Аудит пәні, мақсаттары мен міндеттері


Аудит пәні, мақсаттары мен міндеттері
Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруа-шылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен камтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оң-тайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды эзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай коғамның элеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалык, заңдық жэне басқа да кызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі - шаруашылық жүргізуші субъекті-лердің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңында мынадай анық-тама берілген: «Аудит Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сэйкес қаржылык есептіліктің дұрыс жэне объективті жасалғаны туралы тэуелсіз пікір білдіру мақсатында занды түлғалардың каржылык есептілігін тексеру болып табылады» (11) .
Таным теориясына орай, бір ғылым ғана зерделейтін объективті шындықтың қандай да бір бөлігін немесе кез келген ғылымның (онын ішінде аудит те бар) мазмұны деп ұғынуға болады. Органикалық түрғыдағы өндірістік қатынастардың нарықтық экономикадағы объективті экономика заңы экономи-калық теорияның пэні болып табылатыны белгілі. Салалық экономикалық ғылым салалардың, өзіндік ерекшелігіндегі бүл заңдардың эрекетін, өндіруші күштермен, техникалар жэне технологиялармен өзара байланысындағы жекелеген салалардың өндірістік қатынасының даму ерекшеліктерін зерделейді.
Пэн анықтамасы осы ғылымның басқа ғылымдардан айырмашылығын көрсететін ерекшеліктерді қамтуы керек. Онын ішінде:
1) Ғылымның мақсаты мен мазмұны;
2) Өзіндік ерекшелігі бар зерттеу принциптері;
3) Зерделеу объектісі;
4) Ақпарат көздері.
Осылайша аудит мазмұнын қалыптастырамыз, өйткені арнайы эдебиеттерде оның эзірге айтарлықтай нақты әрі дәл анықтамасы жоқ. Біздіц пікіріміз бойынша, аудит пэні қоғамның мүддесін білдіретін экономикалық кұбылыстар мен оқиғалар жэне процестер, сондай-ақ мэліметтері нақтылық пен анықты-ғына қарай тексерілетін, зерттелетін және объективті бағасын алатын эр түрлі максаттарды көздейтін заңды жэне жеке тулғалар, басқаруды оңтайландыру, экономикалық қызметтердің тиімділігін арттыру, кеңес берушілік, бақылаушы-талдамалы жэне басқа да кэсіби аудиторлық қызмет көрсету жатады.
Аудит мазмұны алға қойылған мақсаттар мен бақылау объектілерін ескеру арқылы нақтылануы мүмкін. Мысалы, егер аудит объектісіне шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қызметі кіретін болса, онда мүндағы максат оның есеп берулері мен расталуының (немесе рас болмауының) толықтығы мен анықтығын тиянақты тексеру, яғни кэсіпорынның қаржылык есеп беруінің нақты қаржылық жағдайымен каншалықты сэйкес келетіндігі туралы өз пікірін тапсырыс берушіге білдіру болып табылады.
Егер аудиттің объектісіне кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жағдайы кіретін болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның талаптарына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз ішінде кабылданган есептік саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға жэне ережелерге қаншалықты сэйкестігін тексеру жатады.
Егер аудиттің объектісіне барлық шаруашылық қызметтері кіретін болса, онда мақсат - осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды барынша кемітудің ықтимал жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті нэтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды эзірлеу.
Аудит мақсатының консалтингтік қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.
Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттерді шешіп алу кажет. Олардың ішінен ерекшелеп мыналарды бөліп көрсету керек:
1) Кэсіпорынның каржылық есептемесінің шындыққа жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;
2) Шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын қүру үшін жеткілікті дэрежеде қүзыретті мағлұматтарды алып, бағалау;
3) Кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның ішінде, инвестициялық, маркетингтік жэне сыртқы экономикалық қызметін жүйелі талдау;
4) Кәсіпорын қызметі жэне оның жарғысының бір-біріне сэйкестігін, жасалған бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын (негізділігін) тексеру;
5) Заңның сақталуын, бухгалтерлік есепті жүргізудің жэне ссеп берудің дұрыстығын, шаруашылық жүргізуші субъек-тілердің қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпаратпен пайдаланушылардың қамтамасыз етілуін бақылау;
6) Заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шынайы мазмүнына шаруашылык операцияларының қанша-лықты сэйкесетіндігін тексеру;
7) Кэсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық жэне басқа кызметтерін бақылау мен есебі саласындағы эр түрлі мэселелер бойынша клиентке кеңес беру кызметін көрсету;
8) Клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға жэне кемшіліктерді жоюга ықпал ету.
Аудиттің ең нақты міндеттері алға қойылған мақсаттарға, оның турлері мен жүргізу шарттарына байланысты болады. Мысалы, ішкі аудитте оның саны акпараттық базаның үлға-юына, талдамалы рәсімдері акценттерінің өзгеруіне қарай артады.
Осылайша, аудит - бақылау, бағалау, ұсыныстарды әзірлеу жэне эр түрлі кешенді қызметтерді камтитын іскерлік кеңес беру бойынша күрделі қызметтүрлері.
Аудиторлық қызметті жүзеге асырудың негізгі формалары-ның біріне тексеру жатады. «Тексеру» термині латынның «геуізіо» сөзінен шыккан, оның аудармадагы мағынасы «кайта қарау» немесе «кызметтерді зерттеу» дегенді, ал «тексеруші» -«тексеріс жүргізетін түлға» дегенді білдіреді.
Отандық оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерде, ТМД елдерінде эдетте «ревизия» ұғымының мағынасы анык емес. Мысалы, Н. Т. Белухинде «тексеру (ревизия) » - бақылаудан кейінгі негізгі форма. Оның басқа бакылау формаларынан айырмашылығы - объектіні тексеру барысында іріктемесі қүжаттық дэлелдерге негізделген тексеру-бакылау рэсімдері мен эдістік тэсілдер, эр түрлі ақпарат көздері пайдаланылады. Тексеруге мыналар тэн: қүндылықтардың кем шығуын, ысырапты, залалды анықтаудағы нактылық, оның дәлелдеу жүйесі орнықты (эдеттен тыс қүжаттар, түгендеу тізімдемесі (ведомость), материалды жауапты түлғаның түсініктемесі (түсіндірме жазбасы жэне т. б. ) (45, 126-6. ) -
Аудит үгымы тексеру жэне бақылау үғымдарынан элдекайда терең. Аудитор тексерушіден өзінің мэні, мақсаты, клиентпен қарым-қатынасы, тэуелсіз пікір білдіруі, терең баға беруі, объектінің даму келешегі мен жағдайы туралы қорытындысының негізділігі бойынша ерекшеленеді.
Аудит қаржылық көрсеткіштердің анык екендігін тексеруді ғана қамтамасыз етпейді, ол, сонымен бірге, кемшіліктерді жою мен шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін оңтайландыру жөніндегі үсыныстарды эзірлейді. Осыған орай, ол аудит анықтамасында бизнестің өзінше бір (өзгеше) сараптамасы ретінде баяндалады.
Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде «аудит» жэне «аудиторлық қызмет» ұғымдары ажыратылып көрсетіледі.
Аудиторлық қызмет бұған қоса есепті ұйымдастыруды, ішкі бақылауды, әр түрлі тэуекелдікті бэсендетуді, менеджментті, маркетингті жетілдіруді, басқа да зандык, техникалық, элеу-меттік-экономикалық мэселелерді шешуді жаксарту, жүзеге асыру, қалыптастыру бойынша эр түрлі кеңес беру мен кэсіби қызмет көрсетулерді қамтиды.
Аудитор, адвокат, дэрігер, музыкант, суретші жэне шығармашылықтың (творчество) адамдары сиякты еркін кэсіптің өкілі болып табылады, ал аудиттің кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде дамыған елдерде беделі (рейтингісі) жогары. Шетелдік сарапшы үйымдар жиі өткізетен қогамдық сүрау салудың корытындысы бойынша бухгалтер-аудитор кэсібі адвокат жэне дэрігер кәсіптерімен тең бэсекелесіп, алгашқы үш орынның бірін тұрақты иеленеді екен. XX гасырдың 80-інші жылдарының соңында біздің елімізде пайда болған аудиторлык кэсіп бухгалтерлік есеп, қаржы, бақылау, кұкық, менеджмент, стратегиялық жэне ағымдық жоспарлау, ұлттық экономиканың эр түрлі салаларын басқаруды үйымдастыру салаларындағы жоғары білікті мамандар үшін келешегі зор эрі абыройлы қызмет түріне айналып үлгердік.
Аудиттің эволюциялық сатылары және негізгі функциялары
Кудитке жүйелі-бағдарламалы тэсілдеме батыс елдерінде 1960 жылдардың соңында пайдаланыла бастады эрі аудиторлар сараптаманы іштей бақылаудың негізінде жүргізді. Бүл операцияны бақылайтын жүйені қадагалауға мүмкіндік берді. Егер іштей бақылау жүйесі тиімді жүмыс істейтін болса, онда егжей-тегжейлі тексерудің қажеті болмайды, өйткені норма-лардың бүзылуы мен қателерді анықтау ісінде іштей бақылау жүйесіне белгілі бір деңгейде сенім білдіруге болады. Ау-диторлық фирмалар кеңес беру қызметіне, аудиторлык рэсімді нысандауды жүзеге асыруға жэне болатын тексерулердің сапасын арттыра түсуге көп көңіл бөлетін болды (37-48) .
Аудиттің жүйелі-бағдарламалы тэсілін жетілдіруге карамас-тан, оның өз кемшіліктері бар. Мысалы, жүйелі-бағдарламалы аудит экімшілікті ешкім бақыламайтын жағдайда қызметкерлердің үстінен бақылау жүргізуді жүзеге асырады. Бұл арада аудиттің рәсімі (процедурасы) басқарушы - инвесторларды емес, керісінше персонал - менеджерді алдап түр ма, жоқ па, соны анықтауға бағдарланған.
Тәуекелге негізделген аудит - бүл кәсіпорынның жұмыс жағдайына, негізінен оның қызметіндегі тар эрі қиын межелеріне қарай тексеруді іріктеп жүргізетін аудит. Ол тексеру немесе кеңес беру барысында болуы мүмкін тәуекелдікті ескерту және оның алдын алуға бағдарланған. Тәуекелдік аудитінің айырықша маңызы - аудитордың немесе аудиторлық фирмалар өз беделін жогалту жэне клиенттен айырылып қалудың ықтималдығында ғана емес, сонымен бірге, аудиторлық компаниялардың арасын-дағы қатаң бэсекелестікте, ірі айыппұл мен моральдық зиянда, осы аталған катерлерге ұрынып калудың ықтималдығында болып тұр. Мэселен, мұндай жағдай үшінші бір түлғаға немесе клиентке елеулі материалдық зиян шектіруге себеп болатын аудитордың ықылассыз жэне бұрыс қорытынды шығаруынан болады. Кэсіби беделден айырылу қаупі нақты аудитордың немесе аудиторлык компанияның толық күйреуімен бірдей десе де болады. Сондықтан да шаруашылық жүргізуші субъек-тілердің қызметін жан-жақты кешенді тексеруді жүргізуге мұқият дайындалып, басты назарды кадрларды іріктеуге бағдарламаларды жасауға, алдағы жұмысты жоспарлауга жэне т. б. аудару қажет.
Осыған орай аудиторлар клиент бизнесін жүйелі зерделеу мен жоспарлау кезендеріне көп уақыт бөлетін болды. Қауіп-қатері (тэуекелі) көп салаларға аудиторлық жұмыстарды шоғырландыру арқылы тәуекелі төмен салаларды тексеруге кететін уақытты үнемдеуге болады. Осылармен уақыт жэне клиентке қызмет көрссгудің шығындарын үнемдеу түрғысынан элдеқайда тиім-ділікті қамтамасыз етуге қол жеткізеді (38, 21-6. ) .
Бақылаушы-талдамалы қызметтін, осы заманғы даму кезеңінде тэуекелге негізделген аудиттің маңызы зор. Оның технологиясы субъектілер қызметіндегі болжаулы кемшіліктер мен қиындықтарға белгілі бір жағдайларга қарай іріктеп алынған тексеруді жүргізуге негізделген.
Бұл арада мынаны ескеру керек, кэсіби аудит саласындағы бизнеске мына негізгі факторлар әсерін тигізеді:
а) бақылау ортасы;
э) кірістерге айм-эрекет істеу мақсатымен басқарушыларға элеуетті кысым жасау;
б) қатысушы тараптардың мүдделері;
в) саладағы жэне экономикалық ортадағы клиенттің үстанымы (позициясы) .
. Аудит орындайтын негізгі фукнциялар схемасы
Осылайша, растаушы аудиттте каржылық құжаттар мен бухгалтерлік есеп тіркелімі (регистрлері) тексеріледі. Аудиттің жүйелі-бағдарламалы тэсілдемесі операцияны бақылайтын тұтас жүйе ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қадағалауға мүмкіндік тудырады. Тэуекелге негізделген аудитте осы жүйені бақылайтын адамдардың қызметі карастырылады. Соңғы екі кезең аудиторлардан кітаптан бастарын көтеріп, барлық назарын бизнестің өзіне аударуды талап етті. Бизнес саласындағы аудит бірқатар функцияларды орындайды: бақы-лаушының, сараптаушылык, басқарушылык, кеңес берушілік, өндірістік жэне ақпараттық (2. 1 . -сурет) .
Аудитор орындайтын функциялар жүйесі үдайы даму үстінде болады, оған жаңа бағыттар, атап айтқанда, К. Ш. Дүйсембаевтің еңбегінде келтірілген функциялар мен қосалқы функциялар тізбесі косылады (44, 32-6. ) . Кэсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде оның бақылаушылық, басқарушылық, ақпараттық, торбиелік жэне элеуметтік функциялары көкейкесті мәселеге айналып отыр. Оның үстіне, халықаралық стандарттар талабы мси омың даму тенденциясына сэйкес аудиттің жекелеген <>\ мкциялары мен қосалқы функцияларының атауларын нақтылау
Аудит ауытқудың, артық шығындар мен ысыраптың алдын алу үшіи оңтайлы баскарушылық шешімдерді уақтылы анықтауы қажет. Бүл субъектілер қызметінің қаржылық жағдайы мен қаржылық нэтижелерін, іскер белсенділігін болжау ретіндегі аудиттің жаңа қосалқы функцияларының пайда болуымен шарт-тасылған. Тәуелсіз қаржылық бақылау кабылданган этикалық жэне қүқықтық нормаларды сақтау арқылы тэрбиелік жэне элеуметтік функцияларды орындайды.
Оған қоса, нарықтық қатымастардың даму жағдайындағы кэсіби аудит кемшіліктерді анықтаудың, резервтерді ашудың жэне үлттық :жономиканың нақты секторларында шаруашылык жүргізудің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды негіздеу-дің маңызды қүралына айналып отыр.
Кәсіби аудиттің халыкаралық озық тәжірибесін зерделеуге кіріспес бұрын нарықтық экономикалык елдердегі эр түрлі бизнес-қүрылымның қызметін қаржылық бақылаудағы өзіндік ерекшелігі бар эрі тәуелсіз жүйесі ретінде оның қалыптасуының маңызды кезендеріне ерекше назар аударған жөн. Тэуелсіз аудиттің негізгі міндеті - көптеген компаниялар, банктер, биржалар, инвесторлар, кредиторлар, кэсіпкерлер, акционерлер жэне т. б пайдаланатын экономикалық ақпараттың анықтығын тексеріп, өзінің қорытындысын шығаруы болып табылады.
Дамыған елдерде аудиторлық кэсіптің эр түрлі атауы бар. Мысалы, АҚШ-та бухгалтер-аудитор қоғамдық немесе маман-дандырылған бухгалтер деп аталады. Францияда - сараптаушы бухгалтер немесе есепшот бойынша комиссар, ал Германияда -шаруашылықты бақылаушы немесе кітапты бақылаушы, Ұлыбритания мен агылшынсаксондык елдерде - ревизор немесе алқалы бухгалтерлер жэне т. б. деп атайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz