Жiбек жолының Қазақстанның экономикасына әсерi


МАЗМҰНЫ
I. Кiрiспе
Осы тақырыпты таңдау себебiм. Мен қазiр экономика саласының маманымын. Сондықтан бұл тақырып маған өте қажет, себебi Ұлы Жiбек жолы Қазақстан экономикасына тигiзген әсерiнде өзектi мәселе бар.
II. Негiзгi бөлiм:
1) “Жiбек жолы ” дегендi қалай түсiнемiз?
2) Жiбек жолының Қазақстанның экономикасына әсерi.
3) Сауда жасалатын негiзгi зат-жiбек.
4) Қазақстандағы жiбек жолы тауарлары.
I. Кiрiспе
Себебi. Мен қазiр экономика саласының бiрiншi курсында оқимын. Сондықтан ең бiрiншiден мен Қазақстанның экономикасын бiлу керекпiн. Әрине, мен көптеген тақырыптар арасынан, Қазақстан экономикасына қатысты тақырыпты таңдадым. Ұлы Жiбек жолы көне дәуiрден берi Қазақ даласына қатысы бар. Ең бiрiншi қатысы бұл экономикасы. Осы жол арқылы Қазақстан басқа да, елдермен сауда қатынастырын жүргiздi. Сөйтiп, Қазақ даласының экономикасы дами бастады. Ендеше мен осы тақырыпты таңдағаным өте дұрыс деп ойлаймын.
Тағы бiр себебi. Менi Ұлы Жiбек жолы кезiндегi Қазақстанның экономикасы қандай болғаны қызықтырады? Яғни, б. з. б. III-II ғасырлардағы жiбек жолымен алғашқы сауда байланысы, бiрнеше сауда жолдары, саудадағы басты тауар, ең бастысы, Қазақстан эконмикасына тигiзген үлесi туралы сөз қозғадым. Өзектi мәселе - Қазақстанның сол дәуiрдегi мәдени, саяси, экономикалық дамуы.
-1-
1) ‘’Жiбек жолы’’ дегендi қалай түсiнемiз?
''Жiбек жолы '' деген не, ол қашан пайда болып, жұмыс iстей бастады, қай жерден өткен- әркiмнiң көкейiне алғаш ұялайтын сұрақтар мiне осылар.
629 жылы буддалық тәуап етушi Сюань-Цзян ''Будданың қасиеттi сүйектерiн көрiп, дiн iлiмiн тыңғылықты зерттеу үшiн'' Қытайдан Үндiстанға аттанды. Ол Қытайды Батыспен жалғастырып жатқан және жаңалықтарын, дiни идеяларын және мәдениет жетiстiктерiн жеткiзушi болған халықаралық жолмен жүрдi. Ол өзiне қаған жасаған қабылдауды суреттей келiп, түрiк ақсүйектерiнiң жiбек киiмдерiн сән- салтанатын талай рет атап көрсетедi және өзiнiң сыйлыққа ''қызыл күрең сәтеннен тiгiлген толып жатқан киiм жиынтығы мен елу тай жiбек'' алғанын да хабарлайды. Бұл көрiнiсте Шығыс пен Батыс саудасының негiзгi өнiмi, ертедегi ортағасырлардағы құрлықаралық ұлы жолға атын берген жiбек ерiктi болсын, ерiксiз болсын бiрнеше рет айтылады. Негiзiнен Ұлы Жiбек жолының қарым- қатынастар мен байланыс айырбас байланыстарының уақы-ты б. з. б. III-II мыңжылдықтарға барып тiреледi.
Қымбат тұратын жiбектердiң сақталуына сақтар мен скифтердiң көшпелi тайпалары қатысқан, сол кездегi ғажайып товар Орталық Азия мен Жерорта теңiзi өңiрiне солар арқылы жеткен.
-2-
Алайда, VI-IV ғасырлардағы Жiбек жолы туралы айтуға бола қоймас, қымбат товарлар дала өңiрi арқылы жеткiзiл-ген, ол 40- параллель маңынан өткен және Хуанхэ өзенiнiң үлкен иендерiнен басталып, Алтайдың шығыс және солтүстiк сiлемдерiн, Қазақстан мен Қара теңiз өңiрi далаларын кесiп өткенде, гректер мен этрускiлер жерiне жеткен деп шамалау дұрысырақ болады.
Жiбек Үндiстанға сол кезде барған, мұны ''сина патто'' - ''қытай жiбегi '' деген сөз дәлелдейдi.
Б. з. б. I ғасырдың соңында ғана ''Жiбек жолы '' тұрақты дипломатиялық және сауда жолы ретiнде пайдаланыла бастады.
Қазақстанның батысын Қиыр Шығыспен, Амур бойымен керуен жолдары байланыстырып жатты. Бұл жол басты жоға айналды да, елшi және сауда керуеннiң негiзгi көшпелiгi
VII-XIV ғасырларда осы жолмен жүрдi. Жiбек жолының
бұл бағыты бiр орында тұрақтап қалған жоқ, ғасырлар iшiнде белгiлi бiр учаскелерi мен тармақтары алма-кезек мейлiнше үлкен маңыз алып, керсiнше, басқалармен жүрiс тоқтап қалды, ал олардың бойындағы қалалар мен сауда бекеттерi құлдырауға ұшырады. Мәселен, VI-VIII ғасырда негiзгi бағыт аңғары Сирия-Иран-Орта Азия- Оңтүстiк Қазақстан- Талас аңғары- Шу аңғары- Ыстықкөл ойпаты Шығыс Түркiстан болды. Бұл жолдың бiр тармағы, дәлiрек
-3-
айтқанда, тағы бiр бұтағы жоғарыда айтылған жолға Византия- Каспий өңiрi- Маңғыстау даласы- Арал өңiрi- Оңтүстiк Қазақстанға шықты. Ол жол Иранды айналып өттi.
-4-
2) Жiбек жолының Қазақстанның экономикасына әсерi.
Қазақстан Жiбек жолы ауқымына кiрер қарсаңында оның оңтүстiгi қандай болған едi? Бұрын атап өтiлгендей, мұнда ежелден өзiндiк мәдениет дамып, оның қалыптасуына көшпелi тайпалар мен отырықшы халықтар қалыптасты. Бұл ретте этникалық тұрғыдан алғанда көшпелiлер де, отырықшы тұрғындар да бiртектес едi немесе бiр үлгiдегi этникалық- саяси құрылымдар шеңберiнде бiрiккен болатын. Отырықшы және көшпелi мәдениеттердiң өзара әсерi мен бiрiн-бiрi байтуы дүниежүзiлiк прогрестiң сара жолы болды. Мұндай кiрiгудiң қойнауында өркениеттiң Қазақстан мен Орта Азия халықтарынң жасаған көптеген жетiстiктерi, сондай-ақ оны мекендейтiн халықтар этногенезiнiң бастаулары жатыр.
Мәселен, б. з. б. VI- III ғасырларда мұнда сақтардың
көшпелi және жартылай көшпелi тайпалары мекендедi, олардың жоғары мәдениетi көптеген обалы ескерткiштердi қазу арқылы мәлiм, олардың арасында Бесшатыр, Есiк, Түгiскен, Ұйғарақ бар. Сақтардың Қытаймен, Үндiстанмен, Таяу және Орта Шығыспен сол кездiң өзiнде-ақ байланытары болған. Б. з. б. II б. заманымыздың I мыңжылдығында Жiбек жолы қызу пайдаланыла бастаған кез едi, мұнда Рим шынысы мен теңгелерi, қытай жiбегi, айнасы мен лакталған ыдыс-аяғы, Европаның фибул-iлектерi және Иранна оймышталып басылған тастар әкелiндi. Бұл кезеңде Шу, Талас, Сырдария
-5-
аңғарларында қалалық орталықтар қалыптасып, оларға мұ-нарлы дуалдармен қоршаған егiншiлiк қоныстар негiз болды. Қазiр олардың көбi Тянь-Шаньның тау етегiнде өңдiрiсiнен, Арыс аңғарынан, Сырдарияның орта және төменгi ағысынан табылды.
VI ғасырдың аяғында Жiбек жолы учаскесi жанданып, ол Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстанның қалалық феодалдық мәденитетiң дамуында маңызды рөл атқарды. Жетiсуда ол толып жатқан қалалың оңтүстiгiнде орталықтардың пайда болуына түрткi болды, ал Қазақстанның оңтүстiгiнде не жол бойында болған, не оған сауда тармақтарымен байланысты қалалардың тез өсуiне себепшi болды.
Егер батыстан шығысқа қарай қарағанда, Жiбек жолының Қазақстандағы бөлiгi мiне былайша көрiнедi. Жол
Ташкенттен шығып, аса iрi орталықтардың бiрi Испиджабқа беттейдi. Мұнда түрлi елдердiң саудагерлерi, тоқтаған, қалада Бұхараның, Самарқандтың көпестерiне қарасты сауда құрлыстары мен керуен-сарайлар боды, ал Испиджаб көпестерi Мерв, Балх, Бұхара мен Хорезм көпестермен бiрге Бағдаттағы Харба ибн Абдаллах әл-Балхи рабадында өз факторийiн ұстаған. Испиджабтан керуендер Шығысқа, Шарап, Будухкет қалалары, Тамтаж және Абараж керуен- сарайлары арқылы Таразға беттеген. Деректемелерде Тараз '' көпестер қаласы'' деп аталды. Сонымен қатар ол түркеш-
-6-
тердiң, ал одан соң қарлұқтардың, қарахандықтардың астаналық орталығы болған.
Жiбек жолы Суябтан шығып, Ыстықкөлдiң не солтүстiк, не оңтүстiк жағасымен жүредi. X-XII ғасырларда Жiбек жолының бiр тармағы бүкiл Iле алқабын оңтүстiк-батыстан солтүстiк- шығысқа қарай кесiп өткен.
Оңтүстiк Қазақстан мен Жетiсу арқылы өтетiн Жiбек жолының негiзгi торабынан солтүстiк пен шығысқа қарай жолдар шығып, олар Орталық және Шығыс Қазақстан аудандарына, кейiн Сарыарқа ретiнде белгiлi болған Дештi Қыпшақ даласына, Ертiс жағалауына, Алтай мен Моңғолияға беттеген. Мұнда дала жолы өтедi, онымен атты көшпелiлердiң тайпалары жүрiп- тұрған. Бiрақ Қазақстанның далалық аудандарында көшпелiлер ғана мекендеген деп ойлау
дұрыс емес. Мұнда егiншiлiкке қолайлы жерлерде- Сарысу, Кеңгiр, Жездi өзендерiнiң аңғарларында, Ертiс жағалауында орта ғасырлар кезеңiнде егiншiлiк алқаптар мен қала өмiрi пайда болып, дамыды. Сонымен бiрге сонау қола дәуiрiнде-ақ мысқа қалайыға, қорғасынға, күмiске бай кенiштер ұқсатылып, неғұрылм кейiнгi кезде нақ сол жерлерде кен қазушылардың, металл балқытушылардың, мысшылар мен күмiс iсi шеберлерiнiң қоныстары жүйесiне, соның iшiнде халықаралық жүйеге тартылып, көптеген керуен жолдарымен Жiбек жолы жүйесiне қосылды.
-7-
Оңтүстiк Арал өңiрi арқылы Кама алабына Жiбек жолын солтүстiкпен жалғастыратын жол өттi. Осы жерде дайындалған қымбат бағалы аң терiлерi Орта Азияға, Шығыс Түркiстанға, Қытайға, Үндiстан мен Иранға апарылған.
Бұрын атап өтiлгендей, Жiбек жолы бастапқыда Қытай жiбегiн батыс елдерiне шығаруға қызмет еттi. Өз кезегiнде, онымен Римнен, Византиядан, Үндiстанна, Ираннан, Араб халифатынан, ал кейiнiректе Европа мен Русьтен осы елдерде өндiрiлетiн тауарлар тасылды. Бұл ғажайып, таңсық тауарлардың тiзiмi таусылмайды. Бұлар- мирро мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мускат жаңғағы,
өмiртамыр мен айдаһардың өтi, кiлемдер мен маталар, бояулар мен минералдық шикiзат, алмас пен яшма, янтарь мен маржан, пiс сүйегi, құйма күмiс пен сом алтын, аң терiлрi мен
теңгелер, садақтар мен жебелер, семсерлер мен найзалар, жене басқа да көптеген заттар. Жiбек жолымен сату үшiн Ферғананың асыл тұқымды аттары, араб арғымақтары, түйелер мен пiлдер, мүйiзтұмсықтар мен арыстандар, барыс пен киiктер, қаршығалар мен сұңқаралар, тотықұстар мен түйеқұстар алып жүрiлдi. Мәдени өсiмдiктер: жүзiм, шабдалы, қауын, тәттi тағамдар мен қант, жемiстер мен көкөнiстер Жiбек жолы арқылы тарады.
-8-
3) Сауда жасалатын негiзгi зат-жiбек.
Сауда жасалатын негiзгi зат- жiбек болып қала бередi. Алтынмен бiрге жiбек халықаралық валютаға айналды, ол патшалар мен егiншiлерге сыйға тартылды, жолдамалы әскерге ақы мен мемлекеттiк қарыз ретiнде берiлдi.
Жiбек жолымен тасылатын жiбектiң де, товарлардың да бiр бөлiгiнiң де оның Қазақстан бөлiгiнде тұрған қалаларда қалып отырғанын әбден табиғи нәрсе. Мұны археологиялық олжалар айқын дәлелдейдi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz