Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі арасындағы қатынастар



1. Демографиялық жағдайы
2. Дiндiк және тiлдiк ерекшелiгi
3. Экономикасы
4. Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі арасындағы қатынастар
a) Саяси қатынастар
b) Саяси .экономикалық қатынастар
c) Мәдени.гуманитарлық ынтымақтастық
Мемлекеттің сыртқы саясаты ұлттық мүддені көздегенде ғана табысты болмақ. Ол мүдделердің түпкі мәні – саяси құралдармен елге, халыққа төнуі мүмкін қандай да бір сыртқы қауіптерді болдырмау. Бұл тұрғыдан алғанда еліміз осы кезеңдерде жүргізіп отырған орнықты саясатының нәтижесінде ықтимал қауіп-қатерді болдырмауға орасан күш-жігер жұмсады.
Ұлттық мүддемізді айқындайтын болсақ, ол – шегаралас мемлекеттермен тату көршілік, ал әлемдегі әріптестерімізбен болса, сындарлы ынтымақтастық қатынастарын орнатып, аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету арқылы еліміздегі реформалардың табысты жүруіне қолайлы жағдай туғызуға саяды.
Қазіргідей сан алуан және күрделі әлемде өркениет төрінен орын алған мемлекеттермен табысты әріптестікті дамытудың өзі теңгермелі, көп қырлы, сындарлы саясат жүргізуді қажет етеді. Сондықтан Қазақстанның қазіргі уақытта жүргізіп келе жатқан сыртқы саясатына басқа балама табу қиын. Сондай-ақ біздің сыртқы саясаттағы стратегиялық бағыттарымыз мемлекеттік мүдделерімізге әрі саяси және экономикалық әлеуетімізге сәйкес келетінін де ескергеніміз абзал. Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлемнің бәсекеге барынша қабілетті үздік 50 елдің қатарына қосу» стратегиясындағы аталған міндеттерге байланысты халықаралық аренада Қазақстанның сенімді және тұрақты әріптес екенін нақты дәлелдей білуіміз қажет. Бұл қағида біздің сыртқы саясаттағы басым бағыттарымызға, сондай-ақ қаржы-экономика саласындағы қатынастарымызға, дүниежүзілік нарықтарға тең тұрғыда енуімізге тікелей қатысы бар.
Қазақстанның сыртқы саясаттағы қадамдары дүниежүзілік қоғамдастық тарапынан түсіністікпен қабылданып отырғанына мемлекет басшысының биыл Санкт-Петербургте өткен «Үлкен сегіздік» саммитіне ресми қатысуы, ШЫҰ мемлекет басшыларының кездесуінен, Елбасының Америка Құрама Штаттарына, Ұлыбритания мен Бельгияға жасаған сапарлары, сондай-ақ шет мемлекеттер басшыларының елімізге сапарларының қорытындысынан ұдайы көрініп отырды. Жылдың аяғына жақын болатын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары осы арнадағы айтулы оқиға болары кәміл.
1. Егемен Қазақстан.-2002жыл.-10 қазан: Ж.Қуанышбекқызы,«Күнде күліп оянатын ел»
2. Егемен Қазақстан.-2006жыл.-21 ақпан: С.Шайынғазы,«Швед кәсіпкерлері Қазақстанға қызығулы»
3. Қ.Р Сыртқы істер минисртлігінің басылымы, Дипломатия жаршысы: 2004 жыл, III-IV тоқсан
4. Қазақстан Заман.-2005жыл.-26 тамыз:А.Мауқарұлы, «Швециядан келген қазақ»
5. Қазақ елі.-2004жыл.-20 қазан:Ә.Әшімұлы: «Атажұртымыз аман болсын»
6. Қазақ әдебиеті.-2003 жыл.-20 маусым: «Ол жақтағы қазақтар» жазып алған: А.Жалбағай.
7. Айқын.-2006 жыл.-22 ақпан: Е. Ертай, «Қазақстанда Швед капиталы ұлғая түседі»

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Демографиялық жағдайы
2. Дiндiк және тiлдiк ерекшелiгi
3. Экономикасы
4. Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі арасындағы қатынастар
a) Саяси қатынастар
b) Саяси –экономикалық қатынастар
c) Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Мемлекеттің сыртқы саясаты ұлттық мүддені көздегенде ғана табысты
болмақ. Ол мүдделердің түпкі мәні – саяси құралдармен елге, халыққа төнуі
мүмкін қандай да бір сыртқы қауіптерді болдырмау. Бұл тұрғыдан алғанда
еліміз осы кезеңдерде жүргізіп отырған орнықты саясатының нәтижесінде
ықтимал қауіп-қатерді болдырмауға орасан күш-жігер жұмсады.
Ұлттық мүддемізді айқындайтын болсақ, ол – шегаралас мемлекеттермен тату
көршілік, ал әлемдегі әріптестерімізбен болса, сындарлы ынтымақтастық
қатынастарын орнатып, аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету
арқылы еліміздегі реформалардың табысты жүруіне қолайлы жағдай туғызуға
саяды.
Қазіргідей сан алуан және күрделі әлемде өркениет төрінен орын алған
мемлекеттермен табысты әріптестікті дамытудың өзі теңгермелі, көп қырлы,
сындарлы саясат жүргізуді қажет етеді. Сондықтан Қазақстанның қазіргі
уақытта жүргізіп келе жатқан сыртқы саясатына басқа балама табу қиын.
Сондай-ақ біздің сыртқы саясаттағы стратегиялық бағыттарымыз мемлекеттік
мүдделерімізге әрі саяси және экономикалық әлеуетімізге сәйкес келетінін де
ескергеніміз абзал. Мемлекет басшысының Қазақстанды әлемнің бәсекеге
барынша қабілетті үздік 50 елдің қатарына қосу стратегиясындағы аталған
міндеттерге байланысты халықаралық аренада Қазақстанның сенімді және
тұрақты әріптес екенін нақты дәлелдей білуіміз қажет. Бұл қағида біздің
сыртқы саясаттағы басым бағыттарымызға, сондай-ақ қаржы-экономика
саласындағы қатынастарымызға, дүниежүзілік нарықтарға тең тұрғыда енуімізге
тікелей қатысы бар.
Қазақстанның сыртқы саясаттағы қадамдары дүниежүзілік қоғамдастық тарапынан
түсіністікпен қабылданып отырғанына мемлекет басшысының биыл Санкт-
Петербургте өткен Үлкен сегіздік саммитіне ресми қатысуы, ШЫҰ мемлекет
басшыларының кездесуінен, Елбасының Америка Құрама Штаттарына, Ұлыбритания
мен Бельгияға жасаған сапарлары, сондай-ақ шет мемлекеттер басшыларының
елімізге сапарларының қорытындысынан ұдайы көрініп отырды. Жылдың аяғына
жақын болатын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына
мемлекеттік сапары осы арнадағы айтулы оқиға болары кәміл.
Расында, Қазақстан экономикасының қарқынды дамуы кезеңінде дипломатиялық
қызметтің экономикалық сипатының басым болуы заңды. Халықаралық
қатынастарда экономикасы қуатты елдердің ықпалы да күштірек болатыны құпия
емес. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық дамуда тиісті табыстарға қол
жеткізгенде ғана халықаралық ауқымдағы ұлттық мүдделерді нұқсансыз
қамтамасыз етуге болады.
Сондықтан экономикалық мүдде Қазақстанның белсенді және жан-жақты сыртқы
саясатының ажырамас бөлігіне айналуы – заман талабы. Табысты реформалардың
нәтижесінде орнықты даму жолына түскен еліміз ТМД кеңістігінде ғана емес,
әлемдік қоғамдастықта оң сипатқа ие болды. Еліміздің қазіргі әлеуеті
аймақтағы және одан тыс өңірлерде экономикалық ынтымақтастық жобаларын іске
асыруға ықпал ете алады.
Сыртқы істер министрлігі мен оның шет елдердегі өкілдіктері әлемнің әр
түрлі аймақтарында перспективалы экономикалық жобаларды анықтауда жүйелі
түрде жұмыс жүргізіп келеді.
Бірінші кезекте ТМД мен Орталық Азия елдерінің нарығын игеруге белсенді
қатысудың мәні күштірек, алдымен осы кеңістіктегі жобаларға көбірек назар
аударған орынды және мұндай үрдіс басталып та кетті. Атап айтқанда,
қазірдің өзінде Қазақстан Грузия мен Қырғызстанда басты инвесторға айналды.
Таяуда Моңғолияға жасаған сапарым барысында бұл елдің экономикасына 1 млрд
АҚШ доллар көлемінде қазақстандық инвестиция салу жөнінде уағдаластыққа да
қол жеткіздік. Сонымен қатар Қазақстан өнімдерін өткізетін жаңа нарық
көздерін табу – біздің шет елдегі өкілдіктеріміздің басты назарында тұрған
маңызды мәселелер қатарында.
Ендігі кезекте ел экономикасын әртараптандыру талабына сәйкес, әлемдегі
озық технологияларды, жоғары біліктілікті қажет ететін өндірістерді тарту
маңызды міндет болып табылады. Ал біздің Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруге
ұмтылысымыз басқа мемлекеттермен өзара саудада бірыңғай және барлық елдер
мойындап отырған халықаралық ережелерді қолдануға өту қажеттілігінен
туындайды. XXІ ғасырдың сын-тезіне жасқанбай қарсы тұруға қабілетті һәм
ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етерліктей жан-жақты және
үйлесімді саясаттың өзгеріссіз қалатынын ескерте келе, Елбасы әлемнің
іргелі күштері Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты одан
ары дамытудың маңыздылығын алға тартқан болатын. Мемлекет басшысының
белсенді халықаралық қызметі қазіргі заманғы әлемдегі Қазақстанның
ұстанымын нығайта түсті. Бұның өзі еліміздің екпіні қатты жаһандану
үрдісіне батыл енуі тұрғысынан қарағанда барынша маңызды.Алысты көздеген
ірі экономикалық мүдделеріне және еліміздің аймақтағы салмағына сүйенген
Еуропа Одағы мемлекеттерінің Қазақстанға деген қызығушылығы да арта түсуде.
Мұның өзі қазіргі әлемнің жетекші саяси және экономикалық күштерінің біздің
аймақта тайталассыз қатысып отыруын саяси құралдармен қамтамасыз ету
міндетін алға қояды.
Қандай бір елдің болмасын сыртқы саясатының мақсаты сол елдің өз келешегін
айқын көруін қамтамасыз ете білуде жатса керек. Мемлекет басшысы биылғы
маусымда бекіткен Қазақстан сыртқы саясатының жаңа Тұжырымдамасында барлық
мүдделі елдермен ұзақ перспективаға арналған өзара ықпалдастық пен
ынтымақтастық бағыт-бағдары белгіленген. Соның ішінде Қазақстанның
халықаралық ұйымдармен тиімді байланыстарына арнайы назар аударылды.
Геосаяси тұрғыдан алғанда еліміз үшін елу миллионнан астам халқы бар
Орталық Азия аймағының орны айрықша. Ақпандағы Жолдауда Елбасы Орталық Азия
мемлекеттері одағын (ОАМО) құруды ұсынған болатын. Қазақ елінің бастамасы
шолақ саяси пайданы емес, қарапайым адамдардың күнделікті өмірдегі талап-
тілегіне қарай қадам жасауды көздеп, экономикалық, мәдени, рухани
тұтастықты мақсат етуден туындады. Бұдан бір ғасыр бұрын Мұстафа Шоқай
сынды Алаштың біртуар азаматтарының да аңсаған армандары осы емес пе еді.
Түбі бір, тілі ұқсас Орта Азия халықтары бірге тұруды, бір-бірімен еркін
араласуды, ертеңге қатар қадам жасауды қалайды. Әрине, аймақтағы көрші
мемлекеттердің түрлі экономикалық даму деңгейін ескергенде, бұл істің өте
ауқымды әрі күрделі болатыны анық. Наурыз айында Қырғызстанда, кейіннен
Өзбекстанда орын алған оқиғалар аймақтағы елдердің шешілмеген
проблемаларының тереңдігін көрсетіп берді. Дей тұрғанмен, күн сайын қанаты
қатайып келе жатқан Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қолайлы
тәжірибесі, оның қатарына Өзбекстанның қосылуы арқылы Орталық Азиядағы
интеграция қол жетерліктей мақсат екенін аңғартты. Осы өңір үшін ортақ
рынок құрудың өмірлік маңызы бар. Аймақты көршілес мемлекеттермен біртұтас
алып қарағанда, Қазақстан ұлан-ғайыр рыноктың бел ортасында тұр. Сауда және
экономикалық байланыстардың беки түсуі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің
кепіліне айналатыны о бастан белгілі. Қазақстан төңірегіндегі кедей, саяси
жүйесі құбылмалы мемлекеттердің қоршауында қала берсе, дүние жүзіндегі
дәулетті, дамыған мемлекеттердің бірі бола алмайтыны түсінікті. Шет
елдердің саяси орталары, зиялы қауым өкілдері мен іскерлік топтары
Қазақстан басшысының Орталық Азия мемлекеттері Одағын құру бастамасына
үлкен қызығушылық танытты. Бұған дипломатиялық арналар арқылы Елбасының
атына келіп түскен шетелдік мемлекет басшылары мен лауазымды тұлғалардың
хаттары айғақ бола алады.
Қазақстан Республикасының белсенді және жан-жақты саясатының түпкі
табысының кепілі елдің экономикалық жағдайынан туындайтынын орынды
айттыңыз. Сәтті реформалардың нәтижесінде орнықты даму жолына түскен еліміз
экономикалық көрсеткіштері бойынша әлемдік қоғамдастыққа жағымды әсер
қалдыруда. Бұл арада тек қана макроэкономикалық табыстарға қанағат
етілмейді, өйткені адамдардың лайықты өмірін қамтамасыз ететін әлеуметтік
бағдарламаларды жүзеге асырудың маңызы айқын. Әлбетте, әлеуметтік-
экономикалық дамуда тиісті табыстарға қол жеткізгенде ғана халықаралық
ауқымдағы ұлттық мүдделерді мүлтіксіз қамтамасыз етуге қолайлы
мүмкіндіктері туады. Ол мүдделердің мәні – тұрғындарға төнуі ықтимал сыртқы
қауіпті саяси құралдар арқылы болдырмау. Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстан
Республикасы осы кезеңдерде жүргізіп отырған орнықты саясатының нәтижесінде
ықтимал қауіп-қатерді болдырмауға күш салды. Қазіргідей ең бір жауапты
кезеңде бұдан биік міндет туралы айту қиын.
Әрине, әралуан адам баласы мекен ететін жер бетінде қайшылықтар мен
қақтығыстардың азаймай тұрғаны – өмір шындығы. Халықаралық терроризм
қазіргі заманның жазылмайтындай жанды жарасына айналуы адамзатты
алаңдатады. Онымен күресте ұлттық күш-жігермен бірге БҰҰ және өзге де
беделді халықаралық ұйымдардың іс-қимыл бірлігі қажет. БҰҰ Жарғысының
мақсаттары мен міндеттемелеріне сенімді бола отырып, халықаралық
қоғамдастық адамзаттың қазіргі ірі кемшіліктерін тоқтату үшін тұтастық пен
түзу ниет танытуы тиіс.
Биылғы жылды қорытындылай келе және мемлекетіміздің жалпы сыртқы саяси
қызметі туралы тұжырымдай айтқанда, байыпты және сындарлы бағытының
арқасында қазір және таяу болашақта болсын, қандай да бір елден төнетін
қауіп-қатерді болдырмауға қол жетті. Пайда болатын мәселелер елдің
стратегиялық мүдделеріне нұқсан келтірместен, ымыралық негізде келіссөздер
жолымен шешілуде. Мемлекеттің ұстанымы мен ұмтылыстары түсінікті және, ең
бастысы, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей мойындалған нормаларына қайшы
келмейді.
 
Қазақстанның сыртқы саясатына шолу

✓ Қазақстан дүние жүзінің 120 мемлекетімен дипломатиялық қатынастар
орнатты және халықаралық 64 ұйымға мүше болды;
✓ Қазақстан 1300-ден астам халықаралық және үкіметаралық келісімшарттар
мен келісімдер жасады;
✓ Қазақстанда шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 70-тей
өкілдігі тіркелген;
✓ Шет елдерде Қазақстанның 50-ден астам елшілігі, дипломатиялық миссиясы
мен консулдығы бар
 
Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптері:

✓ Мемлекеттік мүдделерді қорғау;
✓ Экономикалық реформалар мен демократиялық институттарды дамыту үшін
қажет өте жақсы жағдайларды қамтамасыз ету;
✓ Әлемдегі мемлекеттердің бәрімен тең құқықты үзеңгілестік пен
қызметтестікті дамыту;
✓ Жаһандық және аймақтық кірігу үдерісіне белсенділікпен қатысу;
✓ Жаһандық және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және
өркендету мақсатында, жетекші мемлекеттермен стратегиялық қызметтестікті
дамыту;
✓ Халықаралық ұйымдармен қызметтестікті дамыту.
 
Қазақстанның сыртқы саясатының жетістіктері:
 
✓ Әлемнің барлық мемлекеттері мен халықаралық ұйымдар тарапынан
Қазақстанның егемендігінің мойындалуы;
✓ Көп бағытты сыртқы саясат жүргізу;
✓ Әлемдік қауымдастықта Қазақстанның халықаралық беделінің артуы;
✓ ҚР Президенті Н.Назарбаев көтерген кірігу жобаларының жүзеге асырылуы;
✓ Халықаралық аренада Қазақстанның оң сипатты имиджін қалыптастыру;
✓ Қазақстанның экономикалық потенциалы мен инвестиция салуға
тартымдылығын ілгерілету;
✓ Ұлттық саясат пен экономикалық мүдделердің шет елдерде қорғалуын
қамтамасыз ету.

Дүниежүзi бойынша экономикалық бәсекеге барынша қабiлеттi елдердiң биылғы
керуенiнде бұл мемлекет үшiншi орынды иеленген болатын. Скандинавия жарты
аралының негiзгi бөлiгiнде орналасқан Швеция королдiгi Солтүстiк Еуропадағы
iргелi мемлекеттердiң бiрiнен саналады. Солтүстiктен шығысқа қарай созылып
жатқан ел аумағының ұзындығы 1500 шақырым, жерiнiң көлемi 400,9 мың шаршы
шақырым және оның жетiден бiр бөлiгi Солтүстiк поляр белдеуiнде жатыр.
Батысында Норвегиямен, солтүстiк шығысында Финляндиямен шектеседi. Балтық
теңiзi мен Ботника бұғазы елдi шығысынан қоршап тұрса, оңтүстiк батыста
Каттегат сарқырамасы сұлап ағып жатады. Жері 449, 8 мың км². Астанасы 1523
жылдан бері Стокгольм қаласы. 96 % шведтер, қалғандары финн, неміс, норвег,
даттардан құралады. Мемлекеттік тілі швед тілі, діні лютерандық. Бұл өзiнiң
қатпарлы тарихында алып держава болған ел. Оның құрамында қазiргi кезде
өркениеттiң өзегiне айналған мемлекеттер - Финляндия мен Балтық елдерi,
Польша мен Солтүстiк Германия болған. 1814 жыл мен 1905 жылдар аралығында
Норвегиямен бiр тұтас мемлекет ретiнде танылды. Орта ғасырлар тарихынан
оқығанымыздай, 1814 жылы болған Наполен жорығынан кейiн Швеция ешқандай
соғысқа араласпауға және соғыс ашпауға бекiнiп, бейтараптық бағытын таңдап
алады. Ал, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың соңында Швецияның қазiргiдей
дамыған мемлекетке айналатындығына сену мүмкiн емес едi. Елден кетушiлерде
есеп жоқ болатын. Жыл сайын шекарадан 1 миллионға жуық эмигранттар өтiп
жататын. Жер релефiне қарай Швецияны екi үлкен табиғи ауданға, Солтүстiк
және Оңтүстiк Швеция деп қарастыруға болады. Солтүстiк Швеция: Скандинавия
тауларының шығыс сiлемдерi ойлы-шұңқырлы жазық даламен бауырласып барып
бiтетiн аймақтың табиғи көркi де әсем. Тау мен дала аңғарында шолақ өзендер
жиi кездеседi. Кей тұста осындай өзендердiң аралығын тұтас ми батпақ алып
жатады. Ал жазық аймақтар түрлi өсiмдiкке бай. Бұл далалық аймақ негiзiнен
жайылым үшiн кәдеге асады. Егiндiк алқаптар теңiз деңгейiмен алғанда
шамамен 750 метр биiктiкте тұр. Солтүстiкте мұқым Швецияның мақтанышына
айналған Норрланд үстiртi орналасқан. Ол ну орманның бай қоры болып
табылады. Қайың мен шырша өскен қалың орман алқабы 160-тан 240 шақырымға
дейiн созылып жатыр. Әрi елдегi ағаш шаруашылығының негiзгi көзi болып
саналады. Швецияның қымбат қазыналарының бiрi - тау-кен өндiрiсi мен қазба
байлықтарының қоры да Норрланд үстiртiнде молынан кездеседi. Оңтүстiк
Швеция: халықтың тығыз орналасуымен және жоғарғы өндiрiстiк, ауыл
шаруашылық көрсеткiштерiмен ерекшеленедi. Швецияның мойнындағы мөлдiр
моншақтар iспеттес төрт өзен - Венерн, Веттерн, Ельмарен және Меларен осы
ауданда орналасқан.
Халық санағы деген ұғым осы елде туған секiлдi. Өйткенi 1749 жылдың өзiнде-
ақ Швеция жергiлiктi жұртты мұрнынан тiзiп санап шыққан болатын. Сол кезде
елде 1765 мың адам болған екен. Ал 2004 жылы болған санақ бойынша ел
аумағында 8986 мың адам есепте тұратын көрiнедi. Швецияда өткен алғашқы
санақта-ақ елде еркектерден гөрi әйелдердiң саны артық екендiгi белгiлi
болған. Қазiр де бұл көрсеткiш сақталып отыр. Тек сырт көзге көрiнiп тұрған
тепе-теңдiк шетелдiк жұмыс күшiнiң үлес салмағының әсерiнен сияқты.
Тұрғындардың тығыздығы Стокгольм, Гетеборгу және Мальме қалаларымен
шектесетiн аудандарда қатты сезiледi. Швеция әлем бойынша урбанизация
үрдiсi жедел дамып келе жатқан елдердiң көшбасында. Мәселен, 1997 жылдың
өзiнде-ақ халықтың 87 пайызына жуығы үлкен қалаларға қоныстап үлгерген
болатын.
Шведтердiң басым бөлiгi мемлекеттiк мәртебеге ие евангелдiк-лютерандық
шiркеулерге барады. Елдегi бiр ерекшелiк, жарық дүние есiгiн ашқан швед
баласы мiндеттi түрде мемлекеттiк шiркеуге есепке алынады. Бiрақ, кейiннен
ол мiндеттен бас тартуға құқық берiлген. Осы арада Қазақстанға қаптап енiп
жатқан дiни секталардың кейбiрiнiң осы Швецияда қанат жайғандығын айта кету
керек. Мәселен Елулiк қозғалысы, Швед миссионерлiк одағы, Құтқару
армиясы, баптистер сияқты дiни ағымдардың ықпалы әлемнiң көптеген елдерiне
жете бастаған сыңайлы. Есеп бойынша елдегi халықтың 164 мыңын католиктер,
100 мыңын мұсылмандар, 97 мыңын проваславтар және 20 мыңын иудейлер
құрайды. Соңғылары Шығыс Еуропадан ауып келсе, мұсылмандар Таяу Шығыстан
жылжып барған.
Елдiң ежелгi иелерi саналатын шведтер ана тiлi - швед тiлiнде сөйлейдi. Ол
герман тiлдерiнiң тобына кiретiн көне тiлдердiң бiрi. Ал ағылшын тiлi
жастар арасында кеңiнен қолданысқа ие. Елдiң негiзгi бiлiм беретiн
мектептерi ағылшын тiлiн шет тiлi ретiнде төрт жыл оқытады.
Швецияда негiзгi төрт заң басшылыққа алынады. Олар - Мемлекеттiк басқарудың
құрылымы туралы заң, Риксдаге туралы жарғы, Тақ мұрагерлiгi туралы заң және
Сөз бостандығы туралы заң. Алғашқы екi заң 1974 жылы қайта қаралып, бiр
өткен соң жаңа нұсқада қабылданған. Бұл өз кезегiнде елдiң жаңа
конституциясы да болып табылады. Ал негiзгi заңы 1809 жылы қабылданған
болатын. Тақ мұрагерлiгi 1818 жылы алғаш енгiзiлсе, 1979 жылы әйел адамның
да билiкке келуiне жол ашқан өзгертумен толықтырылды. 1949 жылы қабылданып,
әлi күнге дейiн өмiршеңдiгiн жоймаған Сөз бостандығы туралы заң цензураның
кез-келген түрiне тиым салады.
ЭКОНОМИКАСЫ
Осыдан ғасыр бұрын Швецияның жоқ жұпыны елдiң қатарында болғандығын айтқан
едiк. Ендi дүниежүзi бойынша экономикалық бәсекеге барынша қабiлеттi
елдердiң биылғы керуенiнде бұл мемлекет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі арасындағы ынтымақтастық
Қазақстан Республикасы мен Норвегия корольдігінің экономикалық қарым – қатынастары
Норвегияға әлеуметтік – экономикалық жағдайы
Швеция. Мемлекеттің тарихы
Шет елдердің Конституциялары және басқару нысандары
Визалық және визалық емес елдерге саяхатты ұйымдастыру және жоспарлау
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОНАРХИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Швеция экономикасы
Солтүстік соғыс
Швеция
Пәндер