Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіру


Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің мәні мен ерекшелігі артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс- қиммылын анықтап, бәсекелес субъектіні айқындауға, сондай- ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақытылы ақпаратты қарастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.
Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есепті қолданудың негізгі учаскелері болып табылады. Онда оның көмегімен барлық шаруашылық қызметінің үстінен қадағалау және бақылау жасау қамтамасыз етіледі.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру- субъектінің шаруашылық іс- әрекеті туралы сенімді және уақытылы ақпарат алу мен ресурстарды, дайын өнімді тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асыру мақсатымен есеп процесін құрудың шарттары және айналымы, түгендеу, субъектінің қаржы- шаруашылық қызметі шоттарының Бас жоспары, бухгалтерлік есеп формалары, есеп және есептен шығару жұмысын ұйымдастыру формалары, есеп берудің көлемі мен мазмұны.
Бухгалтерлік есеп -кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі болып табылады.
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнелейді. Субектінің меншігі, шаруашылық құралдарының және оның өндіріс процесіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты болып бухгалтерлік есептің мәнін қарастыру және көпшілк тамақтандыру мен кәсіпорынды стандартау есебінің ерекшеліктерін айқындау болып табылады.
Курстық жұмыстың зерттеу бағыттары келесідей:
- бухгалтерлік есептің пайда болуы,
- есептің түрлері,
- бухгалтерлік есептің мәні мен мағынасы,
- көпшілік тамақтандыру мен кәсіпорынды стандарттау есебінің ерекшеліктері,
- көпшілік тамақтандыру мен кәсіпорынды стандарттау есебін жүргізу жолдары,
- көпшілік тамақтандыру мен кәсіпорынды стандарттау есебін жүргізуді жетілдіру шаралары.
1. Бухгалтерлік есептің пайда болуы және есептің түлері мен бухгалтерлік есептің мәні.
- Бухгалтерлік есептің пайда болуы.
Бухгалтерлік есеп дүниежүзіндегі кез-келген бухгалтерияның іс-жүзіндегі қызметінің мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді.
Қоғамның дамуы барысында бухгалтерлер үш міндетті шешеді:
1. есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау.
2. оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу.
3. шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу.
Алайда бұл міндеттер едәуір шамада бірін-бірі өзара жоққа шығарып, болғызбайтын, өйткені меншік иесінің, әкімшіліктің, қызметкерлердің, бағынышты тұлғалардың, кредиторлар мен дебиторлардың мүдделері қарама-қайшы және осы қарама-қайшылықтар есепті регистрде міндетті түрде бейнеленеді. Сондықтан әрдайым
кейбіреулердің бухгалтерлерге реніш білдіріп, риза болмауының себебі осында.
Есеп қашан пайда болғанын тура тауып айту мүмкін емес. Оның пайда болуының алғы шарты -адамдар арасындағы экономикалық қатынастардың дамуы.
Бухгалтерлік есептің пайда болып, қалыптасуын мынындай кезеңдерге бөлуге болады.
- Ежелгі дүние.
- Ортағасырлық.
- Ренессанс пен қосарлы бухгалтерияның пайда болуы.
- Ғылымның пайда болуы. ХІХ ғ. Екінші жартысы.
- ХХ ғ. -бухгалтерлік есептің үдемелі (интенсивті) дамуы.
- Есеп және оның техникасы қашан да оның есептік регистрлерінің түрлеріне байланысты.
Алғашқы сауда операциялары б. з. д. 3200ж. саз кестелерде тіркелді. Ертедегі Мысырдағы (Египеттегі) папирустар хронологиялық тіркеудің дамуына жол ашты. Осыдан бес мың жыл бұрын есеп жүргізу үшін піл сүйегінен жасалған кестелер қолданылды. Ерте замандағы Үндістанда сапты аяқтар шот- регистр ретінде пайдаланылды, оларға ұзақ тастар -бастапқы құжаттар салынатын.
Греция мен Римде балауыз кестелер, мыс тақталар, кенеп, пермагент (май мен ылғал өткізбейтін жылтыр қағаз ), папирус пайдаланылды. Галияда керамикалық тас тақталар мен қыш сынықтары, Перуде жіптер қолданылды. Кейіннен кодекс-кітаптар пайда болды.
Қытайда бухгалтерлік есепті жүргізудің елеулі ерекшеліктеріне 8000 жыл толды.
ХІХ ғ. ортасынан бастап Еуропаның әр түрлі елдерінде бухгалтерлік есеп тәжірибені қорытатын, сонымен бірге оны жетілдіретін ғылым ретінде дами түсті. Үш атақты итальян мектебі дүниеге келді.
Ломбардтық мектепті құрушы Франческо Вилла (1801-1884) болды.
Бұл бағыт, бухгалтерлік есепті техникалық тәртіпке жалғастыруға болмайды деп санайды, өйткені ол экономикалық-әкімшілік ұғым кешені екендігі айтылады. Ол есептер көмегі арқылы ұйымдастырылады.
Токсан мектебінің басшысы Джузеппе Чербони (1827-1917) еді Ол Э. Дегранждің ісін жалғастырады. Д. Чербони үшін бухгалтерлік есеп-әкімшілік міндет пен іс -қимылдар ғылымы еді.
Венециандық мектептің көшбасшысы -Фабио Беста (1845-1923) . Ол Чербонидің ілімін теріске шығарды. Ол үшін бағалау-есептің мақсаты. Құндылық -зат, бұйым, бухгалтерлік есеп-бақылау туралы ғылым. Оның пікірінше, бақылау алдын-ала, ағымдығы және кейінгі болады.
ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында өндірістің өсуіне және акционерлік қоғамдардың пайда болуына байланысты баланс жүргізу бағыты дүниеге келді. Оның дүниеге келуіне құқықтық арнайы саласын -баланыстық құқықты жасаған заңгерлердің іс-әрекеті; балансты бухгалтерияның іргесін қалаушы негізгі тұжырымдама ретінде насихаттау; акционерлердің негізгі есепті форма тетігі-баланспен таныстыру қажеттігі себепші болды. Балансқа мынындай талаптар қойыла бастады:дәлдік; толықтық; айқындық; шынайлық; сабақтастық; баланс тұтастығы.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене келе, бухгалтерлік есеп жүйесінің дамуын мынындай кезеңдерге бөлуге болады:
Мүліктік тек қана тауарлар, жабдықтар(таразылар, гирьлер, сөрелер және т. б. ) есепке алынды.
Интегралды (ХІІІ-ХVІІ ғғ. ) -есепке ақшалай өлшем қолдана бастады. Әуелі монетаның сан түрі сол жердегі кең таралған монетаның біріне аударылатын коэффициетке қайта есептеліп, сонан соң тауарлар да тек қана заттық емес, ақшалай өлшеуішпен де есептеле бастады. Осылайша есептің екі: заттай және ақшалай сызбасы бөлініп шықты. Осы кезеңде екі жақты жазу пайда болды.
Синтетикалық (ХVІІ-ХІХ ғғ. ) Есеп обьектілерінің көптігі, тауарлық номенклатураны саралау (дифференциация), шаруашылық қызметі көлемінің өсуі синтетикалық шоттардың бөлініп шығуын тудырды және соған орай барлық шоттарды синтетикалық және талдамалы деп бөледі. Осының арқасында шаруашылық қызметті талдауға жағдайлар жасалды. Есеп сызбасының үштен бір бөлігі -тауарлар ақшалай өлшеммен ескерілетін құндық (соманың) есебі пайда болды.
Методологиялық( ХІХ ғ. бірінші жартысы ) Бухгалтерлік есептің негізінде тек тауарлар мен ақша ғана жатпай, меншік иесі мен материалды жағынан жауапты тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастар да болатынын жете түсінді.
Коллациондық (ХІХ ғ. ортасы) . Мамандар шаруашылық процеске қатысатын тұлғалардың іс-әрекетін өзара бақылайтын есептік тәсілдер жасай бастады:Бір желі арқылы өзара байланысқан дәйектерді тіркеуді қарастыратын желілік пайда болды:
Механикалық (ХІХ ғ. соңы) Механизацияның, әсіресе кассалық аппараттардың пайда болуы коллацияны қарапайымдандыралы және есеп қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттырады.
Операциялық (ХІХ ғ. соңыХХ ғ. басы) Түскен тауарлар көптеген ғасыр бойы сатып алынған бағасы бойынша, ал оларды есептен шығарып сату бағалары бойынша жүргізіледі.
1. 2. Есептің түрлері мен бухгалтерлік есептің мәні.
Шаруашылық есептің біртұтас жүйесіне оперативті, статистикалық және бухгалтерлік есептер кіреді.
Оперативті есеп - кәсіпорынның іс-әрекетін күнделікті бақылауға мүмкіндік береді, белгілі-бір шаруашылық операциялардың жекелеген деректерін сол болған сәтінде тікелей орнында өндіріс барысы жұмысқа шығу, шықпау есебі, автокөлік, есебі туралы жүйелі ақпарат алу мақсатымен тіркеу жүйесі болып табылады. Оперативті есептің негізгі талабы -мәліметтерді алудың шапшаңдығы. Есепті бухгалтерлер, диспечерлер, бақылаушылар және тағы басқа қызметкерлер жүргізеді.
Статистикалық есеп -экономиканың әртүрлі салаларында жалпылама -көпшілік сипаты бар құбылыстарды, жалпы қоғамдық құбылыстарды олардың салалық жағынан ажырамас байланыстағы сандық жағын зерттейді. Статистикалық оперативтік және бухгалтерлік есептің мәліметтерін пайдаланады.
Бухгалтерлік есеп -кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі болып табылады.
Салықтық есеп -бухгалтерлік есептің салық заңдарының талаптарына сәйкес түзетілген мәліметтерін пайдаланады.
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнелейді. Субектінің меншігі, шаруашылық құралдарының және оның өндіріс процесіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады. Жекелеген құрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің объектілеріне мына процестер жатады:
- Қамтамасыз ету(дайындау), кәсіпорын алған шикізат, материалдар, отын және басқа материалдық қорлар; сонымен қатар иұндайда жабдықтаушылармен ; транспорттық ұйымдармен арада туындаған қарым -қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері болып саналады.
- өндірістік, мұнда өнім дайындауда пайдаланылатын өндіріс құралдары, оларға байланысты шығындар бухгалтерлік есеп объектілері болады. Объектілер бухгалтерлік есепте жалақы, амортизация есептеу, еңбек құралдарын есептен шығару мен өнімнің өзіндік құнын анықтау жолдарымен бейнеленуі;
- өткізу, мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері; өткізу жөніндегі шығындар (Буып-түю, орау, іріктеу, тасымалдау ) ; субъектінің сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін алған ақшалай түсімі есептелінеді.
Қолда бар құралдарды ұтымды пайдалану, олардың сақталуын бақылауды дұрыс ұйымдастыру жіктеу қажеттілігіне байланысты болады.
Кәсіпорынның шаруашылық құралдары құрамы( түрлері), орналасуы, пайда болуы қөзі мен көзделген мақсаты бойынша жіктеледі.
Өндірісте бар ; айналымдағы және өндірістік емес саладағы құралдар былайша бөлінеді:
Негізгі құралдар-өндіріс процестерін жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасайтын еңбек құралдары олар ұзақ уақыт бойы сыртқы түрі мен формасын сақтап, өндіріс барысына қатысады. Өндіріс барысында олар бірте-бірте тозады, жөндеуді немесе толығымен жөндеуді талап етеді. Сондықтан негізгі құралдар құнының бөлігін дайын өнімнің құнына ай сайынғы ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету. (амортизация) жолымен қосылады.
Материалдық емес активтер -бұлар әкімшілік мақсатпен және басқа субъектілерге жалға берілуге, өндірісте ұзақ уақыт бойы бір жылдан астам қолдануға немесе тауарларды өткізуге жұмыс, қызмет арналған, заттық мәні жоқ, ақшалай емес активтер.
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар -субъектінің басқа субъектілерінің жарғы капиталына сол субъектілерге үлестік қатысудан алатын кірістер және дивиденд немесе процент түрінде қосымша экономикалық пайда алу мақсатымен қаржы салуы.
Айналымдық қаржы қаражаттың бір ғана айналымына қатысады және өзінің құнын өндірген өнімге бірден және толығымен қосады. Олар айналымдық өндіріс құралдары мен айналған қаржыдан тұрады.
Дебиторлық борыш-субъектінің басқа субъектілерге уақытша тұрған немесе белгілі бір мерзім өткен соң қайтарылуға жататын құрамдары болып саналады. Дебиторлық борыш ұзақ мерзімді( бір жылдан астам) және қысқа мерзімдік( бір жылға) дейін болады.
Пайда болу көздері мен мақсатты көздері бойынша шаруашылық құралдарын топтастыру негізінде оларды сол кәсіпорынға бекіту белгісі ретінде салынған.
Меншікті капитал-кәсіпорын қызмет еткен ұзақ уақыт бойы пайдаланатыны ( жарғылық капитал, резервтік капитал, бөлінбеген табыс. )
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz