Күйші Сәкен Тұрысбеков


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе . . . 3

1. Күнделігі . . . 4

2. «Көңіл толқыны» күйінің щығуы . . . 7

3. Шығармалары . . . 8

Қолданған әдебиет . . . 10

Кiрiспе

Қазақ халқы салт-дәстүрi, тұрмыс-тiршiлiгiмен сабақтасқан, өз өмiрiндегi небiр оқиғаларды бейнелеген домбыра, қобыз, сыбызғыға арналған шығармаларды “ күй ” деп атады. Олар қағазға түсiретiн нота мәдениетi жоқ болса да, сыры мен сымбаты жоғалмай, қайта ажарлана түсiп, қолдан-қолға, ұрпақтан ұрпаққа көшiп, қазiргi күнге жетiп отыр. Бiзге жетпей қалған күйлер де есепсiз екенi даусыз.

Домбырада ойналатын музыкалық мұрамыз ұзақ тарихи соқпақтарда қалыптасқан, бiр-бiрiнен интонациясы, формасы және т. б. табиғи айырмашылықтарды арқылы ерекшеленген өз алдына жеке-жеке дәстүрге бөлiнедi. Оларды өзiне тән осындай сипатына қарай “ шертпе ” және “ төкпе ” деп атап кеттiк.

Шертпе күйлер негiзiнен лирикалық жанрға жатады. Көбiнесе бұл күйлер табиғат сұлулығына, туған жерге, дос-жаранға, жан-жануарларға арналады немесе ғашықтардың асыл сезiмiн жеткiзуге бағытталады және басқа көптеген тақырыптарды қамтиды.

Шертпе күйлер де төкпе күйлер сияқты орындаушылық ерекшелiктерiне байланысты бiрнеше мектептерге бөлiнедi.

Күйші Сәкен Тұрысбеков

«Сәкеннің сырлы әлемі»

1. Күнделігі

Дәуіріміздің сексенінші жылдарының орта шенінде қазақтың рухани киелі күй өнерінің өлкесіне жан-жүйеңді егілте тебіренткен қоңыр сазға бұраулы Сәкеннің сырлы әуені келіп қосылды. Көркем лирикалық пафостағы Секен саусағынан төгілген бұл қоңыржай әуендер тыңдаушыларының алпыс екі тамырын йітіп, өзегін өртеп, жан-жүйесін шымырлатып, тыңдаған үстіне тыңдай түссем деп ынтықтырды. Ал осы бір әсем күй аяқталғанда адам бойы әлде бір аққу арман, қүштар сезімге бөленеді. Тылсым мәйек әуен құшағында көпке дейін дел-сал болып өз-өзіңе келе алмай қала беретінсің.

Еуропалық үлгідегі мазмұн-жүйеге жақындап, құлақ шымырлатар катаң да қасансыған саздан көптен мезі болған қауым бір сәт жанды жылытар дала сахарасының қоңыр әуенін тыңдап іңкәр жүректің ынтығын басқандай болды. Домбыра шанағынан төгілген, көркем де қою бояулармен нақыштала өрілген ғаламат саздар мен кәусар әуездерге тәнті болған талантты ақын Есенқүл Жақыпбеков бұл күй өрімдерінің ішкі тыныстарын бірде жаңбыр мен арманға, бірде қасіретпен шыңырауға теңей келіп, соңында тіпті сөзге- балама теңеулерге сыймайтындығын айтып, мына өлің жолдарын арнағанды:

Наз жаңбыр домбыраның үні жауған, Тұншығып үзіледі үздік арман.

Өмірдің жапырағын жапырасың,

Өзіңді өзің іздеп шыңыраудан

Әмірдің саған салса қүны жалған!

Түңіліп қабағың мен қарлы қаеың,

К, амығып қасіретпен қан жүтасың.

Тып-тыныш өмір сүріп жүрген кәппен,

Адамды айдалаға қаңғытасың.

Мен сені мақтан етем, сүйем сені,

Сыймайды сөзге бірақ, күй өлшемі.

Иә, шынында да Сәкен күйлерінің баламасын тауып, бір қауызға сыйғызу мүмкін емес. Оның күйлерінің танымдық-тағылымдық дәрежесі өте кең, көркемдік-философиялық өрісі жан-жақты, кейде өз арна-кенерінен асып төгіліп те жатады. Ал тіпті, аныған айтсақ, Сәкен күйлері әр жүректің айтылмаған, аяқталмаған әні, тартылмаған күйі, таусылмас алыстағы арманы, орны толмас өмір өксігі, әлеумет тартысы, көңіл толқындарындағы мұң шалған күрсініс, рауандап атқан ақ таң, өмірге құштарлық, жалпы сөзбен айтқанда, адам рухындағы қисапсыз оюлар мен кестеленген көркемдік тылным-сезім толғауларының сұңғат мұраты деп білеміз. Күйші-композитордың әрбір туындысын тыңдағанда адам бойындағы осы айтылған асыл қасиет, пәк сезімдері аян беріп ояна бастайды. Беймағлұм әртүрлі саз толқындары тұнық сезім, парасат биігінде, сұлулық әлемінде шарқ ұрады.

Секен шығармашылығының тек өзіне ғана тән беларқау алтын діңгекті кредосы-өмірге ынтықтық. Мұқағалиша айтқанда, оған күрсіне «мұң шағуы».

Оның үлкен өнерге келу соқпағы, өсіп қалыптасу жолдарына көз жүгіртсек, алдымен байқайтынымыз кішкене күнінен бастап-ақ арманшыл, ауыл әуендеріне ынтық, болып, нәзік нақыштарын жүрек түкпіріне түйіп өскендігі. Алғашқы әуендік нәр алған бастау бұлағы өзінің шаңырағы мен туып-өскен ауыл өнерпаздарының ортасы болды. Семей облысы Ұржар ауданы «Бірінші Май» ауылының домбырашы, әншілерінің өздеріне ғана тән, тыңдаушыларын таңдандырып, дәрістік тағыльш беретін бір ерекшілігі бар. Олар, көбінесі, техника қумайды. Керісінше, қолына домбыра ұстаған сәттен-ақ саусақтарының астынан құлаққа жағымды, көңілге қонымды қысқа да нәзік әуез-саздар толқындап туып, домбыра бунақтарында әртүрлі нақыш өрнектермен кестеленіп жатады. Он саусағынан өнері тамған нағашы ағалары Төлеубай, Илал мектептегі ұстазы Артықбайдың үйге келген сайынғы төрдегі қара домбыраны алып ойнағанда төгілетін «бунақтардағы нәзік те үзік сырлар» Секен жүрегін ғажайып бір ырғаққа бөлеп, жүрек түкпіріне әсем әуендер там-тұмдап ұялап жататын-ды. Осы сәтте ол ғажайып бір тылсым дүниениң құшағына еніп, өзін-өзі ұмытып, тұлабойын беймағлұм шымырлатқан құштарлық сезімдер билейтін-ді. Осындай балаң кезінде домбыраны қолына алып ойнап кете қоймағанмен тумысынан түнжыр ойшыл, мұңшыл, арманшыл, сезім дүниесіне батып жүретін Секеннің көкірегінде күй қүдіреті күмбірлеп, көңіл тұңғиығында сыр тартып, ән толғағында, қиял құшағында пісіп, қайнап бұлқынып жатты. Секен алғаш қолына домбыра алған сәтін былайша еске алады: «Бірде қатты ауырып, жағдайым болмай, жаным құлазып жатқанымда қолыма домбыра алып, пернесіне қол ұрып көріп ем өзімнің ішкі толғаныс толқуымның да пернесін дәл басқан бір ырғақты сезіндім. Кеудемді өртеген нала мен өкінішке үндесіп, өзімнің жүрек қылын шертіп, ішкі ойымды ағыл-тегіл ақтарғандаймын. Осыдан былай қолыма домбыраны жиі алатын болдым. Ие, бұл Секен жүрегінің нәзік тебіреністерінің домбыра пернесімен алғашқы тілдесуі еді. Ал ғылыми педагогика-психологиялық түрғыдан алып қарағанда детерминизм принципнің («сыртқы дүниемен адамның ішкі жан дүниесінің өзара үндесуі» немесе «сыртқы дүниені қабылдау алдымен адамның ішкі сезім дәрежесіне тура байланысты») іске асуы еді.

Сәкеннің бұл екінші класта оқып жүрген кезі болатын. Анасы Рәтай да осы кезеңді былай деп еске алады: «Сол жылы Секенге бір нәрсе көрінді. Бойына бір түрлі мінез бітті». Түн ортасында «Апа! Апа!» деп апасын жұлқып оятып «Жол таптым» деп Құрманғазының «Балбыруаын» күйін ойнап беруі ұлы күйшінің балаға аян беріп, оған күй аруағының, қонып, үлкен өнер жолына біржолата бет бұрғаны деп білеміз. Осы мектеп қабырғасындағы жылдарда көркемөнерпаздар үйірмесінің белді мүшесі болды. Халық композиторлары Тәттімбет, Сүгір, Тоқа күйлерін тартып, Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнін айтьп, аудан, облыс көлеміндегі талай байқауларға қатынасып, жүлделі орындарға ие болып жүрді. 1976 жылы мектеп бітірісімен Семей қаласындағы Мүқан Төлебаев атындағы музыка училищесіне түсіп, талантты да білгір ұстаз Қадыр Досымжановтан дәріс алды. Ауылдан келген жас домбырашыны ұстаз бір қалыпқа салып тәрбиелемеді, керісінше, алдымен оның жүрегінің соғысын, аспапта ойнау икемін, бала психологиясының өзіндік ерекшіліктері мен мүмкіндіктерін бағамдап алып, содан кейін ғана оны кәсіптік домбыра тарту өнеріне баули бастады. Бұл Секеннің рухани музыкалық танымының дұрыс арнамен қалыптасуына, домбыра тарту шеберлігінің шыңдалуына зор мүмкіндіктер туғызды. Әсіресе, Арқа-Шығыс күйлерін орындауда өзінің алуан қырлылығын таныта білді. Бұдан кейінгі Алматыда Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясындағы оқу жылдары Секеннің өмір жолындағы елеулі белестерінің бірі. Ол композитор профессор Мәлгаждар Әубәкіровтың класында дәріс алды. Ұлағатты ұстаз Сәкенмен өткен алғашқы сабақтарында-ақ жас шәкірттің бойындағы мұңға толы нәзіктікті, әжептәуір қалыптасып қалған орындаушылық-ты, шығармашылық дарын мен қабілетті аңдады. Әр сабақ сайын рухани зерде қабілеттерін дамытуда ұстаз әртүрлі методикалық әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдаланып отырды. Ұстаз әдістемесінің бір элемен-ті-музыкалық шығарманы орындағанда, нота қаңқалық нобайдан алыстап, орындағанда жан бере, өзіндік образ, ой бере тарту. Күй табиғатына тән өрнегін, болмыс-бояуын айқындау.

Бұл кезеңдерді Сөкен былай деп еске түсіреді: «Кезекті бір сабақта Тәттімбеттің «Сары жайлау» күйін айна-қатесіз нотамен, барлық ремарктерін сақтай ойнап бердім. Өзімше, өте жақсы ойнаған. сияқты едім. Алайда, күй тыңдалып болғаннан кейін, ұстазым келелі бір әңгіменің ұшығын сабақтады. Секен, айналайын, күйдің нотасын толық жаттап келіпсің. Бірақ, қолың домбыраның пернесінде еркін жүгіргенімен, ойың еркін жүгірмей отыр. Байқайсың ба, күйдің өмір қойнауындағы қаншама көркемдік-эстетикалық қасиеттері ашылмай қалды. Жалпы, қазақ күйлерін тастай қатқан ноталық қалыпқа салып, ойнауға болмайды. Ол импровизациялық негізде дамып қалыптасқан. . Сондықтан оны үнемі құбылтып, мәнерлеп ойнауың керек. Бүгін сен бізді нота-нобаймен ғана таныстырдың. Енді сен ары қарай алыстан көз жауын алатын, жүрек қозғайтын, көңіл толқытатын сәулет сарайының өзін салуың керек. Мұндай сән сарайының классикалық үлгілерін дарынды күйшілер Әбікен Хасенов пен Мағауия Хамзиндер салған . Осы майталмандарға еліктейсің бе, әлде, өз соқпағыңды табасьң ба ерікті өзіңе берем, - деп сөзін аяқтады. Ұстазының осы кеңесі Сәкеннің үнемі ойында жүріп, оның күй әлемін кеңейтуіне зор ықпал етті. Бұдан былай қарай ол әуелі тартылатын күйдің мазмұны мен ерекшіліктеріне, орындау тәсілі мен шығу тарихына ерекше көңіл аударьп отырды. Орынды айтылған тәлімдік дәріс ойдан шыға ма? Ұстазының тағы бір тағылымы әлі күнге дейін Секен есінен кетпейді: «Әрбір күйдің сазы мен әуенін, екпіні мен сарынын, өлшемі мен өрнегін хас зергердей нәзік суреткерлікпен мүсіндеп шығаруың керек».

Осындай методологиялық тұғырнамаға негізделген әр сабақ академиялық орындау щеңберінен асып, Секенге кең шығармашылық мүмкіндіктер туғызып отырды. Лирикалық әсемдікке, сырлы сазға, ойлы мұңға жаны құмар шәкіртін білікті ұстаз осылай әр күйді ізденіспен орындауға, әуен сұлулығына тәрбиеледі.

Осындай педагогикалық принцип негізінде сіңірілген тәлім-тәрбие көп ұзамай өз жемісін бере бастады. Сол жылдары Секен республикалық «Жігер» және Москвадағы өткен жастар мен студенттердің дүниежүзілік ХІІ-ші фестивалінің лауреаты атанды.

Осылай жаны лирикалық әсемдікке, сырлы сазға, мұңға, күй құштарлығына толы жас шәкіртін сезімтал ұстаз шығарманы творчестволық тұрғыда орындай білу шеберлігіне, әуен суреткерлігіне тәрбиеледі. Консерваторияның сәтті тәмәмдап, осындай орындаушылық мектебінен өткен Секен келесі жылы республикамыздың белгілі майталман композиторы, профессор Еркеғали Рахмадиевтің сыныбына түсіп, композициядан дәріс ала бастады.

Сәкеннің домбыра тартудағы өзіндік ерекшелігі мен өзгеге ұқса-майтын қолтаңбасы неде? Алдымен, айтарымыз, домбыра тартқандағы қақпақ үстіндегі оң қол қойылымының өзгешілігі. Онда буын қоспасы томағасын сыпырып тастаған ұшуға қомдалған қыран секілді. Күй мазмұнын, оның көркемдік құралдарын ашу процесінде осы оң қолдың буын қоспалары сан алуан қимылдар жасап, ал бес саусақ екі ішекте алма-кезек шертіліп, ілмелі, құбылмалы сан түрлі ырғақтар беріледі, тембрлік бояулар қоюланып, сан түрлі өрнектер тоқылады.

Сәкеннің күй мазмұнын берудегі айшықты суреткерлік шеберлігінің өзі бір ерекше дүние. Ол алдымен, орындалатын күйдің ішкі тылсым-тіршілігіне баса мән береді. Міне, осындай терең көркемдік философиялық түйсініс негізінде ол күйді хас шеберлерше мүсіндеп, тек өз қолтаңбасына ғана тән қайталанбас образды сомдап шығарады.

Тыңдаушыларын тәнті қалдыруының да, мойындатып, мүлгітіп жіберуінің де мәні, міне, осындай күйдің мән-мағынасын, көркемдік кестесін келістіруінде, жан сұлулығымен әрлеп, айшықтауында жатыр.

Сәкен Кәрімұлы күн санап осындай шеберлік шыңына көтеріле түскенімен де, оның жүрегінің түкпірінде бала күнгі қонған беймағулым жұмбақ тылсым әуенге деген құштарлық әркез қайта оралып маза бермейтін-ді. Домбыраны қолға алған сәттерде-ақ саусақ астынан төгілген әлқисса бір әуен иірімдері пайда болып көңіл, шіркінді, тылсым дүние құшағына жетелей жөнелетін.

2. Көңіл толқынының шығуы.

Бірде, сол бір сағыныш тәрізді сырлы саз көліне кайтқан аққудай ойда жоқта орала кеткені. Жүрегі шымыр етіп қайталай түсті. Содан бастап күйші көңілінен маза кетті. Бұл жаңа туған әуенді айлар бойы ойнап қайталап жүргенмен, оған күй жүйелігінің сипатын беретін ырғақ желісінің табылмай-ақ қойғаны. Осы бір дүниеге келген әсем де үзік күй толқындары Сәкеннің сырлы әлемінде көп айлар бойы өз арнасын таба алмай, шиыршық атып, буырқынып, бұлқынып жатты. Алайда, өнер туындысының өмірге келуі қызық қой. Осы бір әуездік нақыштарға ырғақтық өлшемнің қалай келгенін өзі былайша баяндайды: «Осы күйді шығару («Қөңіл толқыны» - Ө. С. ) маған оңайға соқпады. Екі жыл бойы шығара алмай жүрген күнімде, бір оқиғаның әсерінен аз-ақ мезетте жазып шықтым. Москвада 1985 жылы жазда Дүниежүзілік XII Жастар мен студенттер фестивалінің өтіп жатқан кезі. Бірде қатты жаңбыр жауып, бір қалқаның астын паналадық. Бақыласам, жаңбырдың шалшық суға тамған тамшылары біртүрлі нотаның ырғағындай құбылады екен. Содан бір сәтте жел тұрып, жаңбыр тамшылары үйдің қабырғаларына келіп соғылды. Неге екенін білмеймін, осы бір көрініс маған қатты әсер етті. Ұмытып қалмау үшін көңіліме ұялаған күйдің ырғағын тез-тез нотаға түсіре бастадым. Міне, «Көңіл толқыны» осылай туды».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңғали ұстаздың еңбегінен дәм татыңыздар!
Қазіргі замандағы шертпе дәстүрі
Исатай - Махамбет жырының мәнісін сөз ете келіп, осы жырдың авторы
Қажым Жұмалиев – эпостық жанрдың түрлерін зерттеуші ғалым
Ақселеу шығармалары негізінде ғылыми-танымдық публицистиканы зерделеу
Қажым Жұмалиев – эпостық жанрдың түрлерін зерттеуші
Қазақтың қайсар Үш Арысы
Сәкен Сейфуллин және қазақ мәдениеті
Қазақ сахнасында ән-аспаптық эстрадалық ансамбль өнерінің даму мәдениеті
Ілияс Жансүгіров ақындығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz