Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау мен болжамдау


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 5

1 Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау мен болжамдаудың теориялық негіздері . . . 7

2 Кәсіпорынның қаржылық жоспарының орындалуын талдау («Selrad LTD» ЖШС мысалында ) . . . 13

2. 1 Кәсіпорынның негізгі қаржылық көрсеткіштерін жоспарлау мен болжамдау . . . 13

2. 2 «Selrad LTD» ЖШС-нің қаржылық жағдайына сипаттама және қаржылық жоспарлау көрсеткіштерінің орындалу нәтижесін талдау . . . 20

3 Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлауды(болжамдауды) жетілдіру жолдары . . . 33

Қорытынды . . . 37

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 39

Кіріспе

Қазіргі заман жағдайында өзінің күнделікті қызметінде жоспарлау жүйесін қолданбайтын кәсіпорынды елестету қиын. Қаржылық менеджменттің негізгі функцияларының бірі жақын арадағы және ұзақ мерзімді болашақта басқару шешімдерін дайындау жүйесі ретіндегі жоспарлау болып табылады. Бұл элементтер экономиканың оңтайлы үйлесімді дамуына, жекелеген салалардың белгілі бір уақыт аралығында өсу қарқынын алдын ала анықтау мақсатында қолданылады. Нарықтық экономика жағдайында бұл функциялардың мәні өзекті болып табылады, өйткені оны жүзеге асырудың тиімділігіне кәсіпорынның, оның иелері мен қызметкерлерінің әл-ауқатына байланысты. Қаржылық жоспарлау мен болжамдау қаржылық механизмнің маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

Қаржылық көрсеткіштерді дәлелдеу, қаржылық операциялардың көрсеткіштері және басқа да көптеген кәсіпорын үшін маңызды шешім қабылдау үрдісі қаржылық жоспарлау мен болжамдау үрдісінен кейінгі кезекте жүзеге асырылады. Бір біріне жақын осы екі көрсеткіш экономикалық әдебиеттерде және тәжірибеде үнемі салыстырылып ұқсастырып қарастырылады. Қаржылық жоспарлау арқылы нақты проблеманы шешу жолдарын, көрсеткіштерді, өзара байланысты тапсырмаларды, жүзеге асырудың бірізділігін, жүйелілігін және анықталған мақсатқа жету жолдарын көруге мүмкіндік туады.

Қаржылық болжамдау дегеніміз - кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін, бәсекелестік деңгейін, табысы мен шығысының арақатынасын, шешім қабылдау мүмкіндіктерін қазіргі қаржылық ахуалмен байланыстыра отырып алдын ала мүмкін болатын көрсеткіштердің ықтималдылығын көрсету. Қаржылық болжаудың объектісі болып қаржылық ресурстар табылады. Жоспарлау мен болжамдаудың арасында ажырамас байланыс бар. Болжамдау дегеніміз алдағы кезеңдегі дамудың жолдарына баға беру, мүмкін болатын оқиғаның салдары, ал жоспарлау дегеніміз қалаған мақсатқа жетудің жолдарын жетілдіру, бір жүйеге келтіру. [1, 62б]

Кез келген кәсіпорын келешектезиянға, пайдасыз шығынға ұшырамау үшін немесе алдағы кезеңде болатын жағдайларға дайын болу мақсатында, қиындыққа ұшырағанда қандай шешім қабылдау керектігін білу үшін алдағы кезең оқиғаларын болжап, жоспарлап отыруға немесе болатын жағдайды барынша өз пайдасына шешуге талпынады. Кәсіпорындардың көптеп пайда болуымен байланысты және олардың арасында бәсекелестіктің туындауына байланысты жоспарлау мен болжамдау арнайы жан-жақты зерттеуді, талдауды талап етті. Осыған байланысты ғылымда жаңа сала туындады. Қазіргі таңда жоспарлау кез келген салада маңызды болып саналады. Сондықтан кез келген табыс табу мақсатында құрылған кәсіпорын немесе қызмет орындары алдағы кезеңге болжамдау мен жоспаралау жасамай өз қызметін бастамауы тиіс. Жұмыстың бірінші сатысы екінші сатысымен міндетті түрде байланысты болуы керек, бұл байланысты жоспарламаса келесі саты қажетті мөлшерде табыс әкелмеуі мүмкін. Сондықтан кез келген жұмысты алдын ала болжамдау кәсіпкер үшін маңызды болып саналады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі ретінде кәсіпорынның алдағы кезеңге арналған жоспарын экономикалық көрсеткіштер арқылы есептеп талдау жүргізу, жоспарланған жұмыс пен нақты орындалған жұмыстың арақатынасын айқындап, қаржылық болжамдар жасау. Алдағы орындалатын шаруашылық қызметін жоспарлау маңыздылығы нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның жай-күйін көтеру үшін маңызды жолдарын ұсыну, терең зерттеу жүргізу арқылы іске асырылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері :

  • Қаржылық жоспарлау мен болжамдаудың теориялық негіздерін анықтау;
  • Қаржылық жоспарлау мен болжамдаудың қажеттілігін айқындау және қаржылық жоспарлау түрлеріне сипаттама беру;
  • «Selrad LTD» ЖШС-нің жоспар мәліметтері және орындалу көрсеткіштері негізінде талдау жүргізу;
  • Кәсіпорындағы жоспарлау және болжамдау бағыттарындағы проблемаларды және оларды шешу жолдарын ұсыну;

Зерттеудің пәні: ҚР аумағында қызмет «Selrad LTD» ЖШС-нің қаржылық-жоспарлау, болжамдау нәтижесінің тиімділігіне талдау жасау, негізінде тиімді шешімдер қабылдау болып табылады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі : «Selrad LTD» ЖШС-дағы қаржылық-жоспарлау, болжамдау болып табылады.

Зерттеудің теориялық, әдіснамалық және ақпараттық базасы. Дипломдықжұмыста шетелдік және қазақстандық жетекші экономистердің нарықтық экономикалық, қаржылық оқулықтары, оқу құралдары, монографиялары, қолданылды.

Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасы ретінде ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері, мерзімдік баспа құралдары «Selrad LTD» ЖШС-нің жылдық қаржылық есеп беру материалдары қолданылды.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы : жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның жоспар мәліметтерін және оның орындалу көрсеткіштері негізінде талдау жүргізу.

Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындылау бөлімінен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау мен болжамдаудың теориялық негіздері

Жоспарлау жүйесі қоғамда экономикалық заң талаптарын жүзеге асыру негізінде қолданылатын ұйымдастыру формалары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Қаржылық жоспарлау - ақшалай қаражаттарды қалыптастыру, бөлу және пайдалану үшін экономикалық үрдістерді жоспарлы басқару түсінігін береді немесе қаржылық жоспарлау - бұл қаржылық ресурстардың үйлесімдігі мен теңгерімділігі жайлы қызмет болып табылады.

Жоспарлау мен болжамдаудың объективті қажеттілігінің алғышарттары мыналар болып саналады:

Біріншіден, қазіргі кезде экономиканың дамуына ғылыми-техникалық прогресстің әсері күшейе түсті, барлық елдерде озық және күрделенген технологияға көшу, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың тиімді формаларына өту жоспарлауды, болжау жасауды және олардың нәтижесін алдын ала көре білуді талап етеді.

Екіншіден, жоспарлау мен болжау жасау басқарудың қажетті функциясы ретінде қолданылады. Ол мемлекетке экономиканың циклдық дамуын алдын ала білу, тепе-теңдік сақтау және пайда болған ауытқушылықты түзету, экономикалық және әлеуметтік нәтижелерді өзара байланыстыру, сондай-ақ халықтың жағдайы төмен бөлігінің мүддесін қорғау үшін қажет.

Үшіншіден, нарықтық экономика жағдайында кез келген кәсіпорын меншіктің түріне және шаруашылықтың формасына, құрылу уақыты мен өндірісінің көлеміне қарамастан, негізгі мақсатқа жету үшін кәсіпкерлік әрекетінің өзіндік даму стратегиясы ментактикасын айқындап алуы қажет. [2, 7б]

Жоспар құрудың қажеттілігі көптеген факторлармен түсіндіріледі, олардың ішіндегі ең маңыздылары келесідей: болашақтың белгісіздігі, материалдық, қаржылық және басқа да ресурстардың түрлерін қолдану үрдісінде кәсіпорынның әр-түрлі бөлімшелерінің қызметін үйлестіру қажеттілігі, экономикалық салаларды оңтайландыру және т. б. Қаржылық жоспарлаудың негізінде стратегиялық және жедел жоспарлар жатыр. Стратегиялық жоспар кәсіпорынның мақсаттары, міндеттері, ауқымы мен қызмет саласының тұжырымдамасынан тұрады. Көбіне мақсаттар сандық деңгейде немесе жалпы сандық бағдарлар түрінде құрылады.

Стратегиялық жоспарлау аясында мақсатты нұсқамалардың алуан түрлері тұжырымдалады. Тәжірибеде әдетте олардың келесідей түрлері ажыратылады:

  • Нарықтық (тауарлар мен қызметтер нарығында қандай сегментті қамту жоспарланып отыр, кәсіпорынның негізгі қызметіндегі басымдылықтар қандай) ;
  • Өндірістік (өндіріс пен технологияның қандай құрылымдары қажетті сұрыпталым, көлем мен сапаға қол жеткізу мақсатында өнімді шығаруды қамтамасыз етеді) ;
  • Қаржылық-экономикалық (қаржыландырудың негізгі көздері және таңдалатын стратегияның болжанатын қаржы нәтижелері қандай) ;
  • Әлеуметтік (кәсіпорынның қызметі қоғамның және оның жекелеген жіктерінің белгілі әлеуметтік қажеттіліктерін қаншалықты қанағаттандырады)

Бұл мақсаттар көбінесе сапалық деңгейде немесе оларға жетуде ары қарай индикатор болып табылатын жалпы, біріктірілген көрсеткіштер түрінде тұжырымдалады (мысалы, нарықтың немесе оның сегментінің үлесі, сату көлемдерінің ұлғаю қарқыны, капиталдандырудың өсуі және т. б. )

Стратегиялық жоспарда дайындалған нұсқамалар жедел жоспарларды әзірлеу үрдісінде негізделеді және нақтылады. Жедел жоспар ресурстардың қалай бөлінуі керек және стратегиялық мақсаттарға жету үшін кәсіпорынның бизнес - үрдістері қалай ұйымдастырылуы қажет деген шешімдерді қабылдауды қарастырады. Басқаша айтқанда, ол берілген ресурстық әлеуетте фирманың мақсаттарына жетуді жоспарлау болып табылады және оны дамытудың орта мерзімді кезеңі үш жылдан бес жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Жедел жоспар жоспарлау, қызметтің барлық бағыттары, түрлері мен функционалдық салалары бойынша нәтижелерді жинақтау болып табылады. [3, 8б]

Қаржылық жоспарлаудың атқаратын қызметтері:

  • Кәсіпорын кірістерінің өсу резервтерін анықтау және оларды жұмылдыру жолдарын қарастыру;
  • Жоспарланған мерзімде ең жоғарғы пайда әкелетін жоспарланған қаржылық ресурстарды тиімді пайдалану, кәсіпорын дамуының оңтайлы жолдарын анықтау;
  • Кәсіпорынның өндірістік көрсеткіштері мен қаржылық ресурстар арасындағы байланысты жоспарлау;
  • Бюджет, банктер және басқа да қаржылық құрылымдар арасында тиімді қаржылық қарым-қатынас орнату.

Қаржылық жоспарлаудың объектісі болып саналады:

  • Жалпы жүйедегі төлем барысында өнімдерді өткізуден (жұмысты орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен қолма-қол ақшалар, қолма-қолсыз ақшалар, бартер;
  • Пайда, пайданы құру, бөлу және пайдаға асыру;
  • Арнайы мақсатқа арналып бағытталған қорлар, оларды тұтыну, сақтандыру, жинақтау, оларды құру, бөлу және пайдалану;
  • Бюджеттік емес қорға аударымдар және бюджетке төленетін төлемдер;

Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау сипатына байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді.

Мазмұнына қарай:

  • стратегиялық жоспарлау - кәсіпорынның даму стратегиясын анықтау үдерісі және осы стратегия шегінде қаржы және адами ресурстарды реттеу үшін шешімдер қабылдау;
  • тактикалық жоспарлау-нарықтың өзгеруін ескере отырып, орта мерзімді стратегиялық мақсаттардың шешілуін көздейді;
  • қауырт (оперативті) жоспарлау- бұл, қолда бар мүмкіндіктерді өте қысқа мерзімде (жыл, маусым, ай, күн) жүзеге асыру.

Қамту көлеміне қарай:

  • алға қойылған мәселелерге қатысты кешенді зерттеу;
  • тек белгілі бір мәселені немесе белгілі бір аумақты қамтитын бөлшектелген жоспарлау;

Орындалу мерзіміне қарай:

  • қысқа мерзімді жоспарлау (жыл, жарты жыл, тоқсан, апта) ;
  • орта мерзімді (тактикалық) жоспарлау (2 жыл мен 5 жыл аралығында) ;
  • ұзақ мерзімді жоспарлау (5 жылдан артық мерзім) .

Сипатына қарай:

  • жан-жақты;
  • нұсқалы;
  • шектелген.

Мәліметтерді өзгерту мүмкіндігіне байланысты:

  • қатаң (жоспарды орындау барысында көрсеткіштерді өзгертпеу)
  • икемді (жағдайлардың өзгеруін есепке ала отырып, кезеңдік өзгерістер енгізу)

Жоспарлау сандық және сапалық сипаттағы мақсатты нұсқамаларды әзірлеу ме қабылдау және мақсатқа жетудің ең оңтайлы жолдарын анықтау үрдісі. Мақсаттар шежіресі түрінде жиі әзірленетін бұл нұсқамалар (мақсаттар), адамның қалауына негізделетін болашақты сипаттайтын және басқарудың осы деңгейі үшін негізгі болып табылатын көрсеткіштердің жиынтығымен анықталады.

Жоспарлаудың және болжамдаудың негізгі мақсаттары - болашақ жайлы мәліметтер алу үшін кәсіпорынның даму заңдарйн, оның дамуын жүргізуші күштерін зерттеу. Өндірістің негізгі даму күштері сипатында әлеуметтік қажеттіліктер, техникалық мүмкіндіктер және экономикалық сәйкестілік. Осыған байланысты жоспарлау мен болжаудың үш негізгі міндетін көрсетуге болады:

  • Шаруашылықты дамыту мақсатын белгілеу;
  • Мақсатқа қол жеткізудің оңтайлы жолдары мен амалдарын іздестіру;
  • Алға қойған мақсаттарға жетуге қажетті ресурстарды анықтау;

Қаржы жоспары кәсіпорынның табыстары мен шығындарын байланыстыратын және қаржылық мақсаттарына жету тәсілдерін сипаттайтын құжат болып табылады. Қаржылық жоспарлау үрдісінде: кәсіпорынның қаржы мақсаттары мен бағдарлары теңестіріледі, сол мақсаттардың кәіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайына сәйкестік дәрежесі белгіленеді, алдыға қойылған мақсаттар бойынша іс-әрекеттердің жүйелілігі құрылады. Қаржы жоспарын жалпы екі түрі белгілі: ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді. Бірінші жоспардың мақсатты бағыты - қаржы тұрақтылығы тұрғысынан, кәсіпорынды кеңейту қарқындарын анықтау; екінші жоспардың мақсаты кәсіпорынның тұрақты төлемге қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. [4, 215б]

Кәсіпорындағы қаржылық ресурстарды құрастыру, бөлу, реттеу және қолдану үдерістері жалпы кәсіпорын қаржысын ұйымдастыруды білдіреді және кәсіпорынның қаржылық - шаруашылық қызметін жоспарлауда, болжамдауда келесі қағидаларға негізделеді:

  • иілгіштілік (сыртқы және ішкі ортада өзгерістер болған жағдайда жоспарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін кәсіпорынның қаржылық қызметінің үнемі қозғалыста болатынына бейімделу) ;
  • үздіксіздік - жоспарлау мерзімін алдын-ала анықтау және келесі мерзімге уақытында жоспар жасауға негізделген қағида;
  • төлемқабілеттілік қағидасы - қаржылық құралдарды жоспарлауда кәсіпорын жылдың кез келген уақытында төлемқабілетті болу мүмкіндігін ескеру қажет және жоспар құрғанда кәсіпорынның қаржылық жағдайына, төлемқабілеттілік дәрежесіне қарай жоспарлау керек;
  • өтімділік шегін анықтау қағидасы-жоспар құру барысында ең өтімді деп саналатын қаржы жұмсалымдарын пайдалану;
  • кешенділік қағидасы -жоспар әрқашанда кәсіпорынның пайдасына құрылуы тиіс және кәсіпорынға кешенді түрде зерттеу жүргізгеннен кейін ғана тиімді жоспар құру қажет;
  • көп нұсқалылық - қаржылық жоспар форс-мажорлық жағдайлар орын алған кезде таңдалатын өзге нұсқаның болуы, яғни кез келген жағдайға дайын болу;

Қаржылық жоспарлау мен болжамдаудың қажеттілігі мен мүмкіншілігі кез келген кәсіпорын үшін әрқашан да маңызды орын алады. Жоспарлаудың көмегі арқылы нарықтық экономикадағы қауіп-қатерді және белгісіздікті минимизациялауға, сонымен қатар оқиғаның теріс көрсеткіштерінің алдын алуға мүмкіндік береді.

Қаржылық жоспарлау бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған поцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады. Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.

Жалпы қаржы жоспары инвестициялық саясат, айналым капиталын басқару, қаржы болжамдары, есептік саясат, басқарушылық бақылау жүйесі бөлімдерінен тұратын құжат. Көріп отырғандай, қаржы жоспары құрылымы мен мазмұны бойынша күрделі болып келеді, сонымен бірге оны әзірлеу үшін компанияның әр түрлі бөлімшелерінің қатынасуы қажет.

Cурет 1 - Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау процесінің инфроқұрылымы

Ескерту: [4; 18б. ] көзі

Қаржылық жоспарлау - біріншіден, кәсіпорынның, құрылымдық бөлімшелерінің болашағын анықтайды, екіншіден, кәсіпорын қызметінің нәтижесін ойдағыдай жобалайды, үшіншіден, көздеген мақсатқа жету үшін жүйелі іс-әрекет анықталып, тиімді әдістер таңдалынады. Жоспарлаудың өз реттілігі және кезеңдері бар. Кез келген кәсіпорын үшін кәсіпорын қызметінің табысты жұмыс істеуі маңызды болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономикада жұмыс істейтін кәсіпорындардың барлығы өз қызметтерін жоспарлап, болжап нәтижелі қызмет атқаруға талпынады. Осыған байланысты қаржылық жоспарлау үрдісі өзіне тән бірнеше кезеңдерді қамтиды, толығырақ төмендегі суретте көрсетілген.

1 сурет

Cурет 2 - Қаржылық жоспарлау үдерісі

Ескерту: [5; 218б. ] көзі

Қаржылық жоспарлаудың ажырамас бөлігі ретінде болжамдау үрдісі келесідей кезеңдерден тұрады:

  1. Болжамның мақсаттары мен оның уақыт шегін анықтау;
  2. Сыртқы орта туралы болжам жасау мен бастапқы мәліметтерді жинау, өңдеу;
  3. Болжау әдістерін таңдау;
  4. Оқиғалардың дамуындағы әр түрлі сценарийлері үшін болжамды жүзеге асыру;
  5. Алынған нәтижелерді, олардың дұрыстығы мен қолдану мүмкіндіктерін бағалау;

Қаржылық жоспарлау өнімдер мен қызметтерді өткізудің болжамды көлемдерін болжаудан басталады және онда әр түрлі әдістер қолданылады.

  • Сарапшылық бағалау әдістері экономикалық статистиканың ғылыми құралдарының көмегімен алынған нәтижелерді өңдеу мен арнайы сызбалар бойынша сарапшылардың көп сатылы сауалдамасын білдіреді. Бұл әдістер, көрсеткіштердің шамасын болжау үшін ғана емес, сонымен қатар талдамалық жұмыста да қолданылады.
  • Трендтік әдіс. Бұл әдіс, болашақта қолдағы беталыстарды сақтау туралы болжамға негізделген. Оның мәне трендті құру болып табылады, яғни болашақта сатып алушының мінез-қылығын сипаттайтын статистикалық үлгі. Мұнда көрсеткіштер серпіні тізбекті, сонымен бірге тізбекті емес трендпен сипатталуы мүмкін. Мұндай үлгіге мысал ретінде, сатулардың уақыт кезеңіне тәуелділігін келтіруге болады.
  • Жағдайлық талдау мен болжау әдістері. Бұл әдістер функционалдық немесе детерминдендірілген байланыстарды зерттеу үшін арналған үлгіде негізделеді, онда әрбір факторлық белгіге нәтижелілік белгінің белгілі кездейсоқ емес шамасы сәйкес келеді.

Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлаудың негізі ол қаржылық болжамдауды құрастыру болып табылады. Болжау жоспарлаудың ажырамас бөлігі болып табылады және басқару шешімдерін әзірлеуде оның алдында жүзеге асырылады. Қаржылық жоспарлаудан айырмашылығы қаржылық болжамдау болжамдау барысында алынған мәліметтерді тәжірибе жүзінде орындауды мақсат тұтпайды. [5, 65б]

2 Кәсіпорынның қаржылық жоспарының орындалуын талдау («Selrad LTD» ЖШС мысалында )

2. 1 Кәсіпорынның негізгі қаржылық көрсеткіштерін жоспарлау мен болжамдау

Ұзақ мерзімді қаржылық болжамдаудың маңызды міндеттерінің бірі болып кәсіпорын қызметінің тұрақтылығын ұзақ мерзімді болжамдау болып табылады. Мұндай міндет ең алдымен кәсіпорынның меншікті және қарыз қаражаттарының арақатынасымен реттелетін, жалпы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының жоспарлау бағасымен байланысты. Сонымен, егер болжанған құрылым «меншікті капитал-қарыз қаражаттары» арасындағы байланыста қарыз қаражаттары жағына айтарлықтай ауытқу байқалса, онда кәсіпорында банкроттыққа ұшырау қаупі туындайды. Бұл ауытқудан келетін негізгі қауіп, ол қарыз қаражаттары алынған несиелік ұйымдар өз қаражаттарын бір мезетте немесе кәсіпорынға ыңғайсыз уақыттарда талап ету мүмкіндігі жоғары.

Кез келген кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізген кезде оның өтімділігін зерттеу маңызды болып табылады. Өтімділікті талдау барысында кәсіпорынның төлемқабілеттілік көрсеткіштерін, активтер мен міндеттемелер арасындағы теңдіктің қаншалықты дәрежеде орындалғанын талдау нәтижесінде көруге болады. Кәсіпорын үшін ең алдымен есептелетін өтімділік көрсеткіші ол баланс өтімділігі. Баланс өтімділігі шаруашылық субъектісінің активтерді қолма-қол ақшаға айырбастау немесе айналдыру және өзінің міндеттемелерін жабу мүмкіндігі. Ол қолда бар төлем қаражаттарының қысқа мерзімді мерзімді міндеттемелер шамасына сәйкес болу дәрежесіне ие болады. Кәсіпорынның өтімділік және төлемқабілеттілік көрсеткіштері бір біріне өте жақын түсініктер. Өтімділік көрсеткішінің екі негізгі тұжырымдамасы анықталған. Біріншісі өтімділік ұйымның жеке қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеті болып табылады, ал екінші тұжырымдама ол өтімділік ол қысқа мерзімді активтердің тез арада ақша қаражаттарына айнала білу мүмкіндігі және ақша қаражатына тез арада айналу ұзақтығы немесе жылдамдығы. [6, 96б]

Кәсіпорынның өтімділігі - пассив бойынша міндеттемелерді төлеу үшін актив баптарын ақшаға айналдыру мүмкіндігі; материалдық құндылықтарды өткізудің‚ сатудың‚ қолма-қол ақшаға айналдырудың жеңілдігі; субъектінің өз активтерін қолма-қол ақшаға айналдыру және борышқорлық міндеттемелерін орындау қабілеті (төлем төлеуге қабілеттілік) . Өтімділіккәсіпорындар мен несие мекемелерінің қаржы жағдайының маңызды сипаттамасы болып табылады. Оның көрсеткіштерінің бірі - ақшалай қаражат пен тез өткізілетін активтердің міндеттемелер сомасына қатынасы.

Баланс өтімділігін талдаудың мәні активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыру. Кәсіпорынның балансының болжанған өтімділік дәрежесін анықтау үшін активтер тобы мен пассивтер арасындағы өзара теңділік дәрежесі арқылы анықтауға болады. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топтастырылады.

Кесте 1 - «Selrad LTD» ЖШС-нің бухгалтерлік балансын өтімділік дәрежесі бойынша активтербөлімін топтастыру

мың. тг.

Активтер
2012
2013
2014
Активтер: Ең өтімді активтер (А₁)
Активтер: Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері
2012: 24726, 7
2013: 27972, 4
2014: 80328, 2
Активтер:

Барлығы

2012: 24726, 7
2013: 27972, 4
2014: 80328, 2
Активтер:

Тез өтетін активтер (А₂)

Активтер:

Қысқа мерзімді саудалық және басқа да дебиторлық берешек

2012: 5181, 9
2013: 6191, 6
2014: 23583, 5
Активтер:

Басқа да қысқа мерзімді активтер

2012: 9253, 2
2013: 8265, 9
2014: 35896, 3
Активтер:

Барлығы

2012: 14435, 1
2013: 14457, 5
2014: 59479, 8
Активтер:

Баяу өтетін активтер (А₃)

Активтер:

Қорлар

2012: 130714, 2
2013: 151544, 2
2014: 271893, 8
Активтер:

Ағымдағы салықтық активтер

2012: 389, 9
2013: 458, 9
2014: 456, 9
Активтер:

Барлығы

2012: 131103, 9
2013: 152003, 1
2014: 272350, 7
Активтер:

Қиын өтетін активтер (А₄)

Активтер:

Негізгі құралдар

2012: 365, 9
2013: 356, 9
2014: 528, 6
Активтер:

Ұзақ мерзiмдi активтер

2012: 2845, 4
2013: 2778, 5
2014: 1296, 0
Активтер:

Барлығы

2012: 6818, 6
2013: 5899, 1
2014: 3832, 4
Активтер:

Жиыны

2012: 242337, 0
2013: 372897, 5
2014: 418771, 7
Активтер:

Ескерту: «Selrad LTD» ЖШС-нің бухгалтерлік балансы [6] көзі негізінде құрастырылған

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Cалық менеджменті»
Стратегиялық жоспарлау бойынша дәрістер
Салықтық жоспарлау ұғымы, әдістері, этаптары
Корпорацияның қаржылық жоспарлауы мен қаржылық бақылауы
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Ұйымды басқару функциялары
Кредиттік оқу жүйесі
Бюджеттеу
Ақша қаражаттарын басқару
Қазақстан кәсіпорындарындағы қаржылық менеджменті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz