Қазақстан үшін мәдениет пен өнер мамандарын даярлаудағы ресей өнер оқу орындарының рөлі (30-50жж.)



30-40 жылдары Республикамыздың халық шаруашылығы мен мәдениеті үшін мамандар даярлауда бауырлас республикалар, оның ішінде Ресей үлкен роль атқарды.
Одақтас республикалардың Қазақстан үшін мәдениет пен өнер мамандарын даярлаудағы көмегі негізінен екі жолмен жүзеге асырылды. Бірі – білікті мамандардың Қазақстанға жіберілуі және олардың ұлт зиялыларын қалыптастыру ісіне тікелей араласуы, екіншісі – Қазақстандық жастарды орталықтағы қалаларға жіберіп оқытып алу.
Өнер мен мәдениеттің белгілі мамандары 30-40 – жылдары Республикамызға көп келді. Айталық, Ленинград консерваториясын аяқтаған Е.Г.Брусиловский 1933 – жылдан Қазақстанда Алматы музыка училищесінде, одан кейін Алматы Мемлекеттік консерваториясында ашылған күннен 1970-жылға дейін ұстаздық етті (шәкірттері: Б.Байкадамов, Е.Рахмадиев, Қ.Қожамияров т.б.). Москва музыкалық училищесінің түлегі, 1923-1933 – жылдары Неаполь, Флоренция, Париж, Мадрид, Нью-Йорк қалаларында ән салған А.М.Курганов 1944-жылдан Алматы консерваториясында ұстаздық етіп, Е.Серкебаев, Р.Жаманова тәрізді шәкірттер даярлады. Киев консерваториясын аяқтаған Л.М.Шаргородский 1950-жылдан Алматы консерваториясында дирижерлік класс бойынша дәріс оқыды. Татарстанда туып, Москваның бірнеше музыкалық оқу орындарында білім алған Л.Хамиди 1942-жылдан П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка училищесінде, 1944-жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында ұстаздық құрды.
Қазақстанға репрессиялық қысыммен келгендер де аз емес еді. Мысалы, Қазақстанның хореографиялық өнерінде шексіз еңбек жасаған А.В.Селезнев 1937-жылы Алматыға қоныс аударып Алматы хореография училищесінің жұмысын бастады. Ол С.Көшербаева, З.Райбаев, Р.Тәжиева сынды шәкірттерді даярлап шығарды /1/.
Енді республикадан тыс жерлерде оқыған Қазақстандықтар мәселесіне көшейік.
1. ҚРОМА, 1890-қор,1-тізбек,2636-іс,9-15пп.
2. Жаманбаев К.Ж. Подготовка специалистов для Казахстана в ВУЗах
РСФСР (1921-1932гг). В кн.: Осуществление ленинских идей дружбы народов и пролетарского инитернационализма в Казахстане.-Алма-Ата, 1985. 165с. (45).
3. Культурное строительство в Казахстане. 1933 июнь 1941гг. Сборник документов и материалов. Т.2, Алма-Ата “Казахстан”,1985.-282с. (45).
4. ҚРОМА, 1242-қор, 1-тізбек, 11-іс, 7-п.
5. ҚРОМА, 1242-қор, 1-тізбек, 15-іс,100, 101, 104-пп.
6. ҚРОМА, 1242-қор, 1-тізбек, 16-іс,102-п.
7. ҚРОМА, 1242-қор, 1-тізбек, 14-іс,7-п.
8. ҚРОМА, 1242-қор, 2-тізбек, 255-іс,1-5-пп.
9. ҚРОМА, 1242-қор, 1-тізбек, 3-іс,79-п.
10.ҚРОМА, 1242-қор, 1-тізбек, 11-іс,14-п.
11.ҚРОМА, 1242-қор, 1-тізбек, 526-іс,1-п.
12. ҚРОМА, 1242-қор, 1-тізбек, 720-іс,26-27-пп.
13. ҚРОМА, 1242-қор, 1-тізбек, 900-іс,51-п.
14. Шостак И. Режиссер Мамбетов. Спектакли разных лет. Алма-Ата “Өнер”, 1989.-142с. (7-8)
15. ҚРОМА, 1242-қор, 2-тізбек, 147-іс,17-п.
16. ҚРОМА, 1242-қор, 2-тізбек, 209-іс, 28-29-п.
17. ҚРОМА, 1242-қор, 2-тізбек, 227-іс,30-п.
18. ҚРОМА, 1890-қор, 1-тізбек, 967-іс, 1-п.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Байдильдина Сауле Хайрулловна
М.Тынышпаев атындағы
Қазақ көлік және транспорт
Академиясының философия,
саясаттану және тарих
кафедрасының и.о.доценті

Қазақстан үшін мәдениет пен өнер мамандарын даярлаудағы Ресей өнер оқу
орындарының рөлі (30-50жж.)

30-40 жылдары Республикамыздың халық шаруашылығы мен мәдениеті үшін
мамандар даярлауда бауырлас республикалар, оның ішінде Ресей үлкен роль
атқарды.
Одақтас республикалардың Қазақстан үшін мәдениет пен өнер мамандарын
даярлаудағы көмегі негізінен екі жолмен жүзеге асырылды. Бірі – білікті
мамандардың Қазақстанға жіберілуі және олардың ұлт зиялыларын қалыптастыру
ісіне тікелей араласуы, екіншісі – Қазақстандық жастарды орталықтағы
қалаларға жіберіп оқытып алу.
Өнер мен мәдениеттің белгілі мамандары 30-40 – жылдары
Республикамызға көп келді. Айталық, Ленинград консерваториясын аяқтаған
Е.Г.Брусиловский 1933 – жылдан Қазақстанда Алматы музыка училищесінде, одан
кейін Алматы Мемлекеттік консерваториясында ашылған күннен 1970-жылға дейін
ұстаздық етті (шәкірттері: Б.Байкадамов, Е.Рахмадиев, Қ.Қожамияров т.б.).
Москва музыкалық училищесінің түлегі, 1923-1933 – жылдары Неаполь,
Флоренция, Париж, Мадрид, Нью-Йорк қалаларында ән салған А.М.Курганов 1944-
жылдан Алматы консерваториясында ұстаздық етіп, Е.Серкебаев, Р.Жаманова
тәрізді шәкірттер даярлады. Киев консерваториясын аяқтаған Л.М.Шаргородский
1950-жылдан Алматы консерваториясында дирижерлік класс бойынша дәріс оқыды.
Татарстанда туып, Москваның бірнеше музыкалық оқу орындарында білім алған
Л.Хамиди 1942-жылдан П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка училищесінде,
1944-жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында ұстаздық құрды.
Қазақстанға репрессиялық қысыммен келгендер де аз емес еді. Мысалы,
Қазақстанның хореографиялық өнерінде шексіз еңбек жасаған А.В.Селезнев 1937-
жылы Алматыға қоныс аударып Алматы хореография училищесінің жұмысын
бастады. Ол С.Көшербаева, З.Райбаев, Р.Тәжиева сынды шәкірттерді даярлап
шығарды 1.
Енді республикадан тыс жерлерде оқыған Қазақстандықтар мәселесіне
көшейік.
1920-1934-жылдар аралығында ұлттық республикалар өкілдерінің Ресей
Федерациясының арнайы оқу орындарына қабылдануында ерекше бронь жүйесі өмір
сүрді. Жүйе бойынша оқу орындары ұлттық республика өкілдері үшін тек арнайы
орындар бөлумен ғана шектелмей, оның сыртында олар үшін белгілі бір
жеңілдіктер сақталынды. Мәселен, аяқталған толық жалпы орта білімсіз-ақ
олардың жоғары оқу орындарына түсуіне мүмкіндік берілді.
1934-35 оқу жылы Қазақстаннан тыс жерлерде оқыған 4825 қазақстандық
студенттердің 1235-і қазақ жастары болған екен. Олардың 1500-і Москвада,
1109-ы Ташкентте, 500-і Ленинградта, 380-і Саратовта, 140-і Астраханьда,
т.б. оқыған 2.
30-жылдардың басында республикамыз үшін интеллигенция кадрларын
даярлауда шефтік көмектің маңызы ерекше болды. Оның айқын дәлелі 1933 жылы
С.М.Кировтың инициативасымен жасалынған келісімге сәйкес Ленинград
жұмысшылары мен интеллегенциясының Қазақстанға көмегі. Келісім негізінде
Ленинград жоғары және арнайы орта оқу орындары шефтік көмек берумен
шектелмей (1933-жылдың қазанынан 1935-жылдың қыркүйегі аралығында
Ленинградтан Қазақстанға 245 маман жұмысқа жіберіледі), Ленинград оқу
орындарында қазақ жастарынан инженер-техника интеллегенция кадрлары мен
мәдени ағарту қызметкерлерін даярлауға міндеттеме алады. Осы жылдары
Қазақстан үшін өнер және мәдени ағарту қызметкерлерін даярлауда Ленинград
оқу орындары үлкен роль атқарды.
Оқу орындары өз іштерінен қазақ жастары үшін студия, шеберханалар
құрды.
Бұл жолдағы алғашқы қадам 1934-жылы Ленинград Советінің Ленинград
мемлекеттік сахна өнері техникумы жанынан (Техникум сценических искусств)
Қазақ мемлекеттік театры үшін мамандар даярлайтын қазақ бөлімін ашу туралы
ұсынысы болды. 1934-жылдың 7-ақпанында Қазақ АССР Халық Комиссарлар Советі
бұл ұсынысты қабылдап, оны жүзеге асыру үшін “Ленинград Мемлекеттік сахна
өнері техникумының жанынан Қазақ драма бөлімін ашу туралы” қаулысын
шығарып, онда мәселені шешу жолындағы жүргізілетін шаралар көрсетіледі.
3. Осы жылы бөлімге алғашқы 21 қазақстандық жастар оқуға қабылданады.
Республикамыз үшін өнер мамандарын даярлаушы оқу орындарының
қатарында Ленинград театр училищесі (кейін Орталық театр училищесі) бар
болатын. 1934-жылдың 23-қаңтарындағы Келісімге сәйкес Қазақстан
Республикасының Өнер Істері Комитетінің бөлетін қаржысы есебінен училищеде
қазақ театр шеберханасы құрылып, 4 алғашқы 25 қазақстандық студент оқуға
қабылданады.
Осы жылы Ленинград хореография училищесі де өзіне 13 қазақстандық
жастарды оқуға қабылдайды.
Мәселеге қатысты деректерді зерттеу барысында оқу орындарындағы
келеңсіз құбылыстарды да жиі кездестіресің. Соның бірі Республика үкіметі
тарапынан қазақ студия, шеберханалары үшін қажетті қаржы-қаражаттың
уақытында, қажетті мөлшерде бөленбеуі болды. Соған байланысты “қазақ
студенттерінің материалдық жағдайларының нашарлығын, олардың қысқы киімсіз
жүргендігін, Өнер Істері Комитетінің салғырттығынан оқу бағдарламасына
қажет қаражаттың уақытында бөлінбеуі салдарынан оқу процесінің
бұзылғандығын, студенттердің өндірістік практикасының жүргізілмендігін
т.б.” кемшіліктерді ескертіп, Қазақ АССР ВКП (б) Өлкелік Комитетіне
жолдаған Ленинград театр училищесінің, т.б. шағым хаттарын жиі ұшыратасың.
5
Осы сипаттағы шағым хаттарды тек оқу орындарының әкімшілігі тарапынан
ғана емес, ондағы білім алушы қазақ студенттерінің атынан да кездестіруге
болады. Соның бірі 1936-жылы КСРО Халық Комиссарлар Советінің Өнер Істері
Комитетіне жолдаған Ленинград театр училищесі жанындағы қазақ шеберханасы
студенттерінің шағым хаты. Онда олар “өз жағдайларының ауыр халін,
студенттердің ашығып, көпшілігінің туберкулез, ревматизм сияқты ауруларға
шалдыққанын, бұдан әрі оқуларын жалғастыруларының мүмкін еместігін, сол
себепті оқудан бас тартатындықтарын” 6 мәлімдейді.
Мұндай кемшіліктер Ленинград балет техникумында да орын алды 7.
Республикамыз үшін мәдениет пен өнер мамандарын даярлауға ат салысқан
Ленинград оқу орындарының ішінен жоғарыда аталғандардан басқа Ленинград
Мемлекеттік хореография училищесін, Ленинград музыка училищесін, Ленинград
консерваториясын атауға болады.
1940-41-оқу жылы елімізге жоғары өнер және кинематография оқу
орындарының саны 30-ға жетсе, Қазақстанда бұл сала бойынша жоғары оқу орны
мүлде жоқ болатын. (Республикамыздағы өнер мамандарын даярлаушы тұнғыш
жоғары оқу орны – Алматы Мемлекеттік консерваториясының 1944 ж.
құрылғандығы белгілі – С.Б.).
Сол себепті Республикамыз үшін жоғары білімді өнер мамандарына
сұраныс 30-40-жылдары өте күшті болды. Мәселен, 1938 жылдың статистикалық
көрсеткіштері жоғары білімді 97 өнер мамандарына сұранысты көрсетеді. Олар
негізінен режиссерлер – 15 адам, суретшілер – 10 адам, режиссер-педагогтар
– 8 адам, балетмейстер – 5 адам, т.б. болатын. 8 Мұндай сұранысты
қанағаттандырудың негізгі көзі тағы да бауырлас республикалар көмегі болды.
Солардың бірі – Москва мемлекеттік консерваториясы.
Жоғары білімді қазақ өнер мамандарын даярлауда Москва Мемлекеттік
консерваториясының рөлі зор. Консерватория өнер мамандарын даярлаумен
шектелмей, кейін Республикамызда музыка училищесі, Мемлекеттік
консерватория, Ұлттық театрлардың ашылуында, олардың алғашқы қалыптасу
жылдарында да белсенді роль атқарды.
1936-жылы консерватория ішінен әншілер, композиторлар даярлайтын
қазақ ұлттық опера студиясы құрылады. Студия әншілер, композиторлар және
хормейстерлер даярлайтын үш бөлімнен тұрды. Оқу мерзімі 5 жыл болып
белгіленді. Оқуға 17 мен 25 жас аралығындағы қазақ жастары қабылданды.
Студия жұмысына Қазақ ССР Комиссарлар Советі жанындағы Өнер Істері
Басқармасы тікелей бақылау жасайды. Студияға жіберілетін қазақ жастары Бас
Басқарманың бұйрығы негізінде (15VII. 36 ж. - № 43) арнайы құрылған
комиссия сынақтарынан өткен. 9
Республика Өнер Істері Басқармасының шақыруымен Москва
консерваториясынан қазақ бөліміне қабылдаушыларды іріктеу мақсатымен
қабылдау сынақтарын жүргізу үшін арнайы тексеру комиссиясы шақырылып
отырған.
Осындай тексеруден өткен 20 қазақ жастарының бір тобы 1936 жылы 28
тамызда Москваға аттанады. Олардың ішінде кейін есімдері елімізге әйгілі
болған әнші-композиторларымыз – 20 жасар музыка техникумының 2-курс
студенті Ришат Абдуллин, 6 кластық қана білімі бар 23 жасар Мұқан Төлебаев,
Медицина институтының 1-курс студенті 27 жастағы Рамазан Елебаевтар бар
еді. 10
1939-жылдың 7-мамырындағы студия жұмысының жылдық есебінің
мәліметтеріне сүйенсек, осы жылы студияда 45 қазақ жастарының білім
алғандығын көреміз. Олардың 34-і ән мамандығы, 6-ауы композитор, 2-еуі
теория, 3-еуі хор-дирижер мамандықтары бойынша бөлінеді.11
Деректер консерватория әкімшілігінің қазақ студиясы жастарының
даярлығына, материалдық жағдайлары мен студияны тәмамдаушылардың білім
деңгейлері мен профессионалдық даярлықтарына барынша көңіл бөліп,
жанашырлық танытқандықтарын көрсетеді. Мәселен,1949-жылы 14-маусымда Москва
консерваториясының Қазақ ССР Өнер Істері басқармасына, кейіннен
Республикамыздың өнер шеберлері қатарын толтырған Ғазез Дұғашевтың
“үлкен талант иесі екендігін, оның әлі де оқуын Москва консерваториясы
қабырғасында кем дегенде бір жыл жалғастыруы қажеттігін, ол үшін
Ғ.Дұғашевке Республика тарапынан бұған дейін жасалынып келген жағдайлардың
сақталынуын” 12 сұрап жазған хаты. Осы сипаттағы хаттар өте жиі
кездеседі. Мұны концерватория әкімшілігінің студия студенттеріне, өз
шәкірттеріне деген қамқорлығы, үкімет алдындағы жауапкершілігі деп білу
керек.
Кейінен осы студияны бітірген М. Төлебаев, Р. Елебаев, Ш.Бейсекеев,
Р.Абдуллин, Ш.Қажғалиев, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнер мамандарын дарлаудағы Республика өнер қайраткерлерінің рөлі
Алаш зиялыларына қарсы жүргізілген саяси қуғын-сүргін (ХХ ғ. 20-30жж)
Экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың ерекшеліктері
Дизайн технологиялары арқылы болашақ мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың мәні
ЭКОДИЗАЙН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ДИЗАЙН МАМАНДАРЫНЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Туризм саласындағы мамандарды даярлау
Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты. Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі
Кәсіби білім берудегі әлеуметтік жұмыс
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
Пәндер