XV-XX ғасырлардағы бухгалтерлік есеп теориясының тарихи дамуы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Әдеби шолу

ЛУКА ПАЧОЛИ (1445 - 1517) - францискандық монах, әйгілі математик, бухгалтерлік есептің диграфикалық жүйесін құрған, “Есептер және жазбалар туралы трактат” (1494 ж. ) деген кітапты жазған италияның көрнекті ғалымы. Осы кітапта алғаш рет есеп жүргізу бойынша тапсырмалар, көпес пен бухгалтерге қойылатын талаптар берілген, екі жақты жазбаның (диграфикалық парадигма) негізгі ойлары анық көрсетілген, түгендеудің модификациясы ретінде танылған бухгалтерлік баланс түсінігі қарастырылған және де бухгалтерлік есептің негізгі орындалу жұмыс көрсетілген. Пачоли есеп жүргізушілік пен есеп жүргізудің теориясы мен практикасының дамуына үлкен әсер етті.

ЖАК САВАРИ (1622 - 1690) - әйгілі француздың юристі әрі бухгалтері, “Коммерциялық кодекстің” (1673 ж. ) жаратушысы. Савари бухгалтерлік есептің пәні деп жеке кәсіпорынның шаруашылық қызметін есептеген. Ол бухгалтерлік есепті синтетикалық және аналитикалық етіп 2-ге бөлген: біріншісін - Бас кітап берілгені бойынша, ал екіншісін - түгендеудің жазбалары бойынша. Түрлі екі балансты құрудың қажеттілігін оның көрсеткен, және де осы екі баланстың берілгендері арасында әрқашан да айырмашылық болатынын түсіндірде. Оған сауда клькуляциясы методикасының алғашқы түсініктері жатады.

ФРИДРИХ ГЮГЛИ (1833 - 1902) - швейцарлық бухгалтер, ол камералдық бухгалтерияның толық сипаттамасын беріп, оны бухгалтерлік есеп жүйесінің дәстүрлі диграфикалық патримоналдық күйімен синтездеді. Синтездің мәні - есепке белгіленген кіріс пен шығыстарға және шын мәніндегі кірістер мен шығыстарға шек қоюмен байланысты ақша қаражаттарының басқарма операцияларын енгізу болып табылады. Бұл ыңғайлы баб (подход) константалық бухгалтерия деген атқа ие болды. Гюгли есеп жүргізудің формаларын алғаш талдаған болатын.

ФРИЦ ЮЛИУС АВГУСТ ШМИДТ (1882 - 1950) - неміс бухгалтері, органикалық баланс пен органикалық калькуляция теорияларының қалаушысы. Оның ойынша баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның табысын қамтып көрсетуі тиіс. Егер қорытынды кезеңде капиталдың нақты (натуралды өлшемде) көлемі өскен жағдайда ғана, табыс көлемі шаруашылық жүргізушінің табыстылығын көрсетеді; ал қорытынды кезең минимумға жеткізілуі тиіс. Баланс пен калькуляцияның өзіндік құндары әр күн сайын құрылатыны ұйғарылады. Бағалау түрәнде ағымдағы есепте, сол сияқты баланста да қалпына келтіру құны қолданылады.

РОБЕРТ ХАЙСТЕР МОНТГОМЕРИ (1872 - 1953) - американдық бухгалтер, қазіргі заман аудитін қалаушысы. Бухгалтерлік есеп саласында ол дивидендтер - бұл кәсіпорынның шығындары емес, керісінше табыс бөлігі деп

көрсеткен. Монтгомери баланс баптарын бағалауда консерватизм 1 принципінің қажеттілігін дәлелдеп берді; ол көпшіліктің арасынан бірінші болып аудит жүргізу кезінде бухгалтерлік процедураларын стандарттау және қорытынды есеп берілгендерін тесттілеу үшін сөз сөйледі. Яғни, бұдан бухгалтермен көрсетілетін және аудитормен тексерілетін берілгендер істердің нақты жағдайын керекті шамада бейнелеу қажет. Ол бірінші болып бухгалтерлік есеп кәсіпкерлік тұлғаларының кәсіби мінез-құлық кодексін дамытуын ұсынды.

ЭЙГЕН ШМАЛЕНБАХ (1873 - 1955) - неміс бухгалтері, динамикалық баланс теориясын құрастырушы. Осыған байланысты оның ойынша баланс қаржылық нәтижелердің нақты есептелуін береді және түрлі өндіріс фазаларында капиталдың жылжымалдығын қамтып көрсетеді. Шмаленбах - децимальді кезең бойынша құралған, кәсіпорынға салынған құралдардың айналым сатыларын көрсететін біртұтас шоттар жоспарын қалаушы. Ол шығындар мен шығыстар арасында қатаң шек қойды, графикалық схемаларды құрып, оларды қолданған, және де бұл схемалардағы түрлі фигуралар шот топтарын, ал сызықтар сол топтар арасындағы корреспонденцияны көрсеткен.

АЛЕКСАНДР ПАВЛОВИЧ РУДАНОВСКИЙ (1863 - 1934) - статика (баланстың өзі) мен динамикадан (қаржылық нәтижелер туралы қорытынды есепті ол бюджет деп атаған) тұратын баланс түрін құрған орыс бухгалтері. Ол есепке алынатын объектілердің қайта бағалануына қарсы болған, нәтижелі шоттардың кең қолдануын талап еткен, негізгі шығындардан тыс шығындарды пайда болған қорытынды есеп кезеңіне көшіруін талап еткен. Рудановский - қордың (капиталдың орнына) бухгалтерлік категориясын қалаған, бас бухгалтер тек жоғары баспалдақта тұрған бас бухгалтерге ғана бағынуын және одан басқа ешкімге бағынбау керектігін дәлелдеп отырған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XV-XX ғасырлардағы медициналық психологияның тарихы мен дамуы
Ресейдегі шешендік өнер теориясының тарихи дамуы (XVII-XX ғасырлар)
Бухгалтерлік есеп: мақсаты, әдістері және тарихи дамуы
Бухгалтерлік есеп формалары: ұғымы, тарихи дамуы және қазіргі нысандары
XV-XVIII ғасырлардағы жыраулық поэзияның тарихи-әдеби зерттелуі
XV-XIX ғасырлардағы қазақ жыраулары: мектебі, шығармашылығы және тарихи рөлі
Түркістан қаласының XV-XX ғасырлардағы рухани-мәдени және экономикалық орталық ретінде қалыптасуы
XI-XV ғасырлардағы Англияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы
Қазақ хандығының құрылуы мен XV-XVII ғасырлардағы дамуы
XV-XVIII ғасырлардағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ поэзиясының қалыптасуы: Қазақ хандығының құрылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz