Әзірбайжан халқы туралы мәлімет


Әзірбайжан Республикасы.
Әзірбайжан Республикасы Кавказдың Оңтүстік Шығысында орналасқан мемлекет.
Негізгі заңы-1995 жылы 12 қарашада қабылданған. Мемлекет басшысы-президент. Заң шығарушы жоғарғы органы-министірлер кабинеті, оны премьер -министір басқарады. Әзірбайжан Солтүтігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Аумағы-86, 6 мың км 2 , халқы-75, 5 мил. адам (1995жылы) . Астанасы-Баку (Бақы) қаласы 11, 1млн. адам, халқының 83% әзірбайжандар құрайды. Мемлекеттің тілі-әзірбайжан тілі. Халқын негізінен ислам (шиит және суннит) дінін ұстанады.
Табиғыты:
Әзірбайжанның жер бедерінің 2/3 үлкен және Кіші Кавказ таулары, Қарабах жанартаулық таулы үстірті және Тальий таулары алып жатыр. Ең биік жері-Базар-Дюзю(4466м) . Үлкен және Кіші Кавказ таулары аралығында Кура-Аракс аллювеиилі ойпаты орналасқан Тамыш тауының етегін бойлай Ленкоран ойпаты жатыр.
Үлкен Кавказ таулары нагізінен, мезозой тақтасынан, саздан, құмтас пен әктастардан, Кіші Кавказ таулары мен Таным таулары кайнозой эрасының жанартау текті шөгінді жыныстарынан түзілген. Климаты қоңыржай белдеу (Кура-Аракс ойпатында) мен субтропикалық белдеуден (Ленкоран ойпаты) құрайды. Қаңтар айының орташа темп-сы ойпатты аудандарда 0 0 С-тан 3 0 -қа дейін, шілденің орташа температурасы 25-27 0 С. Жауын -шашынның орташа мөлшері тау етектерінде 200мм, тау беткейлерінде 1400 мм, ал Ленкоран ойпатында 1700 мм-ге жетеді. Ірі өзендері Кура және Аракс.
Ең үлкен көлдері-Гаджикабул және Беюкшор. Теңіз деңгейінен 200 м-ге дейінгі топырағы сұрғылт, одан жоғыры таулы-орманды және таулы-шалғынды. Ленкоран ойпатына сары топырақ тән. Ойпатта шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдіктері өседі, таулы жерлерде жалпақ жапырақты орман басым. Кен байлықтарынан мұнай мен газ, сондай-ақ алунит, полиметалл түрлері, мыс кентасы, алтын, молибден; құрылыс материалдарынан: мәрмәр, каолин, туф, доломит, т. б. өндіріледі .
Тарихы:
Әзірбайжан жеріне адамдар палеолит заманында қоныстана бастаған. Тұңғыш мемлекеттік бірлестік Оңтүстік Әзірбайжанда өмір сүрген манналықтардың, кейіннен осында ішінара қоныстанған лидиялықтардың тайпалық одақтары негізінде құрылды. Б. з. б. І мың жылдықта Әзірбайжан жерінде кадусилер, Каспийлер, албандар т. б. қоныстанады. Б. з. б. 9 ғасырда Манада ертедегі құл иеленуші мемлекет, б. з. б. 7 ғасырдың 70 жылдары Мидия мемлекеті құрылып, оның құрамына Оңтүстік (Ирандық) Әзірбайжанның, кейінрек Антропатена аталған Кіші Мидия облыстарыда кірді. Бұл мемлекет 150 жылғы дейін өмір сүрді. Кейін Антропатена сөзінен қазіргі «Әзірбайджан» (грек, сөзбе-сөз аударғанда «От сақтаушылар елі») деген атау шықты.
Б. з. б. ІІІ-ІІ ғасырларда Әзірбайжанның Солтүстік бөлігі мен Дағыстан жағында Албания мемлекеті пайда болды. Б. з. ІV ғасырында Рим империясы мен Иран арасындағы соғыстың салдарынан Албания Иранның қол астына өтеді. 5-6 ғасырларда Әзірбайжанда азаттық күрес (Сасан әулетіне қарсы көтеріліс, Маздақ қозғалысы) өрістеді. 8 ғасырдың басында Арабтар Әзірбайжанды түгел бағындырып, ислам дінін таратты.
9 ғасырдың басында Әзірбайжан мен Иранда арабтар мен жергілікті билеушілерге қарсы Бабек бастаған соғыс 20 жылға созылды. 9 ғасырдың ІІ жартысы-10 ғасырдың І жартысында халық қозғалысы арабтардың билігін әлсіретіп, Әзірбайжанда Салари, Мазьяди, Шеддади т. б. әулеттер билеген мемлекеттер құрылды. 11 ғасырдың ортасында Әзірбайжанды Салжұқтар басып алды. 12 ғасырда басқыншылар елден қуылып, Шируаншаһ, Кесрани, Ильегиз әулеттері билеген мемлекет пайда болды. Ауыл шаруашылығы, қол өнері, сауда қайта жанданды.
Әзірбайжан халқы, негізінен, 11-13 ғасырларда түрік тайпаларының негізінде қалыптасты. 13 ғасырдың 30 жылдарында Әзірбайжанды және оған көрші елдерді монғолдар жаулап алып, Хулагу әулеті билеген мемлекет құрылды. 14-15 ғасырлардың аяғында, Әзірбайжанда Шируаншаһтықтар мемлекеті құрылып, Қарақойлы (Қара-Қоюнлу) , Аққойлы (Ақ-Қоюнлу) мемлееттеріне қосылды. 16 ғасырдың басында Әзірбайжан жерінде Сефеви әулетінің мемлекеті орнады.
16 ғасырдың соңына қарай Кавказда үстемдік ету үшін Иран мен Туркия арасындағы күрес күшейіп, Әзірбайжанның Солтүтігі мен Оңтүстігіндегі едәуір жерді түріктер жаулап алды. 17 ғасырдың 30 жылдарының аяғында Әзірбайжан қайтадан Иранның қол астына қарады. 1723-35 жылдары Әзірбайжанның Каспий жағалауындағы аймақтарын Ресей жаулап алды. Орыс әскерлері келісімен Әзірбайжанға Иран билеушісі Нәдір шаһ басып кірді. Жергілікті халық ирандықтарға қарсы талай рет көтеріліске шығып, 18 ғасырдың ІІ жартысында бірнеше дербес хандықтарғы бөлінді.
1805-13 жылдыры 1826-28 жылдары орыс-иран соғыстары барысында Ресей мен Ирана арасында жасалған Гүлстан (1813) , Түркменчай (1828) шарттарына сай Солтүстік Әзірбайжан Ресейге қосылды. 1917 жылы қарашада Әзірбайжанда Кеңес өкіметі орнады. 1918 жылы 28-мамырда Әзірбайжан демократиялық мемлекет болып жарияланып, өкімет басына Мусафатшылар келді.
1920 жылы 28-сәуірде «Мусават» партиясы өкімет басынан тайдырылып, Әзірбайжанда Кеңес өкіметі қалпына келтірілді. 1922 жылы 30-желтоқсанда. Әзірбайжан Каказ Федеративтік Кеңес Республикасы (ЗКФСР), 1936 жылы КСРО құрамына кірді. Кеңес одағы құрамында болған кезеңде кейбір әлеуметтік қайшылықтарға қарамастан Әзірбайжанның экономикасы және мәдени дамуы жүзеге асты. Халықтың ұлттық санасы өсіп, тәуелсіз елдігін қалпына келтіруге ұмтылысы артты. Бұл процесс, әсіресе ХХ ғасырдың 70 жылдарының соңына қарай күшейді.
1990 жылы 20-қарашада Кеңс одағының басшылығы Әзірбайжанның жоғарғы мемлекет органдары келісімінсіз Бакуге заңсыз түрде әскер енгізді. Оның салдарынан көптеген адам қаза тапты(Бакудегі қанды оқиға) . 1991 жылдың 30-тамызында Әзірбайжанның Жоғарғы Кеңесі 1918 жылғы Шарт негізінде мемлекеттік тәуелсіздікті қалпына келтіру жөнінде Декларация, 1991 жылы 18-қазанда «Әзірбайжан Республикасын мемлекеттік тәуелсіздігі жөнінде» Конституциялық шарт қабылдады.
Дербес мемлекет ретінде Қазақстан Республикасымен 1992 жылы 27-тамызда дипломатиялық қарым-қатнас орнатты. 1996 жылы 16-қыркүйекте Бакуде Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы қарым-қатнастарының негіздері туралы шарт, Каспий теңізінің мәселелері бойынша бірлескен мәләмдеме, қосарланған салық салуға жол бермеу, инвестицияларды көтермелеу және өара қорғау, мұнай-газ өнер-кәсібі саласында ынтымастық туралы, әуе және халықтар, автомолбиль қатнастары туралы келісімдер жасалынды.
1997 жылы 10-маусыда Алматыда екі республика арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытып, тереңдету туралы Декларация мен мұнайды халықтытар рыноктарға тасымалдаудағы ынтымастық туралы меморандумға, азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек туралы шартқа т. б. үкіметаралақ 12 келісімге қол қойылды.
Эканомикасы.
Әзірбайжан индустриалды және ауыл шаруашылығы көп салалы ел. Жері мұнай ментабиғи газға бай. Сапасы жоғары темір кендері, алюминий, кобальт, алтын, күкірт колчеданы және әртүрлі құрылыс материалдары, полиметелл кендері мен емдік минерал су көздері бар. Мұнай-газ, машина жасау және металл өңдеу, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері елеулі маңыз атқарады. Мұнайды тұтынушыларға жеткізу үшін құбыр жүргізу жөніндегі Әзірбайжанның мүдделігі өз нәтижесін беруде. Әзірбайжанда жеңіл өнеркәсіп орындар әр түрлі маталар, тігін және былғары бұйымдарын, аяқ киімдер шығарады.
Ауыл шаруашылығында мақта, темек, бау-бақша өнімдері, және мал шаруашылықтарының маңызы зор. ӘЗірбайжанның ауыл шаруашылығында гидромилиортивтік құрылыс кең дамыған, көлемді су құбырларымен магистральдық каналдар салынған. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары түрлі шарап пен коньяк, консервті, ұн, темек, балық өнімдерін шығарады. Таулы қарабахтағы соғыс Әзірбайжан эканомикасын үлкен шығынға ұшратты, ел тәуелсіздігіне қауіп төндірді. 1995 жылы Әзірбайжанның ұлттық табысы 7, 1 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде болды. Экспортқа 1996 жылы 54 млн. доллордың өнімі шығарылса, импортмен 961 млн. доллар өнімі алынды.
Әдебиеті мен өнері.
Әзірбайжан әдебиеті Әзірбайжан халқының көп жанрлы, бай фольклорынан бастау алады. Батырлық эпостардың ішіндегі ең көрнектісі -«Көроғылы» дастаны. Бұл эпос Таяу Шығыс, Орта Азия елдерінде кең тараған. Сондай-ақ басқада жыршы-ашуктар орындауындағы ауыз әдебиеті үлгілері 16 ғасырдан бастап жазып алына бастады. Ашуг поэзиясы мәдениет пен жазба әдебиеттің дамуына үлкен әсер етті.
Әзірбайжан мәденитіне Араб (7-9 ғасыр) және Иран (11 ғасыр) мәдениеті зор ықпал жасды. Араб, Парсы тілдері ресми құжат, ғылыми және көркем әдебиет тіліне айналды. Хатип Тебризи, Гатран Тебризи сияқты ақындар мен ғалымдар өз шығармаларын сол тілдерде жазды. 12 -ғасырдағы Әзірбайжан поэзиясының шыңы-Гәнжауи Низами шығармашылығы арқылы көрінді. 13-13 ғасырларда Әзірбайжан әдебиетінда сопылық сарын күшейді. Ұлттық әдеби тіл мен прозаның қалыптасуы Мұхаммед Сүлейман Физули (1494-1556) есімімен байланысты. 19 ғасырда Әзірбайжан әдебиеті өзінің классикалық дәстүрін жалғастыра отырыап, демократиялық орыс әдебиетінің ықпалын бойына сіңірді.
Реалистік әдебиеттің дамуында М. Ф. Ахундовтың ықпалы зор болды. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында поэзияда мазмұн мен форма бірлігі жөнінде жаңа талпыныстар жазылды. Тприхи-ревалюциялық тақырыпқа түрлі шығармалар жазылды (М. Гусеннің «Таң» романы, Вургунның поэмалары), соғыс туралы роман, повестер жарық көрді. 70 жылы психологиялық әңгімелер, лирикалық повестер көрініс берді. Кәзіргі заманғы Әзірбайжан әдебиетіне адамның ішкі әлеміне тереңдей үңілу, көп қырлы бейнелеу тәсілдерін, көркемдеу құралдарын жетілдіру жолындағы ізденістер тән.
Әзірбайжан сәулет өнері тарихы б. з. б. 9-6 ғасырлардан басталатынын ескі қалалардың орны дәлелдейді. 5-6 ғасырларда қалалар қалың дуалмен, қорғандармен қоршалған. Оның бір көрінісі-Шырақ қала (6ғ. ) . Ал, сәулет және бейнелеу өнерінің кемелде дамыған кезеіңін-11-10 ғасырлардың тұсы (Жүсіп, Момине қатын кесенелері, Қыз мұнарасы, Қырмызы күмбезі т. б. ) . Одан бергі кезеңде Әзірбайжан сәулет өнері ұлттық дәстүрлерді сақтай отырып, қазіргі заманғы архетектураның жарқын үлгілерін өмірге әкелді.
Кабустандағы тау шыңына қашалып салынған үлкен сурет «галереясы» (б. з. б. 7-8ғ) халықтық өнер тарихының көне дәуірден бастау алатындығын көрседеді. Осы кезде тебіре шеберлерінің минитюралық мктебі 15-16 ғасырларда дәуірлеп қолжазба кітаптарды көркемдеуде бүкіл мұсылман елдеріне үлгі көрсетті.
Ашугардың өнерінде де театр элементтері көптеп кездеседі 1897 жылы Г. Мелковтың басшылығымен тұңғыш кәсіби театр «Мұсылман драма труппасы» ұйымдастырылды.
ХХ ғасырда жаңа театрлық труппалар құрылып, Г. Арабилинский, Ж. Зейналов, Г. Сарабский ұлттық актерлық мектептің негізін қалады. Әзірбайжан киносының тарихы 1916 жылдан басталды. 1929 жылы кино қайраткерлерін даярлайтын студия ашылып, онда Д. Джабарлы, М. Михайлыв, А. Кулиева т. б. оқыды. 1936 жылы алғашқы дыбыстық кино шыға бастады. Әзірбайжан дәстүрлі музыкасында екі бағыт-фольклер және халытың ауызша шығармашылық дәстүрі бар. Халық музыкасы әр түрлі әуен байлығымен, ырғақтылығымен, қысқа кідіріспен айтылатын жеке орындаушыларға ыңғайлылығымен ерекшеленеді.
Шекті (Кеманча, тар, саз, уд), үрлемелі (тұтан, зурна), ұрмалы (нагара, дэф) музыкалық аспаптар бар. ХІХ ғасырдың соңында симфониялық аркестір мен опера труппасы ұйымдастырыла бастады. Кәсіби музыкасының негізін салушы Ү. Гаджибеков 1-ұлттық мұқамдық опера «Ләйлі-Мәжнүн» (1908) . Музыкалық комедия «Аршин мал аланды»(1913) жазды. 1920 жылы Бакуде опера театыры, 1921 жылы консерватория ашылды, 1931 жылы ұл аспаптар оркестрі, 1936 жылы мемлекеттк хор ән-би ансамбілі ұйымдастырылды.
Тілі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz