Қожа Ахмет Иассауи поэзиясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік қоғам кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Қожа Ахмет Иассауи поэзиясы
Орындаған: ИИТ-03-1 тобының студенті
Абдильдин А. А
Қабылдаған: Жұмансұлтанов Ә. Ж
Қарағанды 2005
Мазмұны
Кіріспе
І ТАРАУ
Қожа Ахмет Иассауи сопылық поэзиясының ерекшеліктері
ІІ ТАРАУ
«Қожа Ахмет Иассауи дәстүрлері қазақ поэзиясында»
ҚОРЫТЫНДЫ
Кіріспе
Түп тамыры Көк түрік жырларынан басталатын қазақ әдебиетінің тарихында Ислам дәуіріндегі Иассауи әдебиеттің ең ірі өкілі Қожа Ахмет Иассауидің алар орны ерекше XII - ғасырларда туындаған «Диуаны Хикмет» өлеңдер жинағы түркі әдебиетінің, одан енші алған қазақ әдебиетінің жазба поэзиялық үлгісі болып табылады. Орта ғасыр түркі әдебиетінде Қ. А. Иассауи қалыптастырған сопылық әдебиет түркі ұлысынан тараған көптеген ұлтардың кейінгі дәуір ұлттық әдебиеттеріне ұласып, қазақ әдебиетінің тарихында да өшпес із қалдырды. Қожа Ахмет Иассауи хикметтері арқылы барша мұсылман қауымының қасиетті ілімі- сопылықты тұңғыш рет түркі тілінде сөйлетті. Бүтіндей бір дүниетанымның белгілі бір философиялық бағыттық, түбегейлі діни салттық бір шығармаға арқау болуы орта ғасыр түркі әдебиеті үшін орасан зор жаңалық еді. «Диуаны Хикметте» Алланың бірлігі, пайғамбардың хақтығы, құранның шындығы жан-жақты түсіндіріліп, терең де нәзік жырланған. Еш нәрсеге қарайламауға, дүние игіліктеріне, байлық-мүлікке қызықпауға, нәпсіні тәрбиелеуге үндейтін, Аллаға табынудың ең жоғарғы сатысы саналатын сопылық ілімнің қыр-сыры поэтикалық тілмен сипатталған.
Ұлттық руханиятымыздың алтын қорынан орын алған «Диуаны Хикметтегі» Иассауи танымы мен дәстүрлі қазақ хандығы қалыптасқаннан кейінгі дәуір әдебиетімізде қалай жалғасып, қаншалықты деңгейде көрініс тапты? . . .
Барша түркі жұртшылығын ықпалына алған Иассауидің имандылық ілімі қазақтың жеке ұлт болып қалыптасқан кезеңіндегі поэзиясынан із-түзсіз жойылып кетпегені анық, Иассауи жырлаған жақсылық пен жамандық, өсек пен өтірік, кісі ақысы, мәрттік, жомарттық, жаратушы жалғыз хақ жолы өзгермеген күйінде қазақтың хандық дәуірінде ғұмыр кешкен Асан қайғы, Шалкиіз, Бұқар толғауларында жалғасын тапты. Ал енді өз туындыларында исламның имандылық жолын берік ұстауға үгіттеген, оқырманына сауаттылыққа, ғылым, білімге, тақуалық пен жан тазалығына апарар жолды нұсқаған Шортанбай, Дулат, Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім жырларынан ұлттық поэзиямыздағы Иассауи дәстүрінің өміршеңдігі айқын аңғарылады. Қазақтың ХХІ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басындағы поэзиясында жиі көрінетін сыни мазмұнды өлеңдердің де тарихи дәстүрлік негіздері Иассауи хикметтерінің идеялық-эстетикалық сипаттарынан бастау алады.
І ТАРАУ
Қожа Ахмет Иассауи сопылық поэзиясының ерекшеліктері
Қожа Ахмет Иассауидің атын ел тани бастағанда Түркістан қаласы исламның бесігіне айналды, түркі халқының ішінен жарқ етіп шыққан ғұлама сол діннің туын желбіреткен қолбасшысына дейін көтерілді, сопылық поэзияны биіктетті. Ол құдіретті Алланың сөзін ескі түркі тілінде жырлады. Бұрын Құран сөзін түсіне білмейтін жұрт Иассауиді оқып түсінді. Қожа Ахмет Иассауидің хикметі де, өзі де ел алдында өтімді, әрі үлкен беделге ие болған. Осыдан кейін күллі түркі жұрты ислам дініне бет бұрды, ислам діні біздің елге көп жарқын дүниелер туғызды, ең алдымен бес уақыт намаз, отыз күн ораза, имандылық, тазалық, мәдениет, әдебиет, жыр, қаншама қисса-дастандар әкелді. Атап айтқанда: «Жүсіп - Зылиха», «Мұңлық - Зарлық», «Сейфүлмәлік», «Рүстем-Зораб», «Шәкір-Шәкірат» секілді бүгін де еліміздің рухани қазынасына айналып кеткен әдебиетіміздің інжулері мен маржандары келді. Мұнымен қоса, ақ неке, екі адамның өмірлік жұптасып, ғұмыр сүруі, ұрпақ өсіруі, құда-жекжат, әріден келе жатқан ажырамас туыс атануы, т. б. салт-дәстүрлер исламмен байланысты өрбіді.
Сопылық ағымның басында тұрған Қожа Ахмет Иассауи ілімі енді-енді жан-жақты зерттеле бастады. Сол ілімнің бір ғана көрінісі «Диуаны хикмет» кітабы да терең қарастыруды, мұқият тексеруді қажет етері сөзсіз. «Диуаны Хикмет» тек қана әдеби туынды емес сонымен бірге терең пәлсапалық оцға толы туынды.
Сопылық-Аллаға құлшылық етудің ең жоғарғы сатысы, ол айналадағы ешбір нәрсеге алаңдамауға, дүние-мүлікке қарайламауға, ертең не болады, күнім қалай өтеді демеуге, тіпті, бала-шаға, қатын-қалашты да естен шығаруға мәжбүр етеді. Сопылар тек ақиқатқа жетуге, шындықты ғана тануға, бүкіл жан дүниесімен, бар болмысымен Аллаға жалбырынып, қызмет жасайды. Өйткені, олар үшін жарық дүние бес күндік, баянды емес, көзді ашып-жұмғанша өтеді де кетеді. Өзгермейтін, аумайтын, айнымайтын, мәңгі жасайтын жалғыз құдірет ол-шындық, ақиқат дегеніміз-Алла. Осылай болғандақтан Ш. Құдайбердіұлы:
Шыннан өзге Құдай жоқ,
Анық Құдай-шын Құдай.
Ұқпай қалма алаң боп,
Шын болмаса кім Құдай. (8, 241), -
дейді.
Қожа Ахмет Иассауи «Диуаны хикметінің» де шертер сыры, толғар түйіні де осы шындық. «Ақиқат-адамның ең жоғарғы байлығы, шегі-Құдайды, әлемді, жаратушыны көру. Адамның қалған талаптары жануарлармен бірдей. Алла адамды айырықша артық жаратқан, дін мен даналықты танысам, білсем деген талап-тілегімен қоса жаратқан. Дін адамды жердегі сүрген ғұмырында мақсаты мен мұратының шегі мәңгілікке жетелейді»(9, 91) .
Даналық, әрине, бір ғана ғылыммен келмейді, ғылымды іздеу, оның олына түсу өте қажет. Хақ пайғамбарымыз Мұхаммед (Ғ. С) өзі айтыпты: «Оқымысты адамдар-Алла Тағаланың алдындағы сенімді жандар. Білім үйрену ғибадаттан да артық және ол діннің де тірегі. (10, 73) .
Осы орайда ғылымды сүйген Абай Қожа Ахмет Иассауиді оқыған ба деген сұрақ туады. Ұлы ақынды талмай зерттеп келе жатқан профессор М. Мырзахметұлы Абайдың Иассауиді терең білгенін айта келіп: «Иассауидің ақындық өнері мен дүниетанымын жалғыстыра дамытушы шәкірттерінің бірі Софы Аллаярдың сөзін Абай 38-ші қара сөзінде әділет, рақым, ақыл жайлы өзекті пікірін тарату үстінде» Аллаяр софының бір фәрадан жүз фәра бижай дегені басына келеді», - деп адамшылық жайлы ой түйінін жәуәнмәртілік ілімімен ұштастыра қарайтыны бар. Софы Аллаярдың осы сөзін Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясында Абай мен Салтанаттың сырласу кешінде тілге ала келетінін де ескермек керек. Ал, Абайдың өзі ақындықтың кемеліне келген шағында шығарған «Жақсылық ұзақ тұрмайды» деген өлеңінде:
Бір қайғын ойласаң,
Жүз қайғыны қозғайды, -
деп Софы Аллаяр сөзінің мазмұнын құдіретті поэзия тілімен қазақы қалыпқа түсіріп, мүлде жаңа сөз қолданыс тәсілінде құлпыртып жетілдіре беруінде де сопылық поэзия белгісінен ұлы Абайдың бой тартпай қажет жерінде творчестволық жолмен пайдалана отырып, іске асыру қалпын танимыз»(11, 5), - дейді.
Абай сопылықтың, сопылық жолының мән-мағынасын терең түсінген, жан-жақты білген. Ол өзінің бірінші қара сөзінде: « Сопылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күнінде бір тыныштық жоқ, осы елде, осы жерде не қылған сопылық», (12, 158) - десе ұлы ақын орынды айтады. Сопылықты қарапайым тілмен айтсақ, ешбір дүние ісіне араласпай, тек қана күндіз-түні бір Алланың ақ жолында болу, ал бөтен, пенделік шаруамен айналыссаңыз, онда көзіңіз де, көңіліңіз де, жаныңыз да, бойындағы қаныңыз да «бұзылып», сіз де әбігерге, сарсаң тірлікке салады.
Бүкіл түркі халқының ұлы ақыны, терең ойшылы Әлішер Науаи да сопылықты жақсы біліп, оның жолының соншама ауырлығын түсінген. Ол күнәһар пенде екенін мойындай отырып: «О, құдіреті күшті алла! Сенің жамандық жасауға қабілетің жоқ! Сен жақсысың, мен жаманмын. Әр кімнің өз ерекшелігі бар ғой. Раушан гүлі соншама әдемі болғанымен, оның қолға кіретін тікені бар емес пе? Бірақ та көктемдегі раушан гүлі көңілге қуаныш әкеледі ғой. О, құдіреті күшті Алла! Менің бойымдағы беймаза мінездерім, өзім істеп алған күнәларымнан арылуға ерік бермейді һәм қасиетті сопылардың етегінен ұстап, соның соңынан еруге мен күнәһарға ар-ұятым жол бермейді»-деген.
«Түркі халықтарының тарихы» атты кітабта: «Мұсылман мистизмі (сопылық) - республика көлемінде арнайы әрі жан-жақты зерттелмеген тақырып. Қазақ топырағында был философия араб-парсы мәдениеті, әсіресе, шығыс поззиясы арқылы кеңінен таныс. Айталық Фирдаусиден бастап Науаиге дейінгі ақындардың бәріне дерлік сопылық ықпалы тиген» (14, 94) -делінеді. Шынында сопылықтың етек алып тарағаны, тіпті, ертеден көрінеді. Қазақ совет энциклопедичсында: «Суфизм арабтың суф-жүн, суфи жүн шекпен киген адам деген мағынаны білдіреді. Исламдағы мистикалық бағыт. Суфизм VIII-IX ғасырларда пайда болған» (15, 455) -делініпті.
Біздің ойымызша, сопылықтың қазақ жерінде дамуы Қожа Ахмет Иассауидің «Диуаны хикмет» атты еңбегінің жазылуымен байланысты болса керек. Қазан төңкерісіне дейінгі хат оқып, қара таныған қазақтардың көбінің үйінде осы аталған дүниенің көшірмесі болған, оны жұрт қадірлеп-қасиеттеп ұстаған әрі жатқа да білген. Ораза айында көпшілік қауым алқа-қотан жиналып алып, тарауықтан кейін сопы ақынның хикметін сазды әуенмен бірлесіп айтады екен.
Қожа Ахмет Иассуидің халық ішінде айрықша ірі тұлғаға айналып, ел-жұрттың құрметіне бөленгенін зерттеуші А. Ахметбекова да атап өткен. Ол Иассауидің көзқарасы, дүниетанымы, талғамы, қазақ әдебиетіндегі ақын екенін танытуға тырысқан. «Діни қызметінің сол замандағы ағартушылық мазмұнын, прогрессивтілігін ашуда, хикметтеріндегі гуманистік идеяларын белгілеуде, ақының «Диуаны хикметті» түркі сопылық әдеби ағымның бастамасы әрі биік рхани мұрасы екенін» тұжырымдаған (16, 23) .
Сопылықтың бірнеше басты сипаттары бар, ол алдымен бір Аллаға ынтықтық, жартқанның жолында бәрін құрбан етуге даяр болу. Дәруіштер үшін туған-туыстан безу, дүниені тәрк ету де түкке тұрмайды. Тіпті, Алла жолында ғазиз жанын құрбан ету де сөз мес, Құдайдың құлы, Мұхаммедтің (Ғ. С) үмбеті болудан артық сопыға бақыт жоқ. Сондықтан күндіз-түні Алланың разбандығы үшін зар еңіреп, запран жұтады. Осы себепті Қожа Ахмет Иассауи:
Қырық тоғызда ғашық болыр күйіп-жандым,
Мәжнүндей туған-туыстан қашып тындым.
Түрлі-түрлі жапа көрдім, мойынсұндым,
Заты ұлық ием, сыйынып келдім саған, -
десе, сопылықтың тағы бір белгісі ораза мен намз екендігін де Иасссауи хикметінен көреміз, ол:
«Таһ» оқып көз ілмедім тұні бойы,
Кеште намаз, ораза ұстап күні бойы.
Осы халмен жер астында өне бойы,
Мұстапаға аз тұтып көрдім міне.
Иә, Қожа Ахмет Иассауи жұрт қатарлы жылына отыз күн ораза, күніне бес уақыт намаз оқып қана қоймай, өзі айтқандай: «Кеште намаз, ораза ұстап күні бойы» бар уақытын Аллаға құлшылық етумен өткізген. Бұл аз десеңіз, өзін-өзі «азапқа салып» қылуетте (оңаша, бөлек) жатқаны тағы бар:
Жер астында қорлық көрдім көп машақат,
Төсек, жастық тастан қылдым, шектім мехнат.
Әй, жараңдар, бұл дүниеде жоқ дүр рахат,
Мұстапаға аз тұтып кірдім, міне, -
дейді.
Сопылық жолының негізгі сипатының бірі- зікір, бұл жағдай көп болып, қауымдасып айтылуға тиіс. Алланы еске алудың айрықша көрінісі болғандықтан сопылар алқа-қотан отырып, бар жандарымен беріліп, зікірді хормен айтатын болған, Қожа Ахмет Иассауиге үңілсек, ол:
Зікір айтып, риза болып хақты таптым,
Дүние қызығын талақ етіп жаншып тептім.
Естен танып, рәсуа болып, жаннан бездім,
Бәрінен безіп жер астына кірдім, міне, -
депті.
Діни кітаптарда адам бойындағы қанағатсыздық пен менмендік жиіркенішті мінез болып саналатыны айтылса, Қожа Ахмет Иассауи де бұл іске терең мән беріліпті, ақын хикметінде:
Нәпсім мені көп жүгіртті хаққа бақпай,
Күндіз-түні бейғам жүрдім басым ақпай.
Нәпсім мені менмендікті отқа жақпай,
Қайғы жұтып жер астына кірдім, міне, -
десе, адам өз бойындағы «жамандықпен» өзі күресуі керек екен, әсіресе, сопылар ұшін мінездің көркем болуы ауадай қажет, қылығы ала-құла кісінің шын мұсылмандығын бір жаратушы ғана біледі. Өйткені, Алла жолындағы адамда ашу-ыза, кек, ғайбат, өтірік-өсек, сабырсыздық, көре алмаушылық, қанағатсыздық, нәпсі атымен болмауы керек. Ал, сопылар «бетегеденбиік, жусаннан аласа» болуы ләзім, сондықтанда Қожа Ахмет Иассауи:
Құлдық көрсем қызмет қылып құлы болсам,
Топырақ сипат жол үстінде жолы болсам, -
деп тілейді. Ақын тәкәппарлықтан, өзін өзгеден бөлекше көруден қоқады, оның адамдардың бәрінен кіші болғысы, олардың бір қажетіне жарағысы келеді.
Қожа Ахмет Иассауи Алладан бөтен алаңы болу мұсылман үшін күнә боп есептеген. Құдайға шынайы құлшылық еткен махаббаттың арқасында ғана пенденің жаны рахат тауып, Алланың нұрына бөленбек, құдіретті жаратушы ғана адам баласының ісін оңғарады, бес күндік жарық дүние мен мәңгілік ғұмырдың да жақсы болуы ұлы күштің қолында екнін жырлайды, ол:
Қарй қалсам, көзімде - сен,
Сөйлей қалсам, тілім де - сен,
Көкірегімде, жаным да - сен,
Алла, маған керексің, -
дейтін жолдар Алланы бәрінен биік қойған Қожа Ахмет Иассауи әр алдындағы тазалық, имандылықтың қастерлі екенін түсіндіреді.
Иассауидің сопылық іліміне сіңірген еңбегін сөз еткенде оның арнайы өз мектебінің болғанын, сол арқылы ислам дінін жан-жаққа уағыздағанын айтпай кетуге болар ма?! Ол ұнатқан сүйікті шәкірттерін әр тарапқа жіберіп отырған, тіпті, Түркияға дейін Иассауидің жолын қуғандар барып, дін таратқан.
Сөзіміз дәлелді болуы үшін «Түркі халықтарының тарихы» атты кітапқа үңіліп көрейік: «Иассауиді тану ілімі оның тек өзі туралы ғана емес, мектебі хақында да болуы керек. Иассауиарқылы сопылық түркі тілдес халықтар дүниетанымында шешуші орын алады. Түркі жұртының бұрынғы сыйынғаны Тәңір еді, неді Алла болды. Сопылық- халқымыздың дүниетанымына айтарлықтай ықпал еткен философиялық жүйе. Тіпті, сопылық ойлау тәсілімізге ықпал жасап қоймай, лексикалық қорымызға да ізін қалдырған. Араб-парсы философиясындағы өте жиі қолданылатын негізгі ұғымдарын атап өтейік: ақыл, ахуал, адам, әлем, ғылым, білім, есім, заман, зат, т. б. Бұлар қазақ тіліне араб-парсы тілінен енген сөздер деп айту жеткіліксіз. Себебі, бұл сөздер біріншіден, қазақ тіліне емес, түркі тіліне, қазақ ұлты қалыптаспай тұрып енген, екішіден, жоғарыда айтылған сөздер түркі тіліне лингвистикалық мәнде емес, философиялық терминдер дәрежесінде таралған (17, 195) - делінеді онда.
Олай болса тек қана сопы ақын ғана емес, ХІІ-ші ғасырдағы ислам дінінің бірден-бір көш бастаушысы деп айта аламыз.
Қожа Ахмет Иассауидің толғауынша бұл дүниеге кім келіп, кім кетпеген, әркім өзінше тірлік құрып, өз білгенінше ғұмыр кешіп, Алланың берген ырыздығын теріп-жеген. Сыйласқанмен сыйласып, мұңдасқамен мұңдасатындар некен-саяқ. Қолдан келсе, өзің секілді Алланың пендесіне қол ұшын беріп, жұртпен мейірімді қарым қатынас жасағанға не жетсін?! Қожа Ахмет Иассауи кеңпейіл жан болғандықтан Әмір Темір көреген бұл жағдайды ескеріп: «Мұнда келетін жол жөнекей түстеніп аттанатын мінажат етушілер жергілікті пақырлар мен кембағарлар, жетімдер мен мүсәпірлерге (халим) - биқадан ескерткен», -дейді (18, 24) .
Алланың ақ жолын талмай жырлағани Қожа Ахмет Иассауи:
Ақылға ерсең, ғәріптерді мейіріммен сүй,
Мұстафадай елді кезіп жетімді жый.
Дүниеқоңыз пысықтардан бойыңды тый,
Бойым тыйып, дариядай тастым міне. (19, 18)
Қожа Ахмет Иассауидің кереметтігі сөзі мен ісі бір жерден шығып, бір арнаға құйып, бір иірімде тоғысуында жатыр. Бұл ғұламада «Молданың істегенін істеме, айтқанын істе» дейтін халық даналығы атымен жоқ, қайта жұртқа ағынан жарылып айтқаны қаншалық дұрыс болса, істеген ісі, тындырғаншаруасы, жүрген жүрісі, сөйлеген сөзі - бәрі мөлдір, бәрі таза. Алланы бір, пайғамбарды хақ деп танып, «бес жасында шариғатқа белін буған» аса білгір Қожа Ахмет Иассауи бүкіл мұсылман қауымға ерте тұрудың керектігін толғайды.
Көзіңді ілме, ей, мұсылман, сахар уақты ішінде,
Құтқар өзіңді дозақтан сахар уақты ішінде.
Сахарда гүлдер ашылып, сайрайды бұлбұл,
Бір Алланы айтып тілесе сахар уақты ішінде.
Сахарда көктен келер періште мұсылманға,
Сахарда көктен Жәннат қақпасы ашылар,
Сүйген құлға нұр төгілер сахар уақты ішінде.
Сахар уақты қош сағат һәм Жәннат болар рахат.
Аллаға қыл ғибадат сахар уақты ішінде.
Не көрмеген халқымыз «Ерте тұрған еркектің ырысы артық» деген ғой, олар бұл жағдайда Қожа Ахмет Иассауиге сүйеніп ма, жоқ әлде күнделікті іс-тәжірибесіне орай қозғады ма, не де болса таңсәріден тұруға ерте бастан әдеттендіріп, «баланы жастан . . . » тәрбиелегені өте орынды болған. Халқымыздың көне жырында таңнан тұру мәселесі, тіпті, терең жырланған:
Ертең ерте тұр сана,
Беті -қолды жу сана.
Ертең ерте тұрсаңыз,
Беті-қолды жусаңыз,
Нұр төгілер қойныңа.
Періште мінер мойныңа!
Көшпелі халық сергек болған, аз ұйықтаған, көп жортқан, тәрбилік мән маңызы бар артына парасатты мұра қалдырған. «Диуани хикметті» жетік білгенге ұқсайды. Ел аузында ғыламаның өмірі, әр түрлі жақсы істері, тайқазан жөніндегі аңыздар мол сақтанған. Ол кісінің аз ішіп, аз жейтіні, аз сөйлейтіні, тіпті, құс ұйқылы сергек жан екендігі, бәрінен бұрын әділдігі, шындықты сүйетіндігі, жетім-жесір, кембағал-кемтарға жанын да, барын да аяп қалмай көмектесетіні жырдай қызық айтылып келген. Біреу біреуден естіп, «ақсақты тыңдай, өтірікті шындай» етіп бұл аңызды біздің дәуірімізге де алып келіпті. Халқымыздың «Көк ит көріп үреді, көп ит көрмей үреді» деген қанатты сөз тегін айтылмаған. Қожа Ахмет Иассауиге «Үш жыл қатаранан ниет етіп, құрбан шалып барған Қажыға барғанмен бірдей сауап табады» екен десетін. Иассауидің қасиетті екені рас, алайда, Мекке біреу, Қағба жалғыз, Мұхаммед (Ғ. С) соңғы пайғамбар екенін естен шығармауымыз керек. Бұл аса құрметті жан Алланың досы, екі дүниенің ардақтысы. Үмбетім деп жатып, үмбетім деп тұрып, Құдіретті Құдайдан мұсылман баласының күнәшін кешуін бар ықыласымен қалап-сұраған абзал елші жайлы қазақ ақындары Қожа Ахмет Иассауи дің сарынымен көп жазған, көп жырлаған, әсіресе, пайғамбарымыздың өмірбаянын кейінгі ұрпаққа жеткізуде Жүсіпбек қожа Шайхысламаұлы айрықша еңбек еткен:
«Достым» деп қадір Алла зейнет берді,
Күнаһар үмбетіне шапағат берді.
Жараңдар, құлақ салып тыңдасаңдар,
Хазірет Расұлдан бір сөз келді.
Не іс болса, Жебірейіл хабар берген,
Ғарыш шығып достымен дидар көрген.
Екі дүние Сәруары шапағатшы,
Еш пенде қор болмайды оған ерген.
Алланың ардақты пайғамбары Мұхаммед (Ғ. С) болсасүйікті періштесінің бірі Жебірейіл екені көпке белгілі. Он сегіз мың ғаамның иесі жалғыз жаратушы осы періште арқылы пайғамбарымыздан үнемі хабар алып тұрған. Құранның барлық қасиетті сүресін Мұхаммедке (Ғ. С) жеткізуші осы аталған періште.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz