«жанұя» және «неке» ұғымдары


Жоспар:
- «Жанұя» және «Неке» ұғымдары
- Жанұя әлеуметтік институт
- Жанұяның әлеуметтік қызметтері
- Жанұяның типологиясы
Отбасы ежелден қалыптасқан қана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды. Отбасы ерлі-зайыптылардың арасындағы, ата-ана мен балалар арасындағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен, мемлекетпен тығыз органикалық байланыста болады.
ОТбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, оның шығуының әлеуметтік заңдылықтары талданады. Екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі (отбасы мен қоғамның өзара әрекетін талдау) қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретіндегі (отбасы ішіндегі қатынастарды зерттеу) жағдайын зерттейді.
Әлеуметтік институт тұрғысынан отбасыны қарастырғанда неке-отбасы қатынастары саласындағы қоғамдық сананың қалыптасуына, әр түрлі жағдайдағы халықтың қайсыбір топтарының отбасылык тәртібіне жалпылама сипаттама беруге, отбасының негізгі міндеттерін жүзеге асыру тиімділігіне және т. б. баса назар аударылады.
Отбасын шағын әлеуметтік топ ретінде зерттегенде қазіргі отбасының даму кезеңдерінің, қүрылымдарының және атқаратын қызметтерінің қалыптасу жағдайлары, әке-шеше мен олардың ұрпағының арасындағы өзара қарым-қатынас, отбасындағы міндеттерді әркімге бөлу, ажырасудың себептері мен мотивтері және т. б. осындай мәселелер қарастырылады.
Әлеуметтану отбасының функцияларына, отбасы саласыңдағы келеңсіз құбылыстарға (ажырасу санының артуы, көптеген отбасыларының дүниеге бір ғана нәресте әкелуге бағыт ұстануы, жалғыз бастылардың санының өсуі, т. б. ) талдау жасауға да үлкен көңіл аударады.
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда отбасы белгілі бір локалдық құрылымы және атқаратын әлеуметтік қызметтерінің ерекшеліктері арқылы сипатталады.
Отбасының локалдануы - бұл тек туыстық қарым-қатынастармен шектеліп қалмай, туыстардың бірлесе өмір сүретіндігін де мойындайды, сондықтан олардың тұрмысында ортақ элементтердің болуы, отбасы мүшелерінің экономикалық озара кемек көрсетуі үнемі ұшырасып тұрады. Бұл тұрғыдан алғанда отбасын қоғамның экономикалық ұясы ретінде қарастыруға болады.
Отбасының құрылымы - бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын қамтамасыз ету тәсілі болып саналады. Отбасының құрылымы мен тәртібі, емір салты, дәстүрі, өзге отбасыларымен және қоғаммен өзара қарым-қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты екені рас.
Отбасылары қоғамдық басқа да институттар іспетті белгілі бір функциялар атқарады. Отбасының функциясы дегеніміз оның белгілі бір әлеуметтік саддары бар қызметі. Озге институттардың атқаратын міндеттерінен мұны жеке-дара бөліп көрсету үшін отбасы қызметін ерекшелікті және ерекшеліксіз деп ажыратады. Отбасының ерекіиелікті кызметтері оның отбасылық мәнінен келіп шығады және қоғамдық кұбылыс ретінде отбасының ерекшеліктерін бейнелейді, ал ерекшеліксіз қызметтер белгілі бір тарихи жағдайға орай еріксізден немесе бейімделуден туындайтын отбасының міндеттері. Отбасының ерекшелікті қызметтеріне:
халықтың ұдайы өсіп-өнуі, яғни дүниеге нәресте әкелу;
балаларды асырап, сақтау (экзистенциадды) ;
балаларды тәрбиелеу (әлеуметтеңдіру) жатады.
Бұл қызметтер қоғамның әр доуірде өзгерістерге түсуіне қарамастан отбасының ертеден келе жатқан міндеттері больш саналады.
Отбасының ерекшеліксіз қызметтері жеке меншіктің жинақталып қорлануы мен оған ие болу женіндегі статусты, өндіріс пен тұтынуды, үй шаруашылығын жүргізу мен демалуды ұйымдастыруды, отбасы мүшелерінің денсаулығы мен амандығына қамқорлық, микро-ахуал жасауды қамтиды. Бұл қызметтердің бәрі отбасы мен қоғам арасындағы байланыстың тарихи сипатын көрсетеді, отбасындағы нәрестенің дүниеге келуі, оның күтімі мен тәрбиесінің қалай жүретіндігі назардан тыс қалмайды. Сондықтан отбасындағы өзгерістер әр түрлі тарихи кезендегі олардың ерекшеліксіз қызметтерін салыстырудан байқалады. Айталық, жаңа бір жағдайға орай қызмет түрлері де модификацияланады, шеңберін тарылтады немесе кеңейтеді, толық немесе жартылай іске асады, тіптен жойылып кетуі де мүмкін.
Отбасының қызметі (функциясы, орны. Отбасының бірталай қызметін бөліп көрсетуге болады.
Сексуалды (нәсіпқұмарлық) реттелу. Отбасы арқылы қоғам адамдардың табиғи сексуальдық (нәсіпқұмарлық) қажеттіліктерін жүйелейді, бағыттайды және тәртіпке келтіріп отырады. Қоғамда жұбайлық адалдық нормалары бар, өмір сүреді. Мысалы, патриархты отбасында («патриарх» деген грек тілінен «әке») әйел адамның некеге тұрғанға дейін жыныстық қатынасы көруіне тыйым салынады.
Әлеуметтану қызметі. Жеке тұлғаның әлеуметтануға қатысушы әлеуметтік институттардың санынынң көптігіне қарамастан (мектеп, балабақша, әскер, пионер, комсомол, т. б. ), бұл процесте отбасы орталық орынға ие болады. Тек семьяда индивидтің алғашқы әлеуметтануы жүзеге асады, оның жеке тұлға ретінде қалыптасуының негіздері қаланады.
Отбасы құрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері.
Отбасының құрылымдық типтері - ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сойкес пайда болып қалыптасқан құбылыс. Сондықтан отбасы құрылымын оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастар, ролдерді бөлісу мен ішкі билікті жүргізу анықтайды. Бұл тұрғыдан алғанда оның ең кең тараған түрі - нуклеарлық немесе ерлі-зайыптылық отбасы. Оның негізін ерлі-зайыптылар мен олардың балалары кұрайды, яғни мұндай отбасында екі ұрпақтың өкілдері өмір сүреді. Отбасының бұл түрінің аса көлемді етек алуына олемдегі қазіргі таңда кеңінен жүріп жатқан индустрияландыру мен урбанизация процестері себепші болып отыр. Туыстық жағынан алғанда бүгінгі таңдағы отбасының тағы бір түрі - кеңей-ген немесе туыстық тұрғыдан жақын отбасылар. Мұнда ерлі-зайыптылар өз балаларымен, ата-аналарымен, бауырларымен бірге тұрады, онда бірнеше ұрпақ өмір сүреді. Отбасының құрамы мен құрылымының осылай өзгеруі отбасылык-туыстық байланыстардың әлсірегені емес пе деген қорытынды жасауға да итермелейді. Конттың пікірі бойынша, отбасындағы адамдардың жас ерекшеліктеріне қарап балаларды ата-аналарына және әйелдерді жыныстық белгісі бойынша еркектерге бағындыру таіс. Бүгінгі таңда осы екі параметрлер де түбегейлі түрде өзгеруде. Жастар өз беттерінше өмір сүрулері үшін ата-аналарының отбасынан ерте кетеді, әке-шешесінің мамандығына сәйкес келмейтін басқа кәсіпті тандайды. Әйелдердің эмансипациясы отбасының иерархиялық тұрғыда ұйымдасуына, ыдырауына өз әсерін тигізді. Осыған байланысты отбасындағы билікті болу, яғни билікке.
лидерлікке ие болу және ондағы міндеттерді бөлу сипатына қарай отбасының екі типі сақталған. Оның біріншісі - дәстүрлі немесе авторитарлық отбасы. Мұндай отбасында кем дегенде үш ұрпақтын өкілдері тұрады, билікті, яғни лидерлікті жасы үлкен ер адам өз қолына алады. Дәстүрлі отбасына мынандай сипаттар тән:
ер адам негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдаушы болып
саналады, оның қожайындығы басым;
әйелдің ер адамға экономикалық жағынан тәуелділігі;
- отбасындағы міндеттерді бөліп, ер адамның және әйелдің
міндеттерінің бекітілуі (ер адам асыраушы, әйел үй бибісі) . Мұнда
үй шаруасы мен бала тәрбиесі негізінен әйелдің иығына түседі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz