Жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру
Зерттеудің өзектілігі. Егемендік алған кез-келген елдің, халықтың ең басты міндеті – жас ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастырып, шыңдауға қызмет ететін білім жүйесін қалыптастыру. Білім берудің ұлттық жүйесін құру –ұлттық мәдениетті оқу-тәрбие процесінде пайдалану арқылы ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеу. Болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалық біліммен қаруландыру мақсатында, халықтық дәстүрлердің тәрбиелік мүмкіндіктерін ашу - осы мәселені шешу жолдарының бірі.
Қоғамның кезек күттірмейтін талаптарының бірі – кәсіби бейімделген болашақ мамандарды даярлау. Болашақ мұғалім – баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік-саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндеті.
Халық құндылықтарының бірі – оның мекені, сол мекеннің географиялық ландшафтысы. Географиялық детерминизм бойынша адамның өмір сүруі, шаруашылығы, оның психикасының қалыптасып дамуы, бет-бейнесіндегі ерекшеліктері, мінез-құлқы сол жердің географиялық ландшафтысына байланысты болады. Ұлттық тәрбие ана тілін, елінің тарихын, төл мәдениетін, туған жерін, халқының ертедегі тұрмыс-тіршілігін оқып, үйренуден басталады. Мектептің оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасының тәрбиеде алатын орны мен маңыздылығын студенттерге үйретіп, болашақ мұғалімдерге география пәні арқылы этнопедагогикалық білім беріп, ұлттық тәрбие, ұлттық сана-сезімін қалыптастырып, ұлтжанды азамат тәрбиелеп шығаруға даярлаудың қажеттілігі туып отыр. Осы орайда, жоғары оқу орны жағдайында студенттердің қоршаған табиғи орта мен құбылыстары туралы түсініктерін дұрыс қалыптастыруда халықтық педагогика материалдарын ғылыми теориялық-әдістемелік қағидалармен ұштастыру көкейкесті мәселеге айналып отыр. Соның бірі, халықтық педагогика материалдарын география пәнімен байланыстыра отырып, болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдірудің объективті қажеттілігі артты. Қоршаған орта, ауа райының күйі, аспан әлемі, жер-су атаулары туралы географиялық білім беру арқылы болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығын қалыптастыру – тұтас педагогикалық процестің құрамдас бөлігі.
Жастарға білім беру, тәрбиелеу, табиғат пен адам өмірінің тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырып, жастардың дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеуді қазақ халқының біртуар данышпандары А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов; ұлттық дәстүрлерді дәріптеуді қазақ халқының ағартушы-ғалымдары мен ақын-жазушылары Ж. Аймауытов, Ы. Алтынсарин, М. Әуезов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев өз еңбектерінің негізгі арқауы еткен. Ұлттық мәдениеттің негізгі көзі болып табылатын құндылықтарды белгілі ғалымдар Ж. Артықбаев, Х. Арғынбаев, Ә. Бірмағанбетов, А. Нысанбаев еңбектері этнопедагогиканың теориялық негіздерін анық, ұғымдық-терминологиялық аппаратын жасауға тікелей ықпалын тигізді және біздің зерттеу жұмысымыздың әдіснамалық негізін құрады.

1 Географиялық білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелері // Қазақстан географиясы: мазмұны, мәселелері, келешегі: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (20-22 сәуір 2006 ж). - Алматы: Аркас баспасы, 2006. – Б. 369-374. (К.Д. Кенжина, Г.М. Жанғожинамен авторлық бірлестікте).
2 Болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың шарттары // География в школах и вузах Казахстана. – 2006. - №5 . – Б. 7-8.
3 Этникалық тәрбие беруде топонимиканың рөлі // Ұлт тағылымы. – 2007. - №1. – Б. 46-50.
4 Болашақ география пәні мұғалімдеріне климотологияны халық педагогикасы негізінде оқыту // Ізденіс. – 2007. - №2. – Б. 232-236.
5 Болашақ мұғалімге экологиялық білім беруде халық педагогикасының рөлі // Қазақстан жоғары мектебі. – 2007. - №2. – Б. 52-55.
6 Болашақ география пәні мұғалімдерін даярлауда этнопедагогиканың рөлі // Наука и образование – ведущий фактор стратегии «Казахстан - 2030»: труды Х Юбилейной Международной научной конференции (26-27 июня 2007г.). – Караганда, 2007. – Б. 267-270.
7 Географиялық білім беруде этнопедагогиканың орны // Білім беру реформасы – Қазақстанның нақты бәсекеге қабілеттілігіне апарар жол: VII Халықаралық Байқоңыров оқулары материалдарының жинағы (28-30 мамыр 2007ж.). - Жезқазған, 2007. – Б. 72-74.
8 Жер-судың аты – ұлттық байлығымыз // Ұлт тағылымы. – 2007. - №3. – Б. 28-31.
9 Этнопедагогикалық білімнің география пәні мұғалімдерін даярлаудағы орны // Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы. – 2007. - №2(46). – Б. 136-138. (С.Т. Каргинмен авторлық бірлестікте).
10 Кәсіби білім беруде этнопедагогиканың орны // Наука и образование – ведущий фактор стратегии «Казахстан - 2030»: труды Международной научной конференции (24-25 июня 2008г.). – Караганда, 2008. – Б. 432-435.
11 Этнопедагогическая подготовка учителей географии в условиях высшего учебного заведения //«Динамика исследования - 2008»: материалы IV международной научной практической конференции (16-31 июля 2008г.). – София: Бял ГРАД-БГ ООД, 2008. – Б. 68-71.
12 Болашақ мұғалімнің этнопедагогикалық даярлығын жетілдірудегі педагогикалық жоғары оқу орнының білімдік ортасының ерекшелігі // Жаһандану және қазіргі замандағы университеттер: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (26-27 қыркүйек 2008ж). – Қарағанды, 2008. – Б. 51-54. (С.Т. Каргинмен авторлық бірлестікте).
13 Халықтық географиялық білімнің этнопедагогикалық құндылығы // Этнопедагогика. – 2008 - № 05(23). – Б. 21-26. (С.Т. Каргинмен авторлық бірлестікте).
14 Топонимика (әдістемелік нұсқау). – Қарағанды: ТОО Санат-Полиграфия баспасы, 2007. – 30 б. (П.А. Мақсұтова, Г.Б. Абиевамен авторлық бірлестікте).

ӘОЖ [371.13:37.013] : 378
Қолжазба құқығында
КАДИРБАЕВА ДИДАР АРТЫҚБАЙҚЫЗЫ
Жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық
даярлауды жетілдіру
13.00.08 – Кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертацияның
авторефераты
Қазақстан Республикасы
Қарағанды, 2008
Жұмыс Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде
орындалған
Ғылыми жетекшілер: педагогика ғылымдарының
докторы,
профессор
Каргин С.Т.
педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент
Сырымбетова Л.С.
Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының
докторы,
профессор
Кенжебеков Б.Т.
педагогика
ғылымдарының
кандидаты,
доцент Манабаева А.Ш.
Жетекші ұйым: Евразия гуманитарлық
институты
Диссертация 2009 жылы ___ ___________ сағ._____ Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы
ғылыми дәрежесін қорғау жөніндегі БД 14.50.05 диссертациялық Кеңесінің
мәжілісінде қорғалады (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28,
бас корпус, №1 кеңейтілген дәрісхана.
Диссертациямен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2008 жылы _______________ таратылды.
Біріккен диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы
Н.Ә. Мыңжанов
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Егемендік алған кез-келген елдің, халықтың ең
басты міндеті – жас ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастырып, шыңдауға қызмет
ететін білім жүйесін қалыптастыру. Білім берудің ұлттық жүйесін құру
–ұлттық мәдениетті оқу-тәрбие процесінде пайдалану арқылы ұлтжанды ұрпақты
тәрбиелеу. Болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалық біліммен қаруландыру
мақсатында, халықтық дәстүрлердің тәрбиелік мүмкіндіктерін ашу - осы
мәселені шешу жолдарының бірі.
Қоғамның кезек күттірмейтін талаптарының бірі – кәсіби бейімделген
болашақ мамандарды даярлау. Болашақ мұғалім – баланың жеке тұлғасын
қалыптастырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік-саяси
қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі
белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны
пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу – мұғалімнің
басты міндеті.
Халық құндылықтарының бірі – оның мекені, сол мекеннің географиялық
ландшафтысы. Географиялық детерминизм бойынша адамның өмір сүруі,
шаруашылығы, оның психикасының қалыптасып дамуы, бет-бейнесіндегі
ерекшеліктері, мінез-құлқы сол жердің географиялық ландшафтысына байланысты
болады. Ұлттық тәрбие ана тілін, елінің тарихын, төл мәдениетін, туған
жерін, халқының ертедегі тұрмыс-тіршілігін оқып, үйренуден басталады.
Мектептің оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасының тәрбиеде алатын орны
мен маңыздылығын студенттерге үйретіп, болашақ мұғалімдерге география пәні
арқылы этнопедагогикалық білім беріп, ұлттық тәрбие, ұлттық сана-сезімін
қалыптастырып, ұлтжанды азамат тәрбиелеп шығаруға даярлаудың қажеттілігі
туып отыр. Осы орайда, жоғары оқу орны жағдайында студенттердің қоршаған
табиғи орта мен құбылыстары туралы түсініктерін дұрыс қалыптастыруда
халықтық педагогика материалдарын ғылыми теориялық-әдістемелік қағидалармен
ұштастыру көкейкесті мәселеге айналып отыр. Соның бірі, халықтық педагогика
материалдарын география пәнімен байланыстыра отырып, болашақ география
мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдірудің объективті
қажеттілігі артты. Қоршаған орта, ауа райының күйі, аспан әлемі, жер-су
атаулары туралы географиялық білім беру арқылы болашақ мұғалімдердің
этнопедагогикалық даярлығын қалыптастыру – тұтас педагогикалық процестің
құрамдас бөлігі.
Жастарға білім беру, тәрбиелеу, табиғат пен адам өмірінің тіршілігін
ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырып,
жастардың дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеуді қазақ
халқының біртуар данышпандары А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов; ұлттық
дәстүрлерді дәріптеуді қазақ халқының ағартушы-ғалымдары мен ақын-
жазушылары Ж. Аймауытов, Ы. Алтынсарин, М. Әуезов, А. Байтұрсынов, М.
Дулатов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев өз еңбектерінің негізгі арқауы еткен.
Ұлттық мәдениеттің негізгі көзі болып табылатын құндылықтарды белгілі
ғалымдар Ж. Артықбаев, Х. Арғынбаев, Ә. Бірмағанбетов, А. Нысанбаев
еңбектері этнопедагогиканың теориялық негіздерін анық, ұғымдық-
терминологиялық аппаратын жасауға тікелей ықпалын тигізді және біздің
зерттеу жұмысымыздың әдіснамалық негізін құрады.
Жоғары оқу орнында болашақ педагогтарды даярлау мәселесін, оқу-тәрбие
процесін жетілдіру, мектепке кәсіби білімі жоғары мамандарды даярлау
мәселелері қазақстандық ғалымдар Қ.М. Арынғазинның, Ш.Ә. Әбдіраманның, Б.
Әбдікәрімұлының, С.Т. Каргиннің, Ж.А. Караевтың, Қ.М. Кертаеваның, Р.М.
Қоянбаевтың, Н.Ә. Мыңжановтың, Ж.Ы. Намазбаеваның, Н.Д. Хмельдің, Л.А.
Шкутинаның еңбектерінде қарастырылған.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында білім мазмұнын жаңарту және оқыту мен
тәрбиелеу сапасын жетілдіру, дамуы жоғары елдердің озық тәжірибесіне сәйкес
мамандарды даярлау жөнінде шаралар қолдануды қажет екендігі аталған.
Этнопедагогикалық даярлау мәселесін алғаш көтергендердің бірі - Г.Н.
Волков. Оның пікірінше, тек мұғалім ғана балаларды оқыту, тәрбиелеу
процесін нақты аймақтық жағдайда, халықтың көп ғасырлы мәдениеті негізінде
ұлттық тәрбие, дәстүрмен тығыз байланыста ұйымдастыра алады.
Жастарға этнопедагогикалық білім беру мәселелері Ж. Асанов, Қ. Бөлеев,
Л.А. Бөлетова, Р.Қ. Дүйсенбінова, Қ. Жарықбаев, К.Ж. Қожахметова, С.
Қалиев, Ж. Наурызбай, Ә. Табылдиев, С. Ұзақбаева; қолданбалы салалары Р.М.
Айтжанова, С.Қ. Әбілдина, Ш.М. Мұхтарова, Қ.А. Сарбасова, Л.С. Сырымбетова,
т.б. ғылыми зерттеулерінде қарастырылды.
Географиялық сауаттылық тек күнделікті өмірден ғана алынбайды, ол
география мұғалімдерін кәсіби дайындаумен байланысты болады. Себебі кәсіби
дайындығы жоғары маман ғана географиялық орта туралы сауатты білім бере
алады. Сондықтан география мамандарын кәсіби дайындау процесіне көп көңіл
бөліне бастады. Болашақ география мұғалімдерін даярлау мәселесін Ә.С.
Бейсенова, Н.А. Бекенова, Ғ.Қ. Ділімбетова, Ж.Ж. Жатқанбаев, С.Қ. Қасенов,
Г. Мұқышева, Р.Т. Төлегенова, Ж.К. Тілешова, С.Т. Шалғынбаев, Ж.Б.
Шілдебаев, А.В. Чигаркин және т.б. зерттеген.
Табиғатты қорғау мен адамның қоршаған ортамен байланысы, экологиялық
білім беру мен тәрбие беру мәселесін шешуде Н.А. Бәкірова, Ә.А. Саипов, К.
Сарманова, Қ.Н. Сарыбеков, М.Н. Сарыбеков, А.Н. Захлебный, И.Д. Зверев,
И.П. Сафронов А.В. Миронов және т.б. ғалымдар еңбектерінде ғылыми-
практикалық тұрғыда шешімін тапқан.
Жоғарыда аталған ғалымдардың ғылыми жұмыстарында жоғары оқу орындарында
кәсіби бейімделген мамандарды дайындау, олардың кәсіби құзіреттілігін
жоғарылату мәселесін қарастыра отырып, оларды шешудің тиімді жолдарын
ұсынған және болашақ мұғалімдерді мәдениеттің ұлттық болмысын терең
сезініп, әлемдік өркениетпен сабақтастыра дамытуға бағыттайды. Көптеген
зерттеулерде этнопедагогикалық мәселенің өзектілігін, білім беру жағдайында
ұлттық тәрбиенің ерекшеліктері мен бүгінгі тәрбие жағдайында озық
педагогикалық дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын атап көрсеткен, бұл біздің
зерттеу жұмысымызға арқау болды.
Осы бағытта диссертациялық зерттеу жұмыстары болғанымен, ғылыми
еңбектерде география мұғалімдерінің туған жер ландшафтысын тәлім-тәрбие
беру бағытында пайдалануға жеткілікті көңіл бөлінбеген, қазақ халқының
өткен тарихи-мәдени, рухани-мәдени әлемінен әлі де толық игерілмей жатқан
байлық көзі – фольклорлық мұралар, этногеографиялық деректер,
этнотопонимикалық атаулар туралы деректерді қамтуына назар аударудың
қажеттілігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Философиялық және педагогикалық әдебиеттердің, психологиялық-
педагогикалық зерттеулердің мазмұнын сараптау барысында жоғары оқу
орындарында география пәні мұғалімдерін кәсіби даярлау процесінде:
– қоғамда білім беруді этнопедагогикалық тұрғыдан іске асыруға
дайын мұғалімге деген қажеттілік пен нақты қалыптасқан жағдай
арасындағы;
– этнопедагогикалық ғылымның дамуы мен жоғары оқу орындарындағы
білім беру мазмұнында оны жүзеге асырудың жеткіліксіздігі
арасындағы;
– болашақ география мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығына
педагогикалық практиканың қажеттілігі мен жоғары мектеп
дидактикасында оның іске асырылуының жеткіліксіздігі арасындағы
қайшылықтар бар екендігі анықталды.
Аталған қайшылықтардан жоғары оқу орнында болашақ география
мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығының мазмұны мен оны қалыптастыру
мәселесінің туындап отырғаны біздің зерттеу тақырыбымызды Жоғары оқу
орнында болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды
жетілдіру деп алуымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық
даярлауды жетілдірудің педагогикалық шарттарын анықтау, теориялық тұрғыдан
негіздеу және эксперименталдық тексеру.
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орнының педагогикалық процесі.
Зерттеу пәні: болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды
жетілдірудің педагогикалық шарттары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер болашақ география мұғалімдерін даярлауда
олардың этнопедагогикалық даярлығын жетілдірудің арнайы шарттары анықталып,
жүйелі түрде қолданылса, онда жалпы кәсіби даярлау процесінің тиімділігі
арта түседі, өйткені студенттер аталмыш даярлыққа сәйкес іс-әрекетке
бағытталады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Болашақ география мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығының мәнін
ашу;
2. Болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды
жетілдірудің педагогикалық шарттарын анықтау;
3. Болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды
жетілдірудің моделін құрастыру;
4. Болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды
жетілдірудің әдістемесін жасау және оны эксперименттік тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: болашақ география мұғалімдерін
этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру географиялық білім беру процесінің
этнопедагогика негізінде ұйымдастырылуынан тәуелді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Жеке тұлғаның
этнопедагогикалық даярлығын жетілдіруде ұлттық рухани-мәдени мұралары мен
қазақтың табиғи ортаны танып білу білімдері мен адам-қоғам-табиғат
жүйесінің жалпы заңдылықтары, өзара қарым-қатынас және тұлғаның қалыптасуы
туралы ілімдер, қазақ халық педагогикасы мен этнопедагогика сабақтастығы
туралы тұжырымдамалар, философиялық ілімдер, педагогикалық-психологиялық ой-
пікірлер, ландшафт ерекшелігіне байланысты қалыптасқан мінез-құлық, ұлттық
психикаға әсер еткен географиялық детерминизм туралы тұжырымдар мен тәрбие
туралы тұжырымдамалар, тұлғалық-бағдарлық, жүйелілік тұғырлары.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді тақырып бойынша
теориялық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау, диссертация тақырыбына
байланысты материалдарды жинақтау, саралау, жүйелеу, эксперимент, бақылау,
салыстырмалы талдау әдістері, білім беру саласындағы ресми құжаттарды
талдау, географиялық білім беруде этнопедагогика материалдарын ендірудің
әдістемелеріне сипаттама және сауалнама, бақылау жүргізу, тәжірибелік-
эксперимент жұмысының нәтижесіне баға беру, зерттеу нәтижелерін
математикалық өңдеу әдістері.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия, география
ғылымдарының классиктерінің еңбектері, Қазақстан Республикасы үкіметінің
ресми құжаттары (заңдар, қаулылар, бағдарламалар, актілер, тұжырымдамалар,
т.б.), жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу
бағдарламалары.
Зерттеу кезеңдері:
бірінші кезең (2002-2004 жж): зерттеу тақырыбы бойынша тарихи-философиялық,
психология-педагогикалық, этногеографиялық және әдістемелік әдебиеттерге
талдау жасалынды; зерттеудің ғылыми аппараты айқындалды; зерттеудiң
теориялық және әдіснамалық негіздері анықталды, анықтауыш эксперимент
жүргізілді.
екінші кезең (2004-2007 жж): зерттеу мәселесі бойынша жинақталған теориялық
және этнопедагогикалық материалдарға талдау жалғастырылды. Тәжірибелік
жұмыстар ұйымдастырылып, жүргізілді.
үшінші кезең (2007-2008 жж): тәжірибелік жұмыстың қол жеткізген нәтижелері
өңделініп, ғылыми жүйеге келтірілді. Негізгі теориялық қорытындылар мен
ұсыныстар құрастырылып, ғылыми - әдістемелік қорытындылар жасалынды.
Жинақталған материалдар мен тәжірибелік жұмыстың нәтижелері сарапталынып,
диссертацияның редакциялық өңдеуі аяқталды.
Зерттеу базасы: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Ш.Уәлиханов атындағы
Көкшетау мемлекеттік университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университеті.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
- болашақ география мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығы
түсінігінің мәні ашылған;
- болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды
жетілдірудің педагогикалық шарттары ашылды;
- болашақ география мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығының
компоненттері, көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалды;
- болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру
моделі жасалынды;
- болашақ география пәні мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды
жетілдірудің жүйесі құрастырылды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: жоғары оқу орнында болашақ
география пәні мұғалімдері мамандығының оқу жоспарындағы пәндер
бағдарламаларына қосымшалар, Жалпы жер тану, Топонимика, Қазақстанның
физикалық географиясы, студенттерге арналған Этногеография атты арнайы
курс, Болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлау
ерекшеліктері атты оқытушыларға арналған арнайы семинар, оқу-далалық,
кешенді, педагогикалық практикаға арналған бағдарламаға қосымша жасалынды.
Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие процесінде
пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- мұғалімнің этнопедагогикалық даярлығы мұғалімнің кәсіби даярлығының
маңызды және қажетті компоненті ретінде жоғары оқу орнының оқу жоспарының
барлық пәндерін игеру, далалық, педагогикалық практикаларды өту барысында
қалыптасқан этнопедагогикалық құзіреттіліктерді біріктіретін кіріктірушілік
сипаттағы жүйе;
- болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлау – бұл мазмұны
мен ұйымдастырылуын педагогикалық мамандықтағы адамдарға деген талаптармен
этнопедагогикалық ортада анықтайтын мақсатты бағытталған процесс. Мұндай
даярлаудың шарттары: арнайы даярлау мазмұнындағы этнопедагогикалық
бағыттылық, белсенділік, ұлттық мұраларды өзектендіру, этнопедагогикалық іс-
әрекетке және тәрбиенің дәстүрлі мәдениетіне тұрақты қызығушылықты
қалыптастыру болып табылады;

жетілдірудің моделі - мақсаты, міндеттері, принциптері, мазмұны, әдістері,
формалары мен құралдарының құрамдас бөліктерінен құралады;

компоненттері, көрсеткіштері және деңгейлері;
– болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды
жетілдіру бойынша жүргізілген эксперименттің нәтижелері.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі: диссертациялық зерттеудің
әдіснамалық, теориялық бағытымен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа
сәйкестілігімен, эксперименттік-тәжірибелік жұмысының жоспарлығы, алынған
нәтижелерді өңдеуде математикалық әдістерді қолданумен және олардың
тиімділігі тексеріліп, оқу-тәрбие процесіне енгізумен қамтамасыз етілді.
Зерттеу жұмысының теориялық қағидалары мен нәтижелерін байқаудан өткізу.
Ғылыми зерттеу жұмысының мазмұны халықаралық (Алматы, 2006 ж., Қарағанды,
2007 ж., 2008 ж., Жезқазған, 2007 ж., София 2008 ж) ғылыми-практикалық
конференцияларда, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің география, педагогика
кафедраларының ғылыми-әдістемелік семинарларында баяндалды; зерттеу
жұмысына байланысты баспасөз беттерінде География в вузах и школах
Казахстана (2006), Ұлт тағылымы (2007), Ізденіс (2007), Қазақстан
жоғары мектебі (2007), ҚарМУ Хабаршысы (2007), Этнопедагогика (2008)
мақалаларда көрініс тапты.
Диссертацияның құрылымы: диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
тұжырымдар мен қорытындыдан, пайдаланған деректер тізімі мен қосымшалардан
тұрады.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, ғылыми аппараты, мақсаты, нысаны, пәні,
міндеттері мен болжамы, зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері,
әдістері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық мәнділігі, маңызы, зерттеу
кезеңдері мен базасы, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар қамтылған.
Болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлаудың теориялық
негіздері атты бірінші тарауда зерттеліп отырған проблема педагогикалық,
психологиялық және философиялық тұрғыларынан теориялық және практикалық
жақтарынан негізделіп, олардың болашақ география мұғалімдерін
этнопедагогикалық даярлауды жетілдірудің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері
анықталып, мақсат-міндеттері қарастырылды. Этнопедагогикалық даярлықты
жетілдірудің педагогикалық мүмкіндіктері ашылып, проблеманың қазіргі
жағдайы қарастырылды.
Болашақ мұғалімнің этнопедагогикалық даярлығын жетілдіру бойынша
тәжірибелік жұмыс атты екінші тарауда оқу-тәрбие процесінде студенттердің
этнопедагогикалық даярлығын жетілдірудің негізгі формалары мен әдістері
айқындалды, негізгі пәндерге қосымша этнопедагогикалық бағыттағы қосымша
бағдарлама мен арнайы курс бағдарламасы сипатталып, эксперименттік-
тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері қорытылып, баяндалды.
Қорытындыда теориялық, эксперименттік-тәжірибелік жұмыстардың
нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
Қосымшада студенттер, оқытушылар мен мектеп мұғалімдерінен алынған
сауалнама, қазақтың географиялық жұмбақтары мен табиғатқа байланысты мақал-
мәтелдері, қазақтың ауа-райы туралы болжамдары және студенттердің оқу-
далалық тәжірибе кезіндегі зерттеу жұмыстарының есебі ұсынылды.
Негізгі бөлім
Болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдірудегі
зерттеу жұмысымыздың өзектілігін ашуда біз әдіснамалық негізде кәсіби білім
беру теориясы мен этнопедагогикалық тұжырымдарға сүйендік.
Осыған байланысты біз зерттеу тақырыбымызбен тікелей байланысты келесі
екі топқа жататын ұғымдардың анықтамаларына талдау жасадық. Бірінші топқа
кәсіби білім беру теориясына байланысты кәсіби даярлау, кәсіби даярлық
және кәсіби құзіреттілік, ал екінші топқа этнопедагогикалық іс-әрекет,
этнопедагогикалық мәдениет, этнопедагогикалық даярлау,
этнопедагогикалық құзіреттілік ұғымдары жатады.
Салыстырмалы талдау арқылы аталған ұғымдардың мәнін аша отырып, болашақ
мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлық түсінігін біз төмендегідей
тұжырымдадық: кәсіби іс-әрекетте арнайы білімдерді, іскерлік, дағдыларды
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кәсіби маңыздылыққа ие тұлғаның
кіріктірілген қабілеттерінің жүйелі жиынтығы.
Осы тұжырымға сәйкес біз болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалық
даярлауды география пәні мамандығының ерекшелігіне байланыстыра нақтыладық.
Бұл жерде негізгі әдіснамалық бағыт ретінде географиялық детерминизм
алынды. Сонда, болашақ география пәні мұғалімінің этнопедагогикалық
даярлығы деп этникалық кеңістіктегі этнопедагогикалық іс-әрекетіне қажетті
арнайы білімдер мен іскерліктер негізінде қалыптасқан және жаңа білімдерді
ұдайы игеруге бағытталған тұлғалық интегративтік қасиеттердің,
қабілеттердің жүйелі жиынтығын түсінеміз.
Мұғалімнің кәсіби даярлығына жан-жақты мән беру және оларды қажетті,
міндетті деп есептей отыра, этнопедагогикалық даярлықты ерекше атап
көрсетуге тура келеді.
Болашақ география мұғалімін этнопедагогикалық даярлаудың дидактикалық
негізі – бұл мақсат, міндеттер және мазмұнның біріңғай жиынтығын қамтитын
кәсіби-білімдік жүйенің құрамдас бөлігі.
Этнопедагогикалық даярлаудың маңызды мақсаттарын жүзеге асыру тұлғалық
қасиеттерді, талап етілген білімдер мен іскерліктерді модельдеу негізінде
ғана іске асыру мүмкін. Сондықтан болашақ география мұғалімдерін
этнопедагогикалық даярлауды жетілдірудің моделін құрастыруды жөн көре
отырып, оның алдында біз сол даярлаудың көрсеткіштерін анықтадық. Бұл
мәселеге байланысты ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде келесі қорытындыны
жасадық: болашақ география мұғалімін этнопедагогикалық даярлау өзара
байланысты және өзара шартталған үш компонентті біріктіреді. Олар:
тұлғалық, мазмұндық, технологиялық.
Тұлғалық компонент – кәсіби және тұлғалық қасиеттерден,
этнопедагогикалық және географиялық білімдерге қызығушылық, сонымен бірге,
этнопедагогикалық даярлық процесінде тәрбиеленетін және дамитын
педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері талап ететін қасиеттерден тұрады.
Мазмұндық компонент – мақсат қоя білу және педагогикалық білім мазмұнын
саралауды көрсетеді. Мазмұнға жалпы кәсіби және географиялық біліммен қоса,
халық педагогикасының әдістері, факторлары, құралдары, формалары, халықтық
тәрбие тәжірибесі, халықтың тарихы мен мәдениеті, жалпыадамзаттық және
ұлттық құндылықтар жүйесі, этнопсихологиялық ерекшеліктер туралы білімдер
кіреді. Аталған білімдер этнопедагогикалық білім түріне жатады.
Технологиялық компонент – игерілген кәсіби және географиялық
білімдерімен бірге этнопедагогикалық білімдерді қолдану іскерліктерін,
дағдыларын, полиэтникалық ортада этнопедагогикалық процесті ұйымдастыруды,
этнопедагогикалық міндеттерді қойып, оны шешуді, тәрбиелеудегі ұлттық
тәжірибені этнопедагогикалық міндеттерді шешуде қолдануды, табиғи ортаны
танып білудегі ата-бабалардан қалған бай тәжірибені пайдалана білу
әдістерін таңдауды, отбасымен өзара әрекетті жандандыруды, мәдени
құндылықтарды біріктіреді.
Барлық кәсіби компоненттердің қалыптасу ірге тасы тұлғалық компонент
болады. Бұл компонент – базалық. Бұл компонентсіз қалған компоненттер іске
аспайды.
Білім беру процесінде педагогтің этнопедагогикалық даярлығының
компоненттері өзара ажырамай үнемі байланыста болса, атқарылатын жұмыстың
нәтижесі де жоғары болады. Олардың әрқайсысы қойылған мақсатты жүзеге
асыруды қамтамасыз ететін кәсіби құрылым болып табылады. Осы кәсіби құрылым
жүйенің барлық компоненттерін жүзеге асыруды шарттайды.
Этнопедагогикалық даярлаудағы этнопедагогикалық мәдениет халық
тәжірибесінің құндылықтарын, этнопедагогикалық білімдер мен іскерліктерді
беру құралы ретінде саналады.
Әр компоненттің қалыптасқан деңгейін белгілі бір көрсеткіштер арқылы
анықтауға болады (1- кесте).
Кесте 1 – Болашақ география мұғалімінің этнопедагогикалық даярлығының
моделі
Компоненттер Тұлғалық Мазмұндық Технологиялық
Этнопедагогикалық Жалпыкәсіби Кәсіби іс-әрекетін
білімдерге деген білімдер этнопедагогикаға
Көрсеткіштер қажеттілік негіздей алу
Өз кәсібінің Этнопедагогикалық Этнопедагогикалық
әлеуметтік білімдер және этногеографиялық
маңызын сезіну
білімдерді ұштастыра
алу
Этнопедагогикалық Географиялық Этнопедагогикалық
және білімдер және этногеографиялық
этногеографиялық
білімдерге білімдерді
қызығушылық педагогикалық
міндеттерді шешуде
қолдану іскерлігі
Тұлғалық компонент келесі көрсеткіштермен ерекшеленеді:
этнопедагогикалық білімдерге деген қажеттілік, өз кәсібінің әлеуметтік
маңызын сезіну және этнопедагогикалық, географиялық білімдерге қызығушылық.
Бұл өлшемдер болашақ география пәні мұғалімдерінің этнопедагогикалық
бағыттылығын, мотивтерін, өз халқының тарихын, дәстүрлі тәрбие мәдениетін
үйренуге, қажетті этнопедагогикалық білімдер мен іскерліктерді игеруге
деген қызығушылығын, этнопедагогикалық іс-әрекетке, дәстүрлерге, ұлттық
мәдени құндылықтарға тұрақты оң қатынастың болуын, этнопедагогикалық
ортамен өзара әрекеттегі этнопедагогикалық іскерліктердің дамуын көрсетеді.
Мазмұндық компоненттің көрсеткіштеріне жалпыкәсіби, этнопедагогикалық
және географиялық білімдер жатады. Олардың ішінде ең маңыздысы қазақ
халқының жер ландшафтысы, халықтың ауа райын болжай алуы, халықтық
тәрбиенің дәстүрлі жүйелері, адам – табиғат – қоғам арасындағы заңдылық
байланыстар туралы білімдер болып саналады.
Технологиялық компонент кәсіби іс-әрекетті этнопедагогикаға негіздей
алу, этнопедагогикалық және географиялық білімдерді ұштастыра алу,
этнопедагогикалық және этногеографиялық білімдерді педагогикалық
міндеттерді шешуде қолдану іскерлігі сияқты көрсеткіштерді қамтиды.
Қарастырылған көрсеткіштер жоғары оқу орны студенттерінің
этнопедагогикалық даярлаудың барлық компоненттерінің қалыптасу деңгейін
бағалауға мүмкіндік береді. Әрбір көрсеткішті біз белгілер жүйесі арқылы
қарастырдық. Аталған болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық
даярлаудың көрсеткіштерін ескере отырып, оның төмен, орташа, жоғары
деңгейлері анықталды.
Жоғары деңгей: өз бетімен шығармашылық әрекетті ұйымдастыра және халық
дәстүрлері негізінде этнопедагогикалық ортаны құра алады, анық көрінетін
танымдық этнопедагогикалық бағыттылық, халықтың дәстүрлі мәдениеті жайлы
білімдерге деген құштарлық, этнопедагогикалық іс-әрекетке тұрақты оң қарым-
қатынас, білім берудегі этнопедагогикалық іс-әрекеттің маңызын сезінуі бар.
Орта деңгей: баланың ұлттық психологиясының маңыздылығын сезінеді,
халықтық дәстүр, тәрбиенің халықтық мәдениеті туралы шектеулі білімдерді
игеріп, оны өз педагогикалық іс-әрекетерінде ара-тұра қолданады, оқыту мен
тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, халықтық құралдарын пайдалана алады,
этнопедагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыра біледі, тәрбиенің халықтық
дәстүріне негізделген педагогикалық іс-әрекетке қызығушылық танытады.
Төменгі деңгей: этнопедагогикалық және этнопсихологиялық бағыттылықтағы
жүйеленбеген білімдері бар, халық мәдениетінің дәстүрлерінің жекелеген
түрлерін біледі, этнопедагогикалық міндеттерді шешудегі этнопедагогикалық
іскерліктері өте төмен, халық педагогикасының әдістерін, құралдарын қолдана
алмайды.
Болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлаудың
компоненттері мен көрсеткіштеріне көп тоқталған себебіміз мақсат пен
нәтиженің аражігіне байланысты. Яғни, арнайы ғылыми әдебиеттерде мақсат
болжамдаған, күткен нәтиже ретінде қарастырылады. Ал, біз зерттеп отырған
даярлық болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды
жетілдіру процесінің нәтижесі ретінде қарастырылып отыр. Олай болса,
қойылған мақсат бастапқы жағдай болып саналады, ал бұл мақсатты нәтижеге
айналдыру үшін белгілі бір педагогикалық шарттар жүйесін анықтау қажет.
Біздің жұмысымызда педагогикалық шарттар нақты жүйе мен ойларға негізделіп
жасалған оқу материалдарынан алынып отыр.
Географиялық білімді этнопедагогика материалдарымен байланыстыруға дайын
маманның кәсіби даярлығын ұйымдастыру үшін мазмұнды іріктеу әдіснамасын
қайта қарау немесе білім беру парадигмасының ауысу фактісін тіркеу
жеткіліксіз, білімдік кеңістіктің күйін анықтайтын білімдік-дамытушылық
процесті ұйымдастырудың сәйкес формаларын, мақсаттарын қарастыру, қажетті
оқу-материалдық базаларын құру, мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекеті
барысында қойылған міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік беретін
педагогикалық технологияларды жобалау және енгізу сияқты барлық
компоненттерін өзгерту қажет. Болашақ мұғалімдер оқушыларға географиялық
біліммен бірге этнопедагогикалық білімді сабақтастырса, кәсіби даярлауды
әдістемелік қамтамасыз ету ерекше басымды мәнге ие болады.
Мамандардың кәсіби-педагогикалық даярлығын модельдеу мәселесіне
арналған ғылыми жұмыстар мен диссертациялық зерттеулерді талдау,
жинақталған материалды қорытуға және білімді этнопедагогика материалдарымен
байланыстыру принципін есепке ала отырып болашақ география мұғалімдерін
этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру моделін жасауға мүмкіндік берді. Бұл
модельді құруда болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды
жетілдіруді есепке ала отырып, мұғалімнің кәсіби даярлығы сапасына қоғамның
қоятын талаптары, мектепте оқылатын география пәнін этнопедагогикамен
байланыстыруды ескере отырып, мұғалім даярлауды жетілдірудің негізгі
бағыттары, кәсіби даярлықтың білімдер, іскерліктер түріндегі мазмұны және
оқу процесіне этнопедагогика материалдарын кіргізу әдістері, географиялық
білімді этнопедагогика материалдарымен байланыстыруға болашақ мұғалімді
кәсіби даярлауды әдістемелік қамтамасыз ету ескерілді (1- сурет).
Айта кету керек, біздің зерттеу жұмысымызда болашақ география
мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру және қалыптастыру
айтылады. Қазіргі жоғары оқу орнының оқу процесінде болашақ мұғалімнің
этнопедагогикалық дайындығы этнопедагогикалық және этнопсихологиялық
курстарын оқу кезінде қалыптасады. Бірақ, бұны болашақ география пәні
мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығын қалыптастыруда жеткіліксіз деп
санап, біз этнопедагогикалық даярлауды жетілдіруді мақсат етіп қойдық. Осы
мақсатқа жету үшін аталмыш даярлықтың компоненттерін қалыптастыруға
бағытталған міндеттер қарастырылды. Осыған байланысты болашақ география
мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдірудің принциптері
анықталды.
Сурет 1 - Болашақ география мұғалімін этнопедагогикалық даярлауды
жетілдіру моделі.
Бұл міндеттер мен принциптер негізінде болашақ география мұғалімін
этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру жүйесі анықталды (2- сурет).
Бұл жүйенің мазмұны жалпыкәсіби, географиялық және этнопедагогикалық
білімдерді қамтитын жоғары кәсіби білім стандарттары бойынша тағайындалған
пәндер және практика бағдарламаларына қосымшаларды, арнайы семинар мен
арнайы курстарды камтиды. Осы қаланған мазмұнды жүзеге асыруға толық
мүмкіндік беретін педагогикалық технологияны қадағалауды қажет етеді. Бұл
технология жоғары оқу орындарының педагогикалық процесіне сай болуы және
көрсетілген мазмұнды біртұтастық принципке негізделуі тиіс. Мақсатқа
жетудің әр кезеңі оқытудың негізгі курсына сәйкес болу керек. Олай болса,
болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдірудің
төрт кезеңі анықталды:
Бірінші кезең – болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығын
қалыптастыру процесі оң нәтиже беру үшін, алдымен, оқытушылардың негізгі
пәндер мен этнопедагогикалық білімдерін және іскерліктерін бір жүйеге
келтіру қажет. Сондықтан оқытушыларға арналған Болашақ география пәні
мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығын қалыптастыру ерекшеліктері атты
арнайы семинар бағдарламасы жасалды. Сонымен қатар, болашақ география
мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіруде арнайы пәндерді оқыту
барысында үлкен мүмкіндік беретін негізгі пәндер анықталды. Соның бірі -
бірінші курста оқылатын Жалпы жер тану пәні. Сонымен қатар, оқу-далалық
практика бағдарламаларына қосымшалар жасауды қажет деп санадық.
Екінші кезеңде Туризм және өлкетану негіздері, Геоэкология және
табиғатты қорғау пәндерінің оқу бағдарламаларына және оқу-далалық практика
бағдарламасына қосымшаларды жасауды дұрыс көрдік.
Үшінші курста жоғары кәсіби білім беру мемлекеттік стандартына сәйкес,
жалпы курстарды оқыту аяқталып, арнайы кәсіби пәндерді оқыту басталады.
Арнайы пәндерді оқуда студенттердің дайындық деңгейін ескере отырып, алған
білімдерін жүйелеу және жетілдіру мақсатында болашақ география пәні
мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығын қалыптастырып және жетілдіру
үшін Этногеография арнайы курсын құрастырдық. Сонымен бірге, 3,4
-кезеңдерде – Топонимика, Қазақстанның физикалық географиясы
пәндерінің, сол сияқты оқу-дала және педагогикалық практикаларының
бағдарламаларына қосымшаларды енгізуді жөн көрдік.
Барлық оқу материалдарын мақсатты және жүйелі түрде кіріктіруде тиімді
педагогикалық әдістерді пайдалану қажет болды. Бұндай әдіске Оқу мен жазу
арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы қолданылады, өйткені
ол оқытушылар мен студенттердің еркін түрде өзара пікір алмасуына мүмкіндік
береді және студенттер өз ойларын, жұмыстарының нәтижелерін, қорытындысын
ашық айтып, басқалардың сын-ескертпелерін тыңдап, мәселені жан-жақты талдау
жасау арқылы ғана алға қойған мақсатқа жете алады. Оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлауды дамыту алпыстан аса стратегияны қамтиды. Бұл біздің
жағдайда географиялық білім мен этнопедагогикалық
материалдарды сабақтастыра отырып меңгеруде үлкен көмек болатыны анық.
Жалпы, бұл жүйені жасау, болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалық
даярлауды қалыптастыру және жетілдіру мәселесі бойынша жоғары оқу орнының
педагогикалық процесінің мүмкіндіктерін талдауына негізделді. Осыған орай,
зерттеу барысында жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандарты
қарастырған болашақ география пәні мұғалімін даярлаудың оқу пәндерінің
барлық циклдері бағдарламаларына талдау жүргізілді. Көрсетілген
проблемалардан барлық циклдегі оқу пәндері, жекелеген бағдарламалық
тараулар, тақырыптар, тіпті болашақ география пәні мұғалімін
этнопедагогикалық даярлаудың әртүрлі сұрақтарын шешетін оқу курстары үш
топқа іріктелді: 1) бірінші топты болашақ география мұғалімін даярлаудың
жекелеген тұстары мен сұрақтарын ашатын тақырыптар мен бағдарламалық
тараулар, оқу пәндері құрайды; 2) екінші топты барлық мазмұнымен болашақ
география мұғалімін этнопедагогикалық даярлауға ықпалын тигізетін оқу
пәндері құрайды; 3) үшінші топқа болашақ география мұғалімін
этнопедагогикалық даярлау бойынша этнопедагогикалық іс-әрекет дағдылары мен
іскерліктерін шыңдайтын кешенді оқу – далалық және педагогикалық
практикалар жатады.
Аталмыш жүйенің тиімділігін тексеру үшін эксперимент жұмысын
ұйымдастырып, өткіздік. Үш кезеңдік экспериментке Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университетінің география кафедрасының, Ш.Уәлиханов
атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің география және экология мен
оқыту әдістемесі кафедрасының, Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған
университетінің дене шынықтыру және спорт секциясы мен биология және
география кафедрасының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
физикалық география және геоэкология кафедрасының студенттері, 20 оқытушы,
география пәнінен сабақ беретін 33 мектеп мұғалімдері қатысты. Тәжірибелік
жұмыстың мақсаты болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды
жетілдіруде біз жасаған жүйенің тиімділігін анықтау болды.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың айқындаушы кезеңінде студенттердің,
география мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығының бастапқы деңгейін
анықтау үшін әртүрлі диагностикалық әдістер қолданылды. Оның нәтижесінде
болашақ география пәні мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығы
жеткіліксіз деңгейде қалыптасқанына көз жетті.
Қалыптастырушы эксперименттің бірінші кезеңінде (барлығы төрт кезең)
Болашақ география пәні мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығын
қалыптастыру ерекшеліктері атты оқытушаларға арналаған арнайы семинар
өткізілді. Оқытушылар Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығын
жетілдіру процесі қандай деңгейде, Оқу жоспарындағы қандай пәндер
студенттің этнопедагогикалық даярлығын жетілдіреді, Студенттер ұлттық
мәдени құндылықтарды қаншалықты біледі, Жоғары оқу орны жағдайында
болашақ маманның этнопедагогикалық даярлығын жетілдірудің өзектілгі атты
арнайы тақырыптарда баяндама жасап пікірталасқа қатысты. Бұл кезеңде Жалпы
жер тану пәнінің бағдарламасына қосымшалар енгізіліп оқытылды.
Жалпы жер тану курсы - оқу бағдарламасында алғашқы оқылатын пәндердің
бірі. Пәннің негізгі мақсаты – жалпы планеталық табиғи кешеніндегі
географиялық қабықтың құрылысымен, уақыт пен кеңістікте даму заңдылықтармен
кеңінен таныстыру. Жалпы заңдылықтарға бағынған географиялық қабықтың
(атмосфера, гидросфера, литосфера, биосфера) өзара байланысын және табиғи
ортаға әсерін танып біледі. Бұл курста қазақ этнопедагогикалық
материалдарының мазмұны – географиялық қабықтағы табиғат, адам және қоғам
арасындағы өзара қарым-қатынасын қоршаған орта туралы ұлттық ойтаным, әдет-
ғұрып туралы білімдер жиынақталған. Студенттер халқымызыдың адамгершілік-
имандылық мұраттарынан бастау алатын қоршаған орта, ондағы адамзаттың орны,
табиғат құбылыстары туралы түсініктері мен көзқарастары жайлы көп мағлұмат
алады.
Бірінші курстың соңында, алғашқы кезең аяқталған соң, практика кезіндегі
білімдері байқалды, сауалнама, тестілік сұрақтар алынды, оның нәтижесі
бойынша біздің анықтағанымыз, студенттердің этнопедагогикалық даярлығы
байқалмайды, бірақ қосымшаларға байланысты түсініктері қалыптасқан.
Қалыптастырушы эксперименттің екінші кезеңінде Туризм және өлкетану
негіздері пәні бойынша этнопедагогикалық бағыттағы қосымша бағдарлама
ұсынылды. Пәннің негізгі мақсаты – өлкеміздің мәдени-тарихи жерлерімен
таныстыра отырып, туризмді дамытуға қолайлы аудандары туралы білім беру.
Пәнді этнопедагогикамен байланыстырудың маңыздылығы, өлкеміздегі тарихи-
мәдени жерлердің табиғатының ерекшелігін халық педагогикасының мұраларымен
байланыстыруда, жер-су аттарының қойылу ерекшелігімен, туризмді дамытуға
қолайлы аймақтың ландшафтысына, климатына, табиғи ортасына ертеден айтылып
келе жатқан көзқарастар, наным-сенімдер туралы түсініктеме беруде.
Геоэкология және табиғатты қорғау пәнінің негізгі мақсаты – табиғи
ресурстардың тиімділігін, халық шаруашылығындағы маңыздылығын ескере
отырып, қорғауға оқытып-тәрбиелеу. Пәнге қосымша этнопедагогикалық
бағыттағы қосымша бағдарламада студенттердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz