Мектептің педагогикалық жүйесі және оны басқару нысаны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2.4 бет
1. Мектеп . әлеуметтік педагогиканың ашық педагогикалық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.6 бет
Мектептің педагогикалық жүйесі және оны басқару нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.7 бет
Әлеуметтік педагогикадағы мектепті басқарудың негізгі функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.11 бет
2. Қазіргі мектептегі әлеуметтік . педагогикалық жағдай және оны дамытудың басым бағыттары ... ... ... ... ... ... ... 12.13 бет
Мектептегі білім беру жүйесіне әлеуметтік . педагогикалық талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14.15бет
Мектеп басшысының басқару мәдениеті мен функциялық міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16.17 бет
Мектепті басқарудағы ұйымдастырушылық қызмет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18.19 бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20.21 бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22 бет

Әлеуметтік педагогика тәрбиелеу процесі және жеке адамның теориялық және қолданбалы бағыттары тұрғысынан қарастырылады. Негізінен әлеуметтік педагогика қоршаған ортадағы адамға қажетті тәлім – тәрбиені беруді басты мақсат тұтады. Бұл жеке адамның әлеуметтенуінен анықталады. Ұлы ғалымдардың ойынша әлеуметтік педагогика – педагогиканың саласы, ол әр – түрлі топтағы адамдардың әлеуметтік тәлім – тәрбиесін белгілі бір орталықтарда, кәсіпорындарда, ұйымдарда қарастырады. Әлеуметтік педагогика педагогиканың тарихына жүгінеді, ол яғни тарихи кезеңдегі оқыту мен тәрбие берудің тәжірибесі және басқа мемлекеттердегі тәжірибелік тәрбие мен оқыту болып келеді. Бұл негізінен педагогиканың басты салалары болып табылады. Сонымен бірге әлеуметтік педагогиканың салаларына: мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, кәсіби білім педагогикасы, қоршаған орта педагогикасы, әлеуметтік жұмыстың педагогикасы жатады. Мына айтылған әлеуметтік педагогиканың әр бір салаларының өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Әлеуметтік педагогика әлеуметтік тәрбиемен, әлеуметтік психологияның педагогикасы мен басқару психологиясымен және әлеуметтік біліммен белгілі бір маңызды бағыты ретінде өзара байланыс жасайды. Сондай – ақ әлеуметтік педагогика философия тәрбиесін, қазіргі адамдар арасындағы тәрбиелеуді қарастырып, өз іс - әрекеттерін байланыстыра отырып жүзеге асырады.
Қазіргі кезде әлеуметтік педагогиканың басты ерекшеліктеріне: гуманизмдық бағыт, ынтымақтық, достық тәрбиеның қалыптасуы жатады. Көмектесуде ең алдымен адам өз - өзіне көмектесе білу керек, яғни өзін жан – жақты көрсетіп, өзіндік ерекшеліктермен не өзгешелігімен көрініп, алдыға қойған басты мақсаттар мен міндеттерге жауапкершілікпен қарау керек. Әлеуметтік тәрбиедегі гуманизм жеке адамға көмектесуге негізделеді. Әлеуметтік тәрбиедегі гуманизмнің негізгі принципі: адам қандай да болмасын қандай бар солай қабылдау. Оның басына туған проблемалардан қашпай, керісінше бұндай қиын сәттерде көмектесу керек. Қазіргі әлеуметтік педагогиканың басты шарты – бұл өзіндік педагогика бөлімдері. Бұл бөлімдерде әлеуметтік тәрбиелеумен оқытудың әдістері қалыптасқан. Әлеуметтік педагогиканың әдісі: өзіндік тәрбие, өзіндік ұйымдасуға, өзіндік қызметтерді орындауға бағытталады. Әлеуметтік орта дегеніміз – бұл біріншіден өте кең әлеуметтік болмыс, мемлекет, халық. Ал, екіншіден адамдарды қоршап тұрған орта, әрі адамның қалыптасуына өз септігін тигіэетін орталықтар мен ұйымдар. Оларға мысал ретінде мектептегі, жоғары оқу орнындағы арнайы тәлім – тәрбие беруді де жатқыза аламыз.

1. Әбиев Ж. Ә., Бабаев С. Б., Құдиярова А. М. Педагогика.- Алматы 2004.
2. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі.-Алматы 1999.
3. “Егемен Қазақстан” газеті. Халық тәрбиесі мен білім саласы 2006 жылы 12 сәуір.
4. “Қазақстан мектебі” журналы. Қазіргі замаңғы әлеуметтік педагогикалық жүйе 2005 жылы 15 мамыр.
5. “Егемен Қазақстан” газеті. Мектептегі педагогикалық қалыптасқан жүйе 2001 жылы 18 қыркүйек.
6. “Қазақстан мектебі” журналы Мектептегі білім беру жүйесі әлеуметтік –педагогикалық талдау 2005 жылы
7. Буева Л. П. Социология и педагогика.- Москва 1971 .
8. Мудрик А. В. Социальная педагогика.- Москва 2000.
9. Гольцова Н. В. Социальная педагогика.- Москва 2006.
10. Холостова Е. И. Социальная работа.- Москва 2004.
11. Курбатов В. И. Социальная работа.- Москва 2007.
12. А. Н. Агафонов., К. Н. Менлибаев., К. М. Туганбекова., Г. Г. Черная Социальная педагогика.- Астана 2005.

ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2-4 бет
1. Мектеп - әлеуметтік педагогиканың ашық педагогикалық
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-6 бет
1. Мектептің педагогикалық жүйесі және оны басқару
нысаны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...5-7 бет
2. Әлеуметтік педагогикадағы мектепті басқарудың негізгі
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 8-11 бет
2. Қазіргі мектептегі әлеуметтік – педагогикалық жағдай және оны
дамытудың басым бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ..12-13 бет
1. Мектептегі білім беру жүйесіне әлеуметтік – педагогикалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .14-15бет
2. Мектеп басшысының басқару мәдениеті мен функциялық
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...16-17 бет
3. Мектепті басқарудағы ұйымдастырушылық
қызмет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 18-19 бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...20-21 бет
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...22 бет
Кіріспе
Әлеуметтік педагогика тәрбиелеу процесі және жеке адамның теориялық және
қолданбалы бағыттары тұрғысынан қарастырылады. Негізінен әлеуметтік
педагогика қоршаған ортадағы адамға қажетті тәлім – тәрбиені беруді басты
мақсат тұтады. Бұл жеке адамның әлеуметтенуінен анықталады. Ұлы ғалымдардың
ойынша әлеуметтік педагогика – педагогиканың саласы, ол әр – түрлі топтағы
адамдардың әлеуметтік тәлім – тәрбиесін белгілі бір орталықтарда,
кәсіпорындарда, ұйымдарда қарастырады. Әлеуметтік педагогика педагогиканың
тарихына жүгінеді, ол яғни тарихи кезеңдегі оқыту мен тәрбие берудің
тәжірибесі және басқа мемлекеттердегі тәжірибелік тәрбие мен оқыту болып
келеді. Бұл негізінен педагогиканың басты салалары болып табылады. Сонымен
бірге әлеуметтік педагогиканың салаларына: мектепке дейінгі педагогика,
мектеп педагогикасы, кәсіби білім педагогикасы, қоршаған орта педагогикасы,
әлеуметтік жұмыстың педагогикасы жатады. Мына айтылған әлеуметтік
педагогиканың әр бір салаларының өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар.
Әлеуметтік педагогика әлеуметтік тәрбиемен, әлеуметтік психологияның
педагогикасы мен басқару психологиясымен және әлеуметтік біліммен белгілі
бір маңызды бағыты ретінде өзара байланыс жасайды. Сондай – ақ әлеуметтік
педагогика философия тәрбиесін, қазіргі адамдар арасындағы тәрбиелеуді
қарастырып, өз іс - әрекеттерін байланыстыра отырып жүзеге асырады.
Қазіргі кезде әлеуметтік педагогиканың басты ерекшеліктеріне: гуманизмдық
бағыт, ынтымақтық, достық тәрбиеның қалыптасуы жатады. Көмектесуде ең
алдымен адам өз - өзіне көмектесе білу керек, яғни өзін жан – жақты
көрсетіп, өзіндік ерекшеліктермен не өзгешелігімен көрініп, алдыға қойған
басты мақсаттар мен міндеттерге жауапкершілікпен қарау керек. Әлеуметтік
тәрбиедегі гуманизм жеке адамға көмектесуге негізделеді. Әлеуметтік
тәрбиедегі гуманизмнің негізгі принципі: адам қандай да болмасын қандай бар
солай қабылдау. Оның басына туған проблемалардан қашпай, керісінше бұндай
қиын сәттерде көмектесу керек. Қазіргі әлеуметтік педагогиканың басты шарты
– бұл өзіндік педагогика бөлімдері. Бұл бөлімдерде әлеуметтік тәрбиелеумен
оқытудың әдістері қалыптасқан. Әлеуметтік педагогиканың әдісі: өзіндік
тәрбие, өзіндік ұйымдасуға, өзіндік қызметтерді орындауға бағытталады.
Әлеуметтік орта дегеніміз – бұл біріншіден өте кең әлеуметтік болмыс,
мемлекет, халық. Ал, екіншіден адамдарды қоршап тұрған орта, әрі адамның
қалыптасуына өз септігін тигіэетін орталықтар мен ұйымдар. Оларға мысал
ретінде мектептегі, жоғары оқу орнындағы арнайы тәлім – тәрбие беруді де
жатқыза аламыз. Әлеуметтік тәрбие – көпмағыналы мәнге ие. Бұл адамдардың
өздерінің болашақтары үшін қамқорлық, адамдардың қоғамға деген жәрдем
жасауы, яғни қиын кездерде көмек көрсету, адамдардың ұйымдарға,
орталықтарға қолдау көрсетуі. Бұл адамдардағы көмек көрсету, адамның
отбасындағы, халық арасында, құқықтық нормаларда, экономикалық, азаматтық
және тұрмыстық қарым – қатынастарда қалыптасқан. Шынайы тәрбие – табиғатты
адамның терең түсінуі, оның білімдері мен тәжірибелерін және
қызығушылықтарын түсіну болып келеді. Бұл аумақта айтарлықтай жақсы табысқа
жету үшін адамды кішкентай кезінен бақылау керек және оның іс –
қимылдарына, оған қоршаған ортанын әсері, оның өмір сүретін жағдайын
саралау керек. “Әлеуметтік тәрбие термині” адамдардың өзіндік дамуын,
белгілі бір табысқа жетуін анықтайтын процесс. Әлеуметтік тәрбие беру
процесі отбасыда, мектепте, жоғары оқу орнында, еңбекте беріледі. Ал,
негізгі тәрбие беретіндер қатарына отбасы мен мектеп жатады. Әлеуметтік
педагогикадағы мектептің рөлі маңызды болып келеді. Өйткені мектеп бұл
баланың басты қалыптасу кезеңдерінде тәлім – тәрбие беріп, келешекте қоғам
арасында басқа да орындарда өзін қай жақтан болса да көрсетуге, ғылыми,
әлеуметтік, экономикалық жұмыстарға араласуына кішкене болса да негіз
беретін басты білім ордасы болып келеді.
Мектеп – қоғамның болашақ азаматтарының бесігі. Халық – деген ұлы атқа ие
болатын осы мектеп оқушылары. Мектеп – тұлғалар тәрбиелейтін бесік. өз
ұлтымызды келешекте қандай деңгейде көргіміз келеді, мектепке сондай талап
қойылады. Кеңес дәуіріндегі қазақ мектептері нашар еді, не болмаса білім
деңгейі төмен еді деуге болмайды. Өйткені қазіргі көптеген қоғам
қайраткерлері, ақын, жазушы, ғалымдарымыз сонда оқып білім алған. Ерте
кездерде мектепті басқаруда беделімен басу тәсілі үстем болды. Тәрбие
саласында коммунизмнің өзі секілді ешқашан орындалмайтын елес тұлға
қалыптастыру көзделді. Мұндай өмірде болмаған, елес тұлғалар мектеп
оқушыларына нысана, тұтқа болуы екі талай келеді. Сол себебті мектепте
жүргізілген еңбек тәрбиесі оқушылардың бойында еңбек сүйгіштікке құлшыныс
қалыптасқан болатын. Мектептегі оқыту процесін ұйымдастыру жұмысы
оқушылардың бойындағы барлық қабілет, қасиеттерін толығымен дамытуға өз
септігін тигізді. Өткен ғасырдың елімізге бергені мол. Соның ең маңыздысы –
мектеп. Бір ғасыр аралығында қазақ мектебі орасан өзгерістерді басынан
өткерді. Жер шарындағы көшпелі өркениеттің ең соңғы үлгісін сақтаған қазақ
жеріне отаршылықпен қоса ауыл – ауылдарға мектептердің қалай келе
бастағанын, білімге сусаған жұрттың оқуға қалай ұмтылғанын, елімізде оқу –
ағарту ісінің қанатын қалай жайғанын бәрімізге мәлім. 20 ғасырдағы қазақ
мектебі – ұлттық өрлеуімізге ерекше ықпал еткен, әлеуметтік айрықша жүк
атқарған, халқымыздың санасы мен ойының, білімі мен ілімінің, өркениеті мен
мәдениетінің, тәлім – тәрбиенің айнасы. Сапалы білім берген қазақ
мектептерінің арқасында қазақ ғылымы мен мәдениеті, ұлт өнері мен әдебиеті
әлемге кең танылды. Ұлттың танымы мен талғамын, білімі мен білігін аңғартар
тамаша тұлғалар қалыптасты. Қазақ мектебінен шыққан ұлдар мен қыздар
Қазақстанды әлемге танытқан елшілік және тағы басқа қызметтерді еркін
меңгертіп, өз білімдерін дәлеледеді. Ел дамуының осы бір ақиқат
көріністерін қалай ғана жетістік деп танымауға әрине болмайды. Бұл
жағдайлар, сөз жоқ, қазақ мектебі мен оқу – ағарту ісінің өткен ғасырдағы
тамаша жетістіктері.Әрине тек қазақ мектептері ғана емес бұндай тәлім –
тәрбиемен айналысып қойған жоқ. Қай мектеп болсын бұл нағыз білім ордасы
дей отыра, адамгершіліктің, тәлім- тәрбиенің негізін қалыптастыратын басты
орталықтар деп айта аламыз.
XXI ғасырдағы мектептін басты жетістіктері:
1. Жаппай сауат аштырып, орта білім алуға, жоғары білім алуға қол жеткізді.
2. Материалдық – техникалық базасы жылдан – жылға нығайды.
3. Жеке пәндер болмаса, негізгі пәндердің бәрінен мамандар жеткілікті, әрі
жоғары білімдері болды.
4. Орта мектептен жан – жақты кең көлемде білім берді.
5. Ең қиын кездердің өздерінде мектеп реформалары міндетті түрде
жүргізілді.
6. Бағдарламалар, оқулықтар тұрақты болғаннан кейін тәжірибе жинақтау жеңіл
болды.
“XXI ғасыр – қазақ халқының гүлдену дәуірі” ,- деп Президентіміздің өзі
көрсеткеніндей, ол біздің халқымыздың зор рухани түлеуінің дәуірі болуға
тиіс. Елімізді 2030 – шы жылы барысқа айналдыратын күш – бүгінгі мектеп
партасында отырған оқушылар мен 15 – 20 жас аралығындағы жастар,- деп
Елбасымыз тегіннен – тегін айтқан жоқ. Ал, бүгіңгі күні жан – жақты терең
білімді, саяси экономикалық сауатты қалыптастыратын, бұл – мектеп. Біздің
Қазақстан Республикасында қазақ тілінде оқытатын мектептің ең басты міндеті
- өз ұлтының тарихы мен мәдениетін, тілі мен дінін қастерлейтін және оны
жалпы адамзаттық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін елжанды
тұлға тәрбиелеу. Ұстаздар білім беру мен тәрбие жұмысын әрбір бүлдіршін
өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туылғанын мақтаныш ете алатындай
жағдайда ұйымдастыра білуі қажет. Бүгіңгі қазақ мектебіне жоғары білімді,
білікті басшы адамға тән парасаттылық, кемеңгерлік мінезі бар жетекші тұлға
керек. Бұдан біз әлеуметтік педагогикадағы мектептің өте сан жетпес
маңыздылыққа ие екенін көре аламыз. Мектеп - әлеуметтік педагогиканың
негізгі бастамасы, яғни баланың жеті жастан бастап оның бойында әлеуметтік
педагогиканың басты принциптер мен міндеттерін жүзеге асыруына мектеп басты
септігін тигізеді.
Мектеп – ертеңгі болашақта балалардың өсіп – жетілуіне, өз жолдарын
таңдауға, өз мақсатары мен армандарын жүзеге асыруға басты негіз болды.
Жалпы халық мұқтажын қанағаттандыру жағынан келгенде, мемлекеттік
мектептерге деген сұраныс басым. Елдің басым бөлігі ғана емес, ертең де,
одан кейін де балаларын бюджет есебінен оқытатын мемлекеттік мектептерге
апарары хақ. Әрине, ұлт болашағын ойлайтын білікті, білімді азаматтар
тәрбиелеу тұрғысынан келгенде мемлекеттік мектеп пен ақылы мектеп арасында
мүдделестік сипаттың бары рас. Ал өмір сүру, бір қоғамда қатар ғұмыр
қашанда дамудың кепілі ғой. Жақсы бәсекелестік екеніне де тиімді. Бүгіңгі
күні XXI ғасыр мектебі уақыттың күллі жаңалықтармен түбегейлі қаруланып,
жасақталған, компьютерленген, ұлттық ой мен сананы әлемдік өркениетпен
әдемі сабақтастыра білер, ұрпақ жанын ізгілікке, батырлыққа, адамгершілікке
баулайтын қасиетті орда, әрі әлеуметтік педагогиканың ашық- жүйесі болып
табылады.
1. Мектеп әлеуметтік педагогиканың ашық педагогикалық жүйесі.
1. Мектептің педагогикалық жүйесі және оны басқару нысаны.
Педагогикалық жүйе дербес дамитын және тұтас басқарылатын бірнеше
компоненттерден құралады. Педагогикалық жүйені басқару бір жағынан оның
жекелеген тұтастығын сақтаса, екінші жағынан оның жекелеген компоненттеріне
ықпал жасауға, өзгертуге мүмкіндік береді. Осылайша педагогикалық жүйенің
қызметі қатаң белгіленген уақыт шегінде орындалуы тиіс қоғамның
қажеттілігін орындауға бағытталады. Жүйенің мақсаты оның мазмұнын
айқындайды, ол мазмұн көп түрлі және оны іске асыру әдістері де сан –
алуан. Басқа жүйелер сияқты педагогикалық жүйе де алынған нәтижелердің
деңгейімен сипатталады.
Педагогикалық құбылыстың диалектикалық табиғатын таныта отырып,
педагогикалық жүйенің компоненттері, оның оңтайлы қызмет етуіне қажетті
және жеткілікті болуы тиіс. Осы негізде мектеп жүйе құраушы факторлардың
жиынтығы болып табылады. Жүйені құраушы фактор мақсат пен нәтиже
факторларынан көрінеді. Қызмет ету шарттары - әлеуметтік педагогикалық және
уақытша шарттарды, ал құрылымдық компоненттер – басқарушы және басқарылушы
жүйені, педагогикалық әрекеттің мазмұны, құралы, формалары мен әдістерінен
түзіледі. Қызметтік компоненттер – педагогикалық талдау, мақсат қою және
жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау, қадағалау және түзетуді құрайды.
Мектептегі педагогикалық жүйені басқару нысаны ретінде ұштастыру, білім
беруді басқару, қызмет басқаруды басшылар, мұғалімдер мен оқушылардың
бірдей дәрежеде мақсат қойып, нәтижеге қол жеткізуге ұмтылуын,
педагогикалық және оқушылар ұжымын қалыптастыруға қолайлы жағдай жасайды,
оқу – тәрбие жұмыстарының түрлі құралдары мен әдістерін таңдап, пайдалануды
білдіреді. Бұндай жағдай педагогикалық жүйенің мақсаттылығын сақтауға және
оны құрайтын компоненттерді жақсартуға оң ықпал жасайды.
Жүйе құраушы маңызды факторлардың бірі, педагогикалық жүйенің қызметінің
бастау көзі – оқушы тұлғасының үйлесімді дамуы, оның өзін - өзі айқындауына
бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен әрекетінің мақсаты болып
табылады. Мектептің мақсаты – тұлға қасиетінің ақыл – ой, адамгершілік,
эстетикалық еңбек, экологиялық, құқықтық және басқа да базаның мәдениетін
қалыптастыру. Жалпы мақсаттар оқу тәрбие процесінің жекелеген бағыттары
бойынша нақтыланады. Басқарудың тиімділігін арттырудың ең басты белгісі
мектеп басшылығының, мұғалімдердің, оқушылардың өзін - өзі басқару
органдарының жекелеген мақсаттарды белгілей алуы және белгілі бір уақыт
кезеңінде оны жалпы мақсатпен үйлестіріп, реттеп отыру.
Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік – педагогикалық шарттары
деп оның ахуалы мен дамуының тұрақты жағдайын айтамыз. Мектепті басқарудың
шарттары жалпы және арнайы деп екі топқа бөлінеді. Жалпы шарттарға
әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық, географиялық шарттарды жатқызуға
болады. Ал арнайы шарттар – оқушылардың әлеуметтік – демографиялық құрамы,
мектептің орналасқан жері, яғни қалалық, аудандық, мектептің материалдық
мүмкіндігі, қоршаған ортаның тәрбиелік мүмкіндігі сияқты компоненттерден
құралады. Педагогикалық процестің тиімділігінің, маңызды көрсеткіші
педагогикалық және оқушылар ұжымдарындағы моральдық психологиялық ахуалдың
сипаты, оқушылар ата – аналарының педагогикалық деңгейі болмақ.
Педагогикалық жүйенің уақыттық сипаты балалардың дербес – психологиялық
дамуы және жас ерекшеліктеріне сәйкес өзара тығыз байланысты үш кезеңнен
тұрады. Ол жалпы ұзақтығы он бір жылды құрайтын жалпы білім беретін
мектептің үш сатысын, яғни 1- 4 бастауыш, 5 – 9 негізгі орта, 10 – 11
сыныптар жоғарыны құрайды. Жалпы білім берудің әр сатысы өзіндік
міндеттерді шешуге бағытталғанмен, ол бала тұлғасын дамыту – деп аталатын
ортақ міндетке жұмылдырылады. Оқытудың бір сатысынан екінші сатысынан өту
дербестігі тұлғалық дамуда елеулі секіріс болып табылады. Жүйе құраушы
факторлар, әлеуметтік – педагогикалық және уақыттық шарттар құрылымдық
бақылау менфункциялық компоненттердің ерекшеліктерін айқындайды. Кез келген
әлеуметтік жүйеде басқарудың жеке немесе ұжымдық субьектісі шешуші рөл
атқарады. Мектептің педагогикалық жүйесінің құрылымдық компононтттері
айқындалатын нағыз педагогикалық ұжым және оның басшысын немесе жүйені
басқарушының әрекеті болмақ. Практикалық істерді талдау және арнайы
зерттеулер педагогикалық ұжымның алға қойған мақсатына өз функцияларын
кеңейту арқылы ғана емес, сонымен бірге ол функциялардың мүмкіндігін сарқа
пайдаланып, оларды үйлестіру арқылы жетуге болатындығын көрсетеді. Осыдан
келіп басқару жүйесінің деңгейі проблемасы туындайды. Көптеген мектептердің
басқару жүйесінің құрылымы басқарудың төрт деңгейінен тұрады.
Бірінші деңгей – ұжым сайлаған немесе мемлекеттік орган тағайындаған мектеп
директоры, мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестік басшылары.
Екінші деңгей – мектеп директорының орыбасарлары, мектеп психологиясы,
әлеуметтік педагог, аға тәлімгер, мектеп директорының әкімшілік –
шаруашылық істері бойынша көмекшісі, сонымен бірге өзін - өзі басқарушы
бірлестіктер мен органдар.
Үшінші деңгей – оқушылар мен ата – аналарға, балалар бірлестіктері,
сабақтан тыс үйірмелерге қатысты басқару қызметін атқаратын мұғалімдер,
тәрбиешілер, сынып жетекшілері.
Төртінші деңгей – сыныптық және жалпы мемлекеттік оқушылардың өзін - өзі
басқару жүйесіне басшылық жасайтын оқушылар. Бұл деңгей мұғалім мен оқушы
қарым – қатынасының сипатын айқындайды. Оқушы ол қарым – қатынастың
обьектісі болуымен бірге өз дамуының субьектісі болады. Бұл келтірілген
өзара қарым – қатынастар тізбегінен аңғаратымыз, әрбір төмеңгі деңгейдегі
басқару обьектісі бір мезгілде өзінен жоғары деңгейдегі басқарудың
обьектісі болады. Басқару жүйесінде оқушылар ұжымы негізгі орын алады, оны
да жалпы мемлекеттік ұжым және сыныптық ұжым деп басқарудың екі деңгейіне
топтастыруға болады. Ал көлбеу бағыттағы басқару жүйесі оқушылардың
қоғамдық ұйымдары, спорт секциялары, шығармашылық бірлестіктер, үйірмелер
деп жіктеледі. Басқару жүйесі оқушылар қатысатын іс - әрекеттің
біртұтастығын, яғни оқу, іздеушілік, спорт, көркем – эстетикалық, қоғамдық
пайдалы еңбек танытады. Тұтас педагогикалық процестің мекеменің, мектеп,
лицейдің алдына қойған мақсатымен айқындалады. Ал педагогикалық және
оқушылар ұжымының оқу – тәрбие процесі мазмұнының өзгеруі мемлекеттік білім
стандарттары негізінде реттеледі.
Қазіргі қоғамға тән білім беру процесін ізгілендіру, дербестендіру және
дифференциялау, мәдениеттанушылық сипат беру бағыттарын іске асыру балалар
мен жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен түрлерін
пайдаланудың ерекшеліктерін анықтайды. Бұл бағытта ұжымдық және топтық
жұмыс түрлерімен бірге дербес жұмыс түрлеріне де баса мән беріледі.
Педагогикалық әрекеттегі басқару жүйесінің ықпал жасау әдістері де айқын
болуы тиіс. Оның тиімділігі - қолданған әдістің нақты педагогикалық
жағдайға сәйкестілігіне байланысты. Тұтас педагогикалық процестің
ұйымдастыру әдістері жүйенің ұйымдық, функционалдылық және ақпараттық
бірлігін тоқтатуы тиіс. Сондықтан мұғалім сендіру, жаттығу, бақылау және
өзін - өзі бақылау, ынталандыру сияқты тәсілдермен бірге ақпарат жинау және
оны талдау, дербес дамудың диагностикасын жасау, түзету және тағы басқа
сияқты әдістерді де игеруі тиіс.
Сонымен, аталған жүйке құраушы факторлар педагогикалық процесті
ұйымдастырудың ішкі құрылымының өте күрделі екендігін танытады. Сонымен
бірге әрбір компонентті алға қойған мақсатқа, қалыптасқан нақты жағдайға
байланысты дер кезінде реттеп отыруды қажет етеді.
Аталған компоненттер өз бетінше өмір сүрмейді, олар мұғалім әрекетімен
тығыз байланысты болады да педагогикалық жүйенің функционалдылық
компоненттерін құрайды. Функциялық комноненттердің негізіне педагог
әрекетінің процесінде туындаған тұрақты базалық құрылымдық компоненттер
түзеді. Ал функциялық компоненттер педагогикалық процестің қозғалысын,
өзгерісін танытып, оның даму қисынын айқындайды.
Әлеуметтік педагогикалық талдаудың мектепті басқару функциясы ретіндегі
негізгі қызметі Ю. А. Копержевскийдің пікірінше педагогикалық процестің
даму тенденциялары мен жағдайын зерттеу, оның нәтижелерін обьективті
бағалап, соның негізінде басқарылатын жүйелі жақсарту туралы ұсыныстар
дайындау болмақ. Бұл функия – басқару циклінің құрылымдағы ең күрделісі,
өйткені, талдау зерттеу обьектісін бөлшектеуді, оның әрқайсысының орны мен
рөлін бағалауды, жеке бөліктен тұтас обьектіні тани алуды, жүйе құраушы
факторлердің байланысын анықтауды қамтыды. Мектепті басқарудың қызметі
ретінде әлеуметтік талдаудың жүйелігі мектеп педагогикасы үшін өз маңызын
тигізеді, әрі жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік педагогикадағы мектепті басқарудың негізгі функциялары.
Әлеуметтік педагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті
басқару ғылыми тұрғыдан қарастырып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат
беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және
өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі
әлеуметтік жүйе үшін де қажет.
Жалпы басқару дегенді – шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа
сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы
ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп
түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік
жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет
көлемін қамтитын білім бері жүйесі деп білеміз. Білім жүйесі ретінде ҚР
Білім және Ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық
білім бөлімдерін айтамыз. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік
педагогиканың жүйесі ретінде мектепшілік басқарудың нысаны болады. Мектепті
басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйесі –
орта мектептегі басқарудың бөліктері болып табылады. Ол бөліктерге тұтас
педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі,
оқушыларға эстететикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және тағы
басқалары жатады.
Мектепшілік басқару дегеніміз – біртұтас педагогикалық процеске
қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуге көздеген мақсатты, сапалы
өзара әрекеттесуі. Біртұтас әлеуметтік педагогикалық процеске
қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер
мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою
және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету. Мектепшілік
басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда. Мысалы, ықпал ету
ұғымының орнына өзара әрекеттесу, ынтымақтасу, рефлексивті басқару ұғымдары
қолданылуда. Сол сияқты мектепті басқару теориясы мектепшілік менеджмент
теориясымен толығуда. Қазіргі заманның білім жүйесінің басты
ерекшеліктерінің бірі – мемлекеттік басқарудан мемлекеттік – қоғамдық
басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік – қоғамдық басқарудың негізігі
идеясы – білім проблемаларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш – қуатын
біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата- аналарға оқу процесінің мазмұны
мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға
барынша кең құқық пен еркіндік беру. Мемлекеттік басқару органдарымен қатар
қоғамдық басқару органдары да құрылады. Оның құрамына мұғалімдер мен
оқушылар ұжымы, ата – аналар мен жұртшылық өкілдері енеді. Олардың
басқаруға қатысатындары мектеп ұжымында ғылыми ізденіс атмосферасын және
қолайлы психологиялық климат қалыптастыруға алғышарт қалайды. Білім беруді
басқарудың қоғамдық сипатының нақты көрінісі – мектеп кеңесі сияқты ұжымдық
басқару органдарының қызметінен танылады. Мектептің ең жоғарғы басқару
органы жылда бір рет өткізілетін конференция болып есептеледі. Оның
өкілеттілігі өте кең, жалпы мектептік конференция мектеп кеңесің, оның
төрағасын сайлайды, олардың қызметінің мерзімін белгілейді. Әрбір оқу орны
конференцияда оқу орнының жарғысын қабылдап, нақты жағдайға қарай оқу
орнының дамытуын, оның міндеттері мен мақсаттарын белгілейді. Сондықтан да
бір мектептің Жарғысы екінші мектептікінен өзгеше болуы мүмкін. Мектеп
кеңесі алқалы орган болғандықтан дамудың негізгі бағыттарын, оқу – тәрбие
процесінің сапасын көтеру шараларын белгілейді. Сонымен бірге мектеп кеңесі
оқу орнының жұмыс бағыттары бойынша тұрақты комиссия, штаб құрып, олардың
құқықтары мен міндеттерін өкілеттілік шегін белгілейді.
Мектеп кеңесінің қызметі мынадай негізгі бағыттарда іске асады:
1. Конференция шешімдерін іске асыруды ұйымдастырады.
2. Мемлекеттік және қоғамдық органдар оқушылардың мүддесіне қатысты
мәселе қарастырғанда ата – аналармен бірге оқушылардың мүддесіне
қатысты мәселе қарастырғанда ата – аналармен бірге оқушылардың
әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді.
3. Бірінші сыныпқа оқушылар қабылданғанда олардың жасын, оқу түрін
белгілейді.
4. Бюджет шығындардың есебін талқылайды, оқу орнының жеке қорын
қалыптастырады, оқу орнының бюджеттік және бюджеттен тыс қаржысын
жұмсауының негізгі бағыттарын айқындайды.
5. Мектеп директорының, оның орынбасарларының, жекелеген мұғалімдердің
есептерін тындайды.
6. Мектеп әкімшілігі және жұртшылық өкілдермен бірігіп ата – аналарға
педагогикалық білім беруге жағдай туғызады.
Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының арта түсуі білім жүйесін
мемлекетсіздендіру және білім мекемелерін диверсификациялаудан көрінеді.
Диверсификация латын тілінен аударғанда көртүрлілік, дамудың жан –
жақтылығы деген мағынаны білдіре отырып, бір мезгілде білім беру
мекемелерінің бірнеше типтерінің қатар дамуы. Мысалы, гимназия, лицей,
колледж, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын, мемлекеттік емес білім
беру мекемесінің бірқатар ерекшеліктері болады. Ондай мекемені басқару
тікелей оның құрылтайшысы немесе сол құрылтайшы тағайындаған қамқоршылар
кеңесі іске асырады. Мемлекеттік емес білім мекемелерінің қамқоршылар
кеңесінің өкілеттілігі, басқару құрылымы, мекеменің басшысын сайлау,
тағайындау тәртібін айқындайтын өз жарғысы болады. Мектепшілік басқару ең
алдымен басшылардың, мұғалімдердің, оқушылар мен ата – аналардың
бастамашылығы мен өздігінен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады. Бұл
жағдай тек қана шешім қабылдау мен талқылаудың бүкпесіз, ашық жүргізгенде
ғана мүмкін. Мектеп басшыларын сайлау, педагогикалық кадрларды байқау және
контракт негізінде қабылдаудың жүйесі – мектептегі демократияның бастауы,
мемлекетте әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік психологияға міндетті түрде
жүгінеді. Мектеп әкімшілігінің, мектеп кеңесінің тұрақты түрде есеп беріп
отыруы оны талқылауға және шешім қабылдауға мұғалімдер мен оқушыларды
қатыстыруы мектеп өмірінде демократияның негізін қалайды. Әлеуметтік
педагогикалық процесте басқару жүйесінің табиғатын түсіну, басқаруға
қолайлы алғышарт жасайды. Мектептегі басқаруды жүйелілік ыңғайының бірінші
белгісі – мектепті жүйе ретінде танып, оның негізгі белгілерінен құралатын
осы жүйенің тұтастығын көре білу. Екінші белгі мектептің құрылымы болып
табылады. Жүйенің құрылымы қалай болса мектептің байланыстары мен
қатынастарының дамуы соған тікелей байланысты болмақ. Жүйенің үшінші
компоненті оның өзіндік ерекшеліктері мен сипаттарынан туындайды. Дегенмен
олардың өзара әрекеттесуі арқылы жүйенің жаңа сапасы қалыптасады.
Компоненттердің тұрақты түрде өзара жақындауға ұмтылуы жүйенің тұтастығын
айқындайды. Мектепті басқаруда жүйенің төртінші ерекшелігі – оның қоршаған
ортамен тығыз және өзгеше байланыстылығын естен шығармаған жөн. Мектеп пен
қоршаған ортаның әрекеттесуі екі формада көрінеді. Бірінші жағдайда мектеп
өз әрекетін сыртқы ортаға бейімдесе, екінші жағдайда мектеп өз мақсаттарына
жету үшін ортаны өзіне бағындырады. Мектепті басқарудағы жүйелілік пен
тұтастық мектептің басшысы мен ұжымының басқару қызметтерінің өзара
байланыстары мен өзара әрекеттесуін де қарастырады. Бұл қағиданы іске
асыруда біржақтылыққа жол бермеуге болмайды. Осы қағида арқылы басқару
қызметінің бірізділігін, қисындылығын, өзара пайдалылығын, оның барлық
қызметінің де бірдей маңыздылығын аңғарамыз. Мектеп және әлеуметтік
педагогика тарихы шамадан тыс орталықтандырудың әкімшілік басқаруды
күшейтуге әкеліп соғантындығына талай рет көз жеткізді. Басқаруды
орталықтандыру төмеңгі буындағы жетекшілердің, мұғалімдер мен оқушылардың
бастамалығын шектеп, оларды өздерінің қатысуынсыз қабылдаған шешімдерді жай
ғана орындаушыларға айналдырады. Біржақты орталықтандыру жағдайында басқару
қызметінің қосарлануы, уақыт шығыны басшы мен орындаушылардың жұмыс
бастылығы сөзсіз орындаушылардың жұмыс бастылығы орын алады. Соған сәйкес
орталықсыздандыруға шамадан тыс мән беру әлеуметтік педагогикалық жүйенің
қызметінің тиімділігін төмендетеді. Орталықтандыруды орталықсыздандыруға
пайдасына жығып беру тұтастай басқару мен әкімшіліктің рөлін төмендетіп,
басқарудың талдамалық және қадағалаушылық қызметін жояды. Мектеп тәжірибесі
көрсетіп отырғандай демократиялық ойындар және орталықсыздандыруға
әуестенушілік ұжымының қызметі мен өміріне елеулі нұқсан келтіріп,
педагогикалық ұжымда түсініспеушілік пен жанжалға негіз болып, әкімшілік
пен қоғамдық басқару орындарының бір – біріне қарсы тұруына жол берді.
Сондықтан мектепшілік басқаруды қамтамасыз етуде орталықтандыру мен
орталықсыздандыруды үйлестіру әкімшілік және қоғамдық органдар басшыларына
бүкіл мектеп ұйымының мүддесін ескеріп, кәсіптік деңгейде шешім қабылдауға
мүмкіндік беріп, әлеуметтік педагогикалық жүйенің барлық құрылымдық
бөлімдердің қызметін жоғары деңгейге көтеруге жағдай туғызады. Басқарудағы
жеке билік тәртіпті қамтамасыз етіп, әлеуметтік педагогикалық процеске
қатысушылардың өкілеттілігін айыптауды және оны қатаң сақтауды қамтамасыз
етеді. Егер алқалы билік қабылданған шешімді іске асыру кезеңінде белгілі
бір шешім қабылдаса, бұл өте маңызды.
Әлеуметтік педагогикалық жүйеде билеп төстеуді, беделді алға салумен терең
педагогикалық бітім мен тұлғаның және әлеуметтік психологияны жете меңгеру,
оқушы, мұғалім, ата – ананың дербес психологиялық ерекшеліктерін жіті
есепке алуға негізделеді. Мектепті басқарудағы жеке мен алқалы билік
біртұтастығының көрінісі. Жеке билік шешімді орындауда жеделдігімен
ерекшеленсе, алқалы билік біршама бәсеңдігімен ерекшеленеді. Сондықтан да
тактикалық әрекеттерді айқындағанда жеке билікке, ал стратегияны талдап
жасағанда алқалы билікке арқа сүйенген дұрыс болмақ. Бұл айтылған мектептің
негізгі функциялары мен принциптері оқу – тәрбиесін басқаруда қоғамдық
негізде жұмыс істейтін түрлі кеңестердің қызметінен көрініс табады.
Әсіресе, ұжымдық ізденіс пен қабылданған шешімге жеке жауапкершілік қажет
болатын конференциялардың жұмыс осы қағиданы қатаң басшылыққа алады. Білім
беруді басқарудың мемлекеттік – қоғамдық сипаты орталықта және жергілікті
жерлерде бұл қағиданың күнделікті практикада орнығуына қолайлы жағдай
туғызады. Әлеуметік педагогикалық жүйені басқару тиімділігі едәуір дәрежеде
қажетті және толық ақпараттың болуына байланысты. Ақпараттың обьективтілігі
және толықтығы ақпаратты талдау және өңдеудегі асығыстыққа, дерексіздікке
қарсы қойылады. Әлеуметтік педагогикалық әдебиетте ақпарат педагог пен
тәрбиеленушінің арасындағы байланыс құралы ретінде, кейде жүйе мен қоршаған
орта туралы мағлұматтар жиынтығы ретінде қарастырылады. Басқаруда ақпаратты
пайдаланудың қиындығы оның тым аздығынан туындайды. Мектепшілік басқаруда
ақпаратты біржақты қарастыруға болмайды. Ақпараттың аздығы да, көптігі де
шешім қабылдауға, оны іске асыруды реттеуге кедергі жасайды. Әдетте
әлеуметтік педагогикалық жүйеде ақпараттың жетістіктері тәрбиелік қызмет
саласынан байқалады. Ал оқу тәрбие процесінде тұлға дамудың бағыттары, оның
оқу және оқудан тыс әрекеті, мінезі мен даму ерекшеліктері туралы да
ақпараттар жетіспей жатады. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметіне бақылау,
анкета жүргізу, тестілеу, нұсқаулық және әдістемелік материалдармен жұмыс
жасау жиі қолданады. Техникалық құралдарды және компьютерлендірудің
нәтижесінде материал жинау, оны өңдеудің мерзімі едәуір қысқарады. Қазіргі
мектеп басшысының міндеті – мектепшілік ақпараттық басқару технологиясын
жасап, енгізу. Ол технологияны басшымен бірге мұғалімдер де пайдалана алуы
тиіс. Әлеуметтік педагогикалық жүйедегі педагогикалық басқаруда кез келген
ақпарат маңызды, әсіресе жүйенің оңтайлы жұмыс жүргізу үшін қажетті басқару
ақпаратының маңызы ерекше. Түрлі белгілеріне қарап басқару ақпаратын
топтастыра аламыз. Уақыты бойынша – күнделікті, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz