Ирактағы ішкі саяси жағдай


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 1991-2003 ЖЖ ИРАКТАҒЫ ІШКІ САЯСИ ЖАҒДАЙ
1. 1 Ирактың аймақтық үстемдікке ұмтылысы және «Шөлдегі дауыл» операциясы . . . 8
1. 2 Саддам Хусейннің диктаторлық режимінің репрессиялық саясаты . . . 14
1. 3 Күрдтердің саяси құқықтары үшің ұлт-азаттық күресі . . . 20
2 2003-2009 ЖЖ САДДАМ ХУСЕЙН БИЛІГІНЕН КЕЙІНГІ ИРАКТАҒЫ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ ҮРДІСІ
2. 1 АҚШ бастаған халықаралық коалицияның Ирактағы әскери операциясы және оның нәтижесі . . . 27
2. 2 Көрші елдердің Ирактағы саяси жағдайға қатысты ұстанымы . . . 35
2. 3 Ирактағы жаңа үкіметтің елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі жаңа міндеттері . . . 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 54
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі заманда әлемде халықаралық қарым-қатынастардың барлық жүйесі, сондай-ақ мемлекетаралық байланыстарға және мемлекет ішіндегі құрылымдарға қатысты халықаралық құқықтық қағидалары мен ережелері тез және сапалы өзгерістерді басынан өткізуде. Халықаралық өмірдің басты мақсаты - бейбітшілікті нығайту және жалпыға бірдей қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Оған жетудің бірден-бір жолы - ол барлық халықтар өзінің тағдырын өзі шешу туралы егеменді құқығын жүзеге асырғанда ғана қол жеткізуге болады.
Мемлекет пайда болғаннан бастап өзінің тәуелсіздігін сақтау және сыртқы агрессияға жол бермеу арқылы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Халықаралық қатынастарда өзара тәуелділік пен өзара әсер етудің нығаюы кезінде, немесе басқаша айтқанда, жаһандану жағдайында мемлекетаралық байланыстардың бір-біріне тәуелділігінің өсуі аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселесін бірінші орынға шығарады.
Халықаралық қатынастардың басымдық жүйесінде Таяу Шығыс, оның ішінде Ирак елеулі орын алып, бұл бағыттағы жұмыс өзіндік ерекшеліктер мен өзгешеліктерді назарға алуды талап етеді. Біріншіден, мұнайдың бай қорын игеру Ирактың экономикасына ортақ шикізаттық сипатын ғана емес, оның сыртқы саяси бағытын да белгілеп береді. Екіншіден, Ирактан басқа Таяу Шығыс елдерінің ішкі және сыртқы саясатына Исламның ықпалы өте зор. Үшіншіден, күрделі әрі шешімін бірнеше жылдардан бері таба алмай келе жатқан иран-ирак соғысы.
Осы тұрғыдан қарастырғанда, жер шарының түрлі аймақтарындағы жанжалдардың ішіндегі өзінің драмалығы, қарқындылығы әрі ұзақ мерзімділігімен аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіріп отырған Таяу Шығыстағы ирак-американ соғыстарының тоқтамауы халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын туғызуда [1] .
Халықаралық қатынастар жүйесінде Таяу Шығыстағы Ирактың болашағы, әсіресе иран-ирак соғысының аяқталуы алдағы уақытта алатын орны өте маңызды және өзекті болып отыр. Өйткені, аймақтағы бейбіт реттеу үрдісінің алғышарттары дүние жүзінің, оның ішінде Орталық Азия аймағының тұрақтылығына да ықпал ететіні сөзсіз.
Бұл жанжалды реттеуде ірі державалардың көпжылдық иран-ирак соғысына демеуші ретінде ара түсуі нәтижесіз болып, олардың шамалары жетпей келеді. Иран-ирак соғысы барысында Ирак пен оның көршілері арасындағы қақтығыстарды тоқтату мақсатында қаншама бейбіт реттеу жөнінде бастамалар ұсынылған болатын. Қарап отырсақ, БҰҰ Бас Ассамблеясының белгілі қарарлары осы күрделі мәселелерді біржолата шешу мақсатында қабылданған еді. Осылайша, жанжалдардың реттелуі «территория - қауіпсіздік - бейбітшілік» үшбұрышы шеңберінде шешілуі тиіс. Бұл мәселені мүдделі тараптар жан-жақты қарастыруға тырысады. Таяу Шығысты, әсіресе соның ішінде Иракты Еуропа ертеден өзінің қауіпсіздік, саяси және экономикалық мүдделеріне жауап беретін территория деп есептейді. Сондықтан, осы аймақта бейбітшілік орнату Еуропалық Одаққа өте тиімді. Сондай-ақ, Американың осы аймақтағы және халықаралық қатынастардағы гегемондық саясаты Еуропалық Одақты ирак-американ мәселелерінде белсенді араласуға мәжбүр етеді. Алайда, еуропалықтардың бұл іс-әрекеттері қаншалықты нәтижелі болуы бірнеше жағдайларға тәуелді болып келеді. Біріншіден, АҚШ еуропалықтарды аталмыш аймақтағы мәселелерден шеттетуге барынша тырысады. Екіншіден, Ирактағы кез-келген іс-қимыл АҚШ келісімінсіз жүргізілмейді де, оған американдықтар мүмкіндік бермейді. Үшінші себеп - Еуропалық Одақтың өз ішінде сыртқы саясат туралы нақты біртұтас ұстанымы әлі қалыптасып үлгерген жоқ.
Ирактағы жанжалдарды реттеу үрдісінде БҰҰ, ЕО, АҚШ және РФ сияқты негізгі күштердің қолдауы өте қажет болып тұр. Осындай күрделі мәселелерді назарға ала отырып, еліміз бейбіт үрдіс жөніндегі БҰҰның қарарларын толығымен қолдайды.
Аталған проблематика тек американдықтар, еуропалықтар немесе ресейліктердің ғана қызығушылығын тудырып қоймайды. Ирактың аймақтық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу арқылы Орталық Азияда қорғаныс, тұрақтылық және қауіпсіздік саясатын жүргізу ісінде тәжірибе жинақтауға болады.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Ирактағы аймақтық қауіпсіздік мәселелерін реттеу жолдары және АҚШ-тың демократия орнатудағы қазіргі орнын жүйелі түрде зерттеу осы жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Аталмыш мақсатқа жету үшін бітіру жұмысында төмендегідей нақты міндеттер қойылды:
- Ирактың аймақтық үстемдікке ұмтылысы және «Шөлдегі дауыл» операциясы;
- Саддам Хусейннің диктаторлық режимінің репрессиялық саясаты;
- Күрдтердің саяси құқықтары үшің ұлт-азаттық күресі;
- АҚШ бастаған халықаралық коалицияның Ирактағы әскери операциясы және оның нәтижесі;
- Көрші елдердің Ирактағы саяси жағдайға қатысты ұстанымы;
- Ирактағы жаңа үкіметтің елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі жаңа міндеттері;
Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері 1991 жылғы Ирактың Кувейтке шабуылына шолу жасаудан бастап, Ирактағы күрдтер мәселесі мен С. Хусейннің оларға қатысты нақты саясатын толық зерттейді. Сонымен қатар, Ирак пен АҚШ арасындағы жанжалды бейбіт жолмен реттеу үрдісінің пайда болуы мен бүгінгі Ирактағы күрделі жағдайды қамтиды [2] .
Бітіру жұмысының деректік негізі. Тақырыптың ерекшелігіне сәйкес бітіру жұмысында пайдаланылған деректер шеңбері кең болғандықтан, оны ішінара бірнеше топқа бөліп қарастырғанды жөн санадық.
Деректердің бірінші тобын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің белгілі қарарлары мен шешімдері құрайды. Осы құжаттарға сүйене отырып, Ирак пен көрші елдер арасындағы қақтығыстар мен олардың дамуы, сондай-ақ, халықаралық қауымдастықтың Ирактың қауіпсіздік мәселесіне қатысты ұстанымдары көрсетілген деректердің бұл тобы өте маңызды болып келеді [3-5] . Мұнда Ирактың қазіргі сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен аспектілері, сондай-ақ Ирак пен көрші мемлекеттер арасындағы екіжақты және көпжақты қарым-қатынастардың дамуы мен ынтымақтастығы қарастырылған. Аталған құжаттарды қарастыра отырып, Ирактың халықаралық қатынастардағы орнын анықтауға мүмкіндік туады.
Деректердің екінші тобын Ирактағы мемлекеттік саяси құрылымды қалыптастыруға байланысты құқықтық нормативтік құжаттар жатады [6-7] . Аталған заңдық нормативтік құжаттарда Ирактың жаңа конституциясының мәтіні берілген. Конституцияны талдай отырып, елдегі басқару жүйесінің құрылымына толықтай сипаттама беруге болады. Сонымен қатар, АҚШ-тың Ирактағы саяси жағдайға қатысты жариялаған жаңа стратегиялық бағдарламасына сараптама жасалынған.
Деректердің келесі тобына күрдтердің автономиялық мемлекет ретінде қалыптасуға бағытталған стратегиялық бағдарламасы бекітілген Күрдстан Демократиялық партиясы мен Күрдстан патриоттық одағын құру және олардың іс-әрекеттерін белгілейтін баспасөз беттерінде жарияланған құрылтай құжаттары жатады [8-10] . Бұл құжаттарда Ирактың солтүстігіндегі Күрдстан автономиялық ауданының кешегі және бүгінгі саяси жүйесі баяндалған. Сонымен бірге, күрдтердің саяси құқықтары үшін жүргізген ұлт-азаттық күресі жан-жақты қарастырылған. Аталған деректерді зерттеу арқылы Ирактың мемлекеттік саясатына Күрдстанның тигізер әсерін толығымен талқылап қарастыруға болады.
Деректердің төртінші тобын Ирактағы саяси ахуалға тікелей және жанама түрде мүдделі мемлекеттердің көшбасшылары, белгілі саясатшылар мен қайраткерлердің осы аймақтағы мәселеге қатысты ұстанымдары мен саясатын айқындайтын баяндамалары мен мақалалары құрайды. Олар араб [11-14], АҚШ [15-16] және Еуропа [17-18] елдері өкілдерінің ресми жиындарда немесе белгілі бір оқиғаға байланысты айтқан сөздері мен пікірлері ретінде топтастырылған.
Деректердің алтыншы тобына тақырыпқа байланысты мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған құжаттар, ақпараттар мен материалдар жатады. Бұған Қазақстанның «Дипломатиялық жаршысы» [19], т. б. газеттер мен журналдардың әр түрлі жинақтары жатады [20-25] .
Қарастырылған деректер түрлері бітіру жұмысында қойылған міндеттерді ашуға және басты мақсатын жүйелі түрде зерттеуге толық мүмкіндік береді. Ирактағы аймақтық қауіпсіздік мәселесіне байланысты зерттеулер Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап дүниежүзілік қауымдастыққа кіруі нәтижесінде жазыла бастады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қарастырылып отырған мәселе шетелдік, ресейлік және отандық зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тапқандығын атауға болады.
Ресейлік тарихнама. Н. Ясин [26] мен Е. М. Примаковтың [27-28] еңбектерінде Ирак мемлекетінің қоғамдық-саяси және экономикалық дамуына, оның сыртқы саясатының эволюциясына талдау жасалады. Сонымен қатар, В. В. Львов [29], Н. В. Степанова [30], О. И. Жигалина [31], Д. Сидоров [32], В. Трофимов [33], С. Модестов [34] және М. С. Лазаревтің [35] еңбектерінде президент Саддам Хусейн кезіндегі Ирактың сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен АҚШ-тың Таяу Шығыс аймағына қатысты ұстанымы айқындалады.
Ресейлік зерттеушілердің еңбектерін қарастыру арқылы Таяу Шығыс елдері мен Ирак арасындағы қарама-қайшылықтардың шығу себептері және оның салдары жайында ақпараттар жинауға болады. Сондай-ақ, АҚШ-тың Иракқа қатысты демократияландыру саясаты мен аймақтық мүддесі жан-жақты талқыланады.
Отандық тарихнама. Соңғы жылдары отандық зерттеушілер Ирактың қазіргі заманғы тарихын, оның басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдар және аймақтық саяси-экономикалық құрылымдармен қарым-қатынасындағы мәселелерін тарихи тұрғыдан зерттеуді белсенді түрде қолға алды. Қазақстан мен Ирак арасындағы қарым-қатынас мәселесіне байланысты зерттеулер тобын Қазақстан Республикасы мемлекет қайраткерлерінің еңбектері мен тарихшылардың баспасөзде жарияланған бірқатар мақалалар қамтиды. Бұл еңбектердің қатарына бірінші кезекте Н. Ә. Назарбаевтың еңбектерін жатқызуға болады [36-37] . Мұнда Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарына талдау жасалып, біздің еліміздің стратегиялық серіктестерімен, соның ішінде Иракпен ынтымақтастығын дамытуға белгілі бір тұжырымдар жасалады.
Осы орайда Қ. К. Тоқаевтың еңбектері айрықша орын алады [38-40] . Мұнда мемлекетіміздің жүргізіп отырған көп қырлы саясатына сәйкес Қазақстанның қазіргі заманғы халықаралық қатынастарына толығымен талдау жасалып, сипаттама беріледі. Сонымен қатар, мұнда Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі Қазақстан-Ирак қарым-қатынастарының дамуына қатысты бірқатар деректі мәліметтер кездеседі. Таяу Шығыс мемлекеттерінің жекелеген тарихын зерттеп жүрген К. Қ. Қожахметов өзінің еңбегінде осы аймақтың өзекті мәселелеріне ерекше ден қояды [41] . Ол - Қазақстандағы алғаш рет араб елдерінің, соның ішінде Ирактың тарихи мәселелерін зерттеген ғалым. Отандық зерттеушілер қатарына Қ. Ә. Жүністің жұмысын ерекше атап кетуге болады [42] .
Шетелдік тарихнама. Соңғы кездері мерзімді баспасөз беттерінде Ирактың сыртқы саясатының әртүрлі салаларына қатысты және Саддам Хусейннің оған қосқан үлесі туралы мақалалар көлемі ұлғая түсті. Мысалы, К. Питер[43] мен З. Б. Бзежинскийдің [44] жұмыстары жатады. Осы деректерді пайдалана отырып, Ирактың Таяу Шығыс аймағындағы рөлі мен аймақтық тұрақтылыққа тигізіп отырған ықпалы жайында мағлұмат аламыз.
Мәселені тереңірек талдау мақсатында Н. Д. Несук, Полюк, Н. Н. Ксендзык [45] пен В. Валошиннің [46] еңбектері пайдаланылды. Зерттеу барысында Ирактың өз тәуелсіздігін сақтап қалуға деген ұмтылысын сипаттайтын және көрші елдермен саяси-экономикалық қарым-қатынастарын баяндайтын бірқатар мәліметтер жинақталды.
Бітіру жұмысының әдістемелік негізі. Жұмысты жазу барысында халықаралық қатынастар мамандығы бойынша саясаткерлердің ғылыми теорияларына сүйене отырып, тарихи-салыстырмалы талдау, статистикалық талдау, контент талдау мен инвент талдау әдістері кеңінен қолданылды.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі - 56 бет.
- 1991-2003 ЖЖ ИРАКТАҒЫ ІШКІ САЯСИ ЖАҒДАЙ
1. 1 Ирактың аймақтық үстемдікке ұмтылысы және «Шөлдегі дауыл» операциясы
1991ж 17 қаңтарда АҚШ, Ұлыбритания және басқа мемлекеттер Иракқа қарсы бастырмалатқан ракеталық-бомбалық операция бастады. Ең алғаш рет нағыз соғыс жағдайында қанатты ракеталар қолданылды. Оны Парсы шығанағына американдық кемелер жіберді. АҚШ, Ұлыбритания мен Сауд Аравиясының ұшқыштар, бомбалаушылар және әскери тікұшақтар экипажына Иракты жою үшін қаншама міндеттер жүктелді. 17 қаңтарда Ирак ең алғашқы соққысын Тель-Авив пен Хайфаға кеңестік «Скад» ракетасы арқылы берді. Ол Сауд Аравияның территориясында орналасқан американдық Дархан базасының ғимаратын соққылады. АҚШ жағынан 28 әскер қайтыс болды.
Одақтастар авиациясының әскери ұшуды ұлғайтуымен қатар Ирактың бейбіт тұрғындарының арасында құрбандар саны арта түсті. Мұны АҚШ «жалғаспалы шығындар» деп атады. Екінші жағынан, Саддам Хусейн батыстың қателігін насихатшыл мақсатта қолдана отырып, бейбіт кувейттіктерді Ирактың маңызды әскери және өндірістік обьектілерінде тірі қалқан ретінде жиі орналастыра бастады [47] .
1991 ж 24 ақпанда одақтастар құрама жерүсті, әуе және теңіздік шабуылға көшті. Ирак әскерлерінің қарсыласуы бар-жоғы 100 сағаттың ішінде басылды. 26 ақпанда Ирак Кувейттен өз күштерін алып кеткенімен, бірақ БҰҰ-ның осы мәселеге қатысты барлық қарарларының шарттарын қабылдаудан бас тартты. 1991 ж 27 ақпанда шабуылға ұшыраған кувейттіктер одақтас коалицияның әскерлерін құшақ жая қарсы алды. 2 наурызда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілік шарттарын бекітетін қарар қабылдады. Осы құжатқа байланысты Ирак барлық әскери қимылдарды тоқтатуға, Кувейтті аннексиялаудың күшін жоюға, барлық химиялық және биологиялық қаруларын тапсыруға, тұтқындағы шетелдіктерді бостандыққа шығаруға және Кувейтті басып алу нәтижесінде келтірілген материалдық шығындар мен құрбандарға жауап беруге міндетті болды. Келесі күні Ирактың Савфан әскери базасында американдықтармен болған кездесу барысында Ирак басшылығы бейбітшілік шарттарын қабылдады, бірақ бұл кездесуге Саддам Хусейн қатысқан жоқ.
1998 ж желтоқсанда АҚШ пен Ұлыбритания Иракта үш күндік бомбалау операциясын өткізді. Бұған БҰҰ әскери инспекторы мен ирактық билік арасындағы шиеленіс себеп болды. Бағдад әскери инспекторлардың президент сарайына кіруіне қарсы болып, олармен ынтымақтасудан бас тартты. Бұдан басқа, Ирак БҰҰ инспекторларын АҚШ пен Израильдің пайдасына қызмет етеді деп айыптады. Кейін олардың американдық арнайы қызметке ақпарат таратқаны мәлім болды. Желтоқсанның ортасына таман Unscom басшысы Ричард Батлер Ирак инспекторлар қызметіне кедергі келтіруде деп жариялады. Нәтижесінде Бағдадтағы БҰҰ қызметкерлері шығарылып, әскери операция басталды. Ирак территориясындағы 100-деген обьектілер ракеталық-бомбалық атыстың астында қалды. Операцияның мақсаты Саддам Хусейннің жаппай-қырып жою қаруын жасау саясатының «мүмкіндігін азайту» болды. Обьектілердің қатарына ирактық құпия полицияның штаб-пәтері мен элиталық Республикалық гвардия, қорғаныс обьектілері мен Басрадағы мұнай өңдейтін кәсіпорын кірді. Ирак үкіметінің вице-премьері Тарик Азиз осы операция нәтижесінде 62 әскери қызметші мерт болып, 180 әскер жараланғанын мәлімдеді [18, 113-114 б] .
Қазіргі уақытта АҚШ Парсы шығанағында 14 әскери корабль мен 14 мың әскери қызметкерді шоғырландырып, Иракпен болуы мүмкін әскери операцияға дайындық жүргізуде. Сонымен бірге, АҚШ соғыстың қашан басталуын күтіп отыр. Ең маңыздысы, Америка соғыс кезінде бүкіл әлем БАҚ-тарын шулатқан тактикалық ядролық қаруды қолдана алады ма? Бірақ бұл жағдай туралы Клинтон әкімшілігі ешқандай мәлімет таратқан жоқ. Соған қарамастан, «News Day» газеті ядролық қаруды қолдану жөніндегі ақпаратты «Ақ үй» мен жоғары органдар басшылығының деректеріне сүйене отырып жеткізді. Басқа американдық басылым «гибридтік бомба» жайлы хабарлады. Бұл жаңа қарудың мүмкіндігін американдық әскерлер шектен шыққан диктаторға сынап көргісі келеді. Егер Саддам Хусейн Израиль немесе аймақтағы басқа елдерге қарсы химиялық немесе бактериологиялық қаруды қолданатын болса, онда Иракқа қарсы жаппай қырып-жою қаруы жауап ретінде қолданылады.
Американдық әкімшіліктің баспасөз хатшысы Майкл Маккэри өткізген баспасөз мәслихатынан кейін баспасөз арқылы Саддамға қарсы психологиялық соғыс жүргізудің мәні енді мүлдем өзгергенін мәлімдеді. АҚШ үшін ең маңыздысы Хусейннің іс-әрекеті емес, керісінше әлемдік қауымдастықтың АҚШтың саясатына деген көзқарасы болып отыр.
Парсы шығанағы аумағында ядролық қаруды қолдану ешқандай тактикалық нәтиже әкелген жоқ. Бірақ кейінгі басқыншылық бастамалар, яғни іргелес жатқан елдердің территориясында радиациялық бұлттың орнауы ядролық қаруды жасау үрдісін белсендіре түседі. Мұның салдары неге әкелетінін американдық стратегтер жақсы біледі. Соған байланысты, қазір Парсы шығанағында АҚШпен соғыста бірге болған одақтастардан тек Ұлыбритания қалды. Ал Түркия Инжирликте американдық әскери теңіз күштерін орналастырудан бас тартты. Сондықтан, АҚШ қазір «рұқсат етілген іс-әрекеттердің шегін» анықтаумен бастарын қатыруда. Егер американдықтар бұл шектеуді бұзуға дайын болса, онда бұл американдық шабуыл бола ма?
Американ-ирак қарым-қатынасының шиеленісуінің тікелей себептері БҰҰ арнайы комиссиясының (УИНСКОМ) төрағасы Ричард Батлердің Ирактағы жаппай қырып-жою қаруларын жою туралы баяндамасымен байланысты. Ирактың объектілер тобын тексеруді тоқтатуы келесі оқиғалар жалғасының заңдық алғышарттарына айналды. АҚШтың БҰҰдағы өкілі Билл Ричардсон Батлердің баяндамасынан соң Қауіпсіздік Кеңесінің бейресми отырысында быллай деді: «Ирактың бізге деген қарым-қатынасы - бұл менсінбеушілік. Ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің барлық қарарларына, БҰҰ инспекциялық топтары мен халықаралық қауымдастықтың талаптарына менсінбей қарап отыр».
Батлер Американың сыртқы саяси бағдарламасын жариялау арқылы БАҚтың назарына ілікті. Көптеген сарапшылардың пікірінше, Батлердің барлық әрекеттері Вашингтон басшылығымен ұйымдастырылған. Мүмкін, басқа жағынан алғанда, Батлер тек өз қызметін атқарған болар. Ал оқиғаның желісін ирактық режим ары қарай жалғастырған шығар.
Ирактың премьер-министрі Тарик Азиздің мәлімдеуінше, УИНСКОМ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің рұқсатынсыз Иракқа келіп, ондағы президенттік және режимдік объектілерді тексеріп жүр. Олар өздерінің мандатын кеңінен пайдаланып, Иракта ойларына не келсе, соны жасағысы келеді. Бұған арнайы комиссияның американдық өкілдерінің санкциялар режимін шексіз мерзімге ұзартуға ұсыныс білдіруі тікелей себепші болды [48, 415 б] .
АҚШтың Иракқа қатысты бір жақты акциясы - оның «қырғи қабақ соғыстан кейінгі» сыртқы стратегиясының күрделі мәселесі. Сонымен, АҚШтың алдында үлкен міндеттер тұр: АҚШтың әлем алдындағы рөлі қандай? Оның әр түрлі саяси бағыттағы бұрынғы одақтастарымен қарым-қатынасы қандай дәрежеде? Егер АҚШ «рұқсат етілген шекараны» бұзатын болса, онда халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесі сөзсіз бұзылады.
Таяу Шығыс - геосаяси, геостратегиялық және экономикалық тұрғылардан аса маңызды мемлекет, қазіргі таңда халықаралық қауіпсіздіктің мәселелері мен қауіптердің басты қайнар көзі болып табылады. Жаппай қырып жоятын қарудың таралу қаупі, халықаралық лаңкестіктің қаупі, аймақта аталмыш «қалыптасып бітпеген» мемлекеттердің бар болуы, палестина-израильдік қақтығыстың реттелмегендігі, осының барлығы Таяу Шығыс аймағын қазіргі таңдағы әлемнің жарылыс болуы қаупі ең жоғары мүмкін нүктесіне айналдырды.
Таяу Шығыста жағдайдың одан әрі қиындауы бүкіл әлемдегі ахуалды тұрақсыздандыруы мүмкін. Әрине, соңғы кезде емес, бастапқы рөл энергетикалық қауіпсіздікте, себебі Таяу Шығыстың тұрақсыздығы әлемдік нарыққа көмірсутек ресурстардың экспортына қауіп төндіреді. Аймақтан мұнайды импорттаушылардың тәуелділігінің жорамалды күшеюі әлем қауымдастығының Таяу Шығыс мәселесінің кешенді түрде шешуге деген ұмтылыстарын анықтай түсуде.
Таяушығыстық мемлекеттерде экономикалық, әлеуметтік және саяси өзгертулерді жүзеге асыру қажеттілігі қазіргі таңда аймақтың дағдарыстық жағдайдан шығудың басты шарты ретінде қарастырылуда. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін-ақ аймақты реформалау талпыныстары қарама-қайшы нәтижеге келтіретіндігі байқалуда.
Үлкен Таяу Шығысты реформалау парадокстері (айрықша белгілері) . ХХ ғасырдың соңғы ширегінде әлемнің ондаған елдері басқару түрі тоталитарлық және авторитарлықтан демократиялыққа көшуді жүзеге асырды. Демократияның жаһандық кеңею үрдістерімен қамтылмаған әлемнің бірден-бір аймағы Таяу Шығыс болып табылады. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап аймақ орталық тәуелділіктен босағаннан кейін де елдер әлі де болса өздерінің ішкі саяси, экономикалық және гуманитарлық кеңістіктерін қалыптастыра алмауда. Жалпылама соңғы екі онжылдық аймақтық тарихи өзгеруінің жылдамдықтарының бәсендеуімен сипатталады, оның халқының саны шамамен 300 миллион адамды құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz