Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
a) Азаматтық қорғанысты үйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері
б) Төтенше жағдайлар облысындағы заңдар мен ережелер
III Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстанның тәуелсіз ел болуы, қоғам-дық қатынастардың барлық негізгі салаларын қайта жасақтауы – елімізде Азаматтық қорғаныс жүйесін және халық пен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жүйесін құруды талап етті. Қазақстан Республи-касының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Заң жүзінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік орган болып табылады.
Қазіргі таңда тамырын тереңге жайған бұл саланың өзіне бағынысты аумақтық органдары, құрылымдары барлық облыс, қала, ауыл – аймақтарда жасақталған. Заманның түрлі қажеттіліктеріне байланысты Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар саласының сан-алуан қызметтері құ- рылды. Атап айтсақ, аумақтық, медициналық, нысандық, барлау, құтқару, инженерлік, энергетикалық, коммуналдық-техникалық және жолкөпірлік, өртке қарсы, апаттық – техникалық, радиациялық және химиялық қорғау, байланыс, материалдық-техникалық қамтамасыздандыру, көліктік, қо- ғамдық тәртіпті сақтау, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, азық- түлік және т.б. құтқару мен кейінге шегеруге болмайтын жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ететін маңызды қызметтер бар.
Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайларға байланысты арнайы заңдар бар. Бұл осы саланың тәуелсіз мемлекетіміз үшін, халық, қоршаған орта, сондай-ақ, шаруашылық нысандары үшін аса маңызды екенін көрсетеді. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында: «Халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады» деп атап көрсетілсе, «Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР Заңында: «Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу – мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі, оның қорғаныс ша-раларының құрамдас бөлігі» деп атап көрсетілген. Осы орайда, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардаптарын жою бойынша ауқымды шаралар атқарып келеді, сонымен қатар, ағымдағы жылдың жоспарына сәйкес, төтенше жағдайлар саласындағы заңдардың талаптарын, Азаматтық қорғаныс құрылымдары, апаттық – құтқару қызметтерінің жұмыстарын үйлестіру туралы шешімді орындау бойынша бірқатар іс-қимыл атқарды.
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай құрылымдарының әзірлігін арттыру, сондай-ақ әртүрлі топтағы халықтарды төтенше жағдай кезіндегі ережелер мен олардың алдын алу шараларына оқытуды ұйымдастыру бүгінгі күнібастыбағыттардыңбірі.
1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы N 100 «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы
2. www.google.kz

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
a) Азаматтық қорғанысты үйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері
б) Төтенше жағдайлар облысындағы заңдар мен ережелер
III Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстанның тәуелсіз ел болуы, қоғам-дық қатынастардың барлық негізгі
салаларын қайта жасақтауы – елімізде Азаматтық қорғаныс жүйесін және халық
пен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау
жүйесін құруды талап етті. Қазақстан Республи-касының Төтенше жағдайлар
жөніндегі министрлігі Заң жүзінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлар саласындағы арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік орган болып
табылады.
Қазіргі таңда тамырын тереңге жайған бұл саланың өзіне бағынысты аумақтық
органдары, құрылымдары барлық облыс, қала, ауыл – аймақтарда жасақталған.
Заманның түрлі қажеттіліктеріне байланысты Азаматтық қорғаныс пен төтенше
жағдайлар саласының сан-алуан қызметтері құ- рылды. Атап айтсақ, аумақтық,
медициналық, нысандық, барлау, құтқару, инженерлік, энергетикалық,
коммуналдық-техникалық және жолкөпірлік, өртке қарсы, апаттық – техникалық,
радиациялық және химиялық қорғау, байланыс, материалдық-техникалық
қамтамасыздандыру, көліктік, қо- ғамдық тәртіпті сақтау, жануарлар мен
өсімдіктерді қорғау, азық- түлік және т.б. құтқару мен кейінге шегеруге
болмайтын жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ететін маңызды қызметтер бар.
Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайларға
байланысты арнайы заңдар бар. Бұл осы саланың тәуелсіз мемлекетіміз үшін,
халық, қоршаған орта, сондай-ақ, шаруашылық нысандары үшін аса маңызды
екенін көрсетеді. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
туралы Қазақстан Республикасының Заңында: Халықты, қоршаған ортаны және
шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған
зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі
болып табылады деп атап көрсетілсе, Азаматтық қорғаныс туралы ҚР
Заңында: Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу – мемлекеттің аса
маңызды міндеттерінің бірі, оның қорғаныс ша-раларының құрамдас бөлігі деп
атап көрсетілген. Осы орайда, Астана қаласының Төтенше жағдайлар
департаменті қала аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және оның
зардаптарын жою бойынша ауқымды шаралар атқарып келеді, сонымен қатар,
ағымдағы жылдың жоспарына сәйкес, төтенше жағдайлар саласындағы заңдардың
талаптарын, Азаматтық қорғаныс құрылымдары, апаттық – құтқару қызметтерінің
жұмыстарын үйлестіру туралы шешімді орындау бойынша бірқатар іс-қимыл
атқарды.
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай құрылымдарының әзірлігін
арттыру, сондай-ақ әртүрлі топтағы халықтарды төтенше жағдай кезіндегі
ережелер мен олардың алдын алу шараларына оқытуды ұйымдастыру бүгінгі
күнібастыбағыттардыңбірі.

Азаматтық қорғанысты үйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері

Азаматтық қорғаныс - басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен
бейбіт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргізу объектілері
мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату)
факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың
жиынтығы.     
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргiзу - мемлекеттiң аса маңызды
мiндеттерiнiң бiрi, оның қорғаныс шараларының құрамдас бөлiгi. Халықты және
шаруашылық жүргiзу объектiлерiн қорғау Азаматтық қорғаныстың бiрiншi
кезектегi мiндетi болып табылады және осы заманғы зақымдау құралдарын
қолдану мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде
нұқсанды азайту мүдделерi үшiн халықтың iс-қимыл жасауының оңтайлы
тәсiлдерiн ғылыми тұрғыдан анықтау және аумақтар мен шаруашылық жүргiзу
объектiлерiн дер кезiнде дайындау негiзiнде жүргiзiледi.
      Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 
      1) басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн ұйымдастыру, дамыту
және оларды ұдайы әзiрлiкте ұстау; 
      2) Азаматтық қорғаныс күштерiн құру, оларды дайындау және төтенше
жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға ұдайы әзiрлiкте ұстау; 
      3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың
қызметшiлерiн даярлау және халықты оқыту; 
     4) радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) жағдайды
қадағалау және оған лабораториялық бақылау жасау; 
      5) Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларын жұмылдыруға әзiрлiктi
қамтамасыз ету; 
      6) шаруашылық жүргiзу салалары мен объектiлерiнiң жұмыс iстеу
тұрақтылығын арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзу; 
      7) қорғану құрылыстарының қажеттi қорын, жеке қорғану құралдарының
және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкiнiң қорларын жинау және әзiрлiкте
ұстау; 
      8) халыққа, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға адамдардың
өмiрi мен денсаулығына төнген қатер және орын алып отырған жағдайда iс-
қимыл жасау тәртiбi туралы хабарлау; 
      9) iздеу-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу,
зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн және оларды қауiптi аймақтардан
эвакуациялауды ұйымдастыру; 
      10) азық-түлiктi, су көздерiн, тамақ шикiзаттарын, жемшөптi, мал және
өсiмдiктердi радиоактивтiк, химиялық, бактериологиялық (биологиялық)
уланудан, мал және өсiмдiк iндеттерiнен қорғау.
Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принциптерi мен тәртiбi
      Азаматтық қорғаныс республиканың бүкiл аумағында аумақтық-өндiрiстiк
принцип бойынша ұйымдастырылады. Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды
Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы
органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, Қазақстан Республикасының
Азаматтық қорғаныс ұйымдары, басқару органдары мен күштерi және азаматтары
жүзеге асырады. Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық осы заманғы зақымдау
құралдарының дамуы және аталған аумақта, салада немесе ұйымда барынша
ықтимал төтенше жағдайлар ескерiле отырып, алдын ала жүргiзiледi. Азаматтық
қорғаныс шараларын кешендi түрде және саралап жүргiзу мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен азаматтық қорғаныс бойынша
қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу маңыздылық дәрежесiне
қарай жүзеге асырылады. Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге
асыруға Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының
және ұйымдардың басшылары жауапты болады. Орталық және жергiлiктi атқарушы
органдар, ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен
Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуы туралы жыл сайын есеп берiп
отырады.
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi
      1. Азаматтық қорғаныстың арнаулы шараларын орындауды қамтамасыз ету
және күштер мен құралдарды осы мақсаттарда дайындау үшiн республикалық,
облыстық, аудандық, қалалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Облыстың аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттар, дүлей зілзалалар және олардың халық пен ұйымдар үшін салдары
Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасы
Азаматтық қорғаныс пен шаруашылық объектілері
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларды ұйымдастыру
Өмір-тіршілік туралы курстың мақсаты және мазмұны
Қазақстандағы азаматтық қорғаныс
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы сапамен басқару
Техносфералық қауіпсіздігінің ұйымдастыру және теоретикалық негіздер
Азаматтық қорғаныс күштері, олардың құрамы, қолданылуының тағайындалуы мен реті
«Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері»
Пәндер