Қазақстан Республикасындағы халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік жұмыс жүйесі


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3
КІРІСПЕ . . . 3: І. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 1860 - 1880 Ж. РЕФОРМАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ХАЛЫҚҚА ӘСЕРІ . . . 5
КІРІСПЕ . . . 3: 1. 1 Қазақстандағы 1860 - 1880 ж. капитализм реформаның енуі және дамуы . . . 5
КІРІСПЕ . . . 3: 1. 2 Капитализмге өтудің қиыншылықтары . . . 11
КІРІСПЕ . . . 3: ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА ПРИНЦИПТЕРІ . . .
16
КІРІСПЕ . . . 3:

2. 1

2. 2

2. 3

Қазіргі кездегі жастар мен әлеуметтік жұмсының барысы . . .

Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін талдау . . .

Халықтың әлеуметтік - әлсіз топтарына мемлекеттік көмек жүйесі . . .

КІРІСПЕ . . . 3: 16
КІРІСПЕ . . . 3:

20

27

КІРІСПЕ . . . 3: ІІІ. ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . .
34
КІРІСПЕ . . . 3:

3. 1

3. 2

Әлеуметтік жұмысты жеттілдірудегі шетелдік тәжірибенің маңызы . . .
34
КІРІСПЕ . . . 3: Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру . . .
КІРІСПЕ . . . 3:
КІРІСПЕ . . . 3: ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ . . . 3:
КІРІСПЕ . . . 3: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Адам жөнінде қамқорлықтың өсуі, оны әлеуметтік қорғау тек этикалық-моральдық пайымдардың ғана бұйрығы емес, сонымен бірге оның прагматикалық негізі де бар, өйткені XXI ғ. «адам капиталының» ролі экономикалық өсудің басты қозғаушы күші ретінде шырқау биікке көтерілді. 192 елдің ұлттық байлықтарының талдауына сүйене отырып, Дүниежүзілік банктің сарапшылары 90-шы жылдардың орта шенінде өндірістік қорлардың үлесіне ұлттық байлықтың 16 %, табиғи қорларға - 20 %, «адам капиталына» 64 %-ы тигенін есептеп шығарды.

Әлемде орасан зор әлеуметтік жұмыс тәжірибесі жиналған, оның ішінде көрсетілген халық тобымен де. Бұл салада отандық тәжірибе де аз емес. Қазіргі кезеңде еліміздегі әлеуметтік жағдай күрт өзгерді, әлеуметтік қарам-қатынасының өршу үрдісі ойлануды, жалпылама талдауды қажет етеді. Тұрғындармен әлеуметтік жұмыстың ғылыми негізделген тұжырымдамасын, әлеуметтік технологияларды, әлеуметтік жұмыс жүргізуде ұйымдардың түсінікті әрі сенімді тәсілдерді жасау қажет.

Әлемдегі тәжірибе дәлелдегендей, көптеген елдерде әлеуметтік қызметкерлердің есебінсіз әлеуметтік дамудың бағдарламасы да, мемелекеттің әлеуметтік саясаты да іске асуы мүмкін емес. Бұл саладағы мамандар, заңнамалық актілерді дайындауда, жергілікті билік орындары мен қоғамдық ұйымдардың шешім қабыдауында сарапшы қызметін атқарады.

Тәжірибе көрсеткендей (әсіресе бізде), адамдар көбіне көп не өздері, не отбасы мүшелері, не достары, не көршілері, не игі ниетті шенеуніктерде шеше алмайтын мәселелермен жиі ұшырасады. Бұл үшін ерекше мамандық иелері әлуметтік жұмыскерлер қажет.

Бұл мамандықтың қалыптасуы өте қиын жағдайда өткен. 90 жылдар басынан мемлекет өзінің дамуындағы жаңа және өте қиын кезеңін- нарықтық экономикаға өтуді бастады. Бұл - үрдіс өндірістің тоқырауы, жұмысссыздық, мемлекет тұрғындарының көпшілігі табыстарының күрт төмендеуі, адамдардың азып-тозуымен сипатталатын қиын да ауыр процесс. Қазақстандағы күрделі экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдай, сонымен қатар адамға игеріп алу, бағыт алу, кейде жай ғана осы жағдайда жан сақтап қалуда көмектесуге қажеттілік біздің мемлекетімізге әлеуметтік жұмыстың жаңа жүйесін құруды талап етеді.

Әлемнің көптеген елдерінде ғасырдың басында-ақ әлеуметтік жұмыс дербес мамандық ретінде қарқынды дамып, бұл салада кәсіби мамандар бітімі қалыптса бастаған уақытта, Қазақстанда тоталитаризм жағдайында көптеген онжылдықтар бойы кеңес, адамның теңдессіз қамқорлықта екендігі мәлімделіп келді, сондықтан халықты әлеуметтік қорғаудың арнайы жүйесін құрудың мәні жоқ деп есептелді.

Еліміздегі мұндай жүйенің қалыптасу процесі 90 жылдың бас кезінен жүрді.

Біріншіден, жаңа әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынас, күрделі әлеуметтік жағдай адамды, отбасын, жалпы мемлекет халықтарын әлеуметтік қорғаудың қарқынды өзгеруіндегі нарықтық әлеуметтік жағдайына бағытталған жүйесін талап етеді;

Екіншіден, экономикалық және әлеуметтік жағынан едәуір сәтті (Европа елдері, Скандинавия, АҚШ, Канада) мемлекеттер тәжірибесі кез келген, тіпті ең бай қоғамда да әлеуметтік ауыртпалықтар: мүгедектік, қайыршылық, аурулар, маскүнемдік пен нашақорлық және т. б. өмір сүретіндігін сендіре дәлелдейді. Оларды әлеуметтік жұмыс жүйесінсіз және әлеуметтік жұмыс кадрларынсыз игеру мүмкін емес.

Үшіншіден, әлеуметтік қызмет жүйесі сонымен қатар көмекке мұқтаждар мен заңдар, мемлекет аппараттары арасын байланыстырушы буын қызметін де атқарады.

Әлеуметтік тәжірибедегі жаңа әдістеме әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған қызметтің бір түрі болып табылатындығы түсінікті. Мұндай позиция тұрғысынан әлеуметтік жұмыс қоғамдағы әлеуметтік сүргіндер мен келіспеушіліктерді ұстап тұратын, олады жеңетін мықты тәсілдер болып отыр, ал ол тәсілдер тиімді болған сайын қоғам мен мемелекет соған сәйкес көбірек қор бөле түседі.

Әлеуметтік қамсыздандыруды реформалау, өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың маңызды саясатының маңызды бағыттары болып табылады.

Тоқсаныншы жылдардың екінші жартысында басталған экономикалық өсу белсенді әлеуметтік саясат жүргізу үшін алғышарттар жасады. Жаңа жағдайларда әлеуметтік қорғау жүйесін реформалаудың еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі заңдар шығаруға және оларды іске асыруға, жұмыспен қамтуға белсене жәрдемдесуге, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшуге және атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталды.

Алайда әлі де орын алып отырған кедейлік, жұмыссыздық, халықтың қартаң тартқан қатарының көбеюі, рыноктарды жаһандандыру, сондай-ақ биресми сектордың көбеюі әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдете түсуді талап етеді.

І. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 1860 - 1880 Ж. РЕФОРМАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ХАЛЫҚҚА ӘСЕРІ
І. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 1860 - 1880 Ж. РЕФОРМАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ХАЛЫҚҚА ӘСЕРІ: 1. 1 Қазақстандағы капиталистік қатынастардың енуі және дамуы

1861 жылы Россияда крепостниктік правоның жойылуы елде капитализмнің даму процесін жеделдетті. Қазақстанның шикізат көзі және өнеркәсіп товарларын өткізетін рынок ретінде ролі күшейді.

1867-1868 жылдары Қазақстанда әкімшілік басқару жұмыстарына байлынысты реформалар жүргізілді. Қазақстанның территориясы облыстарға бөлініп, олар үш генерал-губернаторлаққа бағынды. Жетісу және Сырдария облыстары Түркістан генерал-губернаторлығының, Орал және Торғай облыстары Орынбор генерал-губренаторлығының Ақмола және Семей облыстары Батыс-Сібір генерал-губернаторлығының құрамына кірді. Облыстар уездерге, уездер болыстарға, болыстар әкімшілік ауылдарға бөлінді. Реформа сот құрлысына өзгерістер енгізді. Уездік соттар жалпы Ресей сот заңдарының негізін басшылыққа алып, билер соты сот жүйесінің төменгі органдары ретінде ғана сақталды. Салық салу күшейе түсті. Түтін салығы 3, кейін 4 сомға өсті. Отырықшы халық харадж бөлігі, яғни жиналған өнімнің 1\10 бөлігі және танаптық, яғни жерден заттай емес, ақшалай алынатын салық төлейтін болды. Көшпелілер мен егіншілер бұданда басқа көптеген алым-салықтар мен борыш, міндеткерліктер өтеді. Қазақ жерлері Россия мемлекетінің меншігі деп жарияланды, сонымен қатар феодал-шонжарлардың жер пайдаланудағы айрықша хұқы сақталды. 60 жылдары қабылданған реформалар мен 1886 және 1891 жылдары әкімшілік және сот құрлысы ісіне енгізілген өзгерістер орталық және феодалдық езгінгі күшейте түсуге бағытталған еді. Реформалар орталық үкімет органдары мен феодал-байлар топтарының позициясын нығайтып, жер мәселесін одан әрі шиеленістірді. Бұқара халық наразылығы 1869-1870 жылдары Орал, Торғай облыстары мен Маңғыстауда отаршылдыққа қарсы көтеріліс бастады. Көтерілісті патша іскері қаталдықпен басып жанышты.

Патша үкіметінің ұлтшыл-отарлық саясатын қарамастан Қазақстанда жүзеге асқан реформалар өлкенің жалпы россиялық экономика деңгейіне көтерілуіне жағдайлар жасады, капиталистік қатынастардың ену процесін шапшаңдатты. Қазақстанға шыт, шұға, жібек, былғары, металл бұйымдары әкелінді, ал Қазақстаннан Россия рыногына миллиондаған мал айдалды, мал өнімдері, астық (мысалы, Семейден жыл сайын 1 млн пұт ұн) тасылды. Малшаруашылығы мен егін шаруашылығы өнімдерінің құны артып, натуралды шаруашылық ыдырай бастады. Сауданың жаңа түрі - жәрмеңкелік сауда пайда болды. Ірі жәрмеңкелердің жылдық товар айналымы 1 млн сомға жетті. Қырдағы аудандарда тасымалды сауда түрі дамыды. Өсімқорлық тарады. 1870 - 1890 жылдары саудада несиеге берудің капиталистік түрлері пайда болды. Банктер құрылды. Мейлінше баяу болса да қазақтың сауда буржуазиясы қалыптаса бастады. Саудамен байлар мен көпестер айналыса бастады. Орал, Верный, Семей, Петропавл, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Көкшетау т. б. қалалар өсіп жетілді. Россияға қосылу барысында 30-дан астам қала мен 400 поселке пайда болды. Сауда - өнеркәсіп орталықтары ретінде қалалардың ролі артты. Қала халқының саны қоныс аударушылар есебінен өсті. Қазақтар негізінен оңтүстік қалаларда тұрды. Қалаларда ауыл шаруашылық өнімін өңдейтін ұсақ өнеркәсіп орындары басым болды: тамақ (май айыратын, сыра, арақ-шарап жасайтын, ұн тартатын т. б. ), тері илейтін, механикалық шеберханалар пайда болды. Кен өндіретін шағын кәсіпшіліктер саны өсті. Тек Ақмола облысының Қарқаралы уезінде 249 рудник болды. Қарағандыда көмір шахталары, Риддерде рудниктер салына бастады. Тұз өнеркәсібі, Каспийдің балық кәсіпшілігі капиталистік сипат ала бастады. 1874 - 1876 жылдары Орынбор темір жолы салынды. 90 жылдары Сібір темір жол магистралінің Ақмола облысы арқылы өтетін бір бөлігі іске қосылды. Темір жол салу товар айналымының артуына, Орталық Россиямен байланыстың күшеюіне, транзит сауда көлемінің өсуіне ықпал етті. Патриархалдық томаға-тұйықтықтың күйреуі, натуралды шаруашылықтың ыдырауы, товар-ақша қатынастарының таралуы, сауда мен астыққа деген қажеттіліктің өсуі отырықшылықа және егіншілікке көшуді тездетті. 1889 жылы Жетісуда егінші қазақтар шамамен 10 млн пұт астық өндірді. Ақтөбе және Қостанай уездерінде 9 млн пұт астық жиналды. 90 жылдары отырықшылыққа көшу жаңа қоныстанушылар үшін жер бөліп беруге байланысты жеделдей түсті. Әскери-қазақтың отаршылдығы Россия мен Украина шаруаларын жаппай қонстандырумен алмастырылды.

Капиталистік қатынастардың Қазақстанға енуінің маңызды жемісі патриархалдық-феодалдық қатынастардың ыдырау процесінің жеделдеуі, тапқа жіктелу және ауылдағы таптық күрестің өсуі болды. Жерден және малдан айырылған қазақ кедейлері ауылдан мүлдем қол үзбесе де кәсіп іздеп қалаларға кетті. ХІХ аяғы шенінде жұмысшы табы, оның ішінде Россия жұмысшы табының бір бөлігі ретінде ұлттық жұмысшы табы қалыптаса бастады. Әсіресе, кен және тұз өнеркәсібінде істейтін жұмысшылардың саны өсті. 1855 жылы мұнда 1353 жұмысшы болса, 1900 жылы 11225-ке жетті. Өлкенің өнекәсіп орталықтарында орыс, қазақтар бірлесіп еңбек етті. Алғашқы жұмысшы қозғалыстары ХІХ ғасырдың орта шенінде басталды. 1849 жылы Көкшетау округының Маринка алтын кендерінде, 1887 және 1891 жылдары Өскемен алтын кендерінде, 1898 жылы Зырян мыс рудниктерінде ереуілдер болды.

Қазақстанның Қазан төңкерісіне дейінгі тарихындағы өте өзекті мәселе - өлке өндірісінде капиталистік қатынастардың қалыптасуы қалай жүргенін, жергілікті халық бұл қызметке қандай деңгейде қатыстырылғанын зерттеп, зерделеу болатын. Әрине, капиталист қайтарым бермейтін кәсіпорынға, кенішке, жалдау жолымен қызметке қатыстырылатын жұмысшыға қайырымдылықпен қаржы жұмсамайды. Керісінше, қанауды күшейту, жалдамалы жұмыс қолының терін сығып алу арқылы капиталды қорландырады. Бұл тұжырымымызды дәлелдейтін деректер Қазақстан тарихы бойынша да жетерлік. Жұмысшылар нормадағы сегіз сағатпен емес, кәсіпорын иелерінің белгілеген мерзімі бойынша еңбек еткен. Мәселен, 1886 жылы Семей облысында алтын іздейтін кен орындарында жиырма жұмысшы тәүлігіне 5000 пұт құмды жуып шығаруға міндетті болды. Тапсырма орындалмаған жағдайда жұмыс уақыты ұзартыла берген. Сол себепті жұмысшылар кей күндері 16-18 сағатқа дейін еңбек еткен. Жұмыстың ауыр жағдайына қарамастан дәрігерлік көмекте берілмеген. Тіптен аталмыш облыстағы 26 кен орындарының бірде-бірінде медициналық қызмет өз алдына, дәрігерде болмаған. Жұмысшылардың көпшілігі безгек, шиқан, өкпе ауруларымен науқастанған. Тұрған жерлеріде жайсыз-ды. Мәселен, Қарағанды көмір кенішінің жұмысшылары былай деп жазды:«Бізге пәтерлерді жылқылар тұратын атқоралардан берді. Оның төбесі топырақпен жабылғандықтан, сәл-пәл жаңбыр жауса балшық су төбемізден сорғалайды». Ал жеркепе үйлерде жайғасқандардың жағдайы бұдан бетер төмен болған. Өйткені, бұл үйлердің іші балшыққа батып жататын. Жататын бөлмелер мен дәлізде 1-1, 5 аршын малдың қиы жатушы еді. Міне, осындай жерлерде жұмыс іздеп келген қазақтар 18 жыл бойы тұрды, - деп түйеді ойын ғұлама тарихшы Ермұхан Бекмаханов.

Капиталистік қанау киліктірген ауыр еңбек жағдайына шыдамай, жасалған келісім-шарттың орындалмауына наразылық ретінде 141-і қызметке кірісуден бас тартқан. Осындай адам төзгісіз еңбек жағдайлары Атбасар, акционерлік қоғамына қарайтын Спасск заводында, Қарағанды көмір кенішінде, Успенск, Покровск, Маринск, Надеждинск және Қарсақбай кеніштерінде қалыптасқан. Ауыр жағдайды қайсар еңбекпен жеңген алғашқы қазақ жұмысшыларының өмір жолы осылай басталады.

Ресей экономикасына тартылу қазақ ауылындағы әлеуметтік жағдайды да түбірінен өзгертті. Жер мен малды өз қолдарына алып үлгерген «жаңа» сипаттағы байлар мен қатар мүлдем қайыршыланған, көшерге көлігі, егістік жері жоқ қу тақыр кедейлер қатары көбейді. Олар енді көшпелі өмірді тастап, отырықшылыққа өтті, егіншілікпен айналысты.

Қазақтар арасында жатақтар атанды. Жатақтар үш топқа жіктелді: отырықшылыққы өткен кедейлер, ауқатты шаруалар, астық алыпсатарлығымен айналысқан саудагерлер. Жалпы жатақтар қауымы прогрессивті қызметімен көпшілік қолдауын тапты, астық өндіруді арттырды. Астықты аймақ Торғай облысы қазақтарының қарамағындағы

дәнді дақылдар танабының көлемі 1875 жылғы 17 мың десятинадан 1902 жвлв 216 мың десятинаға дейін жеткен. Мұндай оң өзгерістер ешқандай қысымшылықпен емес, таза экономикалық, яғни халықтың азық-түліктік қажетін қамтамасыз ету мүддесінен туындаған батыл қадамдар болатын. Сол тәрізді Сыр бойындағы 8827 отбасы он мыңдай десятинаға табы, бидай, сұлы сеуіп, бабаларының бұрынғы дәстүрін жалғастырған. Тек Қазалы оязының өзінде 200-дей отбасы астық өндірумен айналысып, Сырдария суын тиімді пайдалану үшін 200-дей кіші-гірім канал қазады. Сол арқылы арықтық тәсілмен дәнді дақылдар егісін әлсін-әлі суарады. Әр сушыға күніне жиырма тиыннан төленеді. Ақырғы түсімнің мол болуы үшін тырбанып жұмыс істеулері арқасында 1893 жылғы астық бастыру барысында 604 миллион пұт күріш дәні, 6 миллион бидай, төрт миллион пұттай тары өнімі алынды. Масақты дақылдардың әрі гектарының орташа түсімі ояз бойынша орташа есеппен 54 центнерден айналады. Мұндай қызметпен айналысқан Шу, Талас өзендері аңғарындағы жатақтар дәнді дақылдардың әр десятинасынан 41 пұттан астық алған. Ал Семей облысындағы 84 диқан белді бекем буып, қызметке қызу кіркседі, 1898 жылы біржарым мың десятинаға дән сеуіп әжептәуір астық алған. Егінші қазақтардың пайымдауына жүгінсек, егер себілген әр қапшық тұқым дәнінен 25 қапшық астық жиналса өнімнің жоғары болғаны. Ең төмені 5-7 қапшық. Астық бастыру үшін бау-бау масақты қырманға жаяды да жылқымен көбіне өгізбен айдайды. Бастырылған дәнді сыйымдылығы 4-5 пұттық қаптарға салып жинап алады. Қазақтардың астық өндірісін арттырудағы жемісті жұмысы ескеріліп «Сібір қазақтары туралы Ережеге» сәйкес егіншілікпен шұғылданушы шаруаларға құрал-саймандармен көмек берілді. Қазақ жатақтарына Брянск зауыты шығарған қос тісті соқалар жеткізіледі. Кейіннен Гена, Сакка соқалары әкелінді. ХХ ғасыр бойында Орал облысында 5637 соқа астық өндірісіне қолданылған. Енді қайсыбір диқандар егістік танабының көлемін ірі шаруашылықтар деңгейіне дейін көтереді. Бір десятина жерге 5 пұт астық, 1 пұт тары, 8 пұт сұлы себіледі. Егін орағына үй іші түгел қатысқан, ал кейде 12 бауға немесе тәулігіне 40 тиынға жұмысшы жалдаған. Сондықтан ауқатты жатақтар арасында 200 десятинаға дейін егіс салғандары жиі кездеседі. Атап айтсақ, ауа-райы құбылмалы, егіс салуға қажет табиғи ылғалды мөлшері айтарлықтай аз, қуаңшылық жиі қайталанатын Ақтөбе оязы жерінде Сапа Әкімниязов дейтін азамат көріп басып, өз қолымен егістікке су шығаруға қажетті шығырды жасап, жем өзенінің жағасындағы шағын алқапқа дән себеді, баптауын келістіру арқылы айналымнан 40-50 центнерден астық алады. Сол 1898 жылдың өзінде Ақтөбе оязы егіншілері байырғы тұрғындардың 94, 4 пайызын құрайды, әрқайсысы 6, 2 десятинаға дейінгі танапқа тұқым себеді. Оязда өндірілген 1 млн 483 мың пұт астықтың басымын тары құраған. Оның орташа түсімі әрбір жатаққа шаққанда жетпіс пұттан, ал ояз бойынша шамамен алғанда 67 пұттан келген. Бұл Қазақстан бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Ендеше, оларды жәй жатақ демей, неге нағыз астық өндірушілер атамасқа.

Орталық Қазақстанның құнарлы қойнауы Қарқаралы оязында 1901-1904 жылдар аралығында мыңнан астам адам диқаншылықпен айналысып, дәнді дақылдардан бидай, малазықтық сұлы сепкен. Соның ішінде азық-түліктік мәні зор бидайды өндіру мәселесіне тереңірек тоқталсақ: осы жылдарда 3055 гектарға аталмыш дақыл тұқымы себіліп, жатақ мүшелерінің жанқиярлықпен еңбек етулеріне орай әр гектардан орта есеппен 20 центнерге дейін астық алынған. Халықаралық маңызға ие болған Қоянды жәрмеңкесінде астыққа сұраныстың өсуі, өнім шығымыеың артуы бұл өңірде ауыл шаруашылығы машиналарының кең қолдануына себепші болған. Бұндай оң өзгерістер халықтың отырықшылық кәсіпке көптеп тартылуына орай өміршең бола бастаған. Астық өндірісінде кәсіпкерлікпен қызмет атқарған жатақтар саны күрт көбейеді. Сөз болып отырған Қарқаралы оязы қарайтын Семей облысындағы жатақтар құрамында жүз мыңдай адам еселеп тер төгіп, жанкештілікпен еңбек еткен. Жоғарыда айтылған Ақтөбе оязындағы жұмыстың жайын жалғастырсақ, жатақтардың базарға шығарып астық сатудан келтірген ақшалай табысы мал шаруашылығы саласынан түсетін таза пайданың тең жартысынан асқан.

Астық сатудан келтірілген қаражатқа дәнді дақылдар егісінің көлемін кеңейтуге қажет соқа, дән бастырғыш сатып алған диқандар аз болмапты. Бұндай тұжырымды Астрахань губерниясындағы Бөкей ордасының Қараөзен, Сарыөзен аралығындағы су құнарлы алқапқа дәнді дақылдар сеуіп, оның әр десятинасынан ортаесеппен алпыс пұттан астық жинаған диқандар тәжірибесі дәлелдейді. Олардың үлгілі ісін көрген көршілес ауыл адамдары Балықты судының көктемгі жайылмасына дәнді дақылдар сеуіп, өздерінің күнделікті ішпек-жемегіне жетерлік өнім жинаған. Таловка елді мекені маңындағы тұрғындарда талпыныс жасап, 120 десятинаға дән себеді, одан жинаған өнімдерін алыс-жақын жерлердегі елді мекендерге шығарып сатады. Сөйтіп, астық өнімі жөніндегі алыс-берісте 1868 жылы құрылып, Каспий мен Арал теңіздері аралығындағы кең аумақты алып жатқан Орал облысы жатақтарының жұмыс ауқымы артып, ХІХ ғасырдың ақырына әр ұжым мүшелерінің тоғыз десятинаға дейін егіс салуға қолдары жеткен. Танап көлемін кеңейтіп қоймай, енді егіннің түсімін айтарлықтай арттыруға жол ашқан. Бұның нақты дәлелі ретінде тек 1913 жылдың дәнді дақылдар егінін жинау қорытындысында 5, 4 миллион пұттан асырып дән бастырып, алынған өнімнің 75 пайызын базарға шығару арқылы мол қаражат келтіргенін айтар едік. Ғалым-агроном М. М. Якубцинердің көп жылдар бойы жүргізген зерттеулеріне жүгінсек, Орал облысынан шетке шығарып сатылған астықтың басымын бағалы қатты бидай құраған. Қостанай оязы да егін шаруашылығы жақсы дамыған аймаққа жатты: 1909 жылы жалпы есепке алынған 18010 шаруашылықтың 15951-і егіншілікпен айналысып, олардың тұқым себетін танабы 10744 десятинаға жеткен.

Ал Ақмола облысы ұндық сапасы жоғары сортты бидай өсіруден сол кездің өзінде алыс-жақын аймаққа белгілі бола бастапты. Сондықтан Сібір теміржолы арқылы 1890-1901 жылдарда 429 мың пұт астық тасып әкетілсе, 1906-1909 жылдарда 4806 мың пұттан асқан.

Дәнді дақылдардың әр десятинасынан алынған орташа өнім Оңтүстік Қазақстан аймағында да артып, 1909 жылы оязында - 56; Қазалыда - 54; Әулиеатада - 48; Перовскийде - 41 пұттан айналған. Келтірілген мәліметтер су көздерін көп пайдалану астық өндірісін арттыруға жол ашқанын көрсетеді.

Қазақстан мен Ресейдің экономикалық байланыстарынан өсуі капиталистік қатынастарға өту кезеңінде кең қанат жайды. Өйткені, капитализм - техникалық прогресс көзі. Осыған орай кәсіпқорлықтың дамуы түрлі формада жүргізілді. Әсіресе қала мен ауыл арасындағы нарықтық байланыстың өрістеуінен капиталистік қатынастарының енгізіле бастауын көруге болады. Алғашқыда алыс-беріс алмастыру формасында жүргізілді. Орыс саудагерлері өз тауарларын қазақ даласының мал-мүлкіне айырбастаудан бастады. Ресеймен іргелес Орал, Торғай облысының тұрғындары малдарын айырбасқа салу үшін Орынбор, Орск қалаларына айдап барды.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында Қазақстанның Моңғолиямен, қытайлық Жоңғариямен жүргізген сауда-саттық Семей, Өскемен, Зайсан арқылы атқарылды. Бұл жерлермен ресейлік сауда керуендерінің жүріп өтуі көшпенді керейлердің шәй, ешкі түбіті тәрізді тау-аралармен тиімді алыс-беріс жасауларына жағдай туғызды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтың әлсіз топтарымен жүргізілетін жұмыстар туралы толық мағлұмат беру
Қазақстан Республикасындағы халықтың әртүрлі категориядарымен әлеуметтік жұмыс жүйесінің қалыптасуын талдау
Жастар мен жұмыссыздық мәселесі
Ақша қорларының жиынтығы
Жастар әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі мен әлемдік тәжірибені салыстыра отырып зерттеу
Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі
Жастардың әр түрлі категорияларымен әлеуметтік жұмыстың халықаралық тәжірибелері және оның мәні
Мәдени әрекет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz