Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі . . . 4
2. Басқа да дебиторлық қарыздар есебі . . . 9
3. Қорытынды . . . 12
4. Пайдалынылған әдебиеттер . . . 15
Кіріспе
Дебиторлық қарыздар соларға байланысты түсетін табысты салыстырғанның нәтижесінде ғана танылады, бірақ табыстан баға бойынша да, сату бойынша да берілген жеңілдіктермен (скитки) қоса, сатудан қайтарылған тауарлардың құны шегеріледі.
Баға мен сатудан берілген жеңілдіктер 712 « Сатудан жасалған жеңілдіктер», 713 « Бағадан жасалған жеңілдіктер» деген шоттары дебеттеліп, 301 шоты кредиттеледі, ал қайтарылған тауарға 711 « Сатудан қайтарылған тауарлары» шоты дебетттеліп, 301 шоты кредиттеледі. Осыған сәйкес, бұрындары есептелген ҚҚС да түзетіліп жазылады.
Айдың аяғындағы 301 - шоты бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өздеріне келген ( босатылған) тауарлы - материалдық запастар және орындалып, қабылданған жұмыстар мен қызметтер үшін өтелмеген борыштың қалдығын көрсетеді.
Дебиорлық қарыз айналыстан қаражатты айыратындығын көрсететін болғандықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілер бірінші кезекте олардың айналымдылығын талдайды. Әдетте, дебиторлық қарыздың айналымдылығы 30 - дан 90 күнге дейін тең болады, егер де осы мерзімнен асып кетсе, онда оны мерзімі өтіп кеткен деп санайды.
Сондықтан кейінгі кездері дебиторлық қарызды талап ету құқын факторингалық компанияларға жүктейді.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі бухгалтірлік есептің мынадай шоттарында жүреді:
301 «Алынуға тиісті қарыздар»шоты;
302 «Алынған вексельдер»шоты;
303 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің басқадай қарыздары» шоты.
Осы шоттар бойынша жасалатын есептің ұйымдастырылуын қарастырайық.
301 «Алынуға тиісті қарыздар» шотында жөнелтілген өнім (тауарлар), орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге банк қабылдаған есептесу құжаттарын есепке алады. Алынуға тиісті дебиторлық қарыздар ағымдағы (немесе қысқа мерзімдегі) дебиторлық қарыздар, яғни бір есептік кезеңнің ішіндегі болып және ұзақ мерзімдегі дебиторлық қарыздар, яғни бірнеше есептік кезеңді қамтитын болып екіге бөлінеді.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлік есепте келесі жазулар жазылады.
Сатылған (жөнелтілген) өнімнің, тауарлардың, істелінген жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнына сәйкес мына төмендегідей шоттардың корреспонденциясы жасалады: 801 « Сатылған дайын өнімнің ( жұмыстардың, қызметтердің ) өзін дік құны», 802 « Сату үшін алынып, сатылған тауардың өзіндік құны» шотары дебеттелі де, 221 « Дайын өнімдер», 222 «Алынған тауар», 900 «Негізгі өндіріс », 910 «Өз өндірісінің шала өнімдері», 920 «Қосалқы өндіріс» және басқа шоттары кредиттеледі. Қаржылық инвестицияларды, матермадық емес активтер, негізгі құралды сатқан кезде тиесілі шығыстар шоттары дебеттеліп, актив шоттары кредиттеледі.
Сатылған (жөнелтілген) өнімнің, тауардың, атқарылған жұмыстың, көрсетілген қызметтердің сату құнына 301- шоты дебеттеледі де, 701 «Сатылған дайын өнімнен (жұмыстардан, қызметтерден) түске табыс», 702 «Алынған тауарларды өткізуден түскен табыс» және басқа шоттары кредиттеледі.
Осыған ұқсас шоттардың корреспонденциясы негізгі құралды ( 722 шоттың кредиті), бағалы қағаздары (723 шоттың кредиті) сатқан кезде жасалады. Осы жасалған корреспонденциямен бірге қосымша құн салығына (ҚҚС) 301 шоты дебеттеліп, 633 шоты кредиттеледі.
Сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге төлеу үшін беріл есеп айырысу - төлем құжаттарын төлегеніне қарай 431 «Валюталық шотында нақты ақша», 441 «Есеп айырысу шотындағы нвқты ақша», 451 « Кассадағы нақты ақша» шоттары дебеттеледі де 301 « Алынуға тиісті қарыздар» шоты кредиттеледі.
Егер сатып алушылар мен тапсырыс берушілер шартқа сәйкес жабдықтаушыға аванс төлесе ( 431, 441, 455 - шоттардың дебеті, 661 « Тауарлы - материалдық запастары мен жабдықтау үшін алынған аванстар» шоттардың кредиті), онда сатып алушылар мен тапсырыс берушілер төлеген аванс сомасын шегеріп барып төлем жасайды.
Жабдықтаушы кәсіпорынның бухгалтериясы бұрынырақ төленген авансты есепке алады, ол : 661 және 662 шоттарының дебеті және 301 - шотының кредиті бойынша көрініс табады.
Егер де алынуы тиіс шоттар алғшқыда шетел валютасымен, содан соң теңгемен көрсетілсе, онда олардың есептік кезеңнің соңына пайда болған оң айырмасы 301 шоттың дебетінде және 725 кредитінде көрсетіледі, ал теріс айырмасы 844 дебетінде және 301 шоттың кредитінде көрініс табады.
Дебиторлық қарыздар соларға байланысты түсетін табысты салыстырғанның нәтижесінде ғана танылады, бірақ табыстан баға бойынша да, сату бойынша да берілген жеңілдіктермен (скитки) қоса, сатудан қайтарылған тауарлардың құны шегеріледі.
Баға мен сатудан берілген жеңілдіктер 712 « Сатудан жасалған жеңілдіктер», 713 « Бағадан жасалған жеңілдіктер» деген шоттары дебеттеліп, 301 шоты кредиттеледі, ал қайтарылған тауарға 711 « Сатудан қайтарылған тауарлары» шоты дебетттеліп, 301 шоты кредиттеледі. Осыған сәйкес, бұрындары есептелген ҚҚС да түзетіліп жазылады.
Айдың аяғындағы 301 - шоты бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өздеріне келген ( босатылған) тауарлы - материалдық запастар және орындалып, қабылданған жұмыстар мен қызметтер үшін өтелмеген борыштың қалдығын көрсетеді.
Дебиорлық қарыз айналыстан қаражатты айыратындығын көрсететін болғандықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілер бірінші кезекте олардың айналымдылығын талдайды. Әдетте, дебиторлық қарыздың айналымдылығы 30 - дан 90 күнге дейін тең болады, егер де осы мерзімнен асып кетсе, онда оны мерзімі өтіп кеткен деп санайды.
Сондықтан кейінгі кездері дебиторлық қарызды талап ету құқын факторингалық компанияларға жүктейді.
Факторингалық операциялардың есебі. Факторинг, басқаша айтқанда, қаржылық агент болып табылады және ол үшініші тұлға ретінде қарызды өндіріп беру үшін қызмет етеді.
Ондай қаржылық агент болып банктерде басқа да несиелік, коммерциялық ұйымдар бола алады, бірақ олар аталған қызметті жүзеге асыру үшін лицензия болуы керек. Бірақ кез келген кәсіпорын немесе ұйым факторинг қызметімен шұғылданбастан бұрын екі жақтың да несие қабіліеттіліген тексереді және көрсеткен қызметі үшін, өз құқын берген кәсіпорын автоматты түрде төлеуге тиіс. Бұл арада өзінің дебиторлық қарызды талап ету құқын берген кәсіпорын мен факторинг компаниясы келісім - шартқа отырады. Ондай келісімшарт ашық та, жабық та ( конфиденциалды) болуы мүмкін.
Осы келісім - шартта, клиентке құқын өзіне қайтып беру мәселесі де айтылады, яғни регресс құқы да қарастырылады. Факторингалық қызметтің құны көрсететін қызметтің түріне, қаржылық жағдайына және т. б. факторларына тәуелді болып келеді. Мысал. « Жол - Өткен» ЖШС « Тасты » ААҚ-на 326250 теңгеге тауарды беретіндігі жөнінде келісім шартқа отырған. Енді осы жеткізіп берген тауарына толық төлемін алу үшін « Жол - Өткен » ЖШС факторингалық компаниясымен, яғни « Жуан - төбе » ААҚ-мен келісім шартқа отырады.
Қойылған талапқа жеңілдік берудің келісім - шарты боынша жасалатын операциялардың есебі.
Бір заңды тұлға ( цедент 2 ) келісім шарт бойынша екінші бір заңды тұлғаның ( цессионарға 3 ) қандай да бір міндеттемесін ( тайарлы - материалдық құндылықтарды жеткізіп бергені, атқарылған жұмысы, көрсетілген қызметі үшін төлемді ) орындаған кезде өзінің заңды құқықтық талабын ( цессия 4 ) толық немесе ішінара көлемде азайтып немесе төмендетіп береді.
Міндеттеменің негізінде кредиторға жататын құқықтық талап бұрындары берілген тұлғадан өту мүмкін. Бұл жерде кредитордың құқысынан басқа тұлғаға өтуі регресивтік 5 талап болып табылмайды. Бұл жерде кредитор бірінші заңды тұлғаның келісімін талап етпейді, егер олар заң актілері мен келісім - шартқа қайшы келмесе. Құқық талабын азайту міндеттемелеріне жауап беретін кредиторларды ауыстыру болып табылады.
Кей жағдайда кредитордың келісімінсіз міндеттемелердің талабын азайтуға болмайды, өйткені жаңадан пайда болған кредитор бірінші кредиторға келеңсіз жағдай туғызуы мұмкін:
- тауар нарығында ол кредитор бәсекелес болып табылуы мүмкін;
- кредитор мен қарыз беруші ( талабын азайтып беруші кәсіпорынның ) бұрындары олырдың арасында шаруашылық даудың болуы мүмкін;
- кредитор мен қарыз беруші бір - бірімен байланысты талаптар немесе бір - бірінен бөлетін тұлғалары ( аффилирлік ) боуы мүмкін т. б.
Бұл жағдайда кредитор басқа бір кредиторға өзінің заңды талабын берер алдында бірінші кредитормен келісіп алады.
Құқықтық талапты, әдетте, азайтылған сомасына береді, яғни дебиторлық қарыздар аз сомаға, сондықтан ол цедентке зиянның, ал цессионда табыстың пайда болуына әкеледі. Егер де талап құқығы дебиторлық қарыздан артық сомаға жасалатын болса, онда ол сәйкесінше, цедентке табысты, ал цессионарға зиянды алатындығын көрсетеді.
Мысал. « Қызыл - жайылма » ЖШС « Иінсексауыл » ААҚ- мен 471250 теңгеге үш күннен кейін жеткізіп беретін тауардың құнын төлейтін келісім - шартқа отырған. Бірақ төлемдер кезіде төленбегендіктен « Қызыл - жайылма » ЖШС өзінің заңды құқықтық талабын ( цессия ) беру үшін « Жыңғылды » ААҚ-мен келісімшартқа отырған, бұл келісім - шартына мынадай талаптар болған:
1 вариант ( нұсқа ) . « Жыңғылды » ААҚ ( цессионар ) 5 күннің ішінде, келісімшартқа отырғаннан кейін, « Қызыл - жайылма » ЖШС- тің ( цедент ) есеп айырысу шотына контракты құнының 100% төлеуін талап еткен.
Енді осы операциялармен байланысты шоттар корреспонденциясын келтіріп көрейік.
Басқа да дебиторлық қарыздар есебі.
Басқадай дебиторлық қарыздары ( борыштарды ) есепке алу 33 «Басқадай дебиторлық қарыздар» бөлімшесіндегі шоттарда жүргізіледі. Бұларға мынадай шоттар кіреді:
-331 « Өтелуі тиісті қосылған құн салығы »;
-332 « Есептелінген проценттер »;
-333 « Жұмыскерлердің және басқа тұлғалардың қарыздары »,
-334 « Басқа да қарыздар ».
Дебиторлық қарыздардың әрбір түрі бойынша есепке алудың ұйымдастырудың жайын қарастырып көрейік.
« Өтелуі тиісті қосылған құн салығы »( 331- шот ) . Бухгалтірлік еспте қосылған құн салығы ( ҚҚС ) бойынша есеп айырысуды көрсету үшін 331 « Өтелуі тиісті қосылған құн салығы »шоты қолданылады.
331 - щотының дебеті бойынша 671 « Жабдықтаушылармен және мердігерлермен сесп айырысу », 687 « Басқа да » шоттарының кредитімен корресподенциялана отырып, алынған тауарлы - материалыдық құндылықты, атқарылған жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді бейнелеп, ондағы акцептелінген шоттары бойынша ҚҚС көрсетеді.
Тауардың, жұмыстың, қызметтің есебінен қосылған құн салығы алынады, ондағы айналымы салық алу үшін пайдаланад, егер де:
- тауар( жұмыс, қызмет) алушы қосылған құн салығын ( ҚҚС) төлеуші болып табылса;
- жабдықтаушы Қазақстан РеспубликасындаҚҚС төлеуші болып табыладысатылған тауарға ( Жұмысқа, қызметтке) берілген шот - фактураның негізінде.
Қосылған құн салығының ( ҚҚС ) сомасы зачетқа жатқызлатын болып табылады, егер де:
- тауарды ( жұмысты, қызметті ) алшушы қосылған құн салығын төлекші болса;
- төленген салық соммасы кеден заңдылығымен сәйкес келсе, яғни жүк кеденінің декларациясында көрсеткендейболса;
- төлем құжатында көрсетілген салық сомасы салықтың төленгенін қуаттайтын болса;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz