Ұлттық тұлға қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Ұлттық тұлға қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері

1. 1 Тұлға туралы философиялық педагогикалық, психологиялық түсініктер

Философия ғылымының зерттейтін обьектісі әр алуан. Оның зерттейтін обьектілерінің негізгісі- адам мәселесі.

Біз бүгінгі күннің адам ішінде оның жетілген кемелденген түрі «тұлға» ұғымының мәніне, мазмұны мен тарихына үңілсек философиялық және т. б. ғылым салаларының тарапынан берілген анықтамалар қоғамның ең құнды бір бөлігі ретінде екендігін дәлелдейді.

Осындай мінезінің арқасында ол кез-келген адам мен шүйірлесіп кететін, сондықтан ол өзіне кез-келген мағлұматты адамдардан сұрап-біліп алатын

Басқалардан оның өзгеше даналық жолы осы еді-деп көрсетеді. / Древ китайская философия 43 стр/

Адам-жер мен Аспан арасындағы сансыз заттардың ішіндегі «ең құндысы» өз табиғатына тереңірек үңілген зердесі (Дун Гжуниу) дей отырып оның табиғи қабілеттерін төмендегінше саралаған. Адам бес бірдей табиғи қабілетті -адамгершілікті (Ли), даналықты (Гжи) адамдықты (Чен) бойына сіңірген деп көрсетеді. Сонымен қатар жақсылыққа, игілікке деген көзқарас адам өмірімінің айнасы деген Конфуций тоқтамында үлкен мән бар екендігі оның Қытай философиясында «Адам өмірге келісімен өз үлесін алады» Бірақ адам үшін халықты жақсылыққа үйрететін патша керек «Патша халықтық болысымен қалыптастыратын Аспанның пиғыл-ниетін аяқтайды және жалғастырады» (Дун Чжунну) деп көрсетеді.

Ал Конфуций ұсынған қағидалардың ішіндегі «адам бойындағы күш-қуатты жалғастыру үшін, жетістікке жету үшін жағымды әрекетінен пайымдау жәнеәне адамның жақсы жақтарын жүзеге асыру үшін басқарудың қолдануына, ерекше ілтипатына ілігу деп көрсетеді.

Қытай философиясында басқарушы:

а) Аспанның еркін жүзеге асырады, содан ол күшті. Аспан адамды қайырымдылық ырқамен бөледі оны жүзеге асыру үшін басшы тәрбиені тәртіп нұсқауында әрекеттенуі керек.

ә) Мемлекет тірегі, оны құрметтеу-қажетті тәртіп негізі. Құрмет тұту-Аспан жер жәнеәне Адам арасындағы қызметті бөлу. Соны ескеру. Аспан өмір сыйлайды. Жер өмірді тартады. Адам тәртіп пен музыка арқылы, яғни лайықты рәсім- салт арқылы бәрін де басқарады. Басқарушы:

-Осы үш бірдей бастадың қайнар көзіне лайық;

-құрбандық жасау арқылы Аспанға қызмет етеді;

-жер жырту рәсімін жасай отырып, жерге қызметін жалғастырады;

- тәрбиелеудегі, оқытудағы, тәрбиеге үйретудегі қамқорлығы арқылы Адамға қызмет етеді. Үшеуіне бірдей қызмет атқарған басшы қарамандағылардың жеке әкесі мен шешесіне ұқсайды.

Сонымен Аспан мен жерге ондағы адамдарға қамқорлық жасайтын іштей жетілген, дара даналарды Қытай философиясында көргені мен есіткеніне мән беретін, жан мен тән жарасымдылығын іздейтін, өзгенің мінез құлқына еліктей бермейтін адамдық жоғары адамдарды адам деп қабылдаған.

Жарасымдылыққа жетістікке жету үшін оқу үйрену, ойлану, рефлексия арқылы білім беру алу емес дәстүрге үйрену, дәстүрді жақсы білу, Конфуций айтады: «Мен жасап жатқан жоқпын, беріп жатырмын, мен бұрынғыға сенемін және ұнатамын» Дәстүрді біліп, оны өмірде қолданамын, ата баба даналығына еліктеймін деген ұғымдарын өздерінің «сюэ», «сы», «чни» терминдері арқылы білдіреді.

Яғни Қытай философиясында тұлғасына қасиеттердің қатарына ұлы ұстаздың сөзімен айтқанда: «тура қайталаған жаңаны биледі», я болмаса «Көпті тыңдап дұрысын таңдаймын таңдағанына еремін, көпті бақылап, көргенімді есте сақтаймын. Осындай әдіспен білімге жетемін»-дейді

Аз сөйлеп көп тыңдау, оның ішінен өіне саралап ала білу өткенді естен шығармай қажеттісін өз өміріне пайдалану, осы негізде білімін тереңдетіп отыруды б. д. д бірнеше ғасыр бұрын да айтып анықтауға әрекет жасалынған.

Адам білімді өзінің байқауын, өзгелердің, тіпті өткен ұрпақтардың пікірі мен тәжірибиесі салыстыру, зерттеу арқылы алатынына маңызды күмәнданбайды, сондықтан ол «тура біткен білім» идеясын, оның болу мүмкіндігінен қабылдамайды. Адамдардың танымға деген туа біткен қабілеттері ұқсас. Бірақ әртүрлі адамның қабілеті біртекті емес. кімнің тәжірибесі мен білімі мол болса-дейді Мо-цзы ол, «жетілген дарында».

Мо-цзының айтуынша бойында білімі бар адам «жетілген дарынды» адам болады. Ол барлық дарындылық біліммен келеді сондықтан өмір сүру үшін оның маңызын жоғары қояды. Әрине бұған келіспеуге болмайды, бірақ адам бойындағы туа біткен қаасиеттерді де жоққа шығара алмаймыз. Білім-ақыл-ой танымының ерекше сатысы, ақылдылықтың, даналықтың бастауы, тұлға бойындағы қажетті, керекті қасиетттердің негізгісі.

Қытай ойшылдары шындықққа жетер жолға күдіктенуді қабылдамайды. конфуцийдің өсиетін еске алайық «Көп тыңдағын күдіктенетін нәрсеге көңіл бөле берме» немесе «Ақылды күдіктен күйзелмейді», Батыстың қағидасы «Күдіктен де ойлан» десе қытайлықтар «оны, тек оқығын», деген түйінге тоқталады.

Шығыс философиясының ішінен Қытай философтарының тұлға туралы философиялық ойларын тұжырымдай отырып, олардың «басшы тұлғасына» үлкен мән беріп, ақылдылықта, даналық пен даралықты, «мәртебелі адам» бойындағы ерекше қасиеттерді ата-баба дәстүрінен, өткенді саралап керектісін ала білуден деген пікірді баса айтқандығын, сонымен қатар тек оқыған білімді адамның ғана тұлғаның қасиетіне ие бола алатындығын жоғары қойғандығын анықтадық.

Мұсылман философтарының бірі-Ибн Арабидің түсінігінше адам жалпы болмысы, ол Құдай көрінісінің бәрінде ойы мен ойыеда жинақтайды, өз болмысына қосады. Адам-Құдай мен дүниенің арасындағы дәнекер, ол ғарыштық болмыс пен жер болмысының бірлестігін құрайды. Сондықтан адам өзін-өзі жетілдіруге тиісті, осы жоғарғы тек «жетілген адам» ғана болмыстың біртұтас және сыртқы міндеттерін орындай алады. Жетілген адам-адамгершіліктің үлгісі, жақсылық пен жаңашылық өлшемі, адамның өзін-өзі танытатын жолды ашады.

Ибн Арабидің «жетілген адам» деуінен өзгесіне өзі жауап бере алатын, дүниетанымы терең, ол ғарыштың болмыс пен жер болмысының бірлестігін құрайтын бірден-бір дәнекер, адамдықтың ең жоғарғы сатысы адамгершілік пен жақсылықтың өлшемі болуы керек деп түсіндіреді. Сонымен «жетілген» өзгелерден қабілеттілігімен, қайырымдылығымен, ізденімпаздығымен, ойлылығымен озуы тиіс.

Адамның жетістігі оның ойлану қабілетінде. Жетістікпен адам жетіледі. Бақытына жетеді. Бақытты болу-жетістіктің жоғары деңгейі жәнеәне ақылдылықтың парасаттылықтың белгісі.

Ақыл парасаттың білім жүйесінде үлкен қызмет атқаратын саралағандардың бірі-Аль-Газали (1058-) діни догматиканың ықпалынан шығу үшін шындықты іздейді.

Ол ақыл-парасаттың төрт мағынасын анықтайды. Ол ақыл-парасат деген ұғымды:

-адамды жануардан айратын сапа, ойша дерексіз ғылымдар мен білімді қабылдайтын күрделі ойлану өнерін меңгеретін қабілет;

-мүмкіннің мүмкіндігін, мүмкін еместің мүмкінсіздігін білдіретін кейбір қажетті білімдер;

-өмір көрген, тәжірибесі мол адамнан қабылданатын білімі;

-іс-әрекеттің салдарын танытатын және сүріндіретін құмарлыққы ұрындыратын қылықты бақылатқызатын қабілет. Алланың осы тартуын иемденген адам бақытты жәнеәне нағыз білімге жетеді.

Яғни, Әл-Газалидің пікіріне сүйене отырып, терең ойлана білетін, күрделі іс-әрекеттердің шешуін табуға қабілетті, болашақты болжай болатын, өмірде тәжірибесі мол, келеңсіз ге әрекеттерден сақтануға-бейімдігі білімді терең адамды тұлғалық қасиеті бар адам деп айтуға болады.

Ибн Сина үшін ақыл-қабілеттің жоғарғы сатысы, шындықтың өлшемі. Өзінің білімдер кітабында( «Даганимэ», «Ақыл таразысына түспеген қандай білім болмасын, ол дәлелді жәнеәне шыншыл бола алмайды»-дейді. Дәлдіктің осы идеясына сүйене отрып, Ибн Сина философиялық ғылымдарды теориялық жәнеәне практикалық ғылымдар деп екіге бөледі. Олардың әр қайсысы тағы да үшке бөледі.

Практикалық ғылымға жататындар:

-халықты басқаратын -а ) діни заңдар туралы

б ) саяси ғылымдар

-тұрмыс жайды басқаратын ғылым

-адамның өзі туралы ғылым, яғни адамды өзімен зін салыстыратын және оның қандай болуы керек туралы ғылым.

Теориялық ғылымға жататындар

-метафизика, табиғаттан тыс жоғарғы нәрселер туралы, олардың қажетті мәні туралы ғылым;

-математика

-табиғат туралы адамға жақын ғылым

Ибн Сина үшін, қажетті мән жасампаздығы Құдайға тән жәнеәне тең, «абсолютті даналық», «парасатты пайымдылық».

Ибн-Сина барлық парасаттылықты, пайымдылықты, даналықты, қабілеттілікті саралайтын шындықтың өлшемі білімде дей отырып, оның барлығы Құдайға, жасампазға тән деп болжайды.

Ибн-Рушдтың тоқталып; ақыл ғана табиғи күйінде қабылдайды, талдайды, «сөйтіп нағыз білімге» жеткізеді нағыз білім-шындыққа жол, шындықпен тоғысатын сабақтастық-дей отырып шындықты тек діни іліммен ғана шектеуге болмайтындығын айтады. Ол адамдарды-қара дүркін топтар, теологтар және философтар деп бөледі. Философтарды «құдай жарылқағандар» деп олардың ролін жоғары бағалайды. Шындықтың тәсілі-парасаттық пайымда, нағыз білімді түсіндіру тек таңдаулардың философтардың үлесі дегенді баса көрсетеді.

Мұсылман философтары ілім, білім мәселелеріне үлкен мән берген. Американдық шығыстанушы Ф. Розенталдың араб әдебиеттіндегі білімнің мағыналары мен анықтамаларын көретін дәлелденген. Біз де өз еңбегіміздің де білімнің адам өміріндегі мәніне әсерінің шексіз екендігін мойындай отырып, Ф. Розенталдың білімге берілген анықтамалардың талдауына тоқтауды, жәнеөн көрдім.

Білім дегеніміз-таным процесі, табысу түрі, тану жолы.

Кез келген тіршіліктің саласында, барлық іс-әрекеттің бастауын, тану жолын білім арқылы анықтауға болады. Тек қана танып, анықтап қана қою емес, оның мәнісін, мағынасын ашатын да- «Білім»

«Білім-танитын нәрсенің қаеттігін айқындайды»;

Білім танушы мен таным обьектісіні, заттың ақылдағы мағынасы;

Білім дегеніміз тану, таным обьектісін сол күйінде тани білу;

Білім-таным обьектісінің басшысын оның ерекшеліктерінің себебін тану;

Білім дегеніміз жанның өз мақтасын айқындауды; жүректе шынайы сенім орнықтыру;

Білім-заттардың ақылдағы формасы, интеллектпен сол көрінісі түсіну.

Білім-қабылдау мен ой-пікір үйрететін нәрсе, оларды ақыл парасатты тексеру;

Білім-танушының қиялы, еске түсіру;

Ф. Роузентан «Торжество знания». М, 1978 с 67-83)

Қысқасы білім-ой, сенім, даналық іс-әрекет тәжірибесі, ой-ислам, сауаттылардың қоғамы және қозғаушы күші.

Білімнің осыншама қызметін шектен саралап беру-орта ғасырдағы мұмылман философиясының үлкен жетістігі.

Адам баласының бойындағы тану мен таным білушілік, ойлану қажеттілігі, өз мақсатын айқындап оған жету, жүрегіндегі шынайы сенім, айналысын дұрыс қабылдап, ой түюі, оның барлығын ақылға, парасаттылыққа салып тексере білу міне, осы сияқты игі қасиеттердің барлығын ақылға, парасаттылыққа салып тексере білу міне, осы сияқты игі қасиеттердің барлығы білім арқылы келетіндігін мұсылман философиясында анық көрсеткен.

Бұл-мұсылман философиясының идеяның бастауы жолы, жалаң болмағандығының айғасы. Бұл кездегі араб мәдениетінің және түркі тілдес халықтардың ұлттық мәдениетінің қалыптасуының бағдары болғандығын дәлелдейді.

Мұсылман негізгі идеялары Мұхамедтің діни ілімі Қоранда -мұсылмандардың киелі кітабында жинақталған.

Мұхамед пайғамбардың хадистерінде әдептілік мәселеге айрықша мән берілген. Соның кейбіреуіне тоқтарлық:

37. Мүмкін болғанынша адамдарды қатал жазаламауға тырысыңдар.

Бірақ қатал жазаны әлдекім өз жанына сауға тілеп келсе, оны өлтіруге болмайды.

103. Ақталуға көп әуестенбе.

148. Адамдар арасындағы талас-тартысы әділ, адам пікір айтып тура шешкен адам жақсы адам.

163. Тек қайырлы, сауапты істер тапсырылса ғана орындау керек.

174. Екі түрлі адамның:жетім мен жесірдің ақысын жеу харам.

183. Мас қылатын ішімдіктерді аз ішуге де рұқсат жоқ.

324. Момын кісіге нақақ жаза берілмеуге тиіс.

378. Пара беруші де оны алушы да тозаққа түседі.

545. Кімде кім біреудің малын-мүлкін зорлықпен тартып алса, ол ислам дінінен шығады.

625. Мұсылмандар келісілген шарттарды зор құрмет тұтады.

630. Өз ақысын қорғау жолында құрбан болған адамның өлімі-жақсы өлім.

653. Аманатқа қиянат қылушыда иман жоқ, уәдеде тұрмайтында ұят жоқ.

684. Бір-бірлеріңе жала жауып, өсек-аяң айтпаңдар.

Құранның хадистерінің кейбіреулеріне тоқтала отырып, адам баласына жат қылықтардан аулақ болып, ізгілікке бағытталғанын анықтайтын.

Отыз жетінші хадисте қаталдықтыңадамға жат пиғыл екендігін атай отырып, тәртіпсіздіктің де жақсылықққа жеткізбейтінін көрсетеді.

Отыз сегізінші хадисінде әркез кешірімді болу, себепсіз адамның қанының төгілмеуі мұсылман дінінің негізі болғандығын анық.

103-хадисте егер кінәлі болмасаң босқа ақталма, әрнәрсенің өз уақыты келгенде ақты-ақ, қараны-қара деп ажыратып алуға болтындығын меңзейді. Сол сияқты қасиетті құранның басқа да хадистерінде адамдықты, әділдікті, пайымдылықты біреудің ала жібін аттамауды, тазалықты біреуге зәбір көрсетуді, өзінің елі үшін, жері үшін, ата-анасы мен туыстары үшін, адалдық ұшін кұресудің жақсылығын, аманатқа қиянат қылудың ұятсыздық, имансыздық екендігін, уәдеге беріктігі жоғары бағалап, өсекшілдік пен өтірікшілдіктен аулақ болу қажеттілігін уағыздаған. Бұл айтылғандардан мұсылман философиясындағы адщам болмысының тұлғалық ерекшеліктерін Құран хадистерінде әдептілік мәселесіне байланысты берілген анықтамаларынан оның аңғарылады.

Сонымен ислам тек діни-философияның ағым емес. Ол әлеуметтік -мәдени қозғалысқа үлкен демеушілік пен дәнекерлік жасауда мұсылман ортасында «өзін» өзгеден шектеу немесе оған қарсы қою дәстүрі қолдау таппауда.

Құранның басты идеяларын бүгінгі ынтымақ бағдарына орай қайта толықтырылып, олар жер-жерлерде жүзеге асыру әрекеттері қарқындауда.

«Адам» деген ұғым сана, ақыл, сапалы іс-әрекет, мақсат сияқты ұғымдармен ғана ашылмайды. сонымен бірге адам деген ұғымды анықтау үшін ар, ұят, сезім, көңіл, үміт, жігер, сенім, күдік, үрей, мұң деген ұғымдарды қолданатындығымыз белгілі.

Бұл ұғымдармен философия ғылымы айналысатыны да анық. Философияның ертеден келе жатқан дүние, өмір, адам жөніндегі ілім екендігін де философтар өз еңбектерінде анықтап жүр.

Философияның ертеден келе жатқан тағы да бір анықтамасы дүние, өмір, адам жәнеөніндегі ілім.

Ғылым мен ілім тығыз байланысты; ғылым бізге заттарды тануға мүмкіндік берсе, ілім оларды түсінуге, олармен қарым-қатынас жасауға оларды пайдалануға көмектеседі. Ғылым обьективтік дүниеге сыртқы заттарға құбылыстарға бағытталса ілім адам мүддесін бетке ұстайды, адам мен бірге болуға тырысады.

Философия сонымен қатар адамгершілікке, өнерге, әдебиетке, дінге де арқа сүйейді.

Белгілі ағылшын философтары Бертуан Рассел «философия» деген сөзді кең мағынасында қолданып, оны теологиямен ( грек теос-Құдай, логос-ілім, Құдай жәнеөніндегі ілім, екінші жағынан ғылымммен қатар қойып салыстырған. Тоелогия құсап, философия олар жәнеөнінде дәл, нақты білім алуға болмайтын предметтермен айналысады; ғылым құсап ол беделден гөрі, (дәстүрмен немесе дінмен байланысты бедел) ақылға жүгінеді, өзі негізднеуге тырысады. нақты білім, Расселдің ойынша, ғылымның үлесіне тиеді, ал нақты білімнің сыртындағы догмалар теологияның үлесіне тиеді.

Ғылымның да телогияның да әлі келмейтін нәрселер болады, бұлармен Расселдің пікірінше философия айналысады. Оларға Дүние рух пен материяға бөлінген бе, егер бөлінсе онда рух деген не, ал материя деген не? Олардың бір-бірімен арақатынасы қандай дәрежеде? Табиғаттың өзіне тән заңдары бар ма?--деген т. б. осындай сұрақтарға жауап береді деген.

Философияның айналысатын негізгі бағыты даналық «софия» деген гректік сөзі даналықтың ұғымын білдіреді. Оны танып қана қоймай, уағыздайды. Даналықтың бір тамыры-білім, дегенмен де даналықты білімнен гөрі ақыл-парасатпен өлшеу керек деп жүрміз. Білім оқумен келсе, ақыл-парасат тоқумен келеді; білгеніңді ой елегінен өткізіп, өлшеп-пішіп, тәжірибеге ұштастыру арқылы білім жеке нәрселерді қамтыса. Парасат жалпына, жекелердің байланысын, тұтасты бейнелейді. Көпті көріп байқау, алысқа көз тастау, тереңге бойлау заттардың құбылыстардың мәніне үңілу-парасаттан даналықтан күтеріміз осы дегенді философтар өз еңбектерінде көрсетеді.

Сонымен даналықты бойына сіңірген, парасаттылығымен қоса бойында терең білімі бар адамдарды тұлғалық қасиеттері адамдар дегенге тірелеміз. Даналықтың тамырында адамның сөзі мен ісі, ізгі қасиеттері жатыр.

Данлық өмірдлен, өмірдің талас-тартысынан, қайшылықтарынан туады. Ол өмір сабағы «Өмір-үлкен мектеп». даналық өмірдің ащысы мен тұщысын көп көрген, түйгені мен білгені мол қариялардан, оқығаны мен білгені мол білімділерден шығады.

Даналық-тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, даналық халық мұрасы «Халық қалт айтпайды»-дейді қазақ.

Қазіргі таңда мамандар, ғалымдар көп болғанмен, олардың ішінде Шоқан мен Марғұландай, Сәтбаев пен Әуезовтей, Қанипа мен Сахаровтай аданлары аз болып шықты. Қазір екінің бірі саясатпен айналысады. Бірақ олардың ішінде Рудвельт, Черчилл, Брант, Дэн, Сяо-Пен кемеңгерлер көрінбейді. «Ел билеуші фиолософ» болсын дегенде- Платон оған бір ғана талап қойып еді, даналыққа бейім болсын.

Философияның бірден бір айналысатын обьектісі адам болған соң, даналықсыз адам бойында қалыптасуын, келеңсіз іс-әрекеттерден бойды аулақ салу үшін әдебиет пен өнермен, моральмен тікелей айналысуын соның негізінде ғана адамдықтың биік сатысы даналықтың бойға даритыны анық дейміз. Сонда ғана жан-жақты жетілген дана адамның қалыптасып ел билігіне, халықтың өмірінің жақсаруына, болшақтың жарқын болуына септігін тигізе алады.

Философияның келесі бір анықтамасы түсінік. Түсінік даналықтан туады. Философияның кез-келген заттарды, құбылыстарды, дүниетанымды танумен ғана емес оны түсінуден пайымдаудан тұратындығын белгілі. гераклит «Көп білгеннен ақылды болмайсың» немесе Сократтың «Менің білетінім, ештеңені білмейтінім» деуінен жаңаң ғана білімнің терең еместігін, өмірде кез-келген нәрсені түсінікпен, ойланумен тереңдеумен шешу керектігін білеміз. Клнфуцийдің пайымдауынша, адамдардың қарым-қатынасындағы ең қиын нәрсе бірін-бірі жақсылықтың басауы түсінушіліктен болса, ата-ана мен баланың қызметкерлер мен басшыларының туықандардың жалпы адамзаттың бір-бірімен түсінісуі келісіп тіршілік істеуі, қаунышқа, бақытқа, жақсылықққа жетелейтін іс әрекет «адам», «түсініктік», бірін-бірі аша түсінетін толықтыратын ұғымдар. Олай болса бұл ұғымдардан адамның өзін өзі тануы түсінуі, басқаларды түсінуі, өзін өзгенің орнына қоя білу, біреудің қуанышымен қайғысын бөлісу сияқты ізгілік қасеттермен сабақтасып жатады. Әрине, бұл қасиеттердің тұлғалық қасиеттер екендігі даусыз.

Дүние жүзіне ықпал рухани еткен Маркс «маркстік ілімге» біз кезінде түсінбедік. Себебі біз одан керегімізді ала алмадық. Оны біз бізге жат капитализмді ғана көре алдық. Абайды біз жатқа білеміз. Ал ісіміздег оның өсиеттері байқалмайды. Еріншектік тербелмелі, мақтаншақтық та, көре алмаушылық та, надандық та, басымызда бұл сияқты төніп тұр.

Абай неге өзін «жалғызбын» дейді, неге ол қырық жасында «қартайдым» деп елуінде Алладан өлім тілейді? Неге Абай шығармаларында кекесін, әжуа, сын, басымырақ. Біздің заманның Абайы да егер ондай тұлға табылар болса, тап сондай күй кешер еді. Абай халқының болашағынан түңіледі «қайран елім қазағым», рухани биіктен көре алмай қиналды.

Қазір де біз ұлы Абайдың бойынан шыға алмай келеміз.

Мағжан Жұмабаев біз үшін толғанған.

Біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасыдың аяғында пайда болған ежелгі Қытай философиясына оның ішіндегі ең көрнектісі деп есептелетін Конфуциийшылдық бағытқа тоқталайық.

Кун-Фу-Цзы ( б. д. д. 551-479 жж) кедейленген ақсүйек әскербасының отбасында өмірге келген, ата-анасынан ерте айрылған ол, тек он бес жасында ғана білімге құштарлық танытады. Елу жасында ол өз мектебін қалыптастырады. Оның көптеген ізбасары, шәкірттері болған. Олар ұстазының жәнеәне өздерінің ой-пікірлерін қағидалары мен тұжырымдарын жинақтап «әңгімелер мен пікірлер».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу
Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері
Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудi теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету
Жеке тұлғаның қалыптасу философиялық негізі
Педагогикалық бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың педагогикалық шарттары
Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz