Жер асты бұрғылау қондырғыларына қойылатын талаптар және апаттарды жіктеу мен алдын алу шаралары


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Жер асты бұрғылау жабдықтары

Бұрғылау қондырғыларына қойылатын талаптар бұрғылау шарттарымен және олардың техникалық жетілу деңгейімен сипатталатын көрсеткіштермен анықталады.

Бұрғылау қондырғыларының талаптары техникалық, эксплуатациялық, технологиялық, экономикалық, әлеуметтік және арнайы болып бөлінеді.

Техникалық талаптарға бұрғылау қондырғысы конструкциясының ғылым мен техниканың жаңа талаптарына сай болуы және оның параметрлерінің әлемдік стандартымен бұрғылау технологиясының қазіргі заман талаптарына сай болуы жатады. Бұрғылау қондырғысының құрамына кіретін машиналар мен жабдықтар - жоғары пайдалы әсер коэффициентіне (ПӘК), жеткілікті беріктілікке, сенімділікке және ұзақ мерзімділікке ие болуы тиіс.

Пайдалану процесінде бұрғылау қондырғысының жұмыс қабілеттілігі техникалық қызмет көрсетумен, жөндеумен қамтамасыз етіледі. Осыған орай эксплуатациялық талаптар орын алады. Осы мақсатта бұрғылау қондырғысының жөндеуге қабілеттілігін, яғни оның агрегаттарының техникалық қызмет көрсетумен жөндеуге мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.

Технологиялық талаптар - бұрғылау қондырғыларының дайындауға кететін материалдың және еңбек шығынымен байланысты.

Оларға мыналар жатады:

машина конструкциясының қарапайымдылығы;

бөлшек пішінінің қарапайымдылығы, материалды тиімді таңдау және материалды үнемдеу мақсатында дайындаманы алу әдісін таңдау;

дайындау мен беттің кедір-бұдырлығының оптимал дәлдігі;

әдіб және отырғызудың дұрыс шамаларын таңдау;

стандарт бөлшектер мен түйіндерді максимал қолдану;

механикалық өңдеу мен жинақтауда қолданылатын кесу және бекіту құралдарының санын азайту.

Экономикалық талаптар бұрғылау қондырғысының тиімділігін анықтайтын минимал өндірістік және эксплуатациялық шығындарды қамтамасыз етумен байланысты. Өндіріс саласында экономикалық талаптар конструкциясының технологиялығымен қамтамасыз етіледі. Маңызды экономикалық талап - машиналар мен жабдықтардың материал сыйымдылығын төмендету жолымен металл және басқа материалдардың үнемділігі.

Әлеуметтік талаптарға жұмыстың қауіпсіздігі, басқару жеңілдігі және қызмет көрсетуші персоналына қалыпты еңбек шарттарын қамтамасыз ету.

Арнайы талаптар - бұрғылау қондырғыларының жұмыс шарттарымен байланысты.

Бұрғылау машиналарының габариті мен жинақтау схемалары - басқару мен қызмет көрсету қолайлылығымен таңдалады. Бұрғылау машиналарының салмағы кәсіптік крандардың жүк көтерімділігімен транспорт құралдарына сай болу керек. Электр жабдықтарына жарылыс қауіпсіз болу керек:

1. Субъективті себеппен пайда болған жұмыс процесін орындаушының кінәсінен пайда болған апаттар. Бұл апаттарға орындаушының кінәсінен пайда болған апаттар жатады. Орындаушының менмендігіне міндетті тұлға ұңғымадағы апаттын пайда болуының мүмкіндігін біле отырып, оны тоқтатуы жөнінде ешбір әрекет жасамауын айтады. Құнықсыздыққа міндетті тұлғаның өзінің әрекетінің соңы қандай болатынын біле алмауы, бірақ жұмыс кезінде өзінің іс-әрекетінің ұңғыда апатқа алып келу мүмкіндігін білуі жатады.

2. Обьективті себептен пайда болған апатқар. Көптеген ұңғымадағы апаттар субъективті себептерден пайда болады. Сол себепті апаттың алдын алу шаралырын және олармен күресу кезінде геолого-технологиялық төзімде регламентирленетін талаптарды, қауіпсіздік шаралардағы ережелерді қатаң сақтап, оларға үлкен мән беру керек.

Оперативті және статистикалық есептер құжатында көрінетін тізім бойынша апаттарды тіркелген және ескерілген деп бөледі. Апаттарды жою уақытына тәуелсіз апаттардың барлығы тіркеледі (8 сағатқа дейін созылған жай апаттарды да қосқанда), ал 8 сағ артық жоюға кеткен апаттарды ескереді. Апат басталар алдын оның пайда болу уақытын есепке алады, оның анықтаған уақытын емес. Қызмет көрсетуші маманның кваликациясының жеткілігінен көбіне апаттың пайда болу уақыты белгіленген уақытпен сәйкес келмейді, сонымен қатар тіркеуіш аппарат пен бақылаушы аппараттың бұрғылау құрылғыларының әлсіз жабдықталуы немесе оның жөндеуге келмейтін жағдайын ескеру қажет. Апат аяқталған соң геолого-технологиялық тізім, өндірістік инструкциямен қосымша маманның геолого-техникалық көрсеткішімен қалыпты жағдайға келтіру сәті есептеледі.

Апаттың пайда болу сипатына қарай оларды келесі топтарға бөледі.

1. Бұрғылау бағанасының элементтерінен болған апаттар.

2. Бұрғы құбырының үзілуі.

3. Қамалмен болған апаттар:

4. Бұрғылау және отырғыш бағаналардың ілесуі.

5. Отырғыш бағана мен оның жабдықтық элементтерімен болған апаттар.

6. Сәтсіз цементтеуден болған апат.

7. Двигательдің жаншылуынан болған апат.

8. Ұңғымаға бөгде заттардың түсіп кетуі.

9. Басқа да апаттар.

Бұрғылау бағанасының элементтерінен болған апаттарға ұңғымада бұрғылау бағанасының немесе төменгі жинақтың элементтерінің қалып қоюы жатады, яғни резерлік белігінің сынығы немесе үзілуі, қыздыру тігісінен сынықтары, қыздыру денесінен әкелуші түтіктің сынықтары, жинақтағыш элементтерінің сынықтары.

Ұңғыманы құрған кезде келесі апатты жағдайлар орын алуы мүмкін:

1. Бұрғылау тізбегінің сынуы немесе сыналанып бөтен затпен бітелуі.

2. Шегендеу құбырларын түсірген кезде апаттық жағдайлар.

3. Ұңғымаға бөтен заттардың түсіп кетуі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдайлар мен табиғи апаттарды алдын алу және есептеу әдістері: есептеу-графикалық жұмыс
Қазақстанда жер сілкінісінің себептері, қауіптілігі және алдын алу шаралары
Мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарларға қойылатын талаптар және қауіпсіздік шаралары
Қазақстанға ешкі импорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар және жетілдіру шаралары
Соққы қаупі бар жер асты кен орындарын игеруде қауіпсіздік шаралары мен олардың таңдалуы мен орындалу әдістері
Мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттары мен жер телімдерін безендіруге қойылатын талаптар (әдістемелік нұсқаулық)
Жер атмосферасының құрылымы, құрамы және ластануы: себептері мен алдын алу шаралары
Шаруашылықта инвазиялық аурулардың алдын алуға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Бұзауларды ұстауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар мен күту жағдайларын жақсарту шаралары
Халық пен аумақтарды жер сілкінісінен қорғау: қауіптер, алдын алу және авариялық-құтқару шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz