Іле алатауының физикалық-географиялық сипаттамасы



Қарастырылып отырған аудандағы өзен ағындарының қалыптасуына физико-географиялық кешен, сонымен қатар антропогендік факторлар әсер етеді.
Ағынның қалыптасуының басты табиғи факторларына жер бедері, ауданның геологиялық құрылымы, климат, топырақ және өсімдік, өзендердің су режимі және гидрографиясы жатады. Ағынның қалыптасуына антропогендік (сыртқы) әсерлердің қалыптасуына баға беруде келесілерді ескеру керек: ормандардың қысқаруы, суармалаудың дамуы, автомобиль жолдарының төселуі, елді мекендер ауданының үлкейуі, жаңа құрылыстар, сонымен қатар спортты - туристік орталықтардың салынуы. Бұлардың барлығы топырақ – грунттың эрозия үрдісіне, жер беті ағындарының мөлшеріне, ластаушы заттардың ландшафты өзендік Іле Алатауы өзендері алаптарына жылысуына алып келеді.
Іле Алатауына алғашқы зерттеулер XIX ғасырдың елуінші жылдарында жасалған, кейінірек оның геологиясына, жер бедеріне, климатына және топырақ, өсімдік жамылғысына, гидрографиясына, гляциологиясына және т.б. мәселелерге көптеген ғылыми зерттеулер жасалған. Іле Алатауының және оның солтүстік беткейінің барлық физико-географиялық кешендерінің жағдайларына жалпылама анықтама, толық қатарымен [1 – 11] жұмыста берілген.
Төменде берілген жұмысты толық ашу мақсатында Іле Алатауы үшін осы факторлардың қысқаша сипаттамасы берілген.


1.1 Жер бедері және геологиялық құрылымы

Таулы аудандарда гидрологиялық элементтердің, ал негізінен тау өзендерінің ағындарының биіктік белдемін анықтайтын басты фактор жер бедері болып табылады.
Іле Алатауы Тәңіртау (Тянь-Шань) тау жүйесінің шеткі солтүстік доғасының бірі болып табылып, субендік бағытта (43 0 с.е.) 750 және 780 б.б. аралығында созылып жатыр. Іле Алатауының барлық жағында жоталар байқалмайды. Шелек өзенінің орта ағысының суы оң жақ жағалауында ол шығысқа қарай таралған Даланшық, Сарытау, Төре – Жайлау жоталарына таралады. Шелектен ары қарай олар Сұғыты – Богыты тау түрінде және Торайғыр және Сейректас жоталары болып жалғасады.
Жотаның шекаралары: шығыста Шарын өзені, батыста Қастек асуы, оңтүстікте Шелек және Чон-кемин өзендері болып табылады. Жотаның солтүстік бөліктегі аумағы тауалды жазықтығының жолақтарымен берілген [1]. Анағұрлым абсолюттік биіктік (4000 – 4500 м. абс. Және одан да жоғары) жотаның орталық бөлігінде талғар тау түйінінде (Шелек - Кемен) байқалады. Бұл жердегі шыңдардың биіктігі 4500-4600 м.абс құрайды. Жотаның ең үлкен нүктесі Талғар шыңы, оның биіктігі 4973 м.абс [11; 12], бұл шың өз алдына жотаны екі бөлікке - шығыс және батысқа бөледі және қазіргі мұз құрсанудың орталығы болып табылады. Шығысқа сияқты батысқа қарайда жотаның биіктігі төмендейді.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
1 Іле Алатауының ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Қарастырылып отырған аудандағы өзен ағындарының қалыптасуына физико-
географиялық кешен, сонымен қатар антропогендік факторлар әсер етеді.
Ағынның қалыптасуының басты табиғи факторларына жер бедері, ауданның
геологиялық құрылымы, климат, топырақ және өсімдік, өзендердің су режимі
және гидрографиясы жатады. Ағынның қалыптасуына антропогендік (сыртқы)
әсерлердің қалыптасуына баға беруде келесілерді ескеру керек: ормандардың
қысқаруы, суармалаудың дамуы, автомобиль жолдарының төселуі, елді мекендер
ауданының үлкейуі, жаңа құрылыстар, сонымен қатар спортты - туристік
орталықтардың салынуы. Бұлардың барлығы топырақ – грунттың эрозия үрдісіне,
жер беті ағындарының мөлшеріне, ластаушы заттардың ландшафты өзендік Іле
Алатауы өзендері алаптарына жылысуына алып келеді.
Іле Алатауына алғашқы зерттеулер XIX ғасырдың елуінші жылдарында
жасалған, кейінірек оның геологиясына, жер бедеріне, климатына және
топырақ, өсімдік жамылғысына, гидрографиясына, гляциологиясына және т.б.
мәселелерге көптеген ғылыми зерттеулер жасалған. Іле Алатауының және оның
солтүстік беткейінің барлық физико-географиялық кешендерінің жағдайларына
жалпылама анықтама, толық қатарымен [1 – 11] жұмыста берілген.
Төменде берілген жұмысты толық ашу мақсатында Іле Алатауы үшін осы
факторлардың қысқаша сипаттамасы берілген.

1.1 Жер бедері және геологиялық құрылымы

Таулы аудандарда гидрологиялық элементтердің, ал негізінен тау
өзендерінің ағындарының биіктік белдемін анықтайтын басты фактор жер бедері
болып табылады.
Іле Алатауы Тәңіртау (Тянь-Шань) тау жүйесінің шеткі солтүстік
доғасының бірі болып табылып, субендік бағытта (43 0 с.е.) 750 және 780
б.б. аралығында созылып жатыр. Іле Алатауының барлық жағында жоталар
байқалмайды. Шелек өзенінің орта ағысының суы оң жақ жағалауында ол
шығысқа қарай таралған Даланшық, Сарытау, Төре – Жайлау жоталарына
таралады. Шелектен ары қарай олар Сұғыты – Богыты тау түрінде және Торайғыр
және Сейректас жоталары болып жалғасады.
Жотаның шекаралары: шығыста Шарын өзені, батыста Қастек асуы,
оңтүстікте Шелек және Чон-кемин өзендері болып табылады. Жотаның солтүстік
бөліктегі аумағы тауалды жазықтығының жолақтарымен берілген [1]. Анағұрлым
абсолюттік биіктік (4000 – 4500 м. абс. Және одан да жоғары) жотаның
орталық бөлігінде талғар тау түйінінде (Шелек - Кемен) байқалады. Бұл
жердегі шыңдардың биіктігі 4500-4600 м.абс құрайды. Жотаның ең үлкен
нүктесі Талғар шыңы, оның биіктігі 4973 м.абс [11; 12], бұл шың өз алдына
жотаны екі бөлікке - шығыс және батысқа бөледі және қазіргі мұз құрсанудың
орталығы болып табылады. Шығысқа сияқты батысқа қарайда жотаның биіктігі
төмендейді.
Жотаның жалпы таралып жатқан ұзындығы 250 – 300 км. алып жатыр, ал
оның анағұрлым жоғары орталық бөлігі 150 км. шамасында.
Іле Алатауы анық көрінген симметриялы емес көлденең қималы. Сонымен,
Талғар таулы түйінінде оңтүстік беткейдің ені шамамен 8 км. құрайды, ал
солтүстік – шамамен 30 км.
Іле Алатауының оңтүстік беткейі Шелек өзенінің алабына дейін көршілес
мемлекет Қырғызстанға жатады, сол себепті жұмыста қарастырылмайды.
Іле Алатауының солтүстік беткейі Ұзынқарғалы өзенінің батыс су
айрығынан батыста Шелек өзенінің су айрығына дейін [1; 2] шығыста үлкен
құламалыққа ие және меридианды бағытта терең өзендік аңғарлармен
мүшеленген. И.С. Соседованың [5] картометриялық анықтауы бойынша оның
таулық бөлігінің ауданы шамамен 4400 км2 құрайды. Су айрықтан тау алдына
дейінгі арақашықтық 800-ден 900 м-ге дейін биіктіктермен қоса алғанда бар
болғаны 20-30 км-ді құрайды, солтүстікте оның аумағын 500-600 м.абс
абсолюттік белгімен баяу шөлейтті кеңістікке ауысатын, тауалды жазықтығы
алып жатыр.
Таулы бөлігінде жер бедерінің үш биіктік белдеуі бөлінеді: биік таулы
– мұзды , орта таулы және төмен таулы – тау алды, бұлар баяу тау алды
жазықтыққа ауысады, ал тау алды жазықтықтарының шектерінде екі белдемге
бөлінеді: ысырынды конусы белдемі және тауалды жазықтығының аккумлятивті
белдемі [1; 4; 11 ].
Биік таулы – мұзды белдеу ( 2800 – 3000 м-ден жоғары). Оның таулы
ауданының шамамен 40 %-н, негізінен жотаның осьтік белдемін алып жатыр.
Биік таулы – мұзды белдемнің жер бедерінің сыртқы көрінісі анағұрлым жоғары
тектоникалық амплитудамен құралған, жазықтық денудациямен, бұрынғы және
қазіргі мұз құрсанумен.
Мұз құрсану ауданы негізінен 3700-ден 4100 м – ге дейінгі биіктік
аралығында орналасқан. 3000 м. изогипстардан төмен тіпті қалың мұздардың
өзі түспейді. Солтүстік жазықтықтағы мұздықтар үшін фирналық сызықтың орта
деңгейі 3800 м абс. изогипс болып табылады.
Өзен аңғарлары және олардың салалары негізінен ендері 3-тен 5 метрді
құрайтын арналармен көрсетілген. Арлалар делювиалды және мұздықты түзілімді
ірі сынықты материалдармен толтырылған. Жайылма көрсетілмеген. Берілген
белдеуде табылған және жағалық аймаққа түсетін, ластаушы заттар, төмен
температураға байланысты және микрофлора құрамының кедейлігіне байланысты
ешқандай айналымдарға енбейді. Жағалық аймақтан ластаушы заттардың көшуі
тек беттік ағынмен іске асады және өзеннің арнасына және ең қысқа жолмен
оның салаларына бағытталады. Берілген биіктік белдеуде ластаушы заттардың
жағалаулық белдемге түскенде немесе селдік су тасу жүргенде жер беті
суларының ластануының қауіптілігімен ерекшеленеді.
Орта таулық белдеу (1400 – 1500 м ден 2800 – 3000 м-ге дейін ). Іле
Алатауының таулық ауданының шамамен 25 %-н алып жатыр. Бұл белдеу үшін 2000
м-ден жоғары жер бедерінің біршама мүшелілігі, шатқалдарының жүйесі және
терең аңғарлардың V – түрлі формасы, 25-300 – дан 400-қа дейінгі тік
беткейлердің барлығы тән. Мұнымен қатар аңғар тереңдігі 500 м-ге дейін
кішірейеді, ал аңғар ені үлкейеді. Берілген белдеудің жер бедері борпылдақ
сынықты материалдардың денудациясының және аккумуляциясының, әсіресе көп
мөлшерде ұйықты және коллоидты бөлшектер бар, беткейлерде және шатқалдардың
түбінде қарқынды дамуымен сипатталады. Беткейлер ең жоғарғы шыңына дейін
топырақты - өсімдікті жамылғымен жабылған. Бірақ, біраз мөлшерде жалаңаш
жерлер кездеседі, бұл: жартастар, сусымалар және т.б.
Орта таулы белдеу ағынның еріген қар суларынан, нөсер және грунт
суларынан қалыптасуына әсер етеді. Көлденең мүшелену тереңдігі алдыңғы
белдеуге қарағанда анағұрлым аз. Мүшелену 600-800 м (42,5 %) алып жатыр.
Горизонтальді қатынаста орта таулы нашар мүшеленген [13]. Өзендердің
жайылмасы 200-300 м, анық көрінеді, аумақтар кеңейіп, қайта қысқарып
кезектесіп тұрғандай көрінеді.
Жағалаулық аймаққа топырақтың бетіне түскен ластаушы заттар не беттік
ағыспен өзен арналарына және олардың салаларына көшеді, не жауын – шашын
арқылы грунтты-топырақ қабатына және грунт суларына түсіп, сол арқылы
сызашықтанғанда өзен арнасына түседі. Бұл биіктік белдеуде, сол немесе
басқа жолмен өзен арнасына түсетін ластаушы заттар, топырақ-грунттардың
дипрессиялық фракциялармен физикалық және физико-химиялық сіңіруі
нәтижесінде біраз өзгереді, микробиологиялық жайылуы, сонымен қатар еріген
заттармен топырақтың химиялық әрекеті болады. Мұнымен олардың улылығы біраз
төмендейді. Өзендік сулардың өзін - өзі тазарту үрдісі жүреді [14]. Сонда
да бұл белдеу жер беті суларын жағалаулық аймақтағы улы заттармен ластау
қауіптілігінің жоғарғы дәрежелігімен сипатталады.
Төмен таулы – тау алды белдеу (800-900 м-ден 1400-1500 м-ге дейін) Іле
Алатауы таулы аумағының ауданының 35%-н алып жатыр.
Бұл белдеу үшін жота массивінен солтүстік бағытқа кететін таулы
қырқалар сипатты. өзен аңғарларының тереңдігі 300-400 м-ге жетеді және
шатқалдың түрлері бар. 1000 м-ден жоғары биіктіктегі беткейлердің тіктілігі
20-дан 300-қа дейін. Кейбір аудандардың иілім бұрыштары 2 – ден 100-қа
дейін. Төмен таулы белдеудің жер бедері биіктіктің біршама амплитудасымен,
бірақ біршама горизантальді мүшеленумен ерекшеленеді. Ең үлкен вертикалды
мүшелену (600-700 м) 5,8 % құрайды [13].
Таудың етегінен ақырындап жазық ой Іле ойпаңына ауысатын, еңісті тау
алды жазықтығы басталады. Бұл ойпаңның анағұрлым төмен бөлігінде Іле
өзенінің аңғары және Қапшағай су қоймасы бар.
Геоморфологиялық шектерде бұл тауалды – жазықтықты бөлікте екі аймақ
бөлінеді: ысырынды конус аймағы және тауалды аккумулятивті жазықтық.
Ысырынды конустары 1000 м-ден 800 м-ге дейінгі биіктіктерде орналасқан.
Олардың ылдилығының орташа мәні шамамен 30 , ал ені 10-12 км-ге жетеді.
Аккумулятивті жазықтық ысырынды конусы аймағынан төмен орналасады.
Оның жер бедері үлкен емес төбелерден және терең емес жыра сайлардан
тұрады.
Төмен таулы- тау алды белдеуі ылдилықтың төмендеуіне, жер бедерінің
вертикальді мүшеленуіне, атмосфералық жауын-шашыннығң мөлшерінің өзгеруіне
байланысты ағынның қалыптасуына, биік таулы – мұзды және орта таулы
белдеуге қарағанда көп қатыспайды. Сонымен қатар, ысырынды конус аумағында
жотаның негізгі өзендерінде топырақ – грунттардың фильтрациялық
қабілеттілігіне және олардың қалыңдығына байланысты, арналық ағыстың
жоғалуы болады.
Әр түрлі жолмен жағалаулық аймаққа түсетін, ластаушы заттардың көшуі
беттік секілді, жер асты жолдарымен де іске асады. Жауын-шашын арқылы
топырақтың қалың қабатына сіңеді де, ластаушы заттар белгілі мөлшерде
оларға қанығады және физико-химиялық трансформацияға және биологиялық
деструкцияға итеріледі.
Іле Алатауының тау өзендерінің алаптарының геологиялық құрылымы ағынға
және су балансына үлкен әсер етеді.
Іле Алатауының геологиясын зерттеуге көптеген жұмыстар арналған.
Н.Г.Кассина [15], Д.Н. Казанли [16], Г.Ц. Медоева [17], Н.Н. Костенко [18],
және басқаларының жұмыстары анағұрлым белгілі.
Геологиялық – тектоникалық қатынаста Іле Алатауы Солтүстік –
Тяньшаньдық беттік жүйеге жатады [19]. Бұл жерде беткей түзілім үрдісі
протерозойда және полеозойда жүрген. Іле алатауы аумағының геологиялық
құрылымы алуан түрлі, бұл жерде әр түрлі жастағы және генезистағы жыныстар
таралған, протерозойдан бастап осы кезеңге дейінгі.
Таулы бөлікте полеозойлық кристалды магмалардан түзілген жыныстар
таралған. Негізінен бұл жыныстар гранитойдтық қатардан: граниттер,
сиениттер, гранитоидтар, аляскидтар және т.б. Олар жотаның осьтік аймағы
үшін сипатты және қарастырылып жатқан аумақтың 70 %-н алып жатыр. Тауалды
және тау асты жазықтықтар кайназойлық жыныстардан құрылған. [1; 19].
Төрттік ( плейстоцендік) түзілімдер кеңінен таралған және негізінен
қойтасты – малтатасты түзілімдермен, гравиилермен, құмтасты саздақтармен,
ал 1500 м-ден төмен – төмен таулы және тауалды аймақтарда орманды
(лессовидными) саздақтармен жайылған.
Жотаның етегінде орналасқан негізгі өзендердің ысырынды конустары 40 м-
ден Шелек өзені аңғарында және Ұзын ағаш өзені аңғарында 70 м, 430
Іле Алатауының аумағының гидрогеологиялық жағдайларын Н.Г. Кассин
(1930 ж.), В.Ф. Шлыгин [20], У.М. Ахмедсафин [21; 22] және басқа
зерттеушілер зерттеген. [20] берілгені бойынша бұл жерде жарықшақты үлкен
мүшеленгендігінің арқасында жарықшақты сулар өзендік аңғарлармен қарқынды
кәрізденеді де терең жер асты ағысының қалыптасуына қатысады.

1.2 Топырақ және өсімдік жамылғысы

Топырақ - өсімдік жамылғысы судың сапасының және ағынының
қалыптасуының негізгі факторы болып табылады. Оның жағдайы белгілі мөлшерде
су обьектілерінің экологиялық жағдайларына әсер етеді, өйткені топырақ
құрамында жиналған ластаушы заттар су эрозиясы өнімдерімен бірге су
обьектілеріне түсіп және адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Топырақ - өсімдік жамылғысының зерттеуге көптеген жұмыс арналған.
Н.А.Северцованың (1983 ж.), Р.И. Аболинаның [35], С.И. Соколованың [36],
М.А. Глазовтың [37; 38], Р.И. Чупахинаның [39], А.А. Науменконың [6; 40],
Р.М. Насырованың [6], С.И Соколованың, И.С. Ассингтың, С.К. Серпикованың
[41] және басқаларының жұмыстары анағұрлым белгілі.
Топырақ - өсімдік жамылғымсын реттеуде жер бедерінің әсерінен
вертикальды белдемділігі, динамикалық геодлогиялық үрдістер, топырақ
құраушы жыныстардың құрамы мен қаситеті, антропогендік әсерлері және т.б.
ескеріледі. Анағұрлым толық вертикальдық белдемділік жотаның орталық
бөлігінде, оның солтүстік беткей шектерінде анықталады, көрінеді. Бұл
жерден жоғарыдан төменге қарай кезекпен келесі вертикальдық ландшафты
белдеулер бөлінеді [11].
Гляциалды – нивалды белдеу(3400 м-ден жоғары). Бұл шектерде
топырақ жамылғысы тек біраз жерлерде ғана кездеседі, және тасты болып
келеді, және аз дамыған. Қатты жауын-шашынның аккумуляциясы секілді тау
өзендерінің қоректенуі де үлкен рөл атқарады.
Альпілік белдеу (3400 – 3300 м-ден 3100 – 3000 м-ге дейін).
Топырақтар таулы-шалғынды альпілік, қаңқалық, қалыңдығы аз 20 – 50 см
аралығында. Солтүстік, солтүстік – шығыс және солтүстік – батыс
экспозициядағы жоталарды алып жатыр. Және мұздықтардың әсерінен туған жер
бедерінің кең таралған – каралар, циркалар, трогты аңғарлар сияқты
формаларына ие. Топырақ астында – тасшақпа, қойтастар бар.
Бұл белдеудің өсімдік жамылғысы кобрезиевтік альпілік шалғынмен
және басқаларымен көрсетілген.
Субальпілік белдеу( 3100 – 3000 м-ден 2800 – 2700 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таулы аймақтардың зерттелу тарихы
Неотектоника
Іле Алатауы өзендерінің қалыпты жылдық ағындысын бағалау
Іле Алатауының терістік беткейінің геологиялық қүрылымы мен геоморфологиялық сипаттамасы
Қазақ жері туралы ерте географиялық мәліметтер
ҚАЗАҚСТАН ТАУЛАРЫН ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Қазақстан Республикасы геоморфология ғылымының негізін қалаушы профессор Мұқатай Жандайұлы Жандаевтың өмір жолы
Ауа райына жүргізілген метеорологиялық бақылаулардың қорытындыларын өңдеу
Палеозойға дейінгі кезең
Алматы облысы Балқаш ауданы
Пәндер