VІІ – Х ғасырлардағы түркілердіің соғдылармен және ирандықтармен байланысы


- VII - X ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТҮРКІЛЕРДІІҢ СОҒДЫЛАРМЕН ЖӘНЕ ИРАНДЫҚТАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ.
VI - XI ғасырларда, яғни Қазақстан тарихының ерте Орта ғасыр кезеңінде немесе түркі дәуірінде Еуразия даласында кеңінен қоныстанды. Түрік, Түргеш, Ұйғыр қағанаттарын, Қарлұқ, Қарахан, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттерінің құрған ашина, түргеш, басшыл, қарлұқ, қимақ, қырғыз, оғыз, қыпшақ тайпаларын жалпылама түркі тектес тайпалар деп атаймыз.
Түркілердің этностық және тілдік қалыптасу аймағының көне ошағы Еуразия құрлығының шығыс бөлігімен - батыста Алтайдан шығыста Хинганға дейінгі аймақты алып жатқан Орталық Азиямен және Оңтүстік Сібірмен тығыз байланысты. Түркілер жері территориялық жорықтарының ең кең көлемде жүргізілген шағында (576 ж) Маньчжуриядан Кимерийлік Боспорға (Керчен бұғазы) дейін, Енесейдің жоғарғы ағысынан Амударияның жоғарғы ағысына дейінгі аралықты қамтып жатты.
Түркі қағандары Орта Азия мен Оңтүстік - шығыс Еуропа тарихына елеулі ықпал еткен саяси және мәдени мұра қалдырған алғашқы еуразиялық империяны құрушылар болды.
Түркілердің бұл алып аймақта көрші өркениеттерден де, басқа таулы, далалы тайпалардан да алыстамай, олармен араласып жатқаны анық. Көші - қон үрдістерінің бағыттары біресе баяулап, біресе қайта жанданып бүкіл ұлы даланы қамтыды. Бұл аймақтағы жоғарыда көрсетілген тайпалардың жоғары дәрежедегі жылжымалылығымен анықталатын, дисиональды, яғни бір аумақпен ғана шектеліп қалмайтын сипаты ұлы даладағы этногенетикалық үрдістердің айырықша бір ерекшелігі болып табылады. Сонымен қатар бұл түркі тілдес тайпалық одақтар мобильділігімен жаңадан пайда болған тайпалық топтар құрамын да жеңіл бейімделіп, жанданып отырды. Үлкен хранологиялық кезеңдер шеңберінде алып қарағанда бұл үрдістердің ортақ заңдылыққа - түркі тілдес топтардың шығыстан батысқа ығысуына бағынғандығын көреміз [91] .
551 жылы көне түріктердің 4 негізгі тобы ашина руының көсемдігімен жаңа саяси құрылымының құрамына еніп, Орталық Азиядағы арханикалық империялар кезеңін (VI - IX ғғ) бастады [93] .
Түркілер тарихының бұл жаңа кезеңі басқарушы және бағынушы топтардың бөлініп шығу үрдісінің жеделдетілуі сияқты өзгеріске ұшыраған әлеуметтік жағдайлар негізінде дамыды. Бұл кезең шығыс Иран елдерімен саяси және этникалық байланыстардың жаңа деңгейінің шарты болды. Түркілердің этногенез ошағының батысқа қарай жылжуы барысында әлеуметтік - саяси құрылымдары ұқсас, түркі, ұйғыр қағанаттары, түргеш, қарлұқ, қырғыз, қимақ мемлекеттері құрылып тарихтағы өз орындарына ие болып жатты [93] .
Ерте ортағасырлық мемлекеттер ішіде ру - тайпалық бөлінуге, жекешеленуге алғаш рет біртұтас империялық идеология қарсы бой көтерді. Біртұтас империя шеңберінде бірдей әдеби тіл мен жазу, материалдық мәдениет, саяси - әлеуметтік жазбаша қорлар пайда болып, түркі империясы тарағаннан кейін де қолданыста болып келді.
Түрік қағанатындағы билеуші әулеттің ішіндегі 20 жылға созылған, өзара билікке бөлінуіне, Орта Азияда Батыс Түрік қағанатының, Моңғолияда Шығыс Түрік қағанатының құрылуына алып келді. Батыс түрік қағанатының Шегу (611-618) жыл Тон Ябғу (618-630) қағандары тұсында гүлденуі территориялық отарлау кезеңіне айналды. Шегу қаған Алтайды қағанаттың шығыс шекарасы етіп, билігін бүкіл Тарым бассейніне, Шығыс Памирге кеңейтті.
Тон Ябғу қысқы сарайын Суябқа - Шу өзенінің бойындағы ірі сауда - қолөнер орталығына (қазіргі Тоқтамақ қаласының маңындағы Ақ - бешім қалашығы) жазғы сарайын, Исфиджаб маңындағы Мыңбұлаққа (қазіргі Түркістан қаласының маңында) орналастырды [101] .
Жаңа жорықтар қағанат шекарасын Әмударияның жоғарғы ағысы мен Гиндукушқа дейін кеңейтті. 634 жылы билікке Нушибилерге сүйенген Елтерес қаған келді. Ол “он ақ” әскери - әкімшілік жүйесін жандандыруға тырысты. Жаңа реформалар ру басыларын (ырқын мен горлар) қағанға тікелей тәуелді етті. Сонымен қатар, - “оқты” басқаруға қаған отбасының мүшесі - Шад жіберілді, оның ру басыларымен ешбір туыстық байланысы болмады [103] . Осылайша жергілікті көсемдердің билігі шектелді. Ал қоғамының әскери - саяси күші тайпаларды бағынышта ұстауға жетпеді. Сондықтан 638 жылы дулу тайпалары Шадын қаған етіп жариялады. Қанды қақтығыстардан кейін дулу мен Нушиби тайпалыры екіге бөлініп, шекараларын Іле өзені арқылы белгіледі. 640-657 жж 17 жылға созылған тайпааралық күрес Жетісуға қытайлардың баса көптеп енуіне алып келді. “Он оқ” елі жеңіліп, Нивар Ышбара Ябғу қаған (Қытай деректерінде Ашина Хелу) тұтқындалып, 2 жылдан соң, 659 жылы сонда қайтыс болды.
Таң қытай - империясы батыс түрік тайпаларын қаған руынан шыққан “қуыршақтармен” билеуге тырысты. VII ғасырдың аяғында түркілердің толастамаған күрестерінің нәтижесінді Үш - елін бастаған түргештер батыс түркілердің тәуелсіздігін қалпына келтіріп. Түргеш қағанатын құрды.
Бұл кезде Орталық Азияда Шығыс Түрік қағанатының да қайта жандануымен және Орта Азияны араб жаулапалушылығымен аяқталған жаңа саяси жағдай қалыптасты.
Батыс Түрік қағанаты Шығыс Түрік қағанатынан ерекшеленді. Егер Шығыста көшпенді өмір басым болса, батыста халықтың көшпелілігі отырықшы болды, егіншілікпен, қолөнер, саудамен айналысты. Батыс түркілердің мемлекеті шығысқа қарағанда феодалдық қатынастары дамыған мемлекет болды.
Ерте ортағасырлық қалалық және жер өңдеу мәдениеті Батыс Түрік қағанатында Соғдылықтардың қатысуымен қалыптасты.
Түркі елінің мәдениетінің дамуына б. ғ. д. ІІ ғасырда ашылған Қиыр жіне Таяу Шығыс елдерінің арасындағы Керуен жолы үлкен рөл атқарды. Бұл қатынастарды суреттеген алғашқы құжаттар Орта Азиялық Иран диалектілерінің бірінде жазылған заттай ескерткіш. Ол В. Хеннингтің анықтауы бойынша, IV ғасырға жатады. Оны Булунузур маңынан саяхатшы Штейн тапқан. Бұл құжаттардың тілі кеңінен (VIIғ) Орта Азиядан табылған буддизм, христиан, Манихей діни әдебиетінің ескерткіштерінің тіліне ұқсас [183] . Ол тіл ғылымда ХІ ғасырдағы мұсылман ғалымы Бируни айтқандай, Түркістанның мұсылмандықты қабылдауына дейінгі екі әдеби тілдің біреуінің айтуымен “Соғдылық” тіл деп аталған [49] .
Бируни соғдылықтар мен хорезмдіктердің күнтізбелері туралы мәлімет беріп, бұндағы терминдер Орта Азиядан табылған ескерткіштердің терминдеріне ұқсас екендігін анықтаған [51] .
Иранды зерттеген француз ғалымы Готоның пікірі бойынша соғды тілі Самарқандықтан Қытайға дейінгі барлық аудандарда тараған [41] .
Қытай деректері де “Мұсылман әдебиеттері де соғдылықтардың, араб жаулап алушылығына дейін, Жетісуда, Жоңғарияда, Шығыс Түркістанда, Солтүстік Қытайда - Ұлы Жібек жолында өздерінің сауда - жер өңдеу отарларын құрғандығын айтады [210; 70] .
V-VII ғғ Талас өзені (түркі деректерде Аргу елі) Шу мен Іле өзені бойындағы соғдылық отарлау ол жерлердегі ондаған қалалар мен елді мекендердің бой көтеруіне себепші болды. Соғдылықтардың Жетісуға, әсіресе Шу даласына көптеп келуі VII - VIII ғасырларға келеді. Ол кездің қоныстары археологиялық қазбалармен жартылай ашылған. Бұл қалалар Орта Азияның ертеортағасырлық қалаларынан көлемі жағынан еш кем түспейтін. Олардың орталығы Цитадельден және тығыз қаланған Шахристаннан тұрды. Шахристанға Рабад - қолөнер - сауда ауданы жалғасты. Кешкалар - бекітілген усадьбалар бау - бақшамен, жүзім ағаштарымен қоршалып, бір - бірімен 50-100 м жерде орналасты. Қала маңындағы жыртылатын егіс алқаптары да жолдармен қоршалды.
VI - VIII ғасырлардың өзінде - ақ Шу даласында Соғдылықтар, түркілер, сириялықтар, парсылар негізін қалаған 18 ірі қалалар және көптеген қоныстар болған [104, 30-31] . Оларды 630 жылы Жетісуда болған Қытай саяхатшысы Сюань Цзань былай деп сипаттайды: “Түссіз мөлдір көлден (Ыстық көл) Солтүстік - батысқа 500 м жүргенде Суй (Суяб) қаласына келдік Бұл қаланың айналасын қосқанда көлемі 6-7 м. Бұнда әр елдің саудагерлерімен араласып Хулар (Соғдылықтар) өмір сүрді. Топырағы қызыл сұлы мен жүзім өсіруге қолайлы. Адамдары жүннен тоқылған киім киеді. Суядтен батысқа қарай тұра жүрсе әрқайсысын ақсақалдары басқаратын он шақты жекелеген қалалар бар. Ол бір - біріне тәуелді болмаса да, бәрі түркілерге бағынады [32-33] .
Осы сөздермен саяхатшы Талас қаласында суреттейді. Сюань Цзань бақылауларын қорытындылап: “Суяб қаласынан Кушан князьдігіне дейінгі мемлекет Соғды деп аталды, оның тұрғындары да соғдылар деп атады”, дейді. Бұдан көрінетіндей “Сюань Узан Жетісулық қалалр мен Соғды тұрғындарының арасынан этникалық өзгешелік таппаған. Ал “Алқаптарды өңдеушілер мен пайда қуғандар (көпестер мен қолөнершілер) саны тең”, деп көрсетуі Соғдылық қалалардың тек сауда - қолөнер саласында ғана емес, аграрлық бағытта дамығандығын байқатады, ол археологиялық қазбалармен де дәлелденген.
Орта Азияда керуен жолдары біртіндеп оңтүстіктен солтүстікке, Лоб - Нор маңынан Хотан, Яркентке, одан ары таулар арқылы Ауғаныстанға шығатын болып жоғарлады. Бұған сәйкес халықтардың бұл саудаға қатысу деңгейі де өзгерді. Мұсылмандықты қабылдағанға дейін - ақ. Шығыс пен Батыс арасында делдалдық рөлі Иран, Ауғаныстан тұрғындарынан соғдылықтарға, Солтүстікке қарайғы елдерге көшті. Батыс Түрік қағанатында, VII - VIII ғасырлардағы қағандардың билігі шығыстағындай берік болмады. Әскери - тайпалық топтар арасындағы қатаң күрес қағандарды жиі “қуыршақ” билеуші етті: Бұндай жағдайда мықты бекіністері, әскери топтары, сауда - дипломатиялық байланыстары бар соғдылық қалалар орны жоғары қойылды. Олар ішкі және сыртқы қақтығыста “Үшінші күш” ретінде шешім қабылдау мүмкіндігін иеленді. Түркі қағандары өздерінің соғдылық тұғындарын тат, яғни басыбайлы, алым - салық төлеуші деп атады [104] . Бірақта соғдылықтардың батыс түркілерінің арасындағы беделі өте күшті болды деуге негіз бар, себебі олардың қол астында мемлекеттің барлық экономикалық тыныс - тіршілігін, ақша айналымын бақылау мүмкіндігі болды. Түркі астаналарынан табылған. VIII ғасырға созылған тиындар соғды тиындегі аңыздарды баяндайды, соғды шеберханаларында соғылған.
М. Қашқаридің мәліметіне қарағанда түркілер соғдыша, Соғдылар түрікше сөйлей білген. Бұған Бұғұт жазуы (VI ғасыр жатқызылады, Монғолиядан табылған) және Жетісудағы, Талас өзені маңынан табылған керамикалардағы, жартастардағы жазулар, сондай - ақ Тараз, Суяб қалаларын қазу барысында табылған, VII ғасырға жататын жергілікті теңгелердегі жазулар дәлел бола алады [13, 11-12; 47; 51-52] . Сонымен түркілер жеріндегі соғдылық жазу буддистік, хрестиандық, манихейлік діни мәтіндерді жазуда қолданылған. Кейіннен соғды жазуын батыста араб, шығыста тибет әліпбиі ығыстырды. Бұл жазу мүлдем өшкен жоқ, оның негізінде Ұйғыр әліпбиі бөлініп шықты. М. Қашқари ұйғыр жазуы туралы былай деп жазады. “Ұйғырлардың тілі таза түрікше . . . Олар 24 әріптен құралатын жазуды пайдаланады. Кітап пен хат - хабарды сол жазу мен жазады. Бұл жазуды мұсылман дініне кірмеген ұйғырлар мен шындардан басқа қазір ешкім білмейді” [11-12] .
Ұйғыр жазуы әріптері жоғарыдан төмен қарай және жолдары солдан оңға қарай орналасқан. VIII - XIII ғасырлардағы түркі тайпаларының будда дінін уағыздаушы топтары көп қолданған. Бірақ, ислам дінін қабылдауына байланысты араб графикасы ығыстырылып шығарды. Ұйғыр жазуын XIII ғасырда моңғолдар қабылдаған, ал моғолдардың ықпалымен ұйғыр әліпбиі Мальчжур жазуының да негізіне алынды.
Ұйғыр жазуы ескерткіштерінің тілдік ерекшелігін талдай келе ғалымдар бұл тек ұйғыр тайпаларының ғана емес, сондай - ақ түркі, түргеш, басмыл, қарлұқ және басқа VIII - XIII ғасырлардағы Шығыс Түркістанды мекендеген түркі тектес тайпалардың тілі болса керек деп тапшылайды [74; 112] .
Ұйғыр жазуымен будда, манихейлік, хрестиандық уағыздар, сондай - ақ Шығыс Түркістандағы Ұйғыр мемлекеттерінің түрлі заң құжаттары, жылнамалар, сәуегейлік болжаулар т. б. жазылған. Діни шығармалар соғды, тибет тілдерінен түркі тіліне аударылған.
Ұйғыр аудармашылары діни мәтіндердің жергілікті халыққа ұғынықты болуы үшін күш салып, сол үшін көне түркі мақал - мәтелдерін, қанатты сөздерін жиі қолданған, сонымен бірге діни аударма шығармаларда көне түркілердің фольклоры негіздері басшылыққа алынғаны байқалады.
Зороастра діні б. з. д. VII - IV ғасырларда ежелгі Иран аумағында қалыптасқан. Оның ғұрыптық тәжірибесі ғаламның төрт элементін - суды, атты, жерді, ауаны құрметтеу тән. Зороастра ескерткіштерін Орта Азиядан, Сырдария қалалары мен Жетісудан аңғаруға болады. Бұлар - мұнара сияқты құрлыстардың қалдықтары, оларды от жағатын мұнаралар мен байланыстыру қажет. Олар Қостөбе және Қызылөзен қалалары орнының топографиясында сақталған.
Алайда Орта Азия мен Қазақстанда зороастра дінінің конондық түрінен айырмашылығы бар ерекше нұсқасы тараған. Ол жергілікті табынушылық діндермен, атап айтқанда отқа, текке, бабаларға, жануарларға - қойға, жылқыға, түйеге табынумен тығыз араласып кеткен.
Бұл дінге байланысты олжалар оссурилерге - сүйекті қыш жәшіктерге, кеспектерге, өлікті жер бетіндегі корхана наус - сағаналарға, қойып жерлеген жерлерден табылды [54-61] .
Зороастра дінін Қазақстан қалаларына VI-VII ғасырларда соғдылар әкелген. Зороастра дінімен байланысты мәдениеттің көп жақтары Қазақстан қалаларында, онда ислам келгеннен кейін де кездесе берді. Алайда ислам Шығыста христиан дінін де, будда дінін де, зороастра дінін де, жергілікті діндерді де ығыстырып шығарды.
Жібек жолының бойымен келесі бір дін - манихей діні таралған. Ол ІІІ ғасырда Иранда пайда болған. Ол жалпы алғанда зороастрашылық пен христиан дінінің қосындысы болатын. Христиан дінінен манихет діні - миссианшылдық, ал зороастрадан - сәуегейшілік ізгілік пен зұлымдықтың, жарық пен қараңғылықтың күресі идеясын алған [ . . . 204] .
Манихей дінінің Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінде, бірінші кезекте отырықшы тұрғындар арасында өз жақтаушылары болды. Турфан алқабынан табылған. Манихейлік “Екі негіздің қасиетті кітабы” деген шығарманың ертедегі ұйғырша қолжазбасында бұл кітап “он оқ елінде (нанымды) ояту үшін” “Арғу, Талас (Алтын Арғу - Талас ұлуше”) қаласында жазылды делінген, бұл арада белгілі Тараз қаласы айтылып отыр [130-131] .
Манихейліктер қоғамы Тараздан өзге Баласағұн, Шағылбалықта, өмір сүрген. Тараз қаласынан манихей астралогиялық құдайының символы - айдың суреті бар қола медальон табылған. Тараздағы ортағасырлық зираттардан өлікті киіміммен жерлеу ғұрпы байқалады.
VII ғасырда Батыс Түрік қағаны Шығыстағы барлық манихейлердің ең құдіретті қамқоршысы деп есептелінеді.
Ұйғыр қағанатында көкке табынушылық Идигяньхан тұсында манихейлікпен алмастырылады.
762-840 жылдары манихейлік ұйғыр қағанатында мемлекеттік дін ретінде өмір сүрді. Бірақ 779-795 жылдары қағанат ішіндегі төңкеріске байланысты дағдарысқа ұшырап, кейін бұрынғы статусын қайта алған.
VII - VIII ғасырларда бүкіл Азия бойынша уағыздалғанымен, ол тек ұйғыр мемлекетінде ғана бекініп қалды.
Осылайша, мұсылмандыққа дейінгі көшпенді - түркі тайпалары мен қалалық - соғдылықтар арасындағы мәдени байланыс, Сасанидтік Иранның мәдениетінің Далаға ықпалы көрінді. Шығыс Иран халқы түркі қағандарынан саяси тәуелді бола тұра, ченунік, мәмілегер, дін таратушылар рөлінде Иран мәдениеті мен түркі мәдениетінің араласып, сабақтасуына әсерін тигізіп отырды.
Түрік мәдениетінің эволюциясын Иран факторынсыз түсіну мүмкін емес. VIII - IX ғасырларда түркі мәдениетінің қалыптасуын, дамуын көне түркі көпестері мен кірме элементтердің (негізінен Ирандық) байланысынан, кейінгінің басымдылануынан көреміз. Нақ осы Иран халықтары түркілерді исламға тартты, ол арабтардың өзімен түркілердің терең байланыстары байқалмады, қожалардың екеуін салмағанда. Араб мәдениеті Қазақстанға парсылар арқылы енді.
[ . . . 132] .
- АРАБ - ТҮРКІ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz