Жеке құжаттар


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

Күнделікті өмірге қажеттілік туған жағдайда әкімшілікке, сотқа, натариусқа, почта бөліміне, банке т. б. қызмет көрсету органдарына қайсымыз болмасын ісіміз түсуі мүмкін.

Ресми құрылымдармен ондағы лауазымды адамдарға біздің көз - қарасымыз да әртүрлі болады: оларға құрметпен, күдікпен немесе сақтана қарауымыз мүмкін. Соған орай ауыз екі тілдесуде әр қалай қатынас орнап жатады.

Алайда, мәселені дұрыс шешу үшін, қызмет әдебін сақтап, жазбаша түрде қалыптасқан қатынасқа жүгінгеніміз жөн.

Егер, мысалы: ресми органнан бір нәрсе жөнінде сұрайтын босақ, арыз жазамыз. Басқа адамның бір нәрсені істеуіне тапсырыс беретін болсақ, сенімхат жазамыз. Басқаша айтқанда, алдымен құқықтық және этикалық жағынан жағдайға сәйкес келетін белгілі бір құжат түрін таңдаймыз. Одан кейін құжатты қалай толтыру керектігін, яғни, оның қандай деректерден (мағыналық бөліктерден) тұратыны, ойдың қандай реттелікте, қандай сөздермен беру керектігін ойлаймыз. Бір сөзбен айтқанда, құжат толтырудың үлесін жақсы білуіңіз қажет.

Қызметтілік қарым-қатынастығы сияқты жеке адамның ұйымдармен қарым-қатынасында да (немесе керісінше) құжат жанрларының белгілі бір түрлері бар. Оларды жеке құжаттар деп атау қалыптасқан. «Жеке» деп аталатын себебі- олар жеке адамның арынан жазылып, жеке адамға арналады немесе тісілі болып келеді.

Азаматтардың заңды тұлғаларға көбірек жазатын құжат түрлері: негізінен арыз, сенімхат, қолхат, тапсырма хат болып келеді. Әр түрлі ресми шешілетін жағдайларға сәйкес олардың түрліше формалары болуы мүмкін.

Бұл жағдайда құжаттағы баяндау стилі оның жанрлық және тілдік ерекшеліктеріне сәйкес болады. Жанрлық стиль құқықтың тізбелер құрамын, олардың орналасу ретін, мәттіннің жалпы мағыналық құрылымын сақтауды талап етсе, тілдік норма сөз қолданудағы дұрыстықты, қисындылықты, анықтықты, қысқалықты, қарапайымдылықты, сөздік эмоцияға құрылмауын т. б. талап етеді.

Кез- келген құжаттан біз шынайылықты (ол басқа қағазға сілтьеме жасау арқылы дәлелденеді) және онда берілетін мәліметте толықтығын талап етеміз. Бұл жерде толықтық аз сөздің көп мағына сыйғыза алу қабілетін жоққа шығармайды. Сөйтіп, жеке құжат түрінің құрылу тәртібі мынадай болып келеді:

Жағдайды бағалау құжат жанрын(түрін) таңдау мазмұны және оның дұрыс орналасуын қадағалау ресми іс қағаз стилі нормасына сәйкес жазу.

ІІ. Негізгі бөлім. Жеке құжаттар.

  1. Жекеарыз-ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі. Арыздың мақсаты - адамның қалауын, ниетін қағазға түсіру.

Арыз өте кең тараған іс-қағаз жанрына жатады. Оны әр бір сауатты адам жаза білу керек.

Арыз белгілі бір себеппен жазылады. Әдетте онда бір ғана мәселе көрсетіледі.

Арыздың бірнеше түрі бар. Олар: өтініш түрінде жазылатын арыз, түсініктеме түрінде жазылатын арыз, шағым түрінде жазылатын арыз, констатация түрінде жазылатын арыз. Бұлардың әрқайсысы ондаған мотивте жазылады. Арыз жазу ережесі баынша қарапайым десе де болады. Арыздың алты деректемесі бар: кімге жолданғаны, кім жазғаны, құжат аты, мазмұны, қолы, мерзімі.

Арыз сиялы я шарикті қаламмен, таза, түзетулерсіз жазылуы керек. Жазу машинкасын немесе оргтехниканы қолдануға болады. А4 форматты кейде А5 форматты қағазға жазылады.

Натариус куәландыратын арыздар мынадай жағдайларда жазылады:

  • мүрагерлік құқығына ие болу куәлігін алу үшін;
  • тұрғын үйді ауыстыруға келісім бергенде;
  • жарналарын аударған кезде;
  • баладан бас тартқанда;
  • бала асырап алғанда және т. б.

Арыздың негізгі тізбесі - мәтін - екі мағыналық бөліктен тұрады: онда өтініштің мәні және оның негіздемесі дәлелденіп жазылады. Бұл мағыналық бөліктердің рет тәртібін құжатты толтырушы өзі анықтайды. Арыз толтыру үлгісі мынадай болып келеді:

Қабылдаушы (адрес иесі)

жолдаушы.

Арыз.

Мәтін(өтініштің мәні мен негіздемесі, ) күні

Жеке қолы

  1. Сенімхат- белгілі бір тұлғаның өз өкілеттігі мен құқын екінші бір тұлғаға берілгенін жазбаша растайтын іс қағазының бір түрі. Сенімхат рақты бір мәселені үшінші бір тұлғамен шешу мақсатында беріледі.

Сенімхат мынадай ақша түрлеріналу үшін пайдаланады: жалақы, зейнет ақыалимент, ақша аудару т. б.

Сеніхат мәтіні мынадай мәліменттерді құрайды:

  1. сенімхат иесінің аты-жөні, қызметіжәнемекен-жайы;
  2. сеніп тапсыратын өкілеттіктерді мен құқықтарының дәлауқымы;
  3. сеніп тапсырған адамның аты-жөні, оның қызметі немесе мекен -жайы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, кім бергені, қашан бергені;
  4. сенімхат әрекетінің мерзімі.

Сенімхаттың типтік үлгісі мынадай:

Құжат атауы

(сенімхат)

Мәтін

(кім, кімге, нені және қандай мерзімге сеніп тапсырады)

Күні Сенімхат берушінің қолы

Үлкен жауапкершілік жүктейтін іс-әрекетті орындауға немесе қымбат мүлікті алуға берілген сенімхат нотариалдық тұрғыдан куәландыруы мүмкін. Кей жағдайда қойылған қолдар сенімхатта көрсетілген адамдар жұмыс істейтін мекмелердің кадрлық қызмет көрсету орындарымен де куәландырылуы мүмкін.

  1. Қолхат-іске асқан бір фактіні, мысалы, ақша не басқа бір қымбат дүниені алғанын растайтын құжат түрі.

Құжат үлгісі мынадай:

Құжат атауы

(қолхат)

Мәтін

(кім, кімнен және нені алады)

Күні Қолы

Құжат мәтінінде қолхат берушінің қызметі, аты-жөні, алған ақшаның мөлшері немесе басқа құнды дүниенің кімнен алынғаны толық көрсетіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Істерді жасақтау мен құжаттарды топтастырудың жалпы ережесі
Басқару қызметінің құжаттары
Қазақстан Республикасының іс жүргізу және мұрағат ісі мемлекеттік стандарты
Қазіргі кезеңдегі мұрағат ісін ұйымдастыру
Іс қағаздарының номенклатурасы, құжаттарды мұрағатқа сақтауға дайындау
Бухгалтерлік құжаттар, құжаттардың деректемелері
Ведомствалық мұрағат
Құжат айналымы туралы жалпы түсінік
Құжаттаманы басқару тәртібі
Құнды құжаттардың сараптаудың міндеттері мен мақсаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz