Қазақстанның мемлекеттік бюджеті
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ . ТАПШЫЛЫҒЫ МЕН ҚАРЫЗ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ...8
1.3 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ МЕН ЖОБАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР.І ... ... ... ... ... ...12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ПАЙДАЛАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.1 ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ БЮДЖЕТТІҢ ПАЙДАЛАНУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы-Қазақстанның мемлекеттік бюджеті. Мемлекеттік бюджет ол үкіметтің басқармасындағы, ірі орталық ақша қоры болып табылады.
Өкіметтің таңдап алған экономикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуында алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономикалық және әлеуметтік реттеуін асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі – қоғамның қаржы жүйесі.
Курстық жұмыстың өзекті мәселесінің бірі ол қаржы жүйесінің ең маңызды саласы – мемлекеттік бюджеттің болуында. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет мемлекет органдарына жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік беріп, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді.
Бюджеттің рөлі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету және де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.
Мемлекеттік бюджеттің мақсаттары- экономикалық өсімнің тұрақты қарқындарын ұстауға жәрдемдесу; халықтың әл-ауқатын арттыру; мемлекет функциясының толық көлемі орындалу қамтамасыз етілетін деңгейде шығыстарды қолдау.
Мемлекеттік бюджеттің маңызы- мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механикалық жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады.

1. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-11 жаңа Бюджет Кодексі.
2. “Бюджет жүйесі туралы” 1999 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы.
3. “Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау туралы” 2002 жылғы 29 қаңтарыңдағы Қазақстан Республикасының Заңы.
4. Финансы. Учебник. //под редакцией Радионовой В.М. –М., 1995. –432 с.
5. Худяков А. Финансовые право Республики Казахстан (Общая часть). –Алматы, 1995. –224 с.
6. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. Учебник. -Алматы, 1997. –472 с.
7. Государственной бюджет. Учебник. // Ильясов К.К и другие –Алматы, 1994. –267 с.
8. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1998 жылы 19 сәуір.
9. Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система: экономическое содержание и механизм использования. –Алматы, 1995. –160 с.
10. Эсберг К.Т. Курс финансовой науки. –Санкт-Петербург, 1913. –113 с.
11. Мельников В.Д., Ильясов К.К Финансы. Учебник. –Алматы, 2001. –512 с.
12. Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының 2004 –2006 жылдарға арналған индикативтік жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 926 қаулысы
13. Воронин А.Г., Лапин В.А., Широков А.Н. Основы управления муниципальным хозяйством. –СПБ., 1992. –540 с.
14. Пояснительная записка к проекту Закона Республики Казахстан “ О республиканском бюджете на 2005 год”. Постановление Правительства от 31 августа 2004 года № 20/5532.
15. Брачева Т.В. государственные финансы. Учебное пособие. –СПб.: Питер, 2001. –288 с.
16. Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының 2005 – 2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы №917 қауылысы.
17. Хурсевич С.Н. Использование нормативного подхода организации бюджетного выравнивания. //Финансы. –1996. -№10. –С. 7-9.
18. Финансы. Учебник для вузов. //Под ре. Л.А. Дробзиной. –М., 2000. –257 с.
19. Бол Рой, Иохинес Ф.Ли. городские общественные финансы в развивающихся странах. –Нью-Йорк, 1992.
20. Ким И. Роль бюджета в развитии экономики и культуры. –Алматы77, -1967.
21. Баймуратов У.Б., Зейнельгабдин А.Б., Жансарбаев Б. Проблемы совершенствования механизмов налогово – бюджетного регулирования. //Экономические реформы: особенности переходного периода. В 2-х томах /под ред. Мамырова Н.К. Том 2. –Алматы: Экономика – 1999 –С. 96-105.
22. Алимбаева А.А., Утешев С.Б., Ахметов С.Н., Таубаев А.А. Региональная социально-экономическая система. –Караганда: Санат, 2002, Том 2. 409 с.
23. Исентаев Г.К. Особенности стратегического планирования регионов. //Реалии и социально-экономического развития Казахстана. /Сборник научных трудов. Отв.ред. Мамыров М.К. –Алматы: Экономика, -1999. –С.143-148.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .3
1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ - ТАПШЫЛЫҒЫ МЕН ҚАРЫЗ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ҚҰРАЛЫ
РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .5
1.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ...8
1.3 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ МЕН ЖОБАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР.І ... ... ... ... ... ... 12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ,
ПАЙДАЛАНУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1 ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ БЮДЖЕТТІҢ ПАЙДАЛАНУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

... ... ... ... ...17
2.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...28
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...30
КІРІСПЕ
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы-Қазақстанның мемлекеттік бюджеті.
Мемлекеттік бюджет ол үкіметтің басқармасындағы, ірі орталық ақша қоры
болып табылады.
Өкіметтің таңдап алған экономикалық саясаты негізінде жасалынатын
әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуында
алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке
өзінің экономикалық және әлеуметтік реттеуін асыруға беретін аса маңызды
механизмдердің бірі – қоғамның қаржы жүйесі.
Курстық жұмыстың өзекті мәселесінің бірі ол қаржы жүйесінің ең
маңызды саласы – мемлекеттік бюджеттің болуында. Осы қаржы жүйесі арқылы
мемлекет мемлекет органдарына жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік
беріп, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржы қорларының
құрылуына ықпал етеді.
Бюджеттің рөлі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық
қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет
мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады.
Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық
тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту,
әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету және де
экономиканың нақты секторының дамуын қолдау сұрақтарын шешу бюджетке
негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің
элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік
саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық
қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.
Мемлекеттік бюджеттің мақсаттары- экономикалық өсімнің тұрақты
қарқындарын ұстауға жәрдемдесу; халықтың әл-ауқатын арттыру; мемлекет
функциясының толық көлемі орындалу қамтамасыз етілетін деңгейде шығыстарды
қолдау.
Мемлекеттік бюджеттің маңызы- мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын
ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы
жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механикалық жиынтық
ұғымы ретінде қарауға болады.
Мемлекеттік бюджеттің ресурстары мен олардың қалыптасуы, борыштың
түрлері, қозғалысы, бюджетті дұрыс пайдалану – қайта өндіру процесінің
жүзеге асырылуының аса маңызды құралы, жұмыстың негізгі объектісі болып
табылады. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаның орындалуына, қоршаған
аймақты қорғауды қамтамасыз етілуіне, ғылыми – техникалық процесті
жетілдіруге, қорғаныс саласының дамуына және басқа да мемлекеттік
қызметтерді орындауға шарттар жасалынады. Сондықтан шаруашылық механизмінің
бюджеттік қатынастарды дамытпай, ғылыми жетілген бюджетті саясат
орындалмай, бюджеттік процесті басқаруының эффективті жүйесі болмай дұрыс
жұмыс істеуі болмайды.
Курстық жұмыстың құрылымына келетін болсақ, жұмыс екі тараудан
тұрады және әр тарауда бірнеше бөлімдер қамтылған. Сонымен қатар негізгі
тақырыптардан кейін қысқаша қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімі
жазылған.
Бірінші тарауда, жалпы мемлекеттік бюджеттің ролі мен олардың
ортасы, маңыздылығы туралы толық мәліметтер берілген. Сол сияқты,
Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформалауы қоғамдық қаржы
жүйесінің қайта құрылуы қай бағыттарда болатынына, мемлекеттің бюджеттік
саясаты заман талаптарына сәйкестігіне тәуелділігін айқын көруге болады.
Ал екінші тарауда, Қазақстанның бюджет саясаты мен оның қалыптасуы,
проблемалары және оны пайдалануы мен ерекшеліктері туралы жазылған.
Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда. Ол жыл
сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының
орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық
қатынастардың жүйесі болып табылады.
Қалыптастыру өз кезегінде мақсаттардың, приоритеттердің жолдарын және
оларға жету құралдарын анықтаудың ғылыми негізделген процессі. Тәжірибеде
ол жоспар құру арқылы жүзеге асады. Оның негізгі ерекшелігі көрсеткіштердің
нақтылығы, олардың сандық және уақыт бойынша анықталғандығы болып
табылады.
1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ - ТАПШЫЛЫҒЫ МЕН ҚАРЫЗ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Бюджет – мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың
шешімдерімен бекітілетін, мемлекет өз міндеттерін қамтамасыз етуіне
арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен
жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң
актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын
орталықтандырылған ақша қоры.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде өіне
тән объективті сипаты бар. Оның дербес бөлу сала ретінде бар болуы дамуы
орталықтандырылған сәйкес ресурстарға мұқтаж болатын қоғамдық өндіріспен
алдын-ала объективті анықталған.
Ақша құралдарының орталықтануы барлық халық шаруашылығы масштабындағы
қорлардың іркіліссіз айналымын ұйымдастыру және экономиканың барлық
салаларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуі үшін қажет.
Айрықша бюджеттік саланың құндылық бөлінуінің бар болуы тағы табиғат пен
мемлекет функцияларымен шарттасылған. Соңғысы тез қарқынмен дамып жатқан
салаларды қаржыландыру үшін, қоғамдық масштабта әлеуметтік-мәдени шараларды
өткізу үшін, қорғаныс саласындағы мәселелерді шешу үшін, мемлекеттік
басқарудағы жалпы шығындарды өтеу үшін орталықтандырылған қаражаттарды
қажет етеді. Сол сияқты мемлекеттік бюджеттің бар болуы - адамдардың
субъективті қалау емес, ол кеңейтілген қайта өндірудің қажеттіліктерімен,
табиғат және мемлекет функцияларымен анықталған объективті қажеттілік.
Мемлекеттік бюджетте мемлекетпен жүзеге асырылатын қаржылық
орталықтандыру қағидасы нақты қолданған. Орталықтандырылған қаржылық
ресурстар мемлекеттің өндірілетің жоспарланған қарқынын және
үйлесімділігін, салалық және территориялық құрылымын дамытуға, бірінші
кезекте экономика салаларының прогрессивті дамуына қажетті мөлшердегі
қаржыларды қалыптастыру, ірі әлеуметтік жаңғыртуларды жүзеге асыруды
қамтамасыз етеді. Қаржылардың орталықтанылуы арқасында мемлекеттің
экономикалық және әлеуметтік саясатының табысты жүзеге асуына жағдайлар
дайындап, қаржылар экономикалық және әлеуметтік дамудың шешімді
телімдерінде шоғырланады.
Қаржылық қайта бөлудің ерекше бөлімі ретінде мемлекеттік бюджет қезіндік
қоғамдық арнаулы қызметін атқарады – жалпы мемлекеттік қаржыларды
қанағаттандырады.
Бюджет қатынастары арқасында ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету және
қоғамдық өндірістің салалық және территориялық құрылымдардағы жоспарланған
жылжытуларға жетумен байланысты өндірісті дамыту шығындары өтелінеді; жалпы
мемлекеттік масштабтағы резервтік қорлар құрылды; өндіріске қатысты емес,
жалпы басқару шығындары өтелінді; ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру
және еңбекке жарамсыздарды асырауға арналған қорларды құруға кеткен
шығындар, мемлекет шекарасын қорғауға кеткен шығындар, Қорғаныс күштерін
асырауға, интеграцияның және басқа да дамуларға кеткен шығындар іске
асырылады.
Көріп отырғандай, мемлекеттік бюджет қаржылық қатынастардың аңықталған
жиынтығы ретінде жалпы қаржы категорияларына тән сипаттарға ие болады:
бюджеттік қатынастардың бөлу сипаты; әрқашанда ақша түрінде іске асырылады;
қалыптастыру және арнаулы ақшалай қорлармен еріп жүреді. Сонымен қатар,
мемлекеттік бюджет құндық бөлудің өзіндік саласы ретінде келесімен
сипатталады:
Мемлекет қолындағы кері өнім құны бөлшегінің және жалпымемлекеттік
қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлу
қатынастарының экономикалық түрі болып табылады;
Құндылық тұтынуға кіретін өндірістік емес саланың қаржыларын және құру
мен құнның өндірістік тұтынуымен байланысты қоғамдық қызмет салаларымен,
экономика секторларымен, ел территорияларымен, халық шаруашылығы салалары
арасындағы құндылықтарды қайта бөлуге бағытталған;
Қоғамдық өнімнің тауарлы түріндегі қозғалысымен тікелей байланысты емес
және одан белгілі айырудағы бөлудің құндылық сатысын білдіреді. Сол уақытта
материалды өндірісте және өндірістік емес саладағы қаржылық қатынастар
тауар-ақша қатынастарымен тығыз байланыста болады;
Қоғамдық өнім құнының бюджеттік бөлу түрлері және пропорциялары қоғам
дамуының әрбір кезеңінің алдында мақсаттармен жалпы кеңейтілген қайта
өндірудің қажеттіліктермен анықталады;
Бюджеттік бөлу саласы қаржы-несие жүйесінің басқа салаларымен
салыстырғанда алдыңғы қатарда жүріп, орталық орынды алады.
Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда.Ол жыл

қатынастардың жүйесі болып табылады. Мемлекеттік бюджет орталықтандырылған
және облыс, аудан, қала бюджеттерінен тұратын жергілікті бюджет болып
бөлінеді.Нысаны бойынша мемлекеттік бюджет баланс сияқты болып келеді. Оның
кірісті бөлігіне салық,салықтық емес түсімдер жатады,ал шығысты бөлігіне-
әлеуметтік қызметтерге кеткен шығындар, шаруашылық қажеттіліктері
(кәсіпорындарға дотациялар, субсидиялар,мемлекеттік бағдарламаларды іске
асыру үшін кеткен шығындар), мемлекеттік өкімет пен басқару органдарын
қамтамасыз етуге кеткен шығындар,мемлекеттік қарыз бойынша төлемдер және
т.б. Мемлекетте салық салу шарттарын қою мүмкіндігі бар болғандықтан, ол
жалпы сұраныс пен ұсыныстың көлеміне белсенді әсер ете алады.
Мемлекеттік баланс концепциясы барлық мемлекеттік шығындар мен
кірістердің сомаларының теңдігін қарастырады.Алайда тәжірибеде бюджеттің
шығысты бөлігі кіріс мөлшерінен асады. Ең бастысы екеуінің арасы өте алшақ
болып кетпеу керек. Көбінесе дефицитті немесе тапшылықты жабу көздерін
ішкі және сыртқы қарыз деп бөледі. Сыртқы қарыз көмегімен жабылатын жалпы
тапшылық қаражаттарды қолдануды жоспарлаумен байланысты бағаланады. Елдің
ішіндегі шығындарды үлкейтуге бағытталған сыртқы қарыз мемлекет
экономикасына ынталандырушы әсер етеді. Егер де сыртқы қарыз шетелде
шығындардың өсуіне әкелсе, онда ол ішкі сұранысқа әсер ете алмайды.
1.Сурет – Ішкі қарыз динамикасы
Қаржыландырудың ішкі көздеріне Ұлттық Банктен, коммерциялық банктерден
және банктік емес сектордан алынған қарыз жатады. Ұлттық банктен алынған
таза қарыз ақша массасының көлемін (қарыздың жалпы сомасы мен сол бойынша
қайтару немесе қайтарым қарыз сомасының арасындағы айырым) ұлғайтады.
Мемлекеттік бюджет жалпы шығын мен табысқа әсер ететін экономикалық
факторларды анықтауда басты рольді атқарады. Яғни, бюджетті құрайтын
табыстың, шығыстың және басқа да қаржылық баптардың болжамы керек. Табысты
болжамдауда экстрополяция әдісін қолдануға болады, бірақ мұндай есептеудің
нәтижелері нақты болмауы мүмкін,өйткені ол салықтық база эволюциясын
есептемейді, бұрынғы даму негізіне базаланады. Нақтырақ болжамға
функционалды тәуелділіктерді құру арқылы жетуге болады. Мұндай құрылым
дезагрегировалық деңгейі туралы шешім қабылдауды және де сәйкесінше есепті
салықтық базаны таңдауды талап етеді. Негізгі салықтық категориялар
арасындағы айырмашылықтарды талдау керек және егер де салық топтарының
базалары едәуір ерекше болса, онда бұл салық топтарын дезагрегировалау
керек.
Қосылған құн салығы үшін салықтық база болып қосылған құн мөлшері
табылады, табыс салығы үшін – салық салынуға жататын пайда сомасы, акциз
үшін- акциз қойылған тауарлар сатылымының сомасы, және т.б.
Салық сомасының өсімшесі салық базасының және де салық салудың да
(мысалы,салық қойылымдарының өсуі) өсуімен байланысты болуы мүмкін.
Өзгерудің бірінші түрін автоматты әсер, ал екінші түрін дискреционды деп
атауға болады.
Автоматты әсер икемділік коэффициенті көмегімен өлшенеді.Мысалы:
салықтық табыс өсімшесінің қарқыны мен ЖІӨ өсімшесінің қарқыны арасында
қарым-қатынас құрылсын. Және салықтық жүйе салыстыру мерзімі ішінде
өзгермеді деген шарт қойылсын.
Дискрециондық әсерді есептеу үшін қай жылы салықтық жүйе өзгертілгені
туралы ақпаратқа ие болу керек және осы өзгерістердің салықтық табыс
сомасына әсер етуінің абсолютті шамасын анықтау қажет. Бұл мақсат үшін
пропорционалды корректировка әдісі қолданылады.Бұл әдіс фактілі салықтық
түсімдерге және дискрециондық шаралардың әсер етуінің есептелген деңгейіне
негізделген. Салықтық емес түсімдерге мүлікті қолданғанынан түскен табыс,
баждар және жинақтар кіреді. Бұлардың мөлшерлерінің болжамы осындай әдіспен
және де қаржыландыратын ұйымдардың ақпараттарына негізделу арқылы
есептеледі.
Мемлекет табыстарына қарағанда өкіметтік шығындарды болжамдауда олардың
деңгейін анықтау мүмкіндіктері аз (тек жай ғана экономикалық қатынасқа
сүйене отырып). Бұл мемлекеттік шығындар бойынша шешім қабылдау процесінің
саяси табиғатының салдары болып табылады. Бірақ та шығыстардың экономикалық
классификациясының шегінде кейбір негізгі көрсеткіштердің эндогенді
анықтамаларын қарастыруға болады.Мысалы: несие бойынша пайыз төлемдері
олардың мөлшерімен және мемлекеттік қарыздың көлемімен анықталады.
1.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ
2. Сурет - Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Бюджет жүйесі ең алдымен, мемлекеттің құрылымымен анықталады. Унитарлық
мемлекеттердің бюджет жүйесі екі буынды қамтиды: республикалық және
көптеген жергілікті бюджеттер. Ал федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі
үш буыннан – федеральды бюджет немесе орталық үкіметтің бюджетінен,
федерация мүшелерінің бюджетінен (АҚШ-тағы штаттардың, Германиядағы
жерлердің, Канададағы провинциялардың, Ресейдегі Федерация
субъектілерінің), жергілікті бюджеттерден құралады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен
сәйкес құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді
қамтиды. Бюджеттің әр түрлі деңгейлері жиынтығында мемлекеттік бюджетті
құрайтын республикалық және жергілікті бюджеттердің болуын көздейді.
Республикада келесі деңгейлердің бюджеті бекітіледі, орындалады және
дербес болып табылады:
1. республикалық бюджет;
2. облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеті;
3. ауданның бюджеті (облыстық маңыздағы қала бюджеті).
Республикалық бюджет салықтық және басқа да түсімдерден құралатын,
орталық мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері
мен функцияларын орындауды және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық
бағыттарын жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған
орталықтандырылған ақша қоры. Облыстық бюджет, республикалық маңыздағы
қала, астана бюджеті салықтық және басқа да түсімдерден құралатын,
облыстық, республикалық маңыздағы қала, астана деңгейіндегі жергілікті
мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері мен
функцияларын орындауды және сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік
саясатты жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған
орталықтандырылған ақша қоры. Ол сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктегі
маслихат шешімімен бекітіледі.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті
1. Осы Кодекспен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті
мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік
мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және
тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске
асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар
қала) бюджеті болып табылады.
2. Тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала)
бюджеті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет
1. Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті
бюджеттердің негізінде қалыптастырылады және Қазақстан
Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.
2. Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
3. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс
жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және
оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып табылады.
4. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан
Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.
5. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті
қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер
туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.
6. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген
мерзім ішінде қолданыста болады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы
тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиісті
қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы
мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай
енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді.
8. Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір
мезгілде төтенше жағдай енгізу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге
және республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін
болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив
түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспғанда, өзге де
мүлік түріндегі активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып
табылады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-
экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердің және,
материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына,
экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы
факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру
функцияларын жүзеге асырады. Жинақтау функциясы қаржылық активтердің
және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің
қорлануын қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру функциясы шикізат ресурстарына
әлемдік бағаның конъюнктурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін
төмендетуге арналған.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану
дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы,
мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, республиканың
әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте
макроэкономикалық және фискалды тұрақтылық және Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып
айқындалады.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімі мен жұмсалуы ұлттық және
шетелдік валюталармен жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
операциялар жөніндегі есебі мен есептілігі ұлттық валютамен жүзеге
асырылады. 6.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының
Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Мемлекеттік бюджет
республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы өзаратөлем
операцияларын ескермегендегі олардың жиынтығы болып табылады. Сонымен,
бюджет жүйесінің жұмыс істеуі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара
байланысына негізделген және оларды жасақтау, қарау, бекіту, орындау,
бақылау тәртібімен, сондай-ақ, республикалық және жергілікті бюджеттердің
орындалуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесін ұйымдастыру
келесідей негізгі қағидаларға сүйенуі тиіс: біртұтастық қағидасы
ұйымдық-экономикалық орталықтандырылған бюджет жүйесін көрсетеді;
толықтылық қағидасы бойынша үкіметтің барлық қаржылық
операцияларының бюджетте жинақталған және барлық түсетін табыстар
мен жұмсалған шығындарды білдіреді; нақтылық қағидасы қаржылық
операциялардың бюджеттегі нақты көрінісін, бюджеттік бұрмалаушылықты
болдырмау қажеттілігін қарастырады; жариялылық қағидасы бойынша
бюджеттердің шығындары мен табыстары туралы мәліметтер баспасөз
беттерінде жарияланады. Дегенмен, қазіргі кезеңде Қазақстанның бюджет
жүйесінде осы қағидалар толық орындалып отыр деп тұжырым жасауға
болмайды. Бүгінгі күні бюджет жүйесіндегі бюджетаралық қатынастардың
реттелмегендігі күрделі мәселелердің біріне айналды. Сондықтан
бюджетарлық қатынастарды жетілдіру мәселелеріне жеке бөлім арналып отыр.

МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Республикалық бюджет жобасын дайындау үшін Қазақстан
Республикасының Президенті бюджеттік комиссияны құрайды. Бұл комиссия
Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрілігімен енгізілген
республикалық бюджет жобасының негізгі болжамдық көрсеткіштерін
қарастырады.Бюджеттік процесте басты роль Қаржы Министрлігіне келеді. Ол
ҚР-ның Президентінің жыл сайын халыққа үндеуін ескере отырып, территория
дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларына және елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарының негізгі
параметрлеріне негізделе отырып алдағы үш жылдық мерзімге мемлекеттік
бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін жасайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда
елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімдік (бес жылдық) және
ағымдағы (жылдық) индикативті жоспарлары құрылуда.Қоғамдық іс-әрекеттердің
барлық аспектілерінің стратегиялық жоспарлануы және реттелуі бойынша
практикалық жұмыстарды өкіметтің атқарушы органы Қазақстан Республикасының
Үкіметі жүзеге асырады.Экономиканы реттеуге және жоспарлық жұмысқа тікелей
қатысатын ҚР Үкіметінің жұмысшы органдарының жүйесіне, ең алдымен,
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін жатқызамыз. Бұл
Министерства ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында қарастырылатын квартал
сайын “Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
қорытындысы” атты доклад құрайды. Мұнда аналитикалық және кестелі-
графикалық материалдармен көрсетілген есепті мерзім ішіндегі экономика
дамуының тенденциясына көңіл бөлінеді, қалыптасқан негативті факторларды
шешудің жолдары көрсетіледі, және де алдағы кварталға экономикалық дамудың
болжамы беріледі. Материалдар Министерствалар мен Агенстволардың,
облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, отандық және шетелдік
эксперттердің ақпараттарына негізделеді.
Индикативті болжамды көрсеткіштерімен салыстыра отырып экономиканың
фактілі көрсеткіштерінің мониторингісі жүргізіледі. Пайда болған
өзгерістердің негізінде ауытқудың себептері талданады және оларды жақсарту
бойынша ұсыныстар беріледі.
ҚР-ның экономика және бюджеттік жоспарлау Министерствасы басқаруды
жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.Және заңдамамен
көрсетілген аяда ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі
бағыттарын, ҚР-ның стратегиялық жоспарын және ҚР-ның әлеуметтік-
экономикалық дамуының индикативті жоспарын жасаудың сала аралық
координациясын басқаруды жүзеге асырады және ортамерзімге мемлекеттік
бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және сәйкесінше қаржылық жылға
республикалық бюджет жобасын құрастырады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі
бағыттарын жасаумен ҚР-ның экономика және бюджеттік жоспарлау
Министерствасының құрылымдық бөлімшесі болып келетін экономикалық саясат
және индикативті жоспарлау Департаменті айналысады.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштерінің нақты тізімі өкілетті
органмен анықталады, яғни ол ҚР Қаржы Министрлігі және ҚР Ұлттық
Банкісімен келісіп жұмыс істейтін, Қазақстан Республикасының экономика және
бюджеттік жоспарлау Министрлігі.
Республикалық индикативті жоспарды жүзеге асыру екі кезеңнен тұрады.
Бірінші этапта алдағы қаржылық жылға республикалық және жергілікті
бюджеттердің жоспарларының және алдағы үш жылдық мерзімге мемлекеттік
бюджеттің болжамды көрсеткіштерінің құрылуының негізі болып табылатын
Республикалық индикативті жоспар жасалынады.
Министрлік орталық және жергілікті басқару органдарына,басқа да
мемлекеттік органдарға, және де ұлттық компанияларға республикалық
индикативті жоспар Баяндамасының құрылымы мен көрсеткіштерінің тізімін,
формасын жібереді. Одан кейін Министрлік алдағы үш жылдық мерзімге
арналған экономика дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамын
жасайды және оны Республикалық бюджеттік комиссияға қарастыруға жібереді.
Республикалық индикативті жоспардың Маңызды көрсеткіштерінің болжамы
бюджеттік комиссиямен қолдауы жасалғаннан кейін Министірлік үш күндік
мерзімде орталық және жергілікті атқарушы органдарға, басқа да мемлекеттік
органдарға, және де ұлттық компанияларға жоспардың көрсеткіштерін қайта
жібереді.
Екінші кезеңде елдің экономикасының дамуының болжамдық бағаларының нақты
анықталуы және бюджеттік комиссиямен қарастырылғанын ескере отырып,
бөлімдердің корректировкасы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында бюджеттің құрылуы бюджеттік заявкалардың
қосылуына және бюджеттік ұйымдар арасында шектеулі қаражаттың ары қарай
нақты бөлінуіне келіп тоқталуда. Нәтижесінде өз кезегінде төлемсіздік
тізбегін әкелетін, несиелік қарыз тудыратын,”нақты емес” бюджет құрылатын.
Әсіресе, арнайы шоттар мәселесін айта кету керек. Олардың бар болуы тиімді
жоспарлау сұрағын бұзатын: тәжірибеде арнайы шоттар арқылы бір соманы
қабылдау кезінде мемлекеттік органдар қосымша пайда алатын, сөйтіп, олар
коммерциялық іс-әрекетке бағытталған және, көбінесе, өздерінің негізгі
функцияларына тиімсіз жұмыс істеген.
Сонымен, бюджетті құру процессі мемлекеттің нақты мәселелерін шешуге
көмектеспеді және де ең бастысы қабылдау керек болған шаралардың, және іске
асыруға жататын бағдарламалардың қаржылық қамтамасыз ету сұрақтарын
шешпеді. Бюджетті құру және қабылдау кезінде бағдарламалық приоритеттер
есептелмеген жағдайда, елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мәселесін шешу өте қиын.
Мысалы, осы жылдың бірінші кварталында мемлекеттік бюджеттен әр түрлі
бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін 264,9 млрд.теңге шығындалған.
Бұл көрсеткіш жылдың алғашқы үш айында әубастан жоспарланған шығынның
сомасынан 80% аз шаманы құрайды. Айта кететін жайт, бұл жерде тек қана
қажетті, бірақ жоспарланбаған нәрселерге бюджеттік қаражаттың шашылуы
туралы айтылып тұрған жоқ,сонымен қатар облыстық өкілдердің республикалық
бюджеттік комиссия алдында айқай-шумен қорғаған бағдарламаларының
қаржыландырылусыз қалды деген сөз.Қаржы Министрлігігің есебі бойынша мұндай
қаржылық диетадан зардап көргендер отынды-энергетикалық комплекс және жер
қойнауын қолдану (мұнда бірінші кварталда жоспарланған істің тек жартысы
ғана қаржыландырылған), ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған
ортаны қорғау (60%-дан аз), мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық
кеңістік (70%-дан аз).
Көптеген аймақтарда бірінші кварталда өздерінің "аймақтық" қаражаттарын
дұрыс қолдана алмаған. Бұл жерде көзге түскендер, олар Батыс Қазақстан,
Қарағанды және Жамбыл облыстары, сонымен қатар Астана және Алматы қалалары.
Бұнымен қатар басқа барлық аймақтарда қазна табысы бюджетті құрған кезде
жоспарланғаннан көп болып шықты. Нәтижесінде, алғашқы үш ай қортындысы
бойынша барлық аймақтарды қоса алғандағы фактілі табыстары шығындарынан
асып түсіп, 22 млрд.теңгені құрады.
Бұл жоспарланбаған миллиардтар ең бастысы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігінің көп штаттарына және оның аймақтық бөлімшелеріне
қарамастан, ҚР-да сапалы бюджеттік жоспарлаудың жоқ екенін дәлелдейді.
Жалпы елде 1999 жылдан бастап жоспарлаудың жаңа жұмыстары жүргізіле
басталған. Жаңа әдістер мен процедуралар бюджеттік қаражатты тиімді және
нәтижелі босатуға көңіл аударумен бюджеттік жоспарлау процесіне енгізілді.
Бұл, ең бастысы, қойылған мемлекеттік мақсатқа жету үшін қажетті осы
мақсаттардың табыс көлемімен есебін, жоспарланатын жүйе үшін басты
мақсаттарды шешуге бағытталуын, ресурстардың бір қалыпты концентрациясын,
салық төлеуші қаражаттарының мүмкіншіліктерін және басқа да мемлекеттік
табысты жалпы мемлекеттік бағдарламамен өлшемдеуді талап етеді.
Бюджеттік жоспарлаудың жақсаруына республикада бюджеттік бағдарламалау
әдісінің енгізілуі ықпал етті. Бұл әдіс бағдарлама әкімшіліктері арасында
ресурстарды бөлу, мемлекеттік приоритеттерді басқару мен құру үшін негіз
болып табылады. Сонымен қатар бюджеттік бағдарламалаудың артықшылығы
құрылатын бюджеттің негіздемелі болуын қамтамасыз ету, бағдарлама
жасалуының нәтижесіне көңіл бөлу; транспарантты ақпаратты қоғамға көрсете
алу мүмкіндігін ашу және есепберудің жоғары болуы болып табылады.
Кесте 1- Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті ЖІӨ-ге пайызбен
2002 2003 2004 2005 2006
Борышты өтеуге 1,0 0,8 0,6 0,4 0,3
қызмет көрсету
Дефицит(-) -0,3 -1,0 -0,3 0,6 0,8
Профицит(+)
3.Сурет - Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті ЖІӨ-ге пайызбен
Ішкі мемлекеттік борыш - Қазақстан Республикасы өкіметінің, жергілікті
атқарушы органдарының және Ұлттық банкінің Қазақстан Республикасының
қарызгер-резиденттері алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздар мен басқа да
борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борыштың құрамдас бөлігі.
Мемлекеттік ішкі борыштың нысандарына мыналар жатады:
- бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алынған кредиттер бойынша Ұлттық
банкке берешек;
- облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарумен рәсімделген
халықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған қарыздар бойынша
борыш.
Қазақстан Республикасының жалпы қарызының ішінен ішкі қарыз динамикасын
мына 1-кестеден көруге болады.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ПАЙДАЛАНУ

Кесте-2 Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы
Республикалық бюджет Жергілікті бюджет
2004 жылғықоры-тбір жылға 2005 жылғықоры-тбір жылға
ын- бекітілген1 қаңтарғаын-дысбекітілген
1 қаңтарғадысы-нбюджетке кассалық ы-на бюджетке
кассалық а кассалық атқарылуы,%-бен кассалық
атқарылуы,%-бен атқарылуынмлн.теңге атқарылуын
млн.теңге ың %-ы ың %-ы
1 2 3 4 5 6 7
Түсімдер 722034 100,0 101,7 486289 100,0 104,4
Табыстар, оның 649000 89,9 101,7 355676 73,1 104,2
ішінде:
Салық түсімдері603396 93,0 104,0 343855 96,7 104,4
Салықтық емес 39348 6,1 76,4 5575 1,6 86,8
түсімдер
Капиталмен 6256 1,0 94,6 6246 1,8 111,5
жасалатын
операциялардан
түскен табыстар
Алынған ресми 57630 8,0 100,0 122926 25,3 107,2
трансферттер
Кредиттерді 15404 2,1 106,7 7696 1,6 76,5
қайтару
Шығыстар 768935 100,0 97,0 479119 100,0 99,5
Шығындар, соның730459 95,0 97,1 471957 98,5 99,8
ішінде
Жалпы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz