Салықтың мәні, функциясы, түсінігі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3


I.Салықтың мәні, функциясы
1.1 Салық түсінігі, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Салықтың элементтері, қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14


II.Экономиканы реттеу құралы
1.3 Салық . экономиканы реттеу құралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
1.4 Қазақстандағы салық салу механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22


III. Қазақстандағы салық реформалары
3.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ..26
3.2 Қазақстандағы салық реформалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Қазіргі заманда кез – келген экономикалық жүйенің қалыпты жағдайы да жұмыс істеуіне жағдай жасауда мемлекеттің маңызы зор. Мемлекет құрылғаннан бергі тарихы барысында тәртіпті, заңды сақтау, ұлттық қауіпсіздікті ұйымдастыру міндеттерімен қатар, нарыққа өту жағдайында экономикалық салықтық реформалардың негізгі мақсаты елімізде тиімді салық жүйесін құру. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері мемлекетіміз әртүрлі реформаларды басынан өткерді. Салық жүйесінде айналып өткен жоқпыз. Өз салық жүйемізді қазіргі кезде ретке келтіріп, аяғынан тік тұрғыздық, бірақ әлі де көптеген кемшіліктері бар.
Салықтар нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде құрылатын мемлекеттік бюджеттің кірісіне қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік - кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшерімен заңды құқығы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраныс көлемі реттеледі. Салық саясаты аса нәзік және күрделі аспап, ол жеңілдіктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметінің барлық жақтарына нысаналы түрде әсер етеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде салықтардың тізімі бірнеше бетке сыйып кете алады, ал жеңілдіктер мен жазалау шаралары, оларды пайдалануға түсініктемелер тұтас томдарды алып жатады.
Нарық қатынастары дамыған елдерде салық мемлекет қазынасын толтыруға қызмет ете түседі. Экономикалық мазмұны жағынан салықтар – бұл заңды белгіленген ретпен тұрғындардан, кәсіпорындар мен мекемелерден алынатын міндетті төлемдер жүйесі.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I.Салықтың мәні, функциясы
1. Салық түсінігі,
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.4
2. Салықтың элементтері,
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

II.Экономиканы реттеу құралы
3. Салық – экономиканы реттеу
құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .20
4. Қазақстандағы салық салу
механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...22

III. Қазақстандағы салық реформалары
1. Қазақстан Республикасының салық
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . .26
2. Қазақстандағы салық
реформалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..31

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...33

Кіріспе

Қазіргі заманда кез – келген экономикалық жүйенің қалыпты
жағдайы да жұмыс істеуіне жағдай жасауда мемлекеттің маңызы зор.
Мемлекет құрылғаннан бергі тарихы барысында тәртіпті, заңды сақтау,
ұлттық қауіпсіздікті ұйымдастыру міндеттерімен қатар, нарыққа өту
жағдайында экономикалық салықтық реформалардың негізгі мақсаты
елімізде тиімді салық жүйесін құру. Еліміз тәуелсіздік алғаннан
бері мемлекетіміз әртүрлі реформаларды басынан өткерді. Салық
жүйесінде айналып өткен жоқпыз. Өз салық жүйемізді қазіргі кезде
ретке келтіріп, аяғынан тік тұрғыздық, бірақ әлі де көптеген
кемшіліктері бар.

Салықтар нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып
табылады. Салық негізінде құрылатын мемлекеттік бюджеттің кірісіне
қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік -
кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшерімен
заңды құқығы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік
белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраныс көлемі реттеледі. Салық
саясаты аса нәзік және күрделі аспап, ол жеңілдіктер мен жазалау
шаралары арқылы шаруашылық қызметінің барлық жақтарына нысаналы
түрде әсер етеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде салықтардың
тізімі бірнеше бетке сыйып кете алады, ал жеңілдіктер мен
жазалау шаралары, оларды пайдалануға түсініктемелер тұтас томдарды
алып жатады.

Нарық қатынастары дамыған елдерде салық мемлекет қазынасын
толтыруға қызмет ете түседі. Экономикалық мазмұны жағынан салықтар
– бұл заңды белгіленген ретпен тұрғындардан, кәсіпорындар мен
мекемелерден алынатын міндетті төлемдер жүйесі.

1. Салықтың мәні, функциясы

1.1 Салық түсінігі, түрлері
Салықтың мәнін түсіну үшін олардың болу мағынасын және
салық төлемдерінің негізгі түйінін білу қажет. Салықтардың пайда
болуының саяси және әлеуметтік – экономикалық себептерін
қарастырған кезде олар мемелекет тарапынан туындағанын байқау қиын
емес. Олардың негізгі мақсаты: мемлекетке қажетті қаражатты алу.
Олар өз кезінде осы мемлекеттің өмір сүруінің және қызмет етуінің
материалдық негізі болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, салық
төлемдерінің қойылған негізгі мақсаты – мемлекеттің табыстар
құрылуындағы өз қажеттіліктерін қанағаттандыру. Салықтың пайда болуының
үш кезеңі бар:
1. 1991 – 1995 жж. Бұл аралықта салық реформасы және негізгі
салық заңы құрылды. Олар: жер салығы туралы заң 1991 жылы
қаңтардың 17, бағалы қағаздар салығы туралы заң 1991 жылы
қаңтардың 24, Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы заң
1991 жылы қаңтардың 25, кәсіпорынға салық салудағы кірістер мен
шығыстар туралы заң 1994 жылдың 12 ақпанында салық жүйесінің
құрылуында маңызды роль атқарады;
2. Қазақстан Республикасының Президентінің қаулы бойынша,
бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер
24.04.95;
3. Қазақстан Республикасының Кодексінде бюджетке төленетін
салық және т.б. міндетті төлемдер 26.06.01.
Салықтың қаржылық мақсатына келетін болсақ, ол негізінен
мемлекеттің шығындарын жабу үшін арналған – бұл оның қаржылық
мақсаты, сонымен қатар салықтың басқа да мақсаттары болуы мүмкін,
мысалы: экономикалық және әлеуметтік. Салық – бұл төлем, яғни бір
адамның екінші адамға қаражаттың қозғалысы. Салықтың бұл қасиеті
төлем кезіндегі мемлекетпен қойылған мақсатқа жеткізуге әсерін
тигізеді. Дәлірек айтқанда, ұлттық табыстың динамикалық түрде
қалыптастырады. Бұл нәтижесінде мемлекет қосалқы ақша ресурстардың
иесі болады.
1. Салық – бұл ақшамен байланысты белгілі бір іс - әрекет.
Ол әрқашанда анықталған болу қажет. Яғни төлем сомасы мен салық
міндеттілігінің көлемі ертеден – ақ белгілі және тұрақты болуының
ма ңызы зор.
2. Салық – бұл тең құқылы төлем. Салықты төлеу міндеті
белгіленген, бұл оның айыппұлдан айырмашылығы. Қазақстан
Республикасында салықты төлеу міндеті конституциялық түрде
жарияланған. Қазақстан Республикасы контитуциясының 35-ші бабының
бекітуі бойынша заңмен белгіленген салық төлемдері елдегі әр
азаматтың міндеті болып табылады.
3. Салық – бұл анықталған төлем. Салықты төлейтін адамға
төлеу сомасын есептеп, оны салық заңдарындағы методикасы бойынша
анықтауға құқық беріледі. Салық төлемдерінің анықталуы адамның жеке
басын мемлекеттен немесе оның бөлек органдардан негізделмеген айыптардан
қорғайтын құқықтық гарантиясы болып саналады.
4.. Салық - бұл міндетті төлем. Бұл салық төлемдер мемлекетке
төленетін еркін төлемдер арасындағы айырмашылығы болады. Ел
азаматтарымен төленетін салық міндеттілігі мемлекеттік бюджетке ақша
ресурстардың бірқалыпты және тұрақты әкелінуін қамтамасыз етеді.
5. Салық – бұл қайта оралмайтын төлем. Яғни, салықты төлейтін
адам, ақшаның қайта берілмейтінін ескере отырып төлеуі керек. Бұл адам
салықты ақша ретінде төлегенде, ақшасы ешқашан қайта берілмейді және
бұл ақшаны мемлекеттен қайта қажет етуі болмайды. Салық толықтырмалы
төлем болып есептелінеді. Яғни адамның салықты төлегені үшін бұған
ешқандай көмек немесе орнына тауар, әр түрлі қызметтер
қолданылмайды.Салық үнемі әкелінетін ақша ресурстарын қажет етеді.
Сондықтанда мемлекет салықты үнемі бірқалыпты төлейтін объектілерге көз
салады. Салық мемлекеттің табысын тудырады. Салық түріндегі төлем,
мемлекеттік бюджетті әрқашанда толықтырады. Салықтар – бұл заңмен
орнатылған төлем. Олар әрқашанда тек құқықтық формада болады және
жоғары заң күшінің нормативтік актілерімен орнатылады.
Салық салудың мынадай негізгі принциптері бар:
а) азаматтар салықты мемлекеттен алатын игіліктерге
пропорциональды төлеу керек;
б) салықтар табыстың мөлшерінен, салық төлеушілердің тұрмыс
халінің дәрежесінен тәуелді болуы керек.Салық төлеу кезінде,
меншіктің формас мемлекеттік болып өзгереді.
Салықтың барлық аталған қаситтері оны төлегендегі мемлекетпен
қойылған барлық мақсаттарына жетуге зор мүмкіндік береді.
Салықтардың қазіргі теориясында олардың көп түрлері кездеседі.
Салық салу жүйесінде формасы және өндіріп алу көздеріне қарай
ерекшеленетін әртүрлі салық түрлері пайдаланылады. Олар, әдетте
үдемелі ( прогрессивті ), пропорциональды және регрессивті ( кері
үдемелі ) болып бөлінеді. Үдемелі салықта, табыстың көбею шамасына
қарай оның орташа салығы да өседі. Пропорциональды салықта,
оның орташа нарығы өзгеріссіз қалады, яғни табыстың шамасына
қарамастан салық салудың берілген бір мөлшері ( бірыңғай нарығы )
пайдаланылады. Кері үдемелі салықта, табыс өсе түскен сайын
салықтың орташа нарығы азаяды. Әдетте мұндай салықтар көбейе
түскен сайын, оның бірте – бірте азая түскен бөлігін талап етеді.
Қазақстан Республикасында қабылданған салық жүйесі туралы
заңға сәйкес салықтың мынандай түрлері қолданылады:
а) жалпы мемлекеттік салықтар;
б) жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар;
в) жергілікті салықтар мен алымдар.
Республиканың салық жүйесі бүгінгі таңда 11 жалпымемлекеттік, 10
жалпыға бірдей жергілікті салықтар мен алымдар мен және 17
жергілікті салықтар мен алымдардан тұрады. Жалпы мемлекеттік
салықтарға мыналар жатады: қосылған құнға салынатын салық, пайдаға
салынатын салық, акциздер, бағалы қағаздармен жасалатын
операциялардан алынатын салық, экспорт пен импортқа салынатын
салық, кеден тарифі мен баж салығы, пайдалы қазбаларды
геологиялық барлау және геологиялық іздестіру жұмыстарына байланысты
шығындарды өтеуге жұмсалатын алым, тіркелген
(ренталық) төлемдер, транспорт құралдарына салынатын салық,
Қазақстан Республикасы азаматтарынан, шетел азаматтарынан және
азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы, мемлекеттік баж
салығы, табиғат ресурстарына салынатын салық, еңбекшілердің
еңбегіне ақы төлеу қорына салынатын салық. Жалпыға бірдей
міндетті жергілікті салықтар мен алымдарға: жер салығы, жеке
адамдардың мүлкіне салынатын салық, орман табысы, су үшін
төленетін ақы, табысқа салынатын салық, кәсіпкерлік қызметтің
субъектілері ретінде тіркелмеген азаматтардан алынатын алым, заңды
ұйымдарды мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алым,
елтаңбалық алым, мұрагерлік және сыйға тарту тәртібімен ауысқан
мүлікке салынатын салық жатады. Жергілікті салықтар мен алымдарға
мыналар жатады: курорттық аймақта өндірістік мақсаттағы объектілер
құрылысына слынатын салық, курорттық алым, азаматтардан алынатын
мақсатты алым, жарнамаға салынатын салық, автотранспорт құралдарын,
есептеу техникасы және жеке компьютерлерді қайта сатуға салынатын
салық, жергілікті символиканы пайдалану құқығы үшін алым, тауар
биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезінде жасалған
мәмлелерден алынатын алым, жергілікті аукциондар өткізу және
лотореялар ойнату құқығы үшін алынатын лицензиялық алым. Жалпы
мемлекеттік салықтар Республика заңдарының негізінде орталық
өкіметпен мемлекеттік бюджетке аударылады. Жергілікті салықтар
тиісті территорияның жергілікті басқару органдарымен алынып,
жергілікті бюджетке түседі. Халықаралық статистикада салықтарды
тікелей және жанама деп бөледі. Тікелей салықтар табысқа және
мүлікке салынады. Мысалы, ондай салықтарға табыс салығы, пайдаға
салынатын салық және т.б. жатады. Тауардың бағасына енгізілетін
және тарифке қосылатын және сатып алушы төлейтін салықты жанама
салық деп атайды. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын
салық, акциздер, кедендік баж салықтары жатады. Жанама салықтар
бүгінде үш түрде көрінеді: акциздер, фискальды, монопольді
салықтар және кеден салығы. Бұлардың ішінде ең бастысы акциздер.
Олар тауар бағаларына немесе қызмет көрсету тарифтеріне қосылады.
Әрбір елдің ерекшеліктеріне қарай акциздер халық тұтынатын
тауарларға, транспорт, байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету түрлеріне
салынады. Қазіргі кезде акциздің бір түрі қосымша құнға салық
салу кеңінен дамуда. Бұл жағдайда салық тауарды өткізгеннен
түскен барлық түсімге салынбай, тек осы кезеңдегі өндірістік
қызметтік нәтижесінде қосылған құнға салынады.
Тікелей және жанама салықтардың бұрынғы КСРО – ның ұлттық
табысындағы үлесінің мөлшері 40 пайызын құрады. Салыну көздеріне
қарай салықтар еңбекпен табылған және еңбексіз табылған табыс
болып бөлінеді. Еңбекпен табылған табысқа еңбек ақы ( жалақы ),
қалам ақы, жеке кәсіпорындардың табысы жатады. Еңбексіз, бірақ
жария табысқа дивиденттер, ақша салымы бойынша пайыздар,
қозғалмайтын мүліктердің және бағалы қағаздардың құнының өсімі,
жер рентасы және т.б. жатады. Шет елдердің заңдары, кәсіпкерлік
жолмен алынған пайданы, еңбек ақымен қатар еңбекпен табылған
табысқа жатқызады. Енді салықтың негізгі түрлерін тереңірек
қарастырайық.
Пайдаға салынатын салық. Салықтардың ішінде пайдаға салынатын
салық ерекше орын алады. Пайдаға салық салу арқылы манипуляция
жасап, мемлекет капиталдың қорлану процесіне айтарлықтай әсер
етеді. Оның мысалы ретінде жеделдетілген амортизация деп аталатын
салық механизмін келтіруге болады. Нәтижесінде пайданың салық
алынатын мөлшері едәуір кеміп, төленген салықтың көлемі де
азаяды. Бұл салық түрін барлық кәсіпорындар төлейді. Біздің
республикамызда қабылданған салық жүйесі туралы заңдар және оларға
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша өндіріспен
айналысатын кәсіпорындарға пайдаға салық 25 пайыз мөлшеріне
салынады. Мұндай нарық табыстылық ( рентабелділік ) мөлшері 40
пайыздан аспаған жағдайда белгіленеді. Табыстылық шекті нәтижесі
деп қаралады, ал ол пайданың артық бөлігіне салық нарқының 25 пайыздан
80-90 пайызға дейін өсуіне әкеліп соқтырады. Сөйтіп алынған пайда
сомасы тең үлеспен мемлекеттік бюджетке түседі. Қор және тауар –
шикізат биржалары, сондай – ақ брокер кеңселері мен фирмаларына салынатын
салық нарқы 55 пайыз, меншік формаларына қарамастан, делдалдық және
коммерциялық қызметтен алған пайдасы бойынша кәсіпорындар үшін де -
55 пайыз. Коммерцниялық банкілер соның ішінде кооперативтік банктер,
жинақ банктері, сақтандыру ұйымдары үшін салық нарқы 45 пайыз болып
белгіленген. Мұндай жоғары салық нарқы инфляцияға қарсы саясат
шараларынан, айналымға қосымша ақша қаражаттарын түсуді шектеу мақсатынан
туындайд, бірақ ол банктердің инвестиция жасау мүмкіндігін шектейді.
Бірлескен кәсіпорындар үшін, егер шетелдік серіктестің жарғылық қордағы
үлесі 30 пайыздан артық болса, онда салықтың нарығы 30 пайызды құрайды.
Пайдаға салынатын салық шет елдерде де кеңінен қолданылады, оның барынша
нарығы 30–ға 60 пайызға дейін болып отыр. Көптеген елдерде кіші
кәсіпорындарға, олардың іс – қимылын ынталандыру бағытталған салықтық
жеңіліктер қарастырылған. Қазақстанда ауыл шаруашылық өнімдер өндіретін
және өңдейтін, халық тұтынатын тауарлар шығаратын, құрылыс, жөндеу –
құрылыс кіші кәсіпорындары үшін алғашқы екі жыл бойына бұл салықты
белгіленген салық нарқын 50 пайыз мөлшеріне төлеу көзделген. Басұа кәсіп
түрлерімен айналысатын кіші кәсіпорындар, бірінші жылы пайдаға салынатын
салықты, салық нарқының 25 пайызы, ал екінші жылы 50 пайыз мөлшеріне
төлейді. Осылармен бірге, " Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы
" Заңының 18 бабына сәйкес жергілікті Кеңестерге жергілікті салықтар мен
алымдар бойынша салық нарқын белгілеу, жеңілдіктер жасау құқығы берілген.
Қосымша құнға салынатын салық ( ҚҚС ). Аса маңызды салық түрлерінің
бірі – қосымша құнға салынатын салық ( ҚҚС) болып табылады. Экономкалық
мазмұны жағынан, ол тауарлар ( жұмыстар, қызметтер ) өндіру ісінің барлық
кезеңінде жасалатын құн өсімінің бір бөлігін бюджетке алу формасы болып
тбылады және солардың жүзеге асырылуы бойынша бюджетке енгізіледі. ҚҚС
өнімінің бағасына кіргізілмейді, ол бағадан тыс қойылады, сондықтан да
өндіріс шығындары мен кәсіпорынның табыстылығына ( рентабельдігіне ) әсер
етпейді. Бұл салық тауарлар мен қызметтерді түпкі тұтынушылардың сатып
алу барысында, сонымен бірге тауарларды өндіру мен өткізудің әртүрлі
кезеңдерінде төленеді. Салық салу объектісі - өндірістің барлық кезеңінде
бірыңғай нарық бойынша жаңадан жасалған құннан алынатын барлық өнім болып
табылады. ҚҚС – ның құрамына амортизация, еңбекақы, ағымдағы шығындар
және пайда кіреді. ҚҚС – ның ерекшелігі, оның инфляциялық тұрақтылығы,
яғни бюджеттің тұрақты қаржы көзі қызметін көтермелейді. Қосылған құнға
салынатын салықты өндіру, төлеу және есептеу тәртібі Қазақстан
Республикасының " Қосылған құнға салынатын салық туралы " Заңында
жарияланған болатын.
Акцизді салық.. Акциздер – тауар басына енгізілетін және сатып алушы
төлейтін жанама салықтың ежелгі формаларының бірі болып табылады. Ресми
түрде акциздер бұрынғы КСРО – да 30-шы жылдарға дейін болды. 30 – шы
жылдардан бастап акциздер, басқа салық түрлері сияқты айналым салығына
біріктірілген болатын. Акциз қалыптасқан қағида бойынша, тұрғындарға
арналған және мемлекеттің монополиясы болып табылатын тапшы, жоғары
рентабельді тауарлар мен өнімдерге салынады. Мемлекет акциз салығы
сұраныс пен ұсынысты реттеуге, сонымен бірге мемлекеттік бюджетті
толықтыру үшін пайдаланады. Акциз салығы, салыстырмалы түрде азғантай
тауар түрлеріне салынады. Осы тауарлар бойынша акциз нарқын Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинеті бекітеді, олар республиканың бүкіл
территориясында бірыңғай болады және календарлық жыл бойы өзгертуге
жатпайды. Акцизді қамтитын еркін жіберілген баға бойынша өткізілетін
акциздеуші тауарлардың құны салыну объектісі болып табылады. Бұлардан
басқа да салықтардың түрлері бар, бірақ олар теорияда көп қолданылмайды.
Мемлекеттік бюджет пен салық ставкасының арасындағы тәуелділік графикалық
бейнесі. " Лаффердік қисық сызығы " деп аталады. Лаффердің қисық
сызығының тиімділігі тек еркін нарық механизмінің қалыпты жағдайында ғана
мүмкін болады. Бұл теорияға сын тұрғысынан терең талдау жасамай, мынаны
ғана атап өтеміз. Салық ставкаларын жоғарлату немесе төмендету күрделі
қаржы динамикасын тежейді, өндірісті ынталандыруға әсер етеді. Жалпы
нарық экономика жағдайында инвестицияға салық ставкасынан басқа да
факторлар ықпал етеді. Олардың ішіндегі ең бастылары циклдық ерекшеліктер
және компания тауарларына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы, олардың
пайдаларының өсуі.

12. Салықтың элементтері, қызметі
Салықтың күрделі ішкі құрылымы бар. Ол бірнеше элементтерден тұрады:
1) Салықтың құқықтық негізі;
2) Салықтық субъекті;
3) Салықтық объекті;
4) Салықтың нормасы;
5) Салық төлеу тәртібі.
Әрбір салық айтылған элементтердің кешендердің ұсынылады. Егер
элементтердің кез келген бірі анықталмаған болса,онда салықты бекітілген
деп есептеуге болмайды. Кейбір кезде осы элементтерді салық туралы
заңдарының элементі деп атайды. Бұл қате болып есептелінеді, өйткені,
біріншіден салық тек заңмен ғана бекітілмейді, сонымен қатар ол заңдылық
форманың басқа да құқықтық актілермен бекітілуі мүмкін. Екіншіден,
элемент – бұл құрылымның бөлігі, ал құқықтық норманың құрылымына
дәстүрдегідей: гипотеза, диспозиция, санкция кіреді. Салық теориясында "
салық туралы заңдарының элементтері " ұғымы " салық механизмінің
элементтері " ұғымына ауыстырылды. Бұл механизмде, салықтар тек заңдық
актілермен ғана емес заңасты актілерімен енгізіледі. Салық механзмінің
элементтерінің өзіне келетін болсақ, олар екі топқа бөлінеді: Негізгі
және қосымша элементтер. Негізгі элементтерге: салықты төлеуші, салықты
салу объекті, салықтың ставкасы кіреді. Ал қосымша элементтерге: салық
салудағы жеңілдіктер, объектті санау ерекшеліктері, салықтың төлемдері
түсетін бюджет пен қор, салықты аударудың уақыты мен периодтығы. Салықтың
механизмінің қосымша элементтері маңызды рөл атқарады. Олар салық
төлемдерін реттейді. Енді әр элементке қысқаша тоқталып кетейік. Салық
субъекті – бұл салықты төлейтін адам. Заң жоспарында салық субъекті
салықты төлеуші болып есептелінеді. Бұған мемлекетке салықты төлеу
міндеттілігі салынған. Салықтың екінші элементі – салық объекті. Бұл
салықтың төлеу себебі немесе сатып алынуы және адамның өзі. Келесі
элемент – ол салық нормасы – бұл салық салудың заңмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салықтың түсінігі, элементтері және функциялары
Салық құқығы
Cалықтардың қызмет етуінің теориялық негіздері
Салықтық бақылаудың теориялық негіздері және оның қаржылық бақылаудағы орны
ҚР салық жүйесінің құрылуы және экономикалық тұрғыдағы мәні
Мемлекеттің салық жүйесі, оның құқықтық негіздері
Акциздің экономикалық мәні
Салықтардың түсінігі және экономикалық мәні
Корпорация пайдалануына салынатын салық
Қазақстанда салық жүйесін жетілдіру
Пәндер