Ұзақ мерзімді активтер туралы


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Ж о с п а р :

Кіріспе.

  1. тарау. Ұзақ мерзімді активтер

1. 1. Негізгі құралдардың жіктелуі

1. 2. Негізгі құралдардың тозуы және оларға амартизациялық аударым

мөлшерін есептеу

1. 3. Негізгі құралдарды істен (есептен) шығарудың есебі.

  1. тарау. Міндеттемелер есебі

2. 1. Дивиденттер бойынша есеп айрысу. .

2. 2. Бюджетпен есеп айрысу операцияларының есебі

2. 3. Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айрысу есебі.

  1. тарау. Еңбекақы және еңбекақы есебі

3. 1. Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі.

3. 2. Істелген жұмыс уақытының есебі. .

3. 3. Еңбекақы жүйелері және тариф жүйесі

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер . .

Ұзақ мерзімді активтер

Біз алдыңғы тақырыптарда активтерге түсінік берген болатынбыз. Сондай-ақ ағымдағы активтер қатарына жататын ақшалар, дебиторлық борыштар және материалдық қорлармен танысып өттік. Бұл аталған активтер кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелерін өтеу барысында қабілеттілігі жоғары, яғни тез арада өзінің құнын басқа заттарға айырбастай (өзгерте) алатын мүліктер болып табылады. Кәсіпорындармен ұйымдар жұмыс жүргізуі барысында бұл жо. арыда аталған ағымдағы активтерден басқа ұзақ уақыт бойы пайдаланатын (бір жылдан артық уақыт), өндірістік және әкімшілік қызметті орындауға арналған (сатудан басқа) активтерді қажет етеді. Ал мұндай материалдық емес активтерді, ұзақ мерзімдік дебиторлық борыштарды және ұзақ мерзімдік инвестицияларды жатқызуға болады.

  1. Негізгі құралдардың жіктелуі

Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. «Негізгі құралдарға» - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлермен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналармен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатады.

Көлеміне немесе бағасына (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтармен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып (салынып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған үстеме шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.

Барлық «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарына пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға; өндіріске арналган үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасмалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспапьар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау жіне сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.

«Негізгі құралдарды» халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстармен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.

Егер кәсіпорындармен ұйымдарғы негізгі құралдардың бәрі тек қана ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіпорынның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.

Мысалы: өнеркәсіптік ұйымындағы өнеркәсіп өнімдерін өндіру үдерісіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы халық шаруашылығының өнеркәсіп саласына жатады.

Егер кәсіпорынның балансында осы ұйымның негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатады.

Кәсіпорынның балансындағы тұрғын үй шаруашылығының тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатады.

Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

а) үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма, тағы басқалары) ;

ә) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар, скважиналар, тағы басқалары) ;

б) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар, тағы басқалары) ;

в) машиналар (бумен жұмыс істейтін двигательдер, іштен жанатын двигательдер, электроаппараттық трансформаторлар, экскаваторлар, грейдерлер, бульдозерлер, бетон араластырғыш машина, көтергіш крандар, жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар, монометрлер, таразылар, кассалық аппараттар мен тағы да басқалары) ;

г) тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер (прицеп), тракторлар және тағы басқалары) ;

ғ) құрал-саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер тағы да басқа негізгі құралдар) ;

д) шаруашылық құрал жабдықтары (жиhаздар, креслолар, кілемдер, сейфтар, тағы да басқалары) ;

е) жұмыс және өнім малдары;

ж) көп жылдық өсімдіктермен көшеттер;

з) жер (ұйымның сатып алған жер көлемінің құны) ;

и) жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған күрделі шығын;

к) басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары тағы басқалары) ;

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігінде қарай меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Кәсіпорын уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс сыртындағы «Жалға алынған негізгі құралдар» деп аталатын шотта есептейді.

Сонымен қатар пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.

Жұмыс істейтіндерге өндіріс үдерісіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдыңғы уақытта тозып немесе басұа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.

Материалдық активтер сатып алыну мақсатына қарай былай бөлініп есептеледі:

а) негізгі құралдар;

ә) тауарлық-материалдық қорлар немесе

б) қаржылық инвестициялар.

Мысалы: кәсіпорынның шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынған көлік құралдары тауарлық-материалдық қорлар құрамында есептеледі. Кәсіпорынның өз қызметіне пайдалануы үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы мақсатында алған жер учаскелері мен үйлері қаржылық инвестициялар ретінде есептелінеді.

  1. Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық

аударым мөлшерін есептеу

Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға тура келеді.

Негізгі құралдардың тозуын «табиғи» және «сапалық» тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозу болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналармен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып мүжілуі, үйлермен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы (физикалық тозуы) олардың ұзақ уақыт пайдаланылуы және оларға басқа да факторлардың ісер етуі нәтижесінен болып табылады.

Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуын бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады (туындайды) .

Осы жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, негізгі құралдың тозуы дегеніміз, олардың табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы деп те айтуға болады.

Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші себебі - өндіріс салаларында ғылыми техникалық прогреске байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды, құрал-жабдықты, тағы да басқаларды өндіруге кететін қажетті уақыт азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді (арзандайды) . Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың машиналардың, яғни негізгі құралдардың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі құралдардың орнына жаңа әрі сапасы жоғары негізгі құралдарды сатып алуды тиімді етеді.

Негізгі құралдардың сапалық тозуының екінші себебі ғылыми-техниканың өркендеуіне байланысты жаңадан толық жетілген, өнімділігі жоғары әрі тиімді негізгі құралдардың пайда болуына байланысты. Кәсіпорындарда өнімділігі төмен негізгі құралдардың орнына, техникалық жағынан жетілдірілген тиімділігі жоғары негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан да өнімділігі жоғары машиналар мен құралдардың пайда болуы және олардың бағасының арзандауы бұрынғы пайдаланылып келген негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуына әкеліп соқтырады. Барлық ұйымдар қандай меншікті болса да (мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, тағы басқалары) өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады. Ескертетін жағдай негізгі құралдардың ішінде мына төменде аталған активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және де оларға амортизация есептелмейді:

  • жерге;
  • кітапхана өорларына;
  • фильм қорларына;
  • архитектуралық және өнер ерекшеліктеріне;
  • өнімді малдарға;
  • мұражайлық құндылықтарға (заттарға) .

Сонымен қатар амортизациялық аударым мынадай жағдайларда

есептелмейді:

  • Қайта құру, жаңарту (реконструкция) және техникалық қайта қорландыру (перевооружения) жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта;
  • Негізгі құралдыуақытша тоқтатып қойған мерзімде.

Негізгі құралдар (үйлермен ғимараттар, машиналар, көліктер, тағы

басқалары) өндіріс үдерісінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл үдеріс «амортизация» деп аталады. Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда «өтеу» деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.

Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен (процентпен) есептеліп шығарылған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы.

Ұйымдарға негізгі құралдағы ай бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы ай сайын өндірілген өнімнің, атқарылған жұмыстармен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнына қосылып отырады.

Кәсіпорындарға жаңадан келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың басынан (бірінен) бастап есептеледі. Ал ұйымның балансынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың басынан (бірінен) бастап амортизациялық аударым есептеу тоқтатылады.

Негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу мына әдістер бойынша жүргізіледі:

  1. Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі.
  2. Құнды орындалған жұмыстың, өндірілген өнімнің көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс) .

а) қалдық құнының кему (қалдықты азайту) әдісі;

ә) сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару (коммулятивтік әдіс) әдісі.

Амортизациялық аударым есептеудің таңдап алынған әдісі кәсіпорынның есеп саясатында көрсетіліп, бір есеп беру кезеңіне дейін дәйектілі түрде қолданады. Егер негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеудің әдісі өзгертілген жағдайда осы өзгерістің қандай себептерден болғаны айтылып көрсетілуі тиіс.

Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі

Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына болу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.

Мысалы: станоктың бастапқы құны бір миллион (1) теңге, ал қалдық құны жүз мың (1) теңгені құрайды. Бұл станоктың пайдалану мерзімін бес (5) жыл деп алып, осы жоғарыда айтылған әдіс бойынша бір жылдық амортизациялық аударымды есептейтін болсақ, ол жүз сексен мың (18) теңгені құрайды. Яғни

1 - 1 = 9

9/5=18

Бұл станоктың барлық амортизайияланатын сомасы 9 теңге ((1 - 1), яғни бастапқы құны мен қалдық құнының айырмасы), ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Бұл станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл болғандықтан барлық амортизациялануға тиісті соманы 100% (пайыз) деп алып, ал бір жылдық амортизациялық аударым мөлшерін (100/5 = 20%) сол соманың 20% (пайыз) деп те табуға болады. Бұл жағдайда жоғарыдағы көрсеткішке тең сома табылады.

9 х 20% = 18

Станокқа амортизациялық аударым сомасының бес жыл

бойы есептелуін төмендегі кестеден көруге болады

:
Станоктың бастапқы құны (теңге): Станоктың бастапқы құны (теңге)
Бір жылдық амортиза-циялық аударым сомасы (теңге): Бір жылдық амортиза-циялық аударым сомасы (теңге)
Жинақ-талған тозу сомасы (теңге): Жинақ-талған тозу сомасы (теңге)
Станоктың қалдық құны (теңге): Станоктың қалдық құны (теңге)
: Сатып алынған кездегі
Станоктың бастапқы құны (теңге): 1
Бір жылдық амортиза-циялық аударым сомасы (теңге):
Жинақ-талған тозу сомасы (теңге):
Станоктың қалдық құны (теңге): 1
: 1-жылдың соңында
Станоктың бастапқы құны (теңге): 1
Бір жылдық амортиза-циялық аударым сомасы (теңге): 18
Жинақ-талған тозу сомасы (теңге): 18
Станоктың қалдық құны (теңге): 82
: 2-жылдың соңында
Станоктың бастапқы құны (теңге): 1
Бір жылдық амортиза-циялық аударым сомасы (теңге): 18
Жинақ-талған тозу сомасы (теңге): 36
Станоктың қалдық құны (теңге): 64
: 3-жылдың соңында
Станоктың бастапқы құны (теңге): 1
Бір жылдық амортиза-циялық аударым сомасы (теңге): 18
Жинақ-талған тозу сомасы (теңге): 54
Станоктың қалдық құны (теңге): 46
: 4-жылдың соңында
Станоктың бастапқы құны (теңге): 1
Бір жылдық амортиза-циялық аударым сомасы (теңге): 18
Жинақ-талған тозу сомасы (теңге): 72
Станоктың қалдық құны (теңге): 28
: 5-жылдың соңында
Станоктың бастапқы құны (теңге): 1
Бір жылдық амортиза-циялық аударым сомасы (теңге): 18
Жинақ-талған тозу сомасы (теңге): 9
Станоктың қалдық құны (теңге): 1

Бұл кестеден үш жағдайды көруге болады:

  • негізгі құралдардың пайдалану мерзімі ішінде, яғни 5 (бес) жыл бойы оған есептелетін амортизациялық аударым сомасы өзгермейді (тұрақты) ;
  • жинақталған тозу сомасы бірқалыпты өсіп (көбейіп) отырады;
  • негізгі құралдардың қалдық құны бірқалыпты азайып отырады.

Құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен

шығару әдісі (өндірістік әдіс)

Бұл әдіс объектінің пайдаланылған уақытына емес, оны пайдалану

нәтижесіне негізделген. Егер жоғарыда, яғни алдыңғы әдісте қарастырылған станок өзінің 5 (бес) жыл ішінде пайдаланатын уақыты аралығында 10 (он) миллион дана өнімді жасауға негізделген болса, онда ол станокқа жыл сайын есептелетін амортизациялық аударым сомасы бұл әдіс бойынша станок арқылы өндірілетін бір дана өнімге тиісті амортизациялық аударымды әр жылда осы станок арқылы өндірілген өнім санына көбейту арқылы табылады.

Бастапқы құны - қалдық құны әр жылдағы

Жалпы өндірілуге тиісті өнім саны өндірілген өнім саны

1 - 1 әр жылдағы өндірілген

1 өнім саны

= 0, 09 теңге х әр жылдағы өндәрәлген өнәм саны

Станоктың бір дана өнім өндіруге есептелетін амортизациялық аударым мөлшері бұл әдіс бойынша жоғарыда табылғандай 0, 09 теігені құрайды, яғни тоғыз (9) тиын.

Егер станок бірінші жылы 3 миллион

екінші жылы 3 миллион

үшінші жылы 2 миллион

төртінші жылы 1 миллион

бесінші жылы 1 миллион

өнім өндірсе, онда оған әр жылда есептелетін амортизациялық аударым мөлшері

бірінші жылы 27 тг = 3 миллион х 0, 09 = 27

екінші жылы 27 тг = 3 миллион х 0, 09 = 27

үшінші жылы 18 тг = 2 миллион х 0, 09 = 18

төртінші жылы 9 тг = 1 миллион х 0, 09 = 9

бесінші жылы 9 тг = 1 миллион х 0, 09 = 9

сомаларына тең болады.

Станокқа құнды орындалған жұмыстың көлеміне

тепе-тең мөлшерде есептен шығару (өндірістік әдіс)

әдісі бойынша амортизациялық аударым есептеу кестесі

:
Станок-тың бастапқы құны (теңге): Станок-тың бастапқы құны (теңге)
өндіріл-ген өнім көлемі (дана): өндіріл-ген өнім көлемі (дана)
Бір жылдық амортизациялық аударым сомасы (теңге): Бір жылдық амортизациялық аударым сомасы (теңге)
Жинақталған тозу сомасы (теңге): Жинақталған тозу сомасы (теңге)
Станоктың қалдық құны (теңге): Станоктың қалдық құны (теңге)
: Сатып алынған кездегі
Станок-тың бастапқы құны (теңге): 1
өндіріл-ген өнім көлемі (дана):
Бір жылдық амортизациялық аударым сомасы (теңге):
Жинақталған тозу сомасы (теңге):
Станоктың қалдық құны (теңге): 1
: 1-жылдың соңында
Станок-тың бастапқы құны (теңге): 1
өндіріл-ген өнім көлемі (дана): 3
Бір жылдық амортизациялық аударым сомасы (теңге): 27
Жинақталған тозу сомасы (теңге): 27
Станоктың қалдық құны (теңге): 73
: 2-жылдың соңында
Станок-тың бастапқы құны (теңге): 1
өндіріл-ген өнім көлемі (дана): 3
Бір жылдық амортизациялық аударым сомасы (теңге): 27
Жинақталған тозу сомасы (теңге): 54
Станоктың қалдық құны (теңге): 46
: 3-жылдың соңында
Станок-тың бастапқы құны (теңге): 1
өндіріл-ген өнім көлемі (дана): 2
Бір жылдық амортизациялық аударым сомасы (теңге): 18
Жинақталған тозу сомасы (теңге): 72
Станоктың қалдық құны (теңге): 28
: 4-жылдың соңында
Станок-тың бастапқы құны (теңге): 1
өндіріл-ген өнім көлемі (дана): 1
Бір жылдық амортизациялық аударым сомасы (теңге): 9
Жинақталған тозу сомасы (теңге): 81
Станоктың қалдық құны (теңге): 19
: 5-жылдың соңында
Станок-тың бастапқы құны (теңге): 1
өндіріл-ген өнім көлемі (дана): 1
Бір жылдық амортизациялық аударым сомасы (теңге): 9
Жинақталған тозу сомасы (теңге): 9
Станоктың қалдық құны (теңге): 1

Бұл әдісті (өндірістік әдісті) қолдануда әр жылғы амортизациялық аударым сомасымен орындалған жұмыс көлемінің, яғни станок арқылы өндірілген өнім санының арасында тікелей байланыс бар. Бұл әдісті қолдану барысында жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің санына қарай өсіп, көбейіп отырады. Ал объектінің қалдық құны амортизацияланатын құнның соңына жеткенше орындалған жұмыстың көлеміне өндірілген өнімнің санына тікелей үйлесімді түрде азайып отырады. Жалпы бұл әдісті объектінің пайдалану кезіндегі оның істейтін жұмысының көлемін, ол арқылы өндірілетін өнімнің санын айтарлықтай дәлдікпен анықтауға болатын жағдайда ғана қолдануға болады.

1. 3. Негізгі құралдарды істен (есептен) шығарудың есебі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұзақ мерзімді активтердің құрамы
Бухгалтерлік баланстың теориялық негіздерін зерттеу
Қысқа мерзімді активтер. Қысқа мерзімді міндеттемелер
Кәсіпорынға сипаттама және онда ұзақ мерзімді активтер есебінің жағдайы
Ұзақ мерзімді активтер есебі және аудиті
Қысқа мерзімді актив
Кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерін пайдалану тиімділігін бағалау. Кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы үлесі
Кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерін пайдалану тиімділігін бағалау
Компания активтерінің құрамы мен құрылымын оңтайландыру
Ұзақ мерзімді активтер жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz