Коммерциялық банктер. Коммерциялық банк туралы ұғым және оның типтері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Бөлім І. Коммерциялық банктер.
1.1. Коммерциялық туралы ұғым және оның типтері ... ... ... ... 5
1.2. Коммерциялық банктердің қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3. Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде ... ... ..12
1.4. Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы ... ... ... .16
Бөлім ІІ. Коммерциялық банктердің операциялары.
2.1. Коммерциялық банктердің пассив оперпациялары ... ... ...23
2.2. Коммерциялық банктердің актив операциялары ... ... ... ... 27
2.3. Лизинг, Траст операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Бөлім ІІІ. Банктің есеп айырысу.кассалық операциялары.
3.1. Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі ... ... ... ... .37
3.2. Банкаралық есеп айырысу операциялары ... ... ... ... ... ... ... 39
3.3. Кассалық операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
Пайдаланылған әдебиеттер.
Курстық жұмыстың тақырыбы «Коммерциялық банктердің қызметінің құқық негіздері».
ҚР-дағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30-шы наурызда қабылданаған «ҚР Ұлттық банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР – дағы банктер және банк қызмет туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни Қазақстандық банктік жүйенің небары 13 жылдық тарихы бар.
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған « ҚР –дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-ның заңына сәйкес ҚР – да банк ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:
1) Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;
2) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3) Банк операциялар жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу.
Курстық жұмыстың құрылымы мен логикасы үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім коммерциялық банктер, екінші бөлім коммерциялық банктердің операциялары және үшінші бөлім банктің есеп айырысу – кассалық операциялар.
Бірінші бөлімде коммерциялық туралы ұғым және оның типтері, коммерциялық банктірдің қызметтері, коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде, коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы.
Екінші бөлімде коммерциялық банктердің пассив, актив және Лизинг, Траст операциялары көрсетіледі.
Үшінші бөлімде есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі, банкаралық есеп айырысу операциялары және кассалық операциялар көрсетіледі.
1. «Ақша, несие, банктер, валюталық қатынастар». Б.А. Көшенова, Алматы: Экономика, 2000. – 328 бет.
2. «Ақша айналысы және несие». Мақыш С.Б., Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 248 бет.
3. «Ақша, несие, банктер». Ғ.С. Сейітқасымов., Алматы: Экономика, 2001. – 466 бет.
4. «Коммерциялық банктер операциялары». Мақыш С.Б., Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 272 бет.
5. «Жалпы экономикалық теория». Ө.Қ. Шеденов, Алматы – Ақтөбе 2001.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .3
Бөлім І. Коммерциялық банктер.
1.1. Коммерциялық туралы ұғым және оның
типтері ... ... ... ... 5
1.2. Коммерциялық банктердің
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... 7
1.3. Коммерциялық банктер қаржы делдалдары
ретінде ... ... ..12
1.4. Коммерциялық банктің ұйымдастыру
құрылымы ... ... ... .16
Бөлім ІІ. Коммерциялық банктердің операциялары.
2.1. Коммерциялық банктердің пассив
оперпациялары ... ... ...23
2.2. Коммерциялық банктердің актив
операциялары ... ... ... ... 27
2.3. Лизинг, Траст
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Бөлім ІІІ. Банктің есеп айырысу-кассалық операциялары.
3.1. Есеп айырысу операциялары, олардың
жіктелуі ... ... ... ... .37
3.2. Банкаралық есеп айырысу
операциялары ... ... ... ... ... ... ... .39
3.3. Кассалық
операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 1
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .44
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Курстық жұмыстың тақырыбы Коммерциялық банктердің қызметінің құқық
негіздері.
ҚР-дағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30-шы наурызда
қабылданаған ҚР Ұлттық банкі және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған
ҚР – дағы банктер және банк қызмет туралы ҚР заңдарын басшылыққа алады.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар
банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең
көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап
қалыптасты, яғни Қазақстандық банктік жүйенің небары 13 жылдық тарихы бар.
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған ҚР –дағы банктер және банктік
қызмет туралы ҚР-ның заңына сәйкес ҚР – да банк ашу немесе оның қызметін
ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:
1) Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;
2) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3) Банк операциялар жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу.
Курстық жұмыстың құрылымы мен логикасы үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім
коммерциялық банктер, екінші бөлім коммерциялық банктердің операциялары
және үшінші бөлім банктің есеп айырысу – кассалық операциялар.
Бірінші бөлімде коммерциялық туралы ұғым және оның типтері, коммерциялық
банктірдің қызметтері, коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде,
коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы.
Екінші бөлімде коммерциялық банктердің пассив, актив және Лизинг, Траст
операциялары көрсетіледі.
Үшінші бөлімде есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі, банкаралық
есеп айырысу операциялары және кассалық операциялар көрсетіледі.

І Бөлім. Коммерциялық банктер.
1.1. Коммерциялық банк туралы ұғым және оның типтері.
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор.
Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан – жақты іс - әрекет
етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін
шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептесу,
бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу – сату мен оларды сақтау және
басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесін негізгі буыны.
Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын
қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелері, мемлекет пен халықты несиелеу, халық
шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын
салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық
шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта
бөлудің банктік механизмі өндірістің объективтік қажеттілігіне байланысты
шаруашылықты дамытуға және экономиканың құрылымынын өзгертуге мүмкіндік
туғызады.
Қазіргі коммерциялық банктер несие жүйесін басқа буындары сияқты
клиенттерге көрсететін қызметтерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа
түрлерін меңгеруде. Бүгінде кейбір мемлекеттердің коммерциялық банктері
клиенттерге 300 – ге жуық қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндігі бар несие
мекемесі (Мысалы, Жапония банктері(.
Өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде коммерциялық банктер бір – бірінен
көптеген өзгешеліктеріне байланысты ажыратылады:
Біріншіден, жарғылық капиталды иелену жіне оны қалыптастыру жөнінен.
Банктер акционерлік қоғам немесе шетел капиталының, шетел банктерінің
қатысуымен жауапкершілігі шектеулі қоғамдар болып құрылуы мүмкін.
Екіншіден, жүргізетін операциялары жөнінен. Коммерциялық банктер әмбебап
және маманданған болып бөлінеді.
Үшіншіден, іс - әрекеті тарайтын жер көлемі жөнінен – банктер федералдық
(одақтық(, республикалық және аймақтық болып бөлінеді.
Төртіншіден, экономиканың әр түрлі салаларына қызмет көрсету жөнінен –
салалық және салааралық болып бөлінеді.
Дүниежүзілік тәжіриебе дәлелдегендей қазіргі коммерциялық банктер өз
қызметінде осы аталған өзгешеліктерін аралас варианттарын қолдануда.
Ұйымдық тұрғыдан коммерциялық банктердің басым көпшілігі акционерлік
қоғам формасында құрылған. Қоғамның жарғысы бойынша жоғары басқару органы –
акционерлердің жылдық жиналысы. Кезексіз жиналыс банктің құрылтайшыларының,
кеңесінің талаптары бойынша өткізіледі. Жылдық жиналыста ірі акционерлерден
тұратын топтар құрылып, олар банктің жұмысын қадағалайды. Жылдық жиналыста
банктің есебі бекітіліп, оның директорлар кеңесі сайланады. Директорлар
кеңесі жыл бойы банктің жұмысын күнделікті басқарады. Ол бірнеше кеңесші
комитеттерден құрылып, нақты іс - әрекеттер бойынша қорытынды және
ұсыныстар береді. Мысалы, есеп - несие комитеті банк берген ірі несие
бойынша қорытынды дайындайды.
Коммерциялық банктер бірнеше басқару (департаменттер( мен бөлімдерден
құрылады. Мысал ретінде ірі американдық банкті ұйымдастырудың үлгісін
келтірейік. Ол өзіне мынадай басқармаларды және бөлімдерді: салымдар
жинақтау (осы жинақтарды қабылдау және төлеу(; депозиттік және кассалық
операциялар(кіріс және шығын кассалары, ағымдағы шоттарды жүргізу,
чектермен операциялар, инкассалық және клирингтік операциялар, ақша
аудару(; есеп – несилеік операциялар (несие қабілеттігін тексеру және несие
беру, вексельдерді есептеу(; инвестиция және бағалы қағаздар (акцияларды,
облигацияларды сатып алу және сату және т.б.(; шетелдермен
операциялар(валюталарды сатып алу және сату, халықаралық есеп айырысу,
аккредитивтер мен жол жүру чектерін беру(; жарнама және сыртқы
байланыс(жаңа клиенттер тарту(; сенімділік опрациялар(сенімхатпен мүлікті
басқаруға қабылдау(; бухгалтерлік есеп және тексеру бөлімдерін біріктіреді.
Осы негізгі құрылымның ішінде жұмыс территориялық немесе салалық принциппен
ұйымдастырылады. Көптеген банктерде ірі аймақтардағы жұмысқа жауапты
басқармалары бар. Кейде өнеркәсіп салалары несиелеу үшін бөлімдер құрылады.
1.2. Коммерциялық банктердің қызметтері.
Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:
• ақша қаражатын шоғырландыру және тарту;
• несие беру;
• шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
• төлем құралдарын шығару;
• бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;
• сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару (яғни Траст
операциясын жүргізу);
клиенттерге кеңес беру.
Уақытша бос ақша қаражатын шоғырландырып,оны капиталға айналдыру-
банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің бірі.Заңды және жеке тұлғалардың
уақытша бос ақшасын банкке тарту,бір жағынан,олардың иесіне процент түрінде
табыс түсірсе,ал екінші жағынан банктің несие операцияларын жүргізуіне
негіз қалайды.Шоғырланған жинақ ақша әр түрлі экономикалық және әлеуметтік
қажеттіктерге жұмсалуы мүмкін.Тек банктің делдалдық етуімен ақша қаражаты
жинақталып,кейін ол каиталға айналады.
Коммерциялық банктердің атқаратын келесі қызметі-несие беруде делдал
болу.Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие
қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер:ұсынатын капитал
көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі,капиталдың айналыстан босау
мерзімінің қарыздарға қажет мерзімге сай келмеуі.Сондай-ақ қарыздардың
төлем қабілетсіздік қаупі капитал иесі мен оны қарызға алушының арасында
тікелей несиелік байланыс болуын қиындатады.Капитал иесі қарыздардың
қаржылық жағдайы туралы хабардар болмауы да мүмкін.Коммерциялық банктер
қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдал ретінде осы
кедергілерді жояды.Банктік несие экономиканың әр түрлі секторларына
беріліп,өндірістің кеңеюін қамтамасыз етеді.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінісіз тұрақты
экономика болуы мүмкін емес.Сондықтан есеп және төлем жұмыстарын жүргізуде
банктердің ролі зор.Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі
қолма-қол ақшасыз жүреді.Банктер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы
бойынша шотқа ақша қабылдап,ақшаның түсуін және берілуін есептейді.
Инфрақұрылымы жеткілікті дәрежеде дамыған мемлекеттердің төлем жүйесінің
істеуі есеп айырысу технологиясының үнемі жетілдірілуін талап
етеді.Сондықтан бұл елдерде есеп айырысудың әр түрлі жүйесі
құрылада.Мысалы,есеп айырысуға қатысушы банктердің арасындағы клиринг
жүйесі немесе жиро жүйесі.Сондай-ақ банктер арасында өзара келісім бойынша
корреспонденттік шоттар ашылғанда есеп айырысу корреспондент-банктер арқылы
да жүргізіледі.Банктерде төлемді орталықтандыру айналыс шығындарын
азайтады,ал есеп айырысуды жеделдету үшін және төлемдердің сенімділігін
арттыру үшін қазіргі кезде есептептесудің электрондық жүйесі енгізілуде.
Коммерциялық банктердің ерекше қызметі төлем құралдарын шығару арқылы
айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту
немесе азайту.Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік
қызметтеріне байланысты.Депозит екі түрлі жолмен: клиенттің банкке ақша
салуы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі.Бұл
операциялар ақша массасының көлеміне әр түрлі әсер етеді.Мысалы,егер клиент
банкке 10 мың доллар салып,оны талап бойынша алынатын шотқа есептеуді
өтінеді.Бұл операцияның нәтижесінде банк балансының активінде кассалық
қалдық 10 мың доллар өседі,ал пассивінде депозиттер де осы сомаға
артады.Шаруашылықтағы ақшаның жалпы көлемі өзгермейді,себебі ақша қолма-қол
формасынан қолма-қол емес формасына ауысты.Келесі мысал.Банк қарыздарға 10
мың доллар сомаға несие беріп,оны депозиттік шотқа есептеді делік.Онда
шаруашылықтағы ақшаның жалпы көлемі 10 мың доллар өседі,себебі банк өзінің
несиелеу операциясымен жаңа төлем құралын,яғни чек шығарды.Осы депозит
сомасына ақша массасы артты.
Дегенмен,банк өзінің қызметі барысында ақша шығарумен қатар ақшаның
бірсыпыра бөлігін “жоюмен’’ де айналысады. Бұл, біріншіден, клиент банктегі
шотынан қолма-қол ақша алғанда (бірақ жалпы ақша массасы өзгермейді),
екіншіден,несиені қайтарғанда депозиттік шоттан шығарылады.Бұл жағдайда
жалпы ақша массасы кемиді.Дәл осындай нәтиже банктер бағалы қағаздарды
сатқанда алынады-ақша салушылардың шотындағы салым (депозит) сомасы және
шаруашылықтағы төлем қаражатының массасы да азаяды.
Коммерциялық банктердің депозиттерді (сонымен бірге ақша массасын)
ұлғайту немесе кеміту мүмкіндігін орталық банктер міндетті резервтер жүйесі
арқылы несие динамикасын басқаруда кеңінен пайдаланады.Банктердің
резервтерін қысқартып,қорытындысында орталық банк депозиттердің қысқарту
реакциясын тудырса,ал резервтерді ұлғайту депозиттердің өсуін
ынталандырады.Бірақ экономикаға айналымдағы шамадан тыс ақша емес, оның
үйлесімді шамасы қажет. Сондықтан коммерциялық банктер орталық банк
бекіткен шама шектеуімен (міндетті резервтер шегінде) әрекет етеді.
Коммерциялық банктер акция және облигация түріндегі бағалы қағаздарды
шығарып және орналастырып эмиссиялық-құрылтайшылық қызмет
атқарады.Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі
бар.Сөйтіп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып, әрі онымен
тығыз байланыста жұмыс істейді.Ұзақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында
кәсіпорындар акция және облигациялар шығарады.Бұл жағдайда кәсіпорындардың
тапсырысы бойынша банктер бағалы қағаздардың көлемін,шығару жағдайы мен
эмиссия мерзімін анықтауды,олардың типін таңдауды, сондай-ақ оларды
орналастыру және екінші рет айналысқа түсіру міндетін өзіне
алады.Шығарылған бағалы қағаздарды сатып алуға кепілдік береді.Ол үшін
бағалы қағаздарды өз есебінен сатып алуды-сатуды ұйымдастырады немесе сатып
алушыларға қарыз береді.
Сол сияқты банктер мемлекеттік облигацияларды белсенді түрде сатып алады
және оларға жазылу операцияларын жүргізеді.Мемлекеттік облигацияларды қайта
сатуда делдал ретінде екінші нарық ұйымдастырады.Бұл нарықтағы
операцияларды сату курсы мен сатып алу курсының айырмасынан түсетін аса
көп пайданы өзіне алып,оларды аса ірі банктер тобы монополды түрде
жүргізеді.Мысалы,АҚШ-та онымен 6 коммерциялық және 13 инвестициялық банктер
шұғылданады.
Банктер сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару қызметін де
атқарады.Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығынан айырылғандардың
(бойдақ-жесірлердің,жасы толмағандардың) мүлкін уақытша басқару;
ізбасарларының мүддесі үшін өлген адамның мүлкін басқару;пайда табу
мақсатымен капиталды басқару (ақшаны акцияға,қозғалмайтын мүлікке салу);
құндылықтарды сейфте сақтау және т.б. қызметтер көрсетеді. Ал компанияларға
көрсететін қызметтері бұл аталғандардан өзгеше: банктің облигациялар
бойынша кепілді болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және трансфертті
тіркеу үшін (яғни атаулы акция бойынша иелік құқын басқаға беру) өкіл
болуы; корпорацияның зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы және т.б.
қызметтер атқаруы мүмкін.
Банк бұл қызметтерді формалды клиенттердің өкілі ретінде атқарғанмен,
шын мәнінде сенімхатпен қызмет көрсетудің нәтижесінде ол көптеген капиталды
қадағалауға және экономикалық хабарларды өзіне жинақтауға мүмкіндік алады.
Мысалы, бағалы қағаздарды және трансфертті тіркеу үшін өкіл ретінде жүріп,
банктер акционерлер мен бақылау қызметін бөлу туралы құпия мағлұматтарға
ие болады.
Экономикалық мағлұматтарды өзіне жинақтауы банкттердің клиенттерге кеңес
беруіне мүмкіндік туғызады. Банктер кәсіпорынның қаржылық қызметіне,
бухгалтерлік есебіне талдау жүргізіп, дамуының стратегиясын бағалаумен және
табысты ұлғайту мүмкіндігін анықтаумен шұғылданады.Банктер клиенттің жаңа
акциялар щығару болашағын және оларды нақты орналастыруды қарастырады.
Банктер төмендегідей кеңес береді: шот ашу, есеп-несиелік және кассалық
қызмет көрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында жүргізуге дейін
нұсқау береді.
Коммерциялық банктердің кеңес беру қызметін төмендегідей топтастыруға
болады:
• несиелеу және есеп айырысу ісі бойынша- ақша нарығындағы конъюнктура,
проценттік мөлшердің қозғалысы, несиелеудің жағдайы және формасы
туралы хабар,несие-есептік қызмет көрсету үшін әр түрлі мәмілелер
бойынша нұсқау беру, қолма-қол ақшасыз есептесуді талдау, оны
жетілдіру жолдарын зерттеу;
• бағалы қағаздарды шығару және олармен операция жүргізу бойынша- бағалы
қағаздар нарығы конъюнктурасы, олардың бағасының өзгеруі, бағалы
қағаздардың эмитенттері, бағалы қағаздарды шығару тәртібі және олардың
айналыс ережесі туралы хабар;
• күрделі қаржы беру бойынша- құрылыс қызметі нарығының конъюнктурасы,
құрылыс материалдарының бағасы мен әр түрлі құрылыс-монтаж (құрастыру)
жұмыстарының тарифтері, күрделі қаржының экономикалық тиімділігін
есептеу туралы анықтама.
Соңғы кездері коммерциялық банктермен басқа несие
мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсеке банктердің жаңа
қызмет түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге
және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет
нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды
батыл меңгеріп, қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдануда. Сайып келгенде,
банктердің экономикадағы рөлі артуда.
1.3. Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде.
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын
дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,
кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер
деген жалпы атпен біріктіріледі.
"Коммерциялық банк" термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде,
банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет
көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне
осында "коммерциялық банк" деген атауға ие болды). Бірақ өнеркәсіптің және
басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет
көрсете бастағандықтан да банктің "коммерциялық" деген атауы бастапқы
мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің "іскер" деген сипатын білдіреді,
оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың
қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер- нарық
экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік
мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан
өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар
коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда
өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян,екінші бір операциялардан түсетін пайда
есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық
банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқ
емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің
барлығын көрсете алады.
Депозиттік-қарыздың операцияларды жүзеге асыра отырып, коммерциялық
банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да
пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі
мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз
әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде
көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге
салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер
ретінде іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту
мүмкін емес.
Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға
төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін
белгілеп табыс табады.
Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің
өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді
(мысалыға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда). Болашақ қарыз
алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша
жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай
қаражаттарын бере алады.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер үкіметтің қажеттілігіне
(Үкіметтің үкімі бойынша) беріліп кейіннен оларн банктерге және олардың
акционерлеріне пайда әкелмек түгіл, уақытында қайтарылмай қалды. Ондай
қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр
түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз
етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін
қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға
жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банктік несие – ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмайтын
қаржылық қызметтердің формасы ретінде, ол нақты қарыз алушының қажеттілігін
ескереді және оларды қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің
басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек.
Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері
өзгеруде.
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер
қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие
беру.
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және
ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде
ақша деп, тек қолма – қол ақшалар емес, сондай- ақ талап етуге дейінгі
салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте
маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне
қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары
пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық
шаруашылығындағы осы сияқты іс – тәжірибелер тиімсіз, себебі бір жағынан
мынадай ірі ақша соммасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші
жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.
Коммерциялық банктер мұндай сұрақтарды шешуде маңызды роль атқарады.
өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша
бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып,
халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем
құралдарын жасайды.
Банктер өз қызметінде ақшаның бір бөлігін жоятыны да рас. Бұл
біріншіден, клиенттің банктегі шоттан нақты ақша алған уақытында және
екіншіден, несиені қарыз алушының шотының есебінен қайтару барысында мүмкін
болады.
1985 жылы АҚШ – та 15 мыңнан астам коммерциялық банктер қызмет еткен.
Олардың 5 мыңға жуығы ұлттық, яғни федералдық үкіметтен чартер (рұқсат)
алған банктер, 10 мыңнан астамы штаттардың банктері (штаттардың үкіметінен
чартер алғандар). Ұлттық банктер мен штаттық банктерінің қызмет етуі банк
жүйесінің қосарлы бағыныштылығын жасайды.
ФРЖ – ге қабылдауға өтініш жасайтын және оған мүше болуға жіберілген
коммерциялық банк ФРЖ – нің мүше – банкі болып табылады. Заң бойынша барлық
Ұлттық банктер ФРЖ – ге кіруге тиіс. Штат банктері өздерінің қалаулары
бойынша және ФРЖ – нің мүше – банктерге қоятын талаптарына сәйкес келген
жағдайда ғана жүйеге кіре алады. Қазір штат банктердің 10% - ға жуығы ФРЖ –
ге мүше – банктер болып саналады. ФРЖ –ге мүше – банктер жалпы
коммерциялық банктер қатарының 40% - ын құрайды.
Депозиттік мекемелерді реттеу және ақша айналысына бақылау, банктерді
ФРЖ – нің банктік резервтерге қойылатын талаптарына бағындырды. Бұл ФРЖ –
ге мүше-банктер мен мүше емес банктердің арасындағы басты айырмашылығын
қалыпқа келтіреді. АҚШ – тағы ең көп тараған банктер типі – филиалсыз
банктер.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң АҚШ – та банктердің бөлімшелерін ашу
кеңірек қанат жайып, олар штаттар шегінде, сондай – ақ одан тысқары және
шетелдерде ашылған болатын. Көптеген ірі банктер банктік холдинг
компаниялардың бір бөлігі болып табылады. Банк ісінің бұл ұйымдастыру
формасы, тек қана банкі бөлімшелерінің ашылуына жол беріп қоймай, сондай –
ақ жаңа қызмет аумағына енуді жеңілдетті. АҚШ – та холдинг- компаниялар 6
мыңға жуық, олар 8,6 мың банктерді және 35,6 мың олардың бөлімшелерін
бақылайды.
Банктердің бірігу процесін үкімет тарапынан реттеу, сондай – ақ банктік
холдинг компаниялардың қызметін реттеу банк аумағында бәсекелестік жағдайды
қолдап отыру мақсатын көздейді. Соңғы кездері бұл аумақтағы бәсекенің
артуына чартер берудің қатаң саясатын жүргізу, банктердің бөлімшелерінің
ашылуын кеңінен қолдау, электрондық терминалдардың пайда болуы және АҚШ –та
халықаралық банктік операциялардың таралуы септігін тигізді. Сонымен қатар
бәсеке, басқа да қаржы институттардың тез арада өсуіне байланысты күшейді
(мысалға жинақ коммерциялық банктерге тән көптеген қызмет көрсететін
мекемелер және ақша нарығының өзара қорлары).
1.4. Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы.
Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге,
бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген
елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі
банктік ұцымдардың барлық түрлері бар.
Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және
одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін –
Ұлттық банктің келесі бір хабарлауымен ашады.
Банк филиалы – бұл бас банктің берген құқықтары шегінде банктік
операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға
болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген
қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.
Банк өкілдігі – депозит тартудан басқа белгілі бір банктік операцияларды
орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға
болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.
Еншілес банк – жарғылық қордың 50%-нан астамы бас банкіге тиеселі, заңды
тұлға болып табылатын банктік мекеме.
Қазақстан бұрынғы КСРО-ның монополиялық банктік жүйесін қабылдайды.
Бұрынғы мамандандырылған банктері (Тұранбанк, Кредсоцбанк,
Агроөнеркәсіпбанкі, Әлембанк, Халық банкі) республиканың барлық аумағында
өздерінің бөлімшелерін иеленіп, жаңадан құрылған коммерциялық банктер де
сондай өз филиалдарын құрды (мысалға,
Казкоммерцбанк,Центркредитбанк,Темі рбанк және т.б.).
Әлемдік банктік тәжірибеге қарағанда, бөлімшелері бар банктердің
артықшылығы – олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында
болады.
Бірақ жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің күрделі иерархиялық
құрылымы болды. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасқан, оған облыстық
басқармалар бағынса, ал соңғысына аудандағы бөлімшелер бағынышты болып
келеді.
Шетелде банкі филиалдары заңды болуға және дербес мекеме ретінде
тіркелуге құқылы. Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі, лизинг,
факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға және т.б.
маманданды.
Қазақстандағы соңғы уақыттарда құрылған барлық коммерциялық банктер
филиалсыз, яғни шоғырланған болып келеді.
Батыс Еуропа банктік жүйесінде ірі банктердің аз ғана топтары елдің
барлығында өз бөлімшелерінің торабын ашу үшін аумақтық шек қою деген жоқ.
1988 жылы Германияда 6 ірі коммерциялық банктердің 3108 бөлімшесі, ал
барлық банктік институттардың (жинақ банктері мен несиелік кооперативтерді
қосқанда)филиал саны 39,7 мыңға теңесті. Франция,Канада, Италия,Жапония
және т.б. елдердің банктерінің бөлімшелері мен филиалдары да көптеп
саналады.
АҚШ-тағы банк жүйесі біршама өзгеше құрылған. Штаттардың заңында
жекелеген банктерді ашуға шек қойылады. Сондықтан,кейбір штаттар қала
шегінде, егер оның бас кеңсесі сол қалада болса ғана, банктерге филиалдар
ашуға рұқсат береді, өзгелері – штаттың аумағында ғана ашуға, ал үшіншілері
бөлімшелердің ашылуына мүлде тыйым салады. Бірде-бір банкі өз штатынан
тысқары жерде өзінің филиалын аша алмайды.Осыған сәйкес бұл елде жалпы
ұлттық филиалдар торабы жоқтың қасы.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбіне акционерлік қоғам формасында
құрылатындықтан да, оларды басқаруға акционерлері қатысады. Ондай формадағы
банктің ең жоғары басқару органы банк акционерлерінің жалпы жиналысы болып
табылады. Ол жарғыны, баланс пен есепті бекітеді, банктік саясаттың бағыты
мен мақсатын анықтайды, басқарма мүшелері мен төрағасын сайлайды, банктің
ревизиялық комиссия мүшелерін сайлайды және т.б.,яғни банктің стратегиялық
міндеттерін шешеді. Акционерлер жиналысы жылына бір рет, жылдық есепті,
жылдағы балансты құрғаннан кейін бір айдан кешікпей шақырылады.
Банк жұмысына жалпы жетекшілік ету үшін, сондай-ақ атқарушы және
бақылаушы органдардың жұмысын қадағалау және бақылау жасау үшін акционерлер
жиналысы басқарманы немесе банк кеңесін сайлайды.
Басқарма (банк кеңесі) – банк иелерінің,оның акционерлерінің өкілетті
органы және олардың мүддесін қорғайды.
Басқарманың (банк кеңесінің) ең басты міндеті жұмсалған капиталға
қажетті пайда деңгейімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, кеңес клиенттерінің
мүддесін қорғау туралы да жұмыс жасауға тиіс.
Басқарманың (банк кеңесінің) негізгі қызметтері:
1. Банктің стратегиялық мақсатын анықтау және оның саясатын жасау.Ірі
банкке мекеменің мақсаты мен міндеттері және оған жетудегі нақты іс-
әрекеттер бағдарламасы, басқарма (кеңес) мен басқару жетекшілері
бірлескен түрде дайындалған арнайы меморандумда көрсетіледі. Ол
мынадай жағдайларды қамтиды:
• банк ресурстары бірінші кезекте қызмет көрсететін клиенттер
категорияларына бағытталады;
• алдағы кезеңде дамуға мүмкіндік беретін операцияларды;
• банктің филиалдары мен өкілеттігін ашу туралы сұрақтар;
• маркетинг әдістері және жаңа банктік несие мен қызметтерді
тұтынушыларға ұсыныс;
• өтімділікті қамтамасыз етудің озық әдістері;
• нарықта банктің бәсекелестік ұстанымын нығайту шаралары;
• пайыз мөлшерлемелерін және банк қызметіне қойылатын тарифтерді
белгілеу саясаты;
• банктің қызметкерлерінің мөлшері мен құрамы, олардың
біліктілігін және т.б. арттыру бағдарламалары.
Ұсақ банктерде саясаттың мақсаты туралы жазбаша меморандум жасалмайды.
Филиалсыз банктер үшін саясаттың принципін құру, филиалы бар ірі банктерге
қарағанда оңай болып келеді, себебі соңғыларында клиенттер үшін жергілікті
жағдайларды ескеру ерекшеліктері орын алады.
2. Жетекші орынға адам тағдау. Осы заманғы банк – күрделі және біршама
тәуекел кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір, білікті мамандар мен
жауапкершілікті бар адамдар басқаруы тиіс.
3. Комитет құру. Ірі банктерде шешім қабылдау үшін мынадай комитеттер
құрылады: әкімшілік (ағымдағы сұрақтарды ), есеп-қарыздық (несие беру
инвестициялау), ревизиялық (қаржылық жағдайын тексеруге).
4. Қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау. Басқарма
(кеңес) заңды түрде несие мен бағалы қағаздар портфелінің құрылымына
банк саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау жасайды.
5. Банк қызметін мерзімді тексеру. Басқарма (кеңес) мүшелері банктің
операцияларына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Өз мәжілістерінде
басқарма, бөлім жетекшілерінің есептерін тыңдайды және банк ісін
талқылайды.
Басқарма (кеңес) мүшелері өздерінің шешімдері, зияндары, қателіктері,
банктер туралы заңға бағынбағандары үшін жауапты.
Сонымен, кеңес (басқарма) коммерциялық банктегі акционерлер жиналысының
нұсқауына сәйкес тәжірибелік қызметті жүргізетін ең жоғары басқару органы
болып табылады.
Ірі банктер, әдетте, функционалдық белгісі бойынша құрылатын бөлімше мен
басқармадан тұрады. Олардың жетекшілері бұл бөлімшелердің дұрыс жұмыс
істеуін қамтамасыз етеді. Басқарма бастықтары және олардың орынбасарлары
бөлім мен қызмет көрсету жұмыстарын координацияларды, олардың
бағдарламалары мен нақты мақсаттарын айқындайды. Сонымен қатар, жұмыстарын
бағалайды және кеңес береді. Олар басты назарын негізінен соңғы
нәтижелеріне аударады.
Бөлімдер мен клиентке қызмет көрсету жұмыстары банк операцияларының
қандай да бір бөлігіне шағын ғана маманданған жұмыспен айналысатын кәсіби
мамандардан тұрады.
1-сызбада Акционерлік-коммерциялық банкті басқарудың ұйымдастырушылық
құрылымы келтірілген (Тұранбанктің).

лллл

1-сызба: Акционерлік-коммерциялық банкті басқарудың ұйымдастырушылық
құрылымы.

АҚШ-тың коммерциялық банкінің басқару құрылымы жоғары қызығушылық
туғызады. Банкті басқарудың басты органы акционерлердің жалпы жиналысы
болып табылады. Акционерлер жиналысында директорлар кеңесі сайланады (ірі
банктерде президент), ол банктің қызметінің барлық негізгі сұрақтарын
шешеді. Директорлар кеңесінің негізгі қызметтері мынадай: банктің
стратегиялық мақсатын анықтау және банк саясатын құру, жетекшілік
органдарға адамдар іріктеу, комитеттерді құру; қарыздық және инвестициялық
операцияларды бақылау, кеңес беру; банк қызметтерін кезеңдік тексеру және
т.б. қызметтер.
Директорлар кеңесі іс-тәжірибелік операцияларды жүзеге асыру және
басшылық ету үшін банкінің басқару құрылымын құрады. Өкілеттік көлемі мен
өз бетіндік дәрежесі бойынша басқару құрылымы үш деңгейден тұрады:
1) жоғары менеджерлер;
2) администраторлар;
3) қадағалау және ревизиялық функциялар берілген тұлғалар.

Жоғары менеджерлер – бөлімдер мен службалардың қызметтерін
шоғырландырады, олардың бағдарламаларымен нақты мақсатын айқындайды, кеңес
және олардың жұмыстарына бағасын береді. Олар өздерінің басты назарын банк
жұмысының нәтижесіне аударады.
Администраторлар – бөлімше жетекшілері. Олардың басты мақсаты -
өздерінің бөлімшелерінің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету.
Үшінші деңгейдегі қызметкерлер – қадағалаушылар жатады. Бұл қатардағы
жұмысшыларға көмек көрсететін, күрделі және даулы сұрақтарды шешетін, нақты
жағдайлар бойынша кеңес беретін, персоналды оқытумен айналысатын шағын
маманданған топтар немесе бөлімшелерге басшылық ету тапсырылған, неғұрлым
мамандандырылған кәсіпқой мамандар.
Банктің күнделікті қызметіне басшылық ететін, банкінің жоғары лауазымды
тұлғасының қатарына: директор кеңесінің төрағасы, президент, қазынашы,
бақылаушы, ревизор жатады.
Директорлар кеңесінің төрағасы – жедел іспен айналыспайды, бірақ
директорлар кеңесін шақырады және жүргізеді, әр түрлі форумдарға банк
атынан қатысады. Кейбір банктерде бұл орынды президент орнымен
бірлестіреді.
Президент – бұл банктің барлық іскерлік өмірінің басқарушысы. Ол жедел
шешімдер қабылдайды, барлық бөлімдердің қызметтерін басқарады, билік және
басқа да ұйымдармен байланысын реттейді. Ірі банктерге президент вице-
президенттер арқылы банк қызметінің күнделікті жұмысына басшылық етеді.

II Бөлім. Коммерциялық банктердің операциялары.
2.1. Коммерциялық банктердің пассив операциялары.
Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары
анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға
бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру);
комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және
сенімді операциялар.
Пассив операциялары – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа
банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және с.с. басқа да
қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту
операциялары. Олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық банктің басқару құрылымы
Банктердің экономика дамуындағы рөлі
Алтын ақшаның айналыстан шығуы
Несиелік мекемелердің түрлері
Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және элементтері
Ақша саясаты
Жоспарлы - орталықтанған экономика жағдайында ақша айналымының ерекшеліктері
Ақша жүйесі және ақша айналымы. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
Банк жүйесінің қызметтері
Пәндер