1999 жылғы Қазақстандағы халық санағы бойынша елдің деморафиялық жағдайы


1999 жылғы Қазақстандағы халық санағы бойынша елдің деморафиялық жағдайы
«Санақ негізінен 10 жыл сайын жүргізіледі, ал 10 жыл аралықты сақтап отыру зерттеуді оңайлатады. Бұл ретте Қазақстан Кеңес одағы кезінен қалған арақашықтықты дұрыс сақтап отыр», дейді демограф. Мәселен, Кеңес одағы кезінде санақ 1959, 1979, 1989 жылдары, тәуелсіздік алған соң 1999 жылы жүргізілген.
Ол, «1999 жылғы санақта Қазақстан халқының 1-2 пайызы санаққа ілінбей қалды. Бұл 150-200 мың адам. Алдағы санақ жақсы ұйымдастырылған болса, Қазақстан халқы 15 миллион 800 мың, толығымен санайтын болса, 16 миллионға тақайтын боламыз. 16 миллион дегенім, санаққа ілінбей қалатындар болады. Олардың ішінде баспанасыздар, жатақханада жүргендер, жол жүріп бара жатқандар, дипломатиялық қызметкерлер бар», деген пікір айтады.
Сондай-ақ белгілі ғалым қазақтың 1999 жылы 53 пайыз болғандығын, осы санақта 62 пайыз болуы тиістігін айтады. «Тек қазақтарды есептеу қиындау. Алыс ауылдарда кей жерде санақты түсінбейтіндер бесіктегі баланы, болмаса төсек тартып жатқан кәрі шалды есептетпей қоюы мүмкін. Бұл үлкен қате. Сондықтан халық санақты дұрыс түсініп, өзі ынта білдіруі керек. Сондай-ақ Қазақстандағы ұлттардың нақты санын есептеу керек. Қазақстан көп ұлтты мемлекет деген қате, 135 ұлт өкілі деген сан бұрынғы Кеңес одағы кезінен қалып қойған. Қазір біз сол көп санды Қазақстаннан іздейміз. Жалпы 100 мыңнан асатын халық қана көпұлттылықты көрсетеді. Алдағы санақта осыны көрсету керек. Санақта тілдік көрсеткіш сынды нәрселерге баса назар аудару керек. Бізде европалық ұлттар орыстанып кеткен. Мәселен, 3 миллион европалық ұлттар өкілі тұрса, олардың 1, 5 миллионы орыс деп жазылып кеткен. Соның кем дегенде жартысы осы санақта өздерінің тегін нақты көрсетсе, орыстың саны 1 миллионға төмендейді», дейді ол.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі алғашқы халық санағы 1999 жылдың 25 ақпаны мен 4 наурызы аралығында жүргізілгені белгілі. Бұл содан тура 10 жыл бұрын өткізілген Бүкілодақтық халық санағынан кейінгі алғашқы осындай үдеріс болатын. 1999 жылы елімізде 14 миллион 953 мың тұрақты тұрғын бар екені анықталды.
Санақ жөніндегі мемлекеттік комиссияның 19 желтоқсанда өткен ІІІ мәжілісінде жауаптылық пен міндеттілікті талап ететін бұл үдерісті үстіміздегі жылдың 25 ақпаны мен 6 наурызы аралығында өткізу туралы шешім қабылдады. Санақ тұрғын жайларды аралап, әр тұрғын туралы атаулы деректер жинау негізінде жүргізіледі. Деректер шеңбері негізгі бөлігі барлық тұрғындар үшін біртұтас болып табылатын демографиялық, экономикалық, білімдік, этностық және өзге де белгілер бойынша анықталады. Бұл деректердің барлығы тұрғындардың әлеуметтік- экономикалық құрамын айқындауға мүмкіндік береді. Сауалдамаға жауап беруші адамның үй-жайы, яғни тұрағы халықты категорияларға бөлуге жағдай туғызады.
Халық санағы Қазақстанда, бұған дейін де атап көрсетілгеніндей, әлемдік стандарттарға сәйкес арнайы оқытылған мамандардың (есепшілердің) тұрғындарға сауал салу әдісімен өткізіледі. Санақ парақтарын жауап берушілердің сөздері негізінде есепшілер толтырады.
Санақ жүргізу дайындығында барлық тұрғындарды санақ жүргізу жөнінде хабардар ету, олардың оңтайлы көңілін қалыптастыру, санаққа қатысуы мен өзі туралы ақиқатты дерек беруін ынталандыруды мақсатында аудан тұрғындары арасында бұқаралық-түсіндерме жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Санақтың сәттілігі мен оның нәтижесі халықтың аталмыш іс-шараның қаншалықты мемлекеттік маңызы бар болуын ұғынуына байланысты.
Демографиялық саясат біздің жағдайымызда, тоқетерін айтқанда, егеменді елдің халқын өсіру деген сөз. Шеттегі қандастар мен отандастарды қайтарып алу, қазақтың пайызын көтеру, халқымыздың береке-бірлігін баянды ету - бәрі осыған кіреді. Соның ішінде көп балалы отбасыларды дәріптеудің жайын алайықшы. Міне, мысалы, қазір “беби-бум” жүріп жатыр. “Беби” ағылшынша бала деген сөз ғой, яғни бала туу көбеюде. Мен осы “беби-бумның” атасымын. Бұл дегеніңіз үміт отын жаққан үлкен үдеріс. Себебі, көңілге селкеу түсірген олқылықтардан кейін туу деңгейі көтеріліп келеді. Қазақстанда бала туу 1987 жылдан 1999 жылға дейінгі 12 жыл ішінде 417 мыңнан 220 мыңға дейін төмен түскен болатын. Сол көрсеткіш өткен жылы 360 мыңға көтерілді. Демографияның қайнар бұлағы табиғи өсім десек, бұл өте қуанарлық жағдай. Келешекте бұрынғы деңгейімізді де аламыз. Ал 2015 жылға қарай “беби-бум” өзінің шыңына жетпек.
Бірақ та демографиялық үрдіс ешуақытта экономикалық қиыншылықтарға, әсіресе құжаттық дағдарысқа бағынбайды. Дағдарыс “беби-бумның” өрлеп бара жатқан шыңының ұшар басын сәл-пәл тежеп кесіп тастауы мүмкін. Әйткенмен, біздің жаңағы көздеп отырған 400 мыңнан асып қана қоймай, тіптен, 450 мыңға дейін көтеріліп кетуге әлеуетіміз жеткілікті. Өйткені, бала туу мәселесі тек қана тұрмыс пен қаржыға тірелмейді. Ол, ең алдымен, халықтың пиғыл-пейіліне байланысты. Шүкір, пиғыл қазір түзелген. Халық имандылыққа бет түзеді, дінге сенетін болды. Былайша айтқанда, ұлтжандылық, ұлттық діл қалпына келуде. Осы арада менің бір жаңа демографиялық ұраным бар: “Сен ұлтжанды болмасаң да балажанды болуға тиіссің!” деп айтамын әрбір қазаққа. Сөз қадірін білетін адам бұған құлақ қоюы керек. Дүниеде қазақтан асқан балажан халық жоқ еді ғой. Балажандылық ұлттық ерекшелік, ұлттық қасиеттеріміздің бірі еді ғой. Балажанды адам түбінде көп балалы болуды мақсат етеді. Ендеше, тіпті, көшеге шығып ұлтшыл болмай-ақ қойшы, балажанды болсаң болды, сонда қаласаң да, қаламасаң да, ұлтқа пайдаңды тигізесің. Балажанды болғаның - ұлтжанды болғаның.
1999 жыл. 14 млн. 953 мың адам.
1999 жылғы санақ нәтижелеріне сүйене отырып, статистикада кең қолданылатын әдіспен, халықтың бірнеше өлшемдер бойынша портретін анықтауға болады. Бұл үшін Қазақстанның халық санын 100 адамнан тұратын бір шаңырақ ретінде аламыз.
Қара шаңырақ Қазақстандағы 100 тұрғынның 56-сы қалалықтар, 44-і ауыл тұрғыны. Олардың 51-і әйел мен 49-ы ер кісі. 1 адамның шет елдік азаматтығы бар, 99-ы Қазақстан азаматтары. Барлығы сауатты, 100 жанның 26-сының орта білімі, 16-сының кәсіптік орта білімі, әр он адамның бірінің жоғары білімі бар. Жұмыс жасайтын тұрғындарының жартысынан астамы қызмет көрсету саласында еңбек етеді. Орта есеппен 26 жасар ер азамат пен 23 жасар әйел отау құрады. 100 адамның 29-ы 15 жасқа дейінгі балалар, 25-і 15 пен 29 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдер, 35-і 30 бен 59 жас арасындағы ересек адамдар, 11-і 60 жастан асқан егде кісілер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz