XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік хал-ахуал



I Кіріспе

1.1. XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың
аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси.әлеуметтік хал.ахуал

II Негізгі бөлім

2.1. Бұхар Қалқаманұлының өмірі және ортасы.

2.2. Бұхар жырау ханның кеңесшісі

III Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Қандай да болмасын тарихи тұлғаның белгілі кезең аралығында өмір сүретіндігі мәлім. Сондықтан да ол өзі өмір кешіп жатқан тұста болатын қоғамдағы саяси-әлеуметтік өзгерістердің әсерінен шет қалуы мүмкін емес. Ол өзгерістер оның ой-өрісінің дамуына, саяси қызметі мен өмірлік ұстанымдарының қалыптасуында өзіндік із таңбасын қалдырмай қоймайтыны айқын. Олай болса тұлғаның өмір жолын, елі үшін еткен еңбегін, саяси-әлеуметтік және құқықтық ой-иірімдерін зерделеуде, ол өмір сүрген үақыттағы саяси-әлеуметтік жағдайларға зер салмай, ой тезінен өткізбей, оның көзқарастарының астарына терең дендеп бойлап, бағалау мүмкін емес. Бұл туралы ғұлама ғалым, академик С.Зиманов былай дейді: “Өткен дәуірде өмір сүрген қайраткерлердің саяси көзқарастарын зерттеудің өзіне тән қиыншылықтары бар. Қиындық - қайраткер өмір сүрген және туындылар жасаған сол дәуір мен кезеңнің біртұтастық көрінісін азды-көпті болса да қалпына келтіру, өзіне қоғам дамуының бағытын және қажеттілігін ұғыну, атап айтқанда, әлеуметтік қатынастар саласында, саясатта және идеологияда. Сомдап айтқанда, зерттеуші тарихқа кіруі қажет. Бұл оңай міндет емес. Бірақ мұндай түсініксіз өткен құбылысты нақтылы-тарихи ыңғай туралы айту қиын-ақ. Кейде бізден алшақта қалған қоғамдық-саяси қайраткерлерге баға беруде сол кезеңнің тарихын және жағдайларын зерттемей, білмей ынта білдіретін фактілермен де кездесіп қаламыз. осыдан мәселелерді ашуда субъективизм және догматика туындайды”. Міне, бұл Әйтеке Бәйбекұлындай заңғар, кең масштабтағы қоғам қайраткерін зерттеуде де бағана тұтар қағида. Әйтекедей бәйтеректің өмір сүрген және қызмет атқарған уақыты қазақ қоғамындағы бір ұрымтал, ел тағдыры таразы басына түскен және безбеннің қай басының басарын болжап білу қиын уақытпен тұспа-тұс келді.
Осы кезеңде елдің сыртқы жағдайында өте шыңырауға жеткен қауіп те бой көрсеткен еді. Шығыста қазақ еліне өзінің тырнағын батырудың жаңа фазасына көшкен жоңғар қоңтайшылары шабуылын үдете түссе, ал батыста бір бүкпесі әр уақытта ішінде тұратын орыс патшалығы өзінің жымысқы саясатында тың қарқын қосуға ұмтылған болатын Ал діні бір Орта Азия хандықтарының достық сыңайы белгілі-тұғын. Қытай елі де қазақ жұртымен қатынаста түрлі саяси әдістерге көшуге сыңай таныта бастаған болатын.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I Кіріспе

1. XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың
аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік хал-ахуал

II Негізгі бөлім

2.1. Бұхар Қалқаманұлының өмірі және ортасы.

2.2. Бұхар жырау ханның кеңесшісі

III Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

1.1. XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың аралығындағы
қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік хал-ахуал

Қандай да болмасын тарихи тұлғаның белгілі кезең аралығында өмір
сүретіндігі мәлім. Сондықтан да ол өзі өмір кешіп жатқан тұста болатын
қоғамдағы саяси-әлеуметтік өзгерістердің әсерінен шет қалуы мүмкін емес. Ол
өзгерістер оның ой-өрісінің дамуына, саяси қызметі мен өмірлік
ұстанымдарының қалыптасуында өзіндік із таңбасын қалдырмай қоймайтыны
айқын. Олай болса тұлғаның өмір жолын, елі үшін еткен еңбегін, саяси-
әлеуметтік және құқықтық ой-иірімдерін зерделеуде, ол өмір сүрген үақыттағы
саяси-әлеуметтік жағдайларға зер салмай, ой тезінен өткізбей, оның
көзқарастарының астарына терең дендеп бойлап, бағалау мүмкін емес. Бұл
туралы ғұлама ғалым, академик С.Зиманов былай дейді: “Өткен дәуірде өмір
сүрген қайраткерлердің саяси көзқарастарын зерттеудің өзіне тән
қиыншылықтары бар. Қиындық - қайраткер өмір сүрген және туындылар жасаған
сол дәуір мен кезеңнің біртұтастық көрінісін азды-көпті болса да қалпына
келтіру, өзіне қоғам дамуының бағытын және қажеттілігін ұғыну, атап
айтқанда, әлеуметтік қатынастар саласында, саясатта және идеологияда.
Сомдап айтқанда, зерттеуші тарихқа кіруі қажет. Бұл оңай міндет емес. Бірақ
мұндай түсініксіз өткен құбылысты нақтылы-тарихи ыңғай туралы айту қиын-ақ.
Кейде бізден алшақта қалған қоғамдық-саяси қайраткерлерге баға беруде сол
кезеңнің тарихын және жағдайларын зерттемей, білмей ынта білдіретін
фактілермен де кездесіп қаламыз. осыдан мәселелерді ашуда субъективизм және
догматика туындайды”. Міне, бұл Әйтеке Бәйбекұлындай заңғар, кең
масштабтағы қоғам қайраткерін зерттеуде де бағана тұтар қағида. Әйтекедей
бәйтеректің өмір сүрген және қызмет атқарған уақыты қазақ қоғамындағы бір
ұрымтал, ел тағдыры таразы басына түскен және безбеннің қай басының басарын
болжап білу қиын уақытпен тұспа-тұс келді.
Осы кезеңде елдің сыртқы жағдайында өте шыңырауға жеткен қауіп те бой
көрсеткен еді. Шығыста қазақ еліне өзінің тырнағын батырудың жаңа фазасына
көшкен жоңғар қоңтайшылары шабуылын үдете түссе, ал батыста бір бүкпесі әр
уақытта ішінде тұратын орыс патшалығы өзінің жымысқы саясатында тың қарқын
қосуға ұмтылған болатын Ал діні бір Орта Азия хандықтарының достық сыңайы
белгілі-тұғын. Қытай елі де қазақ жұртымен қатынаста түрлі саяси әдістерге
көшуге сыңай таныта бастаған болатын.

2.1. Бұхар Қалқаманұлының өмірі және ортасы.

Бұхар жырау кім, қай жерде туып өскен, өскен өмір ортасы, балалық шағы
қандай болған, қай жерде қайтыс болған? Бұл жөнінде әр түрлі пікірлер баспа
бетін көріп келеді, айтылып жатқан сөздер де әр түрлі болғандықтан және
зерттеу жұмысының аздау болғандықтан және зерттеу жұмысының аздау
болғандығынан, мәселеге кеңірек тоқтауды жөн көрдік.
Бұхар жырау ХҮІІ ғасырдың екінші жартысында Баянауыл өңіріндегі сулы,
нулы, табиғаты ерекше сұлу Сұңқария деген жерде дүниеге келіп, келесі ХҮІІІ
ғасырдың сексенінші жылдарында, жасы тоқсаннан асқан кезде қайтыс болғаны
байқалады.
Бұхар жыраудың айтқан өсиеті бойынша ол өлгеннен кейін, сүйегін Арқа
жұртшылығы үлкен қошаметпен оның өзі қалаған жеріне қойған екен. Ұрпақтары
құрмет тұтып, қастерлеп келген бұл зират дәлірек айтқанда қазіргі Қарағанды
облысы Ульянов ауданы “Озерный” совхозының территориясына орналасқан.
Шалқар аталатын таулы, орманды, гүлді шөбі мол, аса көрікті бұл мекен
қазіргі Баянауыл ауданы Октябрьдің 40 жылдығы атындағы совхоздың күнбатыс
шекарасынан тоғыз шақырымдық жерде. Ертеде бұл өңір Баянауыл әкімшілігіне
қараған.
Бұхар жыраудың қабірін кейінгі ұрпақтары ұмытпай басына әр кезде
белгі қойып отырған. Соның бірі Әтшәр Зейнешев деген кісі ертеректе
бабасының қабірінің басына оның туған және қайтыс болған жылдарын (1698-
1793) көрсетіп тастан белгі қойса, бертін келе Алматының тұрғыны, соғыс
және еңбек ардагері Нағи Ахметов деген кісі тотықпайтын ақ темірге 1695-
1787 жыл деп ізгі ниетпен белгі соғып кетіпті.
Ал осының қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екендігі жайында айтылған
нақтылы әрі дәлелді пікір әзірге жоқ. Сондықтан да Бұхар жыраудың туған
және өлген жылдары туралы деректер әр жерде әр қалай жазылып жүр. Мысалы,
Қазақ совет энциклопедиясының екінші томында Бұхар жырау 1668 жылы туып,
ұзақ ғұмыр жасап 1781 жылы қайтыс болғандығы көрстеліген, Үлкен совет
энциклопедиясы мен қысқаша әдеби энциклопедиясында 1693-1787 жылдар деп
көрсетілсе, кейбірр авторлар Абылай ханмен бір жылда (1781 ж.) қайтыс болды
деп есептейді.
Ал Бұхар жырау өзінің ”Ей Абылай, Абылай” деп басталатын жырында
”менің жасым тоқсан үш, мұанан кейін сөз айту, маған болар ауыр күш” дейді.
Бұған қарағанда тоқсан үш, тоқсан төрт Бұхар өмірінің шегі жеткен жері дер
болжам айтуға болады.
Бұхар жыраудың арғы атасы Қаражас екен. Қаржастың үшінші баласы
Алтынордадан Артық, Жолымбет, Мәмбет, Келбет, Келімбет бес ұл бала, ал
Жолымбеттен Қалқаман, Назар; Қойсары, Ырысымбет туады. Жыраудың әкесі
Қалқаман батыр Тәуке ханның 90 мың қолын басқарған атақты қолбасшы Ақшаның
(Бөгенбайдың әкесі) сарбазы. Жеке басының ерлігімен көзге түскен айтулы
батыр. Сүйегі павлодардан 90 км жерде, бүгінде батырдың атымен жергілікті
халық атап кеткен Қалқаман поселкесінің жанында.
Бұхар жыраудың өз кіндігінен Ақбердіс, Жарылғап, Жанта есімді балалары
тарайды. Осы балалардан өрбіген ұрпақтардың көпшілігі бігінде Қарағанды,
Павлодар, Ақмола, Аламты облыстарында тұрады.
Нақтылы деректерге жүгініп, оқиғаны кеңірек қамтысақ ертеректе Есім
хан өзбектің Тұрсын ханына шабуыл жасап ойсырата жеңіп, өзін өлтіріп,
оларға кеткен қазақтың 12 шаһарын қайтарыпты. Осы жорықта ерекше көзге
түскен Қанжығалы руынан шыққан Әлдеуін батырға Есім хан Түпкістан қаласын
билеуді тапсырады. Оның Қошқар және Ақша есімді екі ұлы осы жерде дүниеге
келіпті. Бұл жағдайдың Бұхар өміріне қатыстығы әкелі-балалы Әлдеуін, Ақша
батырлар тұсында Тәуке хан ордасында Баянауылдың Қаржас руынан шыққан
атақты Едіге бидің болуы еді. Қазақ совет энциклопедиясында ол ханның
беделді биі болғаны, асқан саясаткер адам екені және ел ішінде ”Ердің құнын
екі ауыз сөзбен бітірген” - Едіге деп дәріптелгендінгі айтылады. Осы бидің
қасында тұстасы және ағайыны ретінде Жолымбет, Қалқаман бірге болады. Ел
аузында Жолымбет сөзге ұста болған деседі. Осы тұста Тәуке ханның қасында
орданың сыйлы адамы-Әнет баба да болған. Ол осы Едіге би, Айдабол би,
Толыбай сыншы, Қожаберген жырау, тағы да басқа Арқаның әйгілі билеріне
басшылық етеді. Оны халық арасына кең тараған ”Елім-ай дастанынан” көруге
болады.

Толыбай сыншы кенжесі ем Қожаберген,
Бата алғам Әнет пенен Әз-Тәукеден.
Күйзелген ел жағдайын көзбен көріп,
Өзегім өртенген соң айттым өлең.

Тағы бір жазба деректер Арғын тайпасына жататын Сүйіндік руының бір
бұтағы Қаржас елі сол аласапыран заманда Арқадан сыпырыла көшіп Ходжент
мекеніне қоныс аударғаны айтылады. Осы арадан Шоқан Уәлихановтың нағашысы
Мұса Шормановтың үшінші атасы Сәтидің бастауымен 1729 жылы өзінің ата
мекені Баянауыл өңіріне көшіп келгені туралы деректер сақталған. Сәти
Абылай ханның құрметіне ие болғаны ел арасында кең тараған.
Бұл ұлы жыраудың Түркістан, Бұхар өңірінде болу тарихына байланысты.
Ал Бұхардың өскен ортасы мен өмірбаянына келсек, халық арасында екі түрлі
пікір бар. Біріншісі көненің көзін көрген, хат танып, сөз ұққан қарттардың
айтуы бойынша, жоғарыда көрсетілгендей ұлы жырау Баянауыл өңіріндегі
Сұңқария деген жерде туғандығы, балалық, жастық шағы Ходжент, Бұхара,
Түркістан маңында өткендігі байқалады. Мұны жыраудың жырларынан да көруге
болады. осы пікірді белгілі жазушы және жырауға жиен болып келетін Дихан
Әбілев те қуаттайды. Екіншісі, ұлы жыраудың аты Бұхар болғандықтан, ол
Бұхарада туған шығар деген жорамал. Бұл да негіссіз болмауы мүмкін,
сондықтан ол да толығырақ зерттеуді талап етеді. Негізінде жас күнінен
Бұхара, Самарқанд медреселерінде оқып, осы өңірде өскендіктен Бұхар аты
тағылып, ел арасында осылай тарасып кеткен деседі. Осындай ел аузындағы
деректерге сүйенсек бұл пікір де дұрыс сияқты. Ол жайында ”Елім-ай”
дастанының авторы Қожаберген жырау былай дейді.

Шәкіртім Сүйіндікте Бұхар жыршы,
Бұл Бұхар өзі ақын, өзі сыншы.
Бұхаржан қарап жатпас аттан салар
Сөзіне оның халқым құлақ түрші!

Бұхаржан биялғы жыл отыз жаста,
Атағы ақын болып, шықты алашқа.
Қарағым қатты налып жүрген шығар,
Түскен соң ауыр бейнет қайтсын басқа.

Осы сөздерден екі жыраудың арасында ұстаздық шәкірттіктен де басқа
тілегі бір достық, ізгі ниет байқалады.
Қожабергеннің әкесі Толыбай сыншы екі әйел алыпты. Бәйбішесі орданың
биінің бірі Сүйіндік руына жататын жыраудың ұлы әкесі Жолымбеттің тұстасы
және ағайыны Айдабол бидің қызы Ақбілек сұлу екн. Ол осы бәйбішесінен 20 ұл
көрген. Ұлының ең үлкені Қарабас ең кенжесі Қожаберген.

Орта жүз Арғындағы асылтектен
Анамның шыққан аты Сүйіндіктен.
Жиырма ұлдың Көкжал туған сүт Кенжесі-ем
Тұңғыш қыз Айдаболдың Ақбілектен

Анамның шыққан жері Сүйіндіктен деп Мұхамед Салық жазған
”Шәйбанинамадағы” жойқын соғыстарға қолбасшы болған және түрікмен, Еділ
қалмақтарымен болған соғыста қазақ қолына жеңіс әперген дарынды қолбасшы
Сүйіндік батыр мен Бөкенбай жөнінде Қожаберген, Дәстем тарихи хисса жазған
екен. Онда мынандай жолдар бар:

Сүйіндік арғын Бөкенбай,
Босқозы ердің баласы
Қазақты жаудан қорғап тұр
Келгенінше шамасы.

Айтылып отырған оқиғалар Бұхар жыраудың, осы Бұхар өңіріндегі саяси
мәселелеріне ертеден араласқанының дәлелі. Енді ұлы жыраудың Бұхар аталуы
жөнінде ел аузындағы болжамға тоқталайық.
Әр заманның өзіне сай салт-дәстүрі болады. Біздің қазақта бертінге
дейін, жасы үлкен әрі атақты адамнан бата алу салты болған. Қожаберген
жыраудың Әнет баба мен Тәукеден бата алғанын жоғарыда айтып өттік. Сол
сияқты Қожаберген жырау да бата берген екен. Сүйіндік елінің билеуші бір
адамы Ақдәулет деген баласына Қожабергеннен бата сұрайды. Ол бата бере
отырып балаға Шоң деген ат береді. Шоң [3] кейін Баянауылда атақты би
болған. Осындай ауызша деректің бірінде сөзге епті, еті тірі Жолымбет Бұхар
медресесінде Қожабергеннен дәріс алып жүрген жас немересіне Әнет бабадан
(соны кейбіреулер Ақша батыр деп те айтады) бата сұрайды. Сонда Әнет баба
қолын жайып былай деген екен:

Есімің Бұхар болсын,
Мінгенің тұлпар болсын,
Дауысың сұңқар болсын,
Ісіңе халқың іңкәр болсын.

Азан шақыртып қойған аты бүгінде беймәлім болып кеткен, жырау тарихқа
Бұхар деген атпеносылай енген деседі.
Ал Қожабергеннің Самарқанд, Бұхарада дәріс беруіне тоқталсақ, әкесі
Толыбай сыншы өзінің туған нағашылары әйгілі Жалаңтөс батырдың үрімбұтағы
болғандықтан кенжесі Қожаберген мен немересі Дәстемді солардың қолына
берген. Осы Әнет баба-Тәуке хан заманында, қазақ арасына жаңа дәстүр,
балаларын оқытудәстүрі пайда болғанға ұқсайды. Сол тұста қағазға қалам
тартқан талапты азаматтар бір шама болған сияқты. көзі ашық көкірегі ояу
азаммматр кейінгіге ұланғайыр жазбе деректер қалдырған Қожаберген жырау,
Дәстем сал, Бұхар жырау, Бөгенбай балалары, Шоң би, Әнет баба балалары тағы
басқалары. Осы дәстүр кейіннен Саққұлақ, Байдалы, Мәшһүр Жүсіп Көпеевке
дейін жалғасып келген. Бөгенбай балалары Тұраналы, Тұрымбет, Бапаң би,
Саққұлақ би, Нұралы, Олжабайға дейін Әлдеіун бабасынан бастап болған
оқиғаларды қағазға маржандай тізіп жазып отырған. Өздерінің қилы заманнан
алтындай сақтап алып шыққан архивтері бар. оларда қазақ тарихынан, оның
ішінде Бұхар өмірінен хабар беретін көп деректер бар. Семьялық архив
жүргізетін мәдениетті Батыс дәстүрінен кем түспейді. Сол архивте Бұхар
жырау мен Бөгенбай батыр жөнінде мынандай деректер бар. Тәуке хан 1710 жылы
Қарақұмдағы үш жүздің басын қосқан жиында қазақ қолының бас сардарлығына,
яғни ордабасы болуға Қожаберген батырдың ұсынысы бойынша жас батыр Бөгенбай
Ақша ұлын сайлайды. Осы болған істі Бұхар жырау Қожабергенге арнаған
”Ұстазым” деген жырында былай дейді:

Толыбай сыншы баласы,
Үш жүздің бастап әскерін.
Қазақтың болған ағасы,
Қожаберген ғаділ ер,
Қадірін білген қалың ел.
Бөгенбайдай батырға,
Билігін берген ардагер.

Бұхар жыраудың өмірін, жырауға қатысты бар тарихи оқиғаларды,ел
аузынан алғаш жинаған ғұлама Мәшһұр Жүсіп Көппев болған. Мәшһүр тоғыз жыл
білім жолында Орта Азия қалаларында оқып, еліне қайтқаннан кейін тапқан
тарихи творчестволық адамы-Бұхар. Мәшһүр Жүсіп 1905 жылдары өзінің байырғы
мекені Ақбеттаудан көшіп, Ақкелін –Далбаға барған. Содан кейін үш жыл бойы
Бұхар жыраудың өмірін, жырауға қатысы бар тарихи оқиғаларды, ел аузында
сақталған сөздерін жинаған. Сөйтіп зерттеу жұмысын бір салаға келтіріп ,
1908 жылы еліне қайтқан екен. ”Бұхарекең өз уақытында сөйлеген сөзі мұнан
жүз мың есе көп шығар, бізге келіп жеткен тек тамтығы ғана. Біреуден біреу
ауызша айтумен ұғынып, жаттап алып, есте қалғаны ғана...” деп жазады Мәшһүр
Жүсіп.
Бұхар жыраудың балалық шағы, орта жасқа дйінгі өмір мектебі туралы осы
айтылғандарға қоса, жыраудың шежіредей сөздерінен байқайтынымыз-жыраудың
тілге шешендігімен, парасаттылығымен ел арасындағы дау-жанжалға араласып,
әділдік қазылық етіп со Бұхара өңірінің өзінде-ақ ерте көзге түскендігі.
”Біз оның тым ерте көтеріліп, Тәуке хан тұсында-ақ хан төңірігіндегі
ықпалды билердің бірі болғандығын білеміз”,- деп жазады ”Бес ғасыр
жырлайды” кітабында. Сөз өнерінің өрен жүйрігі атанған Бұхар ханның ел
басқару ісінде сенімді адамы болған. Ол туралы өзі тұстас сырласы Үмбетей
жырау былай дейді:
Бұлбұл құстай сайрадың,
Тоты көрсең жайнадың,
Көріктей басқан күпілдеп,
Көмекейің бүлкілдеп

Сөйлер сөзден таймадың
Тәукенің болып жаршысы
Халқыңның болып заршысы
Белді бекем байладың ...

Тәуке ханның тұсында өзінен жасы біраз үлкен Қаз дауысты Қазыбекпен,
Төле, Әйтеке сияқты саңылақтармен жолығысады. Олармен бірге қазақтың тұңғыш
праволық мөлшерінің жиынтығы саналатын немесе орыс тарихында ”Тәуке хан
заңдары” деп аталатын еңбекті жасауға қатысады. Бұл тұс қазақ елінің
кемелденіп, босағасының беки бастаған кезі болатын. А.В.Левшин осы Тәуке
заманын ”При имени семь сердце всякого киргиз-кайсака (казаха) несколько
вызывающегося духом над толпами буйных соотечественников своих исполняется
благовением и признательностью. Это Ликург, это Дракон Орд Казачьих”, -деп
тамсана жазады.
Қожаберген жыраудың ”Жетйі жарғы” атты көлемді дастанында былай деген
жолдар бар:

Шығайдан соң орнында тәуке қалды
Кезінде Әз Тәуке деп атақ алды.
Қазыбек, Төле, Әйтеке ақылшы боп,
Дейтұғын ”Жеті жарғы” заң шығарды.

Бұл даланың философияға толы, еленіп-екшеліп, халықтың сүзгісінен
өткен ереже-қағидалар, дәстүр-ғұрыптар жиынтығы ”Тәуке заңы” деген атпен
әлемге белгілі болды Сол тәукені жырау даусы жеткен жерге дейін дүние-
әлемге паш еткен. Алайда Тәуке ханнан кейінгі билік құрған қазақ хандарымен
Бұхар жырау ортақ тіл табыса алмай, өмірден мұқтаждық көріп те жүреді.
Осындай бір таршылық көріп жүргенде өзінің тұстасы Үмбетей жырау сәлем
беруге жолдасымен келе қалады. Қонағын сыйлайтын дәм таба аламай қиналып
отырған Бұхардың бәйбішесіне бұрылып, сөзін жыраудың өзіне арнап ойын-шынын
араластырып былай деген екен:

Жылға сай батпақ болса өте алмассың,
Жастан шыққан жүйрікке, жете алмассың,
Дүниенің жүзінде осы қиын,
Жаман деп өз үйіңнен кете алмассың...

Жырау ғасырлар бойы халықтың өзі жасап келген ауыз әдебиетінің мол
қазынасынасын бойына сіңірген, бояуын жоғалтпай жыр-толғауына арқау етіп,
әрі жалғастырған классик, әдебиетіміздің атасы дерлік тұлға.
Бұхар жыраудың қанша жас өмір сүргендігі туралы пікірді оның мына
өлең жолдарынан аңғаруға болатындай:

Сексен деген сор екен,
Шындап ұрған неме екн ,
Сексен бес жасқа келгенде,
Екі қара көзді алар,
Ауыздағы сөзді алар...
Тоқсан бес деген тор екен,
Дәйім жаның қор екен.
Қарғиын десең екі жағы ор екен,
Найза бойы жар екен,
Түсіп кетсең түбіне,
Түбі жоқ терең көл екен,
Ел қонбайтын шөл екен,
Келмейтұғын неме екен,-

деп ұзақ теңеулермен аяқтайды Бұдан жыраудың сексен бесінде көз
нұрының тайып, тоқсан бес жастан кәрілік азабын тартып отырғаны
аңғарылады. осыған қарап жыраудың осы тұстағы анық жасы тоқсан бес, тоқсан
алты деп толық жормалдауға болады. ”Тоқсан бес деген тор екен, дәйім жаның
қор екен” деп өзінің жасын айтып тұрғаны оқушы жұотқа шүбюә келтірмесе
керек. Бұған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әйтеке Бәйбекұлының өмірі және XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың бірінші ширегі аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси жағдай
Қазақ мәдениетінің саяси құрылымы және оның рухани -құқықтық дамуының ерекшеліктері
Батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны (Бөкенбай батыр әулетінің негізінде)
Қазақ қоғамындағы батырлар институты
Қазақ этнонимі, қазақ жүздері
Қалмақ хандығының мемлекеттік құрылысы және құқықтық жүйесі (1664-1771 ж.ж.)
Қазақ мемлекетінің құрылысы және оның дамуындағы ерекшеліктер
Қазақ хандығының қалыптасуы туралы
Бұхар жыраудың билік шешімдері
Ертедегі көшпенділер өркениеті
Пәндер