Түркиядағы қазақ диаспорасы тарихнамасының зерттелу деңгейі



Жоспар.

Кірспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім:

1. Түркиядағы қазақ диаспорасы тарихнамасының зерттелу деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2. Қазақтардың Түркияға көшіп бару себептері ... ... ... ... ...9
3. Түркиядағы қазақтардың қазіргі саяси.әлеуметтік,экономикалық жағдайы, саны, орналасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
4. Түркиядағы 20 мыңға жуық қазақтың «Арманы» ... ... ...15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

Сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Кіріспе.
Жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі күнде саны 20 мың деп көрсетілген Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихы тек тарихшыларды ғана емес, көзі ашық көкірегі ояу кез – келген Қазақстан Республикасының азаматын ойландырса керек.Түркияға қазақтар 1952 жылдан бастап қоныс тебе бастады.Содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтті.Қазақтардың өзге мемлекетке қоныс аударуына не түрткі болды,қалай қоныс аударды,бүгінгі таңда олардың саяси,әлеуметтік,экономикалық жағдайы қандай деген заңды сұрақтар туындайды.Осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеу барысында ғылыми жұмыс тақырыбын «Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихы» етіп таңдадым. Шетелдегі қандастарымыз мына жаһандану дәуірінде өзге елде жұтылып бара жатқан жоқ па, я болмаса оларды елге қайтару процесі қалай жүзеге асырылып жатыр деген сұрақтар ғылыми жұмыстың негізгі актуалды мәселелері болып табылады.
Ғылыми жұмыста Түркиядағы қазақ диаспорасы тарихнамасының зерттелу деңгейіне жеке сипаттама берілген.Өйткені ғалымдар мен тарихшыларының көптеген еңбектері өте маңызды әрі тың деректерге толы. Ғылыми жұмыс тақырыбының өзектілігі- Түркиядағы қазақ диаспорасының өткені мен бүгіні және болашақ тағдыры.
Қорыта айтқанда елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы: «Қазақстан Республикасы бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылды мақсат етіп отыр».Осыған байланысты шетелдегі 5 млн. қандастарымызды,соның ішінде Түркиядағы 20мың қазақ бауырларымызды елге қайтару қажет деп есептеймін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Қ.Найманбаев «Қазақ диаспорасы және қауымдастық»//Егемен Қазақстан-
2004.
2. Х.Оралтай «Бостандық жолында Шығыс түркістан қазақ – түріктері»,
Ыстанбұл-1961.
3. Х.Ғаритолла, «Алтайдағы қанды күндер», Стамбул- 1977.
4. Х.Алтай «Қазақтар туралы шежіре», Стамбул -1977.
5. Х.Алтай «Естекліктерім», Стамбул-1981.
6. Алтын бесік, (Ел аралық қоғамдық – саяси, әдеби-көркем журнал) №5, А., 2005.
7. Г.М. Мендикулова, Исторические судьбы казахской диаспоры (происхождение и развитие), А., 1997.
8. Х.Оралтай, Елім- айлап өткен өмір, А., Ғылым, 1997.
9. К. Тасболатова. http:// www .turkystan.kz
10.Ә.Қара «Көне дәуірден бүгінге дейінгі қазақтар және Қазақстан»,Алматы- 2006ж.
11. «Отан ортақ, ой ортақ»//Егемен Қазақстан-2007
12.WWW.Khabar.kz
13.Л.Годфрей «Қазақ қырғыны»,Лондон- 1977.
14.И.Сванберг «Түркиядағы қазақ босқындары»,Уппсала- 1989.
15.Е.Бекқұлов «Түркияда тұрақтаған қазақтар»,//Шымкент келбеті-2006.
16.С.Балғабай«Елгеасыққан қандас көп»//Егемен Қазақстан 1993.
17.Н.Мустафаев «Казахи зарубежья»//Мегаполис-2006.
18.Е.Кәпқызы «Тұқымымыз тұздай құрымаса екен» дейді қандастарымыз,//
Қазақ елі-1999.
19. «3 қазақтың біреуі жат жұртта жүр»,//Егемен Қазақстан- 20

Жоспар.
Кірспе ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім:

1. Түркиядағы қазақ диаспорасы тарихнамасының зерттелу
деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 6
2. Қазақтардың Түркияға көшіп бару себептері ... ... ... ... ...9
3. Түркиядағы қазақтардың қазіргі саяси-әлеуметтік,экономикалық жағдайы,
саны,
орналасуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...11
4. Түркиядағы 20 мыңға жуық қазақтың Арманы ... ... ...15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Сілтемелер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
..21

Кіріспе.

Жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі күнде саны 20 мың деп көрсетілген Түркиядағы
қазақ диаспорасының тарихы тек тарихшыларды ғана емес, көзі ашық
көкірегі ояу кез – келген Қазақстан Республикасының азаматын
ойландырса керек.Түркияға қазақтар 1952 жылдан бастап қоныс тебе
бастады.Содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтті.Қазақтардың өзге
мемлекетке қоныс аударуына не түрткі болды,қалай қоныс аударды,бүгінгі
таңда олардың саяси,әлеуметтік,экономикалық жағдайы қандай деген
заңды сұрақтар туындайды.Осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеу
барысында ғылыми жұмыс тақырыбын Түркиядағы қазақ диаспорасының
тарихы етіп таңдадым. Шетелдегі қандастарымыз мына жаһандану дәуірінде
өзге елде жұтылып бара жатқан жоқ па, я болмаса оларды елге
қайтару процесі қалай жүзеге асырылып жатыр деген сұрақтар ғылыми
жұмыстың негізгі актуалды мәселелері болып табылады.
Ғылыми жұмыста Түркиядағы қазақ диаспорасы тарихнамасының
зерттелу деңгейіне жеке сипаттама берілген.Өйткені ғалымдар мен
тарихшыларының көптеген еңбектері өте маңызды әрі тың деректерге
толы. Ғылыми жұмыс тақырыбының өзектілігі- Түркиядағы қазақ
диаспорасының өткені мен бүгіні және болашақ тағдыры.
Қорыта айтқанда елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы: Қазақстан
Республикасы бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылды мақсат етіп
отыр.Осыған байланысты шетелдегі 5 млн. қандастарымызды,соның
ішінде Түркиядағы 20мың қазақ бауырларымызды елге қайтару қажет деп
есептеймін.

Жұмыстың зерттелу деңгейі:
Түркия қазақтары туралы алғашқы зерттеуді Сағдат Шағатай жасаған
екен. Сағдат ханым 1952 жылы Түркияға көшіп келген қазақтардың ауыз
әдебиетіне көбірек үңіледі. Бұл зерттеу 1961 жылы Қазақ хрестоматиясы
деген атпен кітап болып жарияланды. Сағдат ханымның қазақтарға көңіл бөлуі
тектен тек емес еді. Ол Мұстафа Шоқайдың жақын досы Тахир Шағатайдың зайыбы
болатын.1 Одан кейін ағылшын журналисті Лияс Годфрей қазақтардың
босқындыққа ұшырау тарихын зерделей келе Қазақ қырғыны кітабын жазып, ол
1956 жылы Лондонда жарық көрді. Бұл кітап тек 1977 жылы ғана Көш деген
атпен түрік тіліне аударылып басылды. Осы бағыттағы зерттеулерге Түркия
қазақтарының өз ішінен алғаш Хасен Оралтайдың да араласқанын айта кеткен
жөн. Ол – Азаттық жолындағы Шығыс Түркістан қазақтары (1961), Қазақ
түріктері (1976) кітаптарының авторы. Ал 1977 жылы Хызырбек Ғайратолланың
Алтайдағы қанды күн деген кітабы жарық көрді.
Түркиялық қазақтар арасынан шыққан зерттеушілердің бірі – Халифа
Алтай. Ол кісінің 1977 жылы Қазақ шежіресі, 1980 жылы Естеліктерім
деген кітабы жарыққа шықты. Халифа Алтайдың Атажұрттан Анадолыға дейін
деген еңбегі алғаш 1981 жылы басылды.
Швециялық Ингвар Сванберг – Түркия қазақтарының тарихын зерттеп,
алғаш докторлық диссертация қорғаған ғалым. Оның еңбегі 1989 жылы
Түркиядағы қазақ босқындары деген атпен кітап болып жарияланды. Одан
кейін неміс ғалымы Марк Киршнер де өз докторлық диссертациясын Түркия
қазақтарының әдебиетіне арнады. Оның екі томдық еңбегі 1992 жылы
Ыстамбұлдағы қазақ босқындарынан жазып алынған әңгімелер туралы
зерттеулер деген атпен жарық көрді. Түркия қазақтарына қатысты еңбектердің
соңғысы өткен жылы басылып шықты. Бостандық жолы деп аталатын Гүлчин
Чандарлыоғлының осы кітабында Түркиядағы қазақ диаспорасы тарихының
хронологиялық шекарасы толық көрсетілген және де оған Оспан батыр
жайында айтқан Нұрғожай батырдың естеліктері арқау болады.
Хасен Оралтай, Нұри Юже және Сағдат Пынар аударған Қазақ
түрікшесінің сөздігі 1984 жылы жарық көрді. Ал таяуда ғана Әбдіуақап Қара
Көне дәуірлерден бүгінге дейінгі қазақтар және Қазақстан деген атпен
аударған қазақ тарихы түрік тілінде басылып шықты.
Қорыта айтқанда Қазақстанға қатысты жазылған зерттеулер мен
еңбектерді мазмұн, маңызына қарай ғылыми зерттеулер, танымдық зерттеулер,
жалпы мәлімет беретін дерек көздері және саяси әдебиет деп төртке бөліп
қарастыруға болады. Өзге елдермен салыстырғанда, Түркиядағы қазақ
диаспорасы тақырыбы толық болмаса да, біршама игерілгені байқалады. Осының
бәрі қазақ халқының мәдениетін зерттеп, кешегі тарихын екшеп, бүгінгі
беталысын байыптауға септігін тигізе алады. Ал көптеген елдерде ел
мәдениетін таныту – сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады. Біздің
сыртқы саясатта осы бағыттағы талпыныстың бары қуантады.
Жұмыстың мақсаты:
Туркиядағы қазақ диаспорасының тарихи мәнін ашып көрсету.
Жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер алға қойылады:
- Түркиядағы қазақ диаспорасы тарихнамасының зерттелу деңгейіне
талдау жасау;
-Қазақтардың Түркияға қоныс аудару себептерін ашып көрсету;
-Түркиядағы қазақтардың қазіргі жағайы мен жаңа статистикалық
мәліметтерді зерттеу;
-Түркиядаға қазақтармен байланыс жасау мәселелеріне өз
ұсыныстарын жасау;
-Дерек көздері мен құжаттарды талдау.

1.Түркиядағы қазақ диаспорасы тарихнамасының зерттелу
деңгейі.
Түркияға қазақтар 1952 жылдан бастап қоныс тебе бастады.Түркияға
қазақ көшін Елісхан Тәйжі Әліпұлы, Құсман Тәйжі Зайыпұлы,Сұлтан Шәріп
Зұқаұлы, Құсайын Тәйжі Төлеубайұлы,Қалибек Райымбекұлы, Дәлелхан
Жанымханұлы Жаналтай қатарлы жетекшілер бастап барды. Міне сол
уақыттан бері қарай өткен жарты ғасырлық мезгілде олар туралы
бір сыпыра зерттеулер жасалды. Олардың өз ішінен шыққан
қаламгерлер қазақтардың тарихын және салт – дәстүрін таныстырып
кітаптар жазды. Осындай еңбектерді 4 кезеңге бөліп қарастыруымызға
болады:
1. 1953 – 1960 жж. Түркияға қоныстанған қазақтарды шетелдерге
таныстыру кезеңі;
2. 1960 – 1980 жж. Түркиядағы қазақтардың өзін түрік
жұртшылығына және өзінің жас ұрпағына таныстыру кезеңі;
3. 1980 – 1990 жж. Қазақтардың Түркиядағы өмірін зерттеу кезеңі;

4. 1990 жылдан бері қарай Түркия қазақтарының Атамекен, яғни
Қазақстанмен қарым қатынас жасау кезеңі.
Осы жолда көптеген тарихшылардың еңбектері жарияланған.
Айта кетер болсақ, ағылшын журналисті Лияс Годфрейдің Қазақ көші
деген еңбегі 1956 жылы Лондонда жарық көрді. Годфри еңбегінде
Қалибек Әкім жетекшілігінде Түркияға көшіп барған қазақтар туралы,
сонымен қатар Шығыс Түркістан қазақтары туралы және Бөке батыр
мен Оспан батырлардың қытайлықтармен болған қарулы
көтерілістеріне жан – жақты сипаттама берген.2
Хасен Оралтайдың Бостандық жолында Шығыс Түрістан қазақ -
түріктері атты еңбегі 1961 жылы Стамбулда жарық көрді. Ол жалпы
қазақ тарихы мен мәдениеті туралы мәлімет беріп, әкесі
Қалибектің төңірегенде өткен оқиғаларға кеңінен тоқталады. Сонымен
қатар уақытша құрылған Шығыс Түркістан үкіметінде Қаржы министрі
қызметін атқарған Жанымхан қажы Тілеубайұлының саяси іс -
қимылдары жөнінде құнды мәліметтер береді.3
Хызырбек Ғаритолланың Алтайдағы қанды күндер атты еңбегі 1977
жылы Шығыс Түркістан босқындар қоғамының басылымдар арасында
жарық көрген. Кітапта қазақтардың көші , оқиға куәгерлері , қазақ
халқының салт – дәстүрлері, кітаптың соңғы беттерінде құнды суретер
басылған.
Қазақтарды Түркия еліне таныстыру барысында Халифа Алтайдың
еңбектері зор рол атқарды. Ол екеуі түрік, біреуі қазақ тілінде
шыққан үш еңбек жариялады. Алғашқы еңбегі 1977 ж. түрік тілінде
жарық көрген Қазақтар туралы шежіре деп аталды. Осы шағын
кітапшада Түркиядағы қазақтардың бір сыпырасының шежіресі
таратылды. Екінші еңбегі 1980 ж. Стамбулда жарық көрген Естеліктерім
атты кітап. Мұнда өзі көш барысында куәгер болған оқиғаларды латын
әліппесіне негізделген қазақ тілінде өлең түрінде дастан етіп
жырлайды. Бұл Түркияда қазақ тілінде жарық көрген алғашқы еңбек
болып табылады. Автордың үшінші және кең тараған еңбегі Атажұрттан
Анадолыға дейін атты кітабы 1981 жылы Анкарада жарық көрді.
Түркия мәдениет министрлігінің басылымдары арасында шыққан
кітапта қазақтың салт – дәстүрі мен мәдениеті егжей – тегжейлі
әңгімеленеді. Бұл кітап ықшамдалып қазақ тіліне аударылып 1995 ж.
Алматыда жарық көрді.
Швециялық ғалым Ингвар Сванберг 1979 пен 1986 жылдар аралығында
Түркия қазақтары арасында зерттеулер жүргізді. Осы зерттеулердің
нәтижесінде 1989 жылы Түркиядағы босқын қазақтар деген кітабын
жариялады. Уппсала қаласында ағылшын тілінде жарық көрген
кітабында Сванберг, Түркия қазақтары туралы жан-жақты мәлімет
береді. Кітабын дайындау барысында ол, Түркияның Станбул, Нигде,
Измир, Маниса сияқты қазақтар тұратын бүкіл қалаларын аралауға
тырысты. Сонымен қатар ол Түркия қазақатарының бір бөлігі 1960
жж бастап қоныс аударған Германия мен Швеция елдерінде де
зерттеулерін жалғастырды. Сванберг қонақты жатырқамайтын аса
меймандос қазақтар арасында зерттеу жүргізудің онша қиын еместігін
баса көрсетуде. Оның айтуынша Түркия қазақтарымен жақсы қарым-
қатынас орнатудың бірден бір тиімді құралы сүт қосып қазақша
дайындалған ақ шай ішу. Қазақтар әдетте үйіне келген қазақ емес
қонақтарға түрікше дайындалған шай ұсынады. Егер, - дейді Сванберг
– сіз қара шайдан гөрі ақ шайды ұнатам десеңіз онда үй иесінің
қуанышында шек болмайды және де ет жемейтіндер қазақтар
арасында зерттеу жүргізе алмайды.4
Ал енді Түркияда қазақтануға қатысты зерттеулерге келер болсақ,
ХХ ғасырдың басында қазақтың біртуар мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқай мен
башқұрт тарихшысы Зәки Уәлиди Тоғанның Еуропаға келуімен қарайлас басталды.
Олар алдымен Түркістан және Яш Түркістан журналын шығарып тұрды. Зәки
Уәлидидің 1929 жылы қазақтар мен Орта Азия халықтарының тарихына қатысты
Бүгінгі Түрікелі Түркістан және оның жаңа тарихы атты кітабы жарық көрді.
Содан бері 80 жылдай уақыт өтсе де, әлі құнын жоймаған бұл кітапта қазақ
атауының төркіні, қазақ хандығының құрылуы, қазақ-жоңғар соғыстары,
патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлауы, Кенесары көтерілісі, Қазан
төңкерісі және Алашорда қайраткерлеріне қатысты деректер қамтылған.5
Ғалымдардың айтуынша Түркиядағы қазақ диаспорасы тарихының
жоғарыда аталып көрсетілген 4 – ші кезеңі әлі зерттелуде. Өйткені
қазірге дейін жасалған зерттеулер олардың бүкіл қыр - сырын
толық ортаға салды деп айта алмаймыз. Сондықтан да алда жас
тарихшыларды осы орайда жүргізілетін зерттеулер күтіп тұр.

2. Қазақтардың Түркияға көшіп бару себептері.
Ал енді сонау Азияның кіндігінде өмір сүріп отырған
қазақтар не үшін, қалай және қашан Түркия еліне қоныс аударды
деген заңды сұрақтар туындайды. Түркияға қазақ босқындарының көшіп
баруына 2себеп бар:
1. Сол кездегі саяси жағдай шырғалаңы.
2. Түркия елін Шығыс Түркістандық қазақтар екінші Отан етіп
таңдауы.
Түркиядағы қазақтардың қалыптасу тарихы 2 кезеңнен тұрады. Олардың
алғашқысы бұл елге сонау 50 ші жылдардың басында Қытайдан Үндістан арқылы
келген. Ал, екінші толқын – 30 жылдары Батыс және Оңтүстік Қазақстан
өлкелерінен Ауғанстанға өтіп, одан 70 жылдардың ортасынан бастап Туркияға
қоныс аударған ағайындар.
Өткен ХХ ғасырдың 30 - жылдары атамекені Шығыс Түркістаннан
ірге көтеріп, Үндістанға қоныс аударуға мәжбүр болған мыңнан
астам қазақ отбасылары 50 -жылдардың басында Түркия үкіметіне
өздеріне баспана сұрап, өтініш түсіреді. 1952 жылдың 13 наурызында
Түркияның министрлер кабинеті өзінің №314595 шешімімен қазақ
босқындарын түрік мемлекетіне қабылдайтынын мәлімдейді.6 Сол кездегі
елдің президенті Джелал Баяр, үкімет басшысы Аднан Мендерес және 16
үкімет мүшелері қол қойған арнайы құжат қабылданады. Осы жылдың
қыркүйек айында Кашмирден шыққан қазақ босқындарның алғашқы тобы
Стамбулға келіп жетті. Алтайдан басталып, Үндістан мен Пәкістан арқылы
жүрген бұл көш 1956 жылы көктемде аяқталған еді. Тарихи отанынан
күшпен ығыстырылған Алтай қазақтарының Түркия елін таңдап, үкіметіне
өтініш жасауы, әрине, тектен- тек еместін. Мәселен, көшіп келіп,
орналасуға келісім АҚШ тарапынанда түседі. Дегенмен Үндістанмен
Пәкістандағы қазақ босқындарының басшылары түбі бір туыс, діні мен
ділі жақын Түркияға тоқтаған болатын.
1952 жылы Елісхан Тәйжі Әліпұлы, Құсман Тәйжі Зайыпұлы , Сұлтан
Шәріп Зұқаұлы, Құсайын Тәйжі Төлеубайұлы, Қалибек Райымбекұлы, бастаған көш
Түркияның Урфа провинциясының Жайранпира елді мекеніне қоныстанады.
Түркия өкіметі қазақ босқындарына жаңа ортаға бейімделуге қажет
көмегін аяған жоқ.Олар арнайы бөлінген қонақ үйлерге орналастырылып,
ең қажет деген мұқтаждықтары қанағаттандырылды. Түрік тілін үйренуге
және жаңа кәсіп игеруге мүмкіндік туғызатын оқу курстары
ұйымдастырылды. Бір – екі жыл мерзім өткен соң әр – бір отбасына
өздері қалаған жерге барып орналасуына рұқсат берілді.7 Әрине,жаңа
ортаға келіп қоныстанушылардың басым бөлігіне ата кәсібі- мал
өсірумен шұғылдану тиімді еді. Түркияға көшіп келуші еркін
мигранттарға төл құжат беріп, Түркия мемлекетінің заңы бойынша
(25,10 бап) еркін көшіп келген мигрант үй салуға жерді жалға
алуға құқығы болды.8 Олар әскери қызмет етуге 5 жылға босатылды.
Босқындар Стамбул қаласындағы Түзле, Серкеджи, Зәйтүн – бұрын деген
Лагерлерге жайғасты. Қазақтардың бұл тілегін ескере отырып, Түркия
үкіметі Маниса, Кония, Ақсарай, Қайсері және Нигде сияқты мал
шаруашылығына қолайлы аймақтардан оларға арнайы жер бөліп, үй, қора –
қопсы салып алуға көмек берді.
Қазақстанның тәуелсiздiгiн бiрiншi болып Түркия Республикасы
таныды. Мұның өзi, Түркия қазақтарының қуанышын еселеп өсiрiп жiбердi.
Тәуелсiздiктен бұрын Түркия қазақтарының атамекенмен байланыстары шектеулi
болды. Өйткенi, ол кезеңде, әлем батыс және шығыс блок болып екiге бөлiнiп,
өзара салқын соғыс бүкiл ызғарымен жүрiп жатқан-ды. Ал Қазақстан мен Түркия
болса бiр-бiрiне жау блоктар iшiнде орын алып, бiр-бiрiмен туыстық байланыс
орната алмады. Қазақстан, Кеңестiк социалистiк республика ретiнде Варшава,
Түркия болса НАТО тобына тәуелдi едi.Осы екi топқа кiрген әрбiр ел, қарсы
топқа жатқан елдiң азаматтарына күдiкпен қарауды әдетке айналдырды. Сол
себептi, атамекендегi азаматтардың Түркиядағы
қазақтармен байланысқа енуiне ыңғайлы жағдай болған жоқ. Әрқандай бiр
мүмкiншiлiктi пайдаланып, екi ел арасында байланыс жасағандар тыңшылық
әрекетте болғандар деп айыпталды. Сонымен қатар, Қазақстаннан Түркияға
туристiк сапармен аттанғандарға, ондағы қазақтарды капитализмнiң қол
жаулықтары ретiнде қарап, өздерiне олардан әрқашан түрлi қастандық
әрекеттер жасалады деп күдiктендi.Оларға, шетел қазақтарының алтындарын
дорбалап алып қашқан байлардың ұрпақтары екенi айтылды. Бүгiнде кейде осы
пропаганданың әсерiмен шетел қазақтарына қашқын байлар көзiмен қарағандар
кездесуi, мiне, осы жағдайдың салдары.Бұған ұқсас жағдай Түркияда да
қалыптасты. Осылайша, түркиялық бiр қазақтың атамекенмен байланысқа
енгендерiне күдiкпен қаралды. Оларға коммунист, кеңестiк жансыз немесе
сатқын деген айдар тағылды. Тiптi бұлар үшiн заңдық тексерулер жүргiзiлгенi
де байқалды.Екi бауырлас ел болған Қазақстан мен Түркия арасындағы осынау
орынсыз да негiзсiз қиын-қыстау кезең, Кеңес Одағының күйреуi және
Қазақстанның тәуелсiздiгiне қол жеткiзуiмен аяқталды.9
Түркия қазақтарының өмiрiндегi ең маңызды оқиға 1991 жылғы 16
желтоқсанда орын алды. Сол күнi Қазақстан өзiнiң бағымсыздығын,
яғни тәуелсiздiгiн бүкiл әлемге жария еткенi мәлiм. Түркиялық қазақтар,
жалпы қазақ тарихында зор маңызға ие осы оқиғаны жүрекжарды қуанышпен қарсы
алды.10
Қазақстан тәуелсiздiгiн жариялағаннан соң, шетелдердегi отандастармен
70 жылдай үзiлiп қалған байланыстарын қайта қалпына келтiруге жол ашылды.

3.Түркиядағы қазақтардың қазіргі саяси-әлекметтік,экономикалық жағдайы,
саны, орналасуы.
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек,ең алғашында Қайсері
провинциясының Девели округінде -104 отбасы, Кония округнде-72 отбасы,
Маниса провинциясының Салихли округнде-160 отбасы,Нигде провинциясының
Ұлықшыла округінде- 562 отбасы қоныстанды.11 Бұл жерге көшіп келген
қазақ босқындары төрт түлік малдың терілерін өңдеумен айналысты.
Алғашында олар өз үйлерінде өңдеп, кейінен кішігірім шеберханаларда
және кәсіпорындарда өңдей бастады. Одан түскен қаржыны жинай
отырып ірі елдімекендердегі қалаларға барып фабрикалар ашады. Қазақтар
Стамбул қаласының Гунешли ауданында Қазақкент атты өз қаласын
құрады. Тері өңдеу саласының дамуына байланысты одан әр түрлі
тондар, былғары киімдер, тұрмысқа қажетті заттар шығара отырып,
фабрикаларда жұмыс істейтін маман кадрлар қалыптасады. Түркияның
сауда қатынастарын дамытуда қазақтар үлкен үлес қосты.
Түркия қазақтары Қазақстан Тәуелсіз ел болғаннан кейін
Атамекенімен жиі араласа бастады. Қазақстанда өткен бірнеше дүниежүзі
қазақтары құрылтайларында Түркиядағы қазақ диаспорасының өкілдері
келіп әлеуметтік – экономикалық жағдайларын өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркиядағы қазақ диаспорасы
Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы
Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктері
Қазақтар (шетжұрты)
Қазақ диаспорасы - Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар
Эмигрант және эмиграция ұғымы
Шетел қазақтары (тарихи-этнологиялық зерттеу)
Қазақ Мемлекеттік Университетінің Ғылыми кітапханасы
Қазақтар
ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВТІҢ СОҢҒЫ КӨШ РОМАНЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ИДЕЯЛЫҚ СИПАТЫ
Пәндер