ХІХ ғ.екінші жартысынан 1930 жылға дейінгі аралықта орын алған өзгерістер және терминология мәселесі


КІРІСПЕ
Тіл - халық өмірінің айнасы іспетті. Ұлттың өміріндегі болып жататын барлық өзгерістер мен жаңалықтар тілден көрініс табады. Әсіресе терминологиялық лексикадан мұны анық көруге болады. Қазақ тіліндегі термин шығармашылығының әрбір кезеңі халық өміріндегі тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен тікелей байланыстылығымен ерекшеленеді. Қазақтың ғылыми терминологиясының даму тарихына үңілер болсақ, оның қалыптасуына қоғам өмірінде болған өзгерістердің айқын із қалдырғанын көруге болады. Жалпы терминологиялық лексика қорының жасалуы ғылым мен техника салаларының игерілуіне, дамуына тікелей тәуелді. Сондықтан қазақтың ғылыми терминологиясының қалыптасуын Қазақстан ғылымының даму тарихынан бөліп қарау мүмкін де емес. Соған сәйкес біз қазақ тілінің терминологиялық лексикасының қалыптасуын кезеңдік тұрғыдан сипаттауда осы шындыққа табан тіреуімізге тура келді.
Қазіргі қазақ терминологиясы өзінің даму, қалыптасу тарихында бірнеше кезеңдерден өтті. Ол кезеңдердің әрқайсысы қоғамымыздың саяси-экономикалық, тарихи-мәдени өмірінде болған өзгерістермен тығыз байланысты. Қоғам өмірінде болған ондай өзгерістер терминологиялық лексиканың қалыптасуына тікелей әсер етті. Аяқталған ғасырдың 90-жылдарынан бастап қазақ терминологиясының тағы бір жаңа кезеңі басталды. Бұл кезең еліміздің тәуелсіздігін жариялап, тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуымен байланысты болғандықтан, кешегі Кеңес Одағы тұсында қалыптасқан терминологиялық қорға да бүгінгі күн тұрғысынан баға беріліп жатыр. Терминдердің өзге тілдерден қабылдануында да, жасалуында да, жазылуында да көптеген кемшіліктерге жол берілді. Ұлт тілінің фоно-морфологиялық, орфографиялық заңдылықтары сақталмады және термин шығармашылығында тілдің ішкі мүмкіндігін ескерусіз қалдырдық. Соның салдарынан терминологиямыздың негізгі бөлігін орыс тілінің жазу ережелеріне сәйкестендірілген қалпында қабылданған шет тілдерінің термин сөздері құрайтын болды. Нәтижесінде терминологиялық лексикамыз дұрыс қалыптастырылмады. Бұл терминологиялық жүйеге үлкен өзгерістер енгізіп, ұлт тілінде жасалған терминдердің ара салмағын арттырып, өзге тілдерден енген терминдерді өз тіліміздің дыбыстық ерекшелігіне сәйкестендіріп жазу арқылы өткен кезеңде жіберілген олқылықтардың орнын толтырып, кеткен кемшіліктерді түзетіп, терминологиялық лексиканы қайта сұрыптаудан өткізу қажет деген пікір басым түсіп отыр.
Сонымен бірге 70 жыл бойы қалыптастырған терминдер қорын қайта қарап қажеті жоқ, ұлт тілінде термин жасауға аса әуестенбей, әлемдік ғылымнан шет қалмау үшін терминологияның халықаралық сипатын сақтау керек деген пікірді қолдаушылар да аз емес. Қай пікірдің негізі берік екендігі анықталып, бұл мәселенің ғылыми дәлелденген нақты жауабы әлі берілмей отыр. Соған сәйкес қазақ терминологиясының алдағы уақыттағы даму бағытын белгілеуге байланысты да ортақ шешім қабылдана алмай келеді.
Қазақ терминологиясының болашақтағы даму бағытын айқындар алдында оның өткеніне тоқталып, жеткен жетістіктер мен кеткен кемшіліктерді саралап алудың маңызы зор. Бұл тұрғыдан қарағанда қазақтың ғылыми-техникалық және басқа да арнаулы салалардың терминдер жүйесінің қалыптасуында өткен ғасырдың алатын орны айрықша болды.
XX ғасырда қазақ халқының қоғамдық-саяси, рухани-мәдени өмірі елеулі өзгерістерге қаншалықты толы болса, ондай өзгерістер терминологияның, ғылым тілінің дамуына да соншалықты әсер етті, із қалдырды. Өткенімізден сабақ алып, атқарылған ісіміздің дұрысы мен бұрысын сарапқа салып, елеп-екшеп алу ең алдымен, болашақта істелер істеріміздің баянды болуы үшін қажет. Сол себепті жаңа ғасыр басталып, терминтанудың алдына жаңа міндеттер жүктеліп отырған шақта қазақ терминологиясының даму, қалыптасу кезеңдеріне тоқталып, әр кезеңнің ерекшеліктерін және бүгінгі терминтанудың жай-күйі төңірегіндегі ой-пікірлеріміз бен тұжырымдарымызды ортаға салғанды жөн көрдік.
Ұсынып отырған дипломдық жұмыста өткен ғасырдағы қазақ терминологиясының дамуы бірнеше кезеңдерге бөлініп қарастырылады. Әр кезеңнің өзіне тән ерекшеліктері тілдің терминдер жүйесінің дамуына әсер ететін тілдік және тілден тыс факторлармен тікелей байланыста сөз болу арқылы айқындалды.
Қазақ терминологиясы дамуының әр кезеңінде термин жасауға терминологияның қалыптасуына айрықша атсалысқан, оның даму бағыттарын белгілеп, ғылым ретінде өркендеуіне үлкен үлес қосқан тұлғалар, ғалымдар мен салалық мамандар болды. Бұл дипломдық жұмыста терминологияның даму тарихындағы солардың бірқатарының алатын орны, жеке үлестері туралы да сөз болды.
Зерттеудің өзектілігі. Ұлттың қоғамдық-саяси, рухани-мәдени өмірінде болып жататын өзгерістердің барлығы оның тілінен көрініс таппай қалмайды. Тіл тек қатынас құралы ғана емес, халықтың танымы мен білімінің жинақтаушысы да болғандықтан солай болуы заңды да. Ғылым тілінің даму тарихын да халық өмірінде болған өзгерістермен байланыстырмай, бөліп қарауға болмайды. Сондықтан да біз бүкіл термин шығармашылығын, терминологиялық лексиканың барлық тәсілдері арқылы жасалған терминдерді қоғам өмірінде болған сондай өзгерістермен тікелей байланыста қарастыру қажет деп білеміз.
Мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тіліне қоғамдық өмірдің барлық саласындағы қызметін атқару міндеті жүктеліп отыр. Тілдің ғылым саласындағы қызметінің жүзеге асуы ғылыми терминологияның жасалуымен, жүйеге түсуімен тікелей байланысты. Жаңа терминдер жасап, ғылыми-техникалық терминологияны ұлт тілі негізінде қалыптастыру үшін термин шығармашылығында іске қосылатын амал-тәсілдер, термин жасауда басшылыққа алынар басты қағидаттары мен терминдердің пайда болу арналары айқындалды.
Зерттеудің нысаны. Терминологияны дщамытудың дұрыс бағытын
айқындау үшін, қазақ терминологиясының даму, қалыптасу кезеңдерін басшылыққа ала отырып, қазіргі терминологияда орын алып отырған кейбір кемшіліктер мен әлі күнге шешімін таппай жүрген мәселелердің себептері анықталды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазіргі қазақ терминологиясының кезеңдік сипаты, термин жасау үшін қолданылатын амал-тәсілдері, басшылыққа алынар басты қағидаттары туралы, қазақ терминологиясының даму, қалыптасу тарихы мен терминком рөлі және міндеттері жайында мәлімет бере отырып, терминологиямызда орын алып жүрген қателіктер мен өзекті мәселелердің пайда болу себебін анықтау - негізгі мақсаты болып табылады.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу барысында сипаттама, тарихи-салыстырмалы және талдау-жинақтау әдістері қолданылды.
Зерттеу материалдары. Мұнда Ш. Құрманбайұлының «Қазақ терминологиясы дамуының кезеңдік сипаты», Ә. Ө. Айтбайұлының «Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы», «Қазақ терминологиясының мәселелері», Ш. Құрманбайұлының «Қазақ лексикасының терминденуі», Ә. Т. Қайдаров «Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас», Б. Қалиұлының «Қазақ терминтанымының өзекті мәселелері», Ш. Құрманбайұлының «Терминқор қалыптастыру көздері» еңбектеріндегі теориялық қағидалар, әр түрлі терминологиялық сөздіктер мен Мемтерминкомның бекіткен терминдері басшылыққа алынды.
1 ХіХ ғасырдың екінші жартысынан 1990 жылға дейнгі аралықтағы қоғамдық-саяси өзгерістердің термин қалыптастыруға әсері
1. 1 ХІХ ғ. екінші жартысынан 1930 жылға дейінгі аралықта орын алған өзгерістер және терминология мәселесі
Ұлттың қоғамдық-саяси, рухани-мәдени өмірінде болып жататын өзгерістердің барлығы оның тілінен көрініс таппай қалмайды. Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, халықтың танымы мен білімінің жинақтаушысы да болғандықтан солай болуы заңды да. Ғылым тілінің даму тарихын да халық өмірінде болған өзгерістермен байланыстырмай, бөліп алып қарауға болмайды. Сондықтан да біз бүкіл термин шығармашылығын, терминологиялық лексиканың барлық тәсілдері арқылы жасалған терминдерді қоғам өмірінде болған сондай өзгерістермен тікелей байланыста қарастыру қажет деп білеміз.
Қазақ терминологиясының қалыптасу, даму тарихы термин шығармашылығының барлық уақытта бір қалыпты жүріп жататын процесс емес екендігін көрсетеді. Түрлі себептердің әсерінен белгілі бір мерзім аралығында терминдер қатары тез өсіп, терминологиялық лексиканың ауқымы молая түссе, келесі бір уақыт аралығында ондай қарқындылық байқалмайды. Оның бірнеше себептері бар. Солардың ішіндегі термин шығармашылығына тікелей ықпал ететін ең басты факторлардың бірі - ғылым мен техниканың дамуы болса, екіншісі-сол елде үстемдік етуші тіл саясаты.
Ғылым жақсы дамыған тұста көптеген жаңа ұғымдар пайда болып, олар тілден өзінің таңбаланушысын табуды қажет етеді. Мұндай құбылыс арнаулы саланың барлығына емес, санаулы бір ғылым салаларына ғана тән болуы да мүмкін. Көбіне солай болады да. Ұлт тілінің ғылым саласындағы қызметі, термин шығармашылығына қатыстырылуы сол тілдің қоғамда атқаратын рөлімен тікелей байланысты. Ал тілдің қоғамда қандай рөл атқаратынын сол елдің тіл саясаты белгілейтіндігіне өткен ғасырдағы қазақ терминологиясының даму жолдары куә бола алады.
Терминологияның дамуы мен қалыптасуының өзіндік тарихы бар. Оны ғылым мен техниканың өркендеуінен, қоғам өмірінде болып жатқан саяси -экономикалық, рухани-мәдени, тарихи-әлеуметтік өзгерістерден мүлде бөліп алып қарауға болмайды. Орыстың физикалық терминологиясының қалыптасуын зерттеген ғалым Л. Кутинаның:
“В истории терминов в терминологии отражается много разнообразных зависимостей и планов: развитие научной мысли, смены научных воззрений, связь и дифференциация научных дисциплин, культурные связи, степень и особенности развития языка, состояние лексической и стилистической системы языка”[1, 286] -деуі өте орынды. Ғылыми-техникалық терминологияның қалыптасуына әр түрлі тілдік және тілден тыс факторлар әсер етеді.
Қазақтың ғылыми терминологиясының даму тарихына үңілер болсақ, оның қалыптасуына қоғам өмірінде болған өзгерістердің айқын із қалдырғанын көруге болады. Жалпы терминологиялық лексика қорының
жасалуы ғылым мен техника салаларының игерілуіне, дамуына тікелей тәуелді. Сондықтан қазақтың ғылыми терминологиясының қалыптасуын Қазақстан ғылымының даму тарихынан бөліп қарау мүмкін де емес. Соған сәйкес біз қазақ тілінің терминологиялық лексикасының қалыптасуын кезеңдік тұрғыдан сипаттауда осы шындыққа табан тіреуімізге тура келеді. Сонымен бірге терминологиялық жұмыстың жүргізілуіне тікелей әсер болған тілдік және тілден тыс факторларды ескерусіз қалдырмау жағына да көңіл бөлінді. Өзімізге дейінгі қазақ терминологиясының даму тарихын кезеңдестіру мәселесіне тоқталған ғалымдардың пікірлері де назарынан тыс қалмады.
Қазақ тілінің терминологиялық лексикасының қалыптасуы осындай факторларға сәйкес кезеңдестіріледі. Төменде қазақ лексикасының терминделуі төрт кезеңге бөлініп қарастырылады. Олар:1) XIX ғасырдың екінші жартысынан XX ғасырдың 10-жылдығына дейінгі бірінші кезең; 2) 1910 жылдан 1930 жылға дейінгі екінші кезең; 3) 1930 жылдар мен 1990 жылдарға дейінгі аралықты қамтитын үшінші кезең; 4) 1990 жылдан бергі төртінші кезең.
Енді осы кезеңдердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталамыз.
Ұлттық ғылыми терминологиялың қалыптасуын алғашқы басылымдардың, оқулықтардың, ғылыми еңбектерің жарық көріп, ғылым салаларының саралана бастауымен байланыстыра қарастыру дұрыс. Алайда жазу мен алғашқы баспа өнімдері пайда болмастан бұрынғы кезеңдерде де халық өмірінің материалдық және рухани мәдениетінің сан түрлі салаларының, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық қатынастар, халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін т. б. көрсететін бай лексикалық қабаттың болғанын, ғылыми терминологияның қалыптасуына негіз болған бай мұраның арнайы зерттелмей келе жатқанын тілші ғалымдар айтып жүр.
Мәселен, осындай пікір айтушылардың бірі - түрколог ғалым К. Мұсаев. Ол өз пікірін былай білдіреді:“Aйналысатын шаруашылықтарына орай әр түрлі тілдерде терминологияның түрлі салалары дамыған. Мысалы, эстондарда балық шаруашылығы, әзербейжандарда мұнай өндіру мен оны өңдеу, қазақта мал шаруашылығы мен халық шығармашылығы, армяндарда құрылыс, грузиндерде қолөнер, өзбектерде жібек және мақта шаруашылығы, бақша өсіру мен суармалы шаруашылыққа қатысты атаулары мол кездеседі”. [2, 7]
Осыған ұқсас пікірлерді жекелеген ұлттық тілдердің терминологиясы
зерттеген ғалымдардың көпшілігінің еңбектерінен ұшыратуға болады. Қазақ терминологиясының 80-жылдардың ортасына дейінгі даму жайын сөз еткен еңбектерінде тілші ғалымдар Ә. Қайдаров пен А. Әбдірахманов саналы түрде жасалатын терминологиялық лексиканың ең алдымен бай халықтың
терминологияға негізделетінін, терминологияны түзетін жалпыхалықтық
көздердің тамыры тереңде жатқанын сөз қыла келіп, терминдік мәнде жұмсалатын көптеген сөздердің бізге көне түркі жазба ескерткіштерінен жеткенін айтады. Олардың қатарына көне түркі сөздігінде берілген мынадай терминдерді жатқызады: 1) туыстық атаулар: ата, әже, апа, сіңлі, келін, жиен т. б. ; 2) табиғат құбылыстары мен олардың байлығын көрсететін терминдер: жер, тау, тас, алтын, күміс, темір т. б. ; 3) қоғамдық-саяси құрылысты көрсететін терминдер: қаған, бек, тархан, құл, күң, шығай т. б. ; 4) мал шаруашылығы терминдері: ат, айғыр, тай, бұқа т. б. ; 5) анатомиялық атаулар: бас, аяқ, құлақ, жүрек т. б.
Cондай-ақ ғалымдардың көшпелі өмір салтын кешіп кең байтақ жерді иеленген қазақ халқының тілі жер бедерін және өсімдіктер дүниесін білдіретін жағрафия, өсімдіктану атауларына бай екендігін де өте орынды көрсеткен. [3, 30-31]
Ғалымдардың бұл пікіріне біз де қосыламыз. Жалпы бұл айтылғандар барлық ұлт тілдерінің терминологиясына тән нәрсе деуге болады. Өйткені кез келген ұлт тілінің ғылыми терминологиясы (ғылым мен техниканың жекелкеген салаларын қоспағанда) сол ұлттың өз тілінің негізінде қалыптасады. Тек шаруашылығы мен өмір салтына, жазу-сызуымен ғылымының немесе ғылымның белгілі бір саласының дамуына және әр түрлі экстралингвистикалық факторлардың әсеріне байланысты әр тілдің ғылыми терминологиясының қалыптасуы мен дамуы, тарихы да өзгеше болады.
Бұл тұста халықтық терминология деген ұғымның өзінің мәнін толық ашу мен оның жалпы лексикадан айырмашылығын айқындау үшін арнайы қарастырудың қажет екенін айтқан жөн. Сонда ғана халықтық терминология мен ғылыми терминологияны салыстыра зеррттеп, олардың ерекшелігі мен ұқсастығын және өзара сабақтастығын көрсету мүмкіндігі туындайды. Әзірге бұл мәселе төңірегінде сөз қозғаған Ә. Қайдаров, Ғ. Қоңқашбаев сияқты ғалымдардың ғана еңбектерін атай аламыз. [4, 24-31]
Термин дегеніміз - белгілі бір арнаулы салаға тән сөз, ал терминологияның сол арнаулы ұғымдар атауларының жиынтығы екендігі мәлім. Бұл атаулар негізінен сол салалардың мамандарының тілінде ғана толық терминдік мәнде қолданылатындығы да белгілі жайт. Осы тұрғыдан келгенде, халықтық терминдерді жалпыхалықтық тілден бөліп алуға бола ма? Бұл сұрақтың ғылыми дәлелді жауабы осы мәселені арнайы зерттеу арқылы ғана берілуге тиіс деп санаймыз.
Ал ғылыми терминологияның жалпыхалықтық тіл негізінде қалыптасқандығы дау тудырмайтын басы ашық нәрсе. Ғылыми терминологияның жасалуы арнаулы салалардың өз алдына жеке ғылым ретінде қалыптаса бастауымен тікелей байланысты. Қазақ лексикасының териминденуін кезеңдестіру мәселесіне біз осы тұрғыдан келеміз.
Қазақ әдеби тілінің даму тарихын зерттеуші ғалымдар публицистика мен жартылай ғылыми стильдердің тууын XIX ғасырлың екінші жартысынан бастайтыны белгілі.
Мәселен, зерттеуші Б. Әбілқасымов “Н. И. Ильминскийдің 1861 жылы Қазанда бастырып шығарған “Самоучитель русской грамоты для киргизов” оқулық кітабының соңында берілген текстерді ғылыми көпшілік әдебиет үлгілерінің тұңғыш нұсқасы деп санауға болады ”, дей келіп осы кезден бастап мерзімді баспасөз беттерінде ғылымның әр түрлі салалар бойынша жазылған мақалалардың, кейінірек медицина, ветеринария тақырыбына арналған жеке кітапшалардың шыққанан айтады. [5, 113]
Ғалымның осы еңбегінен және алғашқы қазақ газеттерінің тілін зерттеуге арналған еңбегінен қазақ лексикасының терминденуін XIX ғасырдың екінші жартысынан бастауға дәлел боларлық деректерді кездестіреміз.
Ғалым алғашқы қазақ газеттерінде заң ісімен байланысты бірсыпыра терминдердің қалыптасқанын, олардың көбінің кейін тілде тұрақтап қалғанын да атап көрсетеді.
Ол аталған терминдердің арасындағы жаза(наказание), абақты(тюрьма), іс(дело), куә(свидетель) сияқтылары терминдену жолымен жасалған.
I. Кеңесбаев пен Ғ. Мұсабаев өз еңбектерінде “ғылыми терминологияның элементтері Октябрь революциясына дейін болғаны сөзсіз . . . Орыс мәдениетінің белгілі ұғымларын қазақ тіліне қазақтың XIX ғасырдағы ағартушылары біраз енгізген болатын” десе, тілші-ғалым Р. Сыздықова Абайдың “Қар сөздері” мен мерзімді баспасөз тілі және көпшілік-ғылыми үлгілер қазақ тілінде дерексіз есімдердің молаюына бірден-бір себеп болғанын айта отырып, Абайдың бір өзі - лық жұрнағының көмегімен ынтықтық, масқаралық, қырмызылық, суықтық, жылылық, арлылық, тоқтаулылық, жеңсікқойлық, қорғауықтық т. б. сияқты жаңа атауларды ұсынғанын, бұлардың бірқатары тұлға ретінде бұрында да бар болғанымен белгілі бір терминдік мәнде жұмсалмайтын дейді. [6, 295]
Сондай-ақ ғылым “бұрын жалпы ұғымдағы сайлау сөзі енді белгілі бір әлеуметтік-саяси актіні білдіретін терминге арналды. Осы сияқты атқамінер, пысық сөздері де жаңа әлеуметтік топтарды атайтын бір ұғымды сөздер ретінде қалыптасады” деп көрсетеді. [7, 295]
Ғалым келтірген бұл мысалдардың ішіндегі сайлау термині жалпы қолданыстағы сөздің терминденуі арқылы алғаш жасалған терминдердің қатарына кіреді.
Мұндай деректерді XIX ғасырдың екінші жартысында жарық көрген еңбектерден, "Дал уәлаятының газеті" мен"Түркістан уәлаяты газеті" сияқты басылымдардың беттерінде жарияланған материалдардан кездестіруге болады. Мұның бірі қазақ тілінде термин жасаудың өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап қолға алына бастағанын көрсетеді. Зертеушілер дұрыс атап көрсеткендей, бұл кезеңде термин жасауда ағартушылар еңбектері мен қазақ газеттерінің орны айрықша болғанын юа ешкім жоққо щығара алмаса керек. Сондықтан да біз қазақ тілінде термин жасаудың алғашқы кезеңін осы
аталған мерзімнен бастаймыз.
Жалпы термин шығармашылығының, оның ішінде қазақ лексикасы терминденуінің алғашқы кезеңі деуіміздіің де өзіндік себептері де жоқ емес. Оны осы сөз болып отырған уақыт арлығындағы термин жасау процесінің өзіне тән ерекшеліктері арқылы түсіндіруге болады.
Ең алдымен, бұл мерзім ішінде түрлі ғылым салалары бойынша жекелеген терминдердің жасала бастағанына қарамастан салалық және жалпы терминдер жүйесінің қалыптасуына әлі біршама ертерек еді. Оның да өзіндік себептері болды. Терминдер жүйесі қалыптасуы үшін - ғылым мен техниканың дербес салалары өз алдына дамып, ұғымдар жүйесінің жасауы қажет. Ал ғылым салаларын дамытып, ұғымдар жүйесін қалыптастыру үшін немесе ғылымы ертерек дамыған елдердің ғылымын игеріп, оны ұлт тілінде сөйлету үшін білікті ұлттық кадрлар, салалық мамандар өсіп шығуға тиіс.
Бұл кезеңде қазақ халқының тарихында орны айрықша Абай, Шоқан, Ыбырай сынды ұлы тұлғалардың өмір сүріп, қлт мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқандығына қарамастан, ғылымның сан-саласын дамытып, ғылыми терминологияны жасайтын ұлттыұ кадрлар шоғыры өсіп жетіле қоймап еді. Ондай кезеңге біз тек XX ғасырдың бас кезінде ғана жеттік деуге болады.
Міне, сондықтан да сөз болып отырған кезеңде ұлттыұ ғылыми терминология қалыптаса қоймады. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі де, жетістігі де осы тұрғыдыан бағалануға тиіс қой деп ойлаймыз.
Осы XIX ғасырдың еккінші жартысындағы термин мәселесән сөз еткен ғалымдардың терминология демей "ғылыми терминологияның элементі", ғылыми стиль демей "жартылай ғылыми стиль" немесе ғылыми термин деп атамай "терминдік мәнде жұмсалған" деулерінде үлкен мән жатыр. Өйткені термин нағыз толық мәніндегі ғылыми термин ретінде қолданылуы үшін оның өмір сүру ортасы ғылыми терминология қалыптасып, ғылыми стиль болуы шарт.
Қарастырылып отырған кезеңде бұлардың ендң-енді ғана орнығып келе жатқанын ескерсек, ғалымдардың шындықтан ауытқымай әр ұғымды өз атымен атауды мақсат еткені байқалады.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени өмірі түбегейлі тарихи өзгерістерге толы болды. Қазақстан түгелімен Ресейге бағынып, отар тән әлеуметтік-экономикалық тәршіліктің негізі берік қаланды. Бұл кезеңде тұңғыш қазақ газеттерінің шығуымен қазақ тілінде кітап шығарудың дүниеге келуі ұлт мәдениетінің дамуына игі ықпалын тигізді. Осындай өзгеріс Қазақстан ғылымының негізінің қалануына, ұлттық ғылыми терминологияның қалыптасуына қалай бастады.
Сөз болып отырған мерзімде жасалған терминдердің көпшілігі арнаулы ұғымды сипаттау, түсіндіру жолымен басталып ( тамақ асырау - существование, мал бағу - скотоводство, көктен түскен тас - метеорит т. б . ) ғылыми терминге қойылатын талаптарға толық жауап бермей жатса да өз уақытының сұранысын өтеуге жарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz