Коммерциялық банктердің бағалы қағаздарменен операциялары


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

“Қаржы және несие” факультеті

«Банк ісі» кафедрасы

Исаев Медет Конырбаевич

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Коммерциялық банктердің бағалы қағаздарменен операциялары

ғылыми жетекшi: “Банк ісі” кафедрасының э. ғ. д.,

доцент Исаев И. И.

Рецензент:

Жұмыс қорғауға жіберілді

“Банк ісі” кафедрасының меңгерушісі,

э. ғ. к., профессор Хамитов Н. Н.

“” 2004 ж.

Алматы 2004ж.

МАЗМҰНЫ

:
Кіріспе.: Кіріспе.
3-5: 3-5
:
Кіріспе.:
3-5:
: 1-тарау.
Кіріспе.: Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы орны және ролі. .
3-5: 6-32
:
Кіріспе.: 1. 1.
3-5:

Коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығының

кәсіпқой қатысушысы және олардың қызметтері …

6-32
:
Кіріспе.: 1. 2.
3-5: Коммерциялық банктердің меншікті бағалы қағаздарын шығаруы. . …… . . . ……
32-43

. ….

43-46: 43-46
43-46:
43-46: 2-тарау.

Коммерциялық банктердің бағалы қағаздары операцияларын ұйымдастыру тәртібі («АСҚ Банк

ен) .

47-65: 47-65
47-65:
47-65:
47-65: 3-тарау.
47-65:
47-65:
47-65:
47-65:

КІРІСПЕ

Қазақстан нарықтық экономикаға көшу барысында көптеген оқиларды басынан кешірді. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процессі жүргізілгеннен бастап бұрын мемлекет меншігіндегі ұйымдар акционерленіп акционерлік ұйымдар пайда бола бастады. Сөйтіп бағалы қағаздар нарығының қалыптасуына алғы шарттар құрылды. Оның инфрақұрылымы, қатысушылары, институционалдық инвесторлары айқын бейнеленді. Біртіндеп бағалы қағаздар нарығында кәсіби қатысушылардың қызметі ерекшеленді, соның ішінде коммерциялық банктердің үлесі жоғары еді.

Коммерциялық банктер әмбебеп қаржылық институт ретінде бағалы қағаздар нарығының қатысушысы болып табылады. Қазіргі кезде коммерциялық банктердің бағалы қағаздар операциясынан және инвестициялық қызметтен түскен табыс пайданың қалыптасуында үлкен роль атқарады.

Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктердің қатысу формасының кеңеюі мен диверсификациялануы ірі қаржы банкік топтардың ұйымдасуына алып келді. Олар бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары ретінде эмитент, инвестор және делдал ролінде шығады.

Коммерциялық банктер қор биржасында мүмкіндік беретін еншілес қаржылық компаниялар құру және брокерлік фирма қызметінде тікелей қатысу арқылы белсенеді. Банктердің бағалы қағаздармен операциясының кеңеюі олардың жоғары табыстылығымен және тікелей банктік несиелерді тиімді қолдану сферасының қысқаруымен ынталандырылады.

Инвестициялы - банктік филиалдар мен еншілес компаниялардың жүйесін құру арқылы коммерциялық банктер халықаралық бағалы қағаздар нарығына шығады.

Қаржылық институттар, әсіресе банктер жабдықтаушы мен несиелік ресурстарды тұтынушылар арасында делдалдық қызмет көрсетеді, сонымен бірге, банктер уақытша бос ақша-қаражаттарды жинақтап және оны белсенді қызмет ететін капиталға айналдырады. Коммерциялық банктер үлкен қаржылық институт болғандықтан оның бағалы қағаздар нарығындағы қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк тарапынан заңдық актілер арқылы реттеледі.

Коммерциялық банктердің бағалы қағаздары жеке және корпоративті инвесторлардың назарын аударуда. Бұл оның банк-эмитент және салымшы қатынастарын реттейтін нормативтік базаның болумен байланысты.

Дипломдық жұмыстың тақырыбының актуалдығы: коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінің белсенділігі қазіргі кездегі маңыздылығы артуда.

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығында кәсіпқой қатысушы ретіндегі қызметі, оның негізгі бағыттары, міндеттері және проблемалары, оларды жетілдіру жолдары туралы мәліметтерді анықтау және жиынтыққа келтіру.

Дипломдық жұмыстың міндеті бағалы қағаздар нарығындағы банктердің ролін анықтау және қызметіне ААҚ «Алматы Сауда Қаржы Банк» мысалында толық талдау жасау.

Дипломдық жұмыстың құрылымы үш бөлімнен тұрады: «Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығында орны және ролі», «Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қазіргі қызметіне талдау ААҚ «АСҚБанк мысалында» және «Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің қызметінің мәселелері және оларды жетілдіру жолдары».

Бірінші бөлімде банк түсінігі, оның бағалы қағаздар нарығында ролі, қажеттілігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк тарапынан реттейтін заңдық, нормативтік актілер қаралады.

Екінші бөлімде коммерциялық банктердің кәсіпқой қызметіне талдау жасалынған, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздар портфеліндегі үлесі салыстырмалы түрде талдау көрсетілген. ААҚ «АСҚ Банк» мысалында банктің брокер-дилер ретіндегі биржалық және биржалық емес нарыққа қатысуына назар аударылған, бұл банк бойынша дилерлік және кастодиандық қызмет көрсету келісім-шарттары қосымша берілген.

Үшінші бөлімде коммерциялық банктердің кәсіпқой қатысушы ретіндегі мәселелері, дамуына бөгет жасайтын бағыттар және оларды жетілдіру жолдары қарастырылған.

Бұл дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі Қазақстандағы коммерциялық банктер.

Жұмыстың тақырыбы оқу және ғылым әдебиеттерде қарастырылу дәрежесі кең. Осы дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Републикасының Конституциясы, Қазақстан Републикасының банктердің қызметін реттейтін Заңдар және басқа нормативтік-құқақтық актілер, Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлықтары, Ұлттық Банктің Қаулылары, Ережелері, ААҚ «АСҚ Банк» ішкі ережелері, оқу әдебиеттері пайдаланды.

1-тарау. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы орны және рөлі

  1. Коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушысы және олардың қызметтері

Коммерциялық банктер әмбебап қаржылық институт ретiнде бағалы қағаздар нарығының қатысушысы болып табылады. Қазiргi кезде коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығындағы қызметiн өзiнiң қызметiнде маңызды бағыттардың бiрi деп санайды. Екiншi деңгейлi банктердiң бағалы қағаздар операциясынан және инвестициялық қызметтен түскен табысы пайданың қалыптасуында басты роль атқарады, сондай-ақ оның кеңеюi бағалы қағаздар операциясының жоғары табыстылығымен және тiкелей банктiк несиелердi тиiмдi қолдану сферасының қысқаруымен ынталандырылады.

Қаржылық институттар, әсiресе банктер жабдықтаушы мен несиелiк ресурстар тутынушылар арасында делдалдық қызмет көрсетедi, сонымен бiрге банктер уақытша бос ақша қаражаттарды жинақтап, оны белсендi қызмет ететiн капиталға айналдырады.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы тамыз айындағы №2444 «Банктер мен банктiк қызмет туралы» Заңның (өзгерiстерi мен толықтырулары мен қосқанда) 30 бабына сәйкес коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында мына операция түрлерiн iске асыруға құқылы:

  • есептiк операциялар: заңды және жеке түлғалардың вексель (дисконт) және басқа да қарыздық мiндеттемелердi есептеу;
  • сейфтiк операциялар: құжаттар және бағалы қағаздарды, клиенттердiң құндылықтарын сейфтiк жәшiктер, бөлiмшелердi қосқандағы сақтау бойынша қызмет көрсетулер;
  • ломбардтық операциялар: жылжымалы мүлiк және бағалы қағаздарды кепiлдiкке қысқа мерзiмдi несиелер беру;
  • бағалы қағаздар нарығындағы клирингтiк қызмет.

Коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жүзеге асыру барысында мыналарды басшылыққа алады:

  • Қазақстан Республикасының 5 наурыз 1997 жылы №77-1 «Бағалы қағаздар туралы» Заңы (ҚР заңымен №134-1, 19. 06. 97, №154-1, 11. 07. 97, №282-1, 10. 07. 98 өзгертулер енгiзiлдi) ; Қазақстан Республикасының 5 наурыз 1997 жылы 78-1 «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздарымен мәмлелердi тiркеу туралы» Заңы (ҚР заңымен №154-1, 11. 07. 97, №282-1, 10. 07. 98 өзгертулер енгiзiлдi) ; Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулысымен 29 шiлде 1996 жылы №944 бекiтiлген бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызмет лицензиялар туралы Жағдайы; Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулысымен 4 наурыз 1997 жылы №293 бекiткен бағалы қағаздар нарығындағы кастодиандық қызмет туралы Жағдайы; Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiнде Ұлттық Комиссия 26 ақпан 2000 жылы № 66 Қаулысымен бекiтiлген бағалы қағаздар нарығында кәсiпқой қызметтердi қос атқару туралы Қаулы; Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiнде ұлттық Комиссия Басқармасы 5 тамыз 1999 жылы № 388 мемлекеттiк емес комиссионды бағалы қағаздар ЖАҚ «Бағалы қағаздардың Орталық Депозитарийге» есептеу бойынша банк катодиандардың жинақтаушы зейнетақы қорларына жеке «депо» шоттарын ашу туралы Қаулы; Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жәнiндегi ұлттық комиссия қаулысымен 31 желтоқсан 1998 жылы № 20 бекiткен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және диллерлiк қызметтi жүзеге асыру Ережесi; Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiнде ұлттық Комиссия Басқармасы қаулысымен 16 қазан 2000 жылы №690 бекiткен номиналды ұстаушы ретiнде клиент шоттарын жүргiзу құқығы бар бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және диллерлiк қызметтi жүзеге асыру лицензиясын қайтарып алу немесе қызметiн тоқтату жағдайында бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiнiң iс-әрекет Ережесі; ЖАҚ «Қазақстан қор биржасының» мүшелерiнiң жалпы жиналысымен 2000 жылы шешiлген Репо операцияларын жүргiзу Тәртiбi бекiтiлдi т. б.

Коммерциялық банктер өзiнiң бағалы қағаздарын шығару арқылы эмитент ретiнде, өз шотынан бағалы қағаздарды сатып алғанда инвестор ролiнде және бағалы қағаздар операциясын жүргiзетiн делдал ретiнде шығады.

Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктер келесi кәсiби қызмет түрлерiн атқарады:

  • Брокерлiк қызмет
  • Диллерлiк қызмет
  • Кастодиандық қызмет
  • Клирингтiк қызмет

Банктердiң осы аталған қызмет түрiн, клирингтен басқасын, бiрiгiп атқаруға лицензия Ұлттық Банкпен берiледi. Үкiмет және Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен және Заңға сәйкес ұйымдардың жарғылық капиталына қатысушы банктерге қосымша талаптар қойылған.

Коммерциялық банктер биржаның, банктердiң, өнеркәсiптiң, ұйымдардың, түрлi акционерлiк қоғамдардың акцияларын сатып алу арқылы инвестор ретiнде шығады, бұдан өз портфелiн құрайды. Мұндағы банктердiң мүддесi болашақта дивиденд алу ғана емес, сонымен қатар компанияның қызметiн басқару мүшесi ретiнде болу.

Портфель құрудың басты мақсаты - банктiк операциялардың өтiмдiлiгi. Ссудалық операциялар тәуекелдi болғандықтан банк ресурстарының негiзгi үлесi жоғары өтiмдi активтер формасында болу қажет, яғни бағалы қағаздарға салымдар. Бүл бағалы қағаздар мемлекеттiк болғаны жөн, олардың сенiмдiлiк рейтингi жоғары.

Делдалдар рөлiнде банктер кәсiпорындар талабы бойынша шығарған акциясын сату, қайта сату, сақтау және олар бойынша дивидендтер мен комиссиондық сыйақы алады. Мемлекет тарапынан банктердiң бағалы қағаздар нарығында делдалдық қызметiн тиiмдi реттеу жүргiзiлмегендiктен, олар клиенттерге қызмет көрсету сферасын кеңейтiп отырады. Банктер қаржылық супермаркетке айналып бағалы қағаздар нарығында брокерлiк фирмалардың қатысуымен банктiк холдингтер қүрып, өзiнiң саясатын осы құрылымдар арқылы жүргiзедi.

Схема 1. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық

банктердiң қызметi1

Бағалы қағаздар нарығы

Коммерциялық банк

Делдал Эмитент Инвестор

Каржылық брокер

Инвестициялық кеңес берушi

Сенiмдi тұлға

Депозитарий

Методикалық тұрғыдан коммерциялық банктердiң меншiктi бағалы қағаздарын эмиссиялау операциясы кеңiрек қолданады. Ал инвестициялық және делдалдық қызметi шамалы қолданғанына қарамастан банктер бұл бағыттар бойынша бiрдей белсендiлiк көрсетуде.

Брокерлiк-диллерлiк қызмет

Коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында қаржылық брокер ретiнде клиент атынан және оның шотынан, диллер ретiнде өз атынан және өз шотынан бағалы қағаздар бойынша сату, сатып алу функциясын атқаратын делдалдар.

Брокерлiк-диллерлiк қызмет Конституциямен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамасымен, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келiсiм-шарттармен, банктiң iшкi шарттар мен iшкi құжаттарымен реттеледi. Банктер, комиссионерлер ретiнде бағалы қағаздарды сату-сатып алу мәмiлелерiн өз атынан клиент шотынан жүзеге асырады. Осы жағдайда банк комиссия келiсiм-шартына негiзделедi және клиент талабы бойынша өз атынан бiр немесе бiрнеше мәмiлелердi жасасуды ұйғарады және сыйақы алады. Комиссия шарты белгiлi бiр мерзiмнiң көрсетiлуiмен немесе көрсетiлмей-ақ жасалуы мүмкiн.

Банктер өз клиенттерi үшiн бағалы қағаздарды сату, сатып алу бойынша мәмiлелердi тапсырыс берушiнiң келiсiм-шарты негiзiнде жасайды. Сонымен қатар, банктер клиенттердiң бағалы қағаздарды сату, сатып алу мәмiлелерiн биржалық және биржалық емес нарықта да жасай алады. Банк клиент өтiнiшiн қанағаттандыру үшiн өзiнiң портфелiнен сатуға немесе клиент үшiн бағалы қағаздарды портфелге сатып алуды жүзеге асырады.

Брокерлiк-диллерлiк қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша лицензиялауға мiндеттi болғандықтан, брокер-дилер өз қызметiн жүзеге асыру үшiн лицензияның келесi түрлерiн иемденуi керек:

1) бiрiншi категориялы лицензия-клиент шоттарын номиналды ұстаушы ретiнде жүргiзу құқымен (бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу құқымен) ;

2) екiншi категориялы лицензия-клиент шоттарын жүргiзу құқығынсыз (бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеуi құқығынсыз) .

Коммерциялық банк мемлекеттiк бағалы қағаздармен операцияларды жүргiзу кезiнде алғашқы Диллер ретiнде шығады.

Алғашқы диллер - мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар бойынша депозитарлық және регистраторлық қызметтер атқару жөнiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлiгiмен келiсiм жасаған бағалы қағаздар нарығының кәсiпқой қатысушысы болып табылатын банк.

Коммерциялық банкке номиналды ұстаушы ретiнде клиент шоттарымен брокерлiк-дилерлiк қызметтi iске асыру құқы туралы лицензия берiлгеннен кейiн брокер-дилер мен клиент арасында келiсiм-шарт яғни клиенттiк тапсырыс ретiнде құжат толтырылады. Бүл құжат брокер-дилер iшкi ережесiмен Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтiк актiлерiмен сәйкес реттеледi.

Брокер-дилердiң ұйымдық қүрылымы келесi бөлiмдердi құрау керек:

1) Сауда бөлiмшесi-бағалы қағаздармен мәмлелердi жасасу функциясы басты болып табылатын бөлiм

2) Бэк-офис-негiзгi функциясы бағалы қағаздармен мәмiлелердi iске асыру және бұл брокер-дилердiң, оның клиентерiнiң бағалы қағаздарымен ақшасына есеп жүргiзу.

Брокер-дилер мен инвестр арасында мемлекеттiк бағалы қағаздарымен операцияларды жүзеге асыру туралы келiсiм-шарт жасалғаннан кейiн олардың арасында мiндеттер мен құқықтар пайда болады.

Диллердiң құқықтары мен мiндеттерi :

1. Брокер-диллер клиенттiң талабы бойынша оған өзiнiң соңғы есептi кезеңдегi қаржылық есеп берудi, кiрiстерi мен шығыстардың есеп беруiн, шаруашылық қызмет балансын ұсынуы мiндеттi.

2. Брокерлiк келiсiм-шарт жасау кезiнде брокер-дилер клиентке келесi қызмет түрiн көрсетуге құқылы:

  • клиенттiң инвестициялық шешiмiне қажеттi ақпараттар ұсыну;
  • клиентке бағалы қағаздармен мәмiленiң жүзеге асыруы туралы ұсыныстар көрсету;
  • басқа да ақпараттық, аналитикалық және кеңес берушiлiк қызметтер көрсету.

3. Брокерлiк келiсiм-шарт жасау кезiнде брокер-дилер клиент туралы ақпаратты және клиенттен алған ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасы бекiткен шарттардан басқа құпия ұстауға мiндеттi.

4. Клиент тапсырысы келiсi реквизиттердi қамтиды:

  • клиент тапсырысының үлгiсiн көрсету;
  • клиент тапсырысының мерзiмi туралы мәлiмет;
  • тапсырыстың нақты алынған күнi мен уақыты;
  • бүл тапсырысты алған брокер-дилер қызметкерi туралы мәлiмет;
  • клиент талабы бойынша мәмiле мақсатын көрсету;
  • брокер-дилер iшкi ережесiмен бекiтiлген басқа да реквизиттер.

5. Диллер клиенттердiң бағалы қағаздары мен операциясын инвестормен бекiтiлген брокерлiк қызмет көрсету келiсiмiне сәйкес жүргiзедi.

6. Қажеттi құжаттар берiлгеннен кейiн клиенттiң бағалы қағаздары мен ақша қаражаттарының есебiн жүргiзетiн сәйкес шоттар ашады.

7. Брокер-дилер бағалы қағаздармен мәмiлелердi өз шотынан және өз мүддесi шегiнде, сондай-ақ клиент шотынан және клиент мүддесi шегiнде жүзеге асыру мүмкiн.

8. Диллер мемлекеттiк бойынша аукционға инвестор шотынан және талабынан қатысады.

9. Диллер инвестор тапсырыс бойынша мемлекеттiк бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру бойынша аукционға бұйрықты беруден бас тартуына құқылы:

  • егер инвестор аукционға қатысу бұйрығын Алматы уақыты бойынша сағат 10-нан кеш жiберсе. Тапсырыстар факсимильдi байланыс арқылы жеткiзiлуi мүмкiн;
  • егер инвестор дилер шотында аукционға жiберетiн клиенттiк тапсырысын соммасын резервiлемесе бас тартуы мүмкiн.

10. Келiсiм-шарт мерзiмi iшiнде дилер инвесторды хабардар етуге мiндеттi:

  • өз шотындағы бағалы қағаздардың сандық мәлiметтерi туралы;
  • дилер мен инвестор арасындағы мүдделер қақтығыстары туралы, сонымен қатар оның қаржылық жағдайының нашарлау себептерi немесе мүндай жағдайлар туындаған уақытта 3 күн iшiнде өкiлеттi органдардың санкциялары туралы;
  • өкiлеттi мемлекеттiк органы, өзiн-өзi реттеу ұйымдардың және дилерге қатысты сауда ұйымдастырушылардың оның қызметкерлерiне және аффинирленген түлғаларына жарияланған санкциялары туралы;
  • осы көрсетiлген ескертулер жазбаша түрде құжатталып клиентке почта, электронды почта, факсимильдi, телекстi, телеграфтық және басқа байланыс жолдарымен 3 жұмыс күн iшiнде хабарлануы керек.

11. Мәмiле жасау кезiнде клиент тапсырысын орындауды жетiстiктi етi үшiн барлық күш жiгер салады.

12. Бағалы қағаздармен мәмiле жасау кезiнде қарсы тапсырыстардың ең жақсы бағасынан төмен бағамен жасауға құқықы жоқ.

13. Дилерге бағалы қағаз мәмiлесi жөнiнде ұсынысын мүдделер қақтығысына әкелетiн болса беруге тиым салынады. Оны бұзған жағдайда дилер инвесторға бүл бұзушылықтан туындалған шығындарды, мәмiле соммасының 3% мөлшерiнде айыппұл төлеуi керек.

14. Диллер инвесторлар бағалы қағаздарының номиналды ұстаушы функциясын атқарады:

  • инвесторлардың бағалы қағаздармен мәмiлесiн тiркеу;
  • бағалы қағаздарға құқықты растау;
  • бағалы қағаздардың болуын қамтамасыз ету және олармен мәмiленi жүзеге асыру;
  • төлем агентi функциясын атқару;
  • инвесторға номиналды ұстауға берiлген бағалы қағаздар туралы ақпараттар беру;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да функциялар.

15. Бағалы қағаздармен мәмiлелердiң екiжақты және көпжақты тiркелуi сауда қатысушыларының қарсы тапсырыстары болған кезде жүзеге асады.

Инвестордың (клиенттiң) құқықтары мен мiндеттерi:

1. Инвестор аукционға қатысу туралы клиенттiк тапсырысты жергiлiктi уақыттың сағат 10. 00 кешiкпей және екiншi нарықта мәмiле орындалуы үшiн сағат 17. 00 кешiкпей жiберуi мiндеттi. Тапсырыстар факсимильдi байланыс арқылы жiберiлуi мүмкiн. ()

2. Инвестор диллер шотына ақша қаражаттардың уақыттылы түсуiн қамтамасыз етуi керек.

3. Инвестор диллер субдепозитарийiнде сақталған мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша мәмiлелердi тек қана диллер арқылы iске асырады. Субдепозитарий - номиналды ұстаушының клиенттердiң бағалы қағаздарына есеп жүргiзу жүйесi.

4. Инвестор диллер субдепозитарий шегiнде тек бiр тұлғалық шот иемденедi.

5. Қосымша келiсiм негiзiнде инвестор дилерге мемлекеттiк бағалы қағаздар портфелiн басқаруға құқын беруi мүмкiн.

6. Инвестор мына құқықтарға ие:

  • мемлекеттiк бағалы қағаздар кесiмдi (конкуренттi) баға көрсетiлуiмен сату сатып-алу;
  • мемелекеттiк бағалы қағаздарды ағымды (конкуренттi емес) баға көрсетуiмен сату сатып-алу;
  • мемлекеттiк бағалы қағаздарды шығару номерiн көрсетiлуiмен мемелкеттiк бағалы қағаздар сатуға бұйрық шығару;
  • сатып алуға бұйрықты ақша қаражаттарды салу мерзiмiн немесе теңге салым соммасын көрсетiлуiмен беру;
  • биржалық нарықта операция жүргiзуде сауда сессиясын анықтау уақытында бұйрық беру;
  • жүзеге асыру алдында немесе бұйрық орындамау алдында бұйрық беру.

Есеп айырысу шарттары:

1. Диллер инвестордан эмиссияны реттеу немесе инвестор табысынан портфелiнен сатқанда, мемлекеттiк бағалы қағаздар соммалық портфель мөлшерiне байланысты комиссиондық сыйақыны ұстап қалады;

2. Инвестор басқа алғашқы дилер субдепозитарий негiзiнде орналасқан мемелекеттiк бағалы қағаздарды сатып алу кезiнде дилер шотында сатып алуды жүзеге асыру үшiн жергiлiктi уақыттың сағат 16. 00 дейiн қажеттi сомманы аударуға мiндеттi. Басқа жағдайда диллер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне мемлекеттiк бағалы қағаздар және ақшаны аударудың электрондық тапсырысын беруге мiндеттi емес.

3. Жеке шотта алты ай iшiнде бағалы қағаздар болмаса шот жабылмайды және инвесторға бұл туралы хабарлама берiледi.

4. Жасалған мәмле бойынша екi жақ арасында ақшалай есеп айырысу тәртiбi мен мерiзiмi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 14. 11. 1997 ж. №396 Басқарма Қаулысымен бекiтiлген Қаржы Министрлiгімен эмиссияланатын мемлекеттiк бағалы қағаздарды алғашқы орналдастыру Ережесiне сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi 30. 06. 1997 ж. №246 Қысқа мерзiмдi ноталарды орналастыру, айналдыру және өтеу Ережесi, 05. 04. 1999 ж. №363 арнайы валюталық мемлекеттiк облигацияларды мерзiмi 5 жылдан жоғары шығару, айналу және өтеу Ережесiнiң жағдайы; 10. 03. 1999 ж №221 бiр немесе одан көп мерзiмге шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк индекстелген қазынашылық мiндеттемелердiң шығаруы, айналысы мен өтеу Ережесi; 10. 06. 1997 ж. №945 Қазақстан Республикасының 2-3 жыл мерзiмге шығарылған МЕОКАМ шығару, айналыс және өтеу тәртiбi туралы Жағдай; 31. 12. 1998 ж. №20 Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және диллерлiк қызметтi iске асыру Ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.

5. Ақша аудару мерзiмiнен кешiккен жағдайда кешiгiп алынған ақша-қаражат дилермен инвестор оған берiлген формада жаңа тапсырыс бермегенге дейiн қолданылмайды.

6. Инвестор дилер шотына ақшаны керi шақыруына құқы бар. Ақша аудару тапсырысы инвестормен дилерге Алматы аудару уақытының 17. 00 сағатына дейiн берiлу керек. Осы жағдайда дилер керi шақырылған соманы инвестор шотына бiр банктiк күн iшiнде аударады.

7. Комиссиондық сыйақы инвестор мен дилер жасасқан «репо» мәмiлесiнен алған табыстан алынбайды.

8. Дилер инвестор шотына мемлекеттiк бағалы қағаздарды өтеуден түскен ақшаны келесi күнi расталған уақытта аударады.

Биржалық нарықта жасалған мәмiлелердiң уақытында төленбеу жағдайында кiнәлi жақ екiншi жаққа Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiнде Ұлттық Комиссияның 24. 06. 1999 ж. №353 Директоратының Қаулысымен бекiтiлген «Есеп айырысу мерзiмiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк туралы жағдайының» 2 бөлiм үшiншi бапқа сәйкес әрбiр мерзiмi өткен күнге төлем сомасының 0, 2% мөлшерiнде айыпұл төлейдi.

Ұйымдаспаған биржалық емес нарықта жасалған мәмiлелердiң уақытында өтелмеуi кезiнде мерзiмi өткен әрбiр күннiң төлем сомасынан 0, 5% мөлшерiнде кінәлi жақ айыпұл төлейдi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ашық экономикадағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудың механизмі
Ашық экономикадағы ақша-несие саясатының дамуының кезеңдері
Ақша - несие саясатының теориялық негіз
Ақша - несие саясатын жүзеге асырудың құралдары
Ақша - несие саяасатының теориялық негізі
Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас бөлігі
Ақша-несие саясаты мәні
Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатының ерекшеліктері
Ақша - несие саясатының мақсаттары және институционалдық негізі
Ақша - кредит саясатының құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz