Дін және бақ: кеше және бүгін


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі
Діннің адамды рухани тәрбиелеуде маңызы артып отырған бүгінгі заманда діни ақпарат БАҚ өнімдеріне немқұрайлы қарауға болмайды. Қоғамымызда діни БАҚ өнімдеріне деген сұраныс күннен-күнге артып келеді. Атеизмнің билігінен құтыла салысымен елімізде түрлі діни басылымдар тарала бастады. « Дін-апиын» деп жар салған кеңес заманындағы атеистік қысымнан өткен қазақ зиялылары тәуелсіздік заманында түрлі ағымдарға еліктеп, елді елең ететіндей неше түрлі материалдар жариялай бастады. Бұл мақалалардың халықтың руханиятына, дүниетанымына орасан зор әсер етері анық. Яғни бүгінгі замандағы қоғамдық түрлі діни пікірлердің қалыптасуына осындай мақалалар өздерінің ықпалын тигізеді. Осы мақалаларды сараптау арқылы қазіргі қоғамдағы діни наным-сенім ерекшеліктерінің орын алу себептерін анықтай аламыз. Қазіргі заманда дін БАҚ-та аса өткір мәселе саналады. Қоғамдағы көп дау-дамай осы дін мәселесіне байланысты туындап отыр. Тәуелсіздік жылдарындағы БАҚ-та жарияланған діни мақалалардың саны мен сапасы, мазмұны жайлы жалпылама мәлімет жинауды жоспарлап отырмын және ол мақалаларды жариялаушылардың қандай дін ағымына жататынын анықтауды басты мәселесе санаймын. Мұндай мәліметтер қазақстанда жоқтың қасы болғандықтан бұл зерттеу аса құнды әрі маңызды деп есептеймін.
Зерттеу жұмысыныңмақсаты
БАҚ-та Ислам тақырыбының кешегісі мен бүгінгісін саралау, қоғамдық, әлеуметтік, тарихи тұрғысынан шолу жасау. БАҚ-та ислам тақырыбының өзектілігін айқындау. Қазақстандағы БАҚ-дағы діни материалдардың тәуелсіздікке дейінгі және кейінгі ислам тақырыбын насихаттау ерекшеліктерін салыстыру. Осы арқылы қоғамдағы діни даулардың алдын алу, елді рухани біріктіру, еліміздегі діни конфессияларды ортақ келісімге шақыру жолдарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері
Жұмыстың негізгі міндеті етіп ислам дінінің қазақ даласына келу туралы айту. Қоғамдық өзгеріс кезіндегі діни құбылыстарға саралау. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары БАҚ-тағы ислам дінінің қазақ қоғамына тигізген ықпалына шолу. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң жобасы және БАҚ.
Зерттеу нысаны
Діни басылымдар, тұрақты діни айдары бар газет-журналдар, діни сайттар, діни баспалар және жалпы кітаптарға шолу, діни және тұрақты діни бағдарламасы бар теле-радио арналар, олардың құрылтайшылары.
Зерттеу пәні
Журналистика, социология және дінтану салаларын қамту.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, екі тарау, қортынды, пайдаланылған әдебиетер тізімінен тұрады
Дін және БАҚ: кеше және бүгін
1. 1. БАҚ-та діни тақырыптардың жариялануы
Қазіргі қоғамда бұқаралық ақпарат құралдары - төртінші билік деген ұғым қалыптасқан. Ақпарат пен қоғамдық пікір бұл- бұқаралық ақпарат құралдарының басты қаруы. Мемлекеттік істермен қоса жекебастық мәселелер алдымен теледидар мен газетте жарияланады. Жарияланған ақпаратты халық тез арада талқыға салуы арқылы БАҚ-тың маңыздылығы одан да арта түседі. Бұқаралық ақпарат құралдары бостандық пен әділдіктің, шыншылдықтың жақтаушысы ретінде қабылданады. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орны мен маңызын Ахмет Байтұрсынов секілді біртуар, данагөй бабамыз мұра етпесе, басқаның айтуы мүмкін емес. Көзсіз, құлақсыз, тілсіз адам өмір сүре алмайды. Өмірдің мәні болмайды. Қоғам үшін де онсыз тіршілік жоқ, бәрі қараңғы екені сөзсіз. Сонымен қатар адам өміріне пайдалы тағы бір қажеттілік -дін. Өз дініңді айыра білу, оған жаныңды қия бұл да бір адами жетістіктердің бірі.
Бүгінде ақпарат құралы адамзаттың тәрбиешісі, рухани азығы. Бұл өмір шындығы. Күннен-күнге ұлттық басылымдардың спасы артып, саны да көбеюде. Соның ішінде рухани тірек болатын басылымдардың халық арасына кеңінен таралуы. Бұл дегеніміз-қоғам өмірінде жаңа жақсылықтардың болуы, ардың адам санасына орнауы, ұяттың ұмытылмауының кепілі.
БАҚ-та діни тақырыптардың жариялануы тек қана аға буын өкілдерінің ғана емес жастрадың да назарын аудартты. Дінге деген қарқынды мойын бұрыс жаңа тәрбиелік мәні зор басылымдар мен бағдарламаларды дүниеге әкелді. Әрине, дін жайында бағдарлама немесе газет шығару үшін бірінші кезекте діни сауаттылық қажет. Себебі дін нәзік те күрделі ілім және бүгінде адамды адастыратын ағымдар да көп. Байқамасаң, қалың жұртшылықты шатастыруың мүмкін. Сондықтан діни тақырыпқа қалам тарту мол ізденісті, үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
Халқының жетпіс пайыздан астамы ислам дінін ұстанатын Қазақстанда бүгінгі таңда жергілікті мешіттер саны жылдан-жылға өсіп келеді, дін қызметкерлерін даярлайтын орта және жоғары оқу орындары ашылу үстінде. Сондай-ақ жүздеген шәкірт Түркияның, Мысыр мен өзге араб елдерінің білім ордаларында тәлім-тәрбие алды. Рухани тақырыпқа қалам тербейтін журналистер легі, арнайы басылымдар пайда болды.
Еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін дінге деген бетбұрыс күшейе түсті. Қазіргі таңда дін тақырыбына арналған газеттер, телеарна және радио, сайттардың саны артуда. Олардың көбісі әлдеқашан өз оқырмандары мен көрермендерін тапқаны белгілі. Діннің қадірін біліп, оның салған тура жолымен жүру- адалдықтың бір нышаны. Діндегі адам өміріне ауадай қажетті уағыздарды мысал ретінде келтіріп, сауатты жазылған бір мақала мыңдаған адамдарды дұрыс жолға салатынын айқын.
Бүгінгі күнде әлемнің барлық елдерінде дерлік діни журналистика инфрақұрылымы қалыптасып үлгерген. Профессор Е. Пророрхов «Бұл журналистика діни және клерикалдық ұйымдар құрған дербес басылымдар және теледидар мен радиохабар арналары түрінде, сондай-ақ зайырылы газеттер беттеріндегі, теле және радиожелілер құрылымдарындағы арнайы айдарлар мен айдарлық бағдарламалар түрінде көрініс табуда. Сонымен қатар арнайы діни радио және телеуағызшы кәсібі өмірге келіп, олар жүргізген хабарлар аса ауқымды аудиторияны қамтып отыр», -деп жазады.
Мемлекетіміз Қазақстандағы телеарна, газет пен сайттардың саны біршама көбейгені рас. Телеарналардың ішінен дін жолында өзіндік орны бар «Асыл арна» телеарнасын айтуға болады. «Асыл арна» студиясы (ЖШС) 2007 жылы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелді. Тілі: қазақша, орысша. Меншік иесі: «Асыл арна» студиясы. ЖШС (Алматы қаласы) . Негізгі тақырыптық бағыты: қазақ халқының тарихын, салт- дәстүрін зерделеу, рухани-діни сауаттандыру, ислаи дінінің ағартушылық мүмкіндігін пайдалану туралы хабарлар тарату. Студия 2009 жылы тамыз айынан кабельдік жүйе арқылы республика аумағына хабар тарата бастады. «Асыл арнаның» жеке телеарна ретінде бөлек шаңырақ көтеруі де де осы уақыттан басталды. Бір жылдың ішінде көрерменге қырықтан астам жоба ұсынылды. Олар өзінің тақырыбы жағынан ақпаратттық- сараптамалық, таихи- танымдық, рухани-өмірбаяндық, оқу- аартушылық және әлеуметтік- экономикалық деп бөлінеді. Телеарна ҚР Дін істері агенттігінің қолдауымен және Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасымен бірлесе жұмыс істейді. Сонымен қатар «Қазақстан» ұлттық телеарнасы ұсынып жүрген «Иман нұры», Қарағанды облысының «5 арнасы» үзбей беріп отырған «Ислам нұры» және тағы басқа сол сияқты тәрбиелік мәні зор бағдарламалар қатары толып келе жатыр. Аталған бағдарламалар сұқбат түрінде өтіп тұрады.
Баспасөз беттерінде діннің дұрыс жариялануы бүгінде жіті көңіл бөлінуі тиіс мәселеге айналды. Діни басқарма, мешіттер және өзге конфессиялар туралы діннен хабары шамалы журналистер ойына не келсе, соны айтатын болып жүр. Мемлекеттен бөлінген дінді әркім бір тартқылап, шымшып тиісе беретін оңай олжа деп ойлағанымен, дінге қарата айтылған әрбір сөздің ертеңгі күні салмағы ауыр болуы мүмкін. Сондықтан, журналистер қауымы бұл тұрғыда мәселенің мәнісін, ақ-қарасын жете біліп қана баспасөздің мінберіне шыққаны жөн. Қазақстан тәуелсіз ел болған соң, дін бостандығы жаңа арнаға түсіп, Қазақстан Республикасы өзін зайырлы мемлекет деп жариялады. Конституциямызда: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет ретінде өз азаматтарының заң жүзінде діни сеніміне, таңдауына және ұстану құқығына кепілдік береді.
Тәуелсіздік қарсаңындағы алғашқы құжаттың бірі - 1992 жылы 15 қаңтарда қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» арнайы заң. Аталмыш заңның негізін жасауға еліміздің аумағындағы барлық конфессиялардың өкілдері белсенді қатысты. Заңда Қазақстан Республикасындағы барлық діни бірлестіктердің діни сенім бостандығы мен өзара сыйластық қарым-қатынастарының берік негізі қаланды. Аталмыш заң қазіргі кезге дейін біршама өзгерістер мен толықтыруларға қарамастан, еліміздегі діни жағдай мен үйлесімділікті реттеп келеді. Сонымен қатар мемлекеттің басты заңына сәйкес, діннің және діни бірлестіктердің әлеуметтік қызметтерін реттеудің халықаралық тәжірибелеріне негізделген өзге де бірқатар нормативтік-құқықтық негіздер бар.
2005 жылы Астанада өткен Қазақстан Ассамблеясының ІІ cессиясында Елбасы Құрбан айт пен Православие Рождествоның алғашқы күндерін мерекелік демалыс күндері етіп жариялауды ұсынды. Халық қызу қуаттаған осы бір тарихи оқиғаны желтоқсан айының басында Мәжілістің бір топ депутаттары қолдап, жалпы отырысқа ұсынған еді. Онда «Мерекелер туралы» заңға жедел өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде мәселе көтеріліп, кейін Парламентте қаралып, мерекелік демалыс күндері болып бекіді. Бүгінде бұл діни мерекелер халқымыздың дәстүрлі мерекесіне айналып, жылда республикалық деңгейде аталып өтілуде.
Сондай-ақ Президент бастамасымен 2003, 2006, 2009 жылдары Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезі өтті.
Бүгінде еліміздің дін және мәдениеттер арасындағы сұхбатты қамтамасыз етудегі бірегей тәжірибесі әлемдік қауымдастық үшін ерекше қызығушылық тудырып отыр. Біздің этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісі - Қазақстанның жалпы әлемдік даму үрдісіне қосқан үлесі, өзара түсіністік пен сыйластық орнатудан және де ғаламдық қауіпсіздікті қолдаудан көрініп отыр. Келеңсіз жайттардың бой көрсетуінің бірнеше себептері бар. Өкінішке қарай, біз кешегі жетпіс жылдық дінсіздендіру саясаты кезінде біршама уақыт ислам дінінің тамырларынан ажырап қалдық. Ол кездері ислам діні тек тұрмыстық деңгейде ғана қолданылып келді. Дәстүрлі діни түсінік пен бүгінгі діни тіршіліктің арасында сабақтастық пен сұхбат үзіліп қалды. Оның үстіне елдегі білім беру жүйесінде күні кешеге дейін діни білім беру мәселесі ескерілмеуі тағы бар. Елімізде дін саласының мамандары жеткіліксіз, тіпті саусақпен санарлықтай деп айтсақ та болады. Біз қазір қоғамды дін саласында білімі мықты мамандармен қамтамасыз ете алмай отырмыз. Жалпы, елдегі діни кадрлардың мәселесі бір ғасырға жуық уақыт қордаланып қалған дүние екендігі белгілі. Оның үстіне, дін мамандарын атүсті 4-5 жылда дайындай салу да мүмкін емес. Білімді діни маман дайындау үшін кем дегенде 5-10 жыл керек. Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары жастарымыз топ-тобымен шетелге оқуға жіберілді. Ол кезде азаматтарды қай елге жіберуге болатыны немесе болмайтыны жайлы мәселе күн тәртібіне қойылмады. Оқуға кеткен жастардың ертеңгі күнгі тағдыры көпшілікті толғандырмады.
Бұл мәселеге ең алдымен мемлекет көңіл бөліп, алдын ала жоспар жасалуы керек еді. Өкінішке қарай, біз бұл дертті дер кезінде дұрыстап мән беріп, шетелге кеткен жастарды бақылауда ұстамағандықтан, олардың біршамасы радикалды топтардың ықпалында кетіп, елге келген соң, шетелдік діни топтардың қолшоқпарына айналды. Айтып отырғанымыздай, орын алып жатқан шиеленісті жағдайдың елді ертеңгі күні қанды қырғынға ұшыратып, қазақ халқын өзінің рухани мәдениетінен айырып, бірнеше этникалық топқа бөлері мүмкін нәрсе. Сырттан белгілі бір мүддемен келген діни ағымдар халқымыздың руханияты мен мәдениетін күні ертең қажет етпесі хақ. Бұған мысалды - кейбір мұсылман елдерінде діни білім алып келген өзіміздің азаматтарымыздан көруге болады.
Сонымен бірге діни кітаптар, аудио, бейне материалдарға және шетелдік діни топтардың қолдауымен ашылып отырған ғаламтор сайттары отандық дін мамандары тарапынан сараптама жасалып, құзырлы органдар тарапынан қажет жағдайда тәркіленіп жатқан жоқ. Кітап дүкендеріндегі, көше бойындағы базарларда радикалды діни ағымдардың ықпалында арнайы іріткі тудыру мақсатында жасалған кітаптар, дискілер еркін сатылып келді. Нәтижесінде, бұл жағдай түрлі радикалды діни топтардың пайда болуына әкеп соқтырды.
Діни білім беру саласында елімізде бүгінде Астанада Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Нұр-Мүбәрак» Қазақстан-Египет ислам университеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Түркістандағы Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «дінтану» және «теология» мамандығы бойынша мамандар даярлауда. Тағы бір қынжыларлық мәселе - дінтану мамандығына көбіне басқа мамандықтарға оқуға түсе алмағандар барады. Дінтану мамандығын жүрек қалауымен емес, еріксіз оқып жатқан студенттен келешекте үміт күтудің өзі екіталай. Жан күйзелтерлік ащы шындықтың бірі - белгілі діни ағымдар мен секталардың жетегінде кеткен жастардың тағдыры…
ЖОО-дағы дінтану мамандығына түсудің жүйесін түбегейлі өзгертуді - бүгінгі таңдағы түйткілді мәселелер қатарына қою керек. Дінтану немесе теология мамандықтарына түсушілер ҰБТ-ден кейін қосымша шығармашылық емтихан арқылы қабылдануы тиіс. Шығармашылық емтиханға арнайы комиссия құрылып, олар талапкердің талабы мен пікірін тексеріп, бұған дейінгі діни білімін тексеруден өткізгені дұрыс. Жоғарыда айтылған мәселелерді орта оқу орындары, жоғары оқу орындары және жоғары оқу орнынан кейінгі діни білім беру саласын қадағалайтын арнайы Білім және ғылым министрлігі мен Дін істер агенттігі бірлесе отырып, аталмыш құзырлы мекемелердің жанынан департамент немесе арнайы бөлім құруы қажет. Бұл жұмыс орны елімізде діни білім беретін мекемелердің жұмысын қадағалап, жүйелеп отыруы тиіс. Діни оқулықтар мен әдебиеттердің беталысын байқап, арнайы сараптаудан өткізілуі шарт. Дінге қатысты шаруалар тек мемлекеттік орындардың қатысуымен шешіліп, арнайы органдардың бақылауынан тыс қалмауы керек.
Қазақ қоғамын топтастырудағы ислам дінінің рөлі, ислам діні біздің ұлттық идеологиямызға арқау. Ислам - бейбіт дін. Ол осы қасиетімен баурап алып, қазақтың кең байтақ жерінде тамырын тереңге жайғаны соншалық, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бүгінгі күнге дейін иісі қазақтың бөлінбес еншісіндей болып кетті. Ол да бабаларымыздың қанына сіңген заңдылықтың бір көрінісі. Кеңес өкіметінің құрамында болған зұлмат жылдар ұлтымыздың діни сеніміне елеулі нұсқан келтірді. Тарихымызды бұрмалап, әдебімізді әдепсіздік етіп көрсетуге ұмтылды. Тілімізді тосырқатып, рухымызды басып-жаншып тұншықтыруға, бұрынғы рухани сабақтастықтарымыздан ажыратуға жасаған әрекеттерімен халқымыздың жадынан көптеген құндылықтарымызды өшіріп үлгерді. Әлі күнге сол олқылықтар орнын толықтыра алмай келеміз.
Атақты тарихшы Л. Гумилев: «Бір халықты идеологиялық тұрғыдан жаулап алу, қару қолданып, күш жұмсаудан арзан әрі анағұрлым тиімді» деген болатын. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, ұлтты ұжымдастыруда діннің орны ерекше екендігін көреміз. Дін - қоғамды реттеуші құралдардың бірі, мәдениет пен өмір сүру салтының басты қайнарларының бірі болып табылады. Сондықтан кез келген халықтың рухани, мәдени болмысы дінмен тығыз байланысты. Демек, кез келген халықтың тарихи тағдырында дін шешуші рөл атқарады, оның рухани, мәдени өркендеуінің көкжиектерін айқындайтын басты факторлардың бірі. Сондықтан ата-бабамыз ғасырлар бойы ұстанып келген мұсылман дінінің тарихын, әдеп-ғұрпын, рәсімдерін, шариғат жолдарын оқып-үйрену бәрімізге парыз.
Ақ, адал дінімізді сақтап қалу жолында бұрынғы өткен аталарымыз сан рет бастарын қатерге тіккенін естен шығаруға болмас. Жер шары - ортақ мекен. Оны сақтау адамзат алдында тұрған аса күрделі мәселе. Осы мақсатты алға қойған қаншама ресми институттар оның шешімін таба алмай бас қатыруда. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Астанада 2003 жылғы қыркүйекте өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары құрылтайының ашылуында сөйлеген сөзінде: «Халықтардың, діндердің, мемлекеттер мен үкіметтердің бейбіт қатар өмір сүруі мен сындарлы өзара іс-қимылы туралы мәселе қазіргі кезде ерекше өзекті маңызға ие. Ол таза теориялық аядан аса маңызды практикалық міндеттер қатарына шықты. Сондықтан да көптеген аса көрнекті саяси және діни қайраткерлердің күш-жігерімен, шынтуайтында, байырғы заманнан қазіргі күнге дейін тоқталмаған діндердің, мәдениеттердің, өркениеттердің үнқатысуын жалғастыру ерекше қажет», деген еді.
Бүгінгі қым-қуыт дүниеде бейбітшілік пен ынтымақ күшейіп, дамуы үшін дәстүрлі діндераралық үнқатысу мен төзімділіктің мән-маңызы жоғары. Әлемдік тарихта бұрын-соңды бір үстелдің басында көптеген дін басшыларының бас қосып, үн қатысуы, өздерін толғандырған ойларын ортаға салуы, бір-бірін сабырлылықпен тыңдап, түсінісуіне біздегідей мүмкіндік аз туған. Елбасымыздың бүкіл әлем алдындағы биік беделінің тағы бір көрінісі бұл. Еліміздегі дәстүрлі дін өкілдері арасындағы ортақ келісімдер мен басқосулар осындай ерекшелігімен құнды. Өркениетаралық үндесулердің дамуы мен конфессияаралық диалог мәдениетін қалыптастырудағы бұл оң бастама алдағы уақытта да еліміздің діни жолындағы басымды бағыт болып қала берері сөзсіз.
Ислам діні сан ғасырлардан бері мемлекеттің тірегі ретінде ақыл мен парасаттың, озық ғылым мен ұлы өркениеттің, мәдениет пен татулықтың діні қызметін атқарып келеді. Ата-бабаларымыз таңдаған ұлы жол қай кезде де елді бірлік пен ынтымаққа шақырып, тәрбие мен өнегеге бастады. Салтымызға сіңіп, дәстүрімізге айналды. Қыз ұзату, шілдехана, тұсаукесер, сүндет той, келін түсіру, баланы қырқынан шығару секілді салттарымыздың қай-қайсысы да мұсылмандық таныммен әдемі үйлесуде. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет», «Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без», «Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық» сынды тәрбиелік мақалдардың көпшілігі мұсылмандық этикамен тығыз астасып жатыр. Сондықтан ұлт тәрбиесінің мәйегі болған дініміз алдағы уақытта да осы жүрісінен жаңылмақ емес.
Баршамыз мақтаныш тұтатын кешегі өткен Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Туркістани (1286-1357), Һибатулла әт-Тарази, Хусам ад-дин әс-Сығнақи және басқа да Сығнақ пен Кердер ғалымдары, Тараз бен Отырар ғұламалары, берісі Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп т. б. - бәрі де фиқһта Ханафи мәзһабын, ақидада (сенімде) Матуриди мектебін ұстанған. Сондықтан о бастан сунниттік екеніміз, іс-амалда Ханафи мәзһабы мен сенімде Матуриди жолын таңдауымыз ұлт ретінде ұйысып, мемлекет ретінде дамуымызға тың серпін берген. Ендеше бүгінгі күні дінде де ата-бабамыз салып кеткен сара жолды ұстануымыз аса маңызды.
1. 2. БАҚ және дін насихаты.
Дін насихатпен дамиды демекші, Қазақстан халқына асыл дініміздің құндылықтарын насихаттап жеткізуде аталған бірегей басылымдардың атқарып отырған еңбегі зор. Қазір мектеп оқушысынан бастап еңкейген қарияларымызға дейін «Ислам және өркениет» газеті мен «Иман» журналын сүйіп оқитын болды. Қазақ жерінде қайта бой көтере бастаған дінімізбен бірге халық санасы да исламға бұрылып, жас та, кәрі де діни басылымдарды оқу керектігін түсіне бастады. Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарындағы дін насихаты бұл күрделі тақырып. Бұған бір жақты баға беру де, пікір білдіру де қиын. Себебі, қай мерзімді басылымды, телеарналар мен радио бағдарламаларын алсаңыз да әрқайсысы дін тақырыбын ең алдымен оның басшыларының дінге деген көзқарасына орай тартылған авторлары мен телерадио хабарларын жүргізушілерінің діни-танымдық деңгейінде жүйелі емес ішінара болса да көтеріп келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz