Халықтың тұрмыстық деңгейінің статистикасы



Халық санағы - елдің немесе, аумақтың әрбір тұрғынын сипаттайтын демографиялық, әлеуметтік-экономикалық деректерді жинау үдерісі ғана емес, сонымен қатар мәдени рухани, саяси-әлеуметтік маңызды іс. БҰҰ анықтамасы бойынша, халық санағы елдегі немесе оның айқын шектелген бөлігіндегі белгілі бір кезеңдегі жағдай бойынша барлық адамдарға қатысты бірқатар нақты демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді жинақтау, қорыту, бағалау, талдау және жариялаумен айналысады.
Халық санағының нағыз тарихы, бастапқы түрі Азия мен Африка мемлекеттерінде біздің заманымызға дейінгі 3 мың жылдықтарда жүргізілгендігі туралы деректер бар. Ары қарай тарихқа көз жүгіртсек, Египетте біздің заманымызға дейінгі 2800-2250 жылдар шамасында, 2238 жылдары Месопатамияда, Үндістанда, Қытайда, кейінірек Жапонияда әскери және салық жинау мақсатында жүргізілген халық санақтары мәлім. Ол кездегі санақтар есеп жазбалар түрінде немесе символдық таңбалар арқылы жүргізілген. Мәселен, скифтерде жауынгерлер саны жебе ұштарының санымен, Әмір Темір әскерлерінде үйілген тастар санымен есептелген. Халық санын есепке алулар Ежелгі Грекия мен Римде де болғаны белгілі. Мәселен, б.з.д. ІV ғасыр соңында Аттикада тізімге алынған барлық итаптардан шыққан ер адамдардың есепке алынуы жүргізілген. Ежелгі Римде б.з.д. 435 жылдары тұрақты түрде ценздер өтілген. Әр Рим азаматы ант беру түрінде сайланған цензорларға өзінің атын, жасын, өз отбасының мүшелерінің есімдері мен жастарын, сондай-ақ өзінің мүлкі туралы мәліметтерді хабарлаулары тиіс болған. Бұл мәліметтер халықты әскери бөлімдерге бөлу, халық жиналысындағы дауыстарды санау мен салық салу үшін қажет еді. Ерте орта ғасырдағы халықты есепке алу элементтері жазба кітаптарында, кадастрларда шаруашылықты сипаттап жазумен байланысты.

Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Халықтың тұрмыстық деңгейінің статистикасы

Халық санағы - елдің немесе, аумақтың әрбір тұрғынын сипаттайтын
демографиялық, әлеуметтік-экономикалық деректерді жинау үдерісі ғана емес,
сонымен қатар мәдени рухани, саяси-әлеуметтік маңызды іс. БҰҰ анықтамасы
бойынша, халық санағы  елдегі немесе оның айқын  шектелген  бөлігіндегі 
белгілі бір кезеңдегі жағдай бойынша барлық адамдарға қатысты бірқатар
нақты демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді жинақтау,
қорыту, бағалау, талдау және жариялаумен  айналысады.
Халық санағының нағыз тарихы, бастапқы түрі Азия мен Африка
мемлекеттерінде біздің заманымызға дейінгі 3 мың жылдықтарда
жүргізілгендігі туралы деректер бар. Ары қарай тарихқа көз жүгіртсек,
Египетте біздің заманымызға дейінгі 2800-2250 жылдар шамасында, 2238
жылдары Месопатамияда, Үндістанда, Қытайда, кейінірек Жапонияда әскери және
салық жинау мақсатында жүргізілген халық санақтары  мәлім. Ол кездегі
санақтар есеп жазбалар түрінде немесе символдық таңбалар арқылы
жүргізілген. Мәселен, скифтерде жауынгерлер саны жебе ұштарының санымен,
Әмір Темір әскерлерінде үйілген тастар санымен есептелген. Халық санын
есепке  алулар Ежелгі Грекия  мен Римде де болғаны белгілі. Мәселен, б.з.д.
ІV ғасыр соңында Аттикада тізімге алынған барлық итаптардан шыққан ер
адамдардың есепке алынуы жүргізілген. Ежелгі Римде  б.з.д. 435 жылдары
тұрақты түрде ценздер өтілген. Әр Рим азаматы ант беру түрінде  сайланған 
цензорларға өзінің атын, жасын, өз отбасының  мүшелерінің есімдері мен
жастарын, сондай-ақ өзінің мүлкі туралы мәліметтерді  хабарлаулары тиіс
болған. Бұл мәліметтер халықты әскери бөлімдерге бөлу, халық жиналысындағы
дауыстарды санау мен салық салу үшін қажет еді. Ерте орта ғасырдағы халықты
есепке алу элементтері жазба кітаптарында, кадастрларда шаруашылықты
сипаттап жазумен байланысты. Оларда алдыңғы қатарға адамдар немесе олардың
отбасы емес, үй, ошақ секілді салық салу бірліктері қойылған. Мәселен, 1086
жылы Жаулап алушы Вильгельм жүргізген Қатал сот кітабы деген атпен
белгілі Англияның 34 графтығының жерлерін сипаттап жазуы осыған жатады.
Орта ғасырларда жекеленген қалаларда  (1449 жылы Нюрнбергте, 1473 жылы
Страсбургте), ал кейіннен жекелеген мемлекеттерде де есепке алулар (1567
жылы Кантон Цюрих) жүргізілген. ХVІІІ ғасырдың ортасынан бастап халықты
зерттеуге деген қызығушылық арта түседі. Оны Еуропаның бірқатар
мемлекеттерінде (Австрия, Бавария, Голландия, Дания, Испания), Азияда
(Жапония), Америкада есепке ала бастады. Алайда бұл есептер бірнеше жылға
созылып, барлық халықты бірдей қамти алмады болмаса тек ересек ер адамдарды
ғана қарастырды.

ЕГЕМЕН ЕЛІМІЗДІҢ ЕКІНШІ САНАҒЫ
Қай кезде болмасын халық санағы - әлеуметтік-демографиялық ахуалды
анықтап, болжауға мүмкіндік беретін, маңызды ақпарат көзі. Егемен
еліміздегі алғашқы халық санағы 1999 жылы жүргізіліп, санақ жұмыстарын
жоғарғы деңгейде жүргізу үшін 80 мыңнан аса адам ат салысқан болатын. Сол
жылғы санақ қорытындысы бойынша, елімізде  барлығы 14 миллион 953 мың
тұрғынның тұрақты тіркелгендігі анықталды. Онымен қоса ТМД-да алғаш болып
кеңестік кезеңнен қалған санақ қағидасы өзгеріп, ендігі жерде адамның еңбек
мәртебесі, күнкөріс көзі туралы ақпар, мемлекеттік тілді білу дәрежесі,
көшіп-қону процесі, бір шаңырақ астында тұратын отбасы мүшелерінің саны
туралы мәлімет, тағы да бірқатар жаңа бағдарламалар енгізіліп, халықты
есепке алудың жаңа жүйесі қалыптасқан еді.
Қазақстан Республикасындағы биылғы санақ - халықтың екінші ұлттық
санағы. Ол 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында  өтеді. Мемлекет бұл шараны 
барлық талаптарға сай өткізуге  айрықша мүдделілік танытып  отыр. Алдағы
болатын халық санағының  басымдылығын оның озық үлгідегі инновациялық 
құрылымдары мен техникалық жаңалықтарға негізделгенінен-ақ көруге болады.
Санақ жүргізу  жұмыстарына бюджет қорынан 6 млрд. теңге қаржы бөлінген.
Халық санағын өткізудегі түрлі елдердің тәжірибелері  талданып және алдағы
халық санағына қажетті барлық материалдар жинақталды. Халық санағы 
бағдарламасында  БҰҰ ұсыныстарының барлық сұрақтары сақталған.
Санақты өткізудің  әр кезеңіндегі шаралар  санақ әдістемелігінің
ережелерін сақтау есебінен  тиянақты  жоспарлану қажет. Сондықтан 2009
жылғы  ұлттық халық санағының нақтыланған бағдарламасы ғалымдардың,
мамандардың, мемлекеттік органдардың, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың
ұсынымдарын ескере отырып бекітілген.  Барлық әдістемелік және
ұйымдастырушылық  ережелер 2008 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан
қаласында өткізілген  қанатқақты халық санағының негізінде сараланған. Бұл
санақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық  ұзақ мерзімді дамуын жоспарлауға
мүмкіндік береді. Халықтың өмір сүру деңгейінің сапасына  байланысты 
тұрғындардың  білім деңгейі; олардың тұрмыстық жағдайы; отбасы мүшелері;
еркектер мен әйелдер саны; жас мөлшерлері; қала мен ауылдардағы  халық
саны; олардың тұрғын  жайлары көптеген  басқа да сауалдарға  нақты жауаптар
алынады. Бір сөзбен айтқанда, ел тұрғындары туралы  барлық деректер
алақанымызда болады.
Халық санағы елімізді экономикалық-әлеуметтік жағынан дамытудың бір
амалы екенін бүгін жұртшылық түсінген. Бұл шара - тек Қазақстанда ғана
емес, дүние жүзінің   барлық   елдерінде   де   өтіп отыратын,  әбден
қалыптасқан үдеріс. Халық санағы, жалпы, экономикалық-әлеуметтік,
демографиялық дамуымыздың көптеген бағыттарын анықтайтын болады. Өткен он
жылда еліміз қай бағытта болса да даму үдерісінде болды. Ішкі миграция,
урбанизация үдерістері де халық санағы қорытындысынан көрініс берген
болатын. Осы өзгерістердің барлығы 1999 жылы өткен санақта адамдарға
қойылған 23 негізгі және 5 тұрғын үй жағдайы туралы  сұраққа сыйғызылған 
еді.  Ал биылғы  халық санағында  әрқайсымыз 45 негізгі және 8 тұрғын үй
жағдайы туралы сұраққа жауап беретін боламыз.
Он жыл өзгерістер үшін көп уақыт емес екен. Өткен ғасырдың аяғынан
бастап өмірімізге компьютер ене бастады. Қазір әлемдегі озық елу елдің
қатарынан көрінуге талпынып отырған Қазақстанда өркениеттің бұл жемісін
толық игермей, алға қойған межеге жете алмаймыз. Биылғы халық санағының
сұрақтары осы мәселені де қамтыған, яғни көп сұрақтың  бірі азаматтардың
компьютерде жұмыс істей  білетіндігіне  арналған. Халық санағының осы бір
сұрағы бойынша жасалатын қорытындының өзі мемлекетке алдағы уақытта
халықтың компьютерлік сауаттылығы туралы мәлімет негізінде ақпараттық
технологиялар мен коммуникациялардың дамуына арналған инвестициялар бөлуді,
оқу орындарындағы компьютерлік сыныптарды көбейтуді дұрыс жоспарлауға
мүмкіндік береді.
Бұл санақтың тағы бір ерекшелігі, бүгінгі күні Қазақстан аумағында
жүрген шетел азаматтары мен  азаматтығы жоқ  адамдардың  барлығы  қамтылуы
тиіс.  Сонымен бірге елімізде тұрақты тұратын,  бірақ санақ кезінде ел
аумағында уақытша болмаған адамдар  да  тізімге міндетті түрде енгізілуі
керек.
Санақ арнайы оқытылып, тәжірибеден өткен қызметкерлердің 
(есепшілердің) халыққа сұрау  жүргізу әдісі арқылы жүзеге асады. Маман
ретінде олар барлық қажетті құрал-жабдықтармен: портфельдермен, санақ
парақтарымен, халықты аралауға арналған нұсқаулықтармен және карталармен,
тегін жол жүру билетімен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте аталған шараның
маңыздылығы Үкімет тарапынан да ескерілгендігін атап өтуіміз керек.
Мәселен, аудандық орталықтарға, әсіресе, алыс елді мекендердегі
есепшілердің жұмыстарын жеңілдету мақсатында арнайы көлік бөлінетін болады.
Сонымен қатар мемлекет санақ қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
шараларын назарда ұстап отыр. Оларға мемлекет тарапынан  ай сайын 25 мың
теңге көлемінде еңбекақы төлеу де қарастырылған.
Алдағы  өткізілетін Қазақстандағы халық санағының бұдан бұрын
өткізілген халық санағынан бірқатар ерекшеліктері бар. Негізінен, ол
қоғамдық  құрылымдағы болып жатқан демографиялық, әлеуметтік-экономикалық
өзгерістерге байланысты.  Сонымен қатар мемлекет ерекше  назар аударуды 
қажет ететін, атап айтқанда, тұрғындардың жекелеген әлеуметтік-
демографиялық  топтарына, әйелдер мен балаларға, мүгедектерге, тағы да
басқаларға жаңаша қолдау-көмек көрсетуге қатысты. Қорыта айтқанда, бұл шара
- саяси-әлеуметтік маңызды іс, қоғам мен әлеумет қозғалысының, дамуының
басты  анықтауыштарының бірі. Ал үлгілі мемлекет өз азаматтарының дамуына 
мүдделі болуы керек.
ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУЛЕР СТАТИСТИКАСЫ
№№ Статистикалық Шығару Пайдаланушылар Ұсыну Бет саны
рпжұмыстардың атауы кезеңділүшін нысаны
ігі статистикалық
ақпараттарды
ұсыну мерзімі
қағаз электронды
түріндқ түрде
е
1 2 3 4 5 6
1 Қазақстан Республикасыжылдық 16 сәуір бюллетеньжоқ 30
өңірлері бойынша үй
шаруашылықтарының
әлеуметтік-демографиял
ық сипаттамалары
2 Қазақстан Республикасыжылдық 17 сәуір бюллетеньжоқ 43
үй шаруашылықтарын
көркейту туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік статистика көрсеткіштері
Қоршаған табиғи орта
Халықаралық туризмнің дамуы
Статистиканың жалпы теориясы
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Халықаралық туристік нарық
Халықтың статикасы мен қоныстануы
Жалпы ішкі өнім
Халықтың туу көрсеткіштер жүйесі
Баға-нарықтық экономиканың негізгі элементі
Пәндер