Фирманың экономикалық мақсаттары



Фирма- нарықтық қатынастардың негізгі субъектісі болып саналады. Оның іс- әрекеті, тәсілдері және мінез- құлық дәлелдері (себептері) шешуші түрде отандық экоомиканың барлық бет бейнесін анықтайды. Экономиканы басқарудың әкімшілдік әміршілдік жүйесінен нарықтық жүйеге өту экономиканың құрылымды өзгеруіне жағдай туғызады. Нәтижесінде тапшы экономиканың дәстүрлі кәсіпорны өмір суруін сақтап қалуды мақсат тұта
отырып, бірте-бірте өтпелі кезеңдік болып қайта құратын трансформация құбылысы жүзеге асады. Мұндай кәсіпорынның негізгі мақсаты нарық қажетін қанағаттандыру жолымен пайдалар көлемін өсіру.
Сонымен, «Фирма» түсінігіне нені жатқызуға болады; фирма бұл қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде оңашаланған құқықтық формақа сәйкес үлгіде тіркелген қазіргі заманғынарық шаруашылығының бірлігі. Бұл құқықтық нормалар азаматтық құқық нормаларына сәйкес жасалған. ҚР құқықтық жүйесіне сәйкес, фирмалардың келесі негізгі түрлері мәлім; жеке кәсіпкер, шаруашылық серіктестіктер, өндіріс коперативтері, акционерлік қоғам. Шаруашылық серіктестіктер өзара толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектелген серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктерге бөлінеді.
Осы фирмалардың әрқайсысы бірқатар ерекшеліктерге ие.
Жеке кәсіпкерлер бұл экономика саласында қызметтің алуан түрлерін дербес жүзеге асыратын жеке тұлға. Бәрінен бұрын олар жеке дара кәсіпорындардың ұйымдастырушылары болып қатысады, өзінің атынан келісімді дербес жасайды және барлық міндеттемелер бойынша өзінің мүлкімен толық жауапкершілікті көтереді.
Серіктестіктерді ұйымдастыру капиталды біріктірумен қатар, фирмалардың қызметіне кәсіпкерлердің белсенді қатысуын және оның міндеттемелері бойынша өзінің мүліктік жауапкершілікті орындауларын
талап етеді. Серіктестіктерге толық серіктестік және жауапкершілігі шектеулі серіктестік жатады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Фирма- нарықтық қатынастардың негізгі субъектісі болып саналады. Оның
іс- әрекеті, тәсілдері және мінез- құлық дәлелдері (себептері) шешуші түрде
отандық экоомиканың барлық бет бейнесін анықтайды. Экономиканы басқарудың
әкімшілдік әміршілдік жүйесінен нарықтық жүйеге өту экономиканың құрылымды
өзгеруіне жағдай туғызады. Нәтижесінде тапшы экономиканың дәстүрлі
кәсіпорны өмір суруін сақтап қалуды мақсат тұта
отырып, бірте-бірте өтпелі кезеңдік болып қайта құратын трансформация
құбылысы жүзеге асады. Мұндай кәсіпорынның негізгі мақсаты нарық қажетін
қанағаттандыру жолымен пайдалар көлемін өсіру.
Сонымен, Фирма түсінігіне нені жатқызуға болады; фирма бұл қоғамдық
еңбек бөлінісі процесінде оңашаланған құқықтық формақа сәйкес үлгіде
тіркелген қазіргі заманғынарық шаруашылығының бірлігі. Бұл құқықтық
нормалар азаматтық құқық нормаларына сәйкес жасалған. ҚР құқықтық жүйесіне
сәйкес, фирмалардың келесі негізгі түрлері мәлім; жеке кәсіпкер, шаруашылық
серіктестіктер, өндіріс коперативтері, акционерлік қоғам. Шаруашылық
серіктестіктер өзара толық серіктестік, коммандиттік серіктестік,
жауапкершілігі шектелген серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар
серіктестіктерге бөлінеді.
Осы фирмалардың әрқайсысы бірқатар ерекшеліктерге ие.
Жеке кәсіпкерлер бұл экономика саласында қызметтің алуан түрлерін
дербес жүзеге асыратын жеке тұлға. Бәрінен бұрын олар жеке дара
кәсіпорындардың ұйымдастырушылары болып қатысады, өзінің атынан келісімді
дербес жасайды және барлық міндеттемелер бойынша өзінің мүлкімен толық
жауапкершілікті көтереді.
Серіктестіктерді ұйымдастыру капиталды біріктірумен қатар,
фирмалардың қызметіне кәсіпкерлердің белсенді қатысуын және оның
міндеттемелері бойынша өзінің мүліктік жауапкершілікті орындауларын

талап етеді.
Серіктестіктерге толық серіктестік және жауапкершілігі шектеулі серіктестік
жатады.
Қоғамды құру кезінде кәсіпкерлердің тек капиталдары бірігеді, олардың
жеке бастары іс жүргізуге қатыспайды. Фирмадағы басқару жұмысын
салымшылармен тағайындалатын кәсіби менеджерлер жүзеге асырады. Фирма
банкротқа ұшыраған жағдайда, салымшылар әрине, өздерінің салымдарымен
тәуекелге барады. Бірақ, сонымен бір мезгілде мүліктік жауапкершілік алдын
ала бөлініп көрсетіледі, бұл кәсіпкерлік тәуекелге барудың мөлшерін есептеп
шығаруға мүмкіндік береді. Мұндай бірлестіктерге жауапкершілігі шектеулі
қоғамдары, акционерлік қоғамдары және корпорацияларды жатқызуға болады.
Командиттік серіктестік бұл серіктестіктің іс әрекетіне жетекшілік
ететін және фирмалардың міндеттемелері бойынша өзінің салымымен, сол сияқты
өзінің мүлкімен шектеулі жауапкершілік көтеретін екі немесе одан да көп
кәсіпкерлердің шарттық бірлестіктері. Басқалар (командиттер) серіктестікті
тікелей басқаруға қатыспайды, тек өздерінің салымдарымен қатысады.
Негізінен бұл нысанды шағын және орта кәсіпкерлер таңдайды.
Жоғарыда келтірілген фирмалардың жіктелуімен қатар, құқықтық ұйымдастыру
белгілері бойынша басқа да жіктеулер бар.
Шаруашылық қызметінің түрлері және жасалатын операциялардың сипаты
бойынша фирмалар; өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, агроөнеркәсіптік, сауда,
көлік, сақтандыру, консалтингтік, лизингтік, инжинерліктік және басқаларға
бөлінеді.
Мұндай жіктеу негізінде өндіріс немесе сатып алу сату объектісі, нақтылай
айтқанда, материалдық заттық пішіндегі тауар, шығармашылық қызмет
нәтижелері жатады.
Фирма меншіктік сипаты бойынша;мемлекеттік, жекеменшік және аралас болып
бөлінеді.

Фирма капиталының үлесіне байланысты: ұлттық, аралас және халықаралыққа
бөлінеді. Бүгінгі күні Қазақстанда аралас (бірлескен) кәсіпорындар, яғни
шетел капиталы қатысқан фирмалар маңызды рөл атқара бастады.
Тәжірибеде фирмаларды жасалатын операциялардың көлемі бойынша ірі, орта
және шағынға бөлу кеңінен қолданылады.
Нарыққа табысты өту және белсенді бәсекелестік ортаны қалыптастыру көп
жағдайда шағын және орта кәсіпорындарға байланысты. Бұл кәсіпорындар ірі
кәсіпорындардан ұтқырлық, икемділік, қозғалғыштық, сұранымдардың және
тұтынушылардың артық көрушілігінің өзгеруіне тез түрдегі кері әсер сияқты
сипаттарымен өзгешелінеді, осы айтылған жағдайлар республикада нарықтық
қатынастарды қалыптастыру үшін аса маңызды болып саналады. Қазіргі уақытта
шағын жәнеа орта кәсіпорындар Қазақстандағы шаруашылық субъектілері жалпы
санының ін құрайды.

2. Фирманың экономикалық мақсаттары
2.1. Фирманың табиғи мақсатты – пайда табу.
Экономикалық субъектілердің қызметінің табысты болуы үшін дұрыс
таңдалған қысқа, орта және ұзақ мерзімді мақсаттары маңызды орын алады.
Бұл мәселенің маңыздылығын баса атай отырып, Сенеканың Қай айлаққа
жүзетінін білмегенге, қуалай соққан жел де жоқ деген сөздерін
келтіруге болады.
Менеджменттің негізін салушылардың бірі Г.Эмерсонның Өнімділіктің
он екі қағидасы атты еңбегінде ең басты қағида ретінде нақты қойылған
мақсаттар аталады.
Атақты американдық қалым И.Ансоффтың: Мақсаттар – фирманың жұмысын
бағыттап оның нәтижесін қадағалап отыруға мүмкіндік береді басқару
шешімін қабылдау тәртібі деген сөзімен келісуге тура келеді.
Фирмалардың негізгі мақсатты – пайда табу. Болашақтағы жұмысты
белгілей отырып, қанша, қандай көлемде пайда табуға болатындығын
есептеп шығару қажет. Фирмада басқа да мақсаттар көзделеді: әлеуметтік
мақсаттар – тауарларымен атқарылатын қызметтерді көбейту, экономикалық
жағдайларды жақсарту, жаңа мәдени мұралар қалыптастыру, ғылыми –
техникалық ағартушылық потенциалды ұлғайту, іскерлік және халықаралық
қарым – қатынасты нығайту; кәсіпкердің статусын көтеру, кәсіпкердің
экономикалық потенциалын дамытып, нығайту; басқа да арнайы мақсаттар –
шетелдермен қарым – қатынас жасау; әр түрлі ассоциациялар мүше болып
кіру; кәсіпкерліктің ерекше мақсаты - әр түрлі қайырымдылық жұмыстар
көрсету.
Көптеген фирмалардың мақсаттары ресурстарды оңтайлы пайдалануға
бағытталған экономикалық және қызметкерлердің қажеттіліктерін жауап
беретін әлеуметтік мәселелерден тұрады.
Мақсаттар фирманың өз мақсатына жетуін қамтамасыз етеді.

Мақсатар сатысында, әрине, алғашқы орын, жоғарыда аталып кеткен,
фирманың табиғи мақсатты болып саналатын үнемі пайда түсіру және оны
арттыру болып саналады.
Пайда дегеніміз – жалпы түсім (TR) мен жалпы шығындар (TC) арасындағы
айырма.
П = TR – TC
Бұл жерде әрі қарай экономикалық пайда туралы сөз болады. Фирманың
мақсаты – белгіленген баға арқылы мейлінше көп пайда алуға немесе
мейлінше аз зиян шегуге мүмкіндік беретін өндіріс көлемін таңдап алу
болып табылады.
Таза пайда экономикалық санатының маңызды және кез келген
коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады.
Нарықтық қатыныстарда пайда экономикалық санаты ретінде құрылған
материалдық өндіріс саласының таза пайдасын қамтиды.былайша айтқанда,
пайда – бұл өндірістің айнымалының қаржылық қорытындысын білдіретін
кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез келген
кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің
ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі - қосымша еңбек – қосымша
өнім немесе құн жағынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады.
Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес. Шынында да, сатқанда
бұйым тек жұмсалған шығынды ғана өтеп, ешқандай пайда келтірмесе,
фирмаға бұйым шығарудың қажеті не?
Шынында да, фирмаға қорлауының мөлшері неге байланысты? Егер белгілі
бір кезеңде ұжым қажет болып отырған өнім өңдіруді арттырып, оның
сапасын жақсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігі артып,
өндіріс шығыны азайтылса, пайда мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорын
өндіріс тиімділігін арттырды деген сөз.

Пайда баланстық және есептеулік болып бөлінеді.
Жалпы баланстық пайда мынадан құралады:
• Тауарлы өнімдерді сатудан түскен пайда;
• Тауарлы өнімнің құрамына жатпайтын басқа өнімдерден және қызмет
көрсетуден түскен пайда немесе зиян;
• Сатылатыннан тыс операцияларды жоспарлаудан түскен пайда немесе
зияндар. Оған жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар және т.б.
Есептеулік пайда – бұл негізгі өндірістік және айнылмалы
нормативтік қорларды және банктерден алған несиелерді шегергендегі
бюджетке түсетін жалпы баланстық пайда.
Пайда жоспары бағалар мен келісім – шарттар, салыстырмалы жүрген
бағалар негізінде жасалады. Пайда көлемін анықтау тікелей есептеу
немесе талдау әдістерімен жүргізіледі. Пайданы тікелей есептеу
әдісімен анықтау - өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен
есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және өзіндік құнының
арасындағы айырмасы болып табылады.
Пайда белгілі бір нысандарды орындайды.
Біріншіден, фирма қызметінің нәтижесіне жетуде экономикалық
тиімділікті сипаттайды.
Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады.
Оның мазмұны, ол бір жолғы қаржы нәтижесі және фирманың қаржы
ресурстарының негізгі элементтері болып табылады.
Үшіншіден, пайда бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден –
бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс
түсімдермен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін
қаржыландыруға пайдаланады.

Нарықтық экономика жағдайында пайданың маңызы орасан зор. Оны алуға
ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өткізудің көлемін артттыруға, оған
кететін шығындарды азайтуға бағыт көрсетеді.
Фирманың пайдасы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық
пайданың жиынтық деңгейі – фирманың жалпы пайдасй. Жалпы пайданың
негізгі жиынтық элементтері болатындар:
• өнімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден түсетін
пайда;
• негізгі қорларды , сол сияқты басқа да фирманың мүліктерін
сатудан түсетін пайда;
• өткізуден тыс операциялардың қаржы нәтижелері.
Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және
оны өндірудегі кететін шығындар. Нарықтағы өнім бағасы – сұраныс
пен ұсыныстың өзара іс – қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке
жағдайында нарықтық баға құрылымы заңының әсерінен өнім бағасы не
жоғары , не төмен болуы өндірушінің немесе сатып алушының
қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде теңеседі.

Пайданың түрлері және оны есептеудің әдісі
Жалпы пайда = жалпы табыс - өндіріс шығындары
Экономикалық пайда = жалпы табыс – барлық ресурстардың экономикалық
шығындары
Бухгалтерлік пайда = жалпы табыс – оның шығындары
Таза экономикалық пайда = Бухгалтерлік пайда - өндірістің анық шығындары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компаниялардағы бизнес - жоспарлау міндеттері мен функциялары
Кәсіпорынның маркетингтік ұйымы
Маркетинг түрлері және олардың Қазақстанда даму тенденциялары
Қазақстандағы кәсіпорындарда маркетингті ұйымдастыру
Маркетингті басқарудың функционалдық құрылымы
ФИРМАНЫҢ АЛЬТЕРНАТИВТІ ТЕОРИЯЛАРЫ
Бизнес-жоспарлардың мазмұны
Маркетингтің негізгі мақсаттары
Кәсіпорында маркетингтік қызметті ұйымдастыру
Маркетингтің теориясы және тұжырымдамалары
Пәндер