Ғылыми менеджмент



Кіріспе 2
1. Менеджмент түсінігі 3
2. Ғылыми менеджменттің дамуы 7
2.1 Менеджментті дайындаудың үш орталығы 13
Қорытынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 15
Нарық шаруашылығының негізгі элементі менеджмент болып табылады. Менеджмент – ғылым ретінде ұйымды басқарудың нəтижелі əдісін оңдеу болғандықтан, көбінесе алға басқан экономикалық жүйені толығымен анықтайды. Менеджменттің басты мақсаты – өндірістің жоғары тиімділігіне қол жеткізу, кəсіпорынның, фирманың, компанияның ресурстарын ұтымды пайдалану, кəсіпорынның, фирманың басшылығы, басқарушы орган. Қазіргі заманғы менеджмент əртүрлі бағыттар түрімен стратегиялық əрекет жасайды, бір қарағанда олар бір-бірімен байланыссыз болып көрінеді. Тек қана менеджментте үш бағыт бірігеді олар: технология жəне өндіріс ұйымы; адам қарым қатынастарын зерттеу психологиясы.
1. Иванов Л.Б. «Менеджмент негіздері: басқару эволюция ойлары». Оқу құралы, СПБ, ЛТА 1996 жыл
2. Русинов Ф.М.,Петросян Д.С «Қазіргі заманғы менеджмент теориясы» Оқу құралы, Москва 1993 жыл
3. Смолкин А.М «Менеджмент. Ұйымдастыру негіздері», оқу құралы. Издательский дом, «ИНФРА-М», Мосвка 1999 жыл
4. 2. Симонов В.П. Педагогический менеджмент. М.,2004
5. 3. Жакенова Б.Қ., Тәмпішева Қ.Б., Мақсатова Л.М. Менеджмент негіздері. Астана-2007

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 2
1. Менеджмент түсінігі 3
2. Ғылыми менеджменттің дамуы 7
2.1 Менеджментті дайындаудың үш орталығы 13
Қорытынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 15

Кіріспе

Нарық шаруашылығының негізгі элементі менеджмент болып табылады. Менеджмент - ғылым ретінде ұйымды басқарудың нəтижелі əдісін оңдеу болғандықтан, көбінесе алға басқан экономикалық жүйені толығымен анықтайды. Менеджменттің басты мақсаты - өндірістің жоғары тиімділігіне қол жеткізу, кəсіпорынның, фирманың, компанияның ресурстарын ұтымды пайдалану, кəсіпорынның, фирманың басшылығы, басқарушы орган. Қазіргі заманғы менеджмент əртүрлі бағыттар түрімен стратегиялық əрекет жасайды, бір қарағанда олар бір-бірімен байланыссыз болып көрінеді. Тек қана менеджментте үш бағыт бірігеді олар: технология жəне өндіріс ұйымы; адам қарым қатынастарын зерттеу психологиясы.

1. Менеджмент түсінігі

Нарық жағдайында жеке жəне мемлекеттік кəсіпорындағы экономикалық қызметтегі адамдардың мақсаты бізге белгілі, ол табыс. Жəне сонымен қатар маңызды болып сол табысты дұрыс пайдалану болып табылады. Жаңа басқару жүйесі бірінші болып батыста, ең бірінші АҚШ-та менеджмент атауын алып дүниежүзілік саясатта кеңінен қолданыла бастады.
Менеджмент таза прогматикалық түсінікте ол - алға қойған мақсатқа жету үшін еңбекті, интелекті, басқа адамдардың іс əрекетін пайдалану. Менеджмент - қызметтің, ол əртүрлі жағдайда кəсіпорынды дұрыс басқару, ол америкалықтардың айтуынша ұйым деген мағынаға алып келеді. Сонымен қатар менеджмент бұл функцияны орындау үшін білімді қажет етеді. Менеджменттің көрнекті теоретигі М.П. Фоллет ...өнерді адамдар арқылы алуға болатынын анықтады. Оның менеджментке деген көзқарасы мына принциптен туған, адамға жүрген ортасы əсер етеді, бұны менеджер білуі қажет. В.В. Леонтьев менеджмент - ол фирманы, компанияны басқару үшін керекті əдістер, принциптер, қаражаттар іс əрекеттердің жиынтығы деп есептейді. Осы айтылғандарда менеджмент ұжымды басқаруды қарастырады.
Менеджмент - əр адам ортасына тең көтерілу. Еңбекті бөлу, кəсіпорынның əртүрлі сферасын құру барлық ұйымда қажет. Əртүрлі тарихи шарттарда ол əртүрлі болады, жəне дифференциалдығымен ерекшеленеді. Əрине басқарусыз, тəртіпсіз, ұйымшылдықсыз, ортаның бір-біріне деген қатынассыз, еш қандай ұйым болмайды.
Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің Манус сөзінен шығып қол, күш деген мағынаны білдіреді. Алғашында мал бағу саласында оны ұстау, меңгеру шеберлігін білдіреді. Ол адам қызмет саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми практикалық мәнін білдіретін болды. Ағылшын тілінде Ocsford сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсініктер беріледі:
А) Адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі.
Ә) Билік және басқару өнері.
Б) Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды.
В) Басқару органы әкімшілік бөлігі.
Менеджмент мағынасы - материалдық, адам, физикалық және ақпараттық ресурстарды басқару.
Менеджмент түсінігі:
1. Қызмет түрі (синонимы басқару)
2. менеджер = басқарушы, жетекші. Директорлар кеңесі
3. білім саласы (бизнес мектептері, жоғарғы білім, степень МВА, HBS, INSEAD,LBS, Wharton)
Менеджмент = ғылым+тәжірибе+өнер, шеберлік.
Менеджер дегеніміз қол астындағы жұмысшылар саны бір немесе одан да көп адам.
Менеджмент бұл нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы. Менеджмент бұл нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі. Американ экономисті Леотивтің анықтамасы бойынша менеджмент бұл - өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновация, жаңалық мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерін тәсілдермен формалардың жиынтығы. Сонымен менеджменттің бастапқы ұғымы бұл басшылық. Іскер кәсіпорындар тек менеджер арқылы әрекет ете алады. Жеке кәсіпорын өзінің құқықтық формаларына қарамастан басшылығы болу тиіс.
Егер менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф. Тейлордың пікірінше менеджмент - іргелі дәл ғылымға, ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептесе, Друкердің түсіндіруінше - жоғарыда аталған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылымнан немесе кәсіптен гөрі, практикаға жуықтау. Ол менеджмент ұғымына кең мағынада түсінік беруге қарсы болып, оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.
Менеджмент ұғымына Э. Петерсон мен Э. Плоумен кеңірек түсінік берді. Бұлар батыстағы іскерлік әлемге Бизнес пен менеджментті ұйымдастыру кітабының авторы ретінде танымал. Олар былай деп жазады: Кең мағынада, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегеніміз адамдарға тән тенденцияда топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Мұндай топтың мысалына үкіметті алуан түрлі клубтарды және іскер кәсіпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға, әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді, айқындалады.
Басқарудың осындай жалпы қағидасы, деп атап көрсетеді авторлар, адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түп негіз- мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады.
1. Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылмағанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.
2. Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.
3. Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.
4. Құрама одақтық (ассоцияциялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелердегі секілді, мұнда да қызметкерлер тобының іс-әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.
5. Бизнес - менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.
6. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес - менеджменттің арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын функциясымен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді.
Менеджмент - нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.
Менеджмент - нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.
Көрнекті американ экономисті В. В. Леонтьевтің анықтамасы бойынша: Менеджмент - бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен формаларының жиынтығы.
Менеджменттің бірнеше ұғымы бар. Вольфганг Хайер өзінің Европада бизнес қалай жасалады кітабында былай деп жазды: Менеджмент - бұл жұмыс істеп тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы. Егер батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек басшылар.
Әрбір менеджер, - деп тұжырымдайды Друкер, - өзіне есеп берсін, мейлі бермесін, жоғарыда аталған функцияларды міндетті түрде атқаруы тиіс. Ол бұлардың барлығын жақсы атқаруы да, жаман атқаруы да мүмкін, бірақ ол әйтеуір орындауы қажет. Мұндағы бір ескеретін жайт, осы аталған функциялардың әрқайсысы жеке элементтерден құралған жиынтық форма болып саналады. Сонымен, қорытындылай келгенде менеджер жұмысы күрделі комплекс (жиынтық) болып саналады, жәнеде функцияның әрбір категориясын орындау үшін алуан түрлі сапа мен біліктілікті қажет етеді.
Менеджер алдында тұрған барлық проблемаларды біле бермейді, сондықтан да ол бесаспап данышпан болуы да мүмкін емес. Оның арнайы еңбек құралы, атап айтқанда ақпараты болады. Менеджер адамдарды жұмысқа ынталандырады, бағыттайды, ұйымдастырады. Оның бірден бір құралы - жазбаша немесе ауызша сөзі; немесе цифр тілі. Менеджердің жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім сатуға қатысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау және оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол өз ойын басқа біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пікірін айқындай алуы да тиіс.
Менеджерлік шеберліктің маңызды жақтарының бірі - келіссөз жүргізе білуі - әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнері болуы тиіс. Мұның өзі әсіресе қарамағындағы адамдарға әкімшілік билік жүргізе алмайтын басшылар үшін де, сондай - ақ сырттан шикізат жеткізушілермен қарым-қатынас орнату үшін де аса қажетті жағдай. Келесі онжылдықтарда нағыз компаниялар көп жағдайда маклерлік фирмаға ұқсайтын болады.
Гринхалдың пікірінше, келіссөзді ойдағыдай жүргізе білу шеберлігі төрт кезеңнен тұрады:
1. өз ұйымының мұқтажы мен өз қызметкерлерінің мүддесі үшін немесе өзінің келісім жасайтын адамдар арасында тепе-теңдік қарым-қатынас орнату қажет;
2. өзің келісім жүргізетін жақты ұнататындығы, оның пікірлерін ескеретіндігін білдір;
3. келісім кезінде қайшылық туа қалған жағдайда айқын позиция ұста. Мұндайда Мен бұған келісе алмаймын, - деп айтуды үйрен жәнеде не себепті келісе алмайтыныңызды айқын түсіндір.
4. өзіңізбен әңгімелесіп отырған адамның басқа мәдени дәстүрде тәрбиеленуі мүмкін екендігін ұмытуға болмайды. Проблеманы шешудің американдық жолы - бірден бір дұрыс жол деп ойлауға болмайды. Әңгімелесушіге өктемдік ету - келісім жүргізудің тұрпайы әдісі. Біз адамдарды ұзақ мерзімдік іскерлік қарым-қатынас орнатуға үйретеміз (Грихал).
Хейстің пікірінше, менеджердің тікелей міндеті - жұмысшыларды эксперимент жүргізе білуге, өндірістің тиімді тәсілдерін іздестіруге ықпал ету. Ол жұмысшыларды баулудың бақылау тәсілі ретінде қызметкерлерді басқа кәсіпорындар мен сауда көрмелеріне жіберіп отыруды, сатып алушылар мен кездесу өткізуді жәнеде мүмкіндігіне қарай жарыс ұйымдастыруды ұсынады.

2. Ғылыми менеджменттің дамуы

Дүниежүзілік басқару эволюциясы, біздің заманымыздан қазіргі күнге дейін ұйымды басқаруда жаңадан əдістер пайда болды. М.Х. Месхон, М. Альберт жəне Ф. Хедоури қазіргі заман мен бұрынғы ұйымды салыстырды.
Ескі жəне қазіргі замандағы ұйым Ескі ұйым Қазіргі заман ұйымы Үлкен ұйымдардың аздығы, алып ұйымдардың жоқтығы Комерциялық жəне комерциялық емес ұйымдардың сонымен бірге үлкен ұйымдармен төтенше қуатты ұйымдардың көптігі Салыстырмалы, көп емес басқарушылар орта буындағы басқарушылардың жаттығуының аздығы Басқарушылардың көптігі, орта буындағы басқарушылардың көптігі Басқарушылық жұмыс көбіне, басқармайтын қызметтен бөлінбеген Басқарушы топтың анық келбеті, басқару жұмысы басқармайтын қызметтен анық өндіріледі жəне бөлінеді Басқару қызметін туғаннан, əлде күшіне байланысты алады Басқару қызметін білімі, заңды ұстамдылығымен алады Ұйымға пайдалы шешім қабылдайтын адамдардың аздығы Ұйымға пайдалы шешім қабылдайтын адамның көптігі Бұйрық пен сезімталдыққа сүйену Ұжымдық жұмысқа жəне рационалдыққа сүйену Басқару ойының өркендеуін төрт мектепке бөлді, олар: басқару ғылым мектебі, административтік мектеп, адам қарым-қатынасы мектебі жəне ғылым менеджменті мектебі. Осы мектептердің əрқайсысының менеджментіне деген қатынасы анықталды.
Ғылым менеджмент мектебінің пайда болуын американдық инженердің Ф.В. Тейлордың атымен байланыстырды. Оның ұстамдары төрт нұсқаға алып келеді.
1. Ғылымның негізін жасау, ол бұрынғы салт-дəстүрді, қалыптасқан жұмыс əдістері əр бір элементті ғылыми зерттеу. Басқаруда дəлдік керек, құрылыстағы секілді.
2. Қызметкерлерді ғылымдық белгісіне байланысты таңдау, оларды дайындау жəне жүйелік оқыту.
3. Əкімшілік пен жұмысшылар арасында жұмыста ғылыми жүйені ұйымда пайдалану мақсатында бірігуі.
4. Еңбек жəне жауапкершіліктің əкімшілік пен жұмысшылар арасындағы теңдестік.
Ф.В. Тейлордың шоғырлау концепциясы жəне ғылыми менеджмент мектебінде А. Эмерсонның 12 өнімділіктің шарты дегеннен алды:
- анықталған мақсатқа əртүрлі басқарушылықтың деңгейінде басқарушы мен бағынушының жұмылдырылуы;
- болашақ мақсатты есептегенде əрбір процесті талдауда жақсы ойлау арқылы болады;
- жақсы кеңес, арнайы білімнің қажеттігі, өнеркəсіп пен басқарушылар арасындағы əр сұраққа дұрыс кеңес;
- тəртіп - ұжымның барлық мүшелерінің ережелер мен тəртіпке бағынуы;
- қызметшілерге əділетті қарым-қатынас;
- тез, сенімді, толық жəне үздіксіз есеп керекті ақпараттармен қамтамасыз ету.
- тез жəне ұтымды ұжымды басқару;
- ереже жəне күнтізбе, ұйымның, жетіспешілігін тез өлшеу, жəне шығындарды тез өлшеу, жəне шығындарды азайту;
- шарттың дұрысталуы өндірістің жақсы нəтиже алып келуін қамтамасыз етеді;
- операцияның дұрысталуы, уақыттың белгіленун, операцияның орындалуын ұсынады;
- жазба стандарттық құрылымдар, барлық ережелердің дұрысталуы жəне жұмыстың орындалуы;
- өнімділігін марапаттау, əр қызметкердің еңбегін бағалау;
20 жылдары əкімшілік мектептің пайда болғаннан кейін мамандар ұйымда басқарушылықты толығымен пайдалануды ұсынды. Бұл мектеп француздық менеджмент мектебін қолдаушы А. Файолем байланысты. Ол əкімшілік басқарушылық принципін жасады, жəне оның ойынша ол əр ұйымға қажет деп санады.
1. Жұмыстың бөлінуі. Еңбекті арнайы бағыттау ұйымның табысты болуына қажет.
2. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджмент басқару ғылымы ретінде
Менеджменттің ғылыми салушылардың негізгі бағыттары
Менеджмент
Ғылыми менеджмент мектебі
Жалпы менеджмент туралы
Менеджменттің қағидалары
Менеджмент теориясы
Экономика және өндірісті басқару
Менеджмент ғылымының дамуы
Менеджмент пәнін оқытуда дамыта оқытудың тиімділігі
Пәндер