Қолма-қолсыз есеп айырысу


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Банктік мекемелердегі қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Қолма-қолсыз есеп айырысудың қалыптасуы мен дамуы . . . 5

1. 2. Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру, жүргізу және оның

қағидалары . . . 7

1. 3. Қазақстандағы қолма-қолсыз есеп айырысудың формалары . . . 13

II. ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТОЧКАЛАР ФОРМАСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

3. 1. Әлемдік тәжірибелерде қолданылытын есеп айырысудың негізгі

формалары . . . 22

3. 2. Қазақстан республикасындағы электрондық аударымдар және

пластикалық карточкалар жүйесінің дамуы . . . 25

Қорытынды . . . 29

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 31

Кіріспе

Қазіргі жағдайларда ақша шаруашылық өмірдің айырмас бір бөлігі болып табылады. Сондықтан барлық материалдық құндылықтар мен көрсетілетін қызметтерді көрсетумен байланысты шарттар ақшалай есеппен аяқталады. Соңғысында, яғни нәтижесінде ол ақшаны қолма-қолсыз түрде қабылдайды. Қолма-қолсыз ақшалай есеп айырысуды ұйымдастыру қолма-қол ақшалай есеп айырысуға қарағанда тиімді де, ұтымды болып келеді, себебі ол кезде айналыста аз шығын шығады. Қолма-қолсыз есеп айырысудың кең таралуына банктердің ірі де кең де түрдегі желісі себеп болып отыр, сонымен қатар, мемлекеттің оған үнемдеу және макроэконо-микалық процестерді реттеу мен оқу мақсаты бойынша араласуы да жатады.

Қолма-қолсыз есеп айырысулар, төлеушінің шотынан төлем алушының шотына өткен кезде банк шоттарында жазбаша түрде көрінетін ақшалай есеп айырысу түрінде болады.

Қолма-қолсыз есеп айырысулар шаруашылықта нақты бір жүйе бойынша ұымдастырылады. Ол жүйе: қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастырудың принциптерінің жиынтығы, оларды ұйымдастыруға деген талаптар, яғни шаруашылық қожалығының нақты бір шарттарымен анықталатын, сонымен қатар есеп айырысуды жүргізудегі құжат айналымымен байланысты есептесу формалары жатады.

Нарықтық экономикаға көшуде қолма-қолсыз есеп айырысу, соның ішінде олардың ұйымдастыру принциптерінің жүйесін өзгертуге әкеп соқтырды. өзгертулер, сондай-ақ қызмет көрсетуші банктерде де жүріп отыр: банктердің еркіндіктері мен ролдері өсуде; банктік қызмет көрсетуде тиім-ділікті жоғарлату жолдары іздестіріледі; мамандандырылған қаржы-несие және банктік мекемелердің қызметтері мен кәсібін тиімді шектеу сферасын құру жолдарын табу жүргізілуде, сондай-ақ қазіргі экономикаға сай даму заңдылықтары тұрақты түрде қабылданып тұрады.

Осы фактілерге байланысты, менің « Банктік мекемелердегі қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру » атты курстық жұмысымды қазіргі таңда көкейтесті проблемелардың, әсіресе нарықтық жағдайларда, бірі болып табылады. Коммерциялық банктерде қолма-қолсыз ақшалай есеп айырысуды ұйымдастыру мәселесі қазіргі кезде бұхаралық ақпарат құралдарында айқынды мәселе деуге болады.

Курстық жұмысымның бірінші бөлімінде қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастырудың жалпы негізі, оларға қолма-қолсыз есеп айырысудың қалыптасуы мен дамуы, жүргізілуі және олардың қағидалары қарастырылған. Жалпы қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің негізі болып, кәсіпорынның банктік шоттары, сонымен қатар ақшалай есеп айырысу құжаттары табылады.

Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың негізгі қолданылатын формаларының түрлері, оның ішіне төлем тапсырмасымен, төлем талап-тапсырмасымен, чекпен, аккредитивпен, вексельмен, инкассалық өкіммен есеп айырысу жайлы көрсетілген.

Ал енді соңғы, үшінші бөлімде осы соңғы уақытта әлемде және Қазақстан Республикасында электрондық аударымдардың және жүзеге асып келе жатқан пластикалық төлем карточкасы, олардың пайда болуы мен қолданылуы көрсетіледі. Пластикалық карточка қолма-қолсыз есеп айырысуды автоматтандырылған тәртіппен жүргізеді және төлемдер жөнінде барлық хабарлар электронды есептегіш машиналарға енгізу үшін магниттік лентаға немесе терминалдық құрылғыға түсіретін формадағы болады. Банктік автоматтар тетігі пластикалық дебеттік карточка. Ол - банктік шот иесінің мағлұматтары (реквизиты) және жүргізетін операциялар түрі жазылған арнаулы магитті жолақ болып табылады.

Осы курстық жұмысты жазуда әртүрлі банк туралы, солардың ішінде қолма-қолсыз есеп айырысу бөлімшелері бар әдебиеттер қолданылды.

  1. Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастырудың теориялық негіздері

1. 1. Қолма-қолсыз есеп айырысудың қалыптасуы мен дамуы.

1917 жылғы Қазан көтерілісінен кейін экономиклық өмірде түрлі өзгерістер көрініс тапқан болатын. Банк жүйесі қайта реформаланды; азаматтық соғыс, сондай-ақ соғыс интервенциясы кездеріне байланысты айтарлықтай өзгерістер ақша несие жүйесіне әсерін тигізген және кейіннен бұл жағдайлардан соң экономика жаңа гүлденген сәттерге жетті. Осы кезеңдерде тауарлы - ақшалай қатынастар сферасының тарылуына қара-мастан қолма-қолсыз есеп айырысудың вексельдері мен чектерді қолданумен байланысты әртүрлі банктік аударымдар жүргізілген болатын. Бірақ елде жеке унифицирленген қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі болған емес.

1930-1932 жылдардағы несие реформасы жүргізу барысында коммерциялық және жанама банктік несиелер тікелей банк несиесімен алмастырылды, және сәйкесінше елдің территориясы шегінде вексельдерді қолдану тоқтатылды. Сонымен қатар, алғаш рет қолма-қолсыз есеп айырысудың акцепт, аккредитив және басқа да шоттар бойынша есеп айырысудың формалары енгізілді. Соңғысы өзіндік аккредитивпен есеп айырысу формаларына тән болды және ол сатып алушыларға келесідей мүмкіндіктер берді:

  • есеп айырысуға арналған құралдары бар, бір шоттан бірнеше жабдықтаушылармен есеп айырысуға;
  • әртүрлі төлемдер өтеуге, мысалы, кеңсе шығындарын өтеу, мүдделі сатып алушылардың демалысын өтеуге және тағы сол сияқты төлемдерді өтеу үшін шоттардан қолма-қол ақша құралдарын алуға.

30-шы жылдарда несие реформасы елдің экономикалық дамуында нақты қортындыларды келтіріп, экономикалық дамулардың алғы шарттарын жоспарлы (әкімшіл-әміршілдік) экономикадан нарықтық экономикаға көшуді көздеді. 30-шы жылдардағы несие реформасын зерттеу қазіргі таңда маңызды мәнге ие, себебі бүгінгі таңда Қазақстанда осы жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу тарихи дамудың жаңа сатысында көрініс табуда. Көбінесе 1989 жылдан бастап елде есеп айырысу сферасында қайтадан вексельдерді пайдалану қолға алынды.

Жоспарлы әлеуметтік экономика кезіндегі қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі қатаң өзгерістерге ұшырады, бірақ оның негізгі мәселесі елдің барлық территориясында қолма-қолсыз есеп айырысу формаларының қатаң унификациясы және мемлекеттік банктер жағынан төлем тәртіптерін бақылау болып табылды.

90 жылдары Қазақстандағы төлем және КСРО банк жүйесін, сондай-ақ несие ұйымдарының төлем жүйесін қамтитын төлем жүйесін жетілдіру әрі қарай даму үстінде болды. Оның мақсаты есеп айырысу қатысушыларына қызмет көрсетудің тиімділігі мен тұрақтылығын көтеру болды.

1998 жылы жүргізілген несие ұйымдарының төлем жүйесі арқылы төлемдер көлемі - банк ішілік есеп айырысу төлем жүйесі, корреспонденттік шоттар бойынша несие ұйымдарының есеп айырысулары, есеп айырысу банктік емес мекемелермен келесідей көрсеткіштерді көрсеткен болатын - барлық төлем айналымынан 31, 7; 9, 1; 0, 2 құраған (1997 жылы 36, 5; 11, 7; 0, 1) .

Әртүрлі есеп айырысу жүйелері арқылы жүргізілетін төлемдер көлемі жыл ішінде қалыптасқан экономикалық жағдайларға орай түрлі ауытқуларға ұшыраған. 1998 жылдың екінші жартысындағы тамыз айындағы экономикалық өсуден кейін төлемдер өсіп, сол жылдың қыркүйек айында өзінің минимум деңгейіне жетті. 1998 жылдың желтоқсан айында ол жағдай айтарлықтай жоғарлап, жағдайы жақсарған болатын.

1998 жылдың желтоқсан айында электронды құжат айналымын енгізуді белсендірілді, банктің есеп айырысу бөлімдерінің тиімді желілерін құру әрі қарай дамытылды, нақты уақыт режимінде қызмет ететін жаңа автоматтандырылған есеп айырысу жүйесі құрылды. Принципиалды жаңа бағдарламалы-техникалық платформа және телекоммуникациялық ортада есепті-операциялық ақпаратты аудару және өңдеу жүйесі енгізілді.

Банктің есеп айырсу - кассалық операциялары екі формада жүзеге асады: қолма - қол ақшалар және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырсу.

Қолма-қол ақшалармен есеп айырсу - бұл нақты ақшалармен төлемдер және аударымдар жасауды сипаттайды.

Мұндағы нақты ақшаларға: банкноталар және монеталар жатады. Қолма-қол ақшалармен есеп айырсулар көбіне кассалық операциялар көмегімен іске асады. Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырсулар - клиенттердің банкте ашқан шоттары көмегімен, олардың тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші бір шотқа аударылатын төлемдердің жиынтығы.

Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар - чектер, пластикалық карточкалар, электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер) .

Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т. с. с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалардың қолма-қолды ақшаларға ауысуы байқалады.

«Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» туралы ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірде бекіткен №179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын, яғни 3488000 - (4000 х 872) теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырсулар тек қана қолма-қолмыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс. Осы ережеге сәйкес қолма-қолсыз есеп айырсуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады.

  • Төлем тапсырмасы және төлем талап - тапсырмасы;
  • Чекпен, вексельмен есеп айырысу;
  • Инкассалық өкім; Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру, жүргізу және

оның қағидалары

Коммерциялық банктердің қолма-қолсыз есеп айырысуын ұйымдастыру және жүргізу. Ол банктердің клиенттерге көрсеткен қызметтеріне немесе банктің комиссиондық операцияларына байланысты.

Берілген қызметтің орындалуы, ең алдымен, банктік шоттарда шаруашы-лықтың, мемлекет пен халықтың бос ақшалай қаражаттарын шоғырландыру және сақтаумен байланысты. Коммерциялық банктер әртүрлі шоттар ашады: есеп айырысу, ағымдық, дербес, депозиттік, контокорренттік және т. б.

Бұндай шоттар жеке және заңды тұлғалар үшін ашылады. Клиенттер тапсырмасы бойынша банк қызметкерлері сәйкес төлем құжаттары негізінде клиент шотына төлем құжатында көрсетілген соманы есептейді немесе шегереді. Қолма-қолсыз есеп айырысу - бұл банктік айналым ақшаларының қозғалысы, яғни ақшалай қаражаттар сомасын шаруашылық органдарының шот бойынша жазба түріндегі аударымдары.

Қолма-қолсыз есеп айырысудың кең таралуы, қолма-қол ақшаның айналу аясын шектеуге, ақша белгілерін жасауға, сақтауға және есептеуге кеткен шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Қолма-қолсыз есеп айырысудың тиімді формаларын енгізу төлемдердің жылдамдануына, есеп айырысуда ақшалай қаражаттарының айналымдылығына көмектеседі, соңында ақшалардың банктік айналымын тездетеді, қолма-қолсыз есеп айырысу «зат алмасуда» халық шаруашылық байланыстарда делдал болады және олардың нақтылығымен үздіксіздігі жалпы экономиканың тиімділігіне байланысты болады. Қолма-қолсыз есеп айырысулардың мәні мынада, олар шаруашылық органдардың қорларының айналымына және шаруашылық мәмілелердің аяқталуына көмектеседі.

Қолма-қолсыз есеп айырысу - бұл есеп айырысудың формасы мен әдістерінің, оларды жүргізу принциптерінің, оларға қойылған талаптардың жиынтығы. Есеп айырысудың принципі анағұрлым тұрақты, өзгермейтін болып келеді. Есеп айырысуға қойылатын талаптар экономиканы басқару әдістерінің дамуы мен жаңғыруына байланысты өзгеріп отырады. Ал есеп айырысу формасы мен әдістері осы талаптарға сай болып, олардың өзгерістеріне бейімделініп отыруы керек.

Барлық коммерциялық банктер халықтар мен шаруашылық органдарды несиелеу процесінде қолма-қолсыз ақша айналымы төлем құралдарын эмиссиялайды, ал олар өз кезегінде өз қаражаттарын сол банктердегі шоттарда ұстайды. Банкі арқылы өтетін қолма-қолсыз есеп айырысу оның ресурстарын көбейте отырып, есеп айырысудағы бос ақша қаражаттарды экономиканы және халықты несиелендіру қажеттіліктеріне шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Қолма-қолсыз есеп айырысу шаруашылық органдардың өзара бақылауы-на және банктердің өндіріс процесіне, тауар айналымына белсенді қатысып, әсер етуіне мүмкіндік береді. Банк шаруашылық органдардың төлем тәртібін, ол төлемдерді уақытында төлеуін мұқият бақылайды және төлемеудің себептерін талдайды. Төлем тәртібін бұзғаны, оны уақытында төлемегені үшін банк экономикалық санкциялар қолданады.

Қажет жағдайда шаруашылық орган банктен уақытша несие ретінде қаржылық көмек алып, пайда болған талаптар бойынша төлемсіздік мөл-шерін азайта алады.

Қатысушыларға байланысты есеп айырысу операциялары екі топқа бөлінеді: клиенттік есеп айырысу операциялары және банкаралық есеп айырысу операциялары. Есеп айырысудың формалары мен ерекшеліктері негізінде банктердің келесі есеп айырысуларын айтуға болады: аударымдық, инкассалық, аккредитивтік және клирингтік.

Есеп айырысу кезінде келесі төлем құралдары қолданылады: төлем тапсырмалары, чектер, вексельдер, аккредитивтер, пластикалық карточкалар, жирочектер. Қазақстан Республикасында банкаралық және халық шаруашылы-ғындағы есеп айырысу жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы Ұлттық банк. 1 Ол мынадай қызметтерді орындайды:

  • қолма-қолсыз және қолма-қол ақша айналым ауқымдарына, қолма-қолсыз және қолма-қол ақша эмиссияның мөлшеріне бақылау жүргізу;
  • барлық коммерциялық банктер үшін біртұтас әдістемелік негізде бірыңғай мемлекеттік есеп айырысу орталығы болу;
  • есеп айырысудың, есеп берудің, есепке алу мен жүргізудің ережелерін жасау және оларды унификациялау.

Қолма-қолсыз жолмен есеп айырысу жүйесінің ұйымдастыруы біртұтас негізгі қағидалар және келесідей операциялар арқылы жасалған қаражат-тарды бір шоттан екінші шотқа дебеттік аударымдар (чектер) ; бір шоттан екінші шотқа кредиттік аударымдар (жироесеп айырысу) . Чектер (көбінесе) бір реттік мәмілелерде қолданылады, жироесеп айырысу - тұрақты және мерзім сайын қайталанып тұратын мәмілелерді қолданады.

Банкаралық есеп айырысу жүйесін ұйымдастырудың негізгі принципі - бұл дербес екі кіші жүйені қалыптастыру болып табылады:

  • коммерциялық банктер арасында тікелей есеп айырысуды;
  • Ұлттық банктің ЕКО-да ашылған корреспонденттік шоттар жүйесі арқылы банкаралық есеп айырысуды.

Коммерциялық банк өздерінің ведмоствалық мекемелер арасындағы есеп айырысу формасын өздері анықтауға құқылы, ал қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі банктер мен клиенттеріне белгілі бір есеп айырысу опера-циясын жүзеге асыруды таңдауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде елімізде есеп айырысу жүйесін қайта ұйымдастыру негізгі екі бағыт бойынша жүргізіледі:

  • жеке және заңды тұлғалардың есеп айырысу формаларының пайдаланып жүргендерін жетілдіру және жаңа формаларын енгізу;
  • банкаралық есеп айырысу жүйесін қайта ұйымдастыру.

1 1999 жылы 15 қарашада Ұлттық банк Басқармасының қаулысымен бекітілген «ҚР екінші деңгейдегі банктерде кассалық операцияларды жүргізу» ережесі.

Есеп айырысу формаларын жетілдіру туралы айтқанда, чекпен есеп айырысудың клирингтік формасының дамуына басты көңіл бөлінеді, себебі ол есеп айырысудың анағұрлым ыңғайлы формасы. Банкаралық есеп айырысу жүйесін қайта ұйымдастыру - бұл банктердің тікелей коррес-понденттік шоттар арқылы банкаралық есеп айырысу жүйесіне толық көшуі. Есеп айырысу операциялары банк қызметінің өзгермейтін немесе баяу өзгеретін саласы және бір немесе бірнеше коммерциялық банктердің белгілі бір реформалар жүргізуі жеткіліксіз, себебі барлығы осы шаруашылық іс-әрекетінің маңызды элементін реттейтін заңды нұсқаулық материалдарға тіреледі. Жеке банктер тек есеп айырысу формаларын жаңарта алады, ол клиенттерге сапаның жаңа деңгейін ұсыну арқылы жүзеге асады.

Халықаралық тәжірибеде қолданылатын есеп айырысу формаларының негізгі 3 тобын айтуға болады:

  1. чек және вексель арқылы инкассалық операциялар;
  2. аккредитивтер арқылы есеп айырысу;
  3. аударым операциялары.

Инкассалық операциялар, оларды жүргізе отырып, банк клиенттің шотына онымен тапсырылған есеп айырысу құжаттары бойынша алынған қаражаттарды есепке алады. Егер сатып алушы мен сатушыға бір банкте қызмет көрсетілетін болса, онда инкассалық операция тек бір шоттан ақшалай қаражаттарды шегеріп, екінші шотқа кірістіру арқылы жүзеге асырады.

Аккредитивтер арқылы есеп айырысу сатушы мен сатып алушыға күмәнді болып, банк кепілдемесін алғысы келгенде қолданады. Аккредитив құжаттық, шақырылатын және шақырылмайтын, өтемдік болады.

Аударым операциялары клиенттің тапсырысы бойынша қаражаттарды банктің ьір бөлімінен екінші бөліміне немесе банк корреспондентіне аудару. Бұл операциялардың мәні банкіге телеграф немесе пошта арқылы қандай сома, қандай мерзімде және кімге төлеу хабарлауды сипаттайды.

Соңғы уақытта бөлшек сауда нарығында әр түрлі төлем карточкалары кеңінен қолданылып келеді, яғни пластикалық карточкалар мен автоматтандырылған төлем сомалары.

Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары. Қазіргі жағдайда ақша шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан материалдық бағалықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұрады. Ақшалай есеп айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді. Қолма-қолсыз ақшаларды қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақшалармен есеп айырысуға қарағанда біршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде айналыс шығындарын үнемдеуге болады.

Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша айналымының едәуір бөлігін алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу барысы мынадай шаруашылық аумағында жүзеге асырылады:

  • өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда;
  • ұлттық табыцсты бөлу және қайта бөлуде;
  • банк несиелерін алу және қайтаруда;
  • бюджетке тиісті төлемдерді аударуда;
  • халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;
  • басқа да банкаралық есеп айырысуларды.

Қолма-қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердің торабының ықпалы, сондай-ақ олардық дамуына деген мемлекеттің мүддесінің ықпалы болады. өйткені, банк - бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен төлемдердің іске асатын орны. Банктегі ағымдық шоттарындағы жазбаша түрдегі ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейді.

Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу - бұл ақшалай қаражаттарды төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын ақшалай есеп айырысуларды білдіреді.

Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгілі-бір жүйеге байланысты ұйымдастырылады.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі - бұл қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу әдістері мен формаларыныңы жиынтығы.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

Біріншіден, өнімді сатудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін бірқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау;

Екіншіден, белгіленген мерзімде төлемді жүзеге асыруға деген төлушілердің жауапкершілгі;

Үшіншіден, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулардың өз уақыттылығы, яғни уақытында есеп айырысуға тиісті.

Біздің елімізде қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру негізі КСРО тұсындағы 1930-32 жылдары несиелік реформа барысында жасалған болатын. Содан бері, яғни 1993 жылдарға дейін еліміздегі қолма-қолсыз ақшалармен есе айырысулар шаруашылықтың шығын механизміне бағытталған түрде және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістеріне толық сәйкес келген болатын. Ол кездегі жұмыс жасаған қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі, бірінші кезекте өндіріске және өнімді жөнелтуге байланысты өзінің жоспарлық тапсырмаларының орындалуына сәйкес, яғни жабдықтаушылардың мүддесіне қызмет еткен. Ол жүйедегі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастырудың қатаң қағидаларының сақталуы кәсіпорынның өзінің алдындағы келісім-шарттық міндеттемелерінің орындалуы үшін экономикалық мүддесі мен жауапкершілігінің жоқтығын біршама дәрежеде орнын толтыруына мүмкіндік береді.

Бұл қағидалар әсіресе мыналарға қатаң қарайды:

  • төлеу орны- банк, яғни ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айрысуды ұйымдастырушы және бақылаушы болады;
  • төлеу уақыты- өнімді тиеген соң немесе қызметті көрсеткен соң жүргізілді, яғни мұнда аванс және коммерциялық несиенің қолданылуына қатаң тыйым салынды;
  • төлеушінің келісімі (акцепт) - төлеудің негізіне жатады;
  • төлеу көзі- сатып алушының меншікті қаражаты немесе банктік несие, яғни оны алуға құқығы бар болса ғана;
  • қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формасы, яғни олардың пайдалану аумағы алдын ала анықталады.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың барлығы бірдей банк ішіндегі айналымда жүретін төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылады, бірақ аталып өткен қағидалар, сатып алушының төлем қабілеті және несиелік қабілетіне қойылатын талаптарды ескермеді, соның нәтижесінде есеп айырысуға қатысушылардың балансының өтімділігіне төлемдер кезегінің бұзылуы кері әсер етті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары
ҚР қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру
«Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамы қолма-қолсыз есеп айырысуының ұйымдастырылуына талдау
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі
Қолма-қолсыз есеп айырысу туралы
Қазақстан Республикасында қолма -қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және басқару
Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру
Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың артықшылығы
Ақша айналысын басқару және реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz