Сот қадағалау тәртібімен іс жүргізудің мәні мен маңызы


Жоспар:

Кіріспе . . .

І-тарау. Сот қадағалау тәртібімен іс жүргізудің мәні мен маңызы

  1. Қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау институтының ерекшеліктері . . .
  2. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу институтының сатылары. Қадағалау арыздары мен шағымдарының құқықтық табиғаты және оларды қараудың тәртібі . . .

ІІ-тарау. Қазақстан Республикасында қадағалау тәртібімен іс жүргізудегі соттардың қызметтерінің ерекшеліктері

  1. 2. 1. Істі талап етіп алдырту мен сот қаулыларының орындалуын тоқтата тұру және қадағалау тәртібінде шағымданушыларға жауап қайтару . . .
  2. Қадағалау институтына байланысты кейбір өзекті мәселелер . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі . . .

Кіріспе

Зерттеу мәселесінің өзектілігі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың игіліктерінің, олардың мүдделерінің толықтай қорғалып, демократиялық құқықтары мен бостандықтарының жан-жақты кепілдендірілуіне бағытталып, оның сақталуын барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың басты міндеті ретінде бекітеді. Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, өмірі мен денсаулығын, өзінің мүлкі мен бостандығын сот тәртібінде қорғау құқығы бекімін тапқан (Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабы) .

Сот тәртібінде қорғану құқығы әділ сотттың бастамасындағы және азаматтық іс жүргізудегі басты, бастаушы қағидалардың бірі болып табылады, өйткені қалған барлық қағидалардың әрекет етуі осы қағидалардың жүзеге асырылуына тікелей байланысты болып келеді. Бұл құқық азаматтық-құқықтық даулардың іс жүргізудің барлық сатыларында дер кезінде және дұрыс қаралуы мен шешілуін қамтамасыз ететін тұтастай іс жүргзіушілік-құқықтық кепілдіктер жүйесінің қалыптасуы арқылы жүзеге асырылады.

Азаматтық іс жүргізудің негізгі мақсаты - азаматтық-құқықтық дау туралы кез келген дау бойынша объективтік байламға, шындыққа жету болып табылады. Егер де бұл мақсатқа қол жеткізілмейтін болса және азаматтық-құқықтық дау бойынша негізсіз және заңсыз шешім шығарылатын болса, заңда бекітіліген тәртіпте ол шешімнің күші жойылуы тиіс.

Сот тәртібінде қорғану құқығын жүзеге асырудың басты азаматтық-құқықтық кепілі ретінде азаматтық іс жүргізудегі сот қадағалауы институтын айтуға болады. Бұл азаматтық істер бойынша заңдардың дұрыс және біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл қағида Конституцияда бекімін тапқан, мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың заңдылық негізінде ғана жұмыс істейтіндігін көрсетіп, құқықтық тәртіптің, қоғам мүддесінің, азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ететін заңдылық қағидасын жүзеге асырады.

Қадағалау тәртібімен іс жүргізу өндірісі сот актілерін қайта қарау жүйесіндегі сот қателіктерін жоюдың бір нысаны болып табылады. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу институты заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру бойынша сот қадағалау инстанциясының қызметін реттейтін азаматтық іс жүргізушілік нормалардың жиынтығы болып келеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының бірен бір негізгі талабы - мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың саяси, еңбек, тұрғын үйлік және басқа да мүліктік, жеке мүліктік емес құқықтарын қорғауға жұмылдырылған. Заңдылық қағидасы соттың және процеске қатысушы басқа да тұлғалардың құқық нормаларын бұлжытпай сақтауын талап етеді.

Сот тәртібінде құқық қорғаудың мемлекеттік-құқықтық кепілі ретінде бола отырып, қадағалау тәртібінде іс жүргізу заңдылықтың мызғымастығының басты құралы болып табылады.

Сонымен, зерттеу мәселесінің өзектілігін бұл институттың азаматтардың, заңды тұлғалардың, тіпті мемлекеттің сотта бұзылған құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталғандығымен және бұл институттың соттың кез келген инстанциясының кез келген шешімін өзгертуі мүмкін екендігімен түсіндіруге болады. Сонымен қатар қадағалау тәртібімен сот ісін жүргізу институты біркелкі және заңды сот тәжірибесінің қалыптасуына әсер етеді, өйткені қадағалау инстанциясының актілері төмен тұрған сот инстанцияларына бағыт ретінде танылады, ал бұл өз кезегінде сот тәжірибесінде қателердің азаюына алып келеді.

Сот актілерін қадағалау тәртібімен қорғау институтын саралау кезінде оның демократиялық табиғатын анықтауға үлкен назар аударылады. Бұл тұрғыда оның мәніне, әділ сот пен азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларын қамтуына жете мән беріледі. Азаматтық іс жүргізу құқығы әдебиеттеріне көз жүгіртсек, қадағалау тәртібінде іс жүргізудің басталуы, оның басталуына себеп болып табылатын арыздар мен шағымдарды лауазымды тұлғалардың қабылдауы, қадағалау тәртібіндегі арыздар мен шағымдардың құқықтық табиғаты, бұл шағымдарды қарастыратын сот органдарының жүйесі мен олардың мәртебесіне қатысты олардың аса маңыздылығы туралы айтылған.

Қадағалау тәртібімен іс жүргізуде ерекше маңызға шешімдерге шағымдану мен арыздану институты ие, өйткені қадағалау тәіртібімен сот акітелірін қайта қарау тек қана қадағалау тәртібіндегі шағым мен арыздың негізінде мүмкін болып табылады. Бұл дегеніміз, арыз немесе прокурор шағымы болмаса, қадағалау тәртібімен іс жүргізудің туындауы да екіталай. Әдебиеттерде шағымдану мен арыздану институттарының орны жете зерттелмеген. Осы зерттеу жұмысында бұл сұрақтар қарастырылып өтеді.

Соттық қадағалау инстанцияларының өкілеттіктері әдебиеттерде көбінесе олардың құқықтары ретінде бағаланады. Дегенменен, олардың құқықтық табиғатын ашып көрсететін басты ерекшелігі олардың тек қана құқық ретінде емес, сонымен қатар тиісті сот қадағалау инстанцияларының міндеті болып табылатындықтарында. Бұл зерттеу жұмысында қадағалау тәртібінде іс жүргізудің теориялық және тәжірибелік басты сауалдары зерттелген.

Жұмыстың мақсаты туралы айтар болсақ, олар: Қазақстан Республикасындағы сот актілерін қадағалау тәртібінде қайта қарау институтының мәні мен мақсатын зерттеп, оған құқық тұрғыдан баға беру, азаматтық іс жүргізу құқығының қадағалу тәртібінде іс жүргізуге қатысты бөлігіндегі заңнаманы жетілдіру жолдарын ұсыну, сонымен қатар сот жүйесіне қатысты да кейбір мәселелерге шолу жасау.

Сонымен қатар бұл жұмыста біз шешілуі тиіс төмендегідей мақсаттарды алға қоямыз:

  • қадағалау тәртібімен іс жүргізудегі шағымдар мен арыздарға анализ жүргізу;
  • қадағалау шағымдары мен арыздарын қабылдау тәртібінде талдау жасау және шағымдар мен арыздарды қабылдау негіздерін саралау;
  • қолданыстағы азаматтық іс жүргізу заңнамасындағы қадағалау тәртібімен іс жүргізуге қатысты нормаларға талдау жасау;
  • қадағалау тәртібімен іс жүргізуді жетілдіру жолдарын ұсыну.

Бұл зерттеу жұмысының құрылымы екі тараудан тұрады. Бірінші тарау “Сот қадағалау тәртібімен іс жүргізудің мәні мен маңызы” деп аталады. Бұл тараудың бөлімдерінде қадағалау тәртібімен іс жүргізудің маңызы мен мақсаты, оның басқа сот актілерін қайта қараудан құқықтық ерекшеліктері, сонымен қатар бұл инстанцияның қозғалуына негіз болып табылатын қадағалау арыздары мен шағымдарының құқықтық табиғаты сөз болады. Зерттеу жұмысының екінші тарауы “Қазақстан Республикасында қадағалау тәртібімен іс жүргізудегі соттардың қызметтерінің ерекшеліктері” деген атауға ие. Аталған тарауда біз қадағалау сатысындағы соттың қызметіне талдау жасап, оны бағамдаймыз. Сонымен қатар бұл тарау қазіргі Қазақстан Республикасындағы сот қадағалау институтын жетілдірудің жолдарын іздейді.

І-тарау. Сот қадағалау тәртібімен іс жүргізудің мәні мен маңызы

І. Қадағалау тәртібімен сот актілерін қарау институтының ерекшеліктері

Азаматтық іс жүргізу заңнамасы жоғарғы тұрған соттардың шешімдерінің негізділігі мен заңдылығын тексеру бойынша жүзеге асырылатын қызметіне қатысты “заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларын, қадағалау тәртібінде қайта қарау” деген терминді қарастырады. Бұл терминнің мазмұны неде?

Төменгі тұрған соттардың шығарған шешімдерін қадағалау тәртібімен қайта қарау - бұл жоғарғы тұрған соттардың іс жүргізушілік қызметі болып саналады. Бұл қызмет соттың шығарған шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру, сот қателіктерін жою мақсатын өз алдына нысана ретінде қояды.

Қадағалау тәртібінде іс жүргізу азаматтық іс жүргізудің жеке бір сатысы ретінде заңды күшіне енген шешімдерге орын алған қателіктер мен кемшіліктерді жою, сонымен қатар сот тәжірибесінде заңдылықтың талабына сай біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету міндеттерін өз алдына қояды.

Қадағалау тәртібінде іс жүргізу сатысы азаматтық іс жүргізудің бір сатысы ретінде бір-бірімен тығыз байланысты қадағалау инстанциясында пайда болатын, заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексеруге бағытталған қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Бұл сатының қажеттілігін бірнеше жағдайлармен байланыстыруға болады. Бұл институт азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған, себебі бұл саты кез келген соттың және кез келген инстанцияның шешіміндегі қателіктерді жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қадағалау тәртібінде іс жүргізу институты біркелкі сот тәжірибесінің қалыптасуына әсер етеді, өйткені жоғарғы тұрған соттардың актілері төменгі тұрған соттың әрекетіне бағыт көрсетеді, ал бұл өз кезегінде сот кемшіліктерін алдын алуға жағдай жасайды.

Қадағалау тәртібінде іс жүргізудің пәні ретінде тек заңды күшіне енген сотт актілері табылады. Ол актілер тек қана бірінші сатыдағы ғана соттың актілері емес, сонымен қатар апелляциялық сатының, тіпті қадағалау сатысындағы соттардың шешімдері, қаулылары мен ұйғарымдары болуы мүмкін.

Сонымен бұл саты келесідей жағдайларда туындауы мүмкін:

а) егер де апелляциялық сатыдағы сот сот актісін қарауға құзырлы болмаса (мысалы, апелляциялық шағымдану үшін берілген мерзім өтіп кеткен болса) ;

б) егер де апелляциялық сатыдағы сот істі қарау барысында қателіктерге жол беретін болса1.

Қадағалау тәртібінде іс жүргізу жоғарғы тұрған соттардың төменгі тұрған инстанциялардағы соттардың актілерін тексеріп, бақылау қызметі болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 397-бабына сәйкес қадағалау тәртібімен сот шағым мен арызда келтірілген негіздер шегінде істе бар материалдар бойынша бірінші, апелляциялық инстанциялардың сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді.

Дегенменен, бұл азаматтық іс жүргізу сатысында да фактілік жағдайлар тексеріледі, өйткені істе бар және қосымша ұсынылған істегі материалдарды зерттемеу, шешімнің негізді немесе негізді еместігі туралы айтуға мүмкіндік бермейді. Бұл ретте де іс материалдарын зерттеу, яғни бірінші инстанциядағы соттардың бекіткен шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру орын алады. Жоғарғы тұрған соттың бірінші инстанциядағы соттың бекіткен фактілік жағдайына тікелей негізсіз қарсы келетін уәждерді негізге ала отырып, шешімді өзгертуге немесе жаңа шешім шығаруға құқығы жоқ.

Апелляциялық сатыда істерді қарауға қарағанда соттардың шешімдерін қадағалау тәртібімен қайта қарау ерекше мәнге ие болып табылады. Мұндай көзқарас азаматтық іс жүргізушілік құқығымен қатар, қылмыстық іс жүргізу құқығында да өз бекімін тапқан.

Қазақстандық азаматтық іс жүргізу құқығы теориясының көрнекті өкілі болып табылатын З. Х. Баймолдина қадағалау тәртібімен іс жүргізу институтына ерекше мән бере отырып, қадағалау тәртібімен іс жүргізу азаматтық процестің бір сатысы, ол белгілі бір мақсаттарға жетуге бағытталған іс жүргізушілік әрекеттердің жиынтығы деп баға береді2. Қадағалау тәртібімен шағымдану мен наразылық келтірудің мақсаттары:

  1. бірінші, апелляциялық, сонымен қатар қадағалау сот инстанцияларының заңды күшіне енген актілерінің негізділігі мен заңдылығын тексеру;
  2. соттардың дұрыс және заңды актілерді шығаруын қамтамасыз ету;
  3. іске қатысушы тұлғаларға олардың құқықтары мен мүдделері қорғалатындығы туралы қосымша кепіл беру;
  4. төмен тұрған соттардың қызметіне бағыт беру және олардың қызметіне бақылау орнату.

Ғылыми әдебиеттерде сонымен қатар қадағалау сатысындағы соттардың даудың нысанасы мен мәніне қатысты мәселелерді қарастырмауы керек, ол тек төмен тұрған соттардың заңдарды ұстануы мен сақталуына қатысты ғана мәселелерді қарастыру керек деген ойлар айтылуда.

Дегенменен, біздің қазақстандық азаматтық іс жүргізушілік заңнама бірінші күннен бастап қазірге дейін басқа негіздерде жұмыс істейді - іс төмен тұрған соттардың материалдық құқықтық және іс жүргізушілік құқықтық нормаларын сақтауы мен іс бойынша фактілік жағдайды дұрыс орнатуы шектерінде қарастырылады.

Көптеген азаматтық іс жүргізу құқығын зерттеуші авторлардың пікірінше апелляциялық және қадағалау тәртібінде іс жүргізудің арасында түбірлі айырмашылықтар бар. Бұл келесідей тәртіпте түсіндіріледі: егер апелляциялық тәртіпте істі қарау барысында шешімді өзгерту мен оған шағым келтірудің алғышарты ретінде шешімнің негізсіздігімен қатар Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 365, 366-баптарына сәйкес материалдық құқықтық немесе іс жүргізушілік құқықтық нормаларын бұзу немесе дұрыс қолданбау болса, қадағалау тәртібінде іс жүргізуде шешімнің күшін жою немесе оған наразылық келтірудің негізі болып Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 387-бабына сәйкес шешімнің негізсіздігімен қатар, материалдық немесе іс жүргізушілік құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы табылады.

Аталған сауал бойынша жүргізілген зерттеулерден көретініміздей, сот шешімінің апелляциялық тәртіпте және қадағалау тәртібінде күшін жою негізіндерінің арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 364-бабының 2-бөліміне сәйкес сот шешімінің күшін бір ғана үстірт пікірлер бойынша жоюға болмайды. Ал егер де Азаматтық іс жүргізу кодексінің 365-366 баптарына сәйкес іс бойынша болған құқық бұзушылықтар шешімнің күшін жоюға алып келіп жатса, онда біз оны елеулі емес құқық бұзушылықтар деп тани алмаймыз. Қадағалау тәртібімен шешімді қайта қарау өндірісін қозғау қажеттілігі туралы сауалды шешкен кезде құқық бұзушылықтар уақыттың өтуіне байланысты өзінің күшін, мысалы тараптардың арасында пайда болған берік тұрақты қатынастардың арқасында жоюы мүмкіндігін қарастыру керек. Осындай жағдайлар, бірқатар авторлардың пікірінше шешімдердің күшін апелляциялық және қадағалау тәртібімен бұзудың негіздерін бөлу кезінде басшылыққа алынған (АІЖК 365-366 және 387 б. б. ) .

Осы тұста қадағалау тәртібімен іс жүргізудің қандай жағдайларда туындайтындығы туралы сұраққа жауап беріп кетейік. Бұл өндіріс:

а) апелляциялық саты сот актісін қайта қарауға өкілеттігі болмаса (мысалы, апеляциялық шағымдану уақыт өтіп кеткен болса) ;

б) апелляциялық сатыдағы сот инстанциясы жекелеген актілерді қайта қарау барысында елеулі қателіктерді жіберетін болса қозғалуы мүмкін3.

Біз атап өткен жоғарыдағы жағдайларға байланысты азаматтық іс жүргізу теорясында қадағалау сатысында іс жүргізуді азаматтық істер бойынша сот актілерін тексерудің ерекше, тіпті төтенше тәсілі ретінде қарастырады. Қадағалау тәртібімен сот ісін жүргізуді сот актілерін қайта қараудың басқа түрінен айырмалайтын белгілері келесідей.

Біріншіден, сот қадағалау сатысында пайда болатын азаматтық іс жүргізушілік қатынастары субъектілерінің, яғни қатысушыларының құрамы ерекше. Заң сот актілерін қайта қарастыратын айрықша сот қадағалау органдарын қарастырады. Бұл тұрғыдағы қатынастар субъектілері болып, бір жағынан - қадағалау инстанциясының соты табылса, екінші жағынан - қадағалау тәртібіндегі сот өндірісінің қатысушысы табылады.

Екіншіден, заң қадағалау өндірісінің ерешке объектілерін қарастырады.

Шындығында да шешімді қадағалау тәртібімен қайта қарау сатысы атап өткен ерекшеліктерге байланысты азаматтық іс жүргізудегі басқа сатылардан айырмаланады. Бірақ бұл ерекшеліктер сот шешімін қадағалау тәртібімен қайта қарау сатысын іс жүргізудің ерекше бір сатысы ретінде бөлудің негізі болып табылады ма? Егер де апелляциялық тәртіпте іс жүргізу шешімдердің барлығына қатысты қолданылатын болса, онда апелляциялық сатыда іс қарауды шешімді қайта қарастырудың жай сатысы ретінде қарастырған жөн болар еді, бірақ апелляциялық тәртіпте істердің барлығы міндетті түрде қайта қарастырыла бермейді, өтйкені тек тараптардың және прокурордың ерік білдірулеріне байланысты ғана апелляциялық сатыда іс қозғалады.

Қадағалау тәртібімен іс жүргізуді ерекше саты ретінде қарастыруымыздың алғышарты болып, жоғарғы тұрған сотқа төменгі тұрған соттардың шешімдерін заң бұзушылықтарды орындау мақсатында тексеру құқығы берілгендігі табылады. Дегенмен мұндай құқық күшіне енбеген шешімдерге қатысты апелляциялық сатыда сотқа да берілген. Апелляциялық сатыдағы соттардың басты мақсаты - бірінші сатыдағы соттардың жіберген қателерін айқындау.

Қадағалау тәртібінде іс жүргізу - азаматтық іс жүргізудің өз бетіндік сатысы және де бұл сатыда сот шешімін қарастыру ол шешімнің апелляциялық сатыда және де бұл сатыда қарастырылған, қарастырылмағандығына қарамастан қозғала береді. Сонымен қатар қадағалау сатысындағы соттың істерді қарауы көбіне апелляциялық сатысындағы соттың істерді қарауы көбіне апелляциялық инстанциядағы сот қызметіне қадағалауды жүзеге асырады.

Шешімнің заңдылығын және негізділігін тек қана апелляциялық сатыда ғана емес, сонымен қатар қадағалау инстанциясында тексеру мүмкіндігінің болуы - субъективтік азаматтық құқықтар мен мүдделі тұлғалардың заңды мүдделерін тиісті түрде қорғаудың қосымша кепілдігі болып табылады. Мәні бойынша мұндай кепілдік, тұтастай алғандағы азаматтық іс жүргізумен қамтамасыз етіледі, өйткені оның өзінің басты мақсаты - іс бойынша ақиқатты орнату болып табылады. 4

Статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай, қадағалау тәртібінде қаралатын сот шешімдерінің басым көпшілігі апелляциялық сатыдағы соттың тексеруінің пәні болып табылмаған, өйткені олар іске қатысушы тұлғалармен шағымдалынбаған және оған прокурор өз наразылығын білдірмеген. Жалпы алғанда қадағалау институтының барлық соттары жыл сайын заңды күшіне енген сот шешімдерінің бірқатары қайта қарастырылып жатады.

Аталып өткен ойлар бойынша өз қорытындымызды беретін болсақ, азаматтық іс жүргізудің сатысы ретіндегі сот шешімдерін қайта қарау сатыларын олардың өзіндік ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, біреуін жай, ал екінші біреуін ерекше саты деп қарастыра алмаймыз.

Сот шешімдерін қадағалау тәртібімен қайта қарау институтының мәнін анықтау теориялықпен қатар, орасан зор тәжірибелік мәнге де ие болып табылады. Жекелеген жағдайларды алып қарастыратын болсақ, сот шешімдерін қадағалау инстанциясында тұлғалардың азаматтық құқықтары мен заңды мүдделерін барынша қорғай отырып, қайта қарастыру соттардың ертеңгі күні құқық нормаларын біркелкі қолдануын қамтамасыз етуге алып келеді.

Сот шешімдерін апелляциялық және қадағалау тәртібімен күшін жою негіздерін бөліп қарастыру болашақта жағымсыз құбылыстарға алып келуі мүмкін.

Сырт көзге қарағанда, апелляциялық сатыда шешімнің өзгеруіне немесе шешімнің жойылуына алып келген кез келген бұзушылық, егер ол субъективтік құқықтардың бұзылуына алып келсе, бұл бұзушылықтар қадағалау инстанциясында да шешімді заңсыз деп танып, өзгертуге алып келетін негіз болып табылатын сияқты. Бірақ ол ондай емес. Бұл жерде қауіптенетін жағдай - соттың қадағалау тәртібімен шешімді күрделі бұзушылықтарсыз өзгерту немесе оның күшін жою азаматтық іс жүргізудің тұрақтылығын шайқалтуы мүмкін.

Қадағалау тәртібінде іс жүргізудің маңызды ерекшеліктерін бөліп қарастыруды жалғастыра отырып, біз олардың маңызды дегендеріне тоқталып өтейік. Негізінен, қадағалау тәртібінде сот актілерін қайта қарау жоғарғы инстанциядағы сотың төменгі инстанция сотының қызметінің заңдылығы мен негізділігін тексеру бойынша биліктік қызмет болып табылады. Сот қадағалауы төменгі соттың әрекетінің кемшілігін көрсететін және оның қызметіне әсер етуге мүмкіндік беретін биліктік және өкімдік өкілеттіктерсіз ешбір мәнге ие болмайды.

Төменгі тұрған сотқа әсер ету мүмкіндігін иелене отырып, қадағалау инстанциясы төменгі тұрған сотқа қатысты белгілі бір билікке ие болып табылады. Осы биліктің мазмұны мен шегінен және оны жүзеге асырудың тәсілдерінен сот қадағалауының мәні көрінеді.

Сот актілерін қайта қараудың кейбір нысандарын қарастыра отырып, апелляциялық өндірісі іске мүдделі тұлғалардың бастамасы бойынша қозғалатындығын, ал қадағалау тәртібінде сот актілерін қайта қарау өндірісі тек прокуратура мен сот органдарының лауазымды тұлғаларының бастамасымен қозғалатындығын еске алу қажет.

Қадағалау тәртібінде шешімдерді қайта қарауды түрлі сот инстанциялары жүзеге асырады. Олардың бірінің шешімін бірі қарастыруы олардың сот жүйесі заңнамасында бекітілген құрылымға сәйкес жүзеге асырылады.

Біз келтірген З. Х. Баймолдинаның ұсынған қадағалау сатысында іс жүргізудің мақсаттары туралы сұрақты жалғастыра отырып, қадағалау өндірісінің мазмұнын ашуға болады. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу: а) азаматтық істер бойынша заңнаманың бұзылуын болдыртпау және оны сақтаудың ескерту құралы; б) төмен тұрған соттардың заң шеңберінде қызмет істеуінің сапасын жақсарту құралы; в) азаматтық істердің жекелеген санаттары бойынша сот тәжірибесінің біркелкілігін бекіту құралы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу
Сот шешімінің заңды күшіне енуі
Азаматтық сот өндірісінің пәні нақты азаматтық істер
Бұйрық арқылы іс жүргізу: түсінігі, маңызы және негіздері
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырудың себептері мен негіздері
Апелляциялық саты сотының қаулылары мен ұйғарымдарына шағымдар, наразылық білдіру құқығы
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
СОТ АКТІЛЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ ӨНДІРІСІ
Қадағалау сатысындағы соттың қылмыстық істі қарау тәртібі
Азаматтық іс-жүргізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz