Һұндар (ғұндар)


ҺҰНДАР
һұндар (ғұндар) -ежелгі замандағы еліміздің батыс өңіріндегі көшпенді ұлыстың бірі. 24 тайпадан біріккен көшпенді һұндердің одағы б. ж. с. дейінгі 2-ғасырда дәуірлеп заманымыздың І-ғасырында ыдырады. Һұндар өзінің басшысы Мөте тәңіркұт тұсында төңірегіндегі толып жатқан ұлыстарды өзіне бағындырып, шығыста Лиаухы өзенінен батыста Памир тауына дейінгі, солтүстікте Байкал көлінен оңтүстікте ұлы қорғанға дейінгі ұлан-байтақ өңірге үстемдік еткен.
Тарихи деректердің дәлелдеуіне қарағанда, осы һұндердің бір бөлегі ежелгі замандағы қазақ ұлыстарымен тоғысып, қазақ халқын құрған қайнардың біріне айналған.
Үйсін ұлысы Хыши тілігінде көшіп-қонып журген кезде, іргелес көрші ұлы иозылардың шапқыншылығына ұшырап, халқы азып-тозып, һұндерге барып паналаған. Осы жаугершілікте үйсін күнбиі Нәнді би жау қолынан қаза тапқанда, оның жаңа туып, жетім қалған баласы Елжау биді һұн тәңірқұты асырап ер жеткізіп, азып-тозып һұндерге келген үйсін халқын жинап өз қолына беріп, әкесінің тағына отырғызған. Үйсіндер һұн елінде 20 жылдай тұрып, аралас-құралас өмір өткізді. һұн тайпалары мен үйсін тайпаларының тоғысуы осы кезден басталған.
Онан соң үйсін ұлысы Іле өңіріне қоныс аударып, іргелі елге айналды. Б. ж. с. дейінгі 71-жылы үйсін билеушілері хан патшалығымен тізе қоса отырып, қазіргі Баркөл ауданында һұндердің оң қанат ордасына тұтқиылдан шабуыл жасап ойсырата жеңді. Осы бір соғыста үйсін күнбиі Оңқай би һұндердің 40 мың адамын қолға түсіріп өзіне қосып алды. Бұдан кейінгі соғыстарда үйсіндер һұндердің қыруар адамын қолға түсірді. Олар үйсін ұлысына сіңісіп, олардың жан саны мен күш-қуатын молайта түсті.
Б. ж. с. дейінгі І-ғасырдың орта шенінде һұндер одағы өз ішінен оңтүстік һұн (яки шығыс һұн) және солтүстік һұн (яки батыс һұн) деп екіге бөлінді де, оңтүстік һұндер хан патшалығына бағынды, солтүстік һұндер батысқа қа-рай қоныс аударды. Осы батысқа қарай қоныс аударған солтүстік һұндер Алтай тауы мен Іле өзені алқабы, Жетісу өңірі мен Сырдария бойына келіп, бір мезгіл қазақ даласын қоныстанып, жергілікті тайпалармен араласты, осы һұндердің бір бөлегі ежелгі қазақ тайпаларымен тоғысып, оларға сіңіп кетті. Әсіресе күш-көлігі жоқ кедейлері шаршап-шалдыққан жерінде қалып. отырды.
«Кейінгі Хан патшалығы тарихы, оңтүстік һұн шежіресінде»: «қоныс аударған һұн тәңірқұты үйсін жеріне көшіп барды» дейді.
Жоғарыдағы деректің айтуынша, батысқа қарай босқан һұндер алдымен үйсін жеріне келген, одан соң қаңлы еліне ауып барған. Осы барыста һұндердің талай тайпасы үйсін елінде қалып қалған. Осы үйсін жерінде қалған һұн тайпалары оңтүстік, солтүстік патшалықтары дәуірінде (5-6-ғасырларда) дамып, 200 мыңдай жан саны бар Иобан мемлекетін құрған.
Иобан мемлекеті жайындағы алғашқы дерек «Уи патшалығы тарихы», мен «Солтүстік патшалықтар тарихы, батыс өңір шежіресінде» кездеседі. Осы кітаптың «Иобан мемлекеті тарауында» былай дейді: «Иобан елі . . . тегінде һұндердің солтүстік тәңірқұтының қол астыңдағы тайпалар еді. Хан патшалығының арбалы армия генералы Душан өкшелей қуған солтүстік һұн тәңірқұты Алтын таудан өтіп, қаңлы еліне барған. Олардың болдырып, көшке ілесе алмағандары Кұшардың солтустік жағындағы ұлан-байтақ (не-ше мың шақырымдық) өңірде қалып қалған. Олар кейін келе 200 мыңнан астам халқы бар ел болған».
Бұл тарихи фактілер 200 мыңнан астам халқы бар, ұлан-байтақ өңірге орналасқан Иобан мемлекетінің іргесін үйсін жерінде қалған һұн тайпалары қалағандығын анықтайды.
Иобан мемлекетінің жағырафиялық орны жөнінде «Солтүстік патшалықтар тарихы, батыс өңір шежіресі, Иобан мемлекеті тарауында» былай дейді: «Иобан мемлекеті үйсіндердің батыс солтүстігінде 10 мың 930 шақырым жерде, Күшардың солтүстігінде орналасқан». «Хан патшалығының тарихы, батыс өңір шежіресі, Күшар тарауында»: «Күшар елі солтүстігінде үйсіндермен шекараласады» дейді. Осы кітаптың «Үйсін тарауында»: «Үйсіндер оңтүстікте қалалық мемлекеттермен шекаралас» деп жазылған. «Ал қалалық мемлекеттер һұндердің батысында, үйсіндердің оңтүстігінде. Олардың оңтүстігі мен солтүстігінен асқар таулар қоршап тұрады», деп анықтайды. 1 Осы қалалық мемлекеттердің бірі - Күшар, оның солтүстігіндегі асқар тау Тянь-Шань тауы, «Солтүстік патшалықтар тарихы, Иобан тарауында» және осы кітаптың «Күшар тарауында» жазылуына қарағанда, осы екі елдің арасын асқар тау бөліп тұрған, бұл таудың оңтүстігінде Күшар елі, солтүстігінде Иобан елі жасаған. Күшар мен Иобанның арасындағы асқар тау Тянь-Щань тауы екені анық. Демек, һұндерден қалған тайпалар іргесін қалаған Иобан елі үйсін жерінде құрылған, бұрыннан осы еңірді мекендеген үйсін тайпалары да осы елдің құрамында болған Ұлы жүз үйсіннің албан тайпасы 5-7-ғасырларда Жетісу өңірінде құрылған осы Иобан одағына кірген2. Қазақ арасында адбан, абдан, адман, атбан деген ру-тайпа аттары да ұшырайды.
«Солтүстік патшалықтар тарихы, батыс өңір шежі-
1 «Хан патшалығы тарихы, Батыс өңір шежіресі»
2 «Қазақ совет энциклопедиясы», І-^ом, 249-бет
105 ресі, Иобан тарауында»: «Иобандар - өте таза болады, олар күнделікті үш уақыт тамақтың алды-артында қолдарын жуып, ауыздарын шаюды салтына сіңірген» деп сурет-тейді. Бұдан қазақтардың тамақтың алды-артында қол жу-ып, ауыз шаятын әдетінің ертеден келе жатқан ізгі салт екені байқалады.
Батысқа қарай ауған һұндерлің бір бөлегі уйсін елінде қалады да қаңлы, алан еліне барлды, олардың бір бөлегі қаңлы, алан тайпаларымен араласып, 200 жылдай өмір сүріп, бірте-бірте осы тайпалармен тоғысты, бірқыдыру һұн тайпалары осы ұлыстарға сіңіп кетті.
Батысқа қарай ауған һұндер Еділ мен Днепр өзен-дерінің аралығына барып, табан тіреп, біраз уақыт дәурен сүрген соң, олардың одағы 5-ғасырда құлады. һұн қауымы ыдырап, әр жерге тарап кетті. һұндердің көпшілігі Еділ-дің төменгі жағына, қырсахараға, Сырдарияның төменгі жағына келіп тоқтады. Олардың кейінгі ұрпақтары оғыз, қыпшақ, қарлық деген аттармен белгілі болды'.
Кейбір зерттеушілер қазақтың арғын және қыпшақ тайпасын ежелгі һұндермен байланыстырады. Арғын тай-пасының елдік аты (этнонимі) «арұғ» (таза, ақ), «ғұн» (һұн) деген екі сөзден құралып, «арұғ - ғұн» - (арғын) болған, бұл (таза ғұн), «ақ һұн» мағынасын білдіреді деген болжал айтады. Сондай-ақ қыпшақ тайпасының ұраны «ойбас» сөзін һұн батырының атымен байланыс-тырады. «Ғылыми жағынан ерекше көзге түсетін жай - арғын тайпасының елдік аты (этнонимі) ежелгі заманда жасаған гұн елінің атын еске түсіреді. Сол елдің аты арғын тайпасының атында сақталған деуге болады . . . Қып-шақ елінің ұраны -«ойбас» немесе «ойырбас». Ол ғұн-дардың атақты батырының аты. Бұл көптеген ғалымдар-дың қыпшақтар ғұннан тараған деуіне д?. яелдің бірі болуға тиіс. 2
Археологиялық қазбалардан табылған заттық мәдениет-тің куәліктері ежелгі һұндер мен қазақтардың байланысы барлығынан дерек береді. Маңғол ғалымы С. Доржы жаз-ған «Солтүстік һұндер» атты кітаптың І-тарауында «Сол-тұстік һұндердің молалары» туралы тоқталып, Ноян тауын-дағы һұн моласынан табылған жүннен істелген бұйым-дарды, ою-өрнек кестелерді баяндайды. Бұл моладан шық-қан оюлар мен кестелерде әр түрлі дөңгелек, үшкіл пі-
1 «Қазақ совет энциклопедиясы», 3-том, 449-бет.
2 Бұл да сонда, І-том, 451-бет.
106
шінді геометриялық ою-өрнектер бар екен, бұларды талдай келіп Доржы былай дейді: «Бұл кестелер мен өрнектер жәнё олардың құрылымы қазіргі қазақ арасында қолданы-лып жүрген сырмақтардағы ою-өрнектерді еске тұсіреді».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz