Туризм географиясының ғылым ретінде дамуы



Жоспар

1. Кіріспе бөлім

2. Негізгі бөлім
2.1. Туризм географиясының ғылым ретінде дамуының тарихын кезеңдерге бөлу.
2.2. Алғашқы саяхатшылар. Географиялық ашулар.
2.3. Қазақстандағы туризмнің дамуы.

3. Қорытынды бөлім

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Туризм географиясының ғылым ретінде дамуының тарихы ертеден басталады. Оның тарихы да өзге ғылымдар сияқты фактілермен, оқиғалармен, есімдермен бай. Ол ХІХ ғасырдың аяғында пайда болып, осы қалпында қалыптасты. Қоғамдық қарым-қатынас пен техника және технологияның қарқынды даму кезеңінде – ХХ ғасырдың екінші жартысында туризм гүлдене дами түсті. Бүгін де туризм ірі капиталдарды, негізгі қаражаттарды және еңбек ресурсының ауқымды бөлігін іске қосқан, әлемдік валдық өнімнің 11 пайызына дейін орын алып отырған ірі әлемдік сала. Бұл жаһандану деңгейдегі салмақты саясат, үлкен ақша және ірі бизнес болып саналады.
Сондықтан туризм географиясының ғылым ретінде пайда болуы мен дамуы туралы тарихи материалдарды алдымен кезеңдерге бөліп алып талдаған дұрыс.
Соңғы онжылдықта география ғылымдарының даму тарихына арналған көптеген ғылыми еңбектер мен мәліметтер жарық көрді (Ю.Г. Саушкин «Географическая наука в прошлом, настоящем, будущем»; А.Г. Исаченко «Развитие географических идей»; Н.К. Мукитанов «От Страбона до наших дней», «Эволюция географических представлений и идей»; Н.Г. Сухова «Карл Риттер и географическая наука в России»).
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. «География және табиғат» журналы, 2005 ж №5
2. В.А. Квартальнов «Туризм»
Москва, 2003ж
3. Әділ Бек Қаба «Қазақстан туристік елге айнала ма?»
Ана тілі, 1999ж 12 маусым
4. « Туризмді дамыту - өзекті міндет»
Дидар газеті 2005ж, 22 желтоқсан
5. Романов А.А. «География туризма»
М; Сов. Спорт, 2005г
6. Грицкевич В.П. «История туризма в древности»
Изд. Дом Герда, 2005г
7. «Туризмді дамыту жөніндегі нормативті құжаттар»
Астана, 2004ж

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ

РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: Туризм географиясының ғылым ретінде дамуы

Жоспар

1. Кіріспе бөлім

2. Негізгі бөлім

2.1. Туризм географиясының ғылым ретінде дамуының
тарихын кезеңдерге бөлу.

2.2. Алғашқы саяхатшылар. Географиялық ашулар.

2.3. Қазақстандағы туризмнің дамуы.

3. Қорытынды бөлім

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Туризм географиясының ғылым ретінде дамуының тарихы ертеден
басталады. Оның тарихы да өзге ғылымдар сияқты фактілермен,
оқиғалармен, есімдермен бай. Ол ХІХ ғасырдың аяғында пайда болып, осы
қалпында қалыптасты. Қоғамдық қарым-қатынас пен техника және
технологияның қарқынды даму кезеңінде – ХХ ғасырдың екінші жартысында
туризм гүлдене дами түсті. Бүгін де туризм ірі капиталдарды, негізгі
қаражаттарды және еңбек ресурсының ауқымды бөлігін іске қосқан,
әлемдік валдық өнімнің 11 пайызына дейін орын алып отырған ірі
әлемдік сала. Бұл жаһандану деңгейдегі салмақты саясат, үлкен ақша
және ірі бизнес болып саналады.

Сондықтан туризм географиясының ғылым ретінде пайда болуы мен
дамуы туралы тарихи материалдарды алдымен кезеңдерге бөліп алып
талдаған дұрыс.

Соңғы онжылдықта география ғылымдарының даму тарихына арналған
көптеген ғылыми еңбектер мен мәліметтер жарық көрді (Ю.Г. Саушкин
Географическая наука в прошлом, настоящем, будущем; А.Г. Исаченко
Развитие географических идей; Н.К. Мукитанов От Страбона до наших
дней, Эволюция географических представлений и идей; Н.Г. Сухова
Карл Риттер и географическая наука в России).

2.1. Туризм географиясының ғылым ретінде дамуының тарихын
кезеңдерге бөлу.

Жалпы алғанда, география ғылымдарының өткен шолулары даму
тарихы туралы жазылған еңбектер бойынша оның даму тарихын төмендегі
ірі кезеңдерге бөліп қарастырады.

Бірінші кезең ежелгі дәуірден бастап ХVII ғасырдың ортасына
дейінгі уақытты қамтиді. Бұл кезең алғашқы географиялық білімдердің
жинақталуымен сипатталады. Жалпы тұрғыда жер шарының барлық бөліктері
сол кездердегі қоғам дамундағы жетістіктер мен мүмкіндіктіер
пайдаланыла отырып зерттелінді. Кезең соңына қарай адамзат баласы
өзін қоршаған табиғи орта туралы жан-жақты географиялық көзқарас
аясын қалыптастырды. Философиялық ойлар жер бетінде табиғи
жағдайлардың әртүрлі екендігін мойындай бастады (Гераклит еңбектері
б.э.д VІ-V ғасырлар). Сондай-ақ жалпы география мен географиялық
елтану, картография, гидрология салалары қалыптасты. Кезең соңында
географиялық білімдердің байытылған белгілі деңгейдегі теориялық
сипаты бар алғашқы еңбектер жарық көре бастады.

Екінші кезең ХVII ғасырдың ортасынан ХІХ ғасырдың ортасына
дейінгі кезең. Бұл кезең жаратылыстанудағы эволюциялық көзқарастың
қалыптасуымен ерекшеленеді. Жер беті табиғатының әлемдік тұтастығы
туралы басты идеялар айқындала бастады. ХVII ғасырдан бастап
географиялық білімді байыта түсетін жаратылыстанудың жаңа салалары,
сондай-ақ эксперименттік ғылыми және техника салалары екпінді түрде
дами түсті.

Үшінші кезең ХІХ ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың жиырмасыншы
жылдарына дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезең географияның ғылым
екендігіне әртүрлі көзқарастың тууымен ерекшеленеді. Сондай-ақ осы
кезеңде А. Геттнердің хронологиялық және Докучаевтың генетикалық
концепциялары, географиялық қабықты оқыту негіздері, экономикалық
аудандастыру, ландшафттану сияқты ғылыми бағыттар дүниеге келді.
Географтарды, әсіресе, жер бетінің табиғатын зерттеу қатты қызықтыра
түсті. Жаңа заман географиясы, алдымен, К. Риттердің идеялырымен ХIХ
ғасырдың 30-40-жылдарынан бастап, ХХ ғасырдың 20-жылдарына дейінгі
уақытта өрбіді. Осы кезде университеттерде география кафедраларының,
география факультеттерінің негіздері қалана бастады. Сонмен қатар,
арнайы ғылыми-зерттеу институттары ашылып, географиялық ғылыми
қоғамдардың жүйесі құрыла бастады.

Төртінші кезең ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бүгінгі күнге дейінгі
уақыт. Бұл жаңа кезеңде әлемдік география ғылымдары адамзаттың ғылыми-
техникалық және мәдени дамуында маңызда рол атқаратындығын көрсетуде.
Әсіресе, адамзат құғамының алдында тұрған маңызды мәселерді мысалы,
жер бетіндегі және әлем кеңістігіндегі табиғи заңдылықтар мен
қоғамның дамуына үлкен әсерін тигізетін өндіргіш күштерді
орналастырудың ұстанымдарын анықтауда, елдер мен мемлекеттердің
экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуы, тағы басқа мәселерді
шешуде орны ерекше.

2.2. Алғашқы саяхатшылар. Географиялық ашулар.

Алғашқы саяхатшылар. Океания тұрғындары. Ең алғашқы
саяхаттардың бірі болып Океанияға саяхат болды. Оңтүстік-Шығыс
Азиядан Макронезия мен Тынық мұхиты арқылы Маркиз аралдары, Туамоту
мен Біріктірілген аралдарға саяхат жасау үшін ұзындығы 40 фут
каноэлар қолданылды. Біздің заманымызға дейін 500 жылы
полинезиялықтар мен Біріктірілген аралдардан 2000 км ара қашықтықтағы
Гавай аралдарына саяхат жасалды. Су жолының ашылуы күн мен
жұлдыздардың орналасуын, толқындарды, тұщы су қорының толтырылуын
бақылау арқылы іске асырылды.

Жерорта теңізінің тұрғындары. Жаңа территорияларды зерттеу үшін
ежелгі грек ғалымдары (Геродот, б.з.д. 5 ғ) мен басқа елдердің
зерттеушілері (Пифей, б.з.д. 4 ғ) алыс саяхатқа шыққан.

Біздің заманымызға дейін 776 жылдан бастап жыл сайын Олимптік
ойындарға тек қана Эллададан ғана емес, сонымен қатар Жерорта
теңізінің басқа елдерінен де мыңдаған спорт әуесқойлары мен өнерге
табынушылары келе бастады. Бұл кезеңге атлеттер мен көрермендер
орналасатын үлкен, арнайы ғимараттарды салу да жатады. Біздің
эрамыздың басына қарай әр түрлі елдер туралы жинақталып қалған
географиялық мәліметтер ежелгі географтар Страбон (б.з.д. 63 – б.з.
20ж) мен Клавдий Птолемеймен (б.з 90-168ж) толық зерттелген болатын.

Туризм тарихының дамуына ежелгі Римде өз үлесін қосты:
империяның байлығы, үлкен аумағы. Римдықтар аттармен күніне 100
мильден астам саяхаттайтындай Жерорта теңізінің аумағындағы ұлы
храмдарды, әсіресе Египеттің пирамидалары мен ескерткіштерін көре
алатындай жол жүйелерін құрған.

Ұлы Александр (б.э.д. 334 жылы) билігі кезінде Түркиядағы Эфес
қаласы антикалық әлемдегі басты қалалардың бірі және сауда орталығы
болды. Бірақ Рим империясының құлауы (б.э. 1 ғасыр) туризмнің де
құлауымен сипатталады. Байланысты саяхатшылардың келуі қысқарып,
жолдар жарамсыз болып, мемлекет ұры-қарақшыларға толы болып кетті. 15
ғасырдың ортасына дейін саяхаттың басты түрі европалықтардың қажылық
саяхаттары болды.

Американдықтар. 17 ғасырда Солтүстік Американы испандықтар
зерттеді. Американдықтардың алғашқы саяхаттары жаяу не аттармен іске
асырылып, кейін қайықтар мен паноэлар қолданылды. Елде теміржолдың
салынуы саяхаттың дамуына әкелді. 1850 жылы әртүрлі туристік
қызметтерді көрсететін Америкэн Экспресс компаниясының тарихында ең
маңызды жаңалықтардың бірі. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі
саяхаттар болып табылады: 1941-1945 жылдары 12 миллион американдықтар
қарулы күштерге қызмет көрсетті.

Орыс саяхатшыларының географиялық ашулары

1639 жылы Тынық мұхит жағалаулары ашылды. Сібір кесіп өтіп Ахот
теңізіне бірінші болып шыққан Иван Москвитин болды. 1643-1646 жылдары
Якутсктен Тынық мұхитының жағалауларына саяхатты В.Д.Поляков жасады.
1648 жылы Семен Дежнев теңіз арқылы Колым сағасының Азия мен Америка
арасындағы бұғаз арқылы Анадырь өзенінің сағасына өтті. 1697 жылы
В.Т. Атласов Камчатканы ашты, ал 1711 жылы орыстар Курил аралдарында
болды.

1732 жылы Иван Федоровтың экспедициясы Принц Уэльс мүйісінің
жанындағы Аляска жағалауларына тоқтады. В. Беринг (1725-1743 жж)
саяхаты кезінде Алеут аралдары, Беринг аралдары, Американың солүстік-
батыс жағалаулары ашылып, Азия мен Америка арасындағы бұғаз арқылы
жол салынып, Охот теңізі жағалаулары, Камчатка, Курил аралдары және
Жапонияның солтүстік бөлігі суретке түсірілді.

ХІХ ғасырдың басына қарай құрлықтардың ашылу үрдісі аяқталды.
Барлық ірі өзендер зерттеліп, картаға үлкен көлдер түсірілді. ХІХ
ғасырдың басы орыс саяхатшылары үшін капитандар Н.Ф. Крузенштерн мен
Ю.Ф. Лисянский (1803-1804 жылдары) бастаған дүниежүзілік саяхат
болды. Теңізшілер М.П. Лазарев, Ф.Ф. Беллинсгаузен Австралияны,
Полинезияны көріп, Антарктиданы ашты (1821 жылы). Саяхатшы Н.Н.
Миклухо-Маклай Жаңа Гвинеяны толығымен зерттеді.

Алғашқы көрнекі орындар. Ежелгі кезден туристтің ең басты
мақсаты болып көрнекі орындар саналды. Соның ішінде ғаламның жеті
кереметі:

1. Сфинксті қосқандағы ежелгі египеттік пирамидалар (осы
күнге дейін сақталған жалғыз керемет);

2. Вавилондағы (қазір Ирак) Семирамида бақтары;

3. Галикарнастағы (Түркия) кесене;

4. Олимпиядағы Зевс мүсіні (Грекия);

5. Колосс Родоский деп аталатын Гимос мүсіні ( Грекияға еніп
тұратын Родос аралы);

6. Александриядағы шамшырақ (Египет);

7. Эфестегі (Түркия) Артемида немесе Диана храмы.

Алғашқы турагенттіктер. 1822 жылы Бристолдан (Ұлыбритания)
шыққан Роберт Смарт өзін бірінші кеме агенті ретінде жариялады. Ол
Бристоль каналы бойынша және Дублинге (Ирландия) баратын
саяхатшыларды кемелерге тіркей бастады.

1841 жылы Томас Кук 570 адамға теміржолмен Ланкастерден
Лонгоборугаға дейін саяхат ұйымдастырды. Бұл ең бірінші жарнамалық
экскурсиялық поезд болды, ал Кук – экскурсиялық поездардың бірінші
агенті болды. 1847 жылдан бастап Куктың компаниясы тек Англияға ғана
емес, сонымен қатар шет елдерге де саяхат жасауға арнайы билеттер
сата бастады. 1863 жылы Кук Швейцарияға, ал 1868 жылы Солтүстік
Америкаға туристтік саяхат ұйымдастырды.

2.3. Қазақстандағы туризмнің дамуы.

Туризм үш ең ірі экспорттық салалардың құрамына автомобиль
жасау және мұнай өндіру өнеркәсібінен кейін енеді. Туризм өз
кезегінде әлемдік шаруашылықтың ең қарқынды және өз шығынын өзі өтей
алатын түрі болып саналады. Франция, Испания, Грекия, Түркия, Венгрия
және Египет елдерінде туризм мемлекет бюджетіне өте үлкен кіріс
кіргізетін негізгі экономиканың саласы болып табылады.

Егеменді Қазақстан да туризмнің дамуына мемлекет экономикасы
мен қоғамында дәрежесін көтеруге көңіл бөлуде. Әлемдік нарықта
Қазақстанның тур өнімдерінің қозғалысына әсер ететін туризм
индустриясының дамуына және бұл мәселелерді қалыптастыру жөніндегі
зерттеулер, сонымен қатар 1992 жылдан бері көптеген заңдар енгізілді.
Қазақстанның қазіргі экономикасында туризм рөлі үздіксіз өсуде. Тек
соңғы 2003 жылы елімізге келген туристер саны 229014 адамды құрайды.
Өкінішке орай, Қазақстанда туризм саласының әлі де тиімсіздеу екенін
айта кетуге тиіспіз. Шығу туризмі бойынша қызмет көрсетілген
туристердің жалпы саны – 94692 адамды құрайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм тарихын географиялық түрғыдан оқу
Территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ), оның шағын жүйелері, олардың өзара байланыстары
Туризмология пәнінен дәрістер
Территорияға рекреациялық баға берудің әдістемесі және критерийлері
Жамбыл облысындағы туристік қызметтің даму жолдары (Жамбыл облысының мәліметтері бойынша)
Рекреация ұғымы сұрақ-жауап түрінде
Туризм географиясының және рекреациялық географияның теориялық - әдістемелік аспектілері
Рекреациялық баға берудің түрлері
Рекреациялық жүйе
Халықаралық туризмнің географиясының ортақ негізгі ресурстары
Пәндер