Прокурорлық айыптаушылық


Прокурорлық айыптаушылық
Прокурорлық немесе айыптаушылық сөз. Прокурордың айыптаушылық сөзі оның қызметімен тікелей байланысып, өзара қабысып астасып жатыр. Яғни прокурор сөзі оның негізгі атқарар қызметінен туындайды. Қазақстан Респлбликасы Конституциясының 83-бабының 1-4 тармақтарына, 1995 жылдың 21-желтоқсан күнгі Елбасының заңды күші бар «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы КЕЖК 62-бабына сәйкес: «Соттың қылмыстық істі қарауына қатысушы прокурор айыптауды қолдау жолымен мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекетгік айыптаушы болын табылады. Мемлекеттің мүдделірн қорғап талап коюға құқылы».
Айыптаушылық сөз - қылмыстың іс бойынша жарыссөзге қатысады, мемлекет атынан айыптауды қолдаған, іс бойынша жинақталған дәлелде-мелерге талдау жасаудан тұратын, жасалған қылмысқа баға беріп, сарап-тайтын, соның негізінде жазалау шарасын тағайындайтын, басқа да заң тұрғысынан негізгі үкім шыгаруда маңызы бар, азаматтарды құқықтың, адамгершілік жағынан тәбиелейтін прокурордың сөзі.
Қылмыстық істін түйінін шешуде сотқа қосалқы көмек беретін, мемлекет атынан айыптаушы міндетін атқаратын прокурордың сөзінің қылмыстық сот жүргізу ісіне алар маңызы ерекше. Орыс заңгері Р. А. Руденко сотта мемлекеттік анықатаудың қылмысқа қарсы күресте қоғамдық пікірді қалыптастырудағы орнын айрықша бөліп айтқан еді.
Айынтаушылық сөздін мазмұны белгілі бір іс бойынша сөйлейтін прокурордың азаматтық позициясымен, төрелік айтар сөздің мәнімен өрнектеледі. Казірде халық арасында прокурор сөзін алдағы сот шығарар үкімнің әуелгі негізгі жобасы санайтын жаңсақ пікір етек алған. Ендеше бұдан қорғаушы сөзі де алдын ала белгіленген үкім жобасының негізінен шьпады деген үғым туындауы да мүмкін. Осы екі жобаның қисынға келер бірін ғана соттың таң-дауы керек деген жорамал айтады. Бұл тіпті де олай емес. Соттағы төрелік айтар сөзде үкім шығару үшін қарастырылар барлық мәселе тілге тиек болады. Прокурор болашақ үкім жобасын емес, қылмыстық іске деген өзінің ой-шешімін ғана айтады. Шынтуайтында заң бойынша прокурор былай тұрсын соттын да сот процесінлегі жарыссөзден кейін кеңесу бөлмесінде болмаса, алдьга ала укш шығаруға құқысы жоқ.
Прокурор өз позштиясын іс материалдары бойынша әрі соттағы процес-суалдык қызметше карай айқындайды. Бүгінгі тандагы гылыми әдебиетте прокутюрдъш істегі пропесуалдьгқ қызметі туралы екі түрлі көзқарас қалыптасқан: бірі - кей авторлар оны мемлекеттік айыптаушы деп біледі, екінші біреулері - заттың дұрыс жүргізілуін қадағалайтын бақылаушы органның өкілі деп таниды. Негізгі мазмұнының өзегінде көптеген мәселелер Қамтылатын айыптаушылық сөз бір ғана айыптаумен шектелмек емес. Прокурор өз сөзінде қылмыс жасауға түрткі болған себептер мен жағдайларға тоқталып, соттың назарын заңның өрескел бұзылуына аударады, орын алған қылмыстық іске қоғам тарапынан бағасын береді. Сондай-ақ бұл тәрбиелік, адамгершілік аспектілерді де қозғай кетеді. Осылайша соттың айыптауын қолдауы - айыптау сөздің негізгі желісін құраса да, ол бір бөлігі ғана. Ол заң талабын дұрыс та бұлжытпай орындауды керек ететін прокурордың Конституциялық және процессуалдық қызметінен келіп шығады. Мәселен, Қарағанды облыстық № 2 Қазыбек би аудандык сотында № 027820240038 ҚР ҚК 251-бабының 1-тармағымен айыптау бойынша қаралған қылмыстық істегі айыптаушының сөзі осының айқын көрінісі: «Қылмысқа К-ы итерген не жағдай дегенге келсек, моральдың азғындаумен қоса, барынша қатыгездік-пен көрінген мінезіндегі осалдық деп айтар едік. Қылмыстық ниет неге саяды? Қ. айтады: «Ж. мені «сумырай» деп атады. Сондықтан мен оны ұрып-соқтым». Адамды қылмысқа итермелейтін негізгі себеп осындай болар ма екен? Бұл - өзінің ортасына деген немқұрайдылық, адамдықпен санаспау».
Айыптау ұғымы туралы ғылыми пікір-көзқарастарда бірізділік жоқ, ала-құла. Ол өз алдына бір бөлек әңгіме болғандықтан біз қарастырып отырған мәселе төңірегіне келіңкіремейді. Дегенмен, біз де айыптау туралы өз пікірімізді айта кетсек дейміз. Айыптау - белгілі бір іс жургізу түрімен анықталған (қаулы, айыптау қорытындысы, айыптау сөзі, наразылық білдіру т. с. с) белгілі бір түлғаның қылмыс жасағандығының көрсеткіші, қылмыс жасаған қылмыскерді анықтауга багытталған, қылмыстық әрекетті дә-лелдеудің дұрыстығын әйгілейтін сот ісін жүргізудің бір түрі.
Егер прокурор соттың қарау барысында қылмыстық жауаптылыққа тар-тылған тұлғаның қылмыс жасағандығына анық көз жеткізсе, айыптау тұрғы-сынан іс материалдарын қорыта отыра, өзінің сөзін көпішілік алдына келде-нең тартады. Алайда бұл міндетті түрде айыптау қорытындысының шешім-дерін қолдайтын, айыптау үкімі туралы қаулы шығару деген шарт емес. Прокурорлар соттаулышыны кінәлі деп тапқан талай қылмыстық, азаматтық істерге тоқтау салынып, не ақталып жатуы, сөз жоқ, олардың кәсіби деңгей-іне күмән туғызады. Оның артында адамдардың заңды құқығын бұзу, сот төрелігі мүддесіне қайшылық, заңнын сақшысы ретіндегі прокурор беделіне нұқсан келтіру деген көзқарас, пікір қылаң береді.
Прокурор көпшілік алдына шыққан кезде өзінің заңның сақшысы, әділ-діктің жаршысы, мәмілеге келе бермейтін тұлға, сөзі мен ісіне табанды жан екенін ұғынуы кажет дейміз. Әйгілі адвокат А. Ф. Кони бір сөзінде «қорғау кезінде тасып сөйлеуді кешіруге болады, ал айыптау ісінде таусыла сөйлеуді кешіруге әсте болмайды» дейді.
Прокурор сөзінде айыптау жағы басымдау болғаны ләзім. Бірақ бұл қо-ғамға қауіпті жасалған іске атүсті жеңіл-желпі қарау, шындық, ақиқатқа қайшы келетін әрекетке бару деген сөз емес.
Қазірде іс жүзінде талапқа сай келмейтін айыптаушылық сөздер аракідік болса да кездесіп қалады. Мысалы, бүзақылық туралы қылмыстық істе прокурор мынадай сөз айтқан: «Қүрметті сот төрагасы, болған іс бәрімізге түсінікті. Сотталушы К. гүлзардың гүлін жұлған. Әйел мен балаларға балағат сөздер айтып, төбелес шығарған. Қылмыстың істе төбелестің ұрыс-айғайдың болғанын дәлелдейтін мағлұматтар бар. Сотталушыны кінәлі деп тауып, үш жылға бас еркінен айыруды сұраймын».
Мұндай сөздерде қылмыстық іс жан-жақты тексеріліп, объективті баға берілген деп айтпас едік.
Қазақстан Республикасының ҚІЖК айыптаушылық сөз элементтерінің неден тұратынын белгілемейді. ҚР ҚІЖК 317-бабының 4-тармағында: «Про-курор дәлелдерді ұсынады және оларды зерттеуге қатысады, сотқа айыптау-дың мәні бойынша, сондай-ақ сот талқылауы кезінде ондаған басқа да мәсе-лелер бойынша өзінің пікірін баяндайды, сотқа қылмыстық заңды қолдану және сотталушыға жаза қолдану туралы ұсыныс айтады» делінген. Алайда тәжірибе жүзінде соттағы дауларда бүгінгі таңда айыптау сөздің құрылымы қалыптасып үлгерген деуге әбден болатындай. Айыптау сөзінің құрылымы мынадай элементтерден тұрады:
1) қылмыстың қоғамдық бағасы;
2) істің мән-жайын баяндау;
3) іс бойынша жиналған және сот тексерген, зерттеген дәлелдемелерді талдап, бағалау;
4) қылмысты саралауды негіздеу;
5) сотталушыға, ал кейде жәбірленушіге мінездеме беру;
6) жазалау шарасы және азаматтық талап бойынша өз ой-пікірін білдіру;
7) қылмыстың жасалуына түрткі болған жағдайлар мен себептердің кезін ашу және оларды жою туралы ұсыныстары.
Сотталушының, ал кей жағдайларда жәбірленушінің, басқа адамдардың мінездемесі соталушы сияқты жәке тұлғаның жауапкершілігін негіздеу үшін ғана емес, сондай-ақ қылмыстын субъективті жағын анықтап, дәлелдеме-лерді бағалау үшін де керек. Құрылымының негізгі бөліктерін міндетті түрде сақтап отыру қажет те емес. Өйткені айыптаушылық сөздер бір-бірінен аумайтын егіздің сыңарындай, тұщымсыз, татымсыз шығып, тәрбиелік мәнінің жойылуына әкеліп соғар еді. Мәселен, Қарағанды облыстың сотта қаралған № 9816129 азамат Н-ны ҚР ҚК-нің 96-бабы І-бөлімімен айыптау туралы қылмыстық істегі айыптаушының сөзі: «Құрметті сот төрағасы! Сот мәжілісінде сотталушының ҚР ҚК-нің 96-6. І-бөлімімен айыпталған іс қаралып отыр. Алдын ала тергеу барысында айып дұрыс дәрежеленген. Нұрасқаров сөзге өгей әкесі Абдрахманов Отанмен келіспей қалып, төбелесіп, жанжалдасқан. Миына зақым келіп, өкпесіне қан құйылған, қабырғалары сынған. Іс құжаттарымен, сараптама қорытындысымен, сотталушының жауабымен айып толық бекіп отыр. Ауыр дене жарақатын алып, осы ауыр дене жарақаты салдарынан қайтыс болған. Сотталуішыны ҚР ҚК-нің 96-бабы І-бөлімімен айыпты деп тауып, 8 жылга бас еркінен айыруды, жаазаны қатаң режимде өтеуді, бас шарасын өзгеріссіз қамауда қалдыруды сұраймын». Айыптау дәлелдермен толық анықталса да, сөз қан-сөлсіз шығып отыр. «Н. сөзге өгей әкесі - А. -мен келіспей қалып, төбелесіп, жанжалдасқан. Миына зақым келіп, өкпесіне қан құйылған, қабырғалары сынған» деген сөздің стильдік құрылымында тіпті жәбірленген адам емес, сотталушы қайтыс болғандай көрінеді. Қылмыстық істің қоғамдық бағасы берілмеген. Біздің пікірімізше, айыптау тактикасы бойынша құрылымның қатып қалған шаблонын емес, ойдың бірізділігін сақтау жөн. Егер айыптау дәлелдермен толық анықталған болса, оған көп көңіл бөліп, тоқтаудың қажеті шамалы дейміз. Қылмысты саралау (квалификациялау) дау туғызатындай пікірталасқа әкелер болса, оған зан тұрғысынан негіздеуге көбірек көңіл аударған ләзім. Егер айыптау жанама дәледемелерге ғана құралса, анық болған істі тәпіштей баяндап, дәлелдемелерге тиянақты түрде талдау жүргізу тән.
Айыптаушылық сөзде сот тергеуінің корытындылары келтіріліп, істің барлық материалдары анықталады, дәлелдемелер мемлекеттік айыптау тұрғ-ысынан талданады. Прокурор мемлекет атынан сөйлейтіндіктен оған қатаң талаптар қойылады. Әрбір айыптаушылық сөзде қарастырылып отырған іс-тің қоғамдық бағасы беріледі, жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілігі кел-тіріліп, қандай да қылмыстық іспен ұсақ-түйегіне қарамай қарсы күрес жүр-гізуіне үндеп, қылмысты жасаудың алдын алу көзделеді.
Прокурордың айыпгаушылық сөзіне этикалық талаптарда койылады. Соның ішінде ең бастысы - істің қарау барысында прокурордың өз позиция-сын айқындап, анықтап алу жатады. Оның шешімдері мен тұжырымдары заңға қатаң сәйкес болуы - шарт.
Сотталушыға тән қылмыс жасалған сәттегі, іс-материалдарына қажетті белгілерді таба білуі керек. Сотталушының толық мінездемесін келтіру міндетті емес. Маңыздысы - қылмыскердің моральдық бейнесінің, мінез-құл-қының қоғамға кауіпті әрекетіне қатысы барлығын айтуда. Қаралып отырған қылмыстық іске қажетсіз болған жағдайда көпшілік алдыңда оның өмір-баянынан арына кір келтіретіндей дерек іздеу, нәзік интимдік өмірінен мәлі-меттер айту тіптен де адамгершілікке жатпайды. Сотталуншыны келеке қылу, намысына, арына тиіп сөйлеу - прокурорға жат қылықтар.
Кей сәттерде жәбірленушіге де мінездеме беру шарт. Оған жабылған жаладан, негізсіз айыптаудан қорғап қалуы керек.
Жәбірленушіге теріс мінездеме берілсе, ол барынша негізді, үстамды-лықпен, байсалдылықпен айтылуы тиіс. Қылмыс жасалған кездегі жәбірле-нушінің құқыкқа қарсы әрекетін, адамгершілікке жатпайтын кылықтарын да назардан тыс қалдырып, сөз етпей кетуге болмайды.
Прокурор айыптаушылық сөзінде біржақты пайымдаудан қашқаны аб-зал. Оның айыптауы соттың айыптауы емес. Ол сот процесінде шығып сөй-легенде көпшілік оның сөзінен сотка деген қадірін, күрметін сезінуі керек. Ұстанған позициясы мейлінше айкын, дұрыс екенін сотқа сездіруі шарт.
Өкінішке орай, түрлі объективті, субъективті себептермен еліміздегі сот процестері казак тіліяде мейлінше аз жүргізілетіндікген, шешендік талабына жауап беретіндей үлгілік тұрғыдағы сейлеулер тапшы-ақ. Сондықтан бізге мысал ретінде кейде сот шешендігіне ұлттық әдебиет - проза кеңістігіндегі айғақтарға жүтінуге тура келеді. Осының жаркын дәлеліндей, үлттық сот тілмарлық шешендігінің, айыптаушылық сөзінін жаркын үлгісі ретінде кезінде М. Әуезов өзінің романында пайдаланған Балқыбек сиязындағы Абайдың сейлеген сөзін айтар едік. Мұндай мысалдар қазақтың шешендік өнер тарихында көптеп табылады.
М. Әуезовтін «Абай жолы» романында бейнеленетін Салиқа қыздың дау-ындағы төбе би ретінде Дбайдың айыптай сөйлеген сөзін, сөз сөйлеудің классикалық талабына сай, мәтінді кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды деп бөліп көрелік.
Кіріспе бөлімі:
« - Уай, жағалай жұртым! Ортаңа мені койыпсың. «Тетігімді тап, ты-нымымды бер» деп койыпсың. «Сынга салдым, жарыңшагыма жамау бол, сына бол» деп сеніпсін. Арылын өтер жөнім бар. Бір айтарым, Тобықтыдан туғаныммен екі бауыр. екеуінін ісіне Тобықтынын тұрғысынан қарар деме. Тағы бір айтарым, бар казакта жесір дауы - жеті ықылымнан келе жатқан дау. Заман озып, зан тозатыны рас па? Содан ба, болмаса дау біреу болғанымен, дауа көп болтандыктан ба, әйтеуір біздің тұсымызда, дәл осы заманымызда бұл халыққа сын болғандай. Келеге сын, нәсілге сын болғандай деп тү-сінемін. Міне. ағайын. сенін алдыңда өзіме осында асу қып атаған екі тұғы-рым бар. Айтар билігімнін кыбласын осыдан ұқ дер едім. Бұдан басқа, баспалап бағар, өзге себебім жоқ. Барлап барар, сендер қамыңнан өзге бағытым жоқ.
Негізгі бөлім:
«1. Әуелгі түйін - Салиқа кыз басы. Жаксы жол - елге жора. Мен, бая-ғың нені желеу, нені жамау тапқанын білемін. Жаңа ұрпақ жаңа тілекпен ке-леді. Жас боп туып, жетпестен күңіреніп өтем деп келмейді. Жаңа күн өзінің жаңа жорасын, жаңа тілегін жас көңілімен айтады. Оған құлак ілмеген ел-діктін дауасын таппай, аласын табады. Бұл қыз болса, тағдыры бір жазалаған қыз. Теңінен айырылып, тілегінен кесілген қыз. Ата-анасы, қайын жұрты бір атаған орнынан жас көңілін тапжылтпай табылғанды. Бірақ өмірге екі өлім бұйырған тәңір тағдыры да жоқ. Сабатар тілегі сол қыз басына екінші өлімді қанды ноқта қып ұсынып отыр. Бұл ақ ноқта емес, қайта айтамын - қан ноқта. Қыз өлімге бар, бұл өмірге жоқ. Жиын отырған жұрт, бәрің де - апа-қарындас, қыз-қыршын бар. Төрт арыстың жиыны, жора болсын дей-мін кейінгіге. Бір жанға екі күймек - әділет емес. Алғашқыда саған берген еркін, халық, енді кыздың озіне берсін. Қыз басы - Сыбаннан азат. Бұл - менің бірінші байлауым.
2. Сыбанда да жазық жоқ. Өлім - ел жазасы емес, ер қазасы, дауа жоқ. Мал бергені, ақ тілекпен қызығын күткені анық еді. Бірақ өлім орнын ез ол-қысымен толтыру керек. Салиқа қыздың қалың малы жеткен, ақы адал мал болатын. Керей, оны алдың. Бір алмадың екі алдың. Басында алғаш алған қалың малың да аз емес еді. Елу түйенін пұлы. Кейін қызынды ықтиярына қарамай, «қартаң кісіге барады, қатын үстіне барады» деп сылтауратып, тағы алдың, тағы да көп алдың. Бұл тұста Сыбан жазықты емес, араныңды ашқан, Керей, сен жазықтысын. Енедеше, адал бата, ақ малдын орайына қыз иесі Керей Сабатарға екі қыздың қалың малын берсін. Алғаш алғаны елу түйе, кейін еселеп алғаны жиырма бес түйе екен. Мен өрі Сыбан алдындағы, әрі өзінің қызынын алдындағы жазығы үшін Керейге тағы жиырма түйе айын кестім. Сейтіп, Керей екі қыз қалың малын жүз түйе қып қайырады.
Қожагелді мен Шақантай Сыбан алдында айыпты екі ата тең тартады. Бұл екінші түйін.
3. Мен бес күн бойында, осы кыз дауынан туған шығын-шабуылдын екі жағын да шолып танып, қолыма жиып отырмын. Барымта қуғын үстінде Керейдің екі жүз жылқының ақысы Сыбанға ауысқан. Жүз жетпіс жылқының тобы Керейге ауысқан. Сол барымта малы, көзі барының көзі боп, көзі жоғы әр жылқының тұяғы бір бесті боп, екі жаққа ерсілі-қарсылы қайта ауыссын.
Қорытынды бөлім:
Міне, ағайын, ел бірлігінің тілегінен туған, менің талабым, тоқтау сөзім де осы. Мен болдым».
Төбе би Абай әрі кесім-билік шығарар судья, әрі айыитаушы бейнесінде сөйлейді. Әкесі Құнанбай билік айтуға баладайынан баулыған Абай даулы істің қыр-сырына әбден жетік. Сұңғыла шешен Абай ел ішінде ынтымақтан айырар алып-қашпа әңгіме туындамас үшін ең әуелі позициясын айқындап алады. Абай сөзінде классикалық айыптау сөз элемештерінің бәрі де бар: болған істің мән-жайына әбден қанығып, ақиқатқа көзін жеткізіп, келтірілген дәлелдемелерді анықтап, қылмыстық істі сарапқа салып барып үкімді негіздейді. Ел бірлігі тілегінен туған істін тәрбиелік жағы да Абайдан қалыс қалмайды. Күнәкер жағы жазаланып, қызын сатқан қүныкер жағы да жазасын тартады.
Қорғаушылық немесе адвоқаттық сөз. Әдетте тергеушілер қызметі туралы аз жазылып жүрген жоқ. Сот жайында да жазылған жұмыстар баршы-лық. Ал адвокаттардың қызық та қиындыққа толы күнделікті жұмысы тура-лы жазылған енбектер берен-саран, тіпті жоқтын қасы десе де болады. Со-ның ішінде адвоқат еңбегінің технологиясы туралы білетініміз тіптен мар-дымсыз. Егер аналогия келтірсек, жасалған қылмыс туралы дәлелдемелер жинақтаудағы тергеушшің мүмкіндік арсеналы мейлінше шексіз. Адвоқат болса алдын ала тергеу корытындысьгаың қателіктеріне, кемшіліктеріне көзі әбден жетіп түрса да, ол тек заңға жүгініп, содан өзіне ілік, жактас іздейді, өзінің ойлау үрдісінің темірқазык логикасына, сондай-ақ қарастырылар іс материалдарының жеке-жеке детальдарына ғана сүйеніп, түңғиықтан алып шығар жіңішке сүрлеулі жолын іздейді. Осындай шынайы қорғаушының күш-кайратының аркасында ғана әділеттіліктің туы желбіреп, кінәсіз адам қамаудан босатылады. Ендеше қоғамдағы зәрудей қажеттілігі еш күмән ту-ғызбайтын шешендік шеберлікті меңгерген адвокаггық кәсіптің кыр-сыры нендей, оның әділетгі сот жүйесіндегі алар орны кандай деген сауал зайыр-лы, қүкықтық қоғамда ғүмыр кешкен әрбір адамды толғандырмай қоймай-тыны анық. Нақтылай айтқанда, адвоқат ісі: жүртшыльгкты қабылдау арқы-лы консультация-кеңес беру, тергеу сатыларынан бастап қылмыстық істерді жүргізуде белсене қатысып, сотта сөйлеу; жеке, мемлекеттік кәсіпорындар-ында қызмет көрсету, азаматтық істерді жүргізу т. б. толып жатқан еңбек-терден тұрады. Алайда біз сот төрелік тілмарлығына бірден-бір негіз бола-тын адвоқаттың соттағы сөйлеу еңбегін жан-жакты алып карастырғымыз ке-леді.
Сот шешендігінің жүйесі қорғаудың стратегиясы мен тактикасы, оның мазмүны мен қүрылымынан келіп түзіледі. Белгілі ғалым Е. Қайыржанов пен ; Р. Жәмиева бірігіп жазған еңбектерінде қорғау тактикасы мен түсінігіне, мазмүны мен құрылымына ғылыми әдебиетте тұщымды жауап беріле кой-ған жоқ дей келе, өздері тарапынан анықтама бере кетеді: «Қорғау тактика-еы - бұл қорғау қызметін оңтайлы жүзеге асыруға бағытталған ғылыми ережелер мен ұсыныстар жүйесі . . . Қорғау тәсілі - бұл қорғау міндетін ше-шу мен мақсатқа жетуге мүмкіндік туғызатын, қорғау жағдайын есепке ала отырып, қолданылатыя ғылыми үстанымдарға негізделген қорғауды анағұр-лым тиімді жүзёге асыратын тәсіл . . . Қорғау тәсілінің ішінде білімділік, ше-берлік секілді өнерге тән қасиеттер кіреді. Шеберлік, іскерлік - бұл қорғау тактикасы қызметін іске асырудың, оның тиімділігінің шарты, бірақ мазмүн элементі емес. Қорғау тактикасы шеберліксіз де қолданылады, ол қанша-лықты тиімді, дұрыс тандалып, білгірлікпен жасалды ма, мәселе сонда. Қор-ғау тактикасы - бұл өнер ғана емес, көбіне-көп қорғаушының жеке санасы-на байланысты әрекет. Білімділік пен шеберлік әдемі тілмен өрілсе ғана қу-атты қаруға айналады» 1 ,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz