ішектердің, бүйректердің, несепағардың, құқықтың құрсақ сыртылық зақымдалуы.

ІІ. Ішке енетін жарақаттар.

а) Оқшауланған ішке енуші жарақаттар;

құрсақ қуысы ағзаларының зақымдануынсыз, қуысты ағзалардың зақымдалуымен, қуысты және паренхиматозды ағзалардың зақымдалуымен;

б) торакоабдоминальді жарақаттар;

в) бүйректің, несеп ағардың, қуықтың зақымдалуымен;

г) омыртқа бағанасы және жұлын миының зақымдалуымен;

Құрсақ қуысына енуші жарақаттардың орналасуы басқада қуыстардың жарақатымен қосарлануын, яғни комбинирленген (құрсақ қусымен көкірек қуысының бір мезгілде жарақаттануы) болуы мүмкін.

Енуші жарақаттың симптомдары іштің жабық жарақатындағыдай шок, ішкі қансырау белгілерімен және перитониттен құралады. Тесіп өтуші жарақатта және жара сыртына ағзалардың шығуында диагноз қою қиынға соқпайды. Зақымдалу ерекшелігін анықтау көкірек қуысы зақымдалуларымен, естің жоғалуымен, көптеген аяқ-қол, жамбас сүйектерінің омыртқа бағанасының зақымдалулары қосарланғанда және ауырсыздандырғыш дәрілерді үлкен мөлшерде енгізгенде қиынға соғады. Бұл кезде «жылжытпалы» катетр қолдану көрсетіледі.

Емі: Іш жарақаттарымен нуқасқа көмек көрсету жеделдігі мен сапасы оның тағдырын анықтайды. Алғашқы көмек көрсеткенде жараның айналасындағы тіндерді өңдеп, асептикалық таңба қойылады. Жара сыртына шыққан ағзаларды стерильді ылғалды таңбамен жауып тасымалдау уақытына ішке танып қояды. Анальгетиктерді, жүрек жұмысын жақсартатын дәрілерді антибиотиктерді енгізеді. Науқастарды қозғалтпай бір қалыпты жағдайда тасымалдайды. Шоққа қарсы шараларды және жоғалтқан қан көлемін орнына келтіруді ерте бастау қажет. Іш жарақаттарымен нуқастың негізгі емі оперативтік болып табылады. Ол үшін науқасты жедел түрде ауруханаға жеткізу керек.

Аты
Суреттемесі
Мақсаты
Аты: Ұйымдастыру бөлімі
Суреттемесі: Қатысушы студенттерді бел-ілеу, бөлмелерге бөлу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Мақсаты: Студенттердің ой өрісін арттыру, студенттердің игеру қабілетін, жақсы ойланып жұмыс істеуге шақыру.
Аты: Бастапқы білімдерінің деңгейін бағалау
Суреттемесі: Тексеруге арналған клиникалық есептер, тест сұрақтарын пайдаланады.
Мақсаты: Студенттердің бүгінгі сабаққа дайындығын бағалау.
Аты: Студенттердің ауруханада, дәрігерлердің кабинетіңде өз бетінше жұмыс атқаруы, ауру қабылдау.
Суреттемесі:

А) Іштің жарақат түрлерімен танысу.

б) Іштің ашық және жабық жарақатының клиникалық суретімен танысу.

в) Іштің және жабық жарақатының клингикалық симптомдарымен танысу.

г) іштің жабық жарақаттарының диагностикасымен танысу.

д) Іштің және іш қуысы ағзалары жарақаттарының емімен танысу.

Мақсаты:

а) Іштің жарақат түрлерін анықтауды білу керек;

б) Іштің жабық жарақаты қуысты және паренхиматозды ағзалардың зақымдалуының клиникалық суретін білу керек;

в) мезгілінде іштің жабық жарақатын анықтайды білу;

г) іштің ашық және жабық жарақатында көрсетілетін ем жүргізу тәртібін білу.

Аты: Студенттердің мұғалім мен бірге жұмыс істеуі. Барлық топпен бірге 1-2 мысалдарына талдау жасау.
Суреттемесі:

Бір студент іштің ашық және жабық жарақатының клиникалық суретін айтып түсіндіреді, екіншісі іштің жарақатыңда ішті тексеру әдістерін көрсетеді.

Студенттер іштің ашық және жабық жарақатын анықтауды және сәйкес емді тағайындауды үйренеді.

Мақсаты: Студент іш жарақатында алғашқы көмек көрсету дағдысын машықтандыру: қан кетуді тоқтату, жараны алғашқы өңдеу өткізіп таңба қою.
Аты: Қорытынды тексеру.
Суреттемесі: Тақырып бойынша сұрастыру.
Мақсаты: Көзделген мақсаттың орындалу деңгейін анықтау.
Аты: Білімінің жалпы бағасы
Суреттемесі: Әр студентке сабақтан алған бағаларын хабарлайды, өзіңдік жұмыс кезіңдегі қиындықтармен қателіктерді талқылайды.
Мақсаты: Студенттердің атқарған қызметтерінің бағасы мен оларды қалыптастыру, бағалау.
Аты: Өзіндік дайындыққа арналған тапсырма.
Суреттемесі: Үйге тапсырма беріледі. Келесі сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулармен студенттерді таныстыру.
Мақсаты: Өзіндік дайындыққа қабілетін арттыру.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы
Паталогиялық-анатомиялық өзгерістер
Несеп жүйесін емдеу үшін қолданатын өсімдіктер
Өңеш жұтқыншақ пен асқазанды жалғастырып тұратын етті түтік
Несепті зерттеудің диагностикалық маңызы жайлы
Тәбеттің бұзылыстары
Зат алмасу үрдісінде дәрумендердің маңызы
Балалар аурулары
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлоралары. Олардың маңыздылығы. Дисбактериоз
Ауыл шаруашылық жануарлары төлдерінің ас қорыту жолдары аурларының этиопатогенетикалық үрдістеріне байланысты балау және емдеу түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz