Ынталандырудың кәсіпорынның тиімділігін арттыру факторы ретіндегі теориялық мәні, мәселелері



Кәсіпорын тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы кәсіпорын процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында. Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер, кәсіпорын тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер, ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын болып табылады.
Еліміздің қазіргі және орта мерзімді дамуындағы негізгі стратегиялық ұстаным – экономикалық өсуді экстенсивтік емес, интенсивті, индустриалды-инновациялық факторлардың басымдылығы есебінен қамтамасыз ету. Бұл үшін еңбек уәжі мен оған ынталандырудың жаңа жүйесін қалыптастырудың нақты жолдары анықталуы қажет.
Алайда, экономикалық әдебиетте «еңбекке ынталандыру» мәнін анықтауда ортақ пікір қалыптаспаған. Ғылыми зерттеулерде «экономикалық мүддерлер», «қажеттілік», «ынталандыру», «материалдық ынталандыру», «уәж», «уәжділік» сияқты ұғымдар кеңінен қолданылады. Олардың мәні мен функционалдық мағынасы да бірқатар шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінде әртүрлі түсіндіріледі. Осыған байланысты, біз, «ынталандыру» категориясын нақтылауда бүгінгі заманға тән интеграциялық тәсілге сүйенуді, зерттеу шеңберінде тек экономикалық емес, сонымен қатар, тарихи, әлеуметтік-мәдени, құқықтық және саяси алғышарттардың да қамтылуы қажет деп санайтын экономистерді қолдаймыз.
Қоғамның басты өндіргіш күші, ең алдымен адам ресурстары. Демек, ынталандыру ұғымы олардың мүддесіне тікелей қатысты түсінік, яғни еңбекке талаптандыру уәжі болып табылады. Өз кезегінде, «еңбекке ынталандыру» дегеніміз қажеттіліктің кешенді жүйесі, адамдардың іс қабілетін дамытудың күшті құралы.
Экономикалық ынталандыру материалдық ынталандыруға қарағанда кең мағыналы категория. Экономикалық ынталандыру – адамдарды өнімді әрі табысты еңбекке қызықтыратын, олардың мүдделік белсенділігін арттырудың әртүрлі үрдістері мен әдістерін қамтиды. Сонымен, экономикалық ынталандыру дегеніміз кәсіпорындық қатынастар субъектілерінің мүмкіндіктерін толығымен пайдалану мақсатында қолданылатын, олардың экономикалық және әлеуметтік жауапкершіліктерін нықтайтын материалдық және материалдық емес тетіктердің жиынтығы.
Нарықтық қатынастар жағдайындағы шаруашылықты тиімді жүргізудің ынталандыру жүйесі өнімді еңбек қызметіне талаптандырудың тағы бір тобын қарастырады, олар әкімшілік және либералды болып жіктеледі.
Экономикалық ынталандырудың қазіргі постиндустриялық жағдайында құндық бағдарлар мен қажеттіліктер, қызметкерлердің еңбек белсенділігінің даму барысындағы оңды өзгерістер мұқият ескерілуі тиіс.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
1 ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ КӘСІПОРЫННЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕГІ
ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ, МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Кәсіпорынның тиімділігін арттырудағы ынталандырудың мәні

Кәсіпорын тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген
ұдайы кәсіпорын процесінің экономикалық мүддемен тікелей
байланыстылығында.  Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын
экономикалық мүдделер, кәсіпорын тиімділігінің артуына ынталандырудың
ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар,
экономикалық мүдделер, ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып
тұратын орталық буын болып табылады.
Еліміздің қазіргі және орта мерзімді дамуындағы негізгі стратегиялық
ұстаным – экономикалық өсуді экстенсивтік емес, интенсивті, индустриалды-
инновациялық факторлардың басымдылығы есебінен қамтамасыз ету. Бұл үшін
еңбек уәжі  мен оған ынталандырудың жаңа жүйесін қалыптастырудың нақты
жолдары анықталуы қажет.
Алайда, экономикалық әдебиетте еңбекке ынталандыру мәнін анықтауда
ортақ пікір қалыптаспаған. Ғылыми зерттеулерде экономикалық мүддерлер,
қажеттілік, ынталандыру, материалдық ынталандыру, уәж, уәжділік
сияқты ұғымдар кеңінен қолданылады. Олардың мәні мен функционалдық мағынасы
да бірқатар шетелдік және отандық  ғалымдардың еңбектерінде әртүрлі 
түсіндіріледі. Осыған байланысты, біз, ынталандыру категориясын
нақтылауда бүгінгі заманға тән интеграциялық тәсілге сүйенуді,  зерттеу
шеңберінде тек экономикалық емес, сонымен қатар, тарихи, әлеуметтік-мәдени,
құқықтық және саяси алғышарттардың да қамтылуы қажет деп санайтын
экономистерді қолдаймыз.
Қоғамның басты өндіргіш күші, ең алдымен адам ресурстары. Демек,
ынталандыру ұғымы олардың мүддесіне тікелей қатысты түсінік, яғни еңбекке
талаптандыру уәжі болып табылады. Өз кезегінде, еңбекке ынталандыру
дегеніміз қажеттіліктің кешенді жүйесі, адамдардың іс  қабілетін дамытудың
күшті құралы.
Экономикалық ынталандыру материалдық ынталандыруға қарағанда кең мағыналы
категория. Экономикалық ынталандыру – адамдарды өнімді әрі табысты еңбекке
қызықтыратын, олардың мүдделік   белсенділігін арттырудың әртүрлі үрдістері
мен әдістерін қамтиды. Сонымен, экономикалық ынталандыру дегеніміз
кәсіпорындық қатынастар субъектілерінің мүмкіндіктерін толығымен пайдалану
мақсатында қолданылатын, олардың экономикалық және әлеуметтік
жауапкершіліктерін нықтайтын материалдық және материалдық емес тетіктердің
жиынтығы.
Нарықтық қатынастар жағдайындағы шаруашылықты тиімді жүргізудің
ынталандыру жүйесі өнімді еңбек қызметіне талаптандырудың тағы бір тобын
қарастырады, олар әкімшілік және либералды болып жіктеледі.
Экономикалық ынталандырудың қазіргі постиндустриялық жағдайында құндық
бағдарлар  мен қажеттіліктер, қызметкерлердің   еңбек белсенділігінің даму
барысындағы оңды өзгерістер мұқият ескерілуі тиіс. Бұлар:
    - материалдық ынтаны тұлғаның өзі іске  асыруы, зияткерлік әлеуетті
дамыту, адамның шығармашылық қабілеттері мен білімін үдету;
    - өнімді еңбек пен мол табыстың кепілі – жұмыскерлердің іскерлік
қабілеті мен біліктілігін арттыру;
    - барынша көп тұтынудан гөрі, өмір сүру мен еңбек қызметінің әлдеқайда
жоғары сапасын қамтамасыз етуге бой ұру, қазіргі заманғы  жаңа ынталар
жүйесіндегі өзін-өзі дамытудың басыңқылығына ден беру;
    - сапалы экономикалық өсімге қол жеткізуде еңбек белсенділігін 
ынталандыру міндеті қызметкердің еңбекке негізделген басым уәждерімен,
әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандырумен сипатталады, демек материалдық
ынталандыруда әлеуметтік фактордың ролі арта түседі.
Қазақстан Республикасының жедел дамуына, сондай-ақ кәсіпорынның
өнімділігіне экономиканың қазіргі жағдайы, яғни трансформация (түрлену)
процесі  әсер етіп отыр. Кез келген өтпелі кезеңнің негізгі белгілері:
бұрынғы және жаңа жүйе элементтерінің қатар жүруі, қарама-қайшылықтың
ерекше көрінісі – бой көтере бастаған  және ескірген экономикалық
механизмдер мен тетіктердің арасындағы сәйкессіздіктер, тұрақсыздық.
Трансформациялық жағдайдың кері әсері, бір жағынан, қоғамдағы экономикалық
және кәсіпорындық күрделі өзгерістерге тәуелді болса, екінші жағынан, өз
ішінде қайшылық пен проблемаға толы нарықтық механизмнің қалыптасуымен
тікелей байланысты.
Нарықтық қатынастарға көшкен кезімізде әкімшіл-әміршіл жоспарлы  жүйенің
негізі бұзылды, ол жаңа өзгерген жағдайда іске аса алмады. Осыған
байланысты, кәсіпорын тиімділігін ынталандырудың жаңа механизмін құрудың
объективті қажеттілігі туындайды. Мұнымен қатар, кәсіпорын тиімділігінің
төмендеуіне, экономикалық процестерді реттеуге кері әсерін тигізген
құбылыстардың бірі меншіктік қатынастардың өзгеруі. Реформаларда, ғылымға
негізделген концепцияның болмауы кәсіпорынның құлдырауын, экономикалық өсім
шеңберінің тарылуын тудырады. Меншік иелері мен меншікке ие топтар әлі
ешкім иелене қоймаған ресурстарды қолға алуға және меншікті өз пайдаларына
қарай бөлісуге ұмтылады. Бұндай жағдайда, кәсіпорын табыс табатын құрал
ретінде емес, иеленуге болатын байлық ретінде қабылданады. Осының барлығы,
кәсіпорын тиімділігін ынталандыруға ықпал етпейді. Жекешелендіру
нәтижесінде, пайда болған меншіктік құрылым және меншікті іске қосудың
тиімді, заң шығарушылық базасының жетіспеуі, тиімділікті экономикалық
ынталандыру механизмінің мүмкіндігін әлсіретеді.
Экономикадағы түрлендірулер тек меншік құқықтарының қайта бөлінісінде
ғана емес, жеке меншікке негізделген кәсіпорындық қатынастарды
қалыптастыру. Шаруашылықты жүргізудің жеке меншіктік үрдісі кәсіпорын
көлемін ұлғайтудың негізі, оның тиімділігін арттырудың қуатты құралы.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде экономиканы құрылымдық
тұрғыдан қайта құру қажеттілігі кәсіпкерлікті жедел дамыту  есебінен нақты
іске асырылады. Кәсіпкерлік, дербес, ізденімпаз әрекетке дайын, мол табыс
көзіне ұмтылуға қабілетті, іскер адамдар қатарының көбеюін қамтамасыз
етеді.
Кәсіпорын тиімділігін ынталандыру механизмі тұрақты экономикалық өсімге,
халықтың барлық топтарының материалдық жағдайын жақсартуға, бәсекеге
қабілеттілікке, елдің ұлттық қауіпсіздігін сақтау ұсталымын орындауға
бағытталуы қажет.

1.2 Ынталандырудың кәсіпорынның тиімділігін арттырудағы орны

Ынталандыруды прогрессивті тәжірибесі ретінде кәсіпорындағы еңбек
өнімділігін талдау анықталады. Тейлордың пікірінше, еңбек өнімділігінің
артуы қожайынға, жұмысшыға да молшылық әкеледі. Ол үшін қожайынның да,
жұмысшының да психологиясын түбегейлі өзгерту қажет. Екі жағы да қосымша
өнімді өзара бөлуге назар аудармай, бар күш-жігерін оны молайтуға жұмсауы
тиіс. Ф.Тейлор өз теориясын тұжырымдай отырып, мынадай тоқтамға келді:
дәстүрлі әдістің орнына ғылым; қарама-қарсылықтың орнына үйлесімділік;
дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық; еңбек өнімділігін шектеудің орнына
еңбек өнімділігін барынша арттыру; әрбір жұмысшының еңбек өнімділігін
барынша арттыру,оларға барынша қолайлы жағдай жасау.
Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:
1. Практикада қалыптасқан ескі,дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми
іргетасты құру,оның әрбір элементін ғылыми тұрғыда зерттеу.Ол былай
деді: басқаруда да көпір салу секілді асқан дәлдік керек.
2. Жұмысшылардың ғылыми критерий бойынша таңдау,оларды жаттықтыру және
баулу.
3. Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми ойластырылған жүйесін практикаға енгізу
әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық.
4. Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы
жауапкершілік.
Еңбек өнімділігін барынша арттыруды басты мақсат етіп қоя
отырып,Ф.Тейлор жұмысшы еңбегі мен өндіріс құралдарын
пайдалануды;материалдар мен аспаптарды үнемдеп жұмсауды, аспаптарды, жұмыс
операцияларын стандарттауды,жұмыс уақытын дәл есептеуді қарапайым
операцияларға бөліп,кейіннен хронометраждау арқылы еңбек процестерін
зерттеуді,әрбір операцияға бақылау орнатуды,бірыңғайланған еңбек ақыны
қолдануды т.б.көздеді.
Ф.Тейлор жеке жұмыскерлердің еңбек операцияларын талдай отырып,әрбір
операцияны жекеленген құрамдас бөліктерге жіктеуге және де хронометраж
көмегімен жұмыстың неғұрлым прогрессивті әдістерін анықтау болатындығын
дәлелдеді.Ф.Тейлор жүйесінде еңбек қарқынының артатындығы
соншалық,жұмысшылардың күш-қуатын қалпына келтіруге мүлде дерлік уақыты
болмайды екен.Тиімсіз қозғалыстарды жоя отырып,Ф.Тейлор ең қолайлыжұмыс
тәсілін жасады.Осыған орай жекеленген жұмысшылардың мамандығын ескере
отырып,олардың еңбегін мамандандыру,неғұрлым тиімді жұмыс амалдарын
пайдалану үшін жұмысшыларды баулу және жаттықтыру қажеттілігі туды.
Жұмыс уақытын дәл есептеу еңбек құралдарын жұмыс операциялары мен
қозғалыстарын стандарттауды,нұсқаулық карталарды енгізуді және жұмыс
барысын бақылауды қажет етті.Мұның өзі өндірісті жоспарлағанда басқаруға
өзгеріс енгізуге,цехтарды басқаруды қайта құруға мүмкіндік берді.Линиядағы
бір мастердің орнын әр түрлі жұмысты атқаратын сегіз мастер орындады.Цехта
тікелей төрт мастер жұмыс істейд:инспектор жөндеу жөніндегі мастер,жұмыс
ырғағын белгілейтін мастер,бригадир.Қалған мастерлер үйлестіру бюросыдеп
аталатындар маршруттармен,нұсқау әзірлеумен және есеп берумен,өзіндік құнды
анықтаумен,тәртіп мәселелерімен т.б. шұғылданады.Тейлор еңбек ақы жүйесіне
де түбегейлі өзгеріс енгізді.Оның өзі белгіленген норманы орындауына қарай
жеке дара жүргізіледі.
Ф.Тейлор жұмысындағы басты жүйе–жекеленген жұмысшылардың еңбегін ұтымды
ету,өндіріс процестерін және де осыған сәйкес басқару процесін
ұйымдастыруды қайта құру болды.Тейлор ілімінің дәл осы жағы өнеркәсіп
орындарында жаппай қолданылды.
ХХ ғасырдың 20-жылдары Ф.Тейлордың көрнекті зерттеушілері мен белсенді
насихатшылары Генри Гантт,Фрек Б.Гилберт,Лилиан Гилберт,Хрейс
Хеэуй,Сенфорт,Харригон,Эмерсон,Г.Фо рд т.б. болды.
Гильберт прибор ойлап шығарып, оны микрохронометром деп аталады. Оны
кинокамерамен қоса қолданып, белгілі бір операцияда қандай қозғалыстардың
атқарылатындығын және де олардың әрқайсысы қанша уақыт алатындығын дәл
анықтау үшін пайдаланылады. Осылайша алынған ақпараттарға
(информацияларға) сүйене отырып, олар артық өнімсіз қозғалыстарды жою
мақсатында жұмыс операцияларын өзгертті, әрі стандартты процедуралар мен
жабдықтарды пайдаланып жұмыс тиімділігін арттыруға тырысты.
Г.Эммерсон 1953-1931 ж.ж. ойлап шығарған өнімділіктің 12 принципі
жұртқа кеңінен мәлім болды (1912ж.). Мұнда ол кәсіпорынды басқарудың
принциптерін қарастырды әрі тұжырымдады. Г.Эммерсонның пікірінше, мұндай
принциптерге мыналар жатады:
-Дәл тұжырымдалған мақсат, басқарудың барлық деңгейінде бұған жетуге
әрбір басшы мен оның қол астындағылар ұмтылады;
- Болашақ мақсатты ескере отырып, әрбір жаңа процесті талдауға шынайы
дұрыс көңіл бөлу;
- Білікті кеңес беру өндіріске және басқаруға байланысты арнайы
білімнің қажеттілігі және барлық мәселеде білікті кеңес бірлесіп
ақылдасқанда ғана нәтижелі болады;
- Тәртіп барлық ұжым мүшелерінің белгіленген тәртіп ережелерге
бағынуы;
- Қызметкерлерге әділ төрелік;
- Басшыны қажетті мәліметтермен қамтамасыз ететін жедел, сенімді,
толық, дәл және тұрақты есеп;
- Ұжым қызметін мұқият, жедел басқаруды қамтамасыз ететін диспетчерлік
жұмыс;
- Ұйымдастырудағы бүкіл кемшілікті дәл белгілеуге және одан келетін
шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін нормалар мен жұмыс кестелері;
- Ең тәуір нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін уақыт, күш- қуат және
өзіндік құнның үйлесімдерін қамтамасыз ететін жағдайларды қалпына келтіру;
- Уақытты белгілеуді және әрбір операцияның кезегімен орындалуын
ұсынатын операциялар нормасы;
-Атқарылатын жұмыстардың барлық ережесін нақты бекітуді қамтамасыз
ететін жазбаша стандартты нұсқаулар;
- әрбір жұмысшылар еңбегін көтермелеу мақсатында еңбек өнімділігі үшін
сыйлыққа ақы төлеу.
Г.Эммерсон өндірісті және басқарманы ұйымдастырудың күрделі міндеттерін
жан-жақты ойластырып шешудің қажеттілігін және тиімділігін тұңғыш рет атап
көрсетті. Әсіресе, тиімділік тұрғысынан рационализациялауды ( ұтымды етуді)
қарастыруды ( ол алғаш рет енгізілген ұғым) ерекше көңіл аударарлық.
Тиімділік деп, шығын мен нәтиже арасындағы ең қолайлы ара қатынасты атап
көрсетті.
Өнеркәсіп орындарындағы өндірісті ұйымдастыруды жетілдірумен классикалық
мектептің өкілі Г.Форд шұғылданып, Тейлор жүйесін пайдалануды одан ары
жетілдірді.Ол Ф.Тейлор принциптерін негізге ала отырып, оны көпшілік
өндірісте қолданды. Г.Форд бұйым өңдеу жөніндегі операцияларды қарапайым
қозғалыстарға дейін ( мамандандырылған механикалық операция) жіктеуге
тырысты. Мұның өзі өндірісті ұйымдастырғанда бұйымның бір операциядан
келесі операцияға жылжуы жұмысының біліктілігіне қарай емес, тек машинаның
операцияны атқару уақытына тәуелді болатындай етуіне мүмкіндік берді,Жаппай
өндіріс өнімнің өзіндік құнын едәуір кемітуге ықпал етті,Өндіріс процесін
мұқият ұйымдастырудың мынадай принциптерді қолданды:
-барлық өндіріс процесін, ондағы сатыларды, байланыстарды дәл есептеу
және жоспарлау;
- жұмыс жағдайын есептеу және жоспарлау;
- шикізаттарды, материалдарды, механизмдерді, жұмысшы күштерін әзірлеу;
- өндірісті стандартты технология бойынша жүзеге асыру;
- өндірісті жетілдіру жұмыстарын үнемі іздестіру.
Өндірісті ғылыми басқару концепциясы елеулі өзгерісті кезең болды, соның
әсерінен басқару ісі ғылыми зерттеудің дербес саласы ретінде танылды.
Басшылар-практиктер мен ғалымдар ғылым мен техникада пайдаланылатын
тәсілдер мен әдістерді практикада ұйымдастыру мақсатына жетуде тиімді
қолдануға болатындығына тұңғыш рет көздері жетті. Дәл осы кезде басқару
жөніндегі кеңесшілер немесе еңбек өнімділігі мәселесі жөніндегі
сарапшылар секілді жаңа мамандықтар пайда болып, тез етек алды, күн өткен
сайын көбейді,жоғары оқу басқару туралы курстарды оқыту ұдайы жүргізіле
бастады, басқаруды ұйымдастыру проблемасын зерттеуге ғалымдар көптеп
тартылды, ғылыми басқару мәселелері бойынша жарияланымдар көбейді т.б.с.
Ғылыми басқару қозғалысы АҚШ- тан тыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның тиімділігін арттырудағы ынталандыру
Басқарудағы ынталандыру және мотивацияның теориялық аспектілері
Кәсіпорынның тиімділігін арттырудағы ынталандырудың мәні
Персоналды дамытуды басқару
Персоналды басқаруда еңбекті ынталандырудың рөлі
Өндіріс тиімділігін арттырудың объективті қажеттілігі
Ұйымдағы мотивация процессі
Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өндіріс тиімділігін арттыруды экономикалық ынталандыру («Қазақмыс корпорациясы» ЖШС материалдары негізінде)
Өндіріс тиімділігін арттыруды экономикалық ынталандырудың теориялық аспектілері
Кәсіпорында еңбек мотивациясын жетілдіру
Пәндер