Ұлттық сәндік қолөнері тоқыма бұйымдарының түрлері



Кіріспе.
1.бөлім.Ұлттық сәндік қолөнері тоқыма бұйымдарының түрлері.
1.1. Қолданбалы қол өнердің, түскиіз шеберлері.
1.2. Киіз үйдің ішкі жабдығындағы түскиіздің алатын орыны.
1.3. Қазақтың қолөнерінде түскиізді кестелеп тоқудың жалпы сипаттамасы.
11.бөлім. Түскиізді кестелеп тоқу технологиясының әдіс.тәсілдері.
2.1. Түстің мағыналық сипаты.
2.2. Түскиізге түсетін ою.өрнектің класификациясы.
2.3. Түскиізді кестелеп тоқу технологиясы.
2.4. Мектеп оқушыларының үйірме жұмыстарында түскиіз кестелеп тоқуды меңгерту.
Қортынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Көрсетілген суреттер
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі.Ұлттық дәстүрді тиімді дамыта
отырып қазіргі заман талаптарына сәйкес, ұлттағдыры,оның келешегі, ұрпаққа деген салт дәстүрді үлгі?өнеге ете отырып қазіргі уақытта ұлттық үрдісті дамыту, үлттың сезімді патриоттық рухта тәрбиелеуге шақырады.
Ұлтымыздың болашағын, келешегін көркейту үшін халқымыздың тарихын, оның мәдени мұратын қадірлеп дәстүрін жалғастыруға септігін тигізу. Қазақстанның дамуының стратегиалық 2030 бағдарламасында " Ұлттық мәдениетпен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру сұлулыққа тазалыққа үйрету адамзат қоғамда бұрын соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге жалпы әлемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу" жақтары қарастырылады. Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, сұлулыққа, тазалыққа тәрбиелеу, үйрету болып саналады. Бүгінгі керегі ғылым мен техниканың өркендегең заманында ұлттық ерекшеліктерімізді, сый-сиапаттарымызды жоғары дәрежеде көрсете білуіміз керек.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміздің келешек ұрпаққа сақталып қалуы болашағымыздың жарқын болып, атадан балаға мирас болып қалатын дүниелерді көреміз.Ұлт тағдыры, ұлт мэдениеті, болашақ ұрпақтың қазіргі бет белгісі тек қана еңбектенудің нэтижесінде болады. Болашақ ұрпаққа ғасырлар бойы келе жатқан қазақ халқының ұлттық дәстүрлерің насихаттау арқылы біз ұлттың өрлеу, өнеге болатын дәстүрлеріне жол ашамыз.Эстетикалық тәрбие беру арқылы туған жерді, елді, халықты сүйуге отанға деген махаббатты ойластырамыз. Дэстүрлік жалғасын тапқан ұрпақ тәрбиесінің басты міндеті. Заман ағымына орай оқушыларға еңбек сабағында экономикалық,экологиялық, эстетикалық білім беру басты міндет болып табылады. Еңбекке баулу оқушылардың еңбекке деген құлшынысын арттыра түсіп, ойлау қабілетін арттырады, ұқыптылыққа үйретеді.
Қасиманов Садық. Қәзақ халқының қол өнері - Алматы
"Қазақстан", 1995ж
1. Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство - Том I,
Алма-Ата "Өнер", 1986ж
3. Арғынбаев Халел. Қазақ халқының қол өнері - Аламты "Өнер", 1987ж
4. С.Төленбаев, М.Өмірбекова. Қазақтың ою-өрнектерінің жасалу
жолдары - Алматы "Қанағат ЛТД", 1993ж
5. Б. Байжігітов. Өнер тарихы мен теориясы. ТОО "Универсал фото" -
Алматы, 2000ж
6. Энциклопедия. Вышивка шелковыми лентами - Москва "АСТ-
ПРЕСС", 2001ж
7. Ақайқызы 3. Ою-өрнек ой айтар. - Алматы: Рауан, 1996ж.
8. Акайңызы 3. Сырмақ // Казақстан әйелдері. 1997ж.
9. Аманжолов К, Рахметов К. Түркі халықтарының тарихы. -
Алматы: "Білім", 1997ж. -
10. Арғынбаев Х.А. Казақ халқының қолөнері: Ғылыми- зерттеу
еңбек. - Алматы, 1987ж
11. Арутюков С.А, Народы и кулътуры. Развитие и взаимо-
действие.- М.: Наука, 1989ж.
12. Арынов Т. Киіз үй // Жұлдыз. 1993ж.
13. Әбдігапарова Т. Оюлы текеметті ойдыр әже // Ана тілі. -
1994ж.
14. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах., обитавших в
Средней Азии в древние времена, т. 1, М-Л.} 1950. - 381 с.

15. Вайнштейн С.И. Проблемы истории жилища степных
кочевников Евразии//Сов. Этнография. - 1976. -N4. -С.45.
16. Востроө В.В. Казахи Джаныбекского района Западно -
Казахстанской области // ТИИАЭ АН КазССР. - т.З. -
1956.
17. Востров В.В. Некоторые вопросы этнографии казахов Кзыл-
Ординской области // ТИИАЭ АН КазССР, Алма-Ата, 1963ж.
18. Востров В. В., Захйроеа И. В. Казахское народное жилище. -
Алма - Ата: Наука, 1990ж. ,
19. Востров В.В., Кауанова Х.А Материалъная кулътура. казахского народа на современном этапе. Алма-Ата, 1972ж.
20. Востров В. Д; Захарова И.В. Казахское народное жилище.
Алма-Ата: Наука, 1986ж.
21. Жанибеков У. Кулътура казахского ремесла. - Алм.а-Ата,
1982ж.
22. Жәнібеков Ә. Уақыт керуені. - Алматы: Жазушы, 1992.
1926ж.
23. Ибраева К. Казахский орнамент. - Алма-Ата: Өнер, 1994ж.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе.
1-бөлім.Ұлттық сәндік қолөнері тоқыма бұйымдарының түрлері.
1. Қолданбалы қол өнердің, түскиіз шеберлері.
2. Киіз үйдің ішкі жабдығындағы түскиіздің алатын орыны.
3. Қазақтың қолөнерінде түскиізді кестелеп тоқудың жалпы сипаттамасы.
11-бөлім. Түскиізді кестелеп тоқу технологиясының әдіс-тәсілдері.
1. Түстің мағыналық сипаты.
2. Түскиізге түсетін ою-өрнектің класификациясы.
3. Түскиізді кестелеп тоқу технологиясы.
4. Мектеп оқушыларының үйірме жұмыстарында түскиіз кестелеп тоқуды
меңгерту.
Қортынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Көрсетілген суреттер

Кіріспе.
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі.Ұлттық дәстүрді тиімді дамыта
отырып қазіргі заман талаптарына сәйкес, ұлттағдыры,оның келешегі, ұрпаққа
деген салт дәстүрді үлгі?өнеге ете отырып қазіргі уақытта ұлттық үрдісті
дамыту, үлттың сезімді патриоттық рухта тәрбиелеуге шақырады.
Ұлтымыздың болашағын, келешегін көркейту үшін халқымыздың тарихын, оның
мәдени мұратын қадірлеп дәстүрін жалғастыруға септігін тигізу. Қазақстанның
дамуының стратегиалық 2030 бағдарламасында " Ұлттық мәдениетпен өнер
негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру сұлулыққа тазалыққа үйрету
адамзат қоғамда бұрын соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге жалпы
әлемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу" жақтары
қарастырылады. Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық
тәрбие беру, сұлулыққа, тазалыққа тәрбиелеу, үйрету болып саналады. Бүгінгі
керегі ғылым мен техниканың өркендегең заманында ұлттық ерекшеліктерімізді,
сый-сиапаттарымызды жоғары дәрежеде көрсете білуіміз керек.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміздің келешек ұрпаққа сақталып қалуы болашағымыздың
жарқын болып, атадан балаға мирас болып қалатын дүниелерді көреміз.Ұлт
тағдыры, ұлт мэдениеті, болашақ ұрпақтың қазіргі бет белгісі тек қана
еңбектенудің нэтижесінде болады. Болашақ ұрпаққа ғасырлар бойы келе жатқан
қазақ халқының ұлттық дәстүрлерің насихаттау арқылы біз ұлттың өрлеу, өнеге
болатын дәстүрлеріне жол ашамыз.Эстетикалық тәрбие беру арқылы туған жерді,
елді, халықты сүйуге отанға деген махаббатты ойластырамыз. Дэстүрлік
жалғасын тапқан ұрпақ тәрбиесінің басты міндеті. Заман ағымына орай
оқушыларға еңбек сабағында экономикалық,экологиялық, эстетикалық білім беру
басты міндет болып табылады. Еңбекке баулу оқушылардың еңбекке деген
құлшынысын арттыра түсіп, ойлау қабілетін арттырады, ұқыптылыққа үйретеді.
Сұлулыққа, эстетикалық талғамдарға үйретеді. Халқымыздың асыл қазыларының
бірі қолөнерді дамыту, оның шығу тарихы мен жасалу жолдары зерттеледі.
Болашақтың өзіндік ерекшелікпен дәстүрлі халықтық педагогика әдіс-
тәсілдеріне сүйене отырып көптеген жұмыстар жүргізуге болады. Түркі
халықтарының ішіндегі қазақ халқының салт-дәстүрі өзіндік колоритті
дамуынан, іздену, жолындағы қазақ екенімізді көрсетеді. Болашақ қазақ
елінің ұрпақтарын еңбек сабағында қалай тэрбиелейміз. Ол үшін бүгінгі
мектептегі жеткіншектерді, болашақта қазақ халқына еліне тек қана жақсы,
мейірімді, үрпақ тәрбиелеуіміз керек.
Халқымыздың асыл қазынасы қол өнердің шығу тарихы мен жасалу жолдары
жөнінде көптеген зерттеуші ғалымдар Ә.Х.Марғұлан, С.Мұқанов, Д.Жәнібеков,
Ә.Тәжімұратов, А.Арғымбаев5 Қ.К.Болатбаев т.б. педагогика ғылымы
саласындағы зерттеу еңбектерінде де орын алған.
Сәндік қолөнеріне баулу -- жасөспірім оқушылардың еңбекке деген ынтасын
жетілдірудегі, ойлау қабілеттерін арттырудағы орасан зор негіз табылады.
Сондықтан кәсіби еңбек сабағында оқушылардың шығармашылық еңбегін дамыту,
еңбек дағдысын баланың сіңіру оны өмір қажеттілігіне пайдалану,
білімділікке бейімдеу, өнерте деген сүйіспен-шілігін қалыптастыру, жастарды
шеберлікке үйрету мақсатына байланысты, жоғарғы сынып оқушыларына ұлттық
өнер тақырыбы туындап отыр. Сонымен қатар түскиізде кездесетін ою-өрнек
және тағы басқа жекелеген элементтерін де сабақ барысында кеңінен қолдануға
болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Сәндік қолөнерінен жоғарғы сынып
оқушыларын түскиізді тігуге үйрету арқылы әсемдікке, шеберлікке
тәрбиелеу.Олардың эстетикалық рухта тәрбиелеу. Қазақ мәдениетінің өте
жоғарғы эстетикасының талаптарына сай келетінін көрсете білу.
Зерттеу объектісі: Еңбек сабағында түскиізді тігуге баулу. Түскиізді
тігуге баулу арқылыы халқымыздың мәдениетін көтеруге, сыйлауға оқыту.
Зерттеу жұмысының міндеті: Кәсіби еңбек сабағында түскиіз тігуге
үйретудің теориялық және тәжірибелік негіздеріне меңгерту. Еңбек сабағында
түскиізді тігуге оқушылардың икемділігі мен дағдысын жетілдіру жолдарын
айқындау керек. Оқушылардың ұлттық киімге деген көзқарасы және оны тігуге
деген құлшыныстарын арттырып, қызықтыра түсу қажет;
- түскиіз тігуде қолданылатын ою-өрнек әуендерінің түрлері мен
ерекшеліктерін анықтау. Әр бір ою-өрнек қай жерде қандай жағдайда
қойылатынын ескере отырып, эстетикалық тәрбиеге мән беру керек.

1-бөлім.Ұлттық сәндік қолөнері тоқыма бұйымдарының түрлері.
1. Қолданбалы қол өнерiнің, түскиіз шеберлері.
Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке,
ағашқа ойып қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласында "сүйек ою
өнері", "ағаш ою өнері" деген сөздер сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар.
Бір кезде тасқа, ағашқа, сүйекке түсірілген ою таңбалар келе-келе киізге,
алаша, кілем т. б. заттарға салына бастады. Ол белгі таңбалар арқылы
адамдар белгілі бір ұғым түсініктерді аңғарып отырған.
Әрине, қазақ ою-өрнектерінің жасалуының өзіндік принциптері бар. Жалпы,
қазақ қолөнерінің шеберлері өлшеп, пішпей-ақ екі заттың тең ұқсастырып
жасай білген. Шеберлер бірнеше элементті пайдаланса да белгілі бір ою-
өрнектің композициясында реті, симметриялық принциптері берік сақталып
келген. Өрнек атауларын түгел қамтып, олардың әрқайсысына жеке атау беру
мүмкін емес. Әр оюшы өзі жасаған ою-өрнегіне өз атауын қояды. Сол ою-
өрнектің пайда болу тарихын оюшыдан артық ешкім білмейді.
Шеберлер халықтың ою-өрнектерден өздері көріп, көңілдеріне ұнағандарын
не қағазға, не жарғақ теріге, не матаға түсіріп, ойып алатын. Үлгі қиюмен
көп айналысқан шеберлөр қолындағы ою-үлгілеріне өз бетінше жаңа түр, жаңа
буын қосып, оны түрлендіріп отырды. Кездің жауын алатындай ою-өрнектердің
үлгісін беріп жүрген халык, шеберлері өлі де көп. Солардың бірі мұғалім С.
Рахым ақсақалдың оюлары бірнеше рет одақтық көрмелерде жүлде алды. Оның
оюлары республикада, одақта шығып жатқан халық шығармашылғы туралы
жинақтарға енді. Рахым ақсақал салған өрнектердің бір тамашасы олардың
көпшілігі архитектуралық құрылыстарды ажарлауға, ке-рамика мен ағаш, мүйіз,
сүйек заттарын әшекейлеуге арналған. Оның қылқаламынан туған әсем
өрнектерді қазіргі кезде Алматы көшелеріндегі үйлердің қабырғаларының
көбінен кездестіруге болады.
Әзірбаева Сәлима – 1911 жылы туған, ол саусағынан өнер тамған Түскиіз
фабрикасының шебері. Арғы атасы Жарас, Абдолла қазіргі Орал облысындағы
Ордаға,тіпті бүкіл Батыс Қазақстан өңіріне даңқы жайылған әйгілі зергер,
ұста, әрі үйші, әрі ер қанаты арғымаққа салатын небір әсем ер-тұрман
әбзелдерін жасаған, әрі тітіншілік, ою-өрнек нұсқасын, ұлттық нақышпен
салуды Сәлимаға мирас еткен, бесаспап ісмер болған. Түскиіз фабрикасын
ұйымдастырушылардың біріг кезінде қолынан келмейтіні жоқ, нағыз шебер
атанған, ұлы аталары Жарас пен Абдолланың өнерін бойына дарытқан Сәлима
Әзірбаева бүгін де әке аманатын ілгері дамытып, жалғастьірып отыр. Енді
міне, Сәлима апайдың өзінің де жолын қуып, оның ою-өрнек, сызу үлгісін үйре-
ніп жүрген Шолпан Жұмағұлова, Гүлшара Нүркеева, Әкия Мұстапаева, Әбиба
Әсіпова сияқты жастар қанша ма! Оның ою-өрнек үлгілері қуанышқа толы.
Әрқайсысының жасалу технологиясы мен күнделікті өмірге пайдалану орны бар.
Бірі көкорай шалғынды, нулы өзен-көлдерді бейнелесе, бірі бейбіт өмірдің
кең тынысын көз алдыңа елестетіп, табиғаттың кездесе бермейтін сазды сұлу
бояуларына құштар етеді, кейбірлерм өскен өлкенің өркендеген өрісін
құлпыртып, бірінен-бірінің ерекшелігін сүйіндіре көрсетіп, нәзік сезіміңді
еріксіз қозғайды. Бұлар қағаз бетіне түсіп, әлі оймышталмаған өрнек
үлгілері. Атадан ұрпаққа қалған өшпес мұраның айшықты тізбектері.
Москваның архитектуралық институтынан білім алған Сәлима алғаш
республикалық Орталық музейде мәнерлеп, әшекейлеуші болып істеді де,
астанамыздағы Түскиіз фабрикасы ашылған жылдан бері соңғы талай ғасырлар
бойы халық кәдесіне жараған ұлттың ою-өрнек үлгілерін іздестіріп, оған кең
өріс ашты. Оның кең өрістілігі — бұйымдардың қайталанбас өрнек-оюларының
үлгі ерекшеліпнде ғана емесг экономикалық жағынан тиімді мүлік шығаруында.
Сәлима ою-өрнекке толы, кішігірім музей дерлік шағын бөл-медегі әшекейлі
бұйымдарды аударыстырып жүріп, олардың фотокөшірмесін, бір топ хаттар мен
құттьқтаулар сақталған альбомды ұсынды. Оның бір бетінде: Сіздің өнеріңіз
мені қатты таңдандырды, Халықтың игі өрнегін сақтап, байыта беруінізге
тілектеспін. Совет Одағының Батыры, СССР-дің космонавт-ұшқышы В.
Терешкова—деп жазылыпты. Бұл сияқты шын ықыласты пікірлер Қазақстанның
түкпір-түкпірінен, Азербай-жаннан, Қырғызстан мен Түркменстаннан да келген.
Ою—халқымыздың ұлттық өнерінің жер-жерге ерте кезден көбірек тараған
үлгісінің бір түрі. Ол іскерлік, зергерлік өнерімен терезесі теңг қатар
дамыған. Әлі де болса соның барлық үлгілерін толық жаңаша түр-лендіріп,
өндіріске енгізіп отырмыз деп айту қиын. Мәселен, ши тоқу, басқұр тоқу әлі
де өндірістік негізде кең қанат жайған жоқ, Бұларға қажетті шикізат
материалдар қазірде әбден жеткілікті. Не көп, жібек көп. Ал соның көзін
тауып, кәдеге жаратсақ жұрт алғысына бөленер едік—дейді.
Ұлттық үлгіде бұйымдар жасаудың технологиясы жетілдгріліп, бұл жұмыстар
негізінде машинаның атқаруына жүктелгенімен, өрнек үлгісін сызу, біріне-
бірі ұқсамайтын әсем нақышты оюлар жасау бәрібір шебер-лердің, ою-
өрнекшілердің еншісі болып отыр. Алдағы уақытта да оның қиындығы мен
қызықшылығы мол қолөнер саласындағы еңбегі жемісті болуына, шәкірттерінің
қатары молайып, бақытты заманымызға сән берерлік игі істері өркен жая
бермек.
Шымкенттік шебері Ғани Иляев кілем, алаша, басқұр, сырмақ сияқты
заттарға арнап, таза қазақ мәнерімен 400-ден астам мүйіз өрнегін жасады. Ол
өзі өрнек жасаумен қатар бүкіл оңтүстіктегі қазақтардың оюларын жинаумен де
көп шұрылданып келеді. Қазіргі кезде Ғ. Иляев, I. Сөрсенбин де
республикалық Суретшілер одағының мүшелері. Сол сияқты жамбылдық 3.
Қоқымбаева, ақтөбелік Қ. Қаракүшіков, семейлік Ысқақова, павлодарлык, Т.
Болатова, шығысқазақстандық А. Молдаханова, С. Рүстемовалардың оюлары мен
кесте өрнектері халыққа өте ұнамды. Осындай тынымсыз ізденіс үстіндегі
халық шеберлерінің еңбектерінің нәтижесінде халқымыздың қолөнері қадір-
қасиетін жоғалтпай, қазіргі күндерге жетіп жалғасын табуда.
Халық шеберлері өздерінің күнделікті тұтынатын заттарын әсемдеп жасауға
әуес болған. Сол заттарды әсемдейміз дей отырып өздерінің дүниетанымын,
ұғым-түсінігін, талғам-танымын, наным-сенімін жөне шеберлік мүмкіндіктерін
әйгілеп қалдырған. Мұның бөрі де бүгінгінің көзімен қарағанда тарихи мөні
бар аса құнды айғақ болып отыр.
1.2. Киіз үйдің ішкі жабдығындағы түскиіздің алатын орыны.
Түскиіз — арнайы басылған ең жақсы киізден жасалады. Оған әрі тығыз, әрі
жұқа ақ жүннен басылған фетр сияқты киіз таңдалып алынады, (қалыңдығы
0,6—0,7 см) орта есеплан ені —'150—200 см, ұзындығы 300—450 см болу керек.
Түскиізді безендіріп әшекейлеу үшін түсті барқыттар, жібектер, шұға, т. б.
маталардың әр түрлі формадағы үлгісі пайдаланылып, неше түрлі етіп қиылып
алынған ою-өрнектер тігіледі.
Қазаң қонақжай халық болғандықтан арнаулы бір бөлек қонақ үйі болады. Оның
жасау жабдығы да күнделікті қолданылып жүргендей емес, өте сәндікпен
безендірілген бұйымдардан құралады. Тұсқа айшықты түскиіз ілініп, төрге
оюлы текемет төселеді. Оюлы текемет көздің жауын алардай айшықты өрнекпен
өрнектеліп, әр түсті шашақпен өте әсем безендірілуімен ерекшеленетін киіз
бұйымдарының ішіндегі ең бір бағалы жасау.
Қазаңстанның солтүстігінде осы күнге дейін түскиізді матадан оюлап тігу
дәстүрі сақталып келеді. Ал Батыс Қазақстан шеберлерінің қолынан шықкан
түскиіздің орта шеніндегі жасыл мақпал үстіне қызыл шұғадан ойылып тұтас
өрнек жапсырылғанын байқаймыз. Оюы қошқар мүйіз тәрізді иіріліп келгенмен
кейде дөңгеленген теңгені елестетеді. Бұл Батыс Қазақстанда кездесер ою
үлгілеріне ғана тәң нәрсе. Оюдың шетін сары жіппен жиектеп кестелеп тіккен.
Бұл жасыл түске салынған қызыл мәнерді одан сайын аша түседі. Түскиіздің
екі жағы мен басына жа뢴пақтау етіп көк мақпал ұстаған. Оған да қатарлап
ортаңғы үлгіге қарағанда уақтау, сол тектес қызыл шұғадан ою түсірген, Осы
екі түске түскен өрнекте ала-құлалык; байқалмайды, қайта тұтастық сезіледі.
Ол іскердің жасыл, сары, қызыл бояуларды үйлестіре білуінің, ақ пен қараны
оюластырып сырмақ басу тәсілін қолдануының белгісі.
Түскиіз киіз үйдің жасауы ретінде сән берер жиһаз болғанмен, қыстыгүні оны
керегеден суьқ кірмес үшін де пайдаланған. Сондықтан оны да қалың киізден
жасап, үстінен әдемілеп, көркемдеп мәнерлі өрнек түсіреді. Осы сияқты
сәндеп безендірудің көркемдік шегіне жеткізіп жасалған түскиіздер айшықтау
мәнерінің өзгешелігімен ерекשּе назар аударады.
3. . Қазақтың қолөнерінде түскиізді кестелеп тоқудың жалпы сипаттамасы.
Қазақ қолөнерінің бірі – кесте.Қазақтар небір көне үлгілерің сақтап
қалған: түскиіз, алаша, жастыққап, төсек аяқ кестелері мәлім.
Қазақтардың кестелеу өнерімен түскиізді, төсек алдына тартатын алашаны,
көрпе жапқышты, жастықты (жастықтың көзі), төсек кергіштерді кестелейді,
Бұл кестелі заттарға көбінесе гүл кесте, шаршы кесте, дөңгелек кесте, үзын
ою түрлендіреді. Бұйымдарға аң, қүс суреттері салынған бұйымдар да
кездеседі. Дін иелері аң, құс суретін салуға болмайды деп ырымдайды (жол
алады деп). Кестелеуге түскиіздің ерекше бізі болады. Оны: "кестенің бізі"
немесе "ілмек біз" дейді. Ілмек бізі қатты тебен, жуан темірден жасалады.
Кестенің біз кесте, қол кесте, крест кесте, шырыш кесте, "қиықша кесте"
сияқты түрлері бар. Кестені ағаштан, темірден жасалған кергішке керіп
тігеді, Біз кестемен түскиіз, жастықтың көздерін беттерін тігеді.
Қол кестені тышқан із дейді. Жастық жапқыш ақ бұлдарға тігіліп,
жіңішке жіптермен төгіледі. Кергіш кесте инемен тігіліп, шеттерін тесьма,
лента сияқгы заттармен көмкереді. Шалу кестемен кимешектің алдың (иектің
астыңғы төртбұрышын) салады. Казақ кестесінің екі үлгісі сақталған, Мұнда
"біз кесте", және "қол кесте". Біз кестені арнаулы кергіш ағашқа керілген
оюлы шүберекті әртүрлі жіптермен арнайы жасалған "біздермен" тесе тігуді
айтады. Бізді ұсталар істейді. Қол кестені арнайы дайындалған шүберектерге
ине арқылы бастыра тігеді. Түскиізге әртүрлі оюлар салынады. Олар шаршы
ою, дөңгелек ою, үшкіл ою, қошқар мүйіз ою т.б. Бұл кестелерде:
қиықша, таңдай, қызыл кесте, бастырғылар және арқар мүйіз, үкі
аяқ сияқты оюлар кестеленеді. Әртүрлі аң құс, жан-жануар, табиғат көркі,
гүл бәйшешектер бейнеленеді. Қол кестелер жастық жапқыш, жүк жапқыш, төсек
аяқ, бет орамалдарға кестеленеді. Әр түрлі кесте оюларының шетін
шытыралап, шырыштап бастыра тігеді. Қазақ халқы тігін тігу нәтижесіде
үйге салынатын әртүрлі сырмақ, текеметтерді де өздері тігіп, сырып алады,
қойдың ақ, қара жүндерін сұрыптап алып, жұқа бодырып басып, әртүрлі оюлар
бейнесінде ойыстырып қиюластырьш тігеді. Кдзақ халқының дәстүрінде киім -
кешек пен төсек -орын жабдықтары, қалындық пен күйеудің, батырлар мен
сауыққойлардың (салдардың) бас киімі, белбеуі, киімнің жең - жағалары мен
балақтары әр түрлі жамылғыштар мен кежімдер және басқа да осы сияқты жол-
жорық, үй-іші муліктері кесте өрнегімен жиі безеңдірлетін. Халық салтында
мұңдай өрнектеудің кейбіреулері күні бүгінге дейін сақталып келеді. Бізбен,
машинамен және инемен көркемдеп тігілген кестені "әшекейлеп кестелеу" деп
атайды. Қазіргі кезде Қазақстанда әр түрлі сөн үлгілеріндегі және жаңа
үлгідегі киімдерге кестелеп өрнек салу, әр түрлі ұлттық дәстүрдегі заттарды
әшекейлеуге қолданылса, Монғолия, Қытай қазақтарында да киім-кешек, төсек-
орын, үй жабдықтарынан кесте өз орнын табуда.
Өнер қазынасының сарқылмас мұхиты халық адам өнерімен әсем, ақ жүнімен
әсем дей келіп, кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды деп
қорытқан. Кесте өнері осы айтылғандай нағыз халықтық, алуан әдісті,
тандауы көп өнер. Кесте тігу үшін ілмек біз (қатты, тебен, жуан темірлерден
жасалады), ине қолданады. Кестені ағаштан, темірден жасалған кергішке керіп
тігеді. Біз кестені түскиізге жастықтың көздерін, яғыни беттеріне, төсек
алашаларына тігеді. Қол кестені инемен тігеді. Кергішке бұлды салып,
жапқыш ақ бұлдарға тігіледі, Халық арасында оюлы кесте, гүл кесте, жапырақ
кесте, шаршы кесте, дөңгелек кесте, тышқан із кесте, шырыш. кесте т.б. Ою-
өрнектеріне қарай атауы жиі кездеседі. Қазақ әйелдері кестелеудің төрт
түрін қолданады. Олар біз кесте, баспа, кенебе, албыр кесте дейді.
Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.
Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген
материалдың бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қарамақты бізбен кермелеп
шалу арқылы кестеленеді.
"Шым кесте" деп, тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық
орында өте аз қалдырып, тұтас кестеленген шымқай кестені айтады.
Әредік кестеде материалдың әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек
салынады. Шым кесте, түскиіз, сандыққап, макпал шапан, орамалдың алақаны,
жастық жапқыш, т.б. сияқты заттарға тігіледі. Әредік кестесі тақия, балақ,
оңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы, перделердің
шеттері сияқты заттарға тігіледі немесе бөлек тігіліп қондырылады.
Инемен тігілген кестені материалды керіп, инеге сабақталған жіппен алуан
түрлі мәнерлеп тігіп кестелейді. Ол үшін5 кесте салынатын матаға әуелі
өрнек түсіріп алады да, сол өрнек ізі мен тігеді. Кесте тігетін инелер
молтақ, көздері кең болғаны жөн,
Айқас (крестеп) тігу де инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі.
Мұңда өрнек ізімен біркелкі төртбұрышты етіп, .бір жіптің үстінен екінші
жіпті крест түрінде айқастыра бастырып отырады, Бұл қазір кесте тігудің ең
қолайлы түрі деп танылып жүр. Қолмен тігуде негізінен тебен ине, жуан ине,
бәсең инеэ жіңішке ине қодданылады. Тебен инемен түйенің жабуы, қалың
сырмақ, былғары тоқым сиякргы заттарды сыриды. Жуан инемен сырмақтың
жиегін, үйдің киіздерін, киіз байпақтарды тігеді, Жіңішке инемен жібек,
торғын сияқты жұқа материалдарды, оларға салынатын кестелерді тігеді.
Осыларға керекті жуан, жіңішке жіптерді де халық шеберлері суыртпақтай
отырып өздері дайындайды.
Казақ халқының қол тігістері өзінің тігілу әдісі мен мәнеріне қарай
бірнеше түрге бөлінеді де оладың әрқайсысы өз атауларымен аталады.
Мәселен: алтындап тігу, қату, айқас тігіс, қусыру; батырып тігу, маржан
тігіс; бедерлеп тігу, сыру; бүгіс тігіс, .тепшу; бүрме тігіс, тышқан із;
жөрмеу, шалып тігу; көктеу, шанша тігу т.б. көптеген түрлері бар. Сонымен
бірге сыру әдісіне, түскиіз тіккенде алақұрт, сағат бау, шытыра, су тарту,
ирек түсіру, кереге көз сияқты әдістемелермен жасайды.
Казақтың халық шеберлері жасаған, үлкен талап-талғаммен істелген
бұйымдарды зерттеудің, олардың нүсқаларын жариялап отырудың бүгінгі және
келешек ұрпақ үшін ғылыми маңызы зор, Өйткені, ұлтты ұлт ететін шешуші
факторлар тіл, мәдениет, әдебиет өркендегенде ғана біз өркен ниетті ұлт
қатарыны қосыла аламыз. Ал мөдениет жеке-дара өмір сүрмейді. Қоғамдағы
саяси, экономикалық, діни, рухани мәселелердің бәрі қазір этникалық
процестермен тығыз байланыста қарастырыла бастады. Ал бұл этникалық
мөселелер мен қарама-қайшылықтар біздің мемлекетімізге де тән.
Мәдениетке тек білім арқылы жетуге болады. Олай болса, әйелдер
қолөнерінің түрлерін мектептегі еңбек, салт-дәстүр сабақтарына кеңінен
енгізіп, жас жеткіншектерге үйрету қажет.
ІІ бөлім. Түскигізді кестелеп тоқу технологиясынан әдіс-тәсілдері.
2.1. Түстің мағыналық сипаты.
Қазақ кесте түсін таңдағанда екі бағытты ұстанған. Біріншісі - матаның
немесе оның кестесінің өңін ашып көрсету. Бұл үшін кестенің түсі негізгі
матаның түсіне қарсы, яғни контрастта болады. Сол себепті, көбінесе ақ
матаға қара ою, қызыл матаға жасыл жапсырма жапсыру содан қалған. Мұндай
тәсіл шынынды тігілген киімінің өңін ашу үшін керек. Олар бір-біріне қарсы
түс болғандықтан да бір-бірінің ажарын ашады. Екінші тәсіл - тектес түрлер
арқылы кесте тігу. Қызылдың немесе көктің және жасылдың ашық, қалыпты,
солғын көмескі, ақшыл түстері арқылы сол бояудың бүкіл әлемін көзге
елестетуге болады. Тектес бояулар бір-бірін толықтыру үшін қолданылады.
Олар жаңағы түсті одан сайын жеңілдете немесе тереңдете түседі. Дұрыс ретін
таба білсе тектес түрлер арқылы қайталанбас түстердің үйлесімін құру
мүмкін.
Қазақ ою-өрнектеріндегі басты бояудың түрі - көк түс. Ш.Уалихановтың
айтуынша бұл түстіǻ заттық мағынасы бар. Ол -Көк Тәңірі, Құдай. Қазіргі
кездің өзінде қазақ көкке қара деп аспанды айтады. Көк - сәулөттік
құрылыстарда күмбез, фасадтағы өрнектер.
М.Қашқаридің Лұғатында кездесетін таңсық сөздің бірі көк (түп,
тек, ататек). Бұл сөз сол өскі замандағы мәнінде әлі күнге дейін қазақ
тілінде ұшырасады. Бұрын қариялар біреуге ренжігенде көгі жаман неме де
ұрсатын. Болмаса М.Қашқари жазғандай біреудің ата-тегін білмекші болғанда
оның кегі кім?, көгінде ешнәрсе болған ба? деп сұрайтын. Осыған
қарағанда көктемегір - қарғыстың жаман түрі. Ал, көк соққыр -
Құдайдан, Тәңірден қорықдеген мағына береді. Осы жағдайларға байланысты
көк түстің рәміздік мазмұны ерекше сапаға ие деп айтамыз, оны төсенішке
пайдаланбаған.
Екінші жағынан, көк түс қазақ үшін жасыл түстің синонимі. Жерде көк -
жайлау. Себебі қазақта бұрын жасыл - жайлау дегеннің орнына көк майса
жайлаудеп түсінікті әрлендірсе, содан
кейін малды көкке шығар, немесе көктеп жатыр дейді. Әжелеріміз де осы
күнге дейін жасыл түсті бұйымдарды көк деп атайды. Американ антропологы
Уорф солтүстік америка үндістерінің хопи тайпасының тілінде жасыл дегөн
сөз бар екен де, көк деген түсінік жоқ екен. Сондықтан олар көк пен
жасылды айырмай айтады. Жалпы алғанда, қалыптасқан тұрақты түсініктер,
мейлі ол ою-өрнекке, оның бояу түсіне қатысты болсын немесе кеңістік пен
уақытқа байланысты халық ұғымында қалыптасқан. Қызыл - оттың, күннің
рәміздік белгісі. Көне түркі тілінде қызыл - оңтүстікті, қара -
солтүстікті, ақ- батысты, көк - шығысты білдіреді. От та, күн де
қазақтар үшін киелі. Қазақтың қара деген сөзі де заттар мөн құбылыстардың
түсін ғана білдіріп қоймайды. Оның мағынасы байырғы, көне, ескі, мәңгі
түсініктеріне сәйкес келеді.
Сонымен бірге қара - жердің түсі, берекенің белгісі.
Ақ түс - қасиетті түс. Ол қуанышты хабардың, бақыттың, тазалықтың
белгісі. Сары түс, негізінен, ақыл-парасаттың белгісі деп есептеледі. Жасыл
түс- жастық пен кектемнің белгісі аталған. Себебі жасыл өсімдік үлгілес ою-
өрнекке жиі қолданылған.
Сонымен қандай түс болмасын негізсіз түспеген. Олардың әрқайсысының өз
рөлі, айтар ойы болған.
Ою-өрнек халықтық мифопоэтикалық дүниетаныммен, қалыптасқан сана-
сезіммен тікелей байланысты. Сондықтан да оның мағынасы колориттік
эмоционалды, гармониялы мүмкіндіктерінен тыс жатыр.
2.2Түскиізге түсетін ою-өрнектің класификациясы.
Ою-өрнек ертеден келе жатқан ою-өрнектерді түрлендіру арқылы мазмұнды
ою-өрнектер жасау дәрежесіне көтеруге болады. өнер өлмейді, өнер
көнермейді, өнер жеміс ағашының бұтағындай гүлдеп, жемістене береді. Ою-
өрнектермен танысып, олардың дүние танымы, өз қоршаған орта және сұлулық
туралы түсінігі артып, шеберлік қабілеті дамып отырады.
Өнердің басқа да түрлері секілді, ою-өрнектің де жан-жақты дамытуға
әсері мол.
Ою-өрнектердің бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ ҚОЛӨНЕРІ БҰЙЫМДАРЫМЕН ИНТЕРЬЕРДІ БЕЗЕНІРУ
«Ұлттық ырғақтар» композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістері
Қазақ халқының қолөнерінің даму жолы
Гобелен тоқуда «Теңіз ғажайыптары» композициясын тиімді пайдалану
Дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері - киіз басу
Тоқу өнері. Ою-өрнек
Гобелен тоқу технологиясы
Қазақ халқының киіз басу өнері
Сәндік қолданбалы өнер
Қазақ халқының қолөнернің даму жолы
Пәндер