Бастауыш сыныптағы оқушының психикалық дамуының ерекшеліктері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Бөлім. Бастауыш сыныптағы оқушының психикалық дамуының ерекшеліктері.
1. 1. Бастауыш сыныптағы оқушының жеке дамуының негізгі кезеңі . . . 7
1. 2. Эмоциялар - баланың жеке тұлға ретінде дамуының негізгі кезеңі . . . 11
2 Бөлім. Бастаушы сыныптағы оқушысындағы эмоционалдық жағдайының көрініс табу ерекшеліктері
- Эмоционалдық жағдай - психологиядағы зерттеу пәні ретінде . . . 20
2. 2. Төмендегі сыныптағы оқушының эмоционалдық жағдайы . . . 30
3 Бөлім Оқушылардың эмоционалдық жағдайының сипаттамасы
3. 1. Оқушылардың эмоционалдық жағдай деңгейінің зерттелуі . . . 41
Қорытынды . . . 48
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 50
Қосымша . . . 53
Кіріспе
Зерттеудің актуальдылығы. Елдегі әлеуметтік - экономикалық өзгерістерімен байланысты балаларды оқыту жөнінде өте маңызды мәселелер туындап жатыр.
Қазіргі кезде төменгі сыныпта оқитын балаларда оқу мәселесіне байланысты әр түрлі эмоционалдық жағдайлар көрініс тауып отырады. Осындай жағдайлардың бірі қобалжушылық болып табылады.
Балалардың жағымсыз эмоционалдық жағдайы, олардың бірі уайымшылдық жағдайы болып табылады.
Уайымшылдық қаболжушылық сезімін тудырады, кейіннен ол баланың психикалық дамуының орталық буыны болып қалыптасады. Осы даму жолында баланың қажеттіліктері көрініс табады - оның талпынысы, тілектері, ниеттері және де олардың өзара күрделі байланысы мен олардың қанағаттандыру арақатынасы болып табылады. Сонымен қобалжушылық баланың қажеттілігі мен талпынысына және де оқуының жемісті болуына да әсер етеді. Қобалжушылық әрқашан да балалар педагогикалық психологиясының зерттеу пәні болып келген.
ХХ ғасырдың басынан шетелдік және отандық психологияда бірқатар теріс эмоционалдық жағдайлар, ашу - ыза, агрессия, айыптылық сезімі, қобалжушылық, психикалық ыңғайсыздық, стресс және дистресс секілді жағдайларды зерттеу мәселелері актуальды болып табылады.
Қобалжушылық жағдайды зерттеушілер өте көп болды, олардың қатарында З. Е. Фрейд және К. Корни, Г. С. Салливан, Э. Э. Фромм болды. Сонымен қатар С. Кьеркегор, Л. Г. Сэразон, Х. Хекхаузен, И. Сарасан, К. Э. Изар, Е. Д. Спилбергер , Э. Гельгорн және басқа да зерттеушілер зерттеді.
Қобалжушылық мәселесіне гумманистік бағыттың психологтары да бет аударды - К. Роджерс, А. Маслоу және т. б. Қобалжушылық жаңаша түрде болса да орыс нейрофизиологтарының еңбектерінде де қарастырылды, И. М. Сеченовтың, И. П. Павловтың және В. М. Бехтеревтің еңбектерінде кездеседі.
Жалпы психологияда эмоционалдық жағдай мәселесі Б. Г. Анатьевтің, Л. С. Выготскийдің, П. Я. Гальпериннің, В. К. Вилюнастың, А. Н. Леонтьевтің, А. С. Рубинштейннің және басқалардың еңбектерінде эмоционалдық жағдайлардың базалық теориялық негіздері қарастырылады.
Қазақстанда төменгі сынып оқушыларындағы қобалжушылық деңгейін зерттеумен орыс тілінде оқыту М. В. Кузубова (1999), М. С. Искакова (2001) айналысқан, олар сөйлеуі бұзылған балалардың қобалжушылығын зерттеген. Қазақстанда төменгі сынып оқушыларындағы қобалжушылық деңгейін орыс тілінде оқыту арқылы зерттеген, М. В. Кузубова (1999), ал сөйлеуі бұзылған балалардың қобалжушылығын зерттеген М. С. Искакова (2001) болып табылады.
Қобалжушылық, тұрақты білім ретінде адамның Мен - концепциясымен, «Қатысты - Мен», астамшылдық, өзіндік бақылаушылық қызметке кедергі жасаушы, өзінің уайымдарына көңіл аударумен тығыз байланыста болып келеді. Қобалжушылықтың ерекше сипаттамасы болып, оның белгісіздігі мен қауіп алдында көмексіздігі болып табылады.
Қобалжушылық - жеке ның өзіндік өміріне қажет деп есептейтін құндылықтарына төнетін қауіп ретінде көрініс табады.
Қобалжушылық - жосықсыз болып табылады, өйткені сыртқы әлемнен бөлек, «Мен» қабылдауы қалыптасатын психикалық құрылымның негізіне соққы береді. Ауыр клиникалық жағдайларда қобалжушылық «Мен» ұғымының жоғалуымен де байланысты болып келеді.
Әр түрлі жас кезеңдегі балалардың қобалжушылығы зерттелуде, бірақ Қазақстанның төменгі сынып оқушылары зерттелмеген, яғни қазақ балаларының қазақ тілінде оқитын оқушылар санының артуымен байланысты оқу ісіне қатысты эмоционалды көріністерінің ерекшеліктерін анықтау мақсатында осындай балалардың қобалжушылығын зерттеу қажеттілігі пайда болды.
Сонымен, Қазақстанда осы деңгей дамуындағы психологиялық зерттеулердің таңдалуына қажеттілік туындап отыр және де қазақ тілінде оқитын балалардың жеке лық көріністерін зерттеу мақсатында әдістемелердің классикалық варианттарының аудармасы мен оған бейімделу қалыптасуда.
Зерттеу обьектісі - қазақ тілінде оқитын төменгі сынып оқушыларындағы қобалжушылық деңгейінің эмоционалдық көрінісі.
Зерттеу пәні - қобалжушылықтың көрініс табу ерекшеліктері және оның қазақ ұлтының төменгі сынып оқушыларының оқу ісімен байланыстылығы.
Зерттеудің мақсаты - қазақ тілінде оқитын төртінші сынып оқушыларындағы эмоцияның жеке лық және реактивті қобалжушылық ретінде көрініс табу ерекшеліктерін психологиялық түрде зерттеу.
Зерттеудің пәні мен мақсаты келесі гипоттезаны негіздеді: Төменгі сынып оқушыларының эмоционалдық көрсеткіштері, жеке білімділік және іскерлі үлгерушілікке байланысты бола отырып, оқушының тұрақты мінез - құлқы мотив негізінде көрініс береді.
Зерттеу тапсырмалары
- Теоретикалық анализ жүргізу, эмоция мәселелеріне, жеке басқа, жағдайға байланысты қобалжушылыққа, эмоционалдық қалып пен төмендегі айтылғандардың құрылымына ерекше толық тоқтау.
- 4 сынып оқушыларының жекелік және жағдайға байланысты қобалжушылықтарының эмоциялық құрылымын зерттеу.
- 4 сыныпқа арналған Ч. Д. Спилбергер - Ю. Л. Ханиннің адаптациялық әдістемесін жүргізу.
- Жекелік және жағдайға байланысты қобалжушылықты анықтап, оның оқыту және тәрбие факторларымен байланыстылығын көрсету.
Жетектеуші ой: балалардың эмоциолық көріністері - төменгі мектеп жасындағы жекелік қобалжушылық, іскерлікпен байланыса отырып оқыту мен тәрбиеге әсер етеді.
Зерттеудің методологиялық теоретикалық негізін қалағандар: негізгі теоретикалық жағы отандық психологтар Л. С. Выгодский, Л. И. Божович, В. В. Ковалев, Д. Н. Исаев, В. М. Астапов, П. К. Анохин және т. б. есімімен байланысты. Олар қобалжушылықтың өзіндік күші бар, оның мотив сияқты, тұрақты бейімді бір формасы бар деген. Ал жаңашыл шетелдік психологтар Э. Гельгорн, К. Хорни, Ч. Д. Спилбергер, К. Э. Изар, З. Фрейд және Х. Хекхаузеннің айтуынша қобалжушылық диффузиялық қорқыныш, ол шарасыздықты анықталмағандықты білдіреді. Ішкі индивидуалды феноменнің дамуына, ішкі когнетивті процестің дамуына әсер етеді.
Зерттеудің қайнар көздері - психологтар, педагогтар, психиаторлардың зерттеу мәселелері жөніндегі еңбектері, басылымдар, журналдар, авторефераттар.
Зерттеу әдістері : қобалжушылықтың деңгейін анықтауға арналған Ч. Д. Спилбергер - Ю. Л. Ханиннің әдістемесі бойынша психологиялық эксперимент. Бақылау, әңгіме, анкеталау, математикалық және статистикалық өңдеу әдістері, салыстырмалы анализ әдісі.
Зерттеу этаптары:
1 этапта психологиялық, педагогикалық, медициналық әдебиеттер зерттелді. Қобалжушылық деңгейі бойынша материалдар жекеленіп алынып, анализдендіріліп жүйелендірілді. Зерттеу жүргізу үшін принциптер және балалар контингенті анықталды.
2 этап бойынша бағдарлама құрылып жалпы мектеп базасында зерттеу процедурасы құрылды, әдістемелер талқыланды.
3 этапта дипломдық зерттеудің қорытындылары анализделініп, жүйелендіріліп, жалпыланып орындалды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы мен ғылыми жаңашылдылығы: төменгі сынып оқушыларының қобалжушылық деңгейі оқыту барысы мен оқу іскерлігінің жетістігімен байланысуымен ерекшеленеді.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы : қобалжушылықтың ерекшеліктерін көрсету арқылы балалардың эмоционалдық құрылымын қалыптастыруға және балалар іскерлігін ұйымдастыруда жаңа психологиялық және педагогикалық қолайлы жолдарын, принциптерін табуға болады.
Қорғауға келесі мәселелер ұсынылады:
1. Төменгі сынып оқушыларында қобалжушылық түріндегі эмоциялық көріністер байқалады. Ол оқудағы үлгермеушілігін, іскерлігін эмоциялық тұрақтылықты және жеке ның қобалжушылығының тепе - тең мотивациясының күштілігін анықтау;
2. Қобалжушылық іскерліктің дамуына, мінез - құлық мотивтеріне және іскерлік қорытындыларын бағалауға әсерін тигізеді;
3. Қобалжушылық жекелік жағымсыз эмоционалдық жағдай. Ол мінез - құлыққа жеке ның дамуына әсер ете отырып, баланың психикасының эмоционалдық тұрақтылығына әсер ете отырып, психосоматикалық, психогендік ауруларға әкеп соқтырады.
Нәтижелердің анықтылығы және дәлелділігі.
Зерттеу Шымкент қаласының № 26 Ж. Жабаев атындағы қазақ орта мектебінің 4 сынып оқушыларына жүргізіледі. Эскпериментте 73 оқушы қатысты.
Апробациялық зерттеу қорытындысы. М. Әуезов атындағы ОҚМУ 2008 - 2009 жылдардағы университет ішілік конференциясында және психология кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Жұмыс құрылымы : дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 негізгі бөлім, қорытындыдан, әдебиеттір тізімінен және қосымшлардан тұрады. Текстте кестелер мен таблицалар қолданылған.
1. Бөлім. Бастауш сынып оқушыларының психикалық даму ерекшеліктері.
1. 1. Бастауш мектеп жасындағы жеке лық қалыптасу.
«Төменгі мектеп жасындағы жеке лық қалыптасу» мәселесі осыған дейін де қазіргі кезде де психологияның пәні болып табылады. Төменгі мектеп жасындағы баланың жеке лық ерекшеліктерін М. Ф. Морозов, С. Л. Рубинштейн, Л. С. Славин, С. Л. Выготский, Д. Б. Эльконин, Е. А. Шестаков, Л. И. Божович және т. б. қарастырды.
Мектеп өмірінің бастапқы кезеңін 6 - 7 жастан 10 - 11 жасқа дейінгі (І - ІV сыныптар) аралық құрайды. Төмендегі мектеп жасында балалар дамуында маңызды даму резевтері көп.
Оқыту барысында сынып балаларында жасына сай және орта мектеп жасына ауысуына байланысты психологиялық ерекшеліктерге бейімделушілік қалыптасады. (13)
Бірақ, баланың жеке болып қалыптасуы әр түрлі жолдармен жүреді. Біріншіден оның мектепке қандай дайындықпен келуі, екіншіден оның қабылдап жатқан педагогикалық әсеріне байланысты. Кішкентай оқушылар көбінесе оқуды жақсы көреді. Балада төменгі мектеп жасында оқу әрекеті жетекші роль атқарады.
Төменгі сынып оқушылары үшін мотивтердің ішінде, әлеуметтік мотивтер көп орын алады, олар баланың іскерлікке жағымды қатынасын, танымдық қызығушылықтарын анықтайды. (49)
М. Ф. Морозовтың (34) эксперименттік зерттеулері бойынша, 1сынып оқушыларын интелектуалды белсенділікті, ойлы ынталылықты көп қажет ететін білім қызықтыратыны анықталады. Әсіресе балаларды қиындай түсетін оқу тапсырмалары қызықтырады. Балалар, оларды ойландыра түсетін жаңа - жаңа материалды қарастырғанды ұнатады. Оларға өздеріне сөйлем, сөз, ойландыратын тапсырмаларды құрауға берсе сол оларды қызықтырады. Төменгі сынып оқушыларының ынтасы қиын күрделі тапсырмалар орындауға бағытталған.
М. Ф. Морозовтың зерттеулерін жалпылай отырып, оның эксперименттері және бақылауларын ескере келе, төменгі сынып жасындағы балалар күрделі оқу жұмыстары мен бәріне зор ықылас танытады, бірақ соның ішінде оларға өздеріне күрделісін, қиынын, көп ынталанатынын, ойландыратынын және оларға жаңа білім беретінін таңдайды. ІІІ - ІV сынып оқушыларын көбінесе фактілерді түсіндіру, олардың қарым - қатынасының себептік құрылымдары оқу барысында нақты заңдылықтар қызықтырады.
Төменгі сыныптың соңында балаларды жеке пәндер бойынша іріктеу басталды. Кейбір оқушыларда бұл тұрақты қызығушылық тудырады.
Егер төменгі сынып жасында қызығушылық дамымаса, онда оқуға жауапты және сапалы қатынас жаман жағына өзгереді. Бұл өзгеріс шамамен 3 - ші сыныптарда болады.
Төменгі мектеп жасындағы баланың психикалық процесі және функциясы әбден жетіледі - ес логикалық түрде, зейін ерекше тұрақты, интелектуалды операциялар абстрактты және күрделілеу болады. Танымдық қажеттілік аса қажетті және күшті қажеттілік болып табылады.
ІІІ - ІV сыныптарда мінез - құлықтың және іс - әрекеттің негізін қалайтын мотивтер, біртіндеп әлсірей бастайды. І - ІІ сынып оқушыларының қажеттіліктері мен талпыныстары, қызығушылығы біріншіден жаңа қоғамдық жағдайға байланысты. Дегенмен ІІІ - ІV сыныптарда балалар бұл жағдайға үйреніп, өз міндеттерін жақсы меңгеріп, қажетті сезімін тудыратын бастапқы кездегі жаңа және ерекше тартымдылығын жоғалтады.
Оқушының мектепке және оқуға деген жағымды қатынасын төмендететін тағы бір себеп бар. Ол мұғалімдер мен тәрбиешілердің баланың бойындағы мінез - құлықты қалыптастыруды міндет етіп қоймауы.
Орыс педагогтарының арасында дағдыға ерекше көңіл бөлген К. Д. Ушинский. Ол дағдының, тәрбиенің, мінез - құлықтағы ролін қарастырумен қатар, оны мінездің ерекше компоненті деп есептеді. Мысалы С. Л. Рубинштейн былай сендіреді «адамды бір нәрсені орындауға үйретсек, ол адамның дүниетанымына, адамгершілігіне әсер етіп, оның мінез - құлқынан орын алып, дағдыға айналады. Дағдыға айнала отырып, ол адамның «екінші болмысына» айналады».
Балаларда тұрақты жекелік сапалар, оларды еріксіз көндіру арқылы емес жаттығу арқылы, жағымды мотивтерді қолдану арқылы қалыптастырса жемісті болады.
Л. С. Славинаның зерттеулері кезінде мынау анықталды. Егер ересек адам баланың өзіндік белсенділігін жұмылдыра алса, онда осы іс - әрекет формалары және жүйелі жаттығулар, балада қажетті сапаларды қоғамдағы мінез - құлықты меңгерумен қорытындыланады.
1. Ол өзінің психологиялық табиғатына сай мотив сапасын, спецификалық мінез - құлықпен қорытылады.
2. Балада сапа формасы мінез - құлыққа сай жаттығу процесін жүргізу кезіңде орындалады.
3. Меңгерілген мінез - құлық формасы мына жағдайда тұрақты болады. Біріншіден, бала сол мінез - құлыққа үйренсе, екіншіден - егер осыны өзі іштей қаласа.
4. Балада тұрақты құлықтық - психологиялық сапа қалыптастыру, оның мотивация сферасында, мінез - құлық сферасында (өрісінде) нақты ұйымдастырушылықты қажет етеді.
Мотивацияға келетін болсақ, біріншіден, бұл мінез - құлықтың сапасы қажеттілігімен сәйкес келсе; екіншіден, бұл мінез - құлық ол үшін өзі ұмтылатын үлгі, идеал болса тұрақты болады.
Төменгі мектеп жасында баланың еріксіз мінез - құлық сферасында көп өзгеріс болады. Мектепке бару секілді жаңа өмірдің әсерінен, оның мінез - құлық және іскерілік сферасы едеуір даму жолын өткізеді.
Л. С. Выгодский айтуынша дифференциялды ойындар және баланың мектептік өміріндегі еңбек, төменгі сыныптағы бала дамуында ерекше болып табылады және бала дамуындағы психикалық процестер мен функциялардың қалыптасуына әкеледі. (11)
Бұл жастағы бала еркінің даму негізі оның ересектер қойған мақсаттарды басқаруы, сонымен қатар сол мақсатты өзі де қоя білуі, өз мінез - құлқын, іскерлігін басқара алушылығына байланысты (41)
Мектептегі оқуға өту оның мінез - құлықтық еркін ғана қалыптастырып қоймай, танымдық, психикалық процестерін қалыптастырады.
Білімді меңгерудегі мінез - құлық еркі туралы ерекше зерттеу жүргізген Д. Б. Элконин және оның қызметкерлері. Олар былай ойлайды, біріншіден білім баланың іс - әрекеті үлгісімен жүзеге асырылуы тиіс, екіншіден оқушылар өзін - өзі үнемі басқаруы керек. (5)
Баланың оқу барысында бастапқы кезде есте сақтау ерікті және әдемі түрде жүргізіледі. Ол басқа әрекетте ерекшеленіп, теориялық жаттаудың тәуелсіз түрін қалайды.
Төмендегі мектеп жасындағы балалар өздерінің ойлау процесін нашар басқарады. (43) Олар алдына қойған тапсырмадан тез көңілі бөлінеді. Өз ойларын соңына дейін жеткізе алмайды.
Л. С. Выгодский мен оның оқушыларының сансыз зерттеулері мынаны көрсетті, төменгі мектеп жасында баланың психикалық процесі мен функциялары сыртай жанама түрге ие болды. Бұл психикалық процестерді саналы түрде басқару үшін балаға сол процестерді ұйымдастыратын сыртқы әдістер керек. Сондықтан төменгі сынып оқушылары естіген нәрселерін артынша қайталап, сол зат туралы ойлай бастайды. Бұл жерде сөйлеу баланың сүйеніп ойларын ұйымдастыратын сыртқы әдіс болып тұр (30) .
Сонымен төменгі жастағы баланың танымдық психикалық процестері, оның ойын кезіндегі еріксіз іс - әрекетінің арқасында пайда болып, өзінің мақсаты, мотиві, әдісі бар тәуелсіз психикалық іскерлікке айналады: есте сақтау - ойында қалу - ерікті жаттауға қабылдау - бақылау әрекетіне; -ойлау - ойлану әрекетіне т. б. Бұл өзгерістерді қорытындылай келе мынаны көрсету керек, бұл жастағы танымдық психологиялық процестер, егер оқу барысы жеткілікті түрде дұрыс ұйымдастырылған болса айқын қалыптасады.
ІІІ - ІV сыныптарда психикалық процестер толық қалыптасқан болады. Бұл жастағы баланың дамуына оқу барысындағы еңбек әрекетіндегі жоғарғы табыстар ерекше әсер етеді.
Бұндай мотивацияның жоғарылауы, баланың одан әрі дамуына, екі жақты пайда әкеледі: біріншіден, балада өмірлік тұрақты жекелік ерекшелік қалыптасады - ол сәтсіздіктен қашып, табысқа жетуге ұмтылады; екіншіден бұл баланың басқа да қабілетінің тез дамуына әсер етеді. (38)
Табысқа жету мотивациясына екі жекелік құрылым әсер етеді: өзін - өзі бағалаушылық және талпыну деңгейі. (22)
Төменгі сынып оқушыларында өзіндік бағалаудың үш түрі кездеседі: адекватты, көтеріңкі және басыңқы.
Адекватты бағалау балалар, белсенді, сергек, тапқыр, көпшіл болып келеді. Олар көбінесе өз жұмысындағы қателерге қызығушылықпен қарап өз бетінше табуға тырысады. Өз мүмкіншілігіне сай тапсырмаларды таңдайды.
Өзін - өзі бағалау тұрақтылығы төмен балалар өте сирек кездеседі. Бұның бәрі төменгі мектеп оқушыларының өзін - өзі бағалаушылығы динамикалық, мұнымен қатар тұрақтылыққа жақын, кейін жеке лық іс - әрекетке әсер етіп, жекелік қасиеттердің қалыптасуына әсер етеді.
Төменгі сынып оқушыларының өзін - өзі бағалаушылығы төмен адекваттылығы олардың әрекеттерінен, кескін келбетінен айқын білініп тұрады.
Өзін - өзі бағалаушылығы жоғары балалар өз мүмкіншіліктерін жоғары бағалайды. Олар өздерінің шамасы келмейтін тапсырмаларды таңдайды.
Менменділік, көрсоқырлық, жөнсіздік, жоғары өзімшілдік - өзін-өзі бағалаушылығы жоғары балалардың сипаттамасы.
Төменгі мектеп жасында нақты жағдайлы өзін - өзі бағалаушылықтан (өзінің әрекеттерін, қылықтарын бағалау) жалпылама бағалаушылыққа ауысу басталады. Жалпылама өзін - өзі бағалаушылығы, қабілеті мен іс - әрекетінің үлгісі ретінде болжанады.
Қыздардың өзін - өзі бағалаушылығы. ІІІ сыныпта да, ІV сыныпта да ұлдардан жоғары болады. Бұл қыздардың тәртіп әрекетінің (орындаушылық, талпыныстылық) мектеп талаптарына сай келуімен түсіндіріледі.
Төменгі мектеп оқушыларының өзін бағалаушылығы өзінің құрдастарымен қарым - қатынасы кезінде қалыптасады және коррекцияланады. Әдетте бұл баланың өз құрдастарының тобына «сіңуін» анықтайды, өйткені олар өзін бағалаушылығы белсенді адекватты балаларды жоғары бағалап, өзін бағалаушылығы төмен балаларға қарама - қарсы пікір білдіреді. (10)
Баланың топтағы немесе коллективтегі тартымдылық деңгейі оның білімдегі табысына, іскерлігіне ғана емес, сонымен қатар оның топтағы, жүйедегі құрдастарымен қарым - қатынасына да байланысты.
мектепке сай келетін жас кезеңін (І - ІV сыныптар) баланың жеке мінез - құлқының қалыптасып, бекітілетін кезеңі ретінде қарауға болады.
Төменгі мектеп жасындағы балалардың бір - бірімен қатынасы кезінде едәуір өзгерістер болады. Бұл кезеңдерде балалардың коллективтік байланыстары, ортақ пікірлері, бір - біріне деген талаптары, бағалаушылықтары қалыптасады. Олардың жеке лық бағыты анықталады, мұғалімдеріне, жолдастарына деген шарттары қалыптасады, жаңа өнегелі сезімдері және қажеттіліктері пайда болады.
Жалпы оқу әрекеті оқушылардың жалпы мақсатқа ұмтылушылығын тудырады.
Негізінде балалық қатынасқа жататын әрекет біртіндеп оқу әрекетіне айнала бастайды: өзара талап етушілік және өзара көмек туындайды.
Төменгі сынып балаларында жекелік қоғамдық бағыттаушылық, басқа балаларды сынып жұмыстарымен қызықтырушылық пайда болады.
Бастапқыда төменгі сынып балаларының қоғамға бағытталушылығы, оның құрдастарының ортасына ұмтылуымен, бір істі барлығына жария етуімен, басқалардың істеген ісін қайталауымен байқалады. Бұл арқылы төменгі сынып оқушыларының еліктегіштігі көзге түседі.
Бірақ бұл бағыттаушылық уақыт өте келе жаңа дамыған формаға ие бола бастайды. Балалар өздерін бір бүтіннің бір бөлігі ретінде сезіне бастайды. Е. А. Шестакованың зерттеулері бойынша І және ІІ сынып оқушыларына мұғалімнің бүкіл сынып алдында ескерту жасауы парықсыз екені анықталады. Дегенмен, бұл ІІІ - ІV сынып оқушыларына бұл басқаша әсер етеді, олар құрдастары алдындағы ескертулерге қайғырады. Бұл кезде балалар арасында күштірек дифференциаланған жекелік қарым - қатынас туындайды. ІІІ - ІV сыныптарда оқушылар жолдастарының әрекеттерін өзара талқылай бастайды.
Төменгі мектеп жасындағы балада пайда болған қоғамдық бағыттаушылық арқасында, олар белсенді түрде топтағы өз орнын табуға, өз құрдастарының алдында сыйлы, абыройлы болуға тырысады.
Алайда оқушының бұл талпыныстарын қанағаттандыру үшін, ол топтың пікірімен санасуы, сол топтағы қабылданған қағидалар мен салттарға бағынуы қажет.
Бұл қағидаларды меңгеруі төменгі мектеп жасындағы оқушылардың өнегелі сезімдерінің қалыптасуын білдіреді.
Төменгі мектеп жасындағы басты жаңашылдықтар, осы кезеңде қалыптасып баланың жаңа жас кезеңдік дамуына, орта мектептік жасқа өтуіне қажетті алғы шарты болып табылады.
Бұл біріншіден, төменгі мектеп жасындағы танымдық өрісінің дамуы, балада шындыққа деген жаңа танымдық қатынастың дамуы, ойлаудың қиын формаларына ауысуы.
Ал, екіншіден, баланың қажеттіліктерінің аффекті деңгейінің жаңадан құрылуы, өзінің мақсаттарын, қулықтың шарттарын және сезімдерін саналы түрде басқаруы.
Үшіншіден, баланың мінезінің негізін қалайтын, мінез - құлық және әрекет формаларының қалыптасуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz