Салық - әлеуметтік қамтамасыз етудің негізгі құралы



Қазақстан Республикасының Үкiметi бiлiм берудi, денсаулық сақтауды және халықты әлеуметтiк қорғауды, мәдениеттi, спортты, туризмдi және ақпараттық кеңiстiктi дамытуға арналған шығыстарды ұлғайту жолымен саясаттың әлеуметтiк бағытталуын күшейтедi.
2006 жылы әлеуметтiк саланы қаржыландыруға республикалық бюджеттен 609,1 млрд. теңге немесе жалпы iшкi өнiмнiң 7,6 %-ы бөлiнедi. Республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемiндегi әлеуметтiк салаға арналған шығыстардың үлесi 37,9 %-ды құрайды.
o 2006 жылы мемлекеттiк бюджеттiң бiлiм беруге арналған шығыстары кемiнде жалпы iшкi өнiмге 3,5%-ды құрайды.
Бiлiм берудi дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына 2006 жылы мемлекеттiк бюджеттен шамамен 62,5 млрд. теңге, оның iшiнде бiлiктiлiгi жоғары кадрлар даярлауға - 13,4 млрд. теңге, бiлiм беру объектiлерiн салуға және қайта жаңартуға - 21,1 млрд. теңге, бiлiм беру объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға және оларды күрделi жөндеуге - 11,6 млрд. теңге, мектептердi ақпараттандыруға және Интернет желiсiне қосуға - 1,5 млрд. теңге, бiлiм беру сапасын мемлекеттiк бағалауға - 0,9 млрд. теңге, өзге шығыстарға 14 млрд. теңге бөлiнедi.
2006 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелдiк жоғары оқу орындарында қазақстандық мамандарды даярлауға арналған шығыстар 10,1 млрд. теңгенi құрайды.
2006 жылы азаматтарды тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiмен қамтамасыз етудiң конституциялық нормасын орындау, денсаулық сақтауды халықаралық стандарттарға көшiру, денсаулық сақтауды қаржыландыруды басқарудың тиiмдi жүйесiн құру, тәуелсiз медициналық сараптама жүйесiн құру, денсаулық сақтау жүйесiнiң менеджерлерiн даярлау, ана мен бала денсаулығын нығайту жөнiндегi жұмыстар жалғасады.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Президент алға қойған әлемдегі бәсекеге неғұрлым қабілетті            50
елдің қатарына кіру туралы мақсатқа жету үшін  ең алдымен әлеуметтік саланы
дамытуға көңіл аудару керек.
Халықтың әл-ауқатын одан әрi арттыру

Қазақстан Республикасының Үкiметi бiлiм берудi, денсаулық сақтауды
және халықты әлеуметтiк қорғауды, мәдениеттi, спортты, туризмдi және
ақпараттық кеңiстiктi дамытуға арналған шығыстарды ұлғайту жолымен
саясаттың әлеуметтiк бағытталуын күшейтедi.
2006 жылы әлеуметтiк саланы қаржыландыруға республикалық бюджеттен
609,1 млрд. теңге немесе жалпы iшкi өнiмнiң 7,6 %-ы бөлiнедi. Республикалық
бюджет шығыстарының жалпы көлемiндегi әлеуметтiк салаға арналған
шығыстардың үлесi 37,9 %-ды құрайды.
o 2006 жылы мемлекеттiк бюджеттiң бiлiм беруге арналған
шығыстары кемiнде жалпы iшкi өнiмге 3,5%-ды құрайды.
Бiлiм берудi дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарламасына 2006 жылы мемлекеттiк бюджеттен шамамен 62,5 млрд. теңге,
оның iшiнде бiлiктiлiгi жоғары кадрлар даярлауға - 13,4 млрд. теңге, бiлiм
беру объектiлерiн салуға және қайта жаңартуға - 21,1 млрд. теңге, бiлiм
беру объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға және оларды
күрделi жөндеуге - 11,6 млрд. теңге, мектептердi ақпараттандыруға және
Интернет желiсiне қосуға - 1,5 млрд. теңге, бiлiм беру сапасын мемлекеттiк
бағалауға - 0,9 млрд. теңге, өзге шығыстарға 14 млрд. теңге бөлiнедi.
      2006 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелдiк жоғары оқу
орындарында қазақстандық мамандарды даярлауға арналған шығыстар 10,1 млрд.
теңгенi құрайды.
2006 жылы азаматтарды тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген
көлемiмен қамтамасыз етудiң конституциялық нормасын орындау, денсаулық
сақтауды халықаралық стандарттарға көшiру, денсаулық сақтауды
қаржыландыруды басқарудың тиiмдi жүйесiн құру, тәуелсiз медициналық
сараптама жүйесiн құру, денсаулық сақтау жүйесiнiң менеджерлерiн даярлау,
ана мен бала денсаулығын нығайту жөнiндегi жұмыстар жалғасады.
     
o 2006 жылы мемлекеттiк бюджеттiң денсаулық сақтауға арналған
шығыстары кемiнде жалпы iшкi өнiмге 2,5 %-ды құрайды.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен
дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде
2006 жылы мемлекеттiк бюджет қаражатынан шамамен 65,0 млрд. теңге, оның
iшiнде мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық
жарақтандыруға - 17,9 млрд. теңге, денсаулық сақтау ұйымдарын күрделi
жөндеуге және олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 11,5 млрд.
теңге, ауыртпалық орталығын бастапқы медициналық-санитарлық көмекке
аударуға - 8,8 млрд. теңге, мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының штат
санын ұлғайтуға - 3,4 млрд. теңге, медицина кадрларын даярлауға және қайта
даярлауға - 1,7 млрд. теңге, инвестициялық жобаларға - 21,7 млрд. теңге
бөлiнедi.
      Қазақстан Республикасында әлеуметтiк реформаларды одан әрi
тереңдетудiң 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша iс-
шараларды iске асыруға 2006 жылы мемлекеттiк бюджеттен 347,7 млрд. теңге
бөлiнедi.
2006 жылы ең төменгi зейнетақы 6700 теңгенi, базалық зейнетақы төлемiн
ескергенде орташа зейнетақы - 12930 теңгенi, мемлекеттiк әлеуметтiк
жәрдемақылардың орташа мөлшерi - 7441 теңгенi құрайды.
      Балалы отбасыларды қорғау жүйесiн одан әрi дамыту, бала тууды
ынталандыру, республикадағы демографиялық ахуалды жақсарту мақсатында 2006
жылдан бастап жәрдемақының жаңа екi түрi: 3087-ден 4630,5 теңгеге дейiнгi
мөлшерде бiр жасқа толмаған баланы күту жөнiндегi әмбебап жәрдемақы және
1029 теңге мөлшерiнде аз қамтамасыз етiлген отбасылардың 18 жасқа толмаған
балаларына арналған жәрдемақы қосымша енгiзiлдi.
           2006 жылы Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын
дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске
асыру жалғасады, мұның негiзгi мақсаты халықтың қалың бұқарасының тұрғын
үйге қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн тұрғын үй құрылысын дамыту
проблемаларын кешендi шешу болып табылады. Бағдарламаны iске асыруға 2006
жылы республикалық бюджеттен 62,6 млрд. теңге, оның iшiнде жергiлiктi
атқарушы органдарға тұрғын үй салуға бюджеттiк кредит беруге - 22 млрд.
теңге, инженерлiк-коммуникациялық желiлердi дамытуға - 20 млрд. теңге,
мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық тұрғын үй салуға
(республикалық бюджеттен берiлетiн нысаналы трансферттер) - 6,2 млрд.
теңге, Бағдарламаны iске асыруды институционалдық қамтамасыз етуге - 14,4
млрд. теңге бөлiнедi.
Елдегі сақталып тұрған экономикалық өсу Қазақстан Республикасының
Үкіметіне халықты әлеуметтік қорғаудың дамуына шығындарды өсіру жолымен
саясаттың әлеуметтік бағыттылығын жалғастыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанның қазіргі кездегі істеп тұрған әлеуметтік қамсыздандыру
жүйесі мемлекеттің қатысу қарқындылығымен сипатталады. Мемлекеттік бюджет
есебінен зейнеткерлерді, мүгедектерді, асыраушысынан айрылған тұлғаларды
және тұрғындардың басқа да санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру жүргізіледі.

o Әлеуметтік қамсыздандыруға ЖІӨ шығындары 2006 жылы - 5,2
%, 2007 жылы - 5,2 %, 2008 жылы - 5,1 % көзделу
жоспарланып отыр.
Оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыруға мемлекеттік бюджет шығындары
жыл сайын көбеюде.
Осыған сәйкес, егер 2000 жылы әлеуметтік қамсыздандыру шығындарының
үлесі 151,3 млрд. теңгені құраса, 2006 жылы 388,6 млрд. теңге жұмсау
болжанып отыр.
Ол, өз кезегінде халықтың табысын едәуір өсіруге мүмкіндік берді, ол
туралы 2000 – 2006 жылдардың келесі әлеуметтік индикаторларының өсуі
куәландырады:
- зейнетақының минималдық мөлшері - 1,8 есеге (3500-ден 6700 теңгеге
дейін);
- зейнетақының орташа мөлшері – 2,9 есеге (4462-ден 12930 теңгеге
дейін);
- жалақының минималдық мөлшері – 3,4 есеге (2680-ден 9200 теңгеге
дейін);
- ең төменгі күнкөріс деңгейі – 1,9 есеге (4007-ден 7945 теңгеге
дейін).
Сонымен, 2006 жылдың ішінде бірқатар әлеуметтік маңызды мәселелер
шешілді. 2006 жылғы 1 шілдеден бастап соғысқа қатысқандарға теңестірілген
адамдарға арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері – 2,4 есе; соғыс
мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 1,2 есе; Ұлы Отан соғысы кезінде
қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне – 1,6 есе өсті. Қаза болған (қайтыс
болған) әскери қызметшілердің отбасыларына арнайы мемлекеттік жәрдемақы –
1,5 есе, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдеріне, күйеулеріне – 2,7
есе, Чернобыль атом электростанциясы апаты зардабын жоюға қатысқандарға
ішінара 4 есе өсті және т.б.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТКЕ ТҮСІМДЕРДІҢ ТОЛЫҚ ЖӘНЕ УАҚТЫЛЫ ТҮСУІН ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТУДІ БАҒАЛАУ
Нақтыланған бюджетке сай 2006 жылғы республикалық бюджеттің кірістері
1 510,3 млрд. теңге көлемінде белгіленген. Жасалған түзетуге сәйкес шикізат
секторынан бюджетке түсетін түсімдер 172,6 млрд. теңгеге ұлғайып, 1 682,9
млрд. теңгеге белгіленді. Іс жүзінде 1 847,2 млрд. теңге немесе нақтыланған
көрсеткіш 122,3% орындалды.
Есепті жылы кірістердің 1 667,8 млрд. теңгесін немесе 90,2%-ын салық
түсімдері, салықтан тыс түсімдер – тиісінше 49,2 млрд. теңге яғни 2,7%,
негізгі капиталды сатудан түскен кіріс түсімдері – 8,3 млрд. теңге, яғни
0,5%, трансферттерден түскен түсімдер – 121,9 млрд. теңге немесе 6,6%
құрады.
2006 жылғы республикалық бюджеттің салық түсімдері бойынша нақтыланған
және түзетілген көрсеткіші тиісінше 31,7% және 15,9%-ға асыра орындалып,
1 667,8 млрд. теңгені құрады.
Салық түсімдерінің жоспарын асыра орындау негізінен 216,1 млрд.
теңгесі (1,4 есе) корпоративтік табыс салығы мен 127,0 млрд. теңгесі (1,9
есе) табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланудан түскен түсімдер есебінен
қамтамасыз етілді.
Өткен жылдардағы сияқты корпоративтік табыс салығы, қосылған құн
салығы, табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланудан түскен түсімдер
республикалық бюджетке түсетін салық түсімдерінің негізгі көздері болып
табылатынын құрылымдық талдау көрсетіп отыр. Мәселен, жалпы салық
түсімдерінің арасында корпоративтік табыс салығының үлесі 2006 жылы –
46,6%, ал 2005 жылы – 53,4%, ҚҚС тиісінше 29,4% және 22,0%, табиғи және
басқа да ресурстарды пайдаланудан түскен түсімдер 16,0% және 19,5% құрады.
2006 жылы республикалық бюджетке түскен салық түсімдері 2005 жылмен
салыстырғанда 105,9 млрд. теңгеге немесе 6,8%-ға ұлғайды. Салық
түсімдерінің арасында ең жоғары өсім қарқыны кедендік төлемдер (85,3%) мен
акциздердің (56,4%) үлесіне келеді.
Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілер бойынша 2006 жылы
бюджетке төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге жүргізілген
талдау көрсетіп отырғандай, шикі мұнай мен табиғи газды өндіретін
кәсіпорындар үшін салықтық жүктеме коэффициенті жедел деректер бойынша
орташа алғанда – 31,3%, ал мұнай өнімдерінің саудасын жүзеге асыратын
шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін 6,5% құрады.
Республикада бюджетке артық төленген салықтар мен басқа да міндетті
төлемдердің көлемі ұлғаюда, 2007 жылғы 1 қаңтарға 693,5 млрд. теңге артық
төленіп, есепті жылдың бастапқы кезімен салыстырғанда 150,4 млрд. теңгеге
немесе 27,7%-ға өскен. Осыған байланысты, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің айналым қаражатының бір бөлігі оқшауланып, салық
төлеушілердің салық жүктемесі артуда, сондай-ақ республикалық бюджетке
түскен түсімдерді қайтару ұлғаю үстінде.
2007 жылғы 1 қаңтарға мемлекеттік бюджетке салықтар бойынша артық
төленген қаржының ең көбі қосымша құн салығы мен корпоративтік табыс
салығының үлесіне тиеді.
2006 жылы 776,6 млрд. теңге корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі –
КТС) немесе нақтыланған көрсеткіштің 118,6%-ы түскен. Бұл ретте шикізат
секторы ұйымдарынан 172,9 млрд. теңге КТС немесе осы салық түрінің жалпы
көлемінің 22,3%-ы түсті. 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан
Республикасы Ұлттық қорына шикізат секторы ұйымдарынан келіп түскен КТС
376,4 млрд. теңгені құрады. 2006 жылы заңды тұлғалар – резиденттер мен
резидент еместерден КТС бойынша 11,7 млрд. теңгенің артық түсуіне
байланысты, КТС бойынша жалпы 68,3 млрд. теңге артық төленіп, 2005 жылмен
салыстырғанда 24,1 млрд. теңгеге немесе 54,6%-ға өскен.
Сонымен қатар, артық төлемдер заңды тұлғалар – шикізат секторы
ұйымдарынан түскен КТС есебінен 11,3 млрд. теңгеге ұлғайған.
2006 жылғы КТС тоқсандық түсімдерін талдау аталған салық түрі
түсімдерінің біркелкі түспейтінін көрсетеді, бұл республикалық бюджет
түсімдерінің жалпы көлемінде КТС үлесінің қалыптасқан басымдығы кезінде
бюджет қаражатының толық және тиімді игерілмей қалу қаупін арттырады.
Республикалық бюджетке қосымша құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) бойынша
түскен түсімдер 489,6 млрд. теңгені құрап, 2005 жылмен салыстырғанда 42,4%-
ға ұлғайған.
Есепті жылы республикалық бюджеттен ҚҚС өтеу өткен жылмен салыстырғанда
19,0%-ға көбейіп, 195,1 млрд. теңгені құрады. Бұл негізінен нөлдік ставка
бойынша ҚҚС салынатын шикізаттар мен тауарлар экспорты көлемінің артуынан
туындаған. Бұл ретте салық төлеушілердің есеп айырысу шоттарына 132,0 млрд.
теңге немесе өтелуге жататын жалпы қаржының 67,7%-ы қайтарылды.
ҚҚС бойынша артық төлемдер 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
артық төленген салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің
жалпы көлемінің 57,7%-ын немесе 400,6 млрд. теңгені құрады, оның ішінде
есепке жатқызылған ҚҚС-ғы есептелген ҚҚС-нан 278,5 млрд. теңгеге асып
кеткен.
2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚҚС бойынша берешек 19,0 млрд.
теңгені құрады. Сонымен бірге, қазіргі уақытқа дейін “қолма-қол ақшаға
айналдыру” фирмалары мен “бір күндік” фирмаларды жою, сондай-ақ өндірісті
ынталандырып, қосылған құны жоғары тауарларды өткізу үшін ҚҚС қайтарудың
тетігін жетілдіру жөніндегі Есеп комитеті ұсынған кешенді шаралар
қабылданбаған.
Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланудан түсетін түсімдердің
нақтыланған жылдық жоспары 140,3 млрд. теңге, ал іс жүзінде түскен түсімдер
267,4 млрд. теңгені немесе 190,5% құрады, оның ішінде шикізат секторы
ұйымдарынан – 386,0%, басқа салық төлеушілерден – 143,0%. Жоспардың асыра
орындалуы, негізінен, үстеме пайдаға салынатын салықтан – 28,7 млрд. теңге
(1,3 есе), бонустардан – 9,7 млрд. теңге (3,6 есе), роялтиден – 5,8 млрд.
теңге (1,3 есе) құралды.
2006 жылы табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланудан түскен түсімдер
негізінен роялтидің (79,0%), бонустардың (58,5%) және жасасқан келісім-
шарттарға сәйкес шикізат секторы ұйымдарынан өнімді бөлу бойынша ҚР үлесі
(37,3%) есебінен 2005 жылмен салыстырғанда 12,1%-ға азайды.
Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланудан түскен түсімдер
құрылымында үстеме пайдаға салынатын салық негізгі салық болып табылады,
2006 жылы оның үлесі 42,9% құрады. Республикада үстеме пайдаға салынатын
салық түсімдері тұрақты түрде артып келеді, бұл мұнай бағасының өсуіне
байланысты болып отыр. Мәселен, 2006 жылы үстеме пайдаға салынатын салық
түсімдері 2005 жылмен салыстырғанда 2,6 есе өскен.
Кеден органдары әкімшілік жүргізетін сыртқы экономикалық қызметтен
түсетін кедендік төлемдер мен салықтар бойынша 2006 жылғы болжам 110,0%-ға
орындалды. Тапсырмада белгіленген 441,1 млрд. теңгенің орнына іс жүзінде
485,4 млрд. теңге түскен.
Республикада кедендік салықтар мен төлемдерді төлеу бойынша елеулі
жеңілдіктер және төлеу мерзімін ұзартуға артықшылықтар берілген. 2007 жылғы
1 қаңтардағы жағдай бойынша кедендік салықтар мен төлемдер бойынша берілген
жеңілдіктердің көлемі, сондай-ақ есепке жатқызу және мерзімін ұзарту
әдісімен төленген ҚҚС көлемі 457,3 млрд. теңгені немесе сыртқы сауда
операцияларынан республикалық бюджетке іс жүзінде түскен қаражаттың 94%-ын
құрады. Бұл ретте көрсетілген қаржының 393,1 млрд. теңгесін кедендік
салықтар мен төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктер құрады, оның ішінде
кедендік төлемдерге салық салудан Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен босату жеңілдіктері – 132,8 млрд. теңге, кедендік
одақ пен еркін сауда аймағы шеңберінде берілген тарифтік артықшылықтар –
103,7 млрд. теңге.
Республикалық бюджетке түскен салықтан тыс түсімдер 49,2 млрд. теңгені
немесе 125,0% құрады, ал олардың нақтыланған жоспардағы мөлшері – 39,3
млрд. теңге.
Салықтан тыс түсімдердің ішінде ең көбі 33,0 млрд. теңге мөлшерінде
немесе 67,0% мемлекеттік меншіктен түскен кірістердің үлесіне тиеді, оның
ішінде 5,8 млрд. теңге республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік
пакетіне есептелген дивидендтер құрайды. Бұл ретте 2005 жылмен
салыстырғанда есепті жылы дивидендтер түсімі 3 есеге немесе 12,6 млрд.
теңгеге азайған.
2006 жылы салықтан тыс төлемдердің жоспардан тыс түсімдері 4,0 млрд.
теңгені құрады, оның ішінде орталық мемлекеттік органдар мен олардың
аумақтық бөлімшелері салған әкімшілік айыппұлдардан, өсімақыдан,
санкциялардан, өндіріп алулардан 3,4 млрд. теңге түсті.

Халықты әлеуметтік қолдау

Мақсаты
Өңірлік және салалық аспектілерін ескере отырып атаулы әлеуметтік
көмек саясатын жетілдіру және еңбек қатынастарын дамыту.
 Міндеттері
1. Халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесін дамыту.
2. Нарықтық қатынастарға негізделген атаулы әлеуметтік көмек көрсету
(тұрмысы төмен азаматтарға, оның ішінде әйелдер мен жастарға), ана мен
баланы әлеуметтік қорғау жүйесін нығайту жөніндегі қағидаттарды жетілдіру.
3. Өңірлік және салалық аспектілерін ескере отырып халықтың тұрақты
жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және еңбек көші-қонын үйлестіру.
4. Әлеуметтік әріптестік негізінде әлеуметтік диалогты нығайту және
ұжымдық келіссөздер жүйесін одан әрі дамыту. Бюджет саласында еңбекақы
төлеу жүйесін жетілдіру.
5. Ерлер мен әйелдердің қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық салаларында
тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін іске асыру үшін жағдайлар жасау.
Шешу жолдары
Мемлекеттік бюджеттен берілетін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік
базалық зейнетақы мөлшері арттырылатын болады, зейнетақы төлемдерінің
мөлшерін индекстеу тұтыну бағасы индексінің болжанатын өсімін 2 проценттік
пунктке арттыра отырып, жүзеге асырылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін төлеу жүйесі
жетілдіріледі, зейнетақы жинақтауларын сақтау және қартайған шақта олардың
жеткіліктілігі жөніндегі мемлекет кепілдіктерінің тетігі әзірленеді.
Халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен және міндетті әлеуметтік
сақтандырумен қамтуды кеңейту жөніндегі жұмыс жандандырылатын болады.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында әлеуметтік
диалогтың рөлі артады және жұмыс берушілердің зиянды өндірісте жұмыс
істейтін қызметкерлердің пайдасына ерікті, кәсіптік аударымдарды жүзеге
асыруы үшін шарттық әлеует пайдаланылады.

Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі
дамыту мақсатында:
o 1998 жылғы 1 қаңтарға зиянды және ауыр еңбек жағдайларында еңбек өтілін
жинақтаған адамдарға қосымша жәрдемақылар енгізіледі;
o балалы отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері
ұлғайтылады;
o жүктілігі бойынша демалыста және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша
демалыста болған кезеңде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге
асыратын әлеуметтік төлемдерден зейнетақы жарналарын аударуды
жалғастыра отырып, жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікті, бала тууды
және ана болуды міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізіледі;
o әлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығы күшейтіледі;
o тұрмысы төмен халықтың жұмыссыз бөлігі арасында жұмыспен қамтудың
белсенді нысандары пайдаланылады;
o мүгедектерді, оның ішінде сапалы әлеуметтік қызмет көрсетулер жолымен,
қолдау қамтамасыз етіледі.
Орнықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы
органдар жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру
жөнінде шаралар қабылдайтын болады.
Жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтауын бақылауды күшейту
жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды
халықаралыққа кезең-кезеңімен жақындатуға сәйкес жұмыс күшінің қарапайым
молықтырылуын қамтамасыз ететін жалақының ең төменгі мөлшері белгіленетін
болады.
Бюджет саласы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін одан әрі
жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады, мемлекеттік мекемелердің
мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын және қазыналық кәсіпорындардың
қызметкерлеріне еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыру жәрдемақылары
енгізіледі.
Нәтижелері
2008 жылы шамамен жарты миллионға жуық зейнеткерге зейнетақы мөлшері
және бір жарым миллионнан астам алушыларға базалық зейнетақы мөлшері 35
процентке арттырылатын болады.
Бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейінгі бала
күтімі бойынша жәрдемақылар ұлғайтылатын болады. Халықты жинақтаушы
зейнетақы жүйесімен қамту кеңейтілетін болады және демографиялық ахуал
жақсартылады.
     Қ.Р. 2008 жылға арналған республикалық бюджет мынадай көлемде
бекiтiлген:
1) кiрiстер - 2 687 282 259 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 2 209 284 565 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 46 088 728 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 8 726 192 мың
теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша - 423 182 774 мың теңге;
2) шығындар - 2 676 161 253 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 11 121 006 мың теңге;
4) таза бюджеттiк кредит беру - 55 686 680 мың теңге, оның iшiнде:
    бюджеттiк кредиттер - 61 636 752 мың теңге;
    бюджеттiк кредиттердi өтеу - 5 950 072 мың теңге;
5) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 165 938 207
мың теңге, оның iшiнде:
    қаржы активтерiн сатып алу - 167 438 207 мың теңге;
    мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 1 500 000 мың
теңге;
6) тапшылық - 210 503 881 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң 1,4
процентi;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 210 503 881 мың теңге.
2008 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төменгi мөлшерi - 10 515 теңге;
2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi - 4 215 теңге;
3) зейнетақының ең төменгi мөлшерi - 7 900 теңге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де
әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын,
салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш - 1
168 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс
деңгейiнiң шамасы 10 515 теңге болып белгiленсiн.
Бiлiм беру
 "Білім беру" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2005 жылы ЖІӨ-
нің 3,6%-ы, 2006 жылы - 3,6 %-ы және 2007 жылы - 4,0 %-ы деңгейiнде болжау
ұйғарылып отыр.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауына
сәйкес бiлiм беру саласындағы бюджет саясаты көп деңгейлi үздiксiз бiлiм
берудің әлемдiк білiм беру кеңiстiгiне бiрiктiрiлген әрi тұлға мен қоғам
қажеттіліктерін қанағаттандыратын ұлттық моделiн қалыптастыруға, сондай-aқ
ғылым мен өндірісті біріктіруге бағытталады. Осы мақсаттарда аталған
бағыттағы негізгі стратегиялық мiндеттердi көздейтін білім берудi дамытудың
2010 жылға дейiнгі мемлекеттiк бағдарлама әзiрленуде. Жоғары және жоғары
оқу орнынан кейiнгi бiлiм беруде Қазақстанның Болон процесiне қосылуы және
кадрлар даярлаудың (бакалавриат - магистратура - докторантура) тұтас
жүйесiне толық көшу, аспирантурадан, дәстүрлi докторантурадан кезең-
кезеңмен бас тарту, тиiстi халықаралық аккредитациясы бар шетелдiк алдыңғы
қатарлы жоғары оқу орындарымен бiрге алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары
базасында РhD даярлау бағдарламасын ашу жүргізiледi.  Аталған мақсаттарға
қосымша 3,1 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл ретте, жаңа сатыдағы
педагогтарды даярлау мақсатында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджетаралық қатынас: жағдайы мен дамуы
Ауыл шаруашылығына салық салудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және бюджет құрылымы
Бюджеттің қорғанысқа жұмсалатын шығындарын жоспарлау және қаржыландыру
Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ САЯСАТЫ
ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЖОСПАРЛАУ, БАҒДАРЛАМАЛАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ
Мемлекеттік бюджеттік жоспарлау
Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн жаңғыртудың теориялық негiздерi
Мемлелеттік мекемелер қаржыларының ерекшеліктері
Пәндер