ҚР парламентінің конститутциялық құқықтық мәртебесі туралы



Кіріспе

1. ҚР Парламенті . ең жоғарғы өкілетті орган
2. ҚР Парламенті депутаттарының құқықтық мәртебесі
3. ҚР Парламентінің өкілеттілігі және жұмысының ұйымдастырылуы

Қорытынды
Пайдаланған әдебиет
Жаңа заман жаңашылдықты талап етеді, ол адамға, қоғамға және тіпті мемлекетке де қатысты айтылады. Қажетті саяси, материалдык, рухани қажетін қанағаттандыру үшін азаматтардың кұкықтары мен бостандықтарын пайдалануы мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы оларға кең мүмкіндіктер ашады. Қазақстан Республикасының Конституциясы халықты мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы деп жариялап қана қоймайды. Ол халықтың егемендігін жүзеге асырудың құқықтық негізін қалайды. Ең жоғары зандық күші бар актілер қабылдауға халықтық құқығы бар. Конституцияға сәйкес халық атынан билік жүргізу кұкығы Қазақстан Республикасының Президентіне және Парламентіне берілген.
Парламент биліктің үш тармағының бір буыны болып табылады және оған заң шығару өкілеттігі берілген. Парламенттің мемлекет өміріне тиімді заңдарды қабылдауда маңызы өте зор. Өйткені Парлемент халықпен сайланатын депутаттардан құралады және ол депутаттар нақты халыққа қандай заңдар керек екендігін біледі.
Курстық жұмыста Қазақстан Республикасының Парламенті түсінігі, оның мемлекеттіәк билік органдары арасында алатын орны, депутаттардың құқықтық мәртебесі, олардың құқықтары, депутаттық иммунитет, Парламеттің құзыреттілігі және оның жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негізі тұралы сөз болады.
1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы, 1995 жыл жыл 30 тамыз.
2. “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” конститутциялық заңы 1995 жыл 18 желтоқсан.
3. “Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы” конститутциялық заңы 1995 жыл 16 қазан.
4. Амандыкова С.К. Қазақстан Республикасының контитутциялық құқығы. Астана. Фолиант. 2001. 176-бет.
5. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998 жыл. 256-бет.
6. Сапаргалиев Ғ. Қазақстан Республикасының контитутциялық құқығы. Алматы, 1998. 320-бет.
7. Общая теория государства и права. / Под ред№ Лазарева В.В. Москва 1995.
8. Нұрпейісов Е.К., Котов А.К. Қазақстан мемлекеті: хандық биліктен президенттік республикаға. Алматы: Жеті Жарғы.1995
9. Сәбікенов С.Н. Салыстырмалы мемлекеттік құқық. Оқулық. Алматы: Өркениет.2000
10. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. Алматы: Жеті Жарғы.2001

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Парламентінің конститутциялық құқықтық мәртебесі
Жоспар

Кіріспе

1. ҚР Парламенті – ең жоғарғы өкілетті орган
2. ҚР Парламенті депутаттарының құқықтық мәртебесі
3. ҚР Парламентінің өкілеттілігі және жұмысының ұйымдастырылуы

Қорытынды
Пайдаланған әдебиет

Кіріспе

Жаңа заман жаңашылдықты талап етеді, ол адамға, қоғамға және тіпті
мемлекетке де қатысты айтылады. Қажетті саяси, материалдык, рухани қажетін
қанағаттандыру үшін азаматтардың кұкықтары мен бостандықтарын пайдалануы
мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы оларға кең мүмкіндіктер
ашады. Қазақстан Республикасының Конституциясы халықты мемлекеттік биліктің
бірден-бір бастауы деп жариялап қана қоймайды. Ол халықтың егемендігін
жүзеге асырудың құқықтық негізін қалайды. Ең жоғары зандық күші бар актілер
қабылдауға халықтық құқығы бар. Конституцияға сәйкес халық атынан билік
жүргізу кұкығы Қазақстан Республикасының Президентіне және Парламентіне
берілген.
Парламент биліктің үш тармағының бір буыны болып табылады және оған
заң шығару өкілеттігі берілген. Парламенттің мемлекет өміріне тиімді
заңдарды қабылдауда маңызы өте зор. Өйткені Парлемент халықпен сайланатын
депутаттардан құралады және ол депутаттар нақты халыққа қандай заңдар
керек екендігін біледі.
Курстық жұмыста Қазақстан Республикасының Парламенті түсінігі, оның
мемлекеттіәк билік органдары арасында алатын орны, депутаттардың құқықтық
мәртебесі, олардың құқықтары, депутаттық иммунитет, Парламеттің
құзыреттілігі және оның жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негізі тұралы сөз
болады.

Парламент – ең жоғарғы өкілетті орган

Қазақстан Республикасында басқару органдарын қайта ұйымдастырудан
кейін заң шығару өкілеттігі Парламенттке берілді. Парламент Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Кеңес деп аталған "бір буынды" өкілетті органының
орнына келді. Жоғарғы Кеңес жоғары өкілді орган ретінде 1937 жылғы ҚСР
Конституциясымен белгіленді. Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясы да
Жоғарғы Кеңесті мемлекеттік биліктің жоғары органы ретінде таныды. Ол КСРО
Конституциясы мен Қазақ КСР Конституциясында көрсетілген республика
құзырындағы барлық мәселелерді шешуге құқылы бодды. Басқаша айтқанда,
Жоғарғы Кеңес еліміздің мемлекеттік өміріндегі барлық мәселелерді шешу
құқығын иеленеді. Жоғары өкілді органның бірыңғай билігінің мәні, міне,
осында. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі Парламенттей болмады, өйткені онда
билік бөлісу және тұрақты жұмыс істейтін жоғары өкілді органдар болған жоқ.
Қазақстан Республикасының мемлекетгік тәуелсіздігі туралы заң
мемлекеттік билікті заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлу принципін
жариялады. Осының нәтижесінде Парламент және парламентаризм кұруға қарай
маңызды бір қадам жасалды.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы Жоғарғы Кеңесті
республиканың бірден бір заң шығарушы және өкілді органы деп таныды.
Конституцияның Жоғарғы Кеңеске кең өкілеттілік бергендігі сондай,
мемлекеттік билікті бөлісу принципі шын мәнінде мүлдем болған жоқ. Сонымен
бірге тежемелік және тепе-теңдік жүйесі де орнықтырылмады. Сейтіп, 1993
жылғы Конституция мемлекеттік биліктің кайшылықты кұкықтық базасын жасады.
Тұрақты жұмыс істейтін Жоғарғы Кеңес, әрине, өз қызметін толық атқара
алмады. Жоғарғы Кеңес кызметінің дәрменсіздігіне сын айту ретсіз де болар
еді. Жаңа ұлттық құкықтық саясатты негізіне алған зандарды 12-шақырылған
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдады. Алайда, Жоғарғы Кеңес
Парламент бола алған жоқ және Қазақстанда парламенттік республика орныққан
жоқ. Н.Ә.Назарбаевтың пікірінше, Қазақстан үшін парламентгік республиканың
орнықтырылмағанының себебі, онда "...парламентизмнің дәстүрі мен мәдениеті,
көп партиялылықтың дамыған жүйесі болмады және, ең бастысы, мұның бәрін
халықтың қалың көпшілігінің санасы қабылдамады. Бүгінгі таңда бізде ол
жок". Бұл үшін уақыт керек. Президенттік басқару жүйесі елді басқарудың
тиімді прогрессивті әдісі болып шығуы мүмкін.
Қазақстан Республикасынын 1995 жылғы Конституциясы Парламентті заң
шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган ретінде сипаттайды.
Қазақстан Республикасының Парламенті жоғары өкілді орган ретінде де, өкілді
демократия органы ретінде де өмірге келді. Халық тікелей ғана емес,
Парламент арқылы да өзінің саяси еркін білдіреді.
Парламент, сондай-ақ заң шығару қызметін жүзеге асыратын орган да
болып табыдады. Мұңдай нысандама Қазакстан Рес-публикасының 1993 жылғы
Конституциясының Жоғарғы Кеңестің бірден бір заң шығарушы орган ретіндегі
сипатгамасынан ерекшеленеді. Қазакстан Республикасының 1995 жылғы Консти-
туциясында Парламент бірден бір заң шығарушы орган болып есептелмейді.
Себебі Конституцияда кезделген жағдайда Президент заң шығару қызметін
атқара алады. Сонымен бірге Президенттің зан шығарушылық қызметінің
өкілеттік берілген және тәуелділік сипатга болатындығын да атап айтқан жен.
Парламент өзінің заң шығару өкілетгігін берген жағдайда ғана Президент заң
қабылдай алады. Егер Парламент зәру заңңарды шұғыл қабылдай алмайтындай
болса Президент заң күші бар Жарлық шығаруға қүқылы. Екі жағдайдын екеуінде
де Президентгің заң шығару өкілеттігі уақытша сипатта болады. Парламент
тұрақгы жұмыс істейтін заң шығару органы болып табылады.
Заң шығару қызметімен бірге Парламент, шектеулі көлемде болса да,
атқарушы биліктің қызметін де бақылай алады. Парламент республиканың
бюджетін және оның орындалуы жөнінде Үкімет пен республикалық бюджеттің
орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің есебін бекітеді, бюджетке
өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Парламент Үкіметтің Бағдарламасын
мақұлдауы немесе қабылдамай тастауы және Үкіметгің қызметіне сенімсіздік
білдіруі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Конституциясы бірінші рет Парламентгің екі
палаталық (Сенат және Мәжіліс) құрылымын бекіті. Мәжіліс Қазақстан
Республикасының барлық азаматтарының тілегін білдіреді, яғни Мәжіліс
депутатгары жалпы сайлауларда сайланады. Сенатқа депутаттардың бір бөлігі
жанама сайлау арқылы сайланады, енді бір бөлігін Президент тағайындайды.
Сенат депутатгары әкімшілік-аумақтық бірліктердің мүдделерін, жергілікті
пікірлерді білдіреді. Сонымен бірге Сенат - бүкіл республика органы.
Сондыктан Мәжіліс кабылдаған заң жобасы Сенат мақұлдағаннан кейін күшіне
енеді.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталарына айрықша өкілеттіктер
берілген, олар өз құзыретіндегі мәселелерді дербес шеше алады. Конституция
Парламент Палаталарының бірлескен отырысыньщ құзыретіндегі мәселелерді
қарастырған. Қазақстан Республикасы Парламент Палаталары бірлескен
отырыстарында мемлекеттің айтарлыктай кең келемді мәселелерін қарап, шеше
алады.[1] Турасын айтқанда, Қазақстан Парламенті қызметінің
ерекшеліктерінің бірі осы-да болса керек. Бұл Парламенттің кұзыретіне ықпал
етеді. Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарының қарауына
жатқызылатын мәселелер тізбесі белгіленген. Қазақстан Республикасы
Конституциясы Парламенттің құзыреті ұғымы туралы ойларды тттастай
жинақтайды.
Жоғарыда көрінгендей:
1) Парламенттің Сенат пен Мәжілістің бірлескен және жеке отырыстарында
жүзеге асырылатын құзыреті;
2) Сенаттың катаң құзыреті;
3) Мәжілістің қатаң кұзыреті бар.
Мәжіліс пен Сенат үшін әр түрлі құзыретгі белгілей отырып, Конституция
Парламент қызметінің тежемелік және тепе-теңдік жүйесін құрады. Атқарушы
биліктін болуы мүмкін қарама-қарсы тұрудың даурықпалыққа әуестенуінің жолын
кесу мақсатында Сенатқа Мәжіліске қатысты шектеушілік мүмкіндік берілген.
Мұны белгілі бір деңгейде түсінуге болады, өйткені өкілді ор-гандарға
бұрынғы кездері қалыптасқан сенімсіздік әлі күнге дейін жалғасып келеді.
Оның үстіне 12-13-сайланған Жоғарғы Кеңестердің таратылуы жоғары өкілді
органның беделін көтерген жоқ. Мемлекетгік биліктің жоғары органдарына
қатысты халықтың саяси сенімінің бәсендеуі Парламент Мәжілісінде өткен
соңғы сайлауда да сезілді (1995 ж.) Тіпті ресми адамдар Мәжіліс сайлауының
өтпей қалу мүмкіндігі туралы қауіп айтты. Мұндай жағдайда Мәжіліс
депутатгары өздерінің қабілеттілігін дәлелдеу үшін мемлекет ісіндегі
жағдайға негізінен жауап беруші аткарушы билікпен теке тіреске түсуі
мүмкін. Заң жобалары негізінен Үкіметгің бастамасы бойынша
енгізілетіндіктен Мәжіліс оны зор ынтамен қабылдап, оған сын тұрғысынан
карайды. Тәжірибе көрсеткендей, Сенат Мәжіліске қатысты тежемелік жүйесін
мемлекеттік билік тармақтары арасындағы қарама-қарсылыққа жол бермеу
мақсатына пайдалануға тырысады. Сонымен бірге, Парламентке ауыр жұмыс
жүктелген. Ол бұрын қалып-тасқан белгілі бір сенімсіздікті еңсеруге
ұмтылатынын, халықтың қазіргі көкейкесті міндеттерін шешуге, езінің заң
шығару-шылык кызметінде қоғамның прогрессивті дамуының кұкықтық базасын
жасауға ынталы екендігін көрсетуі тиіс. Қазакстанда бүрын болмаған
парламентгік дәстүрдің қалыптасуы Парламентке, оның жемісті заң шығару
қызметіне байланысты. Бұған мемлекетті, қоғамды нығайтқысы, адамдардың
өмірін жаксартқысы келетін барлық саяси күштер мүдделі болуы тиіс. Айналып
келгенде, Парламент мемлекеттік билік тармактарынық бірі ретін-де
демократиялық, кұқықтык, және әлеуметтік мемлекет кұруда маңызды орын
алады.

Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі.
Парламент сенат және мәжілістен тұрғандықтан оның депутататрын
қалыптатырудың өзіндік тәртібі бар. Сенат екі тәсілмен қалыптасады:
1) депутаттардың бір бөлігі әр облыстан, республикалық дәрежедегі
қалалардан және республика астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстардан,
республикалық дәрежедегі қалалардан және республика астанасынан барлық
өкілетті органдар депутаттарының бірлескен отырыстарында сайланған
депутаттардан тұрады;
2)Сенатгың жеті депутатын Республика Президенті Парламент өкілетгігі
мерзіміне тағайындайды, Сенат мүшелігіне тағайындалғандардың өкілетгігі
алынған немесе токтатылған жағдайда Президент 10 күндік мерзімде олардың
орнына Парламент өкілеттігінің қалған мерзіміне Сенат депутатгарын
тағайындайды.
Азаматтығына кем дегенде бес жыл болған, отыз жасқа толған, жоғары
білімі және кем дегенде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар, тиісті облыс,
республикалық дәрежедегі қала не республика астанасы аумағында кем дегенде
үш жыл тұракты тұратын азамат Сенат депутаты бола алады.
Мәжіліс республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісін және шамамен
сайлаушылардың сан жағынан тең келуін ескере отырып құрылатын бір мандатты
аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған 77 депутаттан тұрады. 10
депутат партия тізімі бойынша өтеді. 25 жасқа толған республика азаматы
Мәжіліс депутаты бола алады. Парламент депутаты қос Палатаға бірдей мүше
бола алмайды; басқа өкілетгі органға депутат болуға, оқытушылық, ғылыми
немесе өзге шығармашылық қызметтен басқа ақы алатын лауазымды атқаруға,
кәсіпкерлік қьізметгі жүзеге асыруға, басшы органның немесе коммерциялық
ұйымдардың бақылау кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Осы ережені бұзу
депутатгың өкілеттігін тоттатуына әкеліп соктырады. Парламент депутатының
өкілеттігі тоқтатылған жағдайда немесе өкілеттік мерзімінің өтуі бойынша
оның бұрынғы қызметінің сақталуына кепіддік берілмейді.
Депутатгың өкілеттігі Қазақстан Республикасы Конституциясымен,
"Қазақстан Республикасынын Парламенті және оның депутатгарының мәртебесі
туралы" конституциялық заңымен және басқа нормативтік құқыкдық актілермен
белгіленеді. Парламент депутатының өкілетгігі республиканын Орталык сайлау
комиссиясы оны Парламент депутаты етіп тіркеген кезден басталады.
Парламенттің бірінші сессиясында оның Палаталарының бірлескен отырысында
депутаттар: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының
тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен зандарына
сөзсіз бағынуға, маған жүктелген жоғары депутаттық міндетті адал атқаруға
ант етемін" деп Қазақстан халқына ант береді. Ант Үкіметтің, Конституциялық
Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот судьяларының қатысумен Президент алдында
беріледі.
Парламент депутатының өкілеттігін қолданылу ауқымына қарай екі топқа
бөлуге болады:
1) Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарына, органдарына қатысты
өкілеттік;
2) басқа мемлекеттердің лауазымды адамдары мен мемлекеттік органдарына
қатысты Парламент атынан берілетін арнайы өкілетгік.

Парламент депутатыньщ екілеттігі

Депутат Парламент сессияларында және ол оның құрамына кіретін
органдарының отырыстарында қаралатын барлык мәселелер бойынша шешуші дауыс
құқығын пайдаланады. Депутат Парламенттің және онын Палаталарының
үйлестіруші және жұмысшы органдарына сайлауға және сайлануға құқылы;
сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізуге, Парламент
сессиясында Палаталарға есеп беретін лауазымды адамдардың есебін тындау
туралы ұсыныс енгізуге; депутаттардың сауал салуға, Парламент кабылдайтын
зандар, қаулылар, басқа да актілердің жобаларына түзетулер енгізуге,
азаматгардың коғамдық маңызы бар өтініштерімен депутаттарды таныстыруға,
басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
Парламент депутатының өкілетгігі: ол орнынан түскен; депутат іс-
әрекетке қабілетсіз деп танылған; Парламент таратылған; депутат болып
сайланғаннан кейін лауазымды қызметін жалғастыру үшін сол қызметті сақтауға
тиіс болған жағдайда тоқтатылады (Конститутцияның 52-баптың 3 және 5-
тармактары). Депутат оған қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған кезде,
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетсе өз мандатынан
айырылады. Депутатгың өкілетгігін тоқтату немесе одан айыру туралы шешімді
республиканың Орталық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша Парламенттің
тиісті Палатасы оның депутаггарының жалпы санының көпшілік даусымен
шығарады.
Депутаттардың Парламент сессияларына, ошц Палата-ларыныц отырыстарына
қатысуы.
Депутат Парламент және оның құрамына кіруге тиісті органдарының
жұмысына қатысуға міндетті. Депутат дауыс беру құқығын жеке өзі жүзеге
асырады. Оның дауысын басқа депутатқа беруге кұкығы жоқ. Палата Бюросының,
оның тұрақты комитеттерінің, Парламент комиссияларынын. және оның Па-
латаларының кұрамына кірген депутат оның қарауына кез келген мәселені
енгізуге, мәселелерді қарауға әзірлеуге, ол бойынша талқылау мен оны
қабылдауға қатысуға, сондай-ақ қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуын
ұйымдастыруға, олардың орындалуын бақылауға құқылы. Ол Парламенттің өзі
құрамына кірген органының шешімімен келіспесе, өз көзқарасын Парламент
сессиясында мәлімдеуге немесе ол туралы жазбаша нысанда хабарлауға кұкылы.
Палата Бюросының, оның комитеттерінің, комиссияларының кұрамына кірмеген
депутаттар аталған органдардың отырыстарына белсенді түрде қатыса алады.
Депутаттық сауал салу Парламент Палаталарының бірлескен және жеке
отырыстарына депутаттың мемлекетгік органдардың лауазымды адамдарының
Парламент сессиясына осы органның немесе лауазымды адамның құзыретіне
кіретін мәселелер бойынша өзінің көзқарасын дәлелді түрде түсіндіруін талап
еткен ресми жүгінісі болып табылады.
Парламент депутаты Премьер-министрге және Үкімет мүшелеріне, Ұлттық
Банктің Төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасына және
мүшелеріне, Бас прокурорға, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына,
республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы мен
мүшелеріне сауал сала алады. Бұл ретте Бас прокурорға арналған депутаттық
сауал салу қылмыстық тергеуді жүргізуге байланысты мәселелерге қатысты
болмауы тиіс.
Депутаттық сауал салу ауызша немесе жазбаша түрде болуы мүмкін және
лауазымды нақты адамға арналуы тиіс. Сауал салу және оған жауап беру
тәртібі Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламентімен каралады.
Лауазымды адам қойылған сауалға Парламенттің немесе Палаталардың жалпы
отырысында жауап беруге міндетгі. Депутаттық сауалға берілген жауап және
оны талқылаудың нәтижесі бойынша Парламенттің немесе оның Палаталарының
қаулысы кабылданады.[2]
Депутаттар Парламентте бірлесуді ұйымдастыруға құқылы. Фракция —
белгіленген заң тәртібімен тіркелген саяси партияны немесе өзге қоғамдық
бірлесуді білдіретін депутаттардың ұйымдасқан тобы, ол Парламенттегі тиісті
саяси партияның немесе өзге қоғамдық бірлестіктің мүддесін білдіру
мақсатында қүрылады.
Депутаттық бірлестік сайлау округтеріндегі бірлескен қыз-метінде
өздерінің өкілеттігщ жүзеге асыру мақсатында депутат-тардың бірлесуі.
Қайсыбір фракцияның қатарында болу депутаттық топқа кіруге кедергі
келтірмейді.
Депутаттық бірлестіктер Палата Бюросында тіркелуі тиіс. Кезінде бір де
бір депутаттық бірлестіктерге кірмей қалған Мәжіліс депутаттары кейін
бірлестік мүшелерінің келісімімен оның кез келгенінің қатарына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Парламентінің конститутциялық құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі Конституциялық құқық жүйесің орны
Қазақстан Республикасы Парламентінің жауапкершілігі
КР мемлекеттік рәміздері туралы
Парламенттің құзыреті
Құқықбұзушылық түсінігі туралы
Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, пәні және жүйесі
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы
Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының құқықтық мәртебесі
Азаматтардың азаматтық (жеке) құқықтары мен бостандықтары
Пәндер