Қазіргі әлемдік қауіпсіздік мәселесіндегі АҚШ-Ресей сыртқы саяси ұстанымы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ТАРАУ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДІК ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІНДЕГІ АҚШ-РЕСЕЙ СЫРТҚЫ САЯСИ ҰСТАНЫМЫ
1. 1 Америка Құрама Штаттары және Ресей Федерациясының
ұлттық қауіпсіздік стратегияларының мәні . . .
1. 2 11 қыркүйектегі лаңкестік оқиғасынан кейінгі қауіпсіздік саласындағы АҚШ-Ресей өзара қатынастары . . .
1. 3 АҚШ пен Ресей қарым-қатынастарындағы НАТО-ның алатын орны мен рөлі . . .
2 ТАРАУ АҚШ-РЕСЕЙ: ӨЗАРА ӘРЕКЕТТІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2. 1 АҚШ-Ресей: ядролық қаруды таратпау мәселелері . . .
2. 2 Стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту және шектеу мәселесіндегі американдық-ресейлік саяси ұстаным . . .
2. 3 Қауіпсіздікке қатысты американдық-ресейлік өзара қарым-қатынастың өзекті мәселелері . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. 1991 жылы Кеңес Одағы өзінің өмір сүруін тоқтатқаны бәрімізге мәлім және онымен бірге қырғи қабақ соғысының дәуірі де кеткен болатын. Сондай-ақ, 44 жылға созылған американдық-кеңестік жаһандық қарама-қайшылық өз шегіне жеткен болатын. Әлемдік қауымдастықтағы өзгерістер американдық-ресейлік қатынастар бүкіл әлемдегі жағдайды сақтап қалатын орталық мағынаны атап көрсетеді. СШҚ-2 Шарты, Ресейдің Босния жөнінде Дейтон бейбіт келісімінің жүзеге асуы үрдісіне белсенді қатысуы, НАТО болашағы туралы мәселе бойынша пікірталас, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Ресейдің тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдегі мемлекеттермен жаңа қатынасқа түсуі - осының барлығы американ-ресейлік диалогының жалғасуы және екі жақтың да әлемнің жаңа мәселелерін шешуде белсенді қатысулары керектігін нақтылай түсуде.
Қырғи қабақ соғысының аяқталуынан кейін АҚШ және Ресей екіжақты қатынастың сапалы басқа да сипатының мәселелерімен кезігіп қалуда. Мемлекеттер арасында саяси және идеологиялық жанжалдардың болмауы, халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету саласында ортақ мүдделерді сақтау, әскери-стратегиялық сипаттағы мәселелерді шешу, АҚШ-Ресейдің тығыз ынтымақтастығына ресейлік сыртқы саяси бағытының болуы жағдайында серіктестік қағидасы негізінде екіжақты қатынастарды дамыту шешімі қабылданған болатын. Сондай-ақ, екі жақ та стратегиялық сипат алатын теңдік серіктестікті дамыту жолын ұстанатындығын мәлімдегені американ-ресей өзара қатынастары үшін маңызды болды.
Билік басына келісімен Дж. Буш әкімшілігі Ресеймен серіктестік қатынасты дамыту мәселесіне оралған болатын. Егер 2000 және 2001 жылдар аралығында екі ел қатынасында кейбір қиыншылықтар байқалған болса, ал 11 қыркүйек оқиғасынан кейін екі мемлекет арасындағы қатынастар позитивті өзгерістерді шыдап төзген секілді. Осы жылдары екіжақты қатынастың халықаралық лаңкестікпен күресуде жақындасуын анық байқай аламыз. АҚШ Ресейді ХХІ ғасырдың жаңа қауіптерімен күресуде және жаппай қырып жою қаруларын таратпау мәселесінде өзінің одақтасы ретінде мәлімдегені бәрімізге анық. Қазіргі таңда АҚШ-тың ұлттық мүдделері өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және халықаралық лаңкестікпен күресуде айрықша орын алады. Осы бағытта АҚШ пен Ресейдің ортақ мүдделері бар десем қателеспеймін.
АҚШ та, Ресей де бүгінде халықаралық қатынастардағы жетекші акторлардың бірі болып отыр. Қазіргі кездегі қауіпсіздік саласындағы АҚШ-Ресей қарым-қатынастарының маңыздылығы өте зор. Қырғи-қабақ соғысы аяқталса да, екіжақты қатынастардың қарама-қайшылық туғызатын мәселелері жоқ деп айту қиынға түсіп отыр. Халықаралық қатынастарда болып жатқан мәселелердің барлығы осы екі ірі державамен үнемі тығыз байланыста. Әлемдік жаһандану үрдісінде екі мемлекеттің рөлі аз еместігі анық.
АҚШ және Ресей әлемде ядролық қарудың көп мөлшерін иемденетіні сөзсіз. Ал бұл өз кезегінде елдердің мықты әскери державалар болып табылатындығын дәлелдеп тұр. АҚШ және Ресейдің серіктестік өзара қатынастары әлемдік тұрақтылық пен қауіпсіздіктің маңызды компоненті. АҚШ пен Ресейдің ұлттық мүдделері әлемнің аймақтар қатарында өздерінің сәйкестігін табуда. Ресей стратегиялық сараптама және басқарманың тиімді үлгісі, сондай-ақ, ақпараттық технологиялар саласында американдық тәжірибені қажет етуде, ал АҚШ өз кезегінде Ресейдегі тұрақтылық негіз болып табылатын Еуразия тұрақтылығына құштарлық танытып отыр.
АҚШ пен Ресей әлемде қайшылықтар мен әскери әрекеттерді азайту жолымен қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуда, аймақтық мәселелер мен жанжалдарды шешуде, американдық-ресейлік ақпараттық антилаңкестік операцияларын бірігіп өткізуде бірауыздан қарқынды жұмыс атқаруда.
Осылайша, «Қазіргі кезеңдегі қауіпсіздік мәселесіндегі АҚШ-Ресей қарым-қатынастары 2000-2008» тақырыбы өзекті болып табылады. Осы тақырырыпты ғылыми негізде талқылаудың өзектілігі ешқандай күмән туғызбайды.
Ғылыми зерттеудегі дәрежесі. Қазіргі кезеңдегі қауіпсіздік мәселесіндегі АҚШ-Ресей қарым-қатынастарын дұрыс анықтау үшін екі елдің қазіргі әлемдік қауіпсіздік мәселесіндегі сыртқы саяси ұстанымдарына және өзара әрекеттің негізгі мәселелеріне қатысты еңбектерді бірінші атау қажет. Олардың ішінде Бжезинский З., Давыдов В. Ф., Кортунов С., Косолапов Н., Кременюк В. А., Назаркин Ю., Рогов С., Софийский Н., Трофименко Г., еңбектерін атауға болады.
Ресейлік тарихшылар
Жұмыстың мақсаты. Осы жұмыста қазіргі кезеңдегі қауіпсіздік мәселесіндегі АҚШ-Ресей қарым-қатынастарын зерттеу басты мақсатым болып отыр.
Жұмыстың міндеті. Алға қойылған мақсатты ашу үшін міндеттерді қою және шешу жүктеліп отыр.
- Америка Құрама Штаттары және Ресей Федерациясының ұлттық қауіпсіздік стратегияларының мәнін айқындау;
- 11 қыркүйектегі лаңкестік оқиғасынан кейінгі қауіпсіздік саласындағы АҚШ-Ресей өзара қатынастарын және олардың лаңкестікпен күресу мәселесін қарастыру;
- АҚШ пен Ресей қарым-қатынастарындағы НАТО-ның алатын орны мен рөлін анықтау және одақтың кеңеюінің АҚШ-Ресей өзара қатынасына ықпалын сипаттау;
- АҚШ-Ресей: ядролық қаруды таратпау мәселелерін талқылау;
- Стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту және шектеу мәселесіндегі американдық-ресейлік саяси ұстанымды талқылау;
- Қауіпсіздікке қатысты американдық-ресейлік өзара қарым-қатынастың өзекті мәселелерін ашу және сол мәселелердің екіжақты қатынасқа тигізетін әсеріне тоқталу.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасы. Зерттеу жұмысының теориялық негізін американдық және ресейлік ғалымдарының ғылыми қорытындылары құрайды. Бітіру жұмысында тарихи оқиғаларға, сан-саладағы мемлекетаралық құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сондай-ақ, кеңінен қолданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де зерттеу жұмысына арқау болды. Бұл әдістер мәселені жүйелі түрде айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысын ғылыми негізде жүйелеп, оның нәтижесін шығару үшін сол арқылы талдау, баяндау және болжау түрінде басты мақсаттарға жету үшін ғалымдар әр түрлі әдістерді зерттеген. Тақырыпты ашуда ресейлік саясаттанушылардың еңбектері өз үлестерін қосты. Олар сыртқы саясат пен халықаралық қатынастарды зерттеу мен талдаудың көптеген әдістемелерін дамытқан.
Зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда негізгі әдістеме ретінде қоғамдық ғылым саласында зерттеудің стандартты сараптама - контент-сараптама қолдану өз септігін тигізді. Яғни, оның көмегімен БАҚ хабарламасы, саяси тұлғалардың мәлімдемелері және де партия бағдарламалары секілді мәтіндердің әр түрлі типтеріне сараптама жасадым.
Зерттеудің нысаны мен объектісі. Халықаралық аренада АҚШ және Ресей секілді державалардың әлемдік қауіпсіздік мәселелерін реттеуде алатын орны айрықша. Қауіпсіздік мәселесінде АҚШ-Ресей қарым-қатынастарын анықтау біз үшін маңызды, өйткені, осындай алпауыт мемлекеттер халықаралық қатынастардың негізгі акторларының бірі екеніне күмән жоқ. Осы тақырыпты ашуда мен АҚШ және Ресейге тікелей қатысты бірқатар мәселелерді қарастыруды жөн көрдім. Мәселен, Екі мемлекеттің де Ұлттық қауіпсіздік стратегияларының мәнін ашу және олардың кейбір ұқсастықтарын байқау басты тапсырмам болды. Әлемдік қауіпсіздікте үрей туғызып отырған лаңкестікпен күресу мәселесінде екіжақты саяси ұстаным, сондай-ақ, АҚШ-Ресей қарым-қатынастарына тікелей ықпалын тигізіп жатқан НАТО-ның шығысқа кеңеюін, екіжақты өзара әрекеттің негізгі әрі өзекті мәселелерін, яғни ядролық қаруды, стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту секілді әрекеттерін жан-жақты қарастыра отырып айқындау зерттеудің нысаны мен объектісі болып табылады.
Тәжірибелік маңызы. Тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқандықтан мемлекет сыртында қандай жағдай болып жатырғанын біліп жүру біз үшін пайдалы. Халықаралық аренадағы АҚШ және Ресей секілді мықты мемлекеттердің ішкі де, сыртқы да жағдайлары басқа мемлекеттерге ықпал ететіні сөзсіз. Сондықтан да, осындай мемлекеттердің өзара қатынастарын да зерттеу әрбір студентке өз септігін тигізбекші. Қазіргі кезеңдегі қауіпсіздік мәселесіндегі АҚШ-Ресей қарым-қатынастарына жұмыс жазу мен үшін пайдалы әрі аса маңызды. Осы салада зерттеу жұмысын жүргізудің біз секілді, яғни халықаралық қатынастарды меңгеру үрдісіндегі студенттерге әлемдік қауіпсіздіктің мән-жайын түсінуіне көмегі көп. Жұмыспен таныса отырып, оқырман өзіне нақты мәліметтер ала алады. Осы секілді өзекті тақырыптар кімде кімді де қызықтыратынына сенімдімін. Қарастырылған мәселенің тәжірибелік маңызы зор.
Жұмыс құрылымы. Алға қойған мақсатым мен міндеттеріме сәйкес жұмыс ішкі құрылымға бағынады. Ол кіріспеден, екі тараудан, алты параграфтан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I ТАРАУ Қазіргі әлемдік қауіпсіздік мәселесіндегі АҚШ-Ресей сыртқы саяси ұстанымы
1. 1 Америка Құрама Штаттары және Ресей Федерациясының
ұлттық қауіпсіздік стратегияларының мәні
Америка Құрама Штаттары мен Ресей Федерациясы аарсында дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бері бірнеше саяси стратегияларға қол жеткізілді. Олар қорғаныс саласында, экономикалық, мәдени және ғылыми саладағы екіжақты байланыстың негізі болып табылады.
Екі елдің де ұлттық қауіпсіздік стратегиясын қарастыратын болсақ, екі елдің де негізгі мүддесінің кейбір ұқсастығын байқауға болады. Өйткені, екі елдің де Конституциясында аумақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету негізгі басымдылық екені белгілі.
Америка Құрама Штаттарында алға қойылған мақсаттарға және қауіпті бейтараптандыруға жету жолдары ұлттық қауіпсіздік стратегиясы шеңберінде анықталады. Ол өз кезегінде негізгі үш құрамды бөлімнен тұрады: экономикалық, сыртқы саяси және әскери стратегия.
АҚШ-тың экономикалық және сыртқы саяси стратегиялары бір-бірімен өте тығыз байланыста әрі бір-бірін толықтырып тұрады. Экономикалық сияқты сыртқы саяси мақсаттарға жету де көбінесе АҚШ-тың әскери стратегиясының сәтті орындалуына да байланысты болып келеді.
Стратегия 90 жылдардан бері әр түрлі атауға ие болған болатын. АҚШ стратегиясы Конгреске 2003 жылы 8 наурызда мәлімделді. [1] Ал қазіргі стратегия айналадағы ірі аумақтық державалардан төнетін қауіпті әскери-саяси мақсаттардың орындалуымен алдын алуға бағытталған. Ол сонымен қатар, бейбітшілік үшін операцияларды жүзеге асыру үшін, халықаралық лаңкестікпен және есірткімен күресу үшін, басқа да мәселелерді әскери-саяси және әскери әдіс-тәсілдермен шешу үшін достық елдермен және одақтастармен бірігіп әскери ынтымақтастықты кеңейту мәселесіне көп көңіл бөледі.
Өзін-өзі қорғау қағидасына негізделе отырып АҚШ егер өзінің қарсыласының шабуыл жасау уақыты және қай жерде екені нақты белгілі болмаса да оған соққы беруге дайын екендігін мәлімдеген болатын. АҚШ үшін ең жоғары құндылық - бұл демократиялық қағидалар болып табылады.
Құрама Штаттардың ең алғашқы тапсырмасы - халқын қарсыластарынан қорғау. Қарсыласқа экономикалық күштілік немесе үлкен армиясын иемдену міндетті емес, қауіпсіздікті бұза алатын жеке тұлғалар топтары, яғни лаңкесшілер. Лаңкестікпен тиімді күресу үшін барлық халықаралық қауымдастықтың күштерін жинау бірде бір ең қажетті бағыт болып отыр. Құрама Штаттар осы күресті басқару үшін өзінің барлық күшін пайдалана білу керек және сондай-ақ қарсыласуға тұра алмайтын әлсіз мемлекеттерге қол ұшын созу оларға міндет болып келеді. Қарсылас тек лаңкестік топтар болып қана қоймайды, олардың қатарында сондай-ақ осы топтарға баспана алып беретін, қаржылық көмек көрсететін, оларды қолдайтын әрі осындай тәсілдермен лаңкестік жүйенің одан әрі өсуіне жол беретін мемлекеттер де жатады. Ең үлкен қауіп - бұл лаңкесшілердің өз миссияларында жаппай қырып жою қаруын пайдалану тәсілімен жаулап алу. Саясаттың ең маңызды бағыты - бұл лаңкесшілерге жеңілдікке бармау, келіссөздер жүргізбеу және лаңкесшілер мен оларды қолдаушылар арасында айырмашылық жүргізбеу болып табылады. АҚШ лаңкестік ұйымдардың қызметін үзу керек және де байланыс орталықтарын, бақылау-командалық пунктерін, олардың көшбасшыларын жоқ қылу керек, лаңкесшілердің материалдық және қаржылық тасымалдау каналдарын құрту керек, тұлғаларға және де сондай-ақ оларға қаржылық қолдау көрсеткен мемлекеттерге санкциялар қабылдау керек. Қарқынды күшті жаһандық деңгейде қызмет етіп жатқан және жаппай қырып жою қаруына қол жеткізіп әрі оны пайдаланатын ұйымдарға жұмсау қажет. Негізінен қауіпті АҚШ аумағына түспестен бұрын алдын алу басты міндет болып саналады. АҚШ лаңкестіктің заңсыздық идеясын таратады және лаңкестіктің таратылып кетпеуін дипломатиялық жолмен жүргізеді.
Мәселен, Ауғаныстан секілді әлсіз мемлекеттер олардың шекаралары тұсында лаңкестік қозғалыстың дамуына жағдай жасалғандықтан қауіп көрсетеді. Лаңкестік өркениетті әлеммен күресуге өзінің «әскерлерін» сапалы дайындау үшін өзіне кең мүмкіншіліктер алады. Ауғаныстан мысалында лаңкестікті қолдайтын тәртіптердің күресіп жатқан АҚШ-тың нәтижелерін бағалауға болады. Алайда Ауғаныстан лаңкесшілердің шоғыстанған жалғыз жері емес. Бұндай жерлер, сондай-ақ Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа, Африка, Қиыр Шығыс және Азия болып табылды.
Лаңкестікпен күресіп әрі қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек бір ғана мемлекеттің қолында емес, ол үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы, Дүниежүзілік Сауда Ұйымы, Американ Мемлекеттерінің Ұйымы, Солтүстік Атлантикалық альянс елдері және тағы да басқа ұйымдар шеңберінде халықаралық ынтымақтастық маңызды болып келеді. АҚШ мемлекетінің ішінде барлық деңгейдің үкіметтік құрылымдарын алатын және мемлекеттік және жеке секторлардың өзара іс-әрекет етуіне септігін тигізетін ішкі қауіпсіздік жүйесін реформалауды көздеуде.
2006 жылы қабылданған Ұлттық Қауіпсіздік Стратегиясының жаңа нұсқасы көп жағдайда 2002 жылғы Стратегияны қайталайды. Ол қағидада негізделеді: бостандықты қорғау, жаһандық қауіппен күресте көшбасшы ретіндегі АҚШ-тың рөлі. АҚШ-тың басты жауы лаңкесшілерді баспанамен қамтамасыз еткен әрі ядролық қаруды таратқан Иран болып табылады. Ядролық қаруды тарату қаупі жағынан Солтүстік Корея да бар. Онымен күресу үшін Стратегия жаппай қырып жою қаруының құрылымдарын өндіруге қатаң бақылау жүргізу қажет деп нақтылай түсуде. [2]
Ресейге қатысты АҚШ ұстанымы кардиналды түрде айрықшаланады. 2002 жылы АҚШ Ресейде болып жатқан жағымды өзгерістерді түртіп кете оны лаңкестікпен күресте одақтас ретінде анықтаған болатын; 2006 жылғы құжатта АҚШ Ресейде демократияның дамуына күдікті қарайды.
Жалпы осы Джордж Буштың Ұлттық Қауіпсіздік Стартегиясы туралы баяндамасы ел ішінде және шет елде қызығушылық танытқан әрі 11 қыркүйек оқиғасынан кейінгі аса маңызды стратегия болатын. Америка Құрама Штаттарының Ұлттық Қауіпсіздік Стратегиясы қазіргі таңда Америка соққыласып отырған қауіпке анық жауап қайтара алатын жағымды стратегия деп бағаланды. Бірақ сонымен бірге бұл стратегия сынға да түсіп жатты. Буштың Ұлттық Қауіпсіздік Стратегиясының американдық мақсаттарын батыл әрі ашық жариялануына қарамастан, бұл құжатта маңызды орынды мазмұнының құрылуы алады.
Ұлттық Қауіпсіздік Стратегияның төрт негізгі тақырыбы көптеген әр түрлі талқылауға түскен болатын.
Біріншіден, Ұлттық Қауіпсіздік Стратегиясы жаппай қырып жою қаруларын өндіруге қызмет ететін лаңкестік топтарға және оларды қолдайтын мемлекеттерге қарсы әскери қозғалыстарды жүзеге асыруға шақырады. Екіншіден, Ұлттық Қауіпсіздік Стратегиясында АҚШ қандай да бір шет елдік держава оның әскери күшіне соққы бергенін жібере алмайтынын мәлімдеген болатын. Үшіншіден, бұл Стратегияда көпжақты халықаралық қауымдастыққа жол қуушылық та танытылады, бірақ «нағыз керек жағдайда» АҚШ өзінің ұлттық мүдделерін және ұлттық қауіпсіздігін қорғау үшін «ешқандай ауытқусыз жалғыз өзі әрекет ете беретінін» мәлімдеп кеткен болатын. Төртіншіден, Стратегияда бүкіл жер шарында демократияны және адам құқықтарын әсіресе мұсылман елдерінде таратуды жариялаған болатын. Осы мақаланың қалған бөлігінде логикаға, өзгерістердің масштабына көңіл бөлінген. [3]
Буштың Ұлттық Қауіпсіздік Стратегиясында лаңкесшілерге немесе лаңкестікке қаржылай қамтамасыз ететін мемлекеттер әскери күштің озық қолданысы сақталынуда. Бұл лаңкесшілер және спонсор мемлекеттер Құрама Штаттар соққыға түсіп қалып жатқан аса қауіпті болып табылады. Қауіп алдында күш қолдану стратегиялық мағынада ақталмалы әрі ол халықаралық құқықпен және соғысты әділетті жүргізу дәстүрімен қолдауда болып отыр. Алайда, Буш доктринасының бұл аспектісі барлығымен әр түрліше қабылданады. Стратегиялық доктринаның осы аспектісінің сыншылары бұндай әрекет жасау озық әскери әрекеттерді в категорию упреждения лишена правовой и практической основы және де осылайша Буш доктринасын дәстүрлердің бұзылуының алаңдатушылығы ретінде қарастырады. 11 қыркүйек оқиғасы «Аль-Каида» секілді лаңкестік ұйымдар Құрама Штаттарға қатаң қауіп төндіріп тұрғанын анық көрсеткен болатын. Осындай ұйымдар американдық жерде жаппай қырып жою қаруын тиімді түрде қолдана отырып миллиондаған американдықтарды өлтіру мүмкіншіліктерін иемденіп отыр. Сондықтан да қазіргі таңда лаңкесшілерге қарсы төтеп беретін кампаниялар қарқынды жұмыс жасау үрдісінде. Буштың Стратегиясының басқа да сыншылары өзін өзі қорғау құқығы щеңберінен тыс шығады деп айтады. Сондай-ақ Буш Стратегиясы халықаралық құқықты үзу мүмкін әрі басқа да мемлекеттерге агрессияда АҚШ-тың саясатын пайдалануға мүмкіншілік береді. Мына жағдайда заңды мекеменің кең интерпретациясы Қытайдың Тайваньға немесе Үндістанның Пакістанға шабуыл жасауына әкелуі сияқты ең кең түрде таралған мысалдар келтіріледі. Алайда бұндай логика таң қаларлықтай емес, себебі, қазіргі кезде бұл мемлекеттер халықаралық құқықтың ешқандай да нормаларымен әскери акциялардан тежелмейді. Осылайша олар АҚШ саясатында тұжырымның құбылысымен қолдана алмайтындығы анық.
Қорытындылай келе, Буштың жаңа Ұлттық Қауіпсіздік Стратегиясының элементі әсерінде тұрған американдық сыртқы саясат контурының өзгерісі аса жоғары емес. Мәселен, АҚШ Қытай секілді потенциалды ұлы державалардың экономикалық және әскери дамуына кедергі келтіру үшін мақсатты-бағытты қозғалыстарға баруы мүмкін емес секілді. Лаңкестікпен күресте американдық әскери шығындар одан әрі өседі. Буштың Ұлттық Қауіпсіздік Стратегиясында лаңкестікпен жаһанды соғыс мемлекеттер арасында көпжақты ынтымақтастықты талап етеді.
Америка Құрама Штаттарының Ұлттық Қауіпсіздік Стратегиясының мәнін анықтадық деп ойлаймын. Сол сияқты Ресей Федерациясының да өзінің Ұлттық Қауіпсіздік Концепциясы бар, енді осы Концепцияның мәнімен танысып өтсек деймін. Ол да өз кезегінде саяси құжат болып табылады. Стратегия Қауіпсіздік Кеңесіне 2004 жылы желтоқсанның 28 жұлдызында таныстырылған болатын. [4] Бұл құжат сыртқы және ішкі қауіптерден жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік стратегияда және мақсаттарда ресми түрде қабылданған көзқарастардың жиынтығы болып табылады. Концепцияда мемлекеттік саясаттың қағидалары және маңызды бағыттары анықталып жазылған. Концепция Ресей Федерациясының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету облысында құжаттарды және нақты бағдарламаларды өңдеу үшін негіз болып табылады.
Қазіргі кезде жағдай халықаралық аренада көпполярлы әлемнің құрылуына деген ағымның күшеюімен сипатталып отырған секілді. Халықаралық қатынастарда әскери-күш факторларының мәнін сақтауда үлкен рөл ойнайтын экономикалық, саяси, ғылыми-техникалық, экологиялық және ақпараттық факторлар болып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz