Қазақ ойшылдараның сопылық идеялары


Қазақ ойшылдараның сопылық идеялары
Іштегі пікірді қашырса
Хақтың түсер сәулесі
Жүректің көзі ашылса
Адамның хикмет кеудесі.
(Шәкәрім)
Суфизм Аллаға құлшылық етудің ең жоғарғы сатысы, ол айналадағы ешбір нәрсеге алаңдамауға, дүние-мүлікке қарайламауға, ертең не болады, күнім қалай өтеді демеуге, тіпті бала-шаға, қатын-қалашты да естен шығаруды мәжбүр етеді. Сопылар тек ақиқатқа жетуге, шындықты ғана тануға, бүкіл жан дүниесімен бар болмысымен жалбарынып қызмет жасайды. Өйткені олар үшін бес күндік жарық дүние баянды емес, көзді ашып-жұмғанша өтеді де кетеді. Өзгермейтін, аумайтын, айнымайтын, мәңгі жасайтын жалғыз құдірет ол - шындық, ақиқат дегеніміз - Аллаһ . Осылай болғандықтан Шәкәрім (р. а. ) :
Өмірден мақсат хақиқат,
Соны ізденіп алмақ.
Нәпсіге еріп болма шат,
Ол сені отқа салмақ. (1) .
Сопылық - халқымыздың дүниетанымына айтарлықтай ықпал еткен философиялық жүйе. Аллаһтың ризалығын алу және мәңгілік бақытқа жету үшін нәпсіні тазалау, ішкі дүниені нұрландыру, мейлінше тазалыққа ұмтылу, соның нәтижесінде Аллаға жеткізетін тек ғылым болып табылады. Сопылық ешкімге ренжімеу, ешкімді ренжітпеу, таза жүрек, пәк көңіл иесі, көңілі Аллаһта, қолы істе болу. Аллаһқа іңкәрлік, Аллаһтың ризашылығы үшін құлшылық ету (Ықылас), екіжүзділіктен қашу, ақиқатқа жету. “Ақиқат” дегеніміз Аллаһтың сопыдағы пенделік бар сипаттарын қоюы (бірақ ол Аллаһтың өзіне айналу емес) . Ақиқат - бар екендігі ешқандай дәлелсіз анық білінген дүниенің жаратушысы Аллаһ. Бұл сопылық сатының ең соңында болатын нәрсе (2) . Сопылық ілімі негізіндегі дүниетаным Түркістан өлкесінде ІХ-ХІІІ ғасырлар аралығында жанданып, кең өріс ала бастағаны байқалады. Ал Насафидің “Қ. А. Яссауи еңбегінде: “…Сопылық ағым дәруіштер пайғамбар заманында-ақ өмірге келген” деген пікірді айтады (3) . Осы оң пікірдің сиымы тіпті қазақ ақыны Әбубәкір Кердарының қалың қауым арасында кең таралған өлеңдерінің бірінде:
Сопылық деген ауыр жол,
Ұстап жүрсең тәуір жол.
Хазіреті Расул шағында,
Талай сопы болыпты (4), -
деп айтуына қарағанда Ясауи хикметінде айтылатын “Пайғамбардан мұра боп келе жатыр дәруіштер”, - дейтін пікірімен сабақтасып жатқан, бүкіл түрік халықтары арасында танымалы шындық болғаны аңғарылады.
Сопылық ағымның ең басты өзекті мәселесі - ақиқатқа* жету. Міне, осы ақиқатқа жетудің жолында адам рухы жағынан тазарып, іштей түлеп пәктенгенде ғана адам кәмили инсани, яғни жетілген адам қалпына қол жеткізе алмақ. Осы себепті де бүгінгі күнде осы мәселе тұрғысынан қарағанда қалыптасқан ортақ таным тарих оқулығында: “Сопылық ілімінде кәмили-инсани рухани қалыпқа түсіру, кәмалатқа жеткізу жолындағы дүниетаным ең басты мәселе ретінде қаралады”, - деп ой байламына келудің айрықша мән-мағынасы бар ортақ танымға айналуда (5) .
Ислам әлеміндегі “әл-инсан, әл-кәмил” мәселесін мораль философиясы негізінде қалыптастырған әрі осы ілім саласын ғасырлар бойы насихаттап дамытушылар да сопылық әдебиет өкілдері болатұғын. Дәл осы мәселеге Абайдың “Әсемпаз болма әрнеге”, “Алланың өзі де рас, сөзі де рас” және 17, 38 қара сөзінде тікелей пікір айтылып, өз қарым-қатынасын анық аңғартатыны бар. Өйткені осы шығармаларында Абай таратып отырған ой-пікірдің басты сарыны - ұлы ақынның “…діни сенімді адамгершілік моральдың жоғары түрі деп ұғатыны”, - деп белгі беріп отырады (6) . Осы сарынды өлең жолдары Шәкәрім қажы шығармаларында көп кездеседі. “Иманым” атты еңбегінде, адам болмысы мен моральдық құндылықтары сыр сөздерінде шебер берілген. Шәкәрім қажының сыры: “Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді… Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге керекті іс - ұждан. Ұждан - дегеніміз ынсап, әділет, мейірім” (7) .
“Ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды”, - деп тебірене терең ой толғауы бүгінде қайта құру заманында халқымыздың алға қойып отырған рухани жағынан жаңару талабына да үндес келіп жатыр емес пе?
Шәкәрім (р. а. ) ойы бойынша: “Меніңше, ұждан - жанның тірегі. Неге десеңіз, жан жоғалмайтын, бұзылмайтын нәрсе, барған сайын жоғарылайтын нәрсе. Сондықтан тезірек жоғарылауға себеп керек қылады. Соның қатты бір керегі - ұждан”. Ұжданды иманмен сәйкестендіруге болады. Ал иман - ардың қазынасы. Адам болмысындағы жақсылық пен жамандықты таразылаушы - ақыл.
Терең оймен тексеретін,
Табады ақыл керемет,
- дейді Шәкәрім атамыз.
Ақыл - үйренудің және үйретудің әсерінен өте жоғары күш-қуатты білімнің иесі болады. Көзге көрінетін заттарының сырларын ашықтайды. Егер адам ұрпағының рухани күш-қуаты шеберлікке қарай бет бұрса, ал уақыт ақыл уәзір түрінде көзге көрінетін және көзге көрінбейтін заттарды танып-біліп іс алу үшін өте таза, адал жәрдемші болады. Сол себептен ақыл жаратылысында рухқа жолдас болып, оған көңілі ауып тұрады. Тіптен бақытсыз адам ұрпақтары нәпсісінің қуаты үстем болып, оған көңілі ауып тұрады. Тіптен бақытсыз адам ұрпақтары нәпсісінің қуаты үстем болып, бар әрекетіне шайтан уасуасы араласып, заман жұмысты істеп тұрған уақытында да ақыл алдын ала жоспарлап, одан құтылатын жолды көрсетеді (8) .
Шәкәрім қажының сыры:
Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр,
Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап жүр.
Тағдырдың қиын, сырлы сиқырымен,
Жан тәнге, ақыл-жанға матаулы тұр (9) .
Ал енді ақылдың қамқоршысы не? Абай өлеңіндегі:
Жүрек ақыл суаты
Махаббат қылса тәңірі үшін,
- деген өлең жолында үлкен танымдық салмақ көтеріп тұрған “ақыл суаты” деген сөзді Абай ырқынан тыс “ақыл сауыты” деген сөзге ауыстырсақ: “Қараңыз: Жүректің сауыты - ақыл екен”. Яғни ақылдың азығы, қамқоршысы - “жүрек”. Оны Шәкәрім қажы былай бейнелейді:
Ақыл деген - жүрекке егулі дән,
Суғарылса оған да кіреді жан.
Ақылдың өсіп-өніп зораймағы,
Көрген, білген нәрседен ғибрат алған (10) .
Жүрек - Ұлық Алланың назар салып қарайтын орны. Осы сөздің шындығына Хз. Пайғамбарымыз (а. с. ) -ның мына хадисі дәлел болады:
“Ақиқатында Алла тағала сіздердің түрлеріңізге және байлықтарыңызға назар салмайды, бірақ та жүректеріңізге жасаған көркем амалдарыңызға қарайды” (11) .
Иә, жүректің атқарар қызметі мол. Ол таза болса, ақылдың да биік дәрежелерге жетіп бүкіл жаратылысқа пайдасы тиеді. Оны Пайғамбарымыз (а. с. ) хадисінен анық көруге болады : "Назар аударыңыз, денеде бір бөлшек ет бар. Ол таза, сау болса, бүкіл дене таза сау болады. Ал егер ол бұзылса, бүкіл дене бұзылады. Ол ет бөлшегі - жүрек. " (12) Осыған сәйкес Шейх Румиден қалған мынадай бір әңгіме бар: “Мен христиан кресіне қарадым. Онда ол жоқ. Индустардың храмында да болдым, онда ізі де жоқ. Герат мен Кандагарға да бардым, мен көп іздедім, ол жоғарыда да төмен де болмады. Кад тауына да бардым, онда Анка атты құсты ғана көрдім, Қағбаға бардым, онда да жоқ. Ибн Синадан да сұрадым, бірақ ол Авиценаның философиясынан да биік болды. Мен өз жүрегімнің ішіне қарадым. Сонда көрдім Құдайды. Басқа ол ешбір жерде жоқ еді”.
Ия, шыныда да Раббы айтады екен: “Мен өзім жаратқан он сегіз мың ғаламда дәнемеге сыймаймын, жалғыз-ақ иманы кәміл пенделердің жүрегіне сиямын” деп. “Қарайған жүрегімізді ағартып, тазартсақ қана бәлкім жете алармыз. Сонда ғана көре аламыз жүрегіміздің ішіндегіні. Кім өзі жетпейінше білмейді” дейді Руми (13) .
Шынында да технология дамыған мына заманда компьютер ақыры адам жүрегіндегі қан тамырларында Аллаһ жазуын көрген ( 14 ) .
“Алла тағаланың бақылау діңгегі - адамның жүрегі” дейді Юсуф Хамадани (15) . Жүрек тазалану арқылы көкірек көзі ашылады. Көкірек көзі ашылғаннан кейін адамға ақиқат сырлары ашылады. Адам данышпан болады. Мұны Шәкәрім қажы өз өлеңінде жақсы келтіре білген:
Іштегі кірді қашырса,
Хақтың түсер сәулесі.
Жүректің көзі ашылса,
Адамның хикмет кеудесі (16) .
Жүрек - көзге көрінбейтін дүниені көретін дененің телескопы. Бұл мәселені Ұлық Аллаһ Құрани Кәрімде: “Олардың басындағы көздері соқыр емес, бірақ жүрек көздері соқыр” (Хаж сүресі, 46) .
Адам ақиқатқа тек экстаз немесе адамның ақиқатты ақыл-ой қабілеті арқылы емес, “Интуиция” - “рухтың нұрлануы” арқылы тани алады (17) .
Рухтың қасиеттері, сипаттары, тәңірдің сипаттарына ұқсас екендіктерін Шәкәрім атамыз: “Жүрегіңде сипатың бар” (18) деген сөзбен білдіреді. Тәңірді тану үшін жүректі дүниелік перделерден арылтып, тазалау керек. “Жүрек көзі” дүниелік перделерімен жабылған. Жүрек - барлық адамдық қазыналардың көзі. Сондықтан да “Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде. Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме” (19), - дейді Абай атамыз. Міне, осы жүректің тереңіндегі мәнге, жаухарға терең оймен зікір арқылы бойлауға болады.
Абай “Алла деген сөз жеңіл” өлеңінде Алланы тілмен емес, ділмен, яғни “ынталы жүрек”, “шын көңілмен” еске алу керектігін айтып, “жүректің суаты - ақыл, махаббат қылса тәңірі үшін” деп түйіндейді. Яғни Аллаға жүрекпен, көңілмен жетуге болады. Ал ақыл Тәңір махаббатына барар жолдағы жүрекке қуат беретін суат (20) .
Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойыңа жұқпас, сырғанар.
Ақыл, тілден шыққан сөз,
Шымылдық боп көрсетпес.
Шынның жүзін (Тәңірдің дидары)
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
Жүрек - теңіз,
Қызықтың бәрі - асыл тас (21) .
Қ. А. Ясауи хазіреті өз хикметінде “ Кім өзін таныса, ақиқатты да танығаны” дейді. Ал Шәкәрім бабамыз:
Хақты білмек ойласаң сен.
Алдыменен жанды біл (22) - дейді.
Адам - дене мен рухтан құралған тіршілік иесі. Сондықтан жеке басымыз алдындағы міндеттеріміз екіге бөлінеді:
- тәніміз алдындағы міндеттеріміз.
- рухымыз алдындағы міндетіміз(23) .
Рух Ұлық Алланың пенделеріне, өзіне жетуі үшін мүмкіндік беретін бүкіл нығметтерінің ішіндегі ең негізгісі және ұлысы. Ұлы Алланың сөзі бұған дәлел: “ Мен сол адамның денесіне өзімнен рух деген нығметімді үрледім”. (Хижр, 29) Рух- көзге көрінбейтін тылсым дүниенің сырларын ашықтауға талпынады.
Рух жауһар болғандықтан тек сипаттары арқылы ғана тануға және анықтауға болады.
Адамның рухани кемелдену халдері ислам философиясының негізгі мәселелері болып табылады. Рух тек ақиқат пен қозғалысқа ғана қатысты емес, сонымен бірге игілікпен де байланысты. Сондықтан да амалына қарай сый немесе жаза алуы керек. Өйткені рух Ұлы Тәңірдің алдында есеп береді. Рухтың жеке ауруы - ахлақи-моральдық азғындық (24) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz